Лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . 4
1. 1 Лизингтік операциялар түсінігі, мәні және маңызы . . . 4
1. 2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері . . . 7
1. 3Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 11
2 «АЛЕКС» ЖШС-Ң ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ . . . 13
2. 1Қазақстандағы лизинг дамуының қазіргі жағдайын талдау . . . 13
2. 2 «Алекс» ЖШС-ң лизинг пайдалану тиімділігін талдау… . . . 19
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 24
3. 1Кәсіпорында лизингті пайдаланудың шетелдік озық тәжірибелері…… . . . 24
3. 2 Лизингтік операцияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар…… . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . ……… . . . 28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ . ………29
Кіріспе
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы саласының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т. с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте жатыр.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылады, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілірі қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
ҚР экономика министерствасының ойынша, өндірістің төмендеуіне жол бермейтін бірден бір шешім қаржылық лизинг болып табылады.
Аталған курстық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі қарастырылған.
Осы тақырыпты таңдауда бірнеше себептер болды. Біріншіден, лизингтік қызмет нарығы өте жас және игерілмеген. Екіншіден, лизигтің көмегімен Қазақстан экономикасының аса мұқтаж тобына нақты түрде қажетті инвестиция жіберіледі.
Жұмыстың мақсаты ретінде лизингтік қатынастарға байланысты барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық қатынастардың мазмұнын барынша ашу. Яғни, кез келген субъектілер үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Лизингтік операциялар түсінігі, мәні және пайда болуы
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсіністік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалыры бар. Ең алдымен, лизинг, -ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан - мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. Лизинг-бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құралдарды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Экономикалық мағынада лизинг бұл несие, яғни, лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға уақытша пайдалануға беру нысанында бұл жерде несие қатынастарының субъектілері болып, қарыз беруші ролінде лизинг алушы шығады. Сауданың объектілері болып : машаналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары және басқа негізгі құрал элементтері саналады. Көбісі, бірақ лизингті несие нысаны немесе инвестициялау әдісі ретінде қарастырады, өйткені бұл мәселелермен көбінесе белсенді түрде банк мекемелері айналысады.
Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.
Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындармен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдермен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.
Көптеген жағдайларда лизингті машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары және т. б. өндіріс сипатқа ие құрал-жабдықтардың жалы немесе ұзақ мерзімді жал ретінде қарастырылады. Бірақ бұл көзқарас лизингтің тар анықтамалар қатарына жатады.
Жоғарыда айтылған анықтамаларды ескере отырып, лизингке қорытынды анықтама беруге тырысамын.
Лизинг - бұл сату, сатып алу, жал және несиемен байланысты экономикалық және заңдық қатынастардың кешені. Лизинг беруші өзінің және тартылған (қарыз) құралдары есебінен инвестициялық және озат пайдаланылатын тұтыну тауарлары алады және оны белгілі ақына лизинг алушыға уақытша пайдалануға және иеленуге бір жылдан аса мерзім беру кезінде пайда болатын қатынастар.
Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б. з. д 1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ - ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таралуы, жаңа-бұл жақсы ұмтылған ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орнына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ғана емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания « Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтік еуропалық нарығы бар. Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі - 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б. э. д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б. э. д. 384 / 383 - 322 ж. ж. ) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales) .
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісімшарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т. б. . АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл. lease - жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд. $, ал 80 жылдары олар 110 млрд. $-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж. ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжитын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико”, т. б. .
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж. ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.
60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан - Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “ Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан - Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.
1. 2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:
- Шұғыл лизинг
- Қаржы лизингі
- Қайтарылатын лизинг
- Тура лизинг
- Сублизинг
Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісімшартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі -лизинг алушының келісім шартты уақытынан бұрын тоқтата алмады. Сонымен бірге бұл келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральдық) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т. б) .
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральдық ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары болуы;
- аванстар мен алдын ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінін тәуелді төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары.
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ету. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алуының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын қарастырады.
Қаржы лизингтің объектіліріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингті қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып табылады.
Қаржы лизингінің өзінше жеке сала ретінде қалыптасқан бірнеше түрі бар:
Классикалық, қаржылық лизинг - бұл түрі бойынша шартқа үш тұлға қатысады және мүліктің толық құнын орнайды. Лизинг алушының қарызы бойынша лизинг беруші керекті мүліктерді алып, оған береді де, осының нәтижесінде өзінің қаржылық шығынының орнын толтырып, үстінен пайда көреді.
Ливередж лизинг - бұл лизингтің ең күрделі тобы болып табылады, себебі ол көп каналды қаржыландырумен байланысты болғандықтан көбінесе қымбат ғимараттарды реализациялауда қолданылады. Бұл лизингтің артықты белісі құрал -жабдықты лизинг беруші алатын кезде, өз қалтасынан құрал-жабдықтың барлық құнын емес, тек бір бөлігін ғана төлейді. Ал қалған бөлігін бір немесе бірнеше несиеге алушылардың қаржысын төлейді. Сонда да лизингтік мекеме барлық салықтық жеңілдіктерін пайдалана береді, салық жеңілдіктері мүліктің толық құнына есептелінген. Бұл лизинг бойынша негізгі қауіп - банке, сақтандыру компанияларына, инвестициялық қор мен басқа да қаржылық мекемелерге төленеді. Батыста лизинг шарттарының 85 пайызынан астамы левередж лизингті қолданады.
Сату кезіндегі лизингтік көмектер. Бұл лизинг бойынша келісімшартта мүлікті сатушы мен лизингтік мекеме қатысады. Бұл келісімдердің әр түрлі формалары бар. Ең қарапайым жайттағы керек болатын анықтамалар: лизинг компаниясының аты, мекен -жайы, телефон номері және негізгі лизинг шарттары сатушының жарнамалық материалдарында көрсетіледі, ал лизингке берілетін мүлікті қолдану жайлы сұрақтарды лизинг мекемесі өзара келісім жасай алады, сатушы лизинг шартында лизинг мекемесінің атынан көрініс таба алады. Бұл келісім мынандай шартпен жасалады: егер лизинг алушы банкрот жағдайына ұшыраса, сатушы лизингке берілген мүлікті сатып алуға міндетті.
Қайтарылатын лизинг екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісімшартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни, келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді. Өз алдында инвестор сатушының мүлкіне меншік құқығын кепілдікке ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі 3 жақтың (инвестордың) қатысуымен қарастырылады. Әдетте инвестор түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім - шартын жасап, лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған зайымның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның салықтық және зайымды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі туады.
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім. Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келім-шарт жасасады. Көп жағдайда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісімшарт тікелей өндірушімен жасалады. Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға IBM, Xerox, GATX, көптеген әуе кемелерін, теңіз кемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады. Мысал үшін, «Даймлер- Крайслер» және BMW концернлері ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг - сублизинг келісімшарттарымен рәсімделінетін лизинг объектілерін пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырылу тұлға лизинг объектілерін лизинг берушіден лизинг келісімшарты негізінде 3 тұлғаға уақытша пайдалануға береді. №7ВII 05. 07. 2000 жылғы «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңына сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тыйым салынады. Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетті түрде болуы керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектілерінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісімшарттарының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.
Лизингтік мәмілеге әдетте бірнеше субъектілер қатысады:
- Лизинг беруші- тартылған немесе өз ақшалай қаражатына лизингтік мәміле барысында жеке меншігіне мүлік алған және оны лизинг алушыға белгілі бір бағаға, белгілі бір жағдайға уақытша пайдалануға, кейіннен лизинг алушы лизинг құралына меншік құқығы негізінде ұсынатын жеке және заңды тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг затын белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір жағдайда уақытша иеленуге және лизинг келісіміне сәйкес пайдалануға қабылдайтын жеке және заңды тұлға.
- Мүліктің сатушысы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сатып алу, сату келісіміне сәйкес лизинг берушіге белгіленген мерзімде олар өндірген (сатып алған), лизинг заты болатын мүлікті сататын жеке және заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа несиелік мекеме), келісім затын сатып алуға қаржы ұсынушы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz