Биосфера - әлемдік экожүйе



Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 ж. атақты Австрия геологы Э.Зюсс қолданған.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 ж. В.И.Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған.
Жер – 9 планета ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын Күннен кейінгі үшінші планета. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жердің негізгі физикалық қасиеттері – пішіні, көлемі, массасы, тығыздығы, қысымы және температурасы. Жер пішіні және көлемі бойынша полюстері тұсынан қысыңқы келетін шар тәрізді планета. Жердің экватор бойының ұзындығы 40 мың км. Массасы 5,98 * 1024 кг. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр қабаттар мен тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып жатыр, тек қана 29% құрлықтың үлесіне тиеді.
Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер планетасының жасы 4,6 млрд жылды құрайды. Осы уақыт аралығында Жерде материяның айналу және жылжу процестері жүріп жатты. Соның нәтижесінде жер шары

Дәріс №7 Биосфера - әлемдік экожүйе
Жер планетасындағы ең ірі экожүйе – биосфера. Биосфера терминін алғаш
тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 ж. атақты Австрия геологы
Э.Зюсс қолданған.
Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 ж. В.И.Вернадский салған.
В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі
тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфера
өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің
сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін
тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі
ағзалар болған.
Жер – 9 планета ішіндегі Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналатын
Күннен кейінгі үшінші планета. Ол өз өсінен айналып тұрады. Жердің негізгі
физикалық қасиеттері – пішіні, көлемі, массасы, тығыздығы, қысымы және
температурасы. Жер пішіні және көлемі бойынша полюстері тұсынан қысыңқы
келетін шар тәрізді планета. Жердің экватор бойының ұзындығы 40 мың км.
Массасы 5,98 * 1024 кг. Тығыздығы қысым артқан сайын өседі. Температура әр
қабаттар мен тереңдіктерде әртүрлі. Жер бетінің 71% әлемдік мұхит алып
жатыр, тек қана 29% құрлықтың үлесіне тиеді.
Жер биосферасының пайда болуы мен дамуы оның көлемі мен пішініне және
Күннен ара қашықтығына байланысты. Жер планетасының жасы 4,6 млрд жылды
құрайды. Осы уақыт аралығында Жерде материяның айналу және жылжу процестері
жүріп жатты. Соның нәтижесінде жер шары қабаттарға немесе геологиялық
сфераларға (геосфераларға) жіктелді. Жер түрлі сфералардан тұрады: ядро,
мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера,
ноосфера және т.б. Жер қабаттарының химиялық құрамы әртүрлі. Бұл планетаның
бастапқы затының жіктелуімен түсіндіріледі. Планетаның қалыптасуы барысында
ауыр элементтер (темір, никель, т.б.) батып, ядро, ал олардан
жеңілдеулері (кремниий, алюминий6 т.б.) қалқып шығып, жер қабатын түзді.
Сонымен қатар, балқымалардан бөлінген газдар атмосфераны, ал су булары
гидросфераны түзді. Нәтижесінде жерде тіршіліктің дамуына қолайлы жағдайлар
қалыптасты. Тірі ағзалар ерекше қабат – биосфераны түзді. Адам пайда
болғаннан бастап биосфера дамудың жаңа сатысы – ноосфераға көтерілді.
Атмосфера - біздің планетамызды 3000 км биіктікке дейін түгел жауып
жатқан ауа қабаты. Ол ауа қоспалары мен шаң бөлшектерінен тұрады. Құрғақ,
таза ауаның 78% азот, 21% оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы және
шамамен 0,003% неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксидтері, метан, сутегі,
су булары мен озон құрайды. Атмосфера көлемінің 3% су булары құрайды.
Атмосфера арқылы Жер мен ғарыш зат алмасады. Жерге атмосфера арқылы
ғарыштан ғарыштық шаң-тозаң, метеорит түсіп жатса, өзі сутегі, гелий сияқты
жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосферада тіршіліктің таралу шегі 22-25
км. Ауа қабатында тіршілік ететін ағзалар атмобионттар деп аталады.
Атмосферадағы оттегінің тірі ағзалар арқылы өтуіне 2000 жыл, ал көмірқышқыл
газына - 300 жыл қажет. Атмосфераның әртүрлі биіктіктегі құрамы және
қасиеттері бірдей емес, сондықтан оны тропо-, страто-, мезо-, термо– және
экзосфераға жіктейді. Соңғы 3 қабатты ионосфера ретінде қарастырады.
Тропосфераға (полюстерде 0-7 км, экваторда 18 км дейін) барлық су буы мен
атмосфераның 80% жатады. Мұнда барлық табиғат құбылыстары дамиды. Жердегі
ауа-райы мен климат атмосферадағы жылу мен қысымның таралуына және су
буының құрамына байланысты. Барлық жауын-шашынның көзі болып табылатын су
буы күн радиациясын сіңіреді, ауаның тығыздығын көбейтеді. Тропосфераның
температурасы биіктеген сайын төмендейді, ал 10-12 км биіктікте -550С-қа
жетеді.
Тропосферадан кейін 40 км биіктікке дейін стратосфера қабаты орналасқан.
Оның температурасы 00С-қа дейін бірқалыпты өседі. 22-24 км биіктікте
озонның максималды концентрациясы жинақталып, қалыңдығы 3 мм озон қабаты
түзіледі. Ол тірі ағзаларға өте қауіпті болып келетін жер бетіне еркін
өтетін ультракүлгін сәулелердің көп бөлігін сіңіріп отырады. Соңғы жылдары
озонның жұқаруы проблемасы биосфераның ғаламдық экологиялық проблемасына
айналды. Оның басты себебі – антропогендік фактор. Озонды фреондар деп
аталатын өндірістерде, автокөліктерде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Биосфера туралы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Экология ғылымы туралы түсінік
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Пәндер