Қызғылт-сары төңкерiс


Қызғылт-сары төңкерiс.
Қызғылт-сары төңкерiс - тәуелсiз Украина Республикасындағы жаппай азаматтық бағынбау әрекетi нәтижесiнде мемлекеттiк билiктiң ауысуын жүзеге асырған төңкерiс. Бұндай жалпы қарсы шығу митингiсiнiң туу себебi Украинаның Орталық сайлау комиссиясының 2004 ж. 21 қарашадағы Президенттiк сайлау қорытындыларын жалған өзгерткенi туралы ақпарат болды.
Сайлау нәтижесiнде өзiн бiрте-бiрте көрсете бастаған оппозиция негiзiнен мемлекеттiң батыс және солтүстiк аудандарында қозғалысқа шыға бастады. Олар оппозиция атынан президенттiкке үмiткер болған Виктор Андреевич Ющенконы қолдады. Ал елдiң сол уақыттағы үкiметтiк билiк өкiлi болған президент Виктор Янукович Украинаның шығысы мен оңтүстiгiнен қолдау тапқан болатын. Батыс елдер позициясына келетiн болсақ, олар негiзiнен оппозиция жағында болатын. Европа мемлекеттерiнiң кейбiр қоғам қайраткерлерi қарсыласушы топтардың арасындағы делдалдық қызмет атқарған болатын. Оларға керiсiнше, Ресей Федерациясы билiк етушi үкiметтi жақтаған едi.
Революцияның басталуына түрткi болған 2004 ж. 21 қарашадағы елдегi президенттiк сайлаудың екiншi туры болатын. Бұл турда негiзiнен екi үмiткер - премьер-министр Виктор Янукович пен оппозиция өкiлi Виктор Ющенко арасындағы күрес өрши түстi. 22 қарашада көпшiлiкке жария етiлген сайлау қорытындылары өте күмәндi болды: экзит-полл (тәуелсiз жүргiзiлген дауыс беру актiсi) нәтижелерiне сай В. Ющенко өзiнiң қарсыласын 11%-ке озса, сайлаудың ресми нәтижелерi бойынша В. Янукович Ющенконы 3%-ке асқан екен.
Осыдан кейiн В. Ющенко жақтастары мен шетел бақылаушылары сайлаудың көптеген заңбұзушылық әрекеттермен өткенiн атып, сайлау нәтижелерiнiң әр түрлi болуын үкiмет үшiн жасалған арнайы махинациялар деп бағалайды. Оппозиционерлер қарсы шығу демонстрацияларына алдын-ала дайындалған болатын. Сайлау нәтижелерiнiң жариялануына бiр тәулiк қалған кезден бастап-ақ Украинаның басты алаңы - Тәуелсiздiк Майданында (Майдан Незалежности) демонстрациялық трибуналар мен шатырлар құрыла бастады. Орталық сайлау комиссиясының сайлау қорытындыларын баршаға жариялауына бiрнеше сағат қалғанда оппозиция сайлаудың В. Янукович үшiн фальсификацияланғаны туралы мәлiмдемелердi жариялай бастайды. 23 қарашада батыс Украина қалаларында және Киевте оппозицияны қолдау мақсатында сан алуан митингiлер өте бастады. Халық наразылығының басты көрiнiсi Киевтегi Тәуелсiздiк Майданында болды, онда кей деректер бойынша 300 мыңға жуық адам жиналған болатын. Митингтер мен пикеттер сонымен бiрге Президент Администрациясы, Украина парламентi - Жоғарғы Рада, тiптi Министрлер Кабинетi ғимараттары алдында да өткен болатын.
Демонстранттардың өзiндiк белгiсi ретiнде - В. Ющенконың сайлау кампаниясының түсi қызғылт - сары түс қабылданған болатын (В. Янукович жақтастары ақ-көкшiл түстi таңдаған болатын) . Украинаның кейбiр қалалары (Львов, Житомир, Тернополь, Ковель. т. б. ) өткен сайлау қорытындыларын мойындаудан бас тартты, ал В. Ющенконың өзi Жоғарғы Рада трибунасында символикалық түрде Президенттiк антын бередi. Кейiннен ол Жоғарғы Раданы оның спикерi жапқан уақыттан кейiн де президенттiк антын бередi, ол кезде ғимаратта депутаттардың жартысы кетiп қалған болатын.
В. Ющенко сол уақыттағы Украина Президентi Леонид Данилович Кучмамен келiссөздер жүргiзе бастады, алайда бұл келiссөздер 24 қарашада-ақ үзiлiп кетедi. В. Януковичтiң жеңiсiн жариялаған сайлаудың соңғы қорытындысынан кейiн В. Ющенко Киевте өзiнiң қолдаушылары алдында халықты “Қызғылт-сары төңкерiске” шақырады. Оның басты мақсаты - жалған дауыстармен билiк басына келген үкiметтi құлатып, елде тәртiп пен әдiлеттiлiктi орнату едi. В. Ющенконың айтуы бойынша, “Ымыраға келудiң ең дұрыс жолы - ол халықтың шынайы ниетiн жүзеге асыру” едi. Сөйтiп Украинаның ұлттық құтқару комитетi (комитет национального спасения) елде жалпыұлттық саяси ереуiлдi ұйымдастырады. 2004 жылы желтоқсанның басына қарай Украина Жоғарғы Соты көпкүндiк талқылаудан кейiн, сайлау кезiндегi кейбiр заңбұзушылықтарды мойындап, екiншi кезеңнiң нәтижелерiн жоққа шығарды. Сол кезде Жоғарғы Рада Орталық сайлау комиссиясын таратып, президенттiк сайлау туралы заңға бiршама өзгерiстер енгiзедi. Осындай шешiмдердiң қабылдануы билiк пен оппозиция арасындағы бейбiтшiлiктiң алғашқы қадамы едi. Сонымен бiрге Президент билiгiнiң бiршама бөлiгiн Парламент пен Министрлер кабинетiне беру туралы конституциялық реформа жасалынады.
2004 ж. 26 желтоқсандағы қайталама сайлау нәтижесiнде В. Ющенко Украина Президентi атанады. Оның қарсыласы В. Януковичтiң сайлау нәтижелерiн жоққа шығару әрекеттерiнен түк те шықпады. Соттық отырыстардың бiтуiне дейiн В. Ющенко “Урядовой Курьер” газетiнiң шығарылымында Украина Президентi атанады.
В. Ющенко өзiнiң басты мемлекеттiк саясаты ретiнде елдiң жалпы әлеуметтiк жағдайын көтеру, қылмыспен күресу, сыртқы саясатында батыстық ориентация ұстанып, болашақта Еуропа Одағына кiрудi мақсат етiп қойды. Елде Ресей Федерациясының саяси ықпалы бiршама бәсеңдейтiнi жарияланды. ТМД шеңберiндегi Украина өзiнiң әрi қарай ынтымақтастық пен достық үшiн күресетiнiн атап көрсетiп, Достастық елдерiмен одан да терең байланыстың орнайтынына ниет бiлдiрiлдi.
Украинаның жаңа Президентi ретiнде В. Ющенко өзiнiң бiрiншi сыртқы сапарын Ресей Федерациясынан бастап, кейiн ТМД-нiң басқа да елдерiндегi (Грузия, Қазақстан, Белоруссия, т. б. ) ресми кездесулерiмен жалғастырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:
- www. gazetasng. ru
- www. kievnews. ur
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz