Денсаулық және жеке бас тазалығы


Денсаулық және жеке бас тазалығы
Гигиена туралы жалпы түсінік
Гигиена грек сөзі - Gugieinos - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медециналық ғылым. Медецина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медециналық оқу орындарында санитарлық - гигиеналық факультетттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер - гигиенистер дайындалады.
Гигиена аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық - түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторлардың негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілігі көтеруге және т. б биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.
Дәрігер - гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық гигиеналық бақылыау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын - алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медециналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады.
Алдынғы қатардағы шараларды іс жүзінде асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместіін, судағы ауа тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп ауадағы, шаң - тозандардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс - әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен - бірі байланысты табиғи және әлеуметтік - эканомикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек төсекорын, жағдайы және т. б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ - шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Гигиенаның негізгі бағыттары
- Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын
( экологиялық фактор, санитарлық - гигиеналық, медециналық - биологиялық) тұрғыдан бағалау.
- Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиясын) денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарын іске асыруда бірнеше тәсілдерді қолданады. Олар: физикалық, химиялық, бактерологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен жайларына санитарлық - гигиеналық сипаттама беру.
- Санитарлық - гигиеналық әдіс. -негізгі мақсаты ірку сулар жиналатын жерлердіңң санитарлық сипаттамасын беру, сулардың жұқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ластануының себебін табу, оның сипатын анықтауға сәйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсаулығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.
- Физикалық әдіс. - оның негізгі мақсаты - ауа температурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесінің (радиациясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.
- Химиялық әдістер -оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық - түліктің хииялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы улардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. Олар: газды хроматография спектрофотометрия, жалынды фотометр және т. б. Химиялық улар ана сүтінен де табылған. Ол өте қауіпті у - ДДТ () тұқым қуалайтын улардың қатарына жатады. Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ - ауыл шаруашылығында бүкіл әлем бойынша қолданылмайды. Міне, осы күрделі мәселелерді медиктер, биолог - химиктермен бірлесе отырып анықтап, азақ - түлікке гигиеналық - санитарлық сиаттама береді. Мектептегі санитарлық - гигиеналық жұмыстарды гигиенистер жүргізеді. Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады.
- Бактерологиялық әдіс. Оның мақсаты - судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық - түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді. Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бұл ағзаға түскенде 99% адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99 - ы қайтыс болады, бұл микробты bacillus botulism деп атайды. Ауасыз жерде өсіп - өнетін микроб. Оны микро биология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан жасалған консервілерде ботулизм микробы. Көп болады. Одан уланған адамның жанын аман - есен алып қалу мүмкін емес. Сонымен бірге азық -түлік құрамында болатын ішек бактерияларын микробиологиялық әдістерді пайдаланып анықтайды. Оларды анықтаудың әдісі әбден жетілдірілген. Ішек таяқшалары Bacteria coli деп аталынады. Бактеролгиялық әдістерді пайдаланып малдардың құтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис, гоноррея, СПИД - пен ауырғанда бактерологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Өте қауіпті жұмыс.
- Санитарлық -статикалық әдіс. Әлеуметтік, табиғи және басқа жағдайлардың адамдардың, оқушылардың денсаулығына тигізетін физиологиялық - биологиялық әсерін анықтау. Балалар денсаулығы анықталады. Алынған қорытындылар нұсқауларға, кестелерге коэффицент ретінде алынады. Олар аксиома ретінде бағаланады.
Дене тазалығы
Дене тазалығы дегеніміз - алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың іщінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет мрншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90% тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы шеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай шетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz