Табиғат ресурстарын пайдалану


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:
Табиғат ресурстары
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т. б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:
- Сарқылатын:
А) қалпына келетін;
Ә) салыстырмалы қалпына келетін;
Б) қалпына келмейтін;
- Сарқылмайтын;
- Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды пластмассалармен) ;
- Алмастыруға болмайтын (мысалы, су, атмосфера) .
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы салыстармалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызады. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. Сарқылмайтын ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын, және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, және мырыш бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші, мыс - төртінші, уран - бесінші, алтын - алтыншы, темір кені - жетінші, қалайы мен никель - сегізінші, көмір мен табиғи газ - тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам.
Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану қоршаған ортаның ластануы типіне байланысты болып келеді. Ластану әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
- шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді) ;
- пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспортттық және т. б. ; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнынынң құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;
- әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ;
- әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т. б. ;
- әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар, мен элементер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т. б. ) ;
- әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) ;
- тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз ( су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон) .
Кез-келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына, және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz