Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА КІРУІ . ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ САПАЛЫҚ СЕРПІЛІСІНІҢ НЕГІЗІ


1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы.сыртқы сауданың серпінді дамуының кемел жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі . замана талабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7


2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА ЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ


2.1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мәселелері және алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің болашағы, тиімділіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Қазақстан - тәуелсіздік алған мемлекеттердің алдыңғы қатарында.
Жаңа экономика – жоғары технологияларды, ғылымды қажет ететін экономика, ол – барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика. Экономиканың бұл сипаты, ең алдымен кәсіпорындар шығарып отырған өнімдерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігімен айқындалады.
Ондай экономика құрудың басты шарты – Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізіп отыр.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Сыртқы сауда - халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Солардың қатарында Қазақстан да ашық экономикалы мемлекет ретінде шет елдермен сыртқы экономикалық байланыста болуы тиіс. Тиісінше мұндай байланыстарды жүзеге асыруда әлем елдерінің әр деңгейдегі экономикалық-интеграциялық бірлестіктерінің маңызы зор. Дүниежүзілік сауда ұйымы - осындай бірлестіктердің алдыңғы қатарлы үлгілерінің бірі.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруі – бүгінде күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналды. Себебі, бұл - әлемдік үрдіс. Ерте ме, кеш пе Қазақстан бұл ұйымға мүше болуы тиіс. Осы орайда туындайтын мәселе қандай талаптармен, қаншалықты тиімді шарттармен кіреді деген сұрақтар болуы тиіс. Осындай өзекті мәселелерді талдай келе ғылыми жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына ену мәселелері мен болашағы» деп алынды. Жұмыстың I тарауында жалпы ДСҰ мен ҚР-ның оған кіруінің алғышарттары зерттелсе, II тарауында тақырып тереңірек зерттеліп, ұйымға кірудегі жасалынған нақты іс-шаралар, тиімділіктері қарастырылған.
Зерттеу мақсаты - ҚР ДСҰ-на кіру жолдары мен мәселелерін зерттей келе тақырыптың маңыздылығын көрсету, аталған ұйымның ел экономикасына әкелер жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай келе қорытынды шығару. Ғылыми жұмысты жазу барысында саяси-танымдық баспасөз құралдарындағы ақпарат көздері алынды, ҚР-ның Статистика Агенттігінің мәліметтері негізге алына отырып талдаулар жасалынды.
1) http://www.stud.kz/load/materialdar/sajasattanu/d_niezh_zilik_sauda_jymy/129-1-0-5081
2) «Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері» Дерек көзі:
http://refa.kz/load/tegin_azasha_referattar/ehkonomika/b_kil_lemdik_sauda_jymyny_syrt_y_saudada_y_roli_men_mindetteri/21-1-0-1618
3) «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөз процесінің барысы туралы ақпарат». СҚО әкімінің ресми сайты. Дерек көзі:
http://kz.sko.kz/Informatsiya_o_hode_peregovornogo_protsessa_po_vstupleniyu_Respubliki_Kazahstan_vo_Vsemirnuyu_torgovuyu_organizatsiyu
4) У.Қыдыр «ДСҰ-ға кіргеніміз дұрыс па?» «НҰР АСТАНА» республикалық жасар апталығы. Июль 22, 2008 ж. Дерек көзі: http://nurastana.kz/?p=276
5) http://www.inform.kz/kaz/article/2233181
6) Ғаділбек Әкім «Қазақстан ДСҰ-ға қашан кіреді?» «Алаш Айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газеті ,14 шілде 2009. Дерек көзі:
http://www.alashainasy.kz/economica/12180/
7) http://originkz.azattyq.org/content/Kazakhstan_customs_union/1752894.html?page=1&s=1&x=1#relatedInfoContainer
8) Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, «ДСҰ: қарым мен қабілет». «Алаш Айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газеті , 27 қазан 2010. Дерек көзі: http://www.alashainasy.kz/economica/14054/
9) «ДСҰ-ң тұтынушыға әкелетін пайдасы» Дерек көзі:

http://testent.ru/publ/predmetnyj_razdel/kazak_tili_sabagi/ds_t_tynushy_a_keletin_pajdasy/3-1-0-1201
10) ТАСТАНДИЕВА Н.Б. «Қазақстан интеграциялық қатынастар аймағында, теория, проблемалар, шешу жолдары» авторефереты.
Қазақстан Республикасы, Алматы, 2010
11) «Елбасының 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауы», «Сарыарқа» газеті, 2010 жыл, мамыр. Дерек көзі: http://www.saryarkasamaly.kz/index.php/component/blog_calendar/?year=2010&month=05&day=31&modid=20
12) Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «11 қараша – Дүниежүзілік сапа күні». Егемен Қазақстан» газеті, 10 Қараша 2010. Дерек көзі:
http://www.egemen.kz/20521.html
13) http://www.kaz.stat.kz/news/Pages/n1_15_11_10.aspx
15) Еділ МАМЫТБЕКОВ, ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, «Бағаны ноқталаудың басты жолы – импортқа тәуелді болмау», «НұрАстана» газеті, 2008 жыл, қыркүйек
16) «ДСҰ-ға кіргеніміз дұрыс па?», УӘЛИ ҚЫДЫР,
«НҰР АСТАНА» газеті, 2008 жыл, шілде.
17) www.stat.kz
18) «ТМД Статкомитетінің деректері». Дерек көзі:
http://www.kaz.stat.kz/news/Pages/n2_11_11_10.aspx

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 тарау. Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық
дамуының сапалық серпілісінің негізі

1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы-сыртқы сауданың серпінді дамуының кемел
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі – замана талабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

2 тарау. Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына ену
мәселелері мен болашағы

2.1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену
мәселелері және
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің болашағы,
тиімділіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...19

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Қазақстан -
тәуелсіздік алған мемлекеттердің алдыңғы қатарында.
Жаңа экономика – жоғары технологияларды, ғылымды қажет ететін
экономика, ол – барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан
экономика. Экономиканың бұл сипаты, ең алдымен кәсіпорындар шығарып отырған
өнімдерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігімен айқындалады.
Ондай экономика құрудың басты шарты – Қазақстанның әлемдік экономикаға
ойдағыдай кірігуі.
ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес
Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда
болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін
барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін
танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі
дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен
белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізіп отыр.
Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан
сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол
ашады.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: қандай бір ел болмасын, оның
экономикалық жетістігі  сыртқы  саудаға байланысты. Дүниежүзілік 
экономикадан  оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика  жасай
алған жоқ.
Сыртқы сауда - халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең
кең дамыған нысанына жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы 
сауданың ролі ерекше маңызды. Солардың қатарында Қазақстан да ашық
экономикалы мемлекет ретінде шет елдермен сыртқы экономикалық байланыста
болуы тиіс. Тиісінше мұндай байланыстарды жүзеге асыруда әлем елдерінің әр
деңгейдегі экономикалық-интеграциялық бірлестіктерінің маңызы зор.
Дүниежүзілік сауда ұйымы - осындай бірлестіктердің алдыңғы қатарлы
үлгілерінің бірі.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруі – бүгінде күн тәртібіндегі маңызды мәселеге
айналды. Себебі, бұл - әлемдік үрдіс. Ерте ме, кеш пе Қазақстан бұл ұйымға
мүше болуы тиіс. Осы орайда туындайтын мәселе қандай талаптармен,
қаншалықты тиімді шарттармен кіреді деген сұрақтар болуы тиіс. Осындай
өзекті мәселелерді талдай келе ғылыми жұмыстың тақырыбы Қазақстан
Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына ену мәселелері мен болашағы деп
алынды. Жұмыстың I тарауында жалпы ДСҰ мен ҚР-ның оған кіруінің
алғышарттары зерттелсе, II тарауында тақырып тереңірек зерттеліп, ұйымға
кірудегі жасалынған нақты іс-шаралар, тиімділіктері қарастырылған.
Зерттеу мақсаты - ҚР ДСҰ-на кіру жолдары мен мәселелерін зерттей келе
тақырыптың маңыздылығын көрсету, аталған ұйымның ел экономикасына әкелер
жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай келе қорытынды шығару. Ғылыми
жұмысты жазу барысында саяси-танымдық баспасөз құралдарындағы ақпарат
көздері алынды, ҚР-ның Статистика Агенттігінің мәліметтері негізге алына
отырып талдаулар жасалынды.

1 Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының
сапалық серпілісінің негізі

1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы-сыртқы сауданың серпінді дамуының кемел
жолы

Бүкіләлемдік сауда ұйымы - бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер
кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы
үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық
раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол
қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды
келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ екі принципке негізделген: дискриминациядан бас тарту және
нарықтық тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз
жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтен тұрады.

1 сурет. БСҰ-ның принциптерінің негізгі элементтері.
Ескерту: [2] әдебиет негізінде құрастырылды

БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
-Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен
шарттарының орындалуын бақылау;
-мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен консуль-
тациялар жүргізу;
-сауда дауларын шешу;
-мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;
-БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттерге
техникалық жәрдем көрсету.
ДСҰ интеграциялық құрылым ретінде ғаламдану процесінің бөлігі болып
табылады. Сонымен қатар мемлекет мүддесінің балансын теңгеруші ретінде
мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне тән.

2 сурет.Интеграциялық үдерістер деңгейі мен олардың
өзара байланыстары.
Ескерту: [10] әдебиет негізінде құрастырылды.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін
либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым.
Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы
мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Ал бүгінгі күнде ДСҰ-ның құрамына
153 мемлекет мүше. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия,
Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5
ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар
айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты
қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы
ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне
ие.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер
жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық
саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал
етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес
ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет
қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік
тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші
кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда
импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік
компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының
кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер
фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін әділетсіз тәсілдерді жою,
оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі),
жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер
жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда
ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл
елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан
анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру
әділетті болар деп есептеледі. [1]

2. Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі – замана талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы жолдауында: Қазақстан ТМД-дағы
интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1
қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының
құрылуы – бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелігі
деп Қазақстанның бүгінгі таңдағы жетістіктерін атап өтті.
ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып,
Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басыдықтарына сай келетін жағдайларда
бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс,- деген Елбасы
сөздері ДСҰ-ның Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екендігін тағы да бір
атап өтті. [13]
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру
процесі 1996 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ Хатшылығына ДСҰ-ға кіру
туралы ресми өтінішін беруінен басталды.
1996 жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-дағы бақылаушы ел 
статусы берілді.
Мұнымен бір уақытта Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі Жұмыс тобы
құрылды, оның құрамына қазіргі кезде ДСҰ-ның 40 мүше елдері кіреді.
Жұмыс тобының төрағасы болып БҰҰ-дағы және Женевадағы басқа
халықаралық ұйымдардағы Финляндия елшісі Веса Химанен болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі негізгі төрт бағыттар бойынша
көп жақты және екі жақты-деңгейлерде келіссөздер жүргізеді:

3 сурет. ҚР Үкіметінің ДСҰ-мен жүргізіп жатқан келіссөздердің негізгі
бағыттары
Ескерту: [3] әдебиет негізінде құрастырылды.

1. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер Жұмыс тобы отырыстарының
шеңберінде ДСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерінің қатысуымен, Қазақстан
сыртқы сауда режимінің және сыртқы сауда заңнамасын олардың ДСҰ-ның
көп жақты саудалық келісімдерге сәйкестігі мәнін қарастыру, сондай-ақ
ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның нормалары мен ережелеріне үндестіру үшін қажет
шараларды белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Көп жақты келіссөздер барысында елдің экономикалық және сауда
саясатының саласындағы баға жасау нормалары және реттеу практикасы,
мемлекеттік меншік және жекешелендіру, салық салу жүйесі және импортталатын
тауарларға салықты қолдану, жекелеген экономикалық секторларға, атап
айтқанда, ауыл шаруашылығына жәрдем, ақшалар, шетелдік инвестициялар
режимі, валюта айырбастау және төлемдер жүйесі, импорттық кедендік тариф,
кез-келген қолда бар тарифтік артықшылықтарды қоса алғанда, кедендік
жинаулар, қорғаныс шаралары және ұлттық өндірушілерді қорғаудың басқа да
шаралары (демпингке қарсы және өтеу шаралары), импорттық лицензиялау,
экспортты реттеу, импорттық тауарларды стандарттау және сертификаттау
жүйелері, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерлік меншік құқығын
қорғау жүйесі және т.с.с. мәселелер жүргізіледі.
Бұдан басқа, тауарлар және қызметтер саудасына ықпал жасайтын әзірлеу
тетігі және саясатын жүзеге асыру жөніндегі мәселелер келісіледі.
Қазіргі уақытта Жұмыс тобының баяндамасы — Қазақстанның
сыртқы саудасының Жұмыс тобын қарастырудың және Қазақстанның ДСҰ-
ға мүшелігінің нақты шарттары бар қорытынды құжаты көп жақты келіссөздер
үшін негіз болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы)
Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді.
2. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндег і келіссөздер ауыл шаруашылығына
экспорттық жәрдем, ақшалар мөлшері мен ішкі қолдау шаралары жөніндегі
арнайы көп жақты келіссөздер шеңберінде жүргізіледі.
3. Тауарлар рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер ДСҰ-
ға мүше елдермен импорттық кедендік баж салықтарын байланыстырудың ең көп
деңгейін анықтауды және келісуді қосады, ол бойынша Қазақстан ДСҰ-
ға қосылғаннан кейін оларды пайдалану құқығына ие болады.
4. Қызмет көрсетулер рыногына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер
Қазақстан рыногына шетелдік жеткізушілердің қол жетімділік шарттарын келісу
мақсатында жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан ДСҰ-ға кіру аясында ДСҰ-ның 22 мүше елдерімен
қазақстандық тауарлар мен қызметтер нарығына қол жетімділік жөніндегі екі
жақты келіссөздерді аяқтау туралы хаттамаларға қол қойды.
Ал тауарлар нарығына кіру келіссөздері АҚШ, Эквадор, Эль-Сальвадор
және Сауд Арабиясы Корольдігімен, сондай-ақ қызмет көрсету нарығына қатысу
бойынша ЕО, Сауд Арабиясы Корольдігімен әлі біткен жоқ.

1 кесте. ҚР-мен ДСҰ-ға кіру аясында қазақстандық тауарлар мен қызметтер
нарығына қол жетімділік жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау туралы
хаттамаларға қол қойған мемлекеттер

№ Тауарлар мен қызметтер нарығына қол Келіссөздер мерзімі
жетімділік жөніндегі келіссөздер
аяқталған мемлекеттер
1 Қырғызстан Республикасы 25 желтоқсан 2003 жыл
2 Грузия 11 қараша 2004 жыл
3 Пәкістан Ислам Республикасы 5 маусым 2005 жыл
4 Түркия 15 тамыз 2005 жыл
5 Қытай Халық Республикасы 31 тамыз 2005 жыл
6 Корея Республикасы 14 қазан 2005 жыл
7 Оман Сұлтандығы 20 қазан 2005 жыл
8 Жапония 23 қараша 2005 жыл
9 Куба 13 желтоқсан 2005 жыл
10 Америка Құрама Штаттары 15 желтоқсан 2005 жыл
11 Норвегия 25 сәуір 2006 жыл
12 Гондурас Республикасы 28 шілде 2006 жыл
13 Доминикан Республикасы 4 қазан 2006 жыл
14 Болгария 6 қазан 2006 жыл
15 Швейцария 2 қараша 2006 жыл
16 Египет 7 қараша 2006 жыл
17 Израиль мемлекетімен 27 ақпан 2007 жыл
18 Бразилия Федеративтік Республикасы 23 сәуір 2007 жыл
19 Малайзия 21 желтоқсан 2007 жыл
20 Канада 13 ақпан 2008 жыл
21 Австралия 11 желтоқсан 2008 жыл
22 Индия 24 қаңтар 2009 жыл
Ескерту: [3] әдебиет негізінде құрасырылды.

2 тарау. Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік сауда ұйымына ену
мәселелері мен болашағы

2.1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мәселелері
және алғышарттары

Бүгінде Қазақстан ДСҰ-на ену жолындағы біршама міндеттерді атқарып,
беделді ұйымға мүше болу үрдісін тездете түсті. БСҰ-ға кіру үшін жасалып
жатқан дайындық мәселелеріне байланысты техникалық реттеу және сапа
шараларына бірінші кезекті басымдық беріліп отыр.
Мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар мен көрсетіліп жатқан қолдаулар
дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйеніп, жүзеге асырылуда. БСҰ-ға кіру
мақсатындағы келіссөздер барысында Еуроодақтың және басқа да беделді
халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен мамандары Қазақстан үшін жаңа
техникалық реттеу тетіктерін қалыптастырып, елімізде орын алған
мүмкіндіктерге байланысты түбірімен жаңарған құжаттар дайындауға белсене
қатысты. Халықаралық деңгейдегі сарапшылар бұл бағытта Үкімет тарапынан
қабылданған шешімдерге жоғары баға берді. Осы орайда елімізде техникалық
реттеу мәселесі бойынша халықаралық стандарттар өлшемдерінің жоспардағы 105
құжатының 88-і қабылданды. Бұл құжаттардың барлығы тауарлар, қызмет
түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бизнес субъектілеріне
анық та нақты талаптар қояды.
ДСҰ-на кірудегі нақты қадамдардың бірі Қазақстанның ILAC ұйымына
мүшелікке өтуі. ІLAC бұл халықаралық дамыған мемлекеттердің клубы болып
табылады. Осы ұйымға мүше мемлекеттердің сапа жөніндегі сертификаттары мен
зерттеу хаттамалары барлығына бірдей болып есептеледі. Мәселен, Қазақстан
лабораторияларында жүргізілген зерттеу хаттамалары қайта тексерулерден
өткізілмей-ақ осы ұйымға мүше мемлекеттер аумағында таныла береді.
Қазақстанда бүгінде өнімдерді техникалық реттеуден және сертификаттаудан
өткізетін 800 жеке меншік лабораториялар, 200-ге жуық техникалық
мемлекеттік орталықтар жұмыс істейді. Бұл зерттеу орталықтары өскелең
талаптарға сай техникалық жабдықтармен және жоғары сапалы мамандармен
қамтамасыз етілген. Бұл орталықтарда тауарлардың барлық түрлері 882 позиция
бойынша сертификаттаудан өткізіледі. Қазақстанның лабораторияларының
зерттеу хаттамалары халықаралық деңгейде мойындалады.
ІLAC негізінен БСҰ-ның жарғылық ұйымдарының бірінен саналады. Бұл
ұйымға мүше болып кіру болашақта БСҰ-ға өтуге игі алғышарттар жасамақ.
Бүгінде Қазақстан осы ұйым негізінде едегі барлық мемлекеттік стандарттарды
халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде. [14]
Бүгінгі таңда ДСҰ-на кіруде Ресей, Белорусь және Қазақстан
мемлекеттері құрған Кедендік Одақ – маңызды қадам болып табылады. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында:  2010 жылғы 1
қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларуспен Кеден одағының
құрылуы - бұл қазақстандық барлық ықпалдастық бастамалардың серпіні,- деп 
атап  көрсетті. Үш ел ынтымақтастығының келесі кезеңі 2012 жылғы қаңтардың
1-інен бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады, 
деп еске салған   Елбасы, бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы
қамтамасыз етілетін ықпалдастықтың әлдеқайда жоғары деңгейі екенін   атап
көрсетті.
ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып,
Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін
жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс, -
деген Елбасы сөздерінде еліміздің ДСҰ-ға енуіне Кедендік Одақтың да
айтарлықтай ықпалы бар екендігі байқалады.
Кедендік одақ біздің нарықты кеңейтетін кіші бағыт болса, ДСҰ – үлкен
бағыт. Бұл жерде біз мынаны ескеруіміз керек, бұған дейін Ресей, Белоруссия
елдерімен бірігіп Кедендік одақ құрмай тұрғанда, біздің нарықтық ауқымымыз
шағын еді. Қазір осы екі елмен бірігіп, ауқымы 130 миллоннан асатын үлкен
нарық таптық. Ал ДСҰ-ға енсек, нарықтық ауқымымыз одан әрі ұлғаятыны
даусыз. Сондықтан бұл екі бағыт та керек. ДСҰ қанша халықаралық деген
атауға ие, ықпалды құрылым танылса да, ол – мемлекеттердің дамуына үлес
қосушы немесе ықпал етуші қызмет атқармайтын ұйым. Оның қызметі өзіңде
жоғыңды тауып берумен шектеледі. Мінеки, осы тұрғыдан алғанда, бұл ұйым
жоғы көптер үшін пайдалы... [5]

2 кесте. Кедендік Одақ елдерінің 2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі негізгі
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (өткен жылғы тиісті кезеңмен) [20]

  Жалпы ішӨнеркәсіКөлік Бөлшек Өнеркәсіп Тұтыну
кі өнім п өнімі кәсіпорындсауда өнімін бағаларыны
(тұрақты(тұрақтыа-рының тауар өндірушілең
бағалардбағаларджүк айналымыр индекстері
а) а) тасымалдау(тұрақтыбағаларыны2)
ы бағалардң
(құбырлар-а; индексі1)
сыз) өткізуді
ң барлық
арналары
)
Беларусь 106,6 110,3 111,0 116,2 111,8 107,0
Қазақстан 107,5 110,4 119,4 113,03) 129,9 107,0
Ресей 104,24) 108,9 99,3 104,43) 115,1 106,4
ТМД елдері1054) 109 107 105 117 107
бойынша
орта
есеппен*

 
Жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері кестеден
көргендей өткендегі жылмен салыстырғандағы пайыздық көрсеткіштері одақтас
елдермен шамалас деңгейде келеді.
Бүгінгі таңда, Кедендік Одақ құрамына енетін Қазақстан, Беларусь,
Ресей Федерациясы ДСҰ-мен осы жылдары жүргізіп келген келіссөздерін қазіргі
деңгейінде тоқтатып, одан әрі үш мемлекет келісім жүйесін ЕурАзЭҚ аясындағы
ортақ Кеден одағы арқылы жүргізуі тиіс-тін. Бұған дейін үш мемлекет ДСҰ-мен
жеке дара келісім жүргізіп келді. Дәл қазіргі кезге дейін Қазақстан мен ДСҰ-
ға мүше мемлекеттер арасындағы және жалпы ұйым аясындағы келіссөздердің 70%-
ы аяқталған болатын, Ресей келіссөздердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ондай экономика құрудың басты шарты - Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі
Аралас экономика мәні, маңызы
Халықаралық несиелер нысандары және түрлері
XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
Экономикалық даму туралы
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісі
Халықаралық несиелер нысандары
Пәндер