Дара жарнақтылар немесе лилиопипсидтер класы - моnосотүlеdоnеае, lilioрsidае



1. Құртқашаштар тұқымдасы . Іridасеае
2. Бәйшешек туысы (шафран. Сrосus)
3. Корольков бәйшешегі (шафран Королькова. Сrосus Коrоlkоvii).
4. Гладиолус туысы (гладиолус. Gуlаdіоlus).
5. Лалагүлдер тұқымдасы . Liliасеае
6. Лалагүл туысы (лилия . Lilium).
7. Бірағайынды лалагүлдің (л.однобратственная . L.monadelphum)
8. Асфоделалар тұқымдасы . Asphodelaceae
9. Гиациниттер тұқымдасы . Нуасіntһасеае
10. Жуалар тұқымдасы . Аllіасeаe
11. Агавалар тұқымдасы . Аgаvасеае
12. Юкка туысы (Үuсса).
13. Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұқымдасы . Соnvаllаrіасеас
14. Кірпішөптер тұқымдасы — Rusсасеае
Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшылықты өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш үялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі- төменгі синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: * Р 3+3 АЗ G(3).
БОР-дың флорасында 5-туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі. Тұқымдастың түрлерінің көпшілігi тамаша гүлдейтiн өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
Бәйшешек туысы (шафран- Сrосus) түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді тістүссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігi воронка тәрізді, біртіндеп трупкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады, сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Корольков бәйшешегі (шафран Королькова- Сrосus Коrоlkоvii). Биіктігі 10-20 см-ден, аспайтын көпжылдық түйнектпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр пішінді болып келеді. Батыс Тянь-Шаньның сирек кездесетін өсімдігі.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ДАРА ЖАРНАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ЛИЛИОПИПСИДТЕР
КЛАСЫ - МОNОСОТҮLЕDОNЕАЕ, LILIOРSIDАЕ

Құртқашаштар тұқымдасы – Іridасеае

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде
және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Әсіресе
Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, Батыс және Шығыс
Азияда және Оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты
жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті-пиязшылықты өсімдіктер.
Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға
тәрізді иілген болып келеді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады
(немесе гүлшоғына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп
жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу
зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6-жапырақшадан тұрады; сыртқы
желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады.
Аталықтарының саны 3. Гүлтүйіні үш үялы, төменгі болып келеді. Аналықтың
мойны жоғарғы жағынан 3-ке бөлінген жағдайда желек тәрізді жақтаулардан
немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі- төменгі
синкарпты қауашақ. Гүлінің формуласы: * Р 3+3 АЗ G(3).
БОР-дың флорасында 5-туысы 166-ден астам түрлері, ал Қазақстанда 5
туысы 34 түрі кездеседі. Тұқымдастың түрлерінің көпшілігi тамаша
гүлдейтiн өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып
табылады.
Бәйшешек туысы (шафран- Сrосus) түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл
жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан
топтасып шығады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді
тістүссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігi
воронка тәрізді, біртіндеп трупкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады,
сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда
2 түрі кездеседі.
Корольков бәйшешегі (шафран Королькова- Сrосus Коrоlkоvii). Биіктігі
10-20 см-ден, аспайтын көпжылдық түйнектпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа
тәрізді, ұзындығы 15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр
пішінді болып келеді. Батыс Тянь-Шаньның сирек кездесетін өсімдігі.
Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келелі. Гүлсеріп дұрыс
(түтікті): 3 сыртқы желектерінің 3 iшкі желектерiнен айырмашылығы болады.
Аналығының аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні
3 ұялы. Аталықтары сыртқа желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі
үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік ендiктiң субтропикалық және
қотаржай климатты зоналарында өседі. БОР- да Кавказда, Орта Азияда,
Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР-дың европалық бөлігінде өседі.
Гладиолус туысы (гладиолус- Gуlаdіоlus). Тамаша гүлдейтін
түйнектпиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иiлген, желегінің
бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған болып келеді. БОР- да 9-
түрі, ал Қазақстанда 2-түрі кездеседі; Закавказьеның шығысында G.sеgеtus
деген түрі табиғи жағдайда өседі. Оның жапырағы С витаминіне бай болады.

Лалагүлдер тұқымдасы – Liliасеае

Бұл тұқымдаста 470-тей түр бар (10 туыс). Дүниежүзінің барлық
флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын құрғақшылық болып

тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес елдердің
шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер
қауымының қалыптасуына лалагүлдiлердің тигізетін әсері ересен зор. Өмірлік
формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай лианалар,
негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі-жасыл немесе
жаздықжасыл және өте сирек бiржылдықтар. Бейiмдеушiлiк процесiнiң
эволюциясында әсiресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған.
Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнiм
бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетте азды-
көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері тегіс, отырмалы болып келеді.
Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым, күлтежапырақшалар
түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2-4
өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4
жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ)
немесе жидек болып келеді. Дәнінің эндосперімі болады.
Лалагүл туысы (лилия - Lilium). Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай
климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15
түрі (БОР-д-ның европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда)
кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері
үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл
серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті немесе таза ақ). Ақ
лалагүлдің (лилия белая - L.саndіdum) шыққан жері (отаны) Кавказ. Гүлінің
формуласы: *Р3+3 А3+3 G(0).
Бірағайынды лалагүлдің (л.однобратственная – L.monadelphum) гүлдерінің
түсі сары болады. Королдық лалагүл (л.Королевская –L.regale) сәндік
өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге
келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді.
Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің
баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл,
(л. кудреватая, или мартогон – L.martagon), негізінен орманның ашық
жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-
дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан
басқа жерлерінде). Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының
Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Қызғадақ туысы (тюльпан - Тulіра). Туыста шамамен 100-дей түр бар.
Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып
келетін, ал көктемде және күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылайшөлді
және шөлейт аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де
кездеседі. Олар тегістікте де және таулардың барлық белдеулерінде өседі,
бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғалдақтың баданасы 45
см терендікте, кейде оданда терендеу жатады. Баданасының сырты пленка
тәрізді жылтыр болып келеді. Гүлдері үлкен, қанық боялған, әр өсімдікте
біреуден болады. Өте сәнді, бірақ иісі балмайды. БОР-дың территориясында 60-
тай түрі бар, олардың көпшілігі Орта Азияда өседі. Қазақстанда қызғалдақтық
32 түрі бар, оның біреуі (Регел қызғалдағы- тюльпан Регеля) - L.Кеgеlі
жойылуға жақын түр ретінде, 6-уы сирек кездесетін түрлер ретінде
Қазақстанның қызыл кітабына енген (Борщев қызғалдағы, Корольков қызғалдағы,
Леман қызғалдағы, Островский қызғалдағы, әртүрлі күлтелі қызғалдағы, Шренк
қызғалдағы).
Қызғалдақты сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Қазіргі кезде
қызғадақтың 800-дей сорттары белгілі.
Батыс Европаға қызғалдақты отырғызу XVI ғасырда Түркиядан ауысқан.
Бұл өсімдікті өсіру әсіресе Голландияда жақсы жолға қойылған. Гүлсерігі
қарапайым, тек күлтежапырақша түрінде берілген. Күлтежапырақшаларының
мөлшері бірдей, олар үш-үштен топтасып екі қатар шеңбер түзіп бос
орналасады. Гүлінің формуласы лалагүлдің гүлінің формуласымен бірдей:
Аталығының саны 6, оларда үш-үштен топтасып, екі қатар шеңбер түзеді.
Гүлдің ортасында үлкен аналық орналасады, оның қысқа мойны үш жақтауы бар
аналықтың аузымен аяқталады.
Қазжуа туысы (гусиный лук - Gаgеа). Туыста шамамен 70 түр бар.
Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфемероидтар. Олар өте ұсақ өсімдіктер,
жапырақтары жіңішке, гулдері ұсақ, түсі көпшілiгiнде сары болып келеді.
Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды.
Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлейт және шөлейт
аймақтың өсімдіктері.

Асфоделалар тұқымдасы – Asphodelaceae

Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс, 1400-1450- дей түрі жатады. Өмірлік
формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.
Шырыш туысы (эремурус - Еrеmurus)- ланцет тәрізді ұзын Жапырақтары
топтасып жертаған түзетін (прикорневые розетки) өсімдік. Осы жапырақтарының
ортасынан биіктігі 0,5-2м. болатын, жалғыз атпа сабақ кетеді (цветочные
стрелки). Ол әдетте өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді
гүлшоғырымен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш (эремурус мощный- Е.rоbustus)
деген түрдің шашағында 800- дей гүл болады. Шырыштардың БОР- дың
оңтүстік аудандарында (негізінен Орта Азияда) 23-түрі, ал Қазақстанда 13
түрі өседі. Кейбір түрлері сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайға
өндірілген.
Алоэ туысы (Аlое) осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады (243-
сурет). Оның 250-дей түрі бар. Табиғи жағдайда оңтүстік Африка мен
Мадагаскар аралында өседі. Гүлсерігі біріккен жапырақшалардан тұрады, көп
жағдайда құстармен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ, немесе жүзжылдық. (алоэ
древо-видное, или столетник- Аlое аrbоresсеns)- көпжылдық мәңгі жасыл
шөптесін суккулент өсімдік (шыққан жерінде 4 м биіктікке дейін жететін).
Жапырағы өте жуан, етжеңді, қылыш тәрізді болып келеді. Өте ерте гүлдейді.
Гүлдері қызғыштау- сары түсті, қоңырау формалы болып келеді. Гүлшоғыры
өсімдіктің жоғарғы жағында шашақ түзеді. Бірақта А.аrbоrеscens өте сирек
гүлдейді-жүзжылдық ("столетник") деген аттың өзі соған байланысты қойылған.
БОР-да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіреледі. Мәдени жағдайда
Закавказьеде өсіреледі.
Алоэның жапырағынан алынатын "сабур" деп аталынатын қою шырыны
медицинада қолданылады. Алоэның эмульсиясын эпидермит пен күйікті емдеу
мақсатында денедегі жараға жағады. Халық медицинасында алоэның жапырағын
және одан алынатын шырынды дәрі ретінде әртүрлі сыртқы және ішкі ауруларға
пайдаланады.

Гиациниттер тұқымдасы - Нуасіntһасеае

Бұл тұқымдасқа 40 туыс, 900-дей түр жатады. Гиоцинттер жер бетінің
2 бөлігінде де кең таралған, бірақ саны жағынан ең көп кездесетін және
жақсы дамыған жерлері Оңтүстік Африка және Жерорта теңізі жағалауы мен Иран-
Туран облыстары болып табылады. Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді
қабыршақтармен қапталған бадаланаларының болуымен сипатталады; фотосинтез
процессі жүретін жапырақтары жерге жақын орналасады (прикорневые); гүлдері
жоғарғы жапырақтарының қолтығында орналасады.
Супияз туысы (пролеска, или голубой подснежник- Sсіllа)- гүлдері
қызыл, көпшілігінде көкшіл түсті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе
кішкентай өсімдіктер. Жапырақтары жерге жақын орналасып, жер таған түзеді.
Гүл беретін атпа сабақтары қысқа болады. Гүлдері шашақ түзеді (сиректеу
жалғыздау болады). БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі
кездеседі. Негізінен қара топырақы аймақтарда және оңтүстікке таман өседі.
Супияздың кейбір түрлері ерте көктемде сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі.
Ургинея туысы (Urginea). Жерорта теңізі маңында кең тараған түрінің
бірі теңіз пиязы (лук морской- Urginea maritima) деген атпен белгілі. Оның
үлкен пиязшығында жүрекке әсер ететін глюкозbд-сцилярин жиналады. Теңіз
пиязының қызыл пиязшықты, бір формасында сабауқұйрықты крыса өлтіретін у
болады (крысиный яд), сондықтанда оны элеваторларда, қоймаларда
пайдаланады. Кавказдың Қара теңіз жағалауында мәдени жағдайда өсіруге
болады.
Гиацинттiң (Нуасіntһus) гүлсерігі воронка тәрізді болады. Туыста 30-
дай түрі бар. Олар Жерорта теңізі жағалауымен Африкада өседі. БОР-да 3-түрі
кездеседі, олар Копет-даг тауларында өседі. Осыған жақын туыстың бірі
Нуасіntһus БОР- да ол шөлейт зонада өседі. Тамаша қош иісті гүлдері бар
мәдени гиацинттердің ата тегі Н.оrіentаlіs болып табылады. Ол Иранда, Кіші
Азияда. Сирияда және Египетте өседі. Батыс Европаға гиацинттер XVI ғ.
ортаңғы кездерінде әкелiнген.
Құссүттіген туысы (птицемлечник-Оrnіtһоgаllum) Гүлшоғыры- шашақты,
гүлдері ұзын сағақтың басында орналасады. Тозаңдары ортанғы бөлігімен
бекінеді.
Мускари туысы (гадючий лук- Мusсаrі). Гүлсерігі кішкентай, бочка
тәрізді, біріккен желекті, ақшыл Көк немесе көк түсті болып келеді.
Түрлерінің көбісі Кавказда өседi.

Жуалар тұқымдасы – Аllіасeаe

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа
құрлықтардың барлығында кездеседі. БОР-дың территориясында 2 туысы 323
түрі, ал Қазақстанда 1 туысы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым
көпшілігі солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты облыстарында кең
таралған.
Жуа туысы (лук -Аllium). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның
250 БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы
және тамырсабқты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады - трубка тәрізді және
жалпақ жапырағы.Гүлінің формуласы: * Р3+3 А3+3 G(3). Гүлшоғыры шатыр
түзеді, дамудың алғашқы кездерінде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады.
Кейде гүлшоғырында ұСақ баданалары - өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі
қорапша (қауашақ). Пияз, катпарлы жуаның (лук репчатый - А.сера) (244-
сурет) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс,
үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы
оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03-0,05%),
одан басқа пияздың құрамында (5% дейін), витаминдер В.С., фитонцидтер
болады. Жабайы түрі белгісіз; көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ
(чеснок - А.sаtіvum) – жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының ұзын тұмсығы
болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) тұрады. Пиязшықтары
арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, құрамында сарымсақ майы
болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей-А.роrrum)
жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ
пияз (лук круглый - А.rоtundum) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп
ретінде өседі.

Агавалар тұқымдасы - Аgаvасеае

Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады. Талшықты және сәндік
ағаштар, барлығының тамырсабағы болады. БОР-да негізінен ылғалды
субтропикаларда өсіреді кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер;
біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерініңке жақсы жетілген және жуандап
өсуге қабілетті болып келеді. Сабағы қысқа болып келетін
түрлерінің жапырақтары жиналып жертаған түзеді, жіңішке, көп жағдайда жуан,
етженді болып келеді. Гүлдері үлкен гүлшоғырына-масақтарға және
сыпырғыларға жиналады; қосжынысты (сиректеу даражынысты), актиноморфты
немесе аздап зигоморфты, гүлсерігі күлте жапырақшалардан тұрады.
Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншшерініңке біріккен
болып келеді. Аталықтары екі шеңбер түзеді және олар жапырақшаларымен
бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте 3 ұялы,
жатынның түзілуі (плацентация) орталық бұрыштамалы, тұқым бүршігі көп
немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер.
Гүлінің формуласы:
* Р3+3 АЗ+З G(3).
Агава (Аgаvе). Үлкен суккулентті көпжылдық өсімдік, жапырақтары
етженді, үлкен (ұзындығы 80-170 см, ені 10-15см болатын), шеттерінде
сиректеу орналасқан тікенектері болады, жоғарғы ұшы жіңішкеріп, ағаштанған
қоңыр тікенмен аяқталады. Өмірінде бірақ рет гүлдейді (6-15 ж.).Гүл беретін
атпа сабағы (цветочная стрелка) үлкен болады (8 м-ге дейін барады), оның
басында аса үлкен, көп гүлді сыпырғы тәрізді гүлшоғыры түзіледі. Гүлдеп
болғаннан соң, гүлсағақтарының қолтығында пиязшықтар (лукавички)
түзіледі, олар келешегінде үзіліп, топыраққа түседі де тамыр береді.
Өсімдік монокарпик болып табылады, өйткені гүлденгеннен кейін оның жер беті
бөлігінің барлығы өледі, ал тамырсабағынан өркен түзіледі. Бұл үлкен
туыстың көптеген түрлері (275 түр) Мексикада, Солтүстік және Оңтүстік
Американың оған жақын орналасқан облыстарында өседі. БОР-да агавалар (сизал
мен хенекеннен басқалары) ылғалды субтропикаларда сәндік өсімдіктер ретінде
өсіріледі. Агавалардың (Аgаve) экономикалық жағынан маңызы үлкен. Көптеген
агавалардың жапырақтарынан, тіптен басқа жылы елдерде өсірілетін түрлерінен
(А.sіsаlаnа, А.fоurсrоуdes, А.саntаlа, A.amеrіcаnа), талшық алынады
(сизальпенка, генекен және т.б.), олар арқан (канат), шпагат, төсеуіш және
дерекі маталар тоқуға салады. Кейбір агавалардың қантты шырынынан Мексикада
ішiмдік (алкагольные напитки "пульке") ашытады.
Юкка туысы (Үuсса). Діңі қысқарған ағаш тәрізді өсімдік. Жапырақтары
бұтақтарының жоғарғы жағында топтасып орналасады. Гүлшоқтары шашақ тәрізді
өте үлкен, гүлдері салбырап тұрады. Шыққан жерінде Рrоnubа күйесімен
тозаңданады; бұл өсімдік пен насекомдардың арасындағы таң қаларлық қарым-
қатынасты көрсетеді. Жапырақтары тоқыма өнеркәсібінде және щеткалар
жасауға пайдаланылады. Бұл өсімдіктің көптеген түрлері (V.glоrіоsа,
Ү.filamentоsа және т.б.) жақсы талшықтар береді. Оларды Грузияда,
Азербайджанда және Крымда сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.

Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұқымдасы – Соnvаllаrіасеас

Дүние жүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар. Негiзінен солтүстік
ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында әсіресе Гималай тауларында, Шығыс
Азияда және Солтүстiк Америкада

245-сурет. Мамыр меруертгүлі (Соnvаllаrа majalis):
А-жалпы көрнiсі; Б-құрылысының сызба-нұсқасы (тікесінен жасалған
кесіндісі); Г-гүлінің диаграммасы; Д-жемісі жидек: 1-негізгі өс (барлық
уақытта вегетативті); 2-екінші қатардағы өс (репредуктивті өркен); 3-үшінші
қатардағы өс, гүлмен аяқталады (гүлсағағы); 4-төменгі қабыршақты
жапырақтар; 5-бүйірлік өркеннің түбінен кететін жапырақ (предлист); 6-жасыл
жапырақтарының жабық қынапшасы (7), жалған сабақ түзеді; 8-гүласты
жапырақша (3-қатардағы өсті жауып тұратын жапырақ); 9-тамырсабақ; 10-
қосалқы тамырлары.

көптеп кездеседі.
Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский- Соnvаllаrіа majalis, 245-
сурет)- биіктігі 15- 30 см болатын көпжылдық шөптесiн өсімдік. Жіңішке,
ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады,
олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) және пленка тірізді қынапша
жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, сопақша-ланцет
тәрізді, екі жүйкелі болып келеді не сабақты сыртынан түгелімен жауып
тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін ата сабағы (цветочная
стрелка) болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын
гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерінің саны 6- дан 20-дейiн болады, олар
қоңырау формалы, төменгі жағында 6- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Қос жарнақтылар классы, магнолия тұқымдасы
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Қос жарнақтылар класы
Пәндер