Банктердің пайда болу тарихы және қазіргі жағдайы


Банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Банктің негізгі тағайындау- ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырылатын делдалдық.
Қражылық тәуекелділіктің субьектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субьектілерден айрықшалап көрсетеді.
- Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозитке, жинақ ақша сертификаттарына және т. б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субьектілері шығарғанборыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.
- Банктер заңды және жеке тұлғалар алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға аударғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т. б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға бірнеше қатер төндіреді, өйткені ол нарық конъюктурасына қарамастан толық төленуі тиіс, ал инвестициялық компаниия өзінің активтері мен пассивтерінің құнына баланысты өзгерістер тудырған барлық өз акционерлеріне бөліп береді.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны ғана емес, сондай-ақ қандай операциялар орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (венеция, Генуя) XVI - XVғ. ғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді. XVI-XVII ғ. ғ. Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер клиентер арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуларды жузеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізілді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жито банктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссуда берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде -феодализм тұсында пйда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғандығын тілгк тиек етеді.
Дегенмен, деректерге суйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме біздің жорамалымыздың ақиқаттығы күмән тұғызады.
«Банк» сөзі «banco»- деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл
айырбас столы тауарлар менсауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда саттық барысында әр турлі формада монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінң ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айнала бастайды.
Біздің тусінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттырда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елді ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тіелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ұлғая тусті. Банктер өз кезегінде арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауду саттықта делдал қызметін атқарды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмады. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағаны туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, жергілікті банктер әлемдік қаржы дағдарысымен бетпе-бет кездесуге дайын. Өйткені, қазақстандық қаржы саласы дағдарыс кезеңінде не істеу керектігін жақсы біліп қалды. АТФ Банк Басқармасының төрағасы Александр Пикердің айтуынша, дәл қазіргі жағдайда жергілікті банктер қауіптен сақтану шараларының барлығын тиімді қолданып отыр.
- Біздегі ірі банктер әлемдік дағдарыстың салдарынан тақырға отырып қалады деп ойламаймын. Қазір олар қорғаныс тетіктерін дер кезінде іске қосты. Қаржы тепе-теңдігін сақтап, қиыншылық туғызатын несиелермен жұмыс істеп жатыр. Яғни, осындай жағдайда атқарылатын шаралардың бәрін қолға алды. Менің пікірімше, қазақстандық банктер бұл дағдарысқа қарсы тұруға дайын.
Сонымен қатар, қаржыгерлер америкалық Lehman Brothers инвестициялық банктің құрдымға кетуінен Қазақстанның қаржы секторы шығынға ұшырамайды деп есептейді, бірақ жанама зиянын тигізуі заңды құбылыс.
Бірінші кезекте несиені пайдасыз салаларға бөлген банктер ұтылады. Мысалы, құрылыс секторы. Үкімет бұл саладағы дағдарыстың бірінші кезеңі артта қалғандығын жариялады. Яғни, банктер үшін аса қауіпті емес. Қазіргі жағдайда, мәселен, Lehman Brothers құнды қағаздарын алғандар оңбай ұтылып жатыр. Портфелінде аталған компанияның акциясы бар тұлға бәрінен айырылды деген сөз. Бізде мұндай қағаздарды сатып алғандар жоқ, -деді Александр Пикер.
Қазіргі таңда әлемдегі ірі несие беруші банктер дамушы елдерге қарыз беруін күрт азайтты. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Қазақстан шетелден қарыз алу жөнінен әлемде 9-шы орында. ҚР Қаржы бақылау агенттігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы жергілікті банктердің қарызы 17 млрд доллар болды. Сарапшылардың пікірінше, қаржы дағдарысы жағдайында шетел инвесторлары қарыз беру жағын біршама азайтады. Осы тұрғыдан алғанда, шетелдің арзан несиесіне мұқтаж қазақстандық бірқатар банктер кейбір қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ оның өзін аса күрделі мәселе деп айтуға болмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz