Қытай мәдениетінің ірі өкілі ВАҢ МЫҢ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс Қытайдың қазіргі ұлы жазушысы Ван Мэнның шығармашылығына және оның адамның жан дүниесін бейнелеудегі өзіндік әдістерін зерттеуге арналған. Ваң Мың - даңқы әлдеқашан Қытай елінің шекарасынан асқан, әлемдік деңгейдегі жазушы. Оның шығармашылығы қазіргі қытай әдебиетін жаңа бағытқа бағыттады. Тек идеологиямен шектелген бұрынғы қытай әдебиетін адамға қарай бұрып, әдебиеттің өсуі мен дамуына мүмкіндік туғызды.

Ваң Мың өзінің сөз өнер шеберлігін қоғамдық қызметімен ұштастырады. Бірнеше жылдар бойы Қытай мәдениет министрі, КҚП ОК мүшесі қызметін атқарды. Сондықтан оның шығармаларындағы кейіпкерді әр уақытта қоғаммен байланыстырады.

Ваң Мың үшін әдебиет - еңбек: «шығармашылық - күрделі ой еңбегі. Кез-келген еңбек мақсатсыз, жоспарсыз болуы мүмкін емес». Ван Мэнның әдеби шығармашылыққа осындай көзқарасы конфуциан тұжырымдамасына жақын келеді:«Конфуциандық доктринаға сәйкес, әдебиет «вэн» даналықтың ең жоғарғы белгісін білдіреді. Әдебиет бұл ермек және әуестік емес, сөздiң адам баласына ең үлкен қызмет етуі». Осындай отан сүйгiштiк, махаббат, жауапкершiлiк сезiмiнен тұратын конфуциандық қағидалары Ваң Мынның эстетикалық санасының бір бөлігі болып келеді. [4, 146]

Ван Мэнның шығармашылығы Қазіргі Қытай әдебиетінде маңызды орын алады, себебі ол әдебиеттің дамуы мен өсуіне көптеген мүмкіндіктер туғызып отыр. Ваң Мың өзінің бар ықыласын кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне бөліп қана қоймай, оларды тарихи, ұлттық - психологиялық және фәлсафалық бағытта талдайды. Шығармаларында Ваң Мың қазіргі қоғамның мәселелерін бейнелеп, оларды өмір ақиқатымен толықтырады. Әдеби үдеріс кезінде ол көтерген мәселелер өз шешiмдерiн табуға мүмкiндік алды.

20 ғасырдың қытай әдебиеті Вэн Фэнцао тұжырымдамаларына сәйкес, негізгі үш «жаңғырту» үлгілерін бөліп көрсетеді: жаңғыртудың бірінші үлгісі - Лу Сунь бастаған «4 мамыр» қозғалысы; жаңғыртудың екінші үлгісі - әдебиеттің жаңғыртуы Цюй Цюбо, Мао Цзэдун бастаған топпен байланысты; жаңғыртудың үшінші үлгісі - Ваң Мыңмен жасалған «әдебиеттің жаңа кезеңі». Вэн Фэнцаодың ойынша, алғашқы екі үлгілерде елеулі кемшіліктер (бір бағыттылық) болды: «Бiрiншiсi, халықтан «еуропаға» қарай бағытталды; екiншiсі өз-өзінде тұйықталып, уақыт өте келе «озат қойылым» әдебиетіне айналды». [6, б. 134]

Ваң Мың дәстүрлі шығармашылық тұжырымдамадан бас тартпады. Вэнь Фэнцяодың сөзіне сәйкес, жазушы шектеуліктерден бас тартады:«Ваң Мың шығармашылық құндылықтардың тәуелсіздігін, алуан түрлілігін, көп жақтылығын бағалайды». Ваң Мың «4 мамыр» мен «Мао кезеңіндегі» әдебиеттің ішкі қиындықтарын жақсы сезді. Бұл уақытта жазушылардың тек ойлары мен шығармалары ғана шектелмеді, қытай әдебиетінің әдеби формалары да кішірейді. Сондықтан Ваң Мың көп құрамдылыққа, кеңдікке ұмтылды». [7, 122б]

Ваң Мынның шығармашылығы 20 ғасырдың қытай әдебиетіне зор үлес қосты. Бұл дәуір қытай әдебиеті үшін «жаңа кезең» болып табылады: «Ваң Мыңның шығармашылығы - 20 ғасырдағы әдебиет үшін бастаушы үлгі». [5, 26б] Оның көзқарастары жаһандану сипатында болады:«мәдени алуан түрлілік әлемді молайтып безендіреді. Өз мәдениетін білу, өз мәдениетін сыйлау, осыдан өз-өзін қадірлеу сезімі пайда болады. Бұл сезім жаһандану үдерісінде бізді тұрақтандырады»; «мәдени топты құру келешекте әлем алдында біздің елдің қандай деңгейде тұрғандығын білдіреді»; «жаңа мемлекетті құру үшін тек экономикалық әлпет емес, сонымен қатар мәдени әлпет те керек»; «ұлттық рухты қалыптастыруда әдебиет пен өнердің маңызы зор ». [5, 12 б]

Ваң Мың шығармашылығының концепциясы бойынша әдебиет бұл маңызды еңбек бола тұра, міндетті түрде әлеуметтік мәнді болуы керек. Әдебиет өмірді байытуға, адамды тәрбиелеуге, адамның рухани деңгейін көтеруге, өнер-білімге шақырған. Ваң Мың бойынша, әдебиет қоғамдық өмірдің өрісінде өмір сүреді, оның тәрбиелік, эстетикалық функциялары бар.

Ваң Мыңның шығармалығының негізі - күрделі ішкі жан дүниесі бар тұлға. Жазушы өз кейіпкерлерінің психикасына, сезімдері мен толғауларына көп көңіл бөледі, олардың іс-әрекеттеріне талдау жасайды. Жазушы қарасөзінің ең басты ерекшеліктерінің бірі ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басында пайда болған «қарапайым кейіпкерді» әлемді ерекше қабылдайтын жеке тұлғамен теңестіру әдісін қолдану.

Ваң Мың - жазушы, әдеби сыншы, публицист, ақын, қоғам қайраткері. Ваң Мың қазіргі қытай әдебиетінің дамуы мен қытай мәдениетінің дүние жүзіне танылуына зор үлес қосты. Оған бір мысал, Ваң Мың шығармаларының бірнеше шет тілдеріне аударылуы. Бұл тек жазушының ғана жетістігі емес, оның өнері бастау алатын қытай әдебиетінің жетісігі. Қытай елін дүр сілкіндерген «мәдени төңкеріс» кезінде қытай азаматтарының басына түскен қиыншылықтарын ашық түрде өз шығармаларында жазды. Өзі, оның шығармалары қаншама сынға түссе де, өз шындығын жазудан тайынбады. Сондықтан ХХ ғасырғы қазіргі қытай әдебиетін Ваң Мыңсыз елестетуге болмайды. Енді Қытайдың орасан бай әдебиетін көркейту мен дамытуға үлес қосқан Ваң Мыңды тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Міне бұл біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі болып табылады

Зерттеу жұмысының басты мақсаты - жазушы шығармаларындағы кейіпкердің ішкі жан дүниесін бейнелеуде қолданылатын символика әдісін тереңірек зерттеу. Бұл мақсатқа жетуде бірнеше міндеттер қойылады. Олар:

  • Қытай мәдениетінің ірі өкілі Ваң Мыңның өмірі мен шығармашылығына талдау жасау;
  • Ваң Мыңның Қытай мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін анықтау;
  • жазушы шығармаларындағы символика әдісінің қолданылуын анықтау және зерттеу.
  • Ваң Мыңның шығармаларына сараптама жасау;

Біз зерттеу жұмысымызда алғаш рет жазушы шығармашылығында кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін бейнелеуде кеңінен қолданылатын символика әдісін анықтап, сараптауға тырыстық. Жазушы осы тәсілдің көмегімен кейіпкердің ойлау тереңдiгін суреттейдi, өмiр туралы негiзгi тұжырымдамасын символ арқылы бiлдiредi. Бұл жұмыста жазушы шығармаларына жан-жақты талдау жасалған. Негiзiнде Ваң Мыңды және оның шығармашылығын орыс және қытай мамандары зерттеген.

Ваң Мыңның шығармашылығына арналған еңбектері ғылымның дамуына әжептәуір ықпал еткен қытайлық ең атақты әдебиетші ғалымдардың ішінен ең алғашқы кезекте Вэнь Фэнцяо, Цинь Чжаоян, Лю Цзайфу әдебиет мамандарын атауға болады. Вэнь Фэнцаодың 2004 жылы шыққан «王蒙与二十世纪中国文学的第三次现代新专心» атты ғылыми еңбегінде ХХ ғасырдың Қытай әдебиетіне Ваң Мыңның қосқан үлесі туралы мәселелер қозғалған. Цинь Чжаоянның 1980 жылы Қытай әдебиеті баспаханасында басылып шыққан «作家王蒙» атты еңбегінде Ваң Мыңның өмірбаяны мен оның жазу стиліне тоқталып кеткен. 1983 жылы жарық көрген Лю Цзайфудың «Китайская литература за последнии 10 лет» еңбегінде Қытайдағы соңғы оң жылдықтардағы қыта әдебиетінің ахуалы туралы сөз қозғалған. «Мао Цзедун билігінен кейінгі қытай әдебиеті» еңбегінде жалпы Мао Цзедунның билігінен кейінгі қытай әдебиетінің ахуалы туралы жазылған. Соның ішінде Ваң Мыңға жазушы ретінде тоқталып, оның шығармаларын саралаған болатын.

Қытайтану ғылымын дамытуды бізден әлде қайда ерте қолға алған көршіміз Ресейде Ваң Мыңның шығармашылығы мен оның ешкімге ұқсамайтын ерекше жазу тәсілдері көптеген қытайтанушы ғалымдардың ғылыми-зерттеулеріне арқау болған. Сорокин В. Ф., Торопцев С. А., Желоховцев А. Н., Воскресенский Д. Н., Малявин В. В., И. С. Смирнов, Ю. А. Сорокин, Захаров Н. В. жазушылар шығармаларын аудармаларының көмегімен біз Ваң Мыңның шығармаларымен таныспыз. Кеңестік және ресей қытайтанушылары Ваң Мыңның әдеби көзқарасын зерттеп, оның шығармашылығына көп ықыласын бөлген. Сорокин В. Ф. «Ван Мэн о литературном творчестве», Торопцев С. А. «От схемы к характеру», Желоховцев А. Н., Федоренко Н. Т., Воскресенский Д. Н. «Открытие личности: заметки о психологической прозе», Б. Л. Рифтин «Ван Мэн. Избранная проза и очерки», Н. Е. Боревскийдің «Движение прозы Ван Мэна» мақалалары Ваң Мыңның шығармашылығы мен оның кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін бейнелейтін әдістеріне арналған болатын. Атап айтсақ, бұл саладағы ең алғашқы ауқымды, салмақты еңбек орыс ғалымы С. А. Торопцевтың 2004 жылы шыққан «Ван Мэн в контексте в современной литературе» деген еңбегін айтуға болады. Оның бұл кітабында жазушының қытай әдебиеті мен мәдениеті туралы ойларын, оның қытай қоғамына қосқан үлесін, жазушының кейіпкердің ішкі жан дүниесін бейнелеуде қолданылатын әдістеріне көп назар аударған. Кейін келе Е. К. Шулунованың 1999 жылы «Символика как художественный язык прозы Ван Мэна», А. Н. Желоховцеваның 2000 жылы «Ван Мэн о современной китайской литературе» деген ғылыми еңбектері жарыққа шықты. А. Н. Желоховцеваның «Ван Мэн о современной литературе» еңбегінде Ваң Мыңның шығармашылық тұлғасына назар аударған. Ал Е. К. Шулунованың «Символика как художественный язык прозы Ван Мэна» ғылыми жұмысында жазушының шығармашылығы мен оның жазу стиліне көңіл бөлген. Яғни, оның кейіпкер мен кейіпкердің рухани дүниесін суреттеуде қолданылатын әдістеріне тоқталған. Сондай-ақ, Ваң Мыңның 2004 жылы жарық көрген «Следы на склоне, идущие на вверх» шығармалар жинағы қолдандым.

Ресей мен батыс қытайтанушы ғалымдарымен Ваң Мыңның шығармашылығы мен өмірін зерттелгеніне отыз жылдан астам уақыт өтті. Ваң Мыңның шығармалары көптеген шет тілдерге аударылған. Ваң Мыңның шығармашылығын зерттеген батыс әдебиетшілер қатарына Лео Оуфань Ли (АҚШ), А. Долежалову (Словакия), Фрица Грунер (Германия), Мариана Галика (Словакия) және т. б. жатқызуға болады. Лео Оуфань Лидің 1985 жылы басылған «Мао Цзедун билігінен кейінгі қытай әдебиеті» еңбегінде жалпы Мао Цзедунның билігінен кейінгі қытай әдебиетінің ахуалы туралы жазылған. Соның ішінде Ваң Мыңға жазушы ретінде тоқталып, оның шығармаларын саралаған болатын.

Зерттеу нысаны . ХХ ғасыр Қытай әдебиеті

Зерттеу пәні. Ваң Мың творчествосындағы ішкі психологизм әдісі

Зерттеудiң әдiстемесі. Зерттеу жұмысының негізгі мақсатына жету және қойылған нақты міндеттерді шешу үшін ресейлік және қытайлық зерттеушілердің еңбектеріндегі теориялар сараланды. Тақырыптың қажеттілігіне байланысты талдау әдісі қолданылды.

Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үлкен екі тарауға бөлінген. Бірінші тарауда Ваң Мың қытай мәдениетінің ірі өкілі ретінде қарастырылып, екінші тарауда жазушының адамның ішкі жан дүниесін бейнелеудегі әдістері деп екі тарауға бөлініп сарапталған. Бірінші тарау оның өмірі мен шығармашылығы, бүгінгі күнде Ван Мэнның қытай әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі деп екі тараушаға бөлінген. Ал екінші тарау символика әдісінің түрлеріне сараптама жасалған тараушалардан тұрады. Қорытындыда еңбектің алдына қойылған мақсат, міндеттердің қаншалықты орындалғанына тоқталып, қорытынды жасалған.

1 ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ІРІ ӨКІЛІ ВАҢ МЫҢ

  1. Ваң Мыңның өмірі мен шығармашылығы

Мемлекеттiк және партиялық инстанциялар да, қоғамдық шеңберлер де сөзі жүретін Қытай мәдениетiнiң ең iрi қайраткерi, жазушы Ваң Мың 1934 жылы 15 қазанда Пекинде дүниеге келген. 12 жасынан бастап Пекинде жұмыс iстеп, 1948 жылы ҚКП қатарына кiрдi. ҚХР-дың жариялауынан кейiн (1949 жылы) жалпықытайлық жастар ұйымының төменгi жақ басқарушы органдарында жұмыс iстедi, Жастар одағының Жаңадемократия Орталық мектебiнде оқыды. [27]

«Көктем жүрек» атты балалық шақтағы бiрiншi эссесi мектеп альманахында 1948 жылы жарияланды. 1953 жылы «Жастық шақ жасасын» атты романын жаза бастап, 1955 жылы «Вэньсюэ Жэньминь» (80-шi жылдарда сол редакцияның бас редактор қызметінде жұмыс істеді) жалпықытайлық шеңбердегі журналында өзінің бiрiншi әңгiмесi «Фасолинканы» жариялады.

Алғашқы шығармасыннан-ақ, Ваң Мыңның сыртқы әлемді суреттеу, адам психологиясына ену жазушылық дарыны байқала бастады.

1956 жылы жарияланған «Орготделге жаңа келген» Ваң Мыңның әңгiмесі елде үлкен өзгерістер туғызды. Әңгiмеде автордың дәрiптелген көзқарастары арқылы партияның басшылық етушi адамдарыр, бюрократық тенденцияларын сынға алды. Бұл 1957 жылы «ревизионизммен күрес» саясатында партиядағы бюрократтық тенденциясына емес, әңгiменiң авторына бағытталған болатын.

Ваң Мың Мао Цзэдунның ашық қолдауына жеткенімен, алайда қоғамның «оң элементі» сияқты бағаланып, партиядан шығарылып тасталған. Кейін «еңбектiк тәрбиесіне» (ауыр физикалық жұмысқа), алдымен Пекин шартарабында, содан соң 1978 жылға дейiн шынжанның түкпiріне бригадирдың орынбасар қызметінде жіберілген. 1966 жылы «мәдени төңкеріліс» басталысымен «партия мен социализм жауы» деп қуғынға ұшырады. Нәтижесінде Ваң Мың тек қана үш он жылдан кейiн дәрiгерлiк көмек пен гимнастиканың арқасында денсаулығын емдеді. [4, 2 б]

Ваң Мың осы жылдар бойы биiк адам болмысы мен шығармашылық бастаманың сапасын көрсете біліп, әдеби қызмет идеясынан кетпедi. 1962 жылы оның қысқа уақытқа «ақиқат» белгiсін алған кезінде, ол Пекинге қайтып, жаңа әңгiме жариялауға үлгердi.

1978 жылдың соңында ҚКП ОК-тың 3 пленумынан кейін, Ваң Мың елдiң жаңа бағытына негiз болған, Қытай әдебиет үшiн де, өзi үшiн де «екiншi көктем» есептелетiн «Көктемдегi дауыстар», «Теңіз туралы қиял», «Түнге көзқарас» әңгiмелерiн жаза бастады. 1979-80 жылы жарияланған олар көп баспаханаларда «жаңа стильды» қолдау, «дәстүр қалдығын» соттау ағымы ретінде үлкен дауыл туғызды.

Ваң Мың 1979 жылы Пекинге қайта оралып, «Кәсiби жазушы» мәртебесiне ие болды. Қытай жазушылар одағының Пекиндiк бөлiмшесi құрамына ендi (1985 жылы Төраға орынбасары болып сайланды), СКК басқару мүшесi болып сайланды.

Сонымен қатар, Ваң Мың (бiрнеше шақырулар ағымында - 1985 жылдан 2003 жылға дейiн, соңғы съездте жас шамасы бойынша ОК-тың мүшелерiнiң құрамына қосылмаған) ҚКП ОК мүшесі, 1986-1989 жылдар арасында мәдениет министрi болып қызмет атқарған.

Аньхуэй педагогикалық университетінің (Уху қ. ), Чжэцзян университетiнің, Синьцзянның педагогикалық университетiнің, оңтүстiк-шығыс университетiнің (Нанкин қ. ), Орталық Қытайдың университетiнiң профессоры болып аталды.

2002 жылы Қытайда Ваң Мың әдебиетін зерттеу институты ашылды. «Вэньсюэ Жэньминь» орталық баспаханасында «Ваң Мың әдебиетiнiң архивы» атты 23 томдық жинақ басылып шығарылған.

1987 жылғы Жапониядағы халықаралық сый ақының, 1987 жылғы Италиядағы әдеби сый ақының лауреаты.

Қытайда және шетелдерде оның шығармалары 155 жеке баспаханаларда (Францияда - 4, Жапония, Германия, Италияда - 3, АҚШ - 2, Ресей, Венгрия, Румыния, Испанияда, Кореяға - 1) басылып шығарылған. 2003 жылы «Ваң Мың өмiрiнiң хроникасы» 355 беттен тұратын кiтап жарыққа шықты.

Ваң Мыңның Қытай мәдениеті мен қоғамдық өмiрiндегi ерекше рөлі туралы 2003 жылдың қыркүйек соңындағы мәдениет және бiлiм министрлiктерi, қытай жазушылар одағы мен Хайян Қытай университеті бірігіп ұйымдастырған жазушының 50 жылдық шығармашылық қызметiне арналған халықаралық конференцияда жұрт алдында айтылған. Мұнда олар 20 ғасырдың «3 жаңғырту үлгілері» туралы ой қозғаған. Біріншісі 20-30 жылдардағы «европаландыру» үлгісі, екіншісі 30-70 жылдардағы жаңғыртудың негізігі үлгісі, 80 жылдары екеуінің «қайта құруынан» кейін қытай әдебиетiнде Ваң Мың сияқты көрнекті тұлғалар пайда бола бастады. Ваң Мыңның биiк орны туралы конференция деңгейінде ғана емес, мемлекетаралық талқылауларда қарсылықтар тудырмайды. [5, 12 б]

Ваң Мың туындылары КСРО-мен, орыстармен байланысты. Оның көп кейiпкерлерi орыс және кеңес өлеңдерін айтады, Чайковский, Римдiк - Қарсақов музыкаларын тыңдайды, Чехов туралы ой қозғайды. 1984 жылы тұңғыш рет КСРО-ға келген Ваң Мың (Ташкент кинофестивалiнде «Жастық шақ жасасын» романы бойынша фильм көрсеткен) елдi әлдақашан таныс және жүрегіне жақын етіп қабылдады. Кейiннен ол «Кеңес одағына көңiлдi тебіренумен» атты сапардың әсерлерi туралы кiтап жариялады.

80-90-шi жылдарда Ваң Мың өнерін аударма және зерттеу процессi КСРО-да белсенді түрде болды. Жеке баспаханада «Таңдамалылар» (1988) жеке томы, аналитикалық ғылыми мақалалары, әңгiмелері және проза жинақтары альманах мерзiмдi басылымдарда, қоғамдық-саяси, әдеби журналдарда басылып отырды .

Ол белгiлi әдебиетші Шао Цюаньлин кеңесi бойынша шығармаларын жариялаумен асықпады. Бұл дана шешiм екенін көрсеттi, себебі сол жылдардағы ортодоксалдi - ашық сыни ой әдебиеті мүлдем басқа тамаша кейіпкерді талап етті. [6, 48 б]

Жалпықытайлық Мәжiлiс қатысушыларының құрамына шақыру бюрократикалық саясат үшiн уақыт оздыру ретiнде танылған. Ваң Мың сол кезде бар құштарлықпен «мың-мыңдап, жүз-жүздеп достармен әңгiме құрамын» деп еске түсiредi. [15, 29 б]

Партиялық сындарға тиiстi орын беру керек. Жаңа жазуды бастаған жазушы өнерiн «нашар бұтақтармен» теңестіріп, жайқалатын өсiмдiкпен емес, өз «бақшаларына» қауiп төндiретiн өсімдік ретінде қабылдады. Жазушының бiрiншi шығармаларын-ақ, сол кездегі ұйымдастырылған қытай әдебиетi үшiн (психологизм, сана ағыны, ойдағы монтаж) үйренбеген жаңадан көрiнген тұқымдар байқала бастады.

1956 жылы «Орготделге жаңа келген» әңгiмесi арқылы «өзінің жүздеген достарымен, оқырмандармен» кездескен болатын. Бұл әңгімеде жұмысын жаңа бастаған маманның бюрократтық догматикалық ортамен қақтығысып, «ерекше жеке жетіспеушіліктер» категориясында азаматтық сынмен дұрыс емес бағаланғандығы туралы жазылды. «Оргнәтижесі» бойынша 1957 жыл Ваң Мың да саяси тазалау объектісінiң бiрі болды.

Осылай 80-шы жазылған Ваң Мыңның «Бурыл» повесінде «мәдени төңкеріс» кезінде миллиондаған қытайлықтармен болған қиын кезеңдері туралы жазылған. Соның ішінде жазушының өзімен болған оқиға.

Расында көркемдік проза шығармаларында емес, ендi публицистикасында реалистiк әлем ақиқатын, жазушының өз көкейiндегі талаптарын бұрынғыдан тым қатты суреттегенiнде:

«Сонда мен әдебиеттен және өз-өзімнен бас тартуға тырыстым. Егерде Қытай мені қоқыс тастайтын жерге тастағаннан кейін, одан әрі таза, жақсы болса, онда мен сол жерде тыныш жатуға дайынмын. 1957 жылы мені майда және болмашы мәнсіз адам ретінде жұмыстан босатты. Сондықтан жиырма жыл бойы өзімді шындығында осындай майда, болмашы мәнсіз адам ретінде сезіндім». [4, 37 б]

Мен Ваң Мыңды кiнәлауды ойламаймын, бiрақ бұл сөздерге баламалық жағдайда сенуге қиын, белгiсiз бақылаусыз аберрация осында. Егер бұл ақиқат болса, онда «Бурылда» да, соңғы екi он жылдықтардағы Ваң Мыңның тамаша еңбектері де, барлық мұндай қатты сөздерi де жазылмас еді.

«Күштi қанаттарсыз өмiр сүрмеуге жоқ,

Ұшулар және талпынуларсыз.

Аспан дауыстарсыз

Өмiр бос, суық болады!»

Бұл оның өлеңдерi. Екi жақты мағынасы бар. Жоғарғы қабаты натуралистикалық қабылдауды арандатады: шарттар жоқ болса, ұша алмайсың. Онда өмiрдiң қапасына көн. Өлең тереңдігінде жангештi зар жылауы дүрiлдейдi. Басқаша айтқанда, қанаттарын ұшса - ұш! Әйтпесе - қапас!

Ваң Мың басқа адам болса, ол сол құдаймен, буддамен ұмытылған жерде басқа миллиондаған отандастар сияқты жойылған болатын. Елдiң үстiнде тұманды көңiл орнықтырған туралы 1979 жылдан кейін де білмес едік.

Ваң Мың жойылмады. Және тұманнан көтерiлдi.

Иә, оның ішкі дүниесі қатаң сындармен тұншықтырылған. Дегенмен теңiз одан терiс айналмады. Теңiз, оның жаңа танысы, ескi «досы» да болды. Олардың арасындағы рухани байланыс әлдақашан орнады, міне, екеуі әйтеуiр кезiктi. Ол оны күтуге шаршамады, одан терiс қарап кетпеді. Бiрде көк, бiрде ашық - күмiстей, бiрде алтын. Дауыл жел көтерілсе, ыссы судағы бидай уыт сияқты күреңденіп, қалың толқында көбiктенiп, тауға тау күрс еткендей құлап, байсалды бытырап, жып-жылас болады. Бұл табандылықта жұмсақтық, мейiрiмсiздiк, сезімталдық көзден таса болады. Оны толқындар сергiттi. Әйтеуiр, ол бар дауыспен айқайлады: мен сені жақсы көремін, теңіз! [8, 157 б]

Расында, «Теңіз туралы қиял» әңгiмесiнде әңгіме қаhарманы автор сияқты қиындыққа түседі. Кейіпкердің Ваң Мыңнан айырмашылығы еңсесі түсіп, өмір сүру құштарлығы жойылғандығында.

«Теңіз туралы қиял» әңгімесі Ваң Мыңның 70-80 жылдардағы «жаңа» көркем шығармаларының алғашқы алтауының бiрi. «Мәдени төңкерістен» кейін әдеби журналдарда басып шығарылған дүниелер сол қабiлеттiлiк ойды сақтап қалған халықтың бiр бөлiгiн таң қалдырды. Бұл үйренбеген, зерттелмеген әдебиеттер, басқаларға ұқсамайтын жазушының еңбегі.

Публицист Ваң Мың өзінің «мәнсіз адам» екендігін қорлайтын мойындаулар айтқаны дұрыс па?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тарихын мерзімдеу
Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері
Ежелгі қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Ежелгі Қытайдың мәдениеті
3-12 ғасырлардағы Қытай
Сақтардың бейнелеу өнері
X-XV ғ. феодалдық Корея
Қытай тілінің морфологиялық құрылысы изоляциялы
Сурет салу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz