Жалдап адам өлтірудің түсінігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖАЛДАП АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Жалдап адам өлтірудің криминалистикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жалдау арқылы адам өлтіруді тергеуде қалыптасатын типтік ситуациялар мен жорамал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
1.3 Тергеушінің ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен байланысы...29
П. ТАПСЫРЫСПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
2.1 Ақпараттарды жинау тактикалық операциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2 Қылмыскерді іздеу және анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 Сезіктіні ұстау және одан жауап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Ш. ТЕРГЕУДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ
3.1 Тану үшін көрсету мен сараптама тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
3.2 Тінту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
3.3 Айыпталушыдан жауап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
3.4 Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылау ... ... ... ... ... ... ... 61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Тақырыптың өзектілігі. Өзінің сипаты бойынша Қазақстан республикасында әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар деп атай келе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халықына жолдауында, «Қазақстанды саяси тұрақты және гүлденген, ұлттық бірлігі бар, әлеуметті әділ, барлық тұрғындардың экономикалық жағдайын қамтитын, тәуелсіз болу керектігін» атап көрсетті[1].
Құқықтық мемлекет құру негізіне қойылған Қазақстан Республикасы Конституциясының гуманизм принцинтерінен қадамдайтын болсақ, адам және оның өмірі, құқықтары және бостандығы жоғарғы құндылық болып табылады. Қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамның қауіпсіздігі және тұрақтылығы, адам өмірін қорғау – құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Адам құқығы жөніндегі жалпы декларация әрбір адамның өмір сүруге құқығы бар екендігін көрсетеді[1]. Адам өмірі заңмен қорғалады, оған қол сұғуға ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-баптың екінші бөлімінде ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ, тек қана өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Адамның өмірі табиғатпен берілетін ең асыл, бағалы сыйлығы. Адам өмірінің негізгі жауы қызғаныш, билікке таласу, бақталастық, пайда күнемдік және т.б.
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың ішіндегі ең ауыры, ауыр жағдайда кісі өлтіру болып табылады. Жалдаумен, қарақшылқпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажет емес екендігі заңда кқрсетілген. «Олар бір-ақ рет берілетін адам өміріне-тұрмысына қауіп төндіреді»[1,240б] Ф.Энгельс: «Егерде бір адамның өміріне зорлықпен күш келтіріп, оның салдарынан жәбірленуші қаза болса, біз оны кісі өлтіру деп білеміз, егер ол алдын-ала біліп жасаса, оның біз қасақана кісі өлтіру деп санаймыз»[2,83б]
Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2010 жылы 1704 қасақана кісі өлтіру болса, 2011 жылы оның саны бірнеше есе өскен. Алматы қаласы бойынша 2010 жылы 68 кісі өлімі орын алған, оның ашылуы 83,8 пайызды құраған. Оның ішінде тұрмыстық-жанұялық жағдайда жасалынатын кісі өлтірудің мөлшері азайып, пайдақорлық бағытта жасалынатын кісі өлтірудің саны өскенін байқауға болады. Оның ішінде «кісі жалдау» арқылы кісі өлтірудің санының өсуі. Дегенменде жоғарыда аталған кісі өлтірулермен салыстырғанда әрине, үлесі тым үлкен деуге де болмайды. Алайда, кісі өлтірудің бұл түрі үлкен проблема туындатып, өзекті болып отыр.
Қазақстан Ресупбликасы ІІМ-нің мәліметтеріне назар аударсақ, 2010 жылы кісі жалдау арқылы 25 қылмыс болса, 2011-жылы оның саны 33-ке жеткенін байқауға болады[2]. Дегенменде бұл көрсеткішті нақты деп атауға болмайды себебі, Қазақстанда аталған уақыттардың өзінде дәл мәліметтер жоқ. Оның себебі келесідей:

1.Бородин С.В. Квалификация преступлений против жизни. – М.: «Юр.литература», 1977. -240 б.
2. Маркс К. и Энгельс Ф. Соч., т.2.
3. Донцов В.В. Убийство по «заказу» /Следственная практика. Выпуск 123. –М.: Юрлит., 1979.,
4. Берлибаев Е.Б. Кровная месть руками наемного убийцы /Следственная практика. Выпуск 146. –М.: Юрлит., 1985.
5.Васильев А.Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. –М.: Изд. МГУ, 1978. -72 б.
6. Селиванов Н.А. Советская криминалистика: система понятий. –М.: Юрид. литер. 1982. 152 б.
7. Видонов Л.Г. Криминалистические характеристики убийств и системы типовых версий о лицах, совершивших убийства без очевидцев (Методические реокмендации к использованию систем типовых версий). –Горький, 1978. -120 б.
8. Бородулин А.И. Убийства по найму: Криминалистическая характеристика. Методика расследования. Под ред. проф. Р.С. Белкина. - М: Новый Юрист, 1997. -80с.
9.Агафонов В.В.,Филиппов А.Г. Криминалистика.М.:2004.-138 б.
10. Лавров В.П. Криминалистические проблемы установления способа сокрытия тяжких преступлений против личности /В кн. Вопросы криминалистики и судебной экспертизы по делам о тяжких преступлениях.-Караганда, 1985.-176 б.
11. Зуйков Г.Г: Установление способа совершения преступления. –М.: ВШ МВД СССР, 1970. -43 б.
12. СеливановН.А., Соя-Серко Л.А. Расследование убийств. М.: Манускрипт, 1994. -224 б.
13. Бородулин А.И. Убийства по наиму: Криминалистическая характеристика. Методика расследования / под ред. проф. Р.С.Белкина. –М.: Новый юрист, 1997. -80 б
14. Сорокотягин Д.А. Виктимологический анализ при расследований преступлений / В кн. Криминалистическая виктимология. –Иркутск, 1980.
15. Центров Е.Е. Криминалистическое учение о потерпевшем. –М.: Изд. МГУ, 1988г. -159б.
16. Вермель Г.Г. Осмотр трупа на месте происшествия. Уч. пособие. – Екатеринбург. -1994. 32 б.
17. Криминалистика /Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я. Драпкина. –М.: Высшая школа, 1994. -528 б.
18. Белкин Р.С. Курс криминалистики. Т3: Криминалистические средства, приемы т рекомендации. –М.: Юристъ, 1997. - 480 б
19. Драпкин Л.Я. Особенности информационного поиска в процессе расследования и тактики следствия /В кн. Проблемы повышения эффективности предварительного. – Ленинград, 1976.
20.Кулибаев Т.А. Расследование и предупреждение убийств совершаемых путем найма преступников. Авт.реферат диссертаций. Алматы, 2000г
21. Бахин В.П., Байжасаров Б.З., Когамов М.Ч. «Методика расследования заказных убийствң А.,2000
22. Герасимов И.Ф. Некоторые проблемы раскрытия преступлений. –Свердловск: Средне -Уральское кн. Изд. 1976. -184 с
23. Шиканов В.И. Алгаритмы и организация решений следственных задач / Сб. Науч. Тр. –Иркутск: Изд. Иркутского университета, 1983. -200 б.
24.Руководство для следователей (изд. Второе, переработанное). Ч2. –М.: «Юр.литер», 1982. 446 б.
25. Ищенко Е.П. Проблемы первоначального этапа расследования преступлений. Красноярск. Изд. Красноярск. Университет., 1987. -168 б.
26. Рассейкин Д.П. ОМП и трупа при расследовании убийства. –Саратов, 1967. 152 б.
27. Косоплечев И.П. ОМП при расследовании преступлений связанных с применением огнестрельного оружия. М-1961 г.
28.Попов В.И. Осмотр места происшествия. Учебное пособие. Алма-Ата: Казгосиздат, 1956. - 26 б.
29. Васильев А.Н. Проблемы методики расследования отдельных видов преступлений. - М.: Издательство МГУ, 1978. - 72с.
30. Гинзбург А.Я. Осмотр места происшествия, освидетельствование. Учебно-практическое пособие. – Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1998, -114 б.
31.Селиванов Н.А. «Убийство как его раскрыть», Белкин Р.С. Тактика следственных действий. М., 1997.
32.Соя-Серко Л.А. Организация следственного действия. М.,1974.
33.Гинзбург А.Я. Осмотр места происшествия, освидетельствование. Учебно-практическое пособие.А., 1998.
34. Жәкішев Е. Криминалистік тактика: Оқу құралы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 1997. -92 б.
35. Еникеев М.И. ,Э.А. Черных «Психология осмотра места происшествия» Учебное пособие.-М.: Юридическая литература,1994,234 б.
36. Образцов В.А., Донцов В.В. О некоторых методах установления преступников по делам об умышленных убийствах. Следственная практика. Вып.131.- М.: «Юридическая литература»ғ1981,128 б.
37.Леви А.А., Михайлов А.И. Обыск. Справочник для следоваеля. –М.: «юрид.лит., 1983, 94 б.
38.Петров М.И. Криминалистика.М.- 2006,232 б.
39.Ларин А.М. Работа следователя с доказательствами.-М.:,1970.166 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ЖАЛДАП АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Жалдап адам өлтірудің криминалистикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жалдау арқылы адам өлтіруді тергеуде қалыптасатын типтік ситуациялар
мен
жорамал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
1.3 Тергеушінің ішкі істер органдарының басқа қызметтерімен
байланысы...29
П. ТАПСЫРЫСПЕН АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ
2.1 Ақпараттарды жинау тактикалық
операциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2 Қылмыскерді іздеу және
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.45
2.3 Сезіктіні ұстау және одан жауап
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Ш. ТЕРГЕУДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ
3.1 Тану үшін көрсету мен сараптама
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 55
3.2
Тінту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
3.3 Айыпталушыдан жауап
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...58
3.4 Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және
нақтылау ... ... ... ... ... ... ... .61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .66
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Өзінің сипаты бойынша Қазақстан республикасында
әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар деп атай келе Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халықына
жолдауында, Қазақстанды саяси тұрақты және гүлденген, ұлттық бірлігі бар,
әлеуметті әділ, барлық тұрғындардың экономикалық жағдайын қамтитын,
тәуелсіз болу керектігін атап көрсетті[1].
Құқықтық мемлекет құру негізіне қойылған Қазақстан Республикасы
Конституциясының гуманизм принцинтерінен қадамдайтын болсақ, адам және оның
өмірі, құқықтары және бостандығы жоғарғы құндылық болып табылады. Қоғамдық
тәртіпті қорғау, қоғамның қауіпсіздігі және тұрақтылығы, адам өмірін қорғау
– құқықтық мемлекеттің басты міндеті.
Адам құқығы жөніндегі жалпы декларация әрбір адамның өмір сүруге
құқығы бар екендігін көрсетеді[1]. Адам өмірі заңмен қорғалады, оған қол
сұғуға ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-
баптың екінші бөлімінде ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ,
тек қана өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде
заңмен белгіленетіндігі көрсетілген. Адамның өмірі табиғатпен берілетін ең
асыл, бағалы сыйлығы. Адам өмірінің негізгі жауы қызғаныш, билікке таласу,
бақталастық, пайда күнемдік және т.б.
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың ішіндегі ең ауыры, ауыр жағдайда
кісі өлтіру болып табылады. Жалдаумен, қарақшылқпен немесе қорқытып алумен
ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды
деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажет емес екендігі заңда
кқрсетілген. Олар бір-ақ рет берілетін адам өміріне-тұрмысына қауіп
төндіреді[1,240б] Ф.Энгельс: Егерде бір адамның өміріне зорлықпен күш
келтіріп, оның салдарынан жәбірленуші қаза болса, біз оны кісі өлтіру деп
білеміз, егер ол алдын-ала біліп жасаса, оның біз қасақана кісі өлтіру деп
санаймыз[2,83б]
Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2010
жылы 1704 қасақана кісі өлтіру болса, 2011 жылы оның саны бірнеше есе
өскен. Алматы қаласы бойынша 2010 жылы 68 кісі өлімі орын алған, оның
ашылуы 83,8 пайызды құраған. Оның ішінде тұрмыстық-жанұялық жағдайда
жасалынатын кісі өлтірудің мөлшері азайып, пайдақорлық бағытта жасалынатын
кісі өлтірудің саны өскенін байқауға болады. Оның ішінде кісі жалдау
арқылы кісі өлтірудің санының өсуі. Дегенменде жоғарыда аталған кісі
өлтірулермен салыстырғанда әрине, үлесі тым үлкен деуге де болмайды.
Алайда, кісі өлтірудің бұл түрі үлкен проблема туындатып, өзекті болып
отыр.
Қазақстан Ресупбликасы ІІМ-нің мәліметтеріне назар аударсақ, 2010 жылы
кісі жалдау арқылы 25 қылмыс болса, 2011-жылы оның саны 33-ке жеткенін
байқауға болады[2]. Дегенменде бұл көрсеткішті нақты деп атауға болмайды
себебі, Қазақстанда аталған уақыттардың өзінде дәл мәліметтер жоқ. Оның
себебі келесідей:
-жалдау арқылы кісі өлтіру белгілері бар қылмыстар негізінен қылмысты
іздеу бөлімінің есебінен алынып, алдын ала тергеу барысында алынған
мәліметтер ескерілмейді;
-жергілікті орындарда бұл қылмыстардың түрлеріне дәл есеп
жүргізілмеген себебі, басшылар немесе басқа да қылмыскерлер бұл қылмыстың
нақты дәрежеленуін білмейді;
-жалдау арқылы кісі өлтіру басқа да қылмыс түрлерімен араласып, жалдау
арқылы кісі өлтіруді бүркемелеу әрекеттері жасалынады (бақытсыз жағдай,
мәйітті жасыру, шабуыл жасау арқылы тонау және т.б.).
Жалдау арқылы кісі өлтіруді жаңа қылмыс түрі деп санауға болмайды
себебі, ол Кеңес Одағының кезеңінде де орын алған[4,21 б]. Әрине кейбір
жағдайларда бұл қылмыстарды жанұялық-тұрмыстық жағдайда жасалынған, қылмыс
құрбандарының арасында ұзақ уақыт келіспеушілік әрекеттерден туындаған.
Оған, қызғаныш, кек алу, пайдайкүнемдікті жатқызуға болады. Жәбірленушінің
жеке басын тиянақты зерттеу, оның жанұялық қарым-қатынастарын білу
қылмыстың тез ашылуына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда қылмысты
орындаушылар жалдаушының жақын таныстары болған. Қылмыс қаруы ретінде
тұрмыстық заттар (пышақтар, балталар) және аңшы қарулары қолданылған.
Ю.М.Антонян көрсеткендей ...кісі өлтіру зорлық түрі ретінде ерте
кезеңнен өсіп келеді және заманның өзгеруіне байланысты кезең сайын
қоғамның дамуына сәйкес өзгеріп отырған[3,12б]. Қазіргі таңда қылмыс
жасаудың себебі, тәсілі сипаты басқа, орындаушылар, жалдаушыларда өзгерді.
Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу әдістемесіне А.И.Бородулин.,
Б.З.Байжасаров., Л.Г. Видонова., Г.А.Густов., М.Ч. Қоғамов.,
В.П.Колмакова., Т.А.Кулибаев., О.Н.Сафаргалиеваның., Л.А.Соя-Серко.,
А.С.Жиенбаевтың ғылыми зерттеулері арналды. Жалдау арқылы кісі өлтіру
сұрақтарына Б.М.Нұрғалиевтің еңбектері арналды. Дегенмен де жалдау арқылы
кісі өлтіру қылмыстарын тергеу әдістемесі ғылыми негізде фундаметальді,
кешенді зерттеулерді қажет етеді.
Жоғарыда көрсетілгендер менің тақырыбымның өзектілігін куәландырады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеудің
теориялық сұрақтырының мазмұндарын ашып, қажетті деңгейде тиісті білім
деңгейін бекіту. Аталған мақсат келесідей міндеттерді шешуді ұсынады:
-Жалдау арқылы адам өлтіруді тергеудің криминалистикалық тәртібінің
мазмұнын ашу;
-Жалдау арқылы адам өлтірудің криминалистикалық сипатталуын беру;
-Тергеушінің ІІО-ң басқа қызметтерімен байланыс әрекетін қарастыру;
- Қалыптасатын типтік ситуациялар мен версиялар қозғау;
- Кісі жалдап адам өлтірудің тергеу барысындағы тактикалық
операцияларды қарастыру.
Жұмыстың методологиясы және әдісі. Жұмыс барысында автор арнайы:
жүйелік-құрылымдық, логикалық, статистикалық және социологиялық әдістер
қолданды.
Жұмыстың теориялық негізін қылмыстық құқық, қылмыстық процесс,
криминалистика, жедел іздестіру қызметі теориясы, криминология, сот
психологиясы саласындағы ғылыми еңбектер құрайды.
Заң қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР
ҚК., ҚР ҚІЖК., Жедел-іздестіру қызметі туралы заңы және басқа да нормативті
актілер пайдаланылды.
Жұмыстың құрамы мен көлемі. Жұмыстың құрамы мен көлемі оның
тақырыбымен және шешетін міндеттерімен анықталған. Жұмыс дипломдық жұмысын
орындауға арналған арнайы әдістемелік нұсқаға сай орындалды, үш негізгі
бөлімнен, қортынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1. ЖАЛДАП АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Жалдап адам өлтірудің криминалистикалық сипаттамасы
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы өзінде қылмыс түрлерінің
және топтарының қылмысты жасау тәсілінде, механизмінде және қылмысты жасау
жағдайында байқалатын, қылмыс жағдайын, оның субъектісі және басқа да
маңызды белгілерді сипаттайтын жүйені ұсынады
Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі 60-жылдың аяқ кезі 70-жылдың
басында пайда болды. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымы
және мазмұны, оның қылмыстарды ашуда және тергеуде алатын орны жайлы
сұрақтар Р.С.Белкиннің, А.Н.Васильевтің, И.А.Возгриннің, В.А.Образцовтың.,
Н.А.Селивановтың., В.В.Радаевтың және басқа да криминалист ғалымдардың
еңбектерінде көрініс тапты. Дегенменде қазіргі таңға дейін ғалым-
криминалистердің арасында қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
түсінігіне бірыңғай пікір жоқ.
Мысалы, А.Н.Васильев қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына
қылмыскердің әрекет механизмі және қылмыстық іздердің пайда болуын,
қылмысты жасау тәсілі туралы, қылмыскерлерді анықтау үшін мәліметтерді
қосады[5,72б]
Н.А.Селивановтың пікірі бойынша кез-келген қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы қылмыстың құрамына байланысты бірқатар
әртүрлі элементтерден қалыптасады. Н.А.Селиванов оларды қылмыстық қол
сұғушылық объектісіне, қылмыс тәсіліне жағдайына және тәсіліне,
қылмыскердің жеке басына жатымды объективті жағы деп бөледі[6,152б]
Е.Г. Жәкішевтің пікірі бойынша криминалистикалық сипаттама тергеудегі
қылмыс құрамын, қылмыс жасау механизмін, осындай істерге ұқсас типтік
дәлелдемелерді және олардың орналасу орындарын, қылмыскердің типологиялық
мәліметтерін, сондай-ақ бірқатар виктимологиялық аспектілерді түсіну
анықтауды санайды.
Бірқатар ғалымдар, жекелегенде Л.Г.Видонов .. криминалистикалық
сипаттаманың маңызы егер де олар қылмысты ашуға ықпал етсе, белгілі қылмыс
санаттарының барлық жағдайларын қамтитындығын айтады[7,120]. Бұл
көзқарасты нақтылай келе Г.А. Мозговых қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасын анықтай келе қылмыстардың белгілі түрлерін нәтижелі ашу және
тергеу үшін қажет, белгілі қылмыстардың түрлерін сипаттайтын,
криминалистикалық маңызды белгілер мен ерекшеліктердің жиынтығы ретіндегі
білімді айтады[8,26б]
Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін талдай
келе, біз қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының мазмұны мен
құрылымын белгілі үлгіде нақтылау күрделі екендігі туралы пікірге келеміз.
Біздің пікірімізше қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының құрылымдық
элементтерінің жалпы саны қарастырылудағы қылмыс санатының ерекшеліне
байланысты.
Кемелденген қоғамда кісі өлтірудің кең қанат алуы, олардың ашылуының
қиындығы криминалистика ғылымынан жаңа тергеу тәсілдерімен әдістемесі
іздеуді мәжбүр етеді. Соңғы жылдары кісі өлтірудің сипаты күрт өзгерді.
Егерде ертеде отбасында кісі өлтірудің саны жоғары болса, қазіргі кезеңде
алдыңғы жоспарға жеке бас пайда үшін немесе пәтерін иемдену мақсатымен,
тапсырыспен кісі өлтіру, қаржы, коммерциялық, саяси қатынастарда кісі
өлтіру, адамды ұрлау, адамдарды кепілдікке алумен байланысты кісі өлтірулер
орын алып отырған. Кісі өлтіру бұрынғыдай куәлардың көзінше немесе
куәларсыз жерлерде жасалынады.
Криминалистикалық сипаттамасының негізі болып қылмысты жасау тәсілі
және қылмысты жасыру тәсілі табылады. Кісі өлтірудің жиі кездесетін
біртектес тәсілдері атыс қаруларын, доғал заттарды, қолмен және аяқпен ұру
арқылы, улау, тұншықтыру, суға батыру, биіктен немесе қозғалыстағы
автотранспорттан құлату, жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға жеткізіп, оны
кісі өлтіру үшін қолдану жолдарымен өмірінен айыру болады.
Кісі өлтіру тәсілі - кісі өлтіруге дайындалу, әрекетті жасау және
жасыру бойынша әдістердің және тәсілдердің, қарулар мен құралдардың, сондай-
ақ олардың көмегімен іске асырылған әрекеттердің жиынтығы.
Дайындалып кісі өлтіру үшін, қылмыскердің өз құрбанын алдын-ала оқып
білуі, қылмысты айқын іске асыру үшін ыңғайлы орын мен уақытты белгілеу
мақсатында құрбанды бақылау сипатын қамтиды.
Кісі өлтіру тәсілі қылмыскердің жынысын, физикалық күшін, арнайы
дайындығын, кәсібін, әскери және басқа да тәжірибесін, қандай да бір қаруды
қолдануды игеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Кісі өлтіруді жасыру тәсілдеріне мәйітті немесе оның бөліктерін:
жасыру, кісі өлтіру орнынан мәйітті басқа жерге ауыстыру, мәйітті
танымайтындай етіп бөлшектеу, кісі өлтірушінің қылмыс қаруын киімін, аяқ-
киімін, жәбірленушінің заттарын жасыру, өзін-өзі өлтіру жағдайын келтіру,
бақытсыздық жағдайды, өзінің табиғи өлімімен өлгендігін көрсететін
жағдайларды жасауы табылады.
Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша, жалдау арқылы адам өлтірудің
криминалистикалық сипаттамасының құрамына мынандай бөліктерді енгізуге
болады:
1. Алғашқы деректер
Қарастырылып отырған қылмыс түрі бойынша, алғашқы деректер,
азаматтардың белгілі бір жерден адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлауына
қарай алынады. Мәйіттің денесінен оқпен атылған жараны табу, тұлғаның
қандай себептен қаза болғаны туралы, сұрақ тудырмайды. Сирек жағдайларда
болмаса, көбнесе зардап шеккен тұлғаның кім екені бірден анықталады,
өйткені, мұндай қылмыстар сол тұлғаның тұратын жерінде немесе соған жақын
жерде, жұмыс орнында жасалады немесе оның өзінде аты-жөнін анықтайтын
құжаттары болады. Осы көрсетілген алғашқы деректер бойынша, тергеу
қызметкерлеріне, қылмыстық іс қозғауға қиындық туғызбайды, олар бірден
алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізе бастайды. Алғашқы деректердің сипаты мен
мазмұны әдеттегідей, болған жағдайдың өзіне тән жәйді анықтауға мүмкіндік
береді.
Жалдау арқылы адам өлтіру ісі бойынша өзіне тән тергеулік жәйлер
болып табылатыны: кім екені белгілі тұлғаның атып өлтірілген мәйітінің
табылуы. Көрсетілген жәй қылмыс жасаған тұлғалардың белгісіздігімен,
қылмыс жасау себептерінің белгісіздігімен және оқиға орнында қалған қылмыс
іздерінің өте аздығымен сипатталады.
2. Қылмыс жасау тәсілі.
Тапсырыспен адам өлтіруді жүзеге асыру, адам өлтірудің басқа
түрлерінен елеулі өзгешеліктері бар, ол ең алдымен оның алға қойған мақсаты
мен мүмкіндіктеріне қарай айқындалады. Бұл жерде мәселенің көбі,
орындаушының сипаты мен тәжірибелілігіне байланысты болады. Жалдау арқылы
адамды өлтіру, оны жүзеге асыру алдында, алдын-ала тыңғылықты ойластыру мен
ұзақ дайындық жүргізізіледі.
Мұндай дайындыққа мыналар кіреді:
- адамды өлтіту туралы шешім қабылдау және жалдаушының қылмыс жасауға
қатысушыларды (делдалды, орындаушыны) талғап алуы;
- қылмыс жасау қаруын және көлік құралдарын талғап алу;
- болашақтағы құрбандығының күн тәртібі мен жұмыс кестесін анықтау
мақсатында, оған бақылау жүргізу;
- қылмыс жасау мен оны жасыру әрекеттерінің жоспарын құру.
Кісі өлтіру туралы шешім қабылданғаннан соң, жалдаушы өзінің
таныстарының арасынан немесе солардың көмегімен делдалды немесе тікелей
орындаушыны іздестіре бастайды. Осы қылмысқа қатысушыларды іздестіру мен
таңдау бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Осылай орындаушыны
талғап алғаннан кейін, берілетін ақысы мен оны қалай төлеу керектігінің
шарттарымен келісім жасалынады. Төленетін ақының көлемі, құрбан болатын
тұлғаның жеке басына және қандай тәсіл арқылы өлтірілетіне байланысты
болады және төленетін ақы бірнеше жүзден бірнеше мың доллар көлемінде
болады. Төленетін ақының бір бөлігі, кейбір жағдайларда, қымбат заттармен
(автомашина, құнды заттар және т.с.с.) берілуі мүмкін. Төленетін ақы
бөлініп төленуі мүмкін, бір бөлігі кісіні өлтіру алдында, ал екінші бөлігі
тапсырыс орындалғаннан кейін немесе кісі өлтірілгеннен толығымен төленеді.
Орындаушыға құрбан болатын тұлға туралы мәліметтер (тұратын жері, жұмысы,
күн тәртібі және т.б.) толығымен беріледі, оның фотосуреті тапсырылады.
Кейбір жағдайларда, құрбандықтың бет-бейнесін шатыстырып алмау үшін,
орындаушыға оны тікелей көрсетеді. Орындаушы осы қылмысқа қатысушылармен
бірге (делдал, дем беруші ) кейбір жағдайларда, өлтіру үшін ыңғайлы орын
мен уақытты таңдап алу мақсатында, құрбандарының соңынан тікелей бақылау
жүргізеді.
Көп жағдайда қылмыс жасайтын орын мен уақытты таңдап алуға, мынандай
жағдайлар ықпалын тигізеді:
- болашақ құрбанның күн тәртібін анық білу;
- қылмыс орнында ешкімнің болмауы мен шабуылдың кенеттен жасасалуы;
- атуды ешбір кедргісіз жасау мүмкіндігі;
- қылмыс орнынан жасырын және ешбір кедергісіз кету мүмкіндігі.
Қарастырылып отырған іс бойынша қылмыс орнын зерттеу, оларды мынандай
топтарға бөлуге мүмкіндік береді:
1. Зардап шеккеннің тұрған жерімен немесе оның жақындарының және
таныстарының тұрған жерлермен байланысты орындар (көшелер, үйлердің
аулалары, үйлерге кіреберістер, көтерілетін баспалдақтардың аралары).
2. Зардап шеккеннің қызмет істейтін жеріне байланысты орындар
(қызмет істейтін ғимараттың жанындағы бөлмелер немесе қызмет істейтін
бөлмесі ).
3. Автомашиналар (жүріп бара жатқан кезде, тоқтаған кезде, отырып
жатқан кезде ) және басқа да орындар.
Адамды өлтіру уақыты да қылмыс жасау тәсіліне өзінің ықпалын тигізеді
және барлық жағдайда зардап шеккеннің күн тәртібін ескере отырып
анықталады. Жалдау арқылы кісіні өлтіру таңғы мезгілде жиі жүзеге
асырылады, шамалап айтқанда сағат 08-ден 11-ге дейін.
А.И. Бородулин осы қылмыс жәйінде, былай деп өте дұрыс көрсеткен:
“Қылмыскерлер тәуліктің осы мезгіліне бекер басымдылық бермеген себебі,
жұмыс істейтін тұлғалардың көбінің жұмыс күнінің басталу уақыты, негізінен
нақты белгіленген, сол себептен олар үйлерінен белгілі бір уақытта шығады.
Таңғы уақытта 08-ден 11 сағатқа дейін, ал кешке 19-дан 23 сағатқа дейін.
Таңғы мезгілде адамды өлтіру, негізінен зардап шегушінің тұратын жерінің
аумағында жасалады, ал күндіз тұлғаның қызмет орнында немесе оның күн
тәртібіне байланысты барған басқа жерлерде өлтіріледі, шамамен сағат 12
мен 15-тер арасында.[8,80б].
Қарастырылып отырған қылмыс бойынша, адамды өлтіру үшін қолданылатын
тәсіл де, басқа өлтіру тәсілінен тікелей ешқандай айырмашылық жоқ. Адамды
өлтіруді орындаушы немесе орындаушылар, өздерінің болашақ құрбанын белгілі
бір жерде, алдын-ала күтеді де оларға оның нақты бір жерде пайда болғаны
туралы, байланыс құралы арқылы хабарлайды, содан кейін жоспарланған қылмыс
әрекеті жүзеге асырылады.
Осы айтқандарды мына мысалдан көруге болады, оңтүстік-қазақстан
обылысының кәсіпкері Юрий Кимнің өлтірілуі туралы іс бойынша, қылмыскерлер
өздерінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін, зардап шегушінің күнделікті
қалалық емханаға ем алу үшін, келіп тұратын уақытын пайдаланады. Алдын-ала
дайындалған жоспар бойынша, қылмыс ісіне қатысушылардың бірі – Иманәли
Мырзагелді, емхананың маңында жүреді, зардап шегуші келесі емін алу үшін,
емханаға келген кезде, жалдамалы кісі өлтіруші оны күндіз дауысы шықпайтын
құралы бар Макаров тапаншасымен дәл кеудесіне тақап тұрып, атып өлтіреді.
Жалдау арқылы кісі өлтірудің өзіне тән өзгермейтін сипатының бірі
болып табылатыны – қылмысты жасыру әрекеттері бұл, қылмыс жасау тәсілінің
бір қыры ретінде көрініс табады.
“Тапсырыспен“ адам өлтіру, оның өзіне тән қылмысты жасыру әрекетінің
ерекшелігінің болуымен және оған қатысушылардың әртүрлі сипаттағы тұлғалар
(ұйымдастырушылар, делдалдар, орындаушылар және басқа да тұлғалар)
екендігімен сипатталады. Тапсырыспен кісі өлтіруді жасырудың ең бір өзіне
тән ерекшелігі мен тиімді тәсілі ол, көп жағдайда зардап шегушіні
танымайтын және оны өлтіруге ешқандай себебі жоқ, тек қылмыстық тапсырысты
орындағаны үшін, ақы алуға мүдделі, үшінші бір тұлғаның кісі өлтіруді
ұйымдастыруға қатыстырылуы болып табылады.
“Тапсырыспен“ адамды өлтіру қылмысын жасыру тәсілі, үлкен 4 топқа
бөлінеді, олар өз кезегінде, ұсақ бөліктерге бөлінуі мүмкін. Оларға
жататындар:
1. Мәйітті жасыру.
2. Материалдық нысандарды жасыру.
3. Адамның өлтірілуін басқаша өзгертіп көрсету.
4. Нақты деректерді жасыруға бағытталған тәсілдер.
1. Мәйітті жасыру – мынандай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
мәйіттің бет-әлпетін бұзбай, бөлшектемей, жойып жібермей, еш жерге
жасырмай, оны қылмыс орнынан басқа жерге апарып тастау;мәйітті
басқа жерге апарып жасыру, бет-әлпетін бұзу, бөлшектеу, жойып
жіберу; қылмыс орнында жартылай, немесе толығымен мәйітті жойып
жіберу, оның бет-әлпетін бұзу, бөлшектеу.
Осыларға қатысты айта кететін жәй, зардап шеккеннің мәйітін жасыруға
байланысты әрекеттер тергеу тәжірибесінде кездесіп тұрады, бірақ ол осындай
қылмыстарға тікелей қатысты тәсіл болып табылмайды. Өйткені, көп
жағдайларда қылмыскерлер, өздерінің өлтірген адамдарының мәйіттерін, сол
қылмыс орнында қалдырып кетеді.Іс жүзінде, үлкен мекемелер мен
өндірістердің, қаржылық-несиелік жүйелердің жетекшілерінің, қылмыс әлемінің
басшыларының мәйіттерін жасыру жағдайлары мүлде орын алмаған. Одан да
бетері, кейбір жеке қылмыстар, құрбан болғанның қарамағындағыларға
психологиялық әсер ету мақсатында, әдейі солардың көзінше немесе солар
сезетіндей етіп жасалады, сөйтіп олар өздерінің күшін көрсетпек болады және
бұрын қарсы болған шарттарын қабылдауға мәжбүр ету (мысалы, акцияның
бақылау пакетін сату, несие беру, қылмыстық топтарға пара беру).
Негізінен мәйітті жасыру мынандай жағдайларда орын алады:
- қылмыстың жасалу себептері, екеуінің арасындағы дау-дамайлар, жек
көрушілік және басқада қайшылықтар екендігі айқын немесе белгілі бір
тұлғалардың білетіндігі;
- құрбан және қылмысты ұйымдастырушы туыстық немесе басқа да жақын
қатынастағы жағдайда болғанда (бірге тұрып жату, ашыналық қатынас,
кішігірім кәсіпкерлікте бірлес болуы).
Мәйітті жасыру көбінесе ауылдық жерде, кішігірім жұмысшылар
поселкасында және тұрғындары шамалы кішігірім қалаларда орын алады. Бұлай
болу себебі, ауылдық жерде және басқа да тұрғындары аз тұрақтарда, танысу
және аралас-құралас болу мүмкіндігі өте жоғары. Ауылдық жерде дау-дамайды,
ұрыс-керісті және басқа да өмір жағдайларын білдіртпеу өте қиын демек,
нақты адамның қаза болуына мүдделі тұлғаны анықтау, едәуір жеңілге түседі.
Осы себептен, кішігірім тұрақтарда адамды өлтіруді жүзеге асырған кезде
қылмыскерлер, мәйітті жасыруға тырысады және мәйіттің кім екендігін
екендігін анықтауға кедергі жасау үшін бірқатар шаралар қолданады. Кейбір
жағдайларда, адамды өлтіріп және оны жасырғаннан кейін қылмыскерлер,
қылмысты ұйымдастырушылар, туыстарының, таныстарының, серіктестерінің
жоғалып кеткендігі туралы өздері хабарлайды, нақты тұлғалардың
жоғалғандығына өздерінше жасанды қобалжуларын көрсетіп жүреді, оларды
іздестіруге “белсенді“ түрде араласады тіпті, кейде құқық қорғау
органдарының ештеме бітірмей жүргендігі туралы жоғарғы органдарға
арызданады[9,138].
Қалалық жерлерде оның ішінде көп пәтерлі үйлерде, тұрғындар көп
жағдайда бірін-бірі танымайды, көршілерінің кімдермен қарым-қатынас жасап
жүргендерін және тамыр-таныс екендіктері туралы ешқандай мағлұматтары
болмайды, олардың отбасыларының қандай қатынаста екендіктері туралы,
хабарсыз болады сол себептен, қылмыскерлер мәйітті тіпті пәтердің ішінде
қалдырса да немесе құрбандарына шабуылды үйдің кіре берісінде немесе сол
үйдің айналасында ұйымдастырса да мұны, барлық жағдайларда, адамды өлтіру
тонау мақсатында, бұзақылық ниетте жасалды деген дәлелдерді алға тартуға
болады.
2. Материалдық нысандарды жасыру.
Бұл әрекетті мынандай тәсілдер арқылы іске асырады:
- қылмыс жасау құралдарын жасыру;
- автомотокөліктерді жасыру;
- құрбан болған тұлғаның киімдерін, аяқ-киімдерін және басқа да жеке
заттарын жасыру.
“Тапсырыспен“ адам өлтірудегі белгілердің ішінен мынаны айта кету
керек, қылмыскерлер өздерінің қылмыс жасаған қаруларын сол қылмыс
жасалған жерде қалдырып кететіні немесе жол-жөнекей қашып бара жатқан
кезде, сол қарудан құтылу мақсатында, оны басқа жаққа лақтырып жіберуі.
Осылай қаруды тастап кету, қылмыс жасау және қылмысты жасыру тәсілінде
алдын-ала қарастырылған тіпті, мұны күнделікті жүргізілетін санақ та
растап отыр, “ ... жалдамалы “ кісі өлтіруші, 70% - жағдайларда, өзінің
қылмыс жасаған қаруын, адамды өлтірген жерде қалдырып кетеді “.
Қаруларды бақылау мен есепке алу бойынша, қазіргі кездегі орын алған
жағдайлар өкінішке орай, солардың иелерінің кім екендігін анықтауға
мүмкіндік бермейді. Қылмыскерлер, қылмыс жасалған жерде қаруды тастап кету
арқылы, өздерінің ол орыннан ещқандай қауіп-қатерсіз кетулерін қамтамасыз
етеді, “ із суытпай “ ұсталуының және қылмыс ісінің ашылу мүмкіндігін
едәуір төмендетеді. “Тапсырыспен“ кісі өлтіргеннен кейін, қылмыс қаруынын
өзінде қалтыру өте сирек кездеседі және бұл әрекет өзіне тән емес. Қылмыс
жасалған жерде, қылмыскерлер қылмыс қаруын қалтырмаған жағдайларда олар
кейінірек, сол қаруларды жерге көміп тастайды, суға, көлшіктерге лақтырып
жібереді немесе бөлшектеп құртады.
Тағы бір айта кететін жәй, қылмыс болған жерде қаруды тастап кету,
қылмысты жасырудың тиімді тәсілінің бірі болғанымен ол, экономикалық
жағынан әрқашанда тиімді болып келмейді себебі, қазіргі кездегі қарулар
өте қымбат тұрады. “Тапсырыспен “ кісі өлтірудің деңгейінің өскеніне қарай,
қылмыстық кәсіпкерліктің жаңа түрлері туындай бастады, ол ату қаруының
ұңғысының (ствол) ішкі жағын жақсылап тұрып өңдау, содан бұл ату қаруының
ұқсастыру белгілері жойылып кетеді. Ал, ату қаруын жасыру мақсатында
заводтық нөмерін жойып жіберу бұрыннан белгілі. Ал енді ату қаруына
байланысты жасырудың, қазіргі кезде жаңа тәсілдері пайда бола бастады
мысалға, заводтың нөмері жоқ ату қаруын қолдану.
Қылмысты жасыру мақсатында және тергеу жұмысына қарсы әрекет жасауға
бағытталған іс-әрекет жасау үшін қылмыскерлер, автомобилдерді жиі қолдана
бастады. Оны қылмыскерлер қылмыс орнына баруға және сол жерден тез арада
кетіп қалу мақсатында, сонымен қатар, торуыл ретінде және ізіне түсу
мақсатында немесе, құрбанының соңына түсу үшін қолданады. Қылмысқа
дайындалу барысында қылмыскерлер, басқа біреудің автокөлігін алып қашып
кетеді де өздерінің автокөліктеріне ұрланған нөмерлерді қояды, немесе
тіпті нөмерлерін алып тастайды. Ойға алған қылмыстарын орындағаннан соң
олар бұл автомобилден құтылады. Бұл жерде қылмыскерлер, қылмыс жасаған
жерде ату қаруларын қалдырып кететін болса, ал автокөліктен, соңынан
қуушылардан әбден құтылып, жасырынғаннан кейін барып, құтылады.
Автомобилді ұзақ уақыт пайдалану қауіпті екенін олар жақсы біледі. Әдетте
ішкі істер органдарының кезекші бөліміне, қылмыс жасаған жерден
қылмыскерлер автокөлікпен қашып кетті деген, хабар түскеннен кейін,
ауданның, қаланың, облыстың аумағында, олардың жолын кесу мақсатына, арнайы
шаралар қолға алынады. Қылмыскерлер, осылай болатынын білетіндіктен,
автокөліктен тез құтылуға тырысады. Автомобиль тек қылмыс жасау орнына тез
жету үшін ғана қолданбайды, сонымен қатар оқиға болған жерден тез арада
кетіп қалуды қамтамасыз етуге қажет, бұл барлығынан да маңызды болып
табылады.
Оны жағып жіберу жағдайлары да сирек кездеспейді. Бұл арқылы олардың
көздеген мақсаты, өздерінің автокөліктің ішінде болғандығы туралы, дерек
беретін іздерді (қолдарының іздері, киімдерінің ұсақ бөлшектері, иісі бар
іздерден және т.с.с.) жойып жіберуге қол жеткізу. Қылмыс ісін
орындаушылардың өздерінің киімдерін жойып жіберу әрекеттері жиі кездеседі.
Мұндай тәсілге әдетте, қылмыстық тәжірибесі бар, сонымен қатар
криминалистикадан едәуір білімі бар тұлғалар барады. Егер мәйітті жасыру
әрекеті орын олған болса, онда оның киімдері мен аяқ киімдері және тағы
басқа да заттары жойылып жіберіледі. Бұл әрекеттер мәйіт табылып қалған
жағдайда, оның кім екенін анықтауға кедергі жасау мақсатында істеледі.
Тапсырыс берушінің қылмысты жасыру тәсіліне, қылмысты басқаша көрсету
өзіне алиби жасау жатады ол, қылмыс жасалу кезінде, уақытша басқа бір
ауданға немесе басқа қалаға кетіп қалу, зардап шеккеннің туыстарымен,
әріптестерімен бірге болған оқиға туралы өтірік қайғыру және т.б.
Қылмысты жасыру әрекетіне, қылмыс жасауға қолданған қаруларды жоюып
жіберу әрекеттері де жатады, адамды өлтірушінің басқа бір жаққа кетуі, оның
сыртқы белгілері арқылы іздестіруді қиындатады, ал ол өз кезегінде,
алғашқы тергеу сатысының жұмыстарына, қылмыскерді әшкерелеуге кедергісін
тигізеді.

Бұл әрекет осындай материалдық жағдайлармен байланыстағы, әр түрлі
тәсілдердің жиынтығы болып табылады, олар тергеу ісін жалған бағытта
жүргізуге ықпал етуі мүмкін. “Тапсырыспен“ адам өлтіру әрекетінде, мұндай
тәсілдер өте сирек ұшырасады, бірақ бұл тәсіл кейде кездесіп те қалады.
Осылардың ішіндегі ең бір өзіне тән тәсілдер болып табылатындары:
- қылмысты басқа бір қылмыстық оқиға сияқты етіп көрсетуге
бағытталуы;
- болған жағдайды қылмыстық оқиға емес сияқты етіп көрсетуге
бағытталуы.
Болған қылмыс ісін басқа бір қылмыс ретінде көрсету, белгілі бір
іздерді қалдыру арқылы, бөлек бір қылмысқа көңіл аударту мақсатына
бағытталған. Мысалы, тонау немесе зорлау мақсатындағы кісі өлтіруді,
төбелес кезінде я болмаса байқаусызда (автокөлікті жүргізіп келе жатып,
жол ережесін бұзуына байланысты адам өлімінің болуы және т.б.) кісі
өлімінің орын алғаны сияқты етіп көрсету.
Болған жағдайды қылмыстық оқиға емес сияқты етіп көрсету, зардап
шеккеннің өлімі ауыр сырқаттан кейін болмаса кәріліктен болған деп
көрсетуге тырысады.

Бұл тәсілдерге жататындар:
- куәгерлердің мәлімет алуына кедергі жасайтын, жасыру тәсілдері;
- тергеу барысында мәлімет алуға кедергі жасайтын, жасыру тәсілдері.
“Тапсырыспен“ адам өлтіруде куәгерлердің мәлімет алуына кедергі
жасайтын, жасыру тәсілдерінің ішіндегі кең тараған тәсілдердің бірі болып
табылатыны, қылмыс жасау орны мен уақытын нақты белгілеп алу. Бұл әрекет,
қылмыс жасаған кезде оны көрген адам болмайтындай және бұл қылмысты
ойлағандарына сәйкес жүзеге асыруға, ешкімнің ешқандай кедергісі
тимейтіндей етіп таңдап алынады.
“Тапсырыспен“ адам өлтіру көп жағдайларда, құрбанның тұратын
жерінде жасалады. Қылмыскерлер шабуыл жасау үшін баспалдақ алаңын,
лифтінің кабинасын, үйге немесе кіреберіске тақау алаңдарды талғап алады.
Қылмыскерлер шабуыл жасау үшін көбінесе таңғы уақытты жиі, ал кешкі
уақытты сирек талғап алады. Таңғы уақытты қылмыскелер бекер тәуір көрмейді
себебі, жұмыс істейтіндердің көбінің қызмет уақыты негізінен
шектелгендіктен, олар дәл бір уақыт аралығында үйдерінен шығады. Ал олардың
жұмыстан үйлеріне қайту уақыты әрқилы болады, ол қылмыскерлердің көз
қарастары бойынша, жасырын және өздеріне қауіп төндірмей әрекет істеулеріне
ыңғайсыз болып саналады. Қылмыскерлердің өздерінің адамды өлтіру керек
деген жерінде, көп уақыт құрбанды күтуі, оларға ашылып қалу қаупін туғызады
және күтпеген жағдайдың пайда болу қаупі ұлғая түседі сонымен қатар,
көптеген бөтен тұлғалар оларды көріп қоюлары мүмкін[9,139].
Тікелей үйде адамды өлтіру саны біршама төмендеу болады. Бұл ең
алдымен, бөтен адамдардың үйге кіруінің күрделілігіне байланысты. Әдетте,
адамды өлтіруді ұйымдастырушы жақын туыстары немесе басқада жақын қарым-
қатынастағы тұлғалар, оны тікелей өз үйінде өлтіреді. Өлтіруді
ұйымдастырушы болашақ құрбанының үйіне, орындаушының кедергісіз кіру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді (кіретін есіктің құлпысының кілтін береді,
есікті жаппай қалдырып кетеді, қылмыс жасауға ең қолайлы мерізімді
хабарлайды).
Құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне кедергі жасайтын, жасыру
тәсілдеріне жаатындар:
- басқа бір аумаққа уақытша немесе тұрақты тұруға кетіп қалу;
- қылмысты жасау үшін, оның орындаушыларын басқа жақтан шақыру
(қаланың басқа бір шетінен, облыстан, тіпті басқа жақын мемлекеттен ).
Ресей Федерациясының мемлекеттік құқық қорғау басқармасының
қызметкерлерінің пікірлері бойынша - қазіргі кезде жалдамалы кісі
өлтірушілерді жеткізіп тұратын орталық Балтық өңірі болып отыр, солардың
ішіндегі ең негізгісі Эстония. Бұл жерде, ең басты мәселе қылмысты жасыру
(жалдамалы кісі өлтірушінің Эстонияға қайтып келгені жеткілікті) және
материалдық жағы – эстондықтар орта есеппен 15 мың долларға кісіні өлтіруге
келіседі, ал олардың Мәскеулік әріптестері 30 – 50 мың долларға келіседі.
Подполковник Голованов – Мәскеудің қылмысты іздестіру орталығының
бастығының орынбасары - әрбір үшінші “тапсырыспен “кісі өлтіру, келімсек
жалдамалылар арқылы іске асырылады деп есептейді.
Қылмысты тергеу барысында нақты деректер алуға кедергі жасайтын
тәсідердің қатарына, қылмыс жасауға қатысушылардың жалған мәліметтер
берулері, өздерінің бұл қылмысқа қатысы жоқ екендігін көрсету мақсатында,
өздерін жалған алибимен қамтамасыз ету жатады. Тіпті қылмыс тізбегінің
әрбір қатысушысы, басқа қатысушының алибиін растай алады (мысалы, делдал
орындаушының немесе ұйымдастырушының алибиін қамтамасыз ете алады).
Жоғарыда аталған тәсілдердің қатарына мынандай жағдайларды да қосуға
болады, орындаушы кісіні өлтіргенін мойнына ала отырып, оның себебін
қандайда бір жеке басының қамы үшін немесе зардап шеккеннің заңсыз іс-
қимылына байланысты деп көрсетуі.
Куәгерлерден мәлімет алуға кедергі жасайтын тәсілдерге, олардың көзін
жоюға бағытталған әрекеттерін жатқызуға болады. Егер де, қылмыскерлер
құрбанына шабуыл жасаған кезде, сол жерде оның туыстары, күзетшілер,
жүргізушісі немесе кездейсоқ жүрген тұлғалар болса, онда қылмыскерлер
олардың ешқайсысын тіпті кішкентай балаларды да, аямай көздерін жойып
жібереді. Қылмыскерлер оқиғаны көргендер мен куәгерлерге, өздерін
әшкерелейтін көрсетулерінен бас тартуды талап етіп, қысым жасайтын
жағдайларда кездесіп қалады.
Қылмысты жасыру мен тергеуге кедергі жасаудағы “тапсырыспен“ кісі
өлтірудің тағы бір ерекшелігі, осы әрекеттерге зардап шеккендердің өздері,
(егер қандайда бір себептерге байланысты, қылмыстық ой іске аспай қалған
жағдайларда) немесе құрбан болған адамның айналасындаға аралас-құралас
болып жүрген тұлғалар қатысу мүмкіндігі. Көбінесе егер зардап шеккен
қылмыс әлемінің өкілі немесе заңсыз іс-әрекеттермен айналысатын тұлға
болса, мұндай құбылыстар жиі ұшырасып отырады.
Тергеу ісіне қарсы әрекет жасауда, қарастырып отырған қылмыстың
өзіне тән арнайы тәсілдердің бірі болып табылатыны – орындаушылар мен
делдалдардың көзін жою.
“ Тапсырыспен “ кісі өлтіруде, ең жиі құрбан болатындар:
- мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың басқарушы лауазымы бар
тұлғалар;
- қылмыстық топтар мен қауымдастықтың мүшелері мен көсемдері.
Қазақстанда осы бойынша бір қатар статистикалық деректер бар, “ ...
қылмыстық ортаның көсемдерінің “ тапсырыспен “ өлтірулері 38% құрайды.
1992 – 1996 жылдардың арасында 13 қылмыстық ортаның көсемдері (47
өлтірілген адамдардың ішінен) өлтірілген яғни, біздің республикада “
тапсырыспен “ өлтірілген ададардың арасында, қылмыс ортасының көсемдерінің
өлтірілуі 28 % құрайды “.
- мемлекеттік билік пен басқармаларының жоғарғы органдарының
өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардығ басшылары;
- құқық қорғау қызметкерлері (ІІМ, ҰҚК, прокуратура, сот, салық
полициясы, кедендік қызмет);
- БАҚ қызметкерлері ( телевидение, радио, баспа );
- ұсақ және орташа кәсіпкерліктің өкілдері;
- басқа да тұлғалар:
Соңғы топқа жататындар:
- бұлардың өлтірілуі арам тамақтықпен өмір сүруіне, күнделікті
ішімдікпен айналысуларына байланысты;
- өзінің қарамағында жекешелендірілген үйі және бағалы мүліктері бар
тұлғалар; байланысы бар тұлғалар.
- несиелік қарыздарға қатысты байланыстары бар тұлғалар.
Қылмыстық ойларын жүзеге асыруға қатысушылардың өз қылмыстарын
жасыруға бағытталған әрекеттері, адамды өлтіруге дайындық жүргізіп жатқан
кезден басталады. Адамды өлтірудің тәсілі мүмкіндігінше куәлердің аз болуын
іздестіру арқылы талғанады – орындаушылар туралы деректер және олардың
әрекеттері жәйлі. Куәлердің зардап шеккендермен бірге өлтірілу жағдайлары,
тергеу тәжірибесінде әрдайым кездесіп қалады. Мысалы, Салахутдинов З.,
тұрғын үйдің маңында тапаншамен Мильграм д-ны бірнеше рет атып, қылмыс
орнынан ешкімге білдірмей қашып кетпек болғанымен, тапаншаның атылған
дауысын естіп қалған жүргізуші Тарасов Д., оны ұстап алу үшін, қылмыскердің
соңынан қуып береді. Сол кезде, Салахутдинов қуғыншыдан құтылу мақсатында,
оны да атып кетеді. (12. № 8030000151 қылмыс ісі ).
Мысалы, Шелкунов Ю., “ Қордай “ кедендік постының бастығы Шынтасовты
өлтіргеннен кейін, өлтіруді тапсырған Ақпаев Е., оны Қордай селосынан
Қырғыз Республикасының Қант деген қаласына апарып тастайды. Шелкунов жол-
жөнекей тапаншаны бөлшектеп, оның бөліктерін автокөлік жолдарының бойына
лақтырып тастап кетеді. Мильграмды өлтіруші Салахутдинов, тапсырманы
орындағаны үшін, тиісті ақысы 15 000 АҚШ долларын алып, Ресей
Федерациясының аумағына ауып кетеді.
Шет елдік қылмыскерлердің тәжірибесіне қарасақ, олар адамды
өлтіргеннен кейін, қылмыс құралы атылатын қаруларды сол оқиға болған жерге
тастап кетеді. Сол арқылы олар, қылмысқа қатысы бар дейтін дәлелдерден
құтылуға тырысады. Осындай жағдайлар бізде де кездесіп қалады. Айталық,
2000 жылдың сәуір айында РГП “ КАЗСПЕЦТЕХНИКА “ – ның директоры Ыбыраев Т.,
өлтіру ісі бойынша, оқиға орнын қарау барысында, адамды өһлтірген қару
табылады – тапанша маркасы ПМ дыбысын бәсеңдететін құрылымымен бірге.
Қылмыс жасалған соң, оны жасыру мақсатында кейде сол қылмысты іске
асырған орындаушының өзінің көзін жоюға дейін барады. Мұндай әрекеттер,
адамды өлтіруші кейін осы қылмыс туралы, біреу-міреуге айтып қою мүмкіндігі
мен қолға түсіп қалған жағдайда, осы қылмысты тапсырушыны әшкерелеп қояды
деген күдіктерге байланысты болады.
Осы туралы мынандай мысал келтіруге болады, 2010 жылдың 27 қыркүйек
айында Семей қаласының емханалық комплексінің аумағында Сағындықов деген
азамат атып өлтіріледі, ол кезінде кәсіпкерлікпен айналысқан және қылмыстық
топтармен байланыста болған. Тергеу барысында аталған тұлғаны төлем ақы
үшін, Пархоменко К.А. деген азамат атып өлтіргені анықталады. Кейінірек
қылмысты жасыру мақсатында, қылмысты ұйымдастырушылар Пархоменконың өзін
атып өлтірген, ал оның мәйітін Ертіс өзеніне лақтырып жіберген. ( 13. №
437800876 қылмыс ісі ).
Тергеу және оперативтік қызметкерлері алдына қойылған міндетті
орындау үшін, қылмыскерлердің жасаған қылмыстарын жасыру тәсілдерін жақсы
білу өте маңызды.
Осыған байланысты В.П. Лавровтың мынаны меңзеуі өте орынды деп
есептейміз: “ Қылмысты жасыру тәсілін анықтап және дәлелдеу – қылмыс ісін
күрделі жағдайда тергеу әрекетінің жүргізілуі бойынша, тіпті қылмыстың
болғандығының белгісіз екендігіне байланысты, қозғалған қылмыс ісі бойынша,
тергеу ісіне қарсы жасалып отырған кедергілерді жеңіп шығуға және қылмыс
ісі бойынша шындықты анықтауға қол жеткізілді деген сөз“[10,176б].
Қылмысты жасыру тәсілдері туралы деректерді ескеру арқылы, қылмысты
ашу жолының бағыттары мен әрбір тергеу жүргізу әрекеттерінің тәсілдері
анықталады.
Қылмыс ісін жүзеге асыратын қарулар.
Жалдау арқылы адамды өлтіру бойынша криминалистикалық сипаттаманы
қарастыру кезінде, оның қару және қылмысты жасау құралдары сияқты
бөліктерін зерттеу ерекше орын алады.
Қаруды талғау, қылмыс жасауда қылмыскерлердің алға қойған
мақсаттарына байланысты болады. Шаруалық-тұрмыстық мақсаттағы заттар
(аспаздық пышақтар, балталар, бұрағыштар, біздер, балғалар ) өте сирек
қолданылады. Біздің қарастырып отырған сипаттағы қылмыстардың негізгі
мақсаты, адамды өмірінен айыру ол, зардап шеккенге жарақат жасауды
көздейді, көп жағдайда бұл атылатын қару арқылы жасалады.
Көбінесе орындаушыға атылатын қаруды тапсырма беруші (жалдаушы) алдын-
ала әкеп береді немесе ол өзі қылмыс қаруын алып қояды. Мұндайда адамды
өлтіретін қару қылмыс жасау тәсіліне қарай талғанып алынады. Жалдаушы
қылмыстың қай кезде жасалатыны туралы алдын-ала ескертіледі.
Бұл қылмыс түрінің ерекшелігі мынада, жалдау арқылы адамды өлтіру
кезінде, әртүрлі атылатын қарулар (дыбысын бәсеңдетіні бар тапаншалар,
автоматтар, көздегіші бар мылтықтар, шолақ мылтықтар), жарылғыш заттар,
сонымен қатар, әртүрлі шанышқыш-кескіш заттар, улы заттар және тағы сол
сияқтылардың қолданылуында.
Жалдау арқылы адам өлтіру қылмысын тергеуді қиындататын жағдайлардың
бірі болып табылатындар, қаруды басқа ТМД елдерінен алып келу немесе
есепте жоқ қаруды қалдану.
Қазақстан Республикасында “тапсырыспен“ кісі өлтіру жарылғыш
заттарды қолдану арқылы жүзеге асырған жағдайлар да кездесіп отырады.
Мұндай “ тапсырыспен “ кісі өлтірудің мысалы ретінде, Р. деген азаматтың
өлтірілуін айтуға болады. Бұл қылмыс мынандай жағдайда жасалған: Алматы
қаласының екі көшесінің қиылысында “Ауди“ автокөлігі табылады, соның
салонының ішінде жарылғыш құрылымды іске қосып жарған, соның салдарынан
салонның артқы орындығында отырған Р. деген азамат қаза табады, ал
автокөліктің жүргізушісі М. деген азамат ауыр жарақат алады. Жарылғыш
заттардың техникалық сараптамасының актісінен анықталғаны, аралас жарылғыш
қосындылары бар, гексоген және тротил негізіндегі жарғыш құралдары
қосылған, 150-200 грамм тротилдік эквиваленттегі тұманданбайтын жарылғыш
құрылымды, автокөліктің ішінде жарған. (15. № 9190000121).
“Тапсырыспен“ кісі өлтірген кезде, кейде өлтіру қаруы ретінде,
шаруашылық – тұрмыстық қажетке арналған заттар ( балта, аспаздық пышыақ,
біз, бұрағыш және т.с.с. ) қолданылады.
Адамды өлтіру мақсатында қолданған қару туралы деректер, оқиға болған
жерді қарау кезінде және қылмысты орындаушыны анықтау мақсатындағы
іздестіру шаралары бойынша, ал кейіннен қылмыскерді әшкерелеу барысында
қолданылуы мүмкін.
Қылмыстың ізін жасыру тәсілдері қылмыскер мен жәбірленушінің
арасындағы байланысты көрсетеді. Өзі өлгендікпен кісі өлтіру жағдайын бет
перделеу көбінесе жәбірленушіге жақын адамдармен жасалынады. Жәбірленушіге
бөгде адам, кісі өлтіру орнынан мәйітті алыс емес жерлерге орнын ауыстырып,
үстін бұталармен, жермен көмеді немесе биіктерден тастап жібереді.
Жалдау арқылы кісі өлтіру қылмысы бойынша бастапқы ақпараттар
негізінен қандай да бір орындарда мәйіттерді тауып алып, азаматтардың
хабарлама беруінен басталады. Атыс қаруларын қолдану әсерінен қалдырылған
дене жарақаттары жәбірленушінің өлуіне себеп болғанына ешқандай күмән
келтірмейді. Кейбір жағдайларда болмаса, жәбірленушінің жеке басын анықтау
қиынға түспейді себебі, көптеген жағдайларда жәбірленушілер үйіне немесе
жұмысына жақын жерлерде өлтіріледі. Аталған алғашқы ақпараттармен тергеу
қызметкерлері бірден тергеу әрекеттерін жүргізу ешқандай күмән болмауы
тиіс. Алғашқы ақпараттар сипаты және мазмұны, белгілі типтік ситуацияларға
әсер етеді.
Жалдау арқылы кісі өлтіру қылмыстары бойынша ондай типтік ситуация адам
мәйітінің атыс қаруын қолдану арқылы келтірілген жарақаттар және
жәбірленушінің жеке басының белгісіздігі болып табылады. Бұл ситуацияда
қылмысты жасаған қылмыскер, қылмыс мотиві, іздердің аз болуы туралы ақпарат
тапшылығымен ерекшеленеді.
Қылмысты жасау тәсілі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
негізгі элементінің бірі болып табылады. Г.Г.Зуйков атап өткендей қылмысты
жасау тәсілі өзінде қылмысты жасау жағдайына, уақытына, орнына ықпал
ететін, қандай да бір қаруларды қолданумен қылмысты жасау және жасырумен
байланысты, қозғалымдағы әрекеттер ауыстырылуға бағытталған өзара
шартталған жүйені ұсынады[11,43б].
Жалдау арқылы кісі өлтіру алдын ала тиянақты дайындалу, ойлану арқылы
әрекеттер жасауды қамтиды. Кейбір жағдайларда дайындық ұзақ уақытқа созылуы
мүмкін. Ондай дайындық өзіне келесілерді қамтиды:
- кісі өлтіру туралы шешім қабылдау және жалдаушымен қылмыс
жасаушылардың құрамын анықтау;
- болшақ құрбанның күн тәртібін және жұмыс тәртібіне бақылау жүргізу;
- қылмыс жасау және қылмысты жасыру бойынша жоспар жасау.
Атыс қарулары орындаушыға жалдаушымен тікелей берілуі мүмкін, кейбір
жағдайларда ол делдал арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен де кейбір
әдебиеттерде атыс қаруларын және басқа да қаруларды орындаушы өзі
табатындығы көрсетілген. Қайдай жағдай болғанның өзінде қарулар қылмысты
жасау тәсіліне қарай таңдалады. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында қылмыс
тобымен алдын ала алибилер дайындалады. Кейбір жағдайларда орындаушы
болашақ құрбанның жұмыс тәртібімен танысып, қылмыс орнын, уақытын өзі
таңдауы мүмкін. Мұндай жағдайда жалдаушыға қылмыс қашан, нақты қай күні
болатындығы хабарланады. Қылмысты жасауға дайындық бірнеше аптаға немесе
айға созылуы мүмкін.
Көптеген жағдайларда қылмыс жасау орнын, уақытын таңдауға келесідей
факторлар әсер еткен:
- болашақ құрбанның күн тәртібін нақты оқып зерттеу;
- адамдар аз болатын орын және кенеттен шабуыл жасауға мүмкін болу;
- қылмыс орнынан кедергісіз және жасырын кету мүмкіндігінің болуы.
Ғылыми әдебиеттерді және басқа да қайнар көздерді оқу қылмыс орындарын
келесідей топтарға бөлуге мүмкіндік берді:
- жәбірленушінің тұрғылықты жерлерімен байланысты немесе оның жақын
туыстары және таныстары тұратын мекен жайлармен байланысты орындар;
- жәбірленушінің өндірістік қызметтерімен байланысты орындар;
- автокөліктер және басқа басқа да орындар.
Аталған әдебиеттерден байқалғандай аталған қылмыс түрі тұрғылықты мекен
жайы бойынша -54,9 пайызды, жұмыс орны бойынша -21,6 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, Н.А.Селиванов және Л.А.Соя-Серко атап өткендей Мәйітті табу
орны, қылмыс жасау орнымен сәйкес келеді[12,224б].
Сонымен қатар, қылмысты жасау уақыты қылмысты жасау тәсіліне әсер
етеді. Көптеген жағдайларда жәбірленушілердің күн тәртібі есебінен
қылмыстар азанғы сағат 08-11 аралығында жасалатындығын байқауға болады.
А.И.Бородулин көрсеткендей: Тәуліктің бұл кезеңіне қылмыскерлер бекерге
назар аудармайды, себебі жұмыс уақыты таңғы уақытта басталады сондықтан
олар осы уақытта жұмысқа шығады[13,80б]. Кешкі уақытта 19-бен 23 сағат
аралығында тұрғын үйіне мекен-жайына жақын жерлерде жасалынады. Күндізгі
уақытта кісі өлтіру сағат 12-мен 15 аралығында жәбірленушінің қызметімен
байланысты орындарда жасалынады.
Жалдау арқылы кісі өлтіруді жасау тәсілі.
Жалдау арқылы кісі өлтіруді жүзеге асырудың тәсілі, басқа кісі
өлтіруден маңызды айырмашылығы бар, ол мақсатқа жету мүмкіндіктерімен,
жүзеге асыру ойымен анықталынады. Сонымен қатар, көп жағдайларда
орындаушының мінезіне және кәсіптілігіне байланысты. Кәсіби дайындығы жоқ
киллердің (киллер - дилетант) әрекеті жәй кісі өлтірушінің әрекетін
сипаттайды.
Кәсіби өлтірушінің әрекетінің тәсілі, бірінші кезекте орындау
әрекетімен ерекшеленеді, ондай орындалулар тек жоғарғы класты мамандарға
тән. Мысалы түнгі уақытта ұзақ арақашықтық дәлдеген орындарына нақ тигізуі
және т.б. Сонымен қатар кәсіби киллерлер өздерінің жылдамдығымен және
шешімді әрекеттерімен, кісі көп орындарда күндіз орындауымен, оқиға болған
орындардан кедергісіз кетуімен, сондай-ақ, оқиға болған жерде ешқандай із
қалдырмауымен ерекшеленеді. Келесі жағдай, киллер жәбірленушімен ешқандай
қарым- қатынаста болмайды.
Талдау барысында және ашылмаған жалдау арқылы кісі өлтіру тәсілдерін
салыстыруда, ортақ жасау тәсілін анықтауды кейбір ерекшеліктерін ескерген
жөн.
Бірінші - кәсіби орындаушы оқталу орнын және уақытты, құралдарды
қолданып әртүрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін.
Екінші - кейде тапсырысты орындауда, екінші жақтың қарсы әрекеттеріне
ұшырауы мүмкін. Бұл әрекетте қарым-қатынасты шешу бойынша тапсырысқа тән
болады.
Үшінші - кейбір жағдайларда сырттан қабылдау әртүрлі мақсатты
анықтайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz