Ахмет Иүгінеки. Ақиқат сыйы



Әдиб Ахмет ибн Махмуд Йүгінекидің өмір тарихы туралы мәлімет жоқ. Кейбір деректерде қарағанда, ол XII ғасырдың аяғымен, XIII ғасырдың басында өмір сүрсе керек. Ахметтің тумысынан екі көзі көрмеген екен. Бұған «Ақиқат сиының» 467-468 жолдары дәлел болады:
Көрмеген туа біте Әдиб көзі
Тұрады он төрт баптан осы сөзі...
Зағип Ахмет жарық дүниені көрмесе де, зерделі, қабілетті, білімге құштар болып өседі. Көп ізденіп, мол білім жинайды. Түркі тілдерін, араб тілін жетік меңгеріп, әдеби және жазба тілдерді жаттап өседі. Халық арасында «Әдиб Ахмет» деген атақты иеленеді. Яғни «әдиб» дегеніміз(араб тілінен аударғанда) – «тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші» деген мағынаны береді.
Қазақ совет энциклопедиясында келтірілген деректерде, Ахметтің әкесі Махмұд көзі ашық, білімді кісі болған екен. Өз кезінде ақындық пен шұғылданып, жазу-сызуға жақсы болған.
Әдиб Ахметтің туылған жеріне келетін болсақ, Йүгінек деген жерде туылған көрінеді. Ал ол жер аты Орта Азияның көптеген жерінде кездеседі. В.В.Бартольтің берген мәліметтерінде « Йүгінек» қыстағы Самарқан жерінде орналасқан. Ал өзбек ғалымы Н.М. Маллаев «Югнак» деген жер аты Ферғана өлкесі мен Түркістан аймағында да бар деп көрсетеді. Ғалымның бұл айтқан пікірлерін басқа ғалымдарда мақұлдайды. Өзіміздің қазақ ғалымы Р. Бердібаев: «Кейбір деректерде ол Түркістан қаласының маңындағы Югнек немесе Жүйнек яғни қазіргі Шымкент облысы Түркістан ауданында туып өскен.» деп жазып қалдырған.
Сонау замандағы Түркі ескерткіштерінің көп жазылып, мол таралған уақыты ХІІІ-ХІV ғасырларда еді. «Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға дейін жетпей жоғалып кеткен. Оның XIV-XV ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі және үш түрлі үзінділері бар.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Иүгінеки

Әдиб Ахмет ибн Махмуд Йүгінекидің өмір тарихы туралы мәлімет жоқ.
Кейбір деректерде қарағанда, ол XII ғасырдың аяғымен, XIII ғасырдың
басында өмір сүрсе керек. Ахметтің тумысынан екі көзі көрмеген екен.
Бұған Ақиқат сиының 467-468 жолдары дәлел болады:
Көрмеген туа біте Әдиб көзі
Тұрады он төрт баптан осы сөзі...
Зағип Ахмет жарық дүниені көрмесе де, зерделі, қабілетті, білімге
құштар болып өседі. Көп ізденіп, мол білім жинайды. Түркі тілдерін, араб
тілін жетік меңгеріп, әдеби және жазба тілдерді жаттап өседі. Халық
арасында Әдиб Ахмет деген атақты иеленеді. Яғни әдиб дегеніміз(араб
тілінен аударғанда) – тәрбиелі, оқымысты, жазушы, әдебиетші деген
мағынаны береді.
Қазақ совет энциклопедиясында келтірілген деректерде, Ахметтің
әкесі Махмұд көзі ашық, білімді кісі болған екен. Өз кезінде
ақындық пен шұғылданып, жазу-сызуға жақсы болған.
Әдиб Ахметтің туылған жеріне келетін болсақ, Йүгінек деген
жерде туылған көрінеді. Ал ол жер аты Орта Азияның көптеген
жерінде кездеседі. В.В.Бартольтің берген мәліметтерінде Йүгінек
қыстағы Самарқан жерінде орналасқан. Ал өзбек ғалымы Н.М. Маллаев
Югнак деген жер аты Ферғана өлкесі мен Түркістан аймағында да бар деп
көрсетеді. Ғалымның бұл айтқан пікірлерін басқа ғалымдарда мақұлдайды.
Өзіміздің қазақ ғалымы Р. Бердібаев: Кейбір деректерде ол
Түркістан қаласының маңындағы Югнек немесе Жүйнек яғни қазіргі
Шымкент облысы Түркістан ауданында туып өскен. деп жазып
қалдырған.
Сонау замандағы Түркі ескерткіштерінің көп жазылып, мол
таралған уақыты ХІІІ-ХІV ғасырларда еді. Ақиқат сыйының түпнұсқасы
біздің заманымызға дейін жетпей жоғалып кеткен. Оның XIV-XV
ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі және үш түрлі үзінділері
бар.
1. ескі түрі – 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан
Әмірдің қалауы мен жазу өнерінің шебері Зәйнүл
Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжаний Құсайын көшіріп
жазған нұсқа. Ол 508 жол өлеңнен тұрады. Көне
ұйғыр жазуы мен жазылған, дегенмен кейбір жолдар
араб жазуымен берілген. Олар: тақырыптар, аяттар,
хадистер , яғни Құран сүресіндегі жеке шумақтары,
Мұхаммед пайғамбардың айтқан өсиеттері, сөздері ол
туралы айтылатын әңгіме, аңыздар. Ол кітап бүгінгі
таңда Стамбулдағы Ая-София кітапханасында сақтаулы
тұр.
2. 1480 жылы Шайықзада Әбдіразақ бақсы Стамбулда көшіріп
жазған нұсқа. Ол ұйғыр және араб жазуымен жазылған,
506 жол өлеңнен тұрады. Әр жолдың арасында тәжікше,
парысша түсініктеме кездеседі. Бұл нұсқасыда
Станбулдағы Ая-София кітапханасында сақталған.
3. соңғы нұсқасын XIV-XV ғасырлар арасында араб жазуымен
көшірілген. 524 жол өлеңнен тұрады. Бұл нұсқа
Стамбулдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы.

Ақиқат сыйын ең алғаш Ая-София кітапханасынан тауып алған
ғалым -- Нәжіп Әсім. Қолжазба 14 бапқа жіктелген 508 жол өлеңнен
тұрған.
Қолжазбаны арнайы зерттеумен шұғылданған Қ. Махмұдов деген
өзбек ғалымы. Ол кісі Ақиқат сыйының тілі жайында монография
жазып, кондидаттық диссертация қорғаған. Қолжазба текстін араб
жазуынан өзбек тіліне жолма-жол аударып берді. Көпшілік оқырманға
арнап Ақиқат сыйының тағы бір басылымын жариялады. Онда дастан
текстері өзбек жазуы мен берілген және өзбек тіліне сөзбе-сөз
аударылған. Басылымның көлемі кішкене ғана, күнделікті оқып жүріп
пайдалануға арналып басылған.
Қолжазбада өмірдің өзекті мәселелері яғни тәлім-тәрбие,
адамгершілік қасиеттер туралы әр түрлі ақыл-кеңестер мен
уағыздамалар келтіріп, өмір туралы ой толғаныстарын автор ортаға
салады. Ескере кететін нәрсе: Ақиқат сыйы 14 тарауға емес, 20
тақырыпқа бөлінеді. Еңбек жалпы 466 жол өлеңнен тұрады. Соңында
басқа кісілердің жазғандары өз алдына—28 жол. Қолжазбаның көлемі
әр нұсқада әр түрлі және де тақырыптар мен тараулардың берілуіде
барлық нұсқада бірдей емес. Шамасы дастанды Әдиб Ахмет айтып
отырып, ал басқа кісі жазып отырған болса керек. Қолжазба сол
кездегі белгілі бір қолбасшы – Ыспаһсаларға арналып жазылған. (69-80
жолдар)
Өзбек әдебиетінің классигі А. Навои Әдиб Ахметті өз
заманындағы көрнекті ақынның бірі деп санаған. Навои өзінің
Насоимул муһаббат деген еңбегінде Әдибтің Тіліңді тый-тісің
сынбасын, Тілін тыймағанның тісі сынады -- деген афоризмін
келтіреді және оның Ахмет Йүгінекидің сөзі екендігін атап
көрсетеді.
Әдиб Ахмет - -өз заманының ұлы. Сол дәуірге тән идеологиялық
қағидалар, оның шығармасында із қалдырып отыруға тиісті өйткені
өз уақтысынан жоғары тұру барлық ойшылдардың қолынан келе
бермейді. Мысалы автор:
435: Дүниені текке ұрысамыз – желік көп,
Бәрі Алладан - соның қамын желік көп.
Тікен кіріп табаныңа Бұйрықпен,
Сол Бұйрықпен торға түсер елі кеп.
деп діни сенімдерге қатты берілген адам ретінде сөйлейді.
Ислам діні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақиқат сыйы еңбегінің көркемдік ерекшеліктері
Ахмет Иүгінеки
Әдиб Ахмет Махмудұлы Йугнәки. Дастанның қолжазба нұсқалары. Зерттелуі
Ахмед Иүгінеки
Ақиқат сыйы дидактикалық сарында жазылған шығарма
Иүгінеки Ахмед
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Қожа Ахмет Иасауи Даналық кітабы, Ахмед Иүгінекидің Ақиқиат сыйы, Сүлеймен Бақырғанидың Ақырзаман кітабы
Пәндер