Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ролі



Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

I тарау
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ғылыми теориялық негіздері
1.1. Матаматиканы оқытудағы көрнекіліктің теориялық негізі
1.2. Көрнекі құралдың маңызы

I I тарау
Көрнекілік және матаматикадан көрнекілік құралдары
2.1. Көрнекі құралдардың түрлері
2.2. Көрнекі құралдарды пайдаланудың әдістемесі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесі оқытудың көптеген жаңа технологияларын пайдалануға қолжеткізіп отыр.
Отандық дидактикада математиканы тереңдетіп оқыту әдістемелеріне басым көңіл аударылып, математикалық материалдарды игеруде көрнекі құралдардың маңызы аса зор екені анықталды.
Қазіргі заман педагогтарының жұмысы бала тәрбиесінің мәңгілік проблемаларын шешуге, яғни олардың оқуға ынтасыздығын өз бетімен жұмыс істей білмейтіндігін, мақсатсыздығын, логикалық ойлай алмайтындығын жоюға бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының базалық математикалық құзыреттілігн қалыптстырудың ерекше әдістерін ТМД елдерінің ғалымдары зерттеді. Олар оқушылардың жалпы білімдік деңгейін арттыру, математикалық дайындығын жетілдіру және оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселелерін шешуді әр түрлі концепциялар негізінде жүзеге асырылған. Мысалы, дамыта отырып оқыту мәселелері Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, И.С.Якиманская т.б. еңбектерінде математикалық білім берудің жеке тұлғаға бағытталған жаңа әдістемелері В.С.Аванесов, С.Н.Лысикова, В.Ф.Шаталов, А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, И.Б.Бекбоев т.б. ізденулерінде зерттелген.
Біздің ғылыми және кәсіби әдебиеттерге жасалған талдауымыз, қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесінің бағыты даму үстінде екенін көрсетті. Демек, еліміздің оқыту жүйесінің дүниежүзілік мәні бар оқытуға гуманизациялық тұрғыдан келу мәселесіне бағыт ұстанған кезеңінде оқушыларды математика пәніне қызықтыру проблемасы өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан да жалпы білім беретін мектепте математика сабақтарында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалыптастыру үшін көрнекілікті пайдалану маңызды орын алатындықтан «БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІКТІҢ РОЛІ» атты тақырыбымды таңдауға негіз болды.
1. М.А.Бантова, Г.В.Бельтюкова, А.М.Полевщикова «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы». Алматы «Мектеп» 1978.
2. П.Я.Дорф «Математиканың көрнекі құралдары»
Алматы 1959.
3. Т.К.Оспанов «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы «Мектеп» 1987
4. С.А.Джанабердиева Афтореферат. Алматы 2007ж. «Математика сабақтарында «қызықты математика» пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту»
5. Бастауыш мектеп 1-2004. 26-36 бет
6. Бастауыш білім 3-4 2006
7. Бастауыш білім 1-2006
8. Бастауыш сыныпта оқыту журналы 5-2007

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

I тарау
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ғылыми теориялық
негіздері
1. Матаматиканы оқытудағы көрнекіліктің теориялық негізі
2. Көрнекі құралдың маңызы

I I тарау
Көрнекілік және матаматикадан көрнекілік құралдары
2.1. Көрнекі құралдардың түрлері
2.2. Көрнекі құралдарды пайдаланудың әдістемесі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде математиканы оқыту әдістемесі
оқытудың көптеген жаңа технологияларын пайдалануға қолжеткізіп отыр.
Отандық дидактикада математиканы тереңдетіп оқыту әдістемелеріне басым
көңіл аударылып, математикалық материалдарды игеруде көрнекі құралдардың
маңызы аса зор екені анықталды.
Қазіргі заман педагогтарының жұмысы бала тәрбиесінің мәңгілік
проблемаларын шешуге, яғни олардың оқуға ынтасыздығын өз бетімен жұмыс
істей білмейтіндігін, мақсатсыздығын, логикалық ойлай алмайтындығын жоюға
бағытталуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының базалық математикалық
құзыреттілігн қалыптстырудың ерекше әдістерін ТМД елдерінің ғалымдары
зерттеді. Олар оқушылардың жалпы білімдік деңгейін арттыру, математикалық
дайындығын жетілдіру және оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселелерін
шешуді әр түрлі концепциялар негізінде жүзеге асырылған. Мысалы, дамыта
отырып оқыту мәселелері Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов, И.С.Якиманская т.б. еңбектерінде математикалық білім берудің
жеке тұлғаға бағытталған жаңа әдістемелері В.С.Аванесов, С.Н.Лысикова,
В.Ф.Шаталов, А.Е.Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, И.Б.Бекбоев т.б.
ізденулерінде зерттелген.
Біздің ғылыми және кәсіби әдебиеттерге жасалған талдауымыз, қазіргі
кезде математиканы оқыту әдістемесінің бағыты даму үстінде екенін көрсетті.
Демек, еліміздің оқыту жүйесінің дүниежүзілік мәні бар оқытуға
гуманизациялық тұрғыдан келу мәселесіне бағыт ұстанған кезеңінде оқушыларды
математика пәніне қызықтыру проблемасы өзекті мәселелерінің біріне айналып
отыр.
Сондықтан да жалпы білім беретін мектепте математика сабақтарында
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалыптастыру үшін көрнекілікті
пайдалану маңызды орын алатындықтан БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА
КӨРНЕКІЛІКТІҢ РОЛІ атты тақырыбымды таңдауға негіз болды.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір-
бірмен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік,
беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым-қатынас т.б.
Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше.
Көрнекі түрде оқыту –– оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту
бір жағынан оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан олардың
түсініктеріне сүйенеді.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазақ бастауыш мектеп дидактикасын
қайта құру, жаңа тұрғыдан жетілдіру, педагогика ғылымының кезектегі міндеті
болып табылады.
Осыған орай бастауыш білімінің маңызын оның білім беру жүйесінде
алатын орнын, орта білім берумен сабақтастығын анықтау, сондай-ақ бастауыш
мектептегі оқу тәрбие процесінің ерекшеліктерін, оны дұрыс ұйымдастырудың
негізгі принциптерін және әдістері мен формаларын жетілдірудің жолдарын
ашып беру –– бастауыш мектеп дидактикасының алдында тұрған міндеттері
екенін айтуға тиіпіз.
Оқытуда мұғалім мен балалардың арасында адамгершілік, ізгілік
қатынастарының және ынтымақтастыққа негізделген оқу әрекетінің еркшелігін
анықтау дидактиканың шұғылданатын мәселесі. Сонымен қатар оқу-тәрбие
процесінде әр баланың бойындағы жеке басының ерекшеліктері есепке алынуы
тиіс. Көрнекілікті көрсетуде әр баланың ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау
қабілеті әр түрлі. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске
асырылып отырады. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептерінің бірі ––
мотивтер. Мотивтер деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті
атайды. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығушылығына байланысты
болады.
Бала жақсы оқу үшін қажеттері мен қызығуларына байланысты болады.
Бала жақсы оқу үшін білімнің өмірде керек екенін түсінуі сол білімге
қызығуы қажет. Педагогика ғылымының докторы профессор Г.И.Щукина мектеп
оқушыларының білімге деген қызығуларын үш топқа бөледі:
1. Қызығудың анық емес түрі
2. Кең тарапты қызығу
3. Негізгі, тұрақты қызығу.
Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдауынан басталады.
Мұғалім өз сөзін балалардың қабылдау әрекетімен ұштастыруға міндетті.
Оқушылардың бұрынғы алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім
оларды жаңа материалдық мазмұнін белсенді түрде қабылдауға дайындайды. Ол
үшін қабылдаудың міндеті мен мақсатын нақтылап, оқушылардың бақылау
әрекетін ұйымдастырады. Көріп отырған нәрселер мен құбылыстарының
белгілерін анықтап, оларды өзара салыстыру арқылы негізгі белгілері мен
қасиеттерін айыруға, топтастыру және тұжырымдар жасау сияқты амалдарды
қолдануға басшылық етеді.
Білімді ойша қорыту және ұғыну. Білімді терең меңгеру және ұғыну
үшін оқу материалын қабылдау –– бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар
қорытындылар жасау тиіс. Бұл оқушылдардың білімге жете түсініп, ұғынуы және
белсенді терең ойлауы әрекетінің нәтижесінде ғана іске асады.
Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы
ережелер мен талаптар қажет.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам
табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғатпен адам тәуелді
болатын заңдарға байланысты екендігін дәлелдейді.
И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны
логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. Осыдан келіп
математиканы оқытуда көрнекілік демонстрациялау әдісін пайдалану мәселесіне
назар аударады.
Ғалым методист Т.Оспановтың пікірінше бастауыш мектеп
математикасының оқыту мазмұны мына мәселелерді қамтиды: нумерация және
арифметикалық амалдар, есептеулер жүргізуге қатысты білік пен дағдылар
қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету, шамалар мен оларды өлшеу, алгебра
және геометрия элементтері.
Төмендегі тақырыптарды оқушыларға меңгерту барысында мұғалім түрлі
әдістер қолданылады. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі
біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып
қолдана білуге байланысты.
Оқыту әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек.
Білім алудың көзіне қарай, оқытудың мақсатына қарай, сондай-ақ оқушылардың
таным белсенділігіне қарай әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.
Көрнекілік әдістер: оқушылардың бақылауы, мұғалімнің көрнекі және
техникалық құралдарды көрсетуі.
Практикалық әдістер: жаттығулар, практикалық жұмыстар.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы –– бақылау.
К.Д.Ушинский Бақылау –– логикалық ойлаудың негізі, –– деп жай айтпаған.
Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін ең алдымен балаларды жан-жақты
бақылауға үйрету керектігінде ескереді.
Оқушылар көбінесе түрлі суреттер т.б. көрнекі құралдарды дұрыс
бақылай алмайды. Олардың бақылауы көп жағдайларда үстірт, бір жақты және
жүйесіз келеді. Олар нәрселердің бірден көзге түсетін кездейсоқ белгілеріне
көңіл аударады да, басты белгілерінен қасиеттерін айыра алмайды. Олар
көбінесе суреттегі жеке нәрселерге назар аударады. Олардың бір-бірімен
байланысын бірден аңғармайды. Кейде суреттер кейбір ұсақ детальдарды
байқамай қалады. Оқушылардың бақылауы жүйелі және дұрыс бағытта іске асуы
тікелей мұғалімнің басшылығына байланысты. Мұғалім оқушылардың белгілі
нәрсені жан-жақты бақылауға, оның қасиеттерін, ерекшеліктерін мүмкіндігінше
көру, есту сезім мүшелерін қатыстыру арқылы бағыт берудің маңызы зор.
Бақылау тек көру т.б. сезім мүшелерінің жұмысын емес, ол адамның ойлау
әркетімен тығыз байланысты. Мұғалім көрнекілікті пайдаланудағы негізіг
методтарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Оқушыларды суретті бақылауға дайындау
2. Суретті олардың үндемей отырып бақылауы
3. Оқушылардың бақылауына сүйене отырып, тақырып мазмұнына сай суреттің
мазмұнын талдау

Негізгі бөлім
Бастауыш сыныптардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне
байланысты жаңа методикалық жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске
асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде
математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі
пайдаланылды.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш
оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін,
бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын игеруі тиіс және осының
негізінде ол өз бетімен шығармашылық жұмыс істейтін болуы керек.
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен төменгі сынып оқушыларына
математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге
қарастырылады және әр тараудың және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10
көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап
айтқанда осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) Оқып
үйренудің дербес әдістері айқындалады. Сондай-ақ методикада математиканы
оқытуда зор нәтижеге жету үшін балардың оқу ісін қалай ұйымдастыру
керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады.
Педагогикада бастауыш сыныптарда мектепте өтілетін кез келген пәнді
оқытуда пайдаланылатын әр түрлі әдістер қарастырылады.
Оқыту әдістерін таңдап алу көптеген факторлармен анықталады: қазіргі
жағдайларда мектеп алдына қойылатын оқытудың жалпы міндеттерімен оқып
үйренілетін материалдың мазмұнымен, балардың тиісті материалды игеруге
дайындық деңгейімен т.б. анықталады. Математиканы оқытудағы негізіг білім
беру міндеттері жеткілікті жоғаоры деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы
балалардың білімін қалыптастыру және олардың белгілі бір біліктер мен
дағдыларға үйрету болып табылатыны белгілі. Бұл міндетті ойдағыдай жүзеге
асыру үшін оқыту методикасында математикалық материалдарды оқып үйрену
белгілі бір басқышпен жүргізілуі көзделуі тиіс. Жаңа материалды оқып
үйренуге дайындық, жаңа материалмен таныстыру, алған білімін, білігін және
дағдысын пысықтау. Бастауыш сыныптарда математикалық материалды оқып үйрену
ерекшелігі жаңа материалды оқып үйренуге дайындау, жаңа материалмен
таныстыру және тиісті білімдерін біліктерін немесе дағдыларын бекіту
оқушыларға жаттығулар жүйесін, яғни белгілі бір математикалық тапсырмаларды
орындату, көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өзінің
математикалық құрылмы жөнінен материалдың мазмұнына байланысты
көрнекіліктер түрліше болуы мүмкін.
Көрнекі түрде оқыту оқуышалардың тиісті бақылауларына сүйене
отырып, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдалану емес.
Математика сабақтарында көрнекілік принціпін жүзеге асыра отырып,
біор жағынан, оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан олардың
түсініктеріне сүйенеді. Бірінші жағдайда көрнекі құралдар қажет, екінші
жағдайда көрнекі құралдарды қолданбауға болады, мұнда балалардың бұрынғы
тәжірибесін, олардың бұрыннан жинақталған түсініктерін белсенділіктерін
жұмылдыру қажет болады. Мысалы, балаларды үшбұрышпен таныстыра отырып,
мұғалім сондай формалы фигуралардың неігзгі белгілерін (үшбұрышы, үш
төбесі, үш қабырғасы) көрсететін модельдерін пайдаланады. Сонымен бірге
мұғалім балалардың қандай нәрселердің формасы үшбұрыш тәріздес екенін
естеріне түсіртеді. Сөйтіп, математиканы оқытуда оқушылардың тікелей
қабылдауы мен түсініктері үлестіріле пайдаланады.
Математика нәрселердің өзі мен айналадағы өмір құбылыстарын ғана
емес нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын сондықтан
математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып, алуға тырысады; оқып үйрену
үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде
нәрселердің өзіне немес айналадағы өмірден алынған ситуацияларға
(жағдайларға) қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.
Математика сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік
және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі,
оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы
құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада
қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Оқыту әрекетінде олардың талдауы, жинақтау, дерексіздеу, салыстыру,
дәлелдеу, түсіндіру құраушыларына мән бере отырып, оқушыларда бақылау,
қиялдау, сезіну, зейінін аудару, қабілеттерін ояту. Ол үшін түрткі
құраушыларын дамытуға әсер ету (үлгерімділігі, байқағыштығы, логикалық
ойлауы). Мұндай нәтижеге жету үшін мына тәсілдер қолданылады:
1. Бақылау жасаудың мақсатын анықтап білу;
2. Қандай құбылыстарға басты назар аудару керектігін дәлме-дәл белгілеп
алу;
3. Бақылау жасалатын объектінің белгілерін анықтап алу үшін салыстыру
тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың белсендіілігін арттыруға жағдай
туғызу;
4. Бақылауға алынатын зат пен құбылыстардың анықталған негізгі белгілерін
топтастыру;
5. Мұғалім оқушыларға нені және қалай бақылау керектігін, оған қоса
бақылаудың нәтижесін хабарлау.
Нәтижесінде байқампаздығы артып, логикалық ойлауы дамиды.
Сөйтіп алдымен балалар сол заттардың ортақ қасиеттері мен өзгешеліктерін
жеке танып болғаннан кейін ғана, оларға жалпы атау болатын сөздер ойлап
табады. Заттарды жеке бір ұғымдарға топтау –– оқушылардың тіл байлығын
артырумен қатар олардың ой-өрісінде кеңейтеді.
Өткізілген сабақтар нәтижесінде көрнекілікті пайдаланудың салдарынан
оқушылар білімнің өмірмен тығыз байланысты екеніне көздері жетеді.Мысалы,
зерттеліп отырған тақырыбымызға байланысты алынып отырған математика
пәндерінің маңызы зор.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдаланылатын көрнекіліктің түріне
қарй өзгеріп отырады. Көрнекілік құралдардың түрлерін білу мұғалімнің
оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ
өзінің және балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік
береді.
Көрнекі оқу құралдады табиғи және суретті деп бөлу қабылданған.
Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға айнадағы
өмірден алынған нәрселер:дәптерлер, қарындаштар,шыбықтар, кубиктер
т.с.с.жатады.
Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп
көрсетіледі: нәрселер –– картиналар, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен
картоннан жасалған кескіндері,нәрселердің немесе фигуралардың кескідері
салынған таблицалар.Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты
(символдар) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар,
амалдар, таңбалар) схемалық суреттер, (5 сурет), чертеждер (6сурет).
Суреттік көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер,
диапозитивтер.

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы сыныптық және
жекелік деп бөледі. Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып
пайдаланады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі
құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық және жекелік
құралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен кішілігінде
болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждік
инструменттер т.с.с. Жалпы сыныптық құралды да, сондай жекелік құралдарды
да сабақта пайдалану ыңғайлы болуы үшін дұрыс орындастырудың маңызы бар.
Мысалы, цифрларды жалпы сыныптық және жекелік кассаларда, фигуралардың
модельдерін конвертке сақтайды т.с.с.
Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе
фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан
жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді.
Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар ––
есептер құрастыру үшін әр түрлі суреттер мен чертеждар құрастырмалы
геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын
таблицалар, көбейту, қосудың электрлендірілген таблицалар т.б.
Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы. Мұның
білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктердің саналы түрде және
берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі.
Мысалы, қағаздан тікбұрыштың моделін жасағанда және жылжымалы бұрыштың
пластилинмен бекітілген екі шыбықтан моделін жасағанда, оқушылар бұрыштар
жөнінде түсінік алады; сызықтық және квадраттық сантиметрдің, дициметрдің,
метрдің модельдерін дайындағанда, оқушылар ұзындық бірліктері және аудан
жөнінде көрнекі түсінік алады. Өздері қолдан жасаған құралдарымен жұмыс
істегенде, мысалы, екі таңбалы сандарды иллюстрациялауға арналған құрал,
бал еңбекті құрметтей білуге үйренеді.
Қолдан жасалатын құралдарды дайындау күрделі болмауы тиіс, эстетика әрі
мектеп гигиенасының нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар олардың
бұрын алған білімінде кеңейтеді, және ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне
әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың басты қасиеттерін
ажыратып, салыстыра білуге, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көре білуге
дағдыланады. Сондықтан мұғалім көрнекіліктерді көрсеткенде сөзбен
байланыстырып, толықтырып айыруы керек. Себебі, кез-келген жеке нәрсенің
осы тектес заттарға ұқсас белгілері, сонымен бірге оның өзіне ғана тән
ерекшеліктері болады. Мәселен, оқушыларға үйшіктердің суретін көрсету арқлы
үлкен-кіші, биік-аласа ұғымын қалыптастыруға болады.
Мұндай қабылдау мен сөз арқылы қабылдауды үйлестіре пайдалану балалардың
жеке заттық басқа заттарға да тән ортақ белгілерін, бөлшектері арқылы бүтін
нәрсені көре білуі үшін қажет. Нәтижесінде оқушы білгенін топтап қорытып,
берілген мазмұнды игеру.Сонымен қатар, оқушылар түрлі тақырыптарда суреттер
беріледі.
Мұндай тақырыптар оқушылардың қиялына, жоғары эмоциялық көңіл-күйіне
әсер етеді. Соның салдарынан заттар мен құбылыстардың басты қасиеттерін
ажыратып, салыстыра білуге, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге
дағдыланады.Осы жерде Ч.Дарвин өзі жөнінде жазған мына бір ойын келтіргіш
келеді.Ол: ... мен басқалардан ерекше ақылдығымен, ой жүйрігімен емес,
кейбір адамдар ескере бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап, талдай
алуымен ерекшелінеді,- деген болатын. Бұдан шығатын қорытынды оқыту
процесінде нәтижесін беру үшін бақылау кезінде оны қағазға түсіре отырып,
не мұғалімнің алдында беріп қойған мәліметтеріне байланысты белгілі бір
құбылысқа не затқа т.б.с.с. мән бере отырып оны оқыту кезінде не өзі дербес
жұмыс атқарғанда жүзеге асырады.Ұлы А.Құнанбаев қара сөздерінде Адам
көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп
тастағы дүниеден хабар алды- деуі табиғаттың адам санасынан тыс, оған
тәуелсіз өмір сүреді, ол біздің түйсігіміз, қабылдауымыз бен ойлауымыз
ақиқат өмірдің сәулесі.
Кітапқа чертеждердің, иллюстрациялар мен таблицалардың көптеп енгізілуі
кітап мазмұнының ерекшелігінен, құралдардың конструкциясын жазбаша
баяндаудан келіп туып отыр.
Көрнекі құралдарды қолданудың мақсаты, олардың математиканы оқыту
процесіндегі мәні мен алатын орны оқу пәндерінің мазмұнына және оқушылардың
дайындықтарына тікелей байланысты болады. Жалпы білім беретін мектеп
оқушыларға белгілі дәрежеде білім беріп, керекті білім қоры мен дағдыларды
беріп қана қоймай, оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге,
қушыларды жұмысқа қызықтыра білуге, оқушылардың үйренгендерін талдап қорыта
білуге, контрукциялау білуге, т.с.с. үйретуі керек екендігі баршаға мәлім.
Оқудың жалпы талаптарн көрсететін осы мәселердің барлығы дұрыс шешуде
көрнекі құралдр өзінің тиісті орын алуы керек, өйткені көрнекі құралдарды
пайдаланудың өзі құбылыстарды ұғу мен оны жете меңгертуді және олардың
бағынатын заңдарын түсінуді жеңілдетеді.
Мектепте оқылатын математика курсы оқушыларға ең алдымен сан ілімі
жайында тиянақты білім беретін және сандарға амалдар қолдануға
дағдыландрады.
Шынында да, көрнекі құралдарды мектеп оқушыларының өздері жасауы,
өндірісте жасап шығарылған құралдардың конструкцияларын анализдеу, оларды
сабақта демонстрациялау, өлшеу және есептеу практикумдері жалпы білім
беретін мектеп оқушыларының ақыл-ойларының қалыптасуына қажетті әсерін
тигізеді.
Әуелі көрнекілік дегенде заттарды немесе құбылыстарды тек көру арқылы
ғана қабылдауды түсінген, кейінірек ол түсінік кеңейтіліп, сезім арқылы
қабылдау ретінде ұғынылатын болған; сонан соң оқытудың көрнекілік методына
бақылау жұмысы, тәжірибелер және математиканың практикада қолданылуы да
жатқызылған; ал оқу модельдері, таблицалар, суреттер, графиктер, өндірістік
детальдар,т.с.с. көрнекі құралдар деп саналатын болған.
Енді көрнекілікті пайдалану арқвлв мәселеге әр жақтан қарп кірісуге,
оқушының көңілін іске тиянақтап жұмылдыруға (еркінше және еріксіз),
оқылатын пәнге ынтасын арттыруға, мәселенің мәнін ұғынуға жеңілдетуге,
алған білімді талдап қорытуға және оны тұрмыста қалай қолданатынын үйрету.
Көрнекі құралдарды пайдалану.
Оқыту процесінде көрнекі құралдар әр түрлі мақсаттармен пайдаланылады:
жаңа материалдармен таныстыру үшін, білімдерін, біліктерін, дағдыларын
бекіту үшін, материалдың қаншалықты игерілгенін тексеру үшін.
Көрнекі құрал білім көзі ретінде қолданылғанда, ол елеулі мәселеде –
жалпылама қорытынды жасауда негіз болып табылатынын атап көрсетіп, негізгі
емес қосалқы мәнін көрсетіп отыруы керек. Мысалы, тік бұрыштың моделдерінің
өлшемдерін
(үлкен кішілігін) түрліше етіп алуы керек бұл қарама-қарсы қабырғаларының
тең болуы кез-келген тік төртбұрыштардың ортақ қасиеті екендігін,оның
қабырғаларының ұзындығына байланысты болмайтынын балалардың көруіне
мүмкіндік береді. Сөз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім
оқушының байқағандарын бағыттап отыратындай дәл сұрақтар қойып отыруы
керек.
Жаңа материалмен таныстырғанда мұғалім көбінесе берілетін білімдерді
нақтылау мақсатымен көрнекі құрал пайдаланады. Бұл жағдайда көрнекі құрал
сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін
атқарады.Мысалы,есептің шығару жо-лын балалардың іздеп табуына көмектесе
отырып, мұғалім есепке схемалық сурет немесе чертеж салады; есептеу әдісін
түсіндіргенде түсініктемесін нәрселермен іс-әрекет жасап және тиісті
жазуларды жазып көрсетеді т.с.с. Мұнда түсініктеменің өз мәнісін көрнекі
құралмен істелетінін жұмысқа және түсіндіруге оқушылардың өздерін қатыстыра
отырып, иллюстрациялап, көрнекі құралды дер кезінде пайдалану
маңызды.Есептеу, өлщеу, есептеу, есептер шығару, т.б. әдісін ашып
айқындауда қозғалысты әсіріесе айқын көрсетіп отыруы керек.( Қосу- жылжытып
қосып қою, азайту- алып қою, жылжытып бөліп қою т.б.) Түсініктемені
суретпен (чертежбен) және тақтаға математикалық жазулармен жазып көрсете
отырып, мұғалім тек балалардың материалды қабылдауын ғана жеңілдетіп
қоймай, сонымен бірге жұмыс дәптерлеріне орындау үлгісін де көрсетеді,
мысалы, дәптерге чертежі мен шешуін қалай орналастыру керектігін,әріптердің
көмегімен периметрді (ауданды) қалай белгілеу керектігін т.б.
көрсетеді.Сондықтан чертеждер мен жазуларды тақтаға сауатты орындау, оларды
тақтаға әдемілеп орналастыру және олар барлық балаларға жақсы көрінетін
болу жағын қадағалап отыру қажет.
Жаңа материалмен таныстыруда және әсіресе білімдері мен біліктерін
бекітуде көрнекі құралмен істелетін жұмысты, оқушылардың өздері алып
көрсетіп, іс-әрекеттеріне тиісті түсініктемелерді беріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Бастауыш сыныпта көрнекілікті пайдалану
Техникалық көрнекі құралдар
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Математика сабағындағы дидактикалық материалдың маңыздылығы.
Математика сабағындағы құрал – жабдықтар
Пәндер