Аспан механикасы



Ғарышкерлердің айқындауы бойынша адамдар Жерді Әлемнің шексіз кеңістіктерінде жүйіткіп бара жатқан кішкентай кеме ретінде алғаш рет көрді. Ғарыштық кеңістіктер жайлы, онда орындалатын заңдар жайлы ғарыштық факторлардың жердегі процесстерге әсері жайлы білімінің болашақта бүкіл Әлемді мекендеуі мүмкін Жердегі барлық тіршілік иелеріне аса қажет екені айқын. Бұл заңдарды білмеу Әлемдік масштабтағы экологиялық апатқа әкеліп соғуы мүмкін.Сондықтан адам Әлемінің ең бір керемет туындысы ғана емес, сонымен қатар кейде дұрыс ой қорыта алмағандықтан, өзінің жасаған құрал-сайманымен Әлемді түсінемін және өзгертемін деп, оған кесірін тигізетін ұлы қиратушы.
Күн жүйесі-Әлемдік жалғыз ғаламшарлар жүйесі емес. Соңғы жылдары біздің Күнге жақын орналасқан жұлдыздарды айналып жүрген жетпіске жуық күннен тыс ғаламшар табылды.
Біз Күн жүйесін зерттей отырып, басқа да ғаламшарлар жүйесі үшін де орындалуы мүмкін заңдарды табамыз. Күн жүйесінің негізгі өкілдері-ғаламшарлармен жер тобындағы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар деп бөледі. Бұлардың арасында астероидтар белдеуі орналасады. Ғаламшарларды топтарға бөлу- ғаламшарлар классификациясы- олардың шамамен пайда болу табиғатына және олардың құрылысы мен құрамына байланысты жүргізіледі.
Ғаламшарлардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылық жер тобындағы ғаламшарлардың Күн маңындағы бұлттан жаратылуына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан оларда ауыр элементтер, металдар, мысалы, темір көп. Алып ғаламшарлар Күннен алыс қашықтықтарда қалыптасқандықтан негізінен жеңіл элементтерден тұрады.
Күн жүйесі Күннен, ғаламшарлар мен олардың серіктерінен, кометалардан, көп мөлшердегі тозаңнан, газдан және ұсақ болшектерден тұрады.
Қазіргі кезде Күн жүйесінің ғаламшарлары мен астероидтарында организмдер тіршілігінің белгісі зерттелуде.
Барлық ғаламшарлар, астероидтар, кометалар Күнді бір бағытта айналады(егер солтүстік полюстен қараса сағат тілі бағытына қармы). Ғаламшарлардың орбиталарын шеңбер деп айтуға болады, олардың жазықтықтары Жер орбитасының жазықтығына кішкене көлбеу орналасқан. Тек Меркурий және Плутонның орбиталары эклиптикаға біршама көлбеу орналасқан.
Кометалардың орбиталары созылыңқы.Күн жүйесінің көптеген объектілері өз осі айналасында түзу деп аталатын бір бағытта айналады.
Әр ғаламшардағы жыл және күндердің ұзақтығы әр түрлі. Барлық ғаламшарлар Күнді әр түрлі жылдамдықтармен айналады.Күнді ең үлкен жылдамдықпен айналатын Меркурий де, ең баяу жылдамдықпен, серігі Харонмен бірге Плутон айналады.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АСПАН МЕХАНИКАСЫ
Ғарышкерлердің айқындауы бойынша адамдар Жерді Әлемнің шексіз
кеңістіктерінде жүйіткіп бара жатқан кішкентай кеме ретінде алғаш рет
көрді. Ғарыштық кеңістіктер жайлы, онда орындалатын заңдар жайлы ғарыштық
факторлардың жердегі процесстерге әсері жайлы білімінің болашақта бүкіл
Әлемді мекендеуі мүмкін Жердегі барлық тіршілік иелеріне аса қажет екені
айқын. Бұл заңдарды білмеу Әлемдік масштабтағы экологиялық апатқа әкеліп
соғуы мүмкін.Сондықтан адам Әлемінің ең бір керемет туындысы ғана емес,
сонымен қатар кейде дұрыс ой қорыта алмағандықтан, өзінің жасаған құрал-
сайманымен Әлемді түсінемін және өзгертемін деп, оған кесірін тигізетін ұлы
қиратушы.
Күн жүйесі-Әлемдік жалғыз ғаламшарлар жүйесі емес. Соңғы жылдары
біздің Күнге жақын орналасқан жұлдыздарды айналып жүрген жетпіске жуық
күннен тыс ғаламшар табылды.
Біз Күн жүйесін зерттей отырып, басқа да ғаламшарлар жүйесі үшін де
орындалуы мүмкін заңдарды табамыз. Күн жүйесінің негізгі өкілдері-
ғаламшарлармен жер тобындағы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар деп бөледі.
Бұлардың арасында астероидтар белдеуі орналасады. Ғаламшарларды топтарға
бөлу- ғаламшарлар классификациясы- олардың шамамен пайда болу табиғатына
және олардың құрылысы мен құрамына байланысты жүргізіледі.
Ғаламшарлардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылық жер тобындағы
ғаламшарлардың Күн маңындағы бұлттан жаратылуына байланысты болуы мүмкін.
Сондықтан оларда ауыр элементтер, металдар, мысалы, темір көп. Алып
ғаламшарлар Күннен алыс қашықтықтарда қалыптасқандықтан негізінен жеңіл
элементтерден тұрады.
Күн жүйесі Күннен, ғаламшарлар мен олардың серіктерінен, кометалардан,
көп мөлшердегі тозаңнан, газдан және ұсақ болшектерден тұрады.
Қазіргі кезде Күн жүйесінің ғаламшарлары мен астероидтарында
организмдер тіршілігінің белгісі зерттелуде.
Барлық ғаламшарлар, астероидтар, кометалар Күнді бір бағытта
айналады(егер солтүстік полюстен қараса сағат тілі бағытына қармы).
Ғаламшарлардың орбиталарын шеңбер деп айтуға болады, олардың жазықтықтары
Жер орбитасының жазықтығына кішкене көлбеу орналасқан. Тек Меркурий және
Плутонның орбиталары эклиптикаға біршама көлбеу орналасқан.
Кометалардың орбиталары созылыңқы.Күн жүйесінің көптеген объектілері өз
осі айналасында түзу деп аталатын бір бағытта айналады.
Әр ғаламшардағы жыл және күндердің ұзақтығы әр түрлі. Барлық ғаламшарлар
Күнді әр түрлі жылдамдықтармен айналады.Күнді ең үлкен жылдамдықпен
айналатын Меркурий де, ең баяу жылдамдықпен, серігі Харонмен бірге Плутон
айналады.
Ғаламшардағы жыл мезгілдерінің ауысуы ғаламшар экваторының орбита
жазықтығына көлбеу бұрышына және оның орбитасының созылыңқылығына
байланысты болады. Ғаламшардың айналу осінің көлбеулігі- ғаламшардың айналу
осі мен оның орбитасы жазықтығына перпендикулярына 23,5 градус бұрыш жасай
орналасқан. Егер осы көлбеулік болмаса Жер бетінде жыл мезгілдері ауыспаған
болар еді. Жыл мезгілдерінің тұрақты ауысуы-Жердің Күнді айнала
қозғалысының және айналу осінің орбита жазықтығына көлбеулігінің
салдары.Марста да дәл осындай жыл мезгілдерінің ауысуы болады.
Ең ұзақ тәулік Шолпан ғаламшарында, ол 243 жер тәулігіне тең.Алып
ғаламшарлар өз осі айналасында жылдамырақ айналады.Юпитердегі тәулік
ұзақтығы 9,92 сағатқа тең.
Ғаламшарлардағы климат оған түсетін күн сәулесіне байланысты.Жұтылған
күн энергиясы ғаламшар бетін қыздырады.Ғаламшар бетінде атмосфераның болуы
не болмауы оның климатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады.
Өткен ғасырдың астрономдары Күн жүйесінің пайда болуының көптеген
теориясын жасады. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарында кеңес астрономы Отто Шмид
Күн Галактикасы центрінде айнала жүріп өзіне барлық заттарды жинап алды
деп болжады . Осы үлкен бұлттан салқын, тығыз ғаламшарларға дейінгі салқын
тығыз денелер-ғаламшарлар бастамасы (планетезимал) қалыптасты.
Ғаламшарлар жүйесі жұлдыздармен бір мезгілде протожұлдыздық тозаң заттан
қалыптасады. Бастапқы кезде оның орталық бөлігі өз бетінше сығылып
протожұлдызға айналады.Бұлттың орталық бөлігі массасынан он есеге жуық аз
келесі бөлігі орталық сығылу айналасында баяу айнала береді,ал шеттеріндегі
әрбір бөлік өз беттерінше сығылады. Және бұл кезде бөлшектердің бастапқы
турбуленттілігі, тәртіпсіз қозғалыстары тоқталады. Газ сұйық күйге
айналмастан тікелей қатты денеге конденсацияланады.Ірі қатты тозаңдық
жиынтықтар - бөлшектер пайда болады. Жиынтық үлкен болған сайын тозаңдық
бұлттың орталық бөлігінде тезірек құлайды.
Артық айналу моментіне ие заттың бір бөлігі жұқа газды-тозаңды қабат-
газды-тозаңды диск құрайды. Протожұлдыз айналысында онан сайын
кеңейген,тығыздала түсетін протоғаламшарлық бұлт түзіледі.
Тозаңды дискідегі гравитациялық орнықсыздыққа байланысты жеке ұсақ
суық жиынтықтар пайда болады, олар бір-бірімен соқтығысып үлкен массивті
денелер- планетезималдар түзеді. Ғаламшарлар жүйесінің қалыптасуы барысыңда
планетезималдардың бір бөлігі соқтығысу салдарынан қирайды, екінші бөлігі
бірігеді. Өлшемдері 1км-ге жуық болатын ғаламшарларға дейінгі денелерінің
ұясы пайда болады,мұндай денелер саны миллиардпен саналады.
Сонан кейін осы денелер ғаламшарларға бірігеді. Ғаламшарлар
аккумуляциясы миллион жылдарға созылады,жұлдыздардың өмір сүру уақытымен
салыстырғанда азғантай. Протокүн онан сайын ыси береді.Оның сәулесі
протоғаламшарлық бұлтың ішкі аумағын 400 К дейін қыздырып қайнау аймағын
түзеді. Күн желі және жарықтың қысымы әсерінен жеңіл химиялық элементтер
(сутегі және гелий) жас жұлдыздың айналасынан аластатылды .
Протоғаламшардың массасы 1-2 Жер массасына жеткен бойда өзінің айналасына
атмосфера жинау қабілетіне ие болады. Проюпитер жүз жылда өзінің айналасына
газдарды жинап алуы арқылы массасын ондаған есеге арттырады.
Күн жүйесінің шетіне таман өзінің жанына газды бұлттар жинай алатын
алып ғаламшарлар пайда болады. Алдымен алып ғаламшардың ядросы түзіліп,
онан кейін ғаламшарлар айналасында сутегі және гелийден қабықша түзілді.
Алып ғаламшарлар қалыптасуының екі сатылы үлгісі фактілермен дәлелденеді.
Алып ғаламшарларда өз айналасындағы газ және тозаңнан құрылған кішкентай
дискілер пайда болып, олардан сақиналар және көптеген серіктер қалыптасты.
Юпитер қалыптасуы кезінде оның орбитасы маңында су булары
конденсацияның шекарасы өтті. Қазіргі кезде есеп бойынша оған жақын
қашықтықтардағы астероидтар белдеуінде ұшқыш заттар газ күйінде кездеседі.
Ол болашақ Юпитер аймағында ғаламшарлар денесінің өсуіне, астероидтар
белдеуінде оның кемуіне әкеледі. Сондықтан массивті Юпитердің өсу
жылдамдығы Күнге жақын орналасқан протоғаламшарлардың өсуіне жылдам. Өзі
пайда болғаннан кейін Юпитер астероидтар белдеуіндегі бұл ғаламшарлардың
қалыптасуына кедергі келтіре бастады. Алып ғаламшарлардың тартуы
салдарынан заттардың жиынтықтары Күн жүйесінің шеткі бөліктеріне шығарылып
кометаларға айналады. Юпитер тарапынан гравитациялық ұтқулар астероидтарға
қазір де қатты әсер етуде.
Уран және Нептун мұнан да баяу өсті. Бұл кезде күн желі әсерінен Күн
жүйесінде азғантай мөлшерде ғана газ қалғандықтан,Юпитерге қарағанда Уран
мен Нептунде проценттік қатысты сутегі мөлшері аз. Бұл алып ғаламшарлардан
негізгі құраушылары су, метан және аммиак.
Күн жүйесінің орталығында аз массалы ғаламшарлар қалыптасты.Мұнда күн
желі майда бөлшектер мен газды ұщырып шығарды. Ал ауыр бөлшектер керісінше
ортаға ұмтылды. Жердің өсуі жүз миллиондаған жылдарға созылды. Оның
қойнаулары гравитациялық сығылу және аккумуляцияға үлкен денелер қатысуына
байланысты 1000-2000 К-ге дейін қызады. Мұндай денелердің құлауы жоғары
температурадағы орны бар кратерлер пайда болумен қатар жүреді. Жердегі
жылудың басқа және негізгі көзі радиактивтік элементтердің, негізінен
уран,торий және калий ыдырауы кезінде бөлінетін жылу. Қазіргі кезде Жер
центріндегі жылу 5000 К, аккумуляция соңындағы температурадан едәуір
жоғары.
Күн тасулары оған жақын орналасқан Меркурий және Шолпан ғаламшарларының
айналуын баяулатады. Радиологиялық әдістердің пайда болумен Жер, Ай және
Күн жүйесінің дәл жастары анықталды-4,6 млрд жылға жуық.
Күн жүйесінің центрінде орналасқан Күнге келетін болсақ, ол кәдімгі
жұлдыз және оның тепе – теңдігі газ қысымы күші мен гравитациялың теңдігіне
байланысты. Күн 5 миллиард жыл өмір сүруде және оның қойнауында жүріп
жатқан ядролық реакциялар нәтижесінде тағы осындай уақыт өзгермейтін
энергия ағынын шығарады.
Сосын жұлдыздар эволюциясы заңдарына байланысты Күн қызыл алыпқа
айналады, радиусы біраз өсіп,Жер орбитасынан үлкен болады. Мұнан кейін
газды қабықша сейіліп, Күннің орнында ақ ергежейлі қалады. Біздің бұрынғы
шырағымыздың осы қалдығы жылу энергиясы қорларын миллиардтаған жылдар
бойынша таратып көрінбейтін суық объектіге айналады. Бұл кезде Жердегі
температура басында 10 000 С – ге дейін өсіп, сонан кейін абсолют нөлге
дейін кемиді.
Қазіргі заманғы ғаламшарлық космогония шешуі күттірмейтін көптеген
сұрақтармен кездесуде.
ХIХ ғасырдың басында Марс және Юпитер арасынан жаңа ғаламшарлар
ашылды.Оларға Церера, Паллада, Юнона және Веста деген ат берілді.Гершель
кіші ғаламшарларда астероидтар деп атады. Астероид деген грекше жұлдыздар
тәрізді дегенді білдіреді.
1804 жылы Ольберс Марс пен Юпитер арасында Фаэтон атты болжамдық
ғаламшарының жарылып оның бөліктерінен астероидтар пайда болғаны жөніндегі
гипотезасын айтқан болатын. ХIХ ғасырдың соңынан бастап астероидтарды
іздеуде фото қолданыла бастады. Ұзақ экспозиция кезінде астероидтардың
бейнесі олардың жылдам қозғалысына сәйкес сызықша түрінде көрінеді.
Қазіргі кезді 12 000 - нан астам астероид бар. Басында оларды құдайлар
атымен атады, онан кейін адамдар атымен атай бастады. Соңғы кезге дейін
орбиталары өзгеше болып келген астероидтарға әйелдер есімін беру дәстүрі
қалыптасқан болатын. Қазір бұл ережеден бас тартылды. Ольберс гипотезасынан
да бас тартуға мәжбүр болдық. Математикалық есептеулер астероидтар бір
ғана емес, бірнеше үлкен денелердің бөлшектенуінен пайда болатынын
көрсетті.
Барлық астероидтар өлшемі 1500 км - ден кіші, оларда атмосфера да,
гидросфера да жоқ. Астероидтар пішіні әр түрлі болып келеді: шар тәріздіден
бастап темекі тәріздіге дейін. Астероидтар беті құрамының әр түрлігіне
байланысты олардан жарықтың шағылуы да әр түрлі: бір астероидтарда шағылу
коэффиценті 3%, құрылымы жаңа сыртқы резеңкесіне ұқсайды, екіншілерінде
шағылу коэффиценті 50%, бор қабатымен қапталған секілді. Астероидтардың
осьтік айналуларында ондаған есеге дейін айырмашылық болады: кейбір кіші
ғаламшарларда ол сағатпен өлшенсе, кейбірінде бірнеше тәулікпен өлшенеді.
Қазір өлшемдері 1 км-ден кіші емес барлық денелерді астероидтар,
өлшемдері онан аз денелерді метеориттер деп атайды.
Астероидтардың ішіндегі ең үлкені Церера, оның радиусы 470 км. Белгілі
астероидтардың ең кішісі 1991 ВА, оның диаметрі - 9 м.
Астероидтардың тығыздығы әдетте 2 - 8 гсм-ге дейін өзгереді.
Ең қараңғы астероидтар: Аретуза, Бамберг, бұлар көмір немесе күйе
секілді қара.
Астероидтар Күн және ғаламшарлардың әсерінен әр түрлі траектория мен
қозғалады.
Күнді айнала үлкен ғаламшарлар мен астероидтар басқа кометалар да
қозғалады. Кометалар - Күн жүйесінің ең созылыңқы объектісі болып саналады.
Комета сөзі грекшеден аударғанда жүнді, ұзын шашты дегенді білдіреді.
Бұл кометаның Күнге жақындағанда қызып, оның бетінен газ және тозаңның
жарық құйрық жасай ұшуына байланысты.
Кометалардың басым көпшілігінің пайда болуы беймәлім. Адамдар оларға
ерте заманнан бері көңіл аударған.Өйткені аспанда кейде жарықтығы Айдың
жарығынан да күшті болатын тұманды шырақты байқамау мүмкін емес болатын.
1577 жылы кометаның пайда болуын зерттей келе Тихо Браге оның Ай
орбитасының сыртында қозғалатын анықтады.
Жаңа кометалар жыл сайын ашылуда.Бір жылда 20-ға жуық комета
анықталады. Жуықтығында 50 кометаны бақылауға болады, жалпы адамзат баласы
тарихында екі мыңға жуық кометалар тіркелді. Көптеген кометалар орбитасы
өте созылыңқы эллипс болып келеді. 1702 жылы Эдмунд Галлей 1531,1607 және
1682 жылдары көрінген кометалар орбиталарының ұқсас екенін айтты. Галлей
кометасының Күнді айнала қозғалу периоды 76 жылға тең.
Кометалар Күннің маңына қарағанда онан алыс жерлерде ұзақ уақыт болады.
Күннен алыс болған сайын кометаның температурасы да төмендейді.
Кометалардың булану тоқтап, оның құйрығы мен түйдегі жоғалады.
Кометалар Күн жүйесіндегі ең көп және ерекше аспан денелері болып
табылады. Ғалымдардың есебі бойынша Күн жүйесінің шеткі жағында
кометалардың алып сфералық жиындығында,яғни Оорта бұлтында -
комета орналасқан. Олар Күнді 3000-нан 160 000 а.б. қашықтықта айналады,
бұл жақын орналасқан жұлдыздарға дейінгі қашықтықтың жартысы. Жақын
орналасқан жұлдыздардың ұйтқуы әсерінен кейбір кометалар Күн жүйесінен
мәңгі шығып кетеді. Басқалары керісінше созылыңқы орбита бойымен Күнге
қарай ұмтылады, сонан соң алып ғаламшарлардың тартылыс күші әсерінен
эллипстік орбитаға көшеді.
Жер бетін тұрақты түрде әр түрлі өлшемді аспан денелері соққылап
тұрады. Жер атмосферасымен үйкелес нәтижесінде бөлшектер қызады және
жанады немесе буланады,жарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аспан механикасы. Студенттерге арналған қосымша оқу құралы
Күн жүйесі планеталарының қозғалысы
Күн жүйесі қозғалысы заңдылықтарын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Астрономия пәні мен міндеттері
Физика және астрономиядан мәліметтер
ФИЗИКА – ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Ақиқат концепциялары және критерилері салыстырмалы талдау
Ежелгі Грециялардың аспан картасы
Кванттық механика, толқындық механика
Гамильтон-Якоби теңдеуі
Пәндер