Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері


Кіріспе
Қазіргі кездегі еңбек нарығы экономикадағы ең маңызды және күрделі құрылымдық бөлігі болып табылады. Себебі, еңбек нарығында елдің әл-ауқаттылығының деңгейі жұмысбастылық және жұмыссыздыққа байланысты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзекті мәселелері ретінде еңбек рыногыныңдағы жалпы жағдайы және ондағы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік мәселелері қарастырылады. Атап айтқанда теоретикалық аспектісінде еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері қамтылса, ал екінші бөлімде Қазақстан экономикасындағы еңбек рыногының табиғаты және оның ерекшелік сипаттарын анықтап талданады.
Еңбек рыногындағы жұмысбастылықтың экономикалық мәні және маңыздылығын аша отырып еңбек рыногының теоретикалық экономикалық концепциясының эвалюциясындағы анықтамаларының ерекшеліктерін атап, олардың қызметтеріне көңіл бөлінді, еңбек рыногындағы әртүрлі әсер етуші факторларына талдау жасалады.
Ал жұмыссыздық табиғаты экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіретіндігі жайында қамтылады.
Қазақстан Республикасында еңбекпен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды халықаралық үлгілерге сәйкес реттеу қажеттілігі және сол қатынастардың құқықтық негізін анықтау келесі жағдайларға тікелей байланысты болғандықтан, басты талдау - еңбекті құқықтық реттеудің халықаралық стандарттарын тану, соларға сәйкес үйлестіру және қабылдау еңбек нарығының ашықтығы; халықаралық құқық негізінде анықталған қағидаттарды, ержелерді ескеретін ұлттық нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ретінде көрсету болып табылады.
Жұмыстың зерттеу обектісі ретінде алдымен, еңбек рыногының қалыптасуымен ерекшелік қасиеттерін анықтап қызметтеріне талдау жасалады. Тақырыптың маңызды бөлігі еңбек нарығындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мазмұны ашылады. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек рыногының қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Экономикалық жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселесіндегі экономикалық-құқықтық реттеудің мақсаты - Қазақстандағы еңбек нарығын зерттеудегі көзі ретінде қалыптасқан түрлі теориялық концепциялардың анықтамалық ерекшеліктерін талдай отырып және әлемдік тәжрибесіндегі еңбек нарығының мәнін, маңыздылығын, жетістіктері мен кемшіліктері қарастырылады.
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу жағдайындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселелерін экономика және құқықтық реттеудегі рөлін, қызметін, мемлекеттік саясатына көңіл бөлінеді.
Ал жұмыстың міндеті ретінде Қазақстандағы еңбек нарығының мәнін ашу, ерекшелік қалыптасу жағдайына баға беру қызметіндегі теориялық негіздеріне көңіл бөлу болып табылады. Әрине, Қазақстандағы еңбек нарығындағы қордаланған, шешімін табуы тиіс мәселелер жұмыссыздық проблемаларын шешу жолындағы альтернативті жолдары қарастырылды, жұмысбастылықтағы еңбек қатынастарының қарама - қайшылығы мен әлеуметтік тұрақсыздығы, өндіріс көлемінің өте төмендеуі, экономикалық жағдаяттың кезең-кезеңмен шиеленісудегі, тоқыраулы дағдарыстық құбылыстардың орын алуы - осы және басқа да факторлардың әлеуметтік-еңбек қатынастарына баға беріледі.
Еңбек рыногындағы халықты жұмыспен қамтудың мақсаты мен міндетінде халық шаруашылығы көлеміндегі еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру болып табылады.
Жұмыссыздық жайында жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік - экономикалық құбылыстары талданады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері және Қазақстан экономикасындағы еңбек рыногы жайында қарастырылады. Бұл бөлімдерде еңбек рыногына сипаттама жасалды, экономикалық теория негізінде салыстырмалы талдаулар жасалады. Жұмыссыздықтың қалыптасуындағы түрлі көзқарастардың эволюциясына көңіл бөлінеді және олардың түрлеріне айрықша мән беріледі.
Еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс заңдарының құбылмалы әрекетіне және оның тепе-теңдік орнығу жағдайына, жұмыс күшін сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларына талдау жасалады. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше "баға тепе-теңдігі" орнығуын, мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсеріне ерекше атап өтіледі.
Еңбек рыногына мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасының (табысы аз отбасыларына көмек, жұмыссыздарға жәрдем, әр түрлі әлеуметтік төлемдер, зейнеткерлерді қамсыздандыру және т. б. ) үлкен әсерін атай отырып, стратегиялық даму бағдарламаларын іске асыру, нарықтың қысымында тұрған еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандырып, рыноктың механизмінің "ауырлық" тудыратын жақтарына баға беріледі. Ол еңбек рыногының қызметіне тікелей байланысты емес, одан тыс принциптерден пайда болатындығы жайында қарастырылады.
Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің де ролі маңызды. Мемлекет жұмыс орындарын іздестіріп табады. Жалпы еңбекке орналастыру жөнінде ақпараттық орталық құрады. Жұмысшыны оқыту және қайта оқытудың мемлекеттік жүйесі оларды өзгертіп отыратын рынок талаптарына тез үйренуіне көмектеседі. Жалпы әлеуметтік экономикалық саясатын оңтайлы іске асыру мәселелері қамтылады.
Әлемдік дамудың тәжірибесінде халықты жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету мен жұмыссыздықтың етек жаюына жол бермеу әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторының бipi екенін көрсетеді. Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП), жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығын сипатталынады.
Экономикалық жұмысбастылық және жұмыссыздық мәселесіндегі экономикалық-құқықтық реттеудің Қазақстандағы еңбек нарығын зерттеуде шетел экономист мамандарының ғылыми еңбектерімен қоса Отандық ғалым экономисттердің, атап айтқанда академик Аубакиров Я. А, э. ғ. д. профессор Шеденов Ө. Қ, э. ғ. д. профессор Жатқанбаев Е. Б, э. ғ. д. профессор Елемесов Р. Е, э. ғ. д. профессор Аубакирова Ж. Я, э. ғ. д. профессор Төлегенова М. С. және тағы басқа ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмыс - 65 беттен тұрады.
1. Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері
1. 1 Еңбек рыногындағы жұмысбастылықтың экономикалық мәні және маңыздылығы
Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсіпті (мамандық) тандауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын тандап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті - еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау болып табылады.
Еңбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан калыптасқан еді, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларда, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Бір топ біздің елде еңбек рыногы болуга тиіс емес десе, екіншілері еңбек рыногы бар, бірақ ол тежелген, ерекше рынок дегенді айтып жүр. Әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия теңдік, әділеттілік пен қазіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен мәні, оның тиімділігі, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етеді [7, 130б. ] .
Еңбек рыногының кұрамдас бөлігі жұмысшы күшінің сипатына да анықтама беру керек. Соңғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз мемлекетінің, қоғамның қожасы болды, қанаушы үстем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді, себебі жоғарыда аталған топшылау шындықка жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірісті басқарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген белсенділігі де кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күшін қайта даярлау, ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы жағдай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама теріс болғанымен еңбек рыногы болды, бірақ та ол ашық түрде шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқара алмады. Жұмысшылар бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүрді. Техникалық жабдықталуы, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды жұмысшылардың іздейтіні ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз жағдайдың бірі жұмысшылардың жиі ауысуы болды. Мәселен бұрынғы Одақ бойынша 80-жылдары бір жылда 20 миллиондай адам еңбек орнын ауыстыратын. Осындай құбылыс Қазақстан жағдайында да орын алды.
Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа көзқарас бойынша жұмыс күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Рынок қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуі мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қайта құру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс.
Тиімді экономикада еңбекке тарту ұтымды болу үшін әрбір еңбекке жарамды адам шаруашылықтың түрлі салаларын өзінің жеке басының қабілеті мен мүмкіншілігіне сай тандап алуы керек. Сонда ғана ол өндірістің пайдалы (рентабельді) болуына көмектесе алады. Сонымен бірге өндірістің қажетіне сәйкес жұмысшының да кәсіптік дәрежесі болуы керек. Енбек рыногын реттеудің талап-тілектері осындай [8, 77б. ] .
Еңбек рыногында да сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етіп, жұмыс күшін сатып алу және сату жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше "баға тепе-теңдігі" орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек рыногына әсері ерекше.
Әуелі жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қысқаша қарайық. Классикалық теория (классиктер) деп маркстік емес әдебиетті, әлбетте ағылшын мен американдыктардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршаллға, Пигу және тағы басқалары ортодоксальдық (алған бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейіне еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну кызметін құруға, оны жетілген бәсеке рынок жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам - кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады - нақты жалақы мен шекті еңбек өнімінің құны (оның ақшалай көрінісі) . Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін қамту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен тендескенде ғана тоқталады.
Қоғамдағы жиынтық еңбек П. Самуэльсонның пікірі бойынша төрт көрсеткішпен анықталады:
- Халықтың жалпы саны;
- Жалпы тұрғындардың ішіндегі енбекке жарамдылардың орташа саны;
- Жыл немесе апта бойында еңбекке жұмсалған сағаттың сапасы;
- Жұмысшының жұмсаған еңбегінің саны мен мамандығының сапасы[3, 205б. ] .
Еңбекке сұраныс пен ұсынысты біріктірместен бұрын еңбекті ұсынуды сипаттайтын бір экономикалық құбылысқа тоқталған жөн. Шынында ол біреу емес екі құбылыс, олар орнын қамтумен байланысты табыстың тиімділігі деп аталады. Бұл тиімділікті біз белгілі бір топтың енбек ұсынысына жалақы қойылымын көтерудің қалай әсер еткенін білгіміз келгенде көрінеді. Әлбетте мұнда еңбекті ұсыну өсуге тиісті, бірақ осындай қорытынды жасауға асықпау керек. Бұл "ойынға" еңбек орнын басу мен табыс тиімділігі деген қатысушылар қосылады.
Жұмыссыздық және қамтылмаған жұмыс орны жетілдірілмеген бәсеке кезінде тұрақты болмай, рыноктық механизмдер тарапынан жұмыспен толық қамту бағытында түзетулерге тап болады. Шынында да тепе-теңдік жағдайында жоғары жалақы тағайындаудың салдарынан еңбекті ұсыну сұраныстан көп болса, жұмысыздар пайда болады, олар өздерінің еңбектерін төмен бағаға сатуға келіседі. Өндірісте істейтінде де осындай қадам жасайды өйткені жұмыс орындарын жоғалтқылары келмейді. Тек жалақыны төмендеткен жағдайда ғана кәсіпкерлер көп еңбекті қамтуға әзір. Сөйтіп жалақыны төмендету тенденциясы еңбекті ұсыну саласында да және еңбекке сұраныс саласында қалыптасады. Жалақының тепе-теңдік қалыптан төмендеген кезде еңбекке сұраныстың оны ұсынудан артық болуында жағдай өзгеше. Жұмыс берушілер бос орынды толтыру үшін жалақыны өсіруге әзір. Осының нәтижесінде жоғары жалақыға өздерінің еңбектерін ұсынушылардың мөлшері кеңейеді.
Бірінші және екінші жағдайда да еңбек рыногындағы тепе-тендік қалпына келіп, рыноктың жұмыспен толық камтылған кезі болады.
Жұмыспен, еңбекпен камтамасыз етудін классикалық теораясының негізгі бағыттарын қарастрайық. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға ұшырап, ол біраз өзгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясының өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке тұсындағы ішкі бейімделгіш механизмге қарсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-тендік болады дегенге күмәнданады. Дж. М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктық тепе-тендіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады [6, 85б. ] .
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай бұл рынок қазіргі кезде кәсіподақ, мемлекет және корпорациялар тарапынан реттеушілік ықпалына ұшырауда. Тағы бір атап кететін жай осы рынокты реттеу мұндағы тауарлардың ерекшеліктерімен жеңілдеу жүреді.
Еңбек рыногыңдағы әрекет ететін заңдар көрінісі (мысалы, сұраныс пен ұсыныс, бағаның теңдігі т. б. ) ерекше сипатта болады. Мұның себебі жұмыс күшін сатып алу, сату әр түрлі мерзімді еңбек шарты түрінде жалдау негізінде жүреді. Сондықтан жекелеген жұмысшылар еңбек рыногының жағдайынан тұрақты тәуелділікте болмайды. Еңбек келісімінде көрсетілген уакытта сатушы ағымдағы рынок конъюнктурасынан "шығып" қалады. Сонымен қатар еңбек келісімінде өндіріс тиімділігімен байланысты экономикалық мәселелермен қатар саяси-әлеуметтік, моральды-этикалық жақтарына да ерекше көңіл бөлінеді.
Еңбек рыногын реттеу еңбекке деген сұраныс пен ұсынысқа әсер етуді қамтиды. Реттеу объектілері жалақы жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыс, жұмысқа алу және босату, әлеуметтік қорғаудың түрлері және т. б.
Кәсіподақтар жалақыны өзгерту үшін түрлі маңызды әдістерді пайдаланады. П. Самуэльсон солардың ішінен үш негізгісін бөліп көрсетеді:
1. Кәсіподақтар еңбекті ұсынуды шектей алады. Мысалы, оны эмиграцияға (басқа елден келгендер) тосқауыл енгізу, жұмыс күнін ұзарту туралы зандар қабылдау, кәсіпке (мамандыққа) дайыңдау мерзімін ұлғайту кәсіподақ жарнасын көтеру, кәсіподакқа мүше еместерді жұмысқа қабылдамау және т. б. арқылы.
2. Кәсіподақтар шартта көрсетілген жалақы қойылымын көтеруді, тепе-теңдік нүктесінен жоғары болу керектігін талап етеді.
3. Кәсіподақтар еңбекке сұранысқа ықпал ете алады [3, 207б. ] .
Қазіргі рынок өзіне мемлекеттің де ықпалын сезінуде. Мемлекеттің заң шығару қабілеті еңбек қатынастарының заңсыз қырларын қамтиды. Ол тек экономиканың мемлекеттік секторындағы жұмыс күшіне сұранысты анықтап қана қоймай, сонымен қатар жеке саланы да реттейді, сөйтіп ұлттық экономика деңгейінде еңбекке жалдаудың негізгі көлемін анықтайды.
Еңбек рыногына мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасының (табысы аз отбасыларына көмек, жұмыссыздарға жәрдем, әр түрлі әлеуметтік төлемдер, зейнеткерлерді қамсыздандыру және т. б. ) үлкен әсері бар. Бұл бағдарламалар жоғары нарықтың қысымында тұрған еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрактандырып, рыноктың механизмінің "ауырлық" тудыратын жақтарын жақсартады. Нәтижесінде жұмысшы күші бағасының ерекше элементі көрінеді. Ол еңбек рыногының қызметіне тікелей байланысты емес, одан тыс принциптерден пайда болады.
Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің де ролі маңызды. Мемлекет жұмыс орындарын іздестіріп табады. Жалпы еңбекке орналастыру жөнінде ақпараттық орталық құрады. Жұмысшыны оқыту және қайта оқытудың мемлекеттік жүйесі оларды өзгертіп отыратын рынок талаптарына тез үйренуіне көмектеседі.
Рынок еңбегін реттеуде еңбек биржасының алатын орны ерекше. Еңбек биржасы - ол жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс күшін сатып алу, сату ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме. Алғашқы еңбек биржалары XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылды. Ресейде еңбек биржасы XX ғасырдың басында пайда болды. Олар ірі өнеркәсіп орталықтарында, атап айтканда, Москва, Петербург, Рига, Одесса сияқты қалаларда құрылды. Ресейде еңбек биржаларымен қатар 1917 жылға дейін ақылы, жеке аралық конторлар қанат жайды. Бұл күндері еңбек биржасы қызметін негізінен мемлекеттік еңбек биржалары атқарады, оларды жұмыспен қамту бюролары деп атайды және олар еңбек министрлігіне қарайды. Еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік бюросы мысалы, мынадай міндеттер атқарады: біріншіден, жұмыссыздарды еңбекпен қамтиды, мамандықтарын өзгерткісі келгендерге көмектесуде аралық қызмет етеді; екіншіден, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты зерттейді; үшіншіден, кәсіпке қажеттілік туралы информация береді; төртіншіден, жастарды жаңа кәсіпке баулиды және әзірлейді. Біраз елдерде мысалы, Франция, Ұлыбритания, Италияда мемлекеттік биржалар жұмыссыздарды есепке алады және жұмыссыздықпен байланысты көмек ақы төлейді. Жұмыстан бас тартқан кезде жұмыссыз адам ақыдан айрылады [11, 140б. ] .
Францияда жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын, ол үшін жауап беретін қызмет саласын - еңбекпен қамтамасыз ету ұлттық агенттігі деп атайды, ол 1967 жылы құрылды. Оның жұмысы еңбек, жұмыспен қамту және Білім беру министрлігінің бақылауында болады. Бұл ұйымның негізгі міндеті: 1. Жұмыс іздегендерге және оқығысы келгендерге, мамандық жөнінде кеңес алатындарға көмек көрсету және жұмыс беретіндерге жұмыс күшін жалдау мен қайта бөлуге көмектесу; 2. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін кәсіпкерлікті аймақтық, сонымен қатар мемлекеттік жұмыс күшін жалдау мен қайта бөлу шараларына белсене араласу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін агенттік кадрларды келісім-шарт, кәсіпке баулу, келісім әзірлеп, кәсіпке қайта даярлау, білімін көтеруге жіберу, мамандықты өзгерту немесе кәсіпті көтеру жөнінде келісімдер жасайды. Сонымен қатар, агенттік жұмыс іздеу тәсілі мамандықты жетілдіру дәрежесін арттыру туралы семинар-кеңестер өткізеді [15, 108б. ] .
Мемлекеттің еңбек биржаларымен қатар әр түрлі мамандықтар бойынша жұмысшыларды жалдаудың ақылы жеке агенттіктері де бар. Кәсіподақтардың, жастардың діни ұйымдарының жанында еңбекке орналастырудың аралық бюролары жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz