Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі саябақтар



Кіріспе
2.1 Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі саябақтар.
а) Испаниядағы “Альгамбра” саябағы
ә) Швециядағы “Миллеса” саябағы
б) Италиядағы “Вилла де Эсте” саябағы
2.2. Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі мұражайлар
а) Франциядағы “Лувр” мұражайы
ә) Ватикан мұражайлары
б) Берлин қаласындағы Пергам мұражайы
Рекреациялық іс-әрекет күрделі үрдіс, оны зерттеуде жер шарындағы көрікті жерлерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар сипаттау болып есептелінеді.
“Рекреация” латын тілінен аударғанда –демалыс, қалпына келу, іс-әрекет, сауық құру арқылы еңбек қабілетін жақсартуға қажет іс-әрекет. Яғни, рекреация дегеніміз - еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы қалпына келтіру Демалыс үйлер, туристік базалар, саябақтар, мұражайлар, санаторийлер шоғырланған жерлер - рекреациялық аудандар болып табылады.
XX ғасырда жер шарының кейбір аймақтарында туризм жалпы құбылыс больаны сондай рекреация пәніне көп көңіл аударылды.
Рекреациялық география пәні материалдар жинауда физикалық география, халық географиясы, медициналық география және елтану пәндерімен тығыз байланысты.
Рекреация қоғамның дамуына байланысты пайда болған пән. Рекреациялық географиялық қалыптасуында алғашқы қадамды В.С.Преображенский жасады.
Жалпы саяхатқа шыққанд ұнататындар алдарына әр түрлі мақсат қояды. Біреулер көрікті жерлермен танысқысы келсе, келесі біреулері орманның немесе таудың таза ауасын жұтып, табиғатының сұлулығын тамашалағысы келсе, келесі үшіншілері үшін туристік жорыққа спорттық шара ретінде барады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреация үшін негізгі функциясы - танымдық, спорттық-сауықтыру, емдік деп бөлінеді Осылай бола тұра танымдық функциясына барлығы үлкен мән береді.
Танымдық бұл саяхатшы барған жердің ерекшелігіне қызығушылық тану арқылы өз ойын оятады және сонымен қатар психологиялық шаршаудан азат етеді.
Танымдық функциясы саяхатшының табыс, мәдени-тарихи, этнографиялық және басқа көрікті жерге деген қызығушылығынан байқалады.
Мәдени-тарихи көрікті жерлерге - тарихи археологиялық архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, саябақтар, көркем сурет галереялар, театрлар жатады. Олардың ішінен саяхатшылар көбінесе саябақтарға және мұражайларға көңіл бөлуде.
Еуропа бөлігінің танымдық мақсатта көрсететін көркем мұражайлары мен саябақтары көп.
Олардың ішінде Вилла де Эсте (Италия), Милиса (Швеция) “Алгамбра” (Испания) саябақтары “100 Ұлы желдегі саябақтар” қатарына, ал Ватикан, Лувр (Франция), Пергале (Германия) мұражайлары болса “100 әлемге танымал мұражайлар” қатарына кіреді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Рекреациялық іс-әрекет күрделі үрдіс, оны зерттеуде жер шарындағы
көрікті жерлерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар сипаттау болып
есептелінеді.
“Рекреация” латын тілінен аударғанда –демалыс, қалпына келу, іс-
әрекет, сауық құру арқылы еңбек қабілетін жақсартуға қажет іс-әрекет.
Яғни, рекреация дегеніміз - еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы
қалпына келтіру Демалыс үйлер, туристік базалар, саябақтар, мұражайлар,
санаторийлер шоғырланған жерлер - рекреациялық аудандар болып табылады.
XX ғасырда жер шарының кейбір аймақтарында туризм жалпы құбылыс
больаны сондай рекреация пәніне көп көңіл аударылды.
Рекреациялық география пәні материалдар жинауда физикалық география,
халық географиясы, медициналық география және елтану пәндерімен тығыз
байланысты.
Рекреация қоғамның дамуына байланысты пайда болған пән. Рекреациялық
географиялық қалыптасуында алғашқы қадамды В.С.Преображенский жасады.
Жалпы саяхатқа шыққанд ұнататындар алдарына әр түрлі мақсат қояды.
Біреулер көрікті жерлермен танысқысы келсе, келесі біреулері орманның
немесе таудың таза ауасын жұтып, табиғатының сұлулығын тамашалағысы келсе,
келесі үшіншілері үшін туристік жорыққа спорттық шара ретінде барады. Басқа
сөзбен айтқанда, рекреация үшін негізгі функциясы - танымдық, спорттық-
сауықтыру, емдік деп бөлінеді Осылай бола тұра танымдық функциясына барлығы
үлкен мән береді.
Танымдық бұл саяхатшы барған жердің ерекшелігіне қызығушылық тану
арқылы өз ойын оятады және сонымен қатар психологиялық шаршаудан азат
етеді.
Танымдық функциясы саяхатшының табыс, мәдени-тарихи, этнографиялық
және басқа көрікті жерге деген қызығушылығынан байқалады.
Мәдени-тарихи көрікті жерлерге - тарихи археологиялық архитектуралық
ескерткіштер, мұражайлар, саябақтар, көркем сурет галереялар, театрлар
жатады. Олардың ішінен саяхатшылар көбінесе саябақтарға және мұражайларға
көңіл бөлуде.
Еуропа бөлігінің танымдық мақсатта көрсететін көркем мұражайлары мен
саябақтары көп.
Олардың ішінде Вилла де Эсте (Италия), Милиса (Швеция) “Алгамбра”
(Испания) саябақтары “100 Ұлы желдегі саябақтар” қатарына, ал Ватикан, Лувр
(Франция), Пергале (Германия) мұражайлары болса “100 әлемге танымал
мұражайлар” қатарына кіреді.

2.1 Еуропадағы дүние жүзіне әйгілі саябақтар.
а) Испаниядағы “Альгамбра” саябағы

Альгамбра орналасқан төбе (Гранада билеушілерінің сарайы мен
бекінісі), шығыстан батысқа карай 850 метрге созылған (ені бойынша 240
метр). Бүкіл Альгамбра 13 га ауданды ғана алып жатыр. Қоршап жатқан бақ
сарайдың архитектурасымен байланысты белгілі бір ретпен орналасқан
композицияға ие бақтар өлшемі бойынша үлкен емес: Мирт ауласы-530 м,
басқалары бұдан да кіші.
Испания көп жылдар бойы арабтардың билігінде болған (700 жыл
шамасында), яғни арабтарды бұл жерде Иаврлар деп атаған. Иаврлар ұзақ уақыт
бойы Гранадада болды. IX ғасырда ұзына бойы созылып жатқан төбеде араб
атауымен аталатын “Альгамбра” бекінісі тұрғызылды. Альгамбраның қабырғасы
мен мұнарасы тас блоктардан қаланған. Осы тас блоктар шын мәнінде қызғылт
түс беріп тұрады. Ал басқа біреулердің айтуы бойынша, Альгамбра
құрылысшылар қабырғалар мен мұнараларға қызылдау түс беріп тұратын алау
сәулесімен жұмыс істеген.
Альгамбра құрылысын XIII ғасырда Мұхаммед I бастаған, оны Юсуф I
және оның ұлы Мұхаммед V жалғастырады, ал XV ғасырда Мұхаммед VII құрылысты
аяқтаған.
Альгамбра 3 бөліктен тұрады, арабша атаумен аталатын Алькасаба
(бекініс), Алькасар (сарай) және Медина (қала).
Ең бірінші бекініс пайда болған төбенің оңтүстік батысында ең
негізгі мұнарасы де ла Вела (күзет мүнарасы), қаланы басып алғаннан кейін
бұл жерде католиктік патшалардың байрағы орнаған, содан бастап 2 қаңтар -
Гранада қаласын алу күнінде байлық осы мұнарада көтеріледі. Ал халық
арасында: мынадай “егер осы мұнарадағы қоңырауға қол ұшын жеткізсе, онда
тұрмысқа сәтті шығады” деген аңыз тараған. Мұнарадан соң Альгамбланың
ежелгі бөлігі-Алькасаба (ескі бекініс), ал одан кейін үлкен лос Алхибес
алаңы, бұдан әрі Настрит иавриттік династиясының сарай құрылымдары
орналасқан.
Альгамбраның кішігірім бөлмелерінің қабырғалары мен төбелері
түгелімен орнаментпен табылған. Барлық залдары ішкі ауланың жан-жағында
топтасады, сондықтан бұл жерде табиғи жарық қолданылады. Ал архитектура
ансамблінде түс маңызды орын алады.
Сарайда бір-бірімен өту жолымен байланысқан 3 бөлікті көруге болады.
Әрбір бөлік (патио) бақ пен фонтаны бар ауладан тұрады.
Сонда Мачук аркадасынан (бұл атау оның құрылысын тұрғызған адамның
атымен аталған) аса бай оюланған және сот әкімшілігін сайлауға, халықты
қабылдауға арналған кішігірім бөлмелер тобы арқылы Алтын залдарға өтуге
болады.
Сарайдың екінші бөлігі - елшілік залдар тобы, яғни Мирт ауласының
өзінде жатыр. Қырқылған ширт бұтақтар екі қатар болып орналасқандықтан, бұл
“Мирт ауласы” деп аталады. Ол аса үлкен емес, ұзындығы 37ге, екі 23 м және
биіктеу келген екі рамамен қоршалған-тас және қырқылған бұтақтармен, онда
екі фонтан орналасқан. Бақтың 20℅-ын суат алып жатыр. Бұл ауланың және
Альгамбраның басқа да аулаларының негізгі ерекшелігі - жаны геометриялық
жеке бейнеде болуы, фонтан мен суаттың кең көлемінде қолданылуы, сонымен
бірге өсімдіктерді өсіру мәдениеті.
Мирт ауласының жан-жағанда ақсүйек билеушісінің залдары орналасқан.
Төбесі күмбез тәрізді, аса бай жасалынған, ұзынша болып келген де ла Брака
(қайық) залы-өзіндік үлгідегі вестибюль (көпшілік орындардың алдындағы ауыз
үй, үйдің кіре берісіндегі зал) ролін атқарып келді. Ең бастысы - Елшілік
залы мұнарада орналасқан көмкерілген бал қарағай күмбезінен табылған.
Терезелері витраждармен, төбесі сталактитпен (тау үңгір төбесінен аға-аға
сүңгі түрінде салбырап тұратын әкті тұнба) көмкерілген. Ою-өрнектермен
ойылып жазылған әсем жиһаздар залдың негізгі ерекшелігін көрсетеді. Елшілік
залында қала испандардың қолына өткенге дейін Гранада билеушісі
Баосбдиланың соңғы кеңесі болған. Сонымен қатар осы жерде Колумбтың
Америкаға саяхат жасауы туралы Изабелла және Фердинанд жарлыққа қол қойған.
Сарайдың осы бөлігінде мәрмәр бассейні бар монша мен патшаның моншасы
(күмбезі бар кішігірім бөлме) орналасқан.
Гранадалық эмирлердің жекелеген бөлмелері-Алгамбраның ұзынша келген
маржандары болып есептелінеді. Мират ауласы арқылы ұзындығы 28м, ені 16м
болып келетін “Арыстандар” ауласына өтуге болады. С.Ожегов былай жазған
екен “Арыстандар ауласы өзіндік “сегізінші керемет”, яғни ол өзінің
әсемділігімен барлық тіршілік иелерін Гранадаға тартады. Ал қиылысқан
жерінде 12 арыстан ұстап тұрған Фонтан-тостаған орналасқан. Бақтың өзі 4
апельсин ағаштарымен белгіленген. Бұл монастырь мен сарайлар ішінде
апельсин бағының ескі испан салт-дәстүрінің алымы (дань) Ескі фотосуреттер
мен бейнелер “Арыстан” ауласының “төрт бағаның” әртүрлі нұсқаларын
көрсетеді.
Ауланың орталық бөлігінде алебастрдан (ақ шлстің бір түрлі) жасалған
бассейн орналасқан. Ауланың негізгі мотиві - көрікті колоналар мен таға
тәріздес аркалар. Ауланы қоршап тұрған 124 бағаналар ою-өрнектен жасалған
тас аркадасынан (бағана орнатылып, оның үстіне арка тәрізді қақпалармкн
қосқан галереялар) тұрады. Биік жуан черепицамен жабылған шатыр осы
аркаданың әсемдігін көрсетеді. Аула мәрмәрдан салынған.
Мирт және Арыстандар аулаларының төбе жағы ашық және олар әртүрлі
жарықтандырылған. О.Никитюктің айтуы бойынша: “Мирт ауласындағы тынық
суаттың бетінде көгілдір аспанның бейнесі көрінеді, ал бағанасын көрікті
динамикалық ”шешіміне сай “Арыстандар ауласында күн дақтарының көлеңкелі
ойындары пайдаланылады. Арыстандар ауласының архитектурасын күн сәулесінің
жарығымен көруге болады. Сонымен бірге Арыстандар ауласының әрбір жекелеген
бөліктері Мирт ауласымен салыстырғанда маңыздырақ”.
Бұл сарайдың бөлігі - Арыстандар бөлмелері деп аталатын. (Арыстандар
ауласының жан-жағына орналасуына байланысты) Осы жерде гаремде (бай
мұсылмандардың үйіндегі әйелдер тұратын бөлмелері), эмирдің жеке бөлмелері
де бар болған.
Арыстандар ауласында 4 жақтан тамаша залдар мен бөлмелер қабысады.
Жіңішкеленген ою-өрнектермен, әшекеймен, жазулармен көмкерілген қабырғалар,
тастар да алтын реңкке ие. Арыстандар ауласы шығысында формасы кормдар
сияқты сталактит аркалармен кездесетін Әділет залымен шектеседі. Залдың
маңында кішігірім күмбез тұрғызылған. Күмбездердің төбесі бал қарағайынан
жасалған, яғни оның жан-жағы алтынмен жалатылған. Оңтүстік шеттен
Арыстандар ауласына Абенсеррахтар залы қабысады, Арыстандар ауласынан екі
мәрмәр житасымен орнатылған. Екі апалы-сіңілі Залына өтуге болады. Бұл
залдың ең қызықты бөлігі 100-ден аса ұяшықтардан құрылған күмбез болып
табылады. Қабырғалары тұтастай қайталанбайтын әр түрлі оюмен көмкерілген
Залда таң қаларлық жазулар жазылған (мысалға), мынадай: “Мен алғашқы таң
шапағының сұлулығымен жаралған бақпын. Жарқыраған жұлдыздар аспан әлемін
тастап, осы залға аққысы келеді”.
Бұрын екі апалы-сіңілі Залында 1320 жылы жасалынған альгамбр вазасы
болған. Оның ақ-сары фонына алтынмен бірге көкшіл ою-өрнек кірістірілген.
Бұл тек қана вазада ғана емес, залдың қабырғаларында да кездеседі. Осыған
сәйкес ыдыстар тобы альгамбр вазаларының атауын алды. Екі апалы-сіңілі
залынан кейін Суат Залына немесе қос терезелер Залына, ал одан әрі қарай
Мирадар де Дарахаға өтуге болады.
Мирадар де Дараха несесе Линдараха Ауласы мавритан кезеңінде
салынған және ол өзіндік ақындық бұрышқа жақындауға болмайды, Альгамбра
қабырғасында араб жазуы бар: “Бұл тамаша бақта жердегі гүлдер аспандағы
жүлдыздар бақталасады. Суға толтырылған альбастр танының тостағанына
бұлтсыз аспандағы жарық айдың басқа ештеңеде тең келмейді!”.
Т.Каптерова былай жазды: “Аула, арка, фонтан көремендерді өзінің
эстетикалық және символдық мәнін көрсету үшін шақыра отырып, оларға бірінші
жақта сирек үндеу жасайды:” Мен сұлулықпен көмкерілген бақпын, егер сен
менің сұлулығыма түнелесің, онда сен менің өмірде бар екенімді білесің
“(Екі апалы-сіңілі Залындағы Ибн Зумрук касыдасы): “Егер қараңғы түссе, мен
барлық жұлдыздар жүйесінен биік әлем екенімді елестеп!” (Дараха бағындағы
фонтандағы жазу): “Мен әдемілік пен кемелге дарыған некелік киімдіктегі
қалыңдықпын. Осы құмыра арқылы сен сөзімнің ақиқатталығын түсінесің. Менің
тәжіме (корона) қара (қорған аркалары), сен оның жас аймен іспеттес екенін
көресің.” (құмыралар мен вазалар қойылған де ла Барка залының аркасындағы
жазу); “Бұл бақтан құрамы тамаша болғаны сондай, құдай онымен салыстыруға
келетін сүлулықтың болуына рұқсат етпеген” (Арыстандар фонтанындағы жазу).
Табиғи элементтерінің мавритан комплексіндегі архитектуралық-кеңістік
ортасына кірістірлуі, сарайдың ашық кеңістігіне кіретін Гранада тау ауласы,
оның түсі, суаттардың тегістілігімен сәулеленген көгілдір аспан әлемі,
киларистер мен мирттер, апельсин ағаштары, мәнгі жасыл бұталар, көптеген
хош иісті гүлдер- сарай комплексінің тірі мекен ортасын білдіреді.
Сарайдың территориясына Винные қақпасы (ішкі) және Әділет қақпасы
(сыртқы) арқылы кіруге болады.
Винные қақпасы айналасындағы ою-өрнекке, сәнді панно, фриз, қабырға
маңында шығып тұратын шатырға байланысты массивті және ауыр емес болып
көрінеді. Әділет қақпасы таға тәрізді аркасы бар төртбұрышты мұнараны еске
түсіріп, қабырғасында қолдың бейнесі қашалған.
XV ғасырда Гранададан маврлар қуылғаннан кейін Испанияның католиктік
монархтары бұл жерде шіркеумен бірге францискандық монастырь казармалар,
сарай құрлыстарын тұрғызған. Сонымен бірге V Карлдің сарайы-дөңгелек ауласы
бар айбарлы өлшемді, ренессанс стилінде жасалынған Альгамбра төбесіндегі ең
ірі ғимарат.
XVIII және XIX ғасырларда Альгамбра құлдырады. Оның ғимараттарында
арзан кабак орналастырылды, ол жерде ұрылар мен қайыршылар өздеріне пана
етті. 1808 жылдан 1812 жылға дейін Альгамбрада Наполеон солдаттары
пәтерленді, сарайды ат қора мен казармаларға айналдырып, мұнараның бір
бөлігі де жарып кетті.
Альгамбра халықаралық ескерткіш статусына ие болғанда, ол қайта
өркендеу жолына түсті. Көптеген туристер Альгамбраны көру үшін келе
бастады. Альгамбраға турист ретінде Испаниядағы АҚШ-тың болашақ елшісі
Вашингтон Ирвинг келген. Бұл жұмақ бұрышын көргеннен кейін, ол “Альгамбра”
атты кітабын жазады. Ұлы орыс ақыны А.С. Пушкин Альгамбра аңыздарына
сүйене отырып, “Алтын қораз” туралы ертегісін шығарды.
“Қазір Альгамбра, түнгі уақытта прожекторлармен жарықтандырылады” -
деп жазды О.Никитюк мұндай жарықтандыру төбенің үстінде ғажайып көрініс
береді. Альгамбра комплексінің ерекшелігі түнде байқалады. Ал күндіз төбе
етегінде жатқан ғимарат жан жағындағы жасыл өсімдіктер, төбе иірімдеріндегі
жердің түсі қорған ансамблінің түсімен іспеттес болып келеді.
Альгамбрамен бірге көршілес төбеде, шатқалдан кейін Гранада мавритан
билеушілерінің бұрынғы жағы резиденциясы Ханералифе (Биік бақ немесе
үстінгі бақ, немесе Архитектор бағы) орналасқан. Ол жеңіл павилондары бар
бақтар жүйесінен тұрады. Бағы бар әдемі және жайлы аула және оған
қабысатын сарай Альгамбрадан қарапайымдау көрінеді.
Хенералифенің пайда болуының ақындық аңызы бар: Бір күні Мавритан
патшасының баласы әйелмен кездескенде оның бақытсыз болатындығын біледі.
Сондықтан патша баласы әйелді кезіктірмес үшін оны Хенералифе бағына
жасырады.
Хенералифе саябақта ансамблі шамасы 1319 жылы салынған және бірде бір
рет жөндеуден өткізілмеді. Оның іргесі терассалық болып табылады. Төменгі
жағын балкондары бар құрылыс алып жатыр. (Олар каналдар мен саяжол
фонтандармен Патио де Кипрес маңында топталған). Баспалдақпен 1836ж
салынған оқиғалы Мирадыр павильонына көтерілуге болады.
Халифтың ғажайып бақтары туралы айтсақ, онда Хенералифе бағын
елестетеміз. Белгілі бір Испан авторы, сұлу аруды суреттегенде, оның
қолында Хенералифе бағына іспеттес керемет шегіргүл (фиалка) гүлшоғы
болғанын еске тұүсіреді.
Бақтың негізгі бөлігі - мирт және апельсин ағаштары, лавр, ғасырлық
кипаристер (олардың пайда болуы арабтың әміршілік ету уақытына сай келеді).
Отырғызылған Асекийя ауласынан (канал ауласынан) тұрады. Ауланың
орталығында ұзына бойы тар, Альгамбраны сумен жабдықтайтын канал-бассейн
созылған. Бассейннің жан-жағынан биік фонтандар атқылайды.
Гранаданың бақтары жайлы Итальян саяхатшысы Андреа Наваджеро жазған.
Ол оның ауласына, фонтандарына, шерт, апельсин ағаштарына таң қалған екен.
Иә, оған қалай таң қалмайсың... мысалға, бақтардағы судың кенет пайда болуы
мүлтіксіз су жүйесіне байланысты. Хенералифе бағында геометриялық формада
қырқылған ағаштар мен бұталар тар каналдардың гүл тәріздес, ашық түсті
үстіңгі беті-керемет сипатқа иеленеді.
Т.Каптерева былай жазады:“Жалпақ суаттардағы анадай су сипаты,
оның жалтырауы, фонтандардың өрнектелген бейнелерін де қырқылған ағаштар
мен бұтақтардың геометриялық формасымен айқындалуын түстердің біртұтастығы
,, еркін өсіп келе жатқан ашық және хош иісті гүлдер осының барлығы
Ханерлифе бағында қоршаған әлемді құрайды, көп мағыналық сипат береді.
Бұл бақта салтанатты кең эффект жоқ деп О.Никитюк атап кетті, бұл бақ
тек бір адам үшін ғана саябақты. Бұталар мен ағаштар орны өңкей жасыл
коридорларды құрайды, олар өте тар болып келеді, сондықтан бұл жерде жалғыз
ғана жүруге ыңғайлы. Міне бақтағы ханзада туралы аңыз да осыған сәйкес
шындыққа ұласты.
Хенералифеде көктем сайын, ашық таза ауада гүлдеп, фонтандар, жасыл
өсімдіктер фонында халықаралық музыка және би фестивальдері өтеді.
С.Ожелов былай жазды “Испанияның осындай ғажайып бұрышында бола
отырып қана, оның адам рухына ерекше эстетикалық әсер беретіндігін
сезінесің. Бәрінен бұрын бұл шексіз болып келеді Альгамбра адамның көру,
есту, исі, дәм, түйсік сезімдері арқылы қабылдаудағы кеңістік сұлулық
гүлдер жазирасымен, тастардың жылуымен, керамиканың салқындығымен, бұлақ
сулары мен жемістердің ғажап дәмдерімен толықтырылады. Альгамбраның
ерекшелігін түйсіну, оның шығыс және батысқа жақын эстетикалық идеялары-
маңызды роль атқарады. Соғысқұмар испан ортағасырлық католизм, мавритан
кезеңіндегі көптеген ескерткіштерді бұзған, бірақ Альгамбра өз қалпын
сақтап қалған...”
Қорыта келгенде, Гранада - Испанияның оңтүстігіндегі мекен, бір кезде
солтүстік Африка халықтары маврлар басқарған. Олар әдемі сарай салып, оны
Альгамбра деп атаған. Бұл араб тілінен аударғанда “қызыл” - бұл қызыл сарай
қызыл кірпіштен салынған Альгамбраның құрылысын Мұхаммед Галиб бастаған.
Дәл ортасында 23 мұнаралы бекініс орналасқан, бұл құрамына бірнеше әдемі
бөлмелері, ауласы, бағы, бар король сарайына кіретін сәулет ансамблінің бір
бөлігі ғана болатын. Олардың қабырғалары түсті керамика тақталармен және
тастан ойылған суреттермен безендірілген. Кейбір құрылыстар христиандардың
жаулап алулары нәтижесінде бүлінген, бірақ көптеген ескерткіштер
сақталғандықтан, Альгамбра сәулет өнерінің әлемдегі ұлы ескерткіштерінің
бірі болып қалған.

ә) Швециядағы “Миллеса” саябағы

Швецияның астанасы – Стокгольм 14 аралдың үстінде орналасқан
еуропадағы ең көрікті қалалардың бірі. Бұл қаланы Ежелгі әлемнің қауіпсіз
қаласы деп те атайды. Астанада 70-тен астам мұражай бар.
Ең ірі саябақ-мұражайларының бірі “Миллеса” болып табылады. Бұл
мұражайда әлемге танымал швед жаулап алушыларының бірі Карл Миллесаның
еңбек жинақтары сақталған. Бұл саябақ ашық аспанмен, сирек бүтіндігімен
ерекшеленеді.
Бұл саябақтың есігі биікте орналасқан. Есік ашылысымен әр түрлі
мүсіндер мен фонтандар көзге түседі. Бұл саябақтан сонымен қатар қала жақсы
көрінеді.
Н.Николаеваның айтуы бойынша “Бұл мұражайда тек мүсіндерді ғана көріп
тамашаламайсың, сонымен қатар орналасқан орнының табиғаты соншалықты,
ағаштарының ашық аспанға биіктегені және жүрген жолды бойлай алып жатқаны
көзімнің алдынан еш кетпегендей”.
Миллесаның еңбектері өте көп (140-қа жуық), бірақ саябақ-мұражайының
жоспары соншалықты мүсіндерді тамашалаған мезетте қалай басына келгенін
түсінбей қаласың.
Т.Минкинаның айтуы бойынша “Әрбір мүсін өз орнына лайықты орналасқан.
Бұл мүсіндер таудың бір бөлігі болып есептелінеді. Олар антикалық және
скандинавиялық мифологияның персонаждары. Міне мұнда бейнеленген баланың
келбеті, қанаты бар ат-Пегас, мифологиялық бұқаның үстіндегі - әдемі ару
Еуропа, жас тролли құдайлары скандинавиялық аңыздар бойынша, ұшқыш
толқындардың үстіндегі қанатты дельфиндер бейнеленген. Миллесаның
таңғажайып мүсіндерінің барлығы ірі ғалымдарды қызықтыруда. Шын мәнінде
қалайыдан жасалған Пегас мүсіні қанатты аттың үстінде бір нүктеде тұрғаны,
ауада қалқып ұшқандай болып көрінеді. Бірақ бұл композициялар пайда болмас
бұрын үш қорғаныш нүктелері болуы керек деп есептелінді. Бірақ инженер
Миллеса шығармашылығы соншалықты бүкіл мүсіндерді таңғажайып қалыпқа
әкелген.
Карл Миллес 1875 жылы 23 маусымда Лана ауылында дүниеге келген. Ол
жастайынан ағаштардан жануарлардың мүсінін жасап және ежелгі заманның аңыз-
әңгімелерін тыңдауды жақсы көрген.
Карл Миллес техникалық мектепті бітірісімен, мүсінші болу бір сәтте
шешімге келді. Чили мемлекетіне барып швед гимнастикасын ұйымдастырудың
орнына ол Париж қаласына барады. Миллес Коларосси академиясында оқығанда
бірінші жасаған фонтаны мифологиялық стилде болған. Оның батылдығы
соншалықты Паоло мен Франческа тақырыбын, сыншылардың айтуы бойынша
Родендегі “Тозақтың есігіне” ұқсастырған.
Миллеса шығармашылықтарының ірілерінің бірі – “Теңіз құдайы”, ол 1914-
жылы Үлкен Балтық көрмесіне қойылып, осы арқылы Миллесаны бүкіл ел таныды.
Осы кезеңнен бастап ол мүсіндерге тапсырыс ала бастады.
1920 жылы Карл Миллес Стокгольмде королеваның мүсіншілер
академиясында профессор атағын алады. 1920 жылдары Миллесаның
шығармашылығының сәтті болғанын осыдан-ақ байқауға болады. Осы кезде сегіз
фонтан жобасы орындалған болатын. Әрбір фонтандар көркемдігімен ерекшеленіп
отыратын. Дүниежүзіне танымал Миллесаның 2 фонтаны бар: біріншісі,
Гетеборгте Посейдон фонтаны (1930 жылы), ал екіншісі Стокгольмдегі Орфея
фонтаны (1936 жылы).
1920 жылдардың аяғында Миллес Америкаға тапсырыс үшін барып, сол
жерде 20 жылдай өмір сүреді.
1951 жылы мүсінші Еуропаға қайта оралады. Стокгольм қаласындағы
Миллес саябағын ашпақшы болады. Осы мұражайда ол өзінің бүкіл танымал
шығармашылықтарын қайта қайталағысы келген.
1955 жылы мүсінші Миллес өзінің саябақ-мұражайында дүние салады.
Миллес саябағы немесе “Фантазиялық мұражай” атағын алған саябақ
көптеген танымал мүсіншілерінің жиналатын ордасы болып саналады.
Осы аймақтың ормандармен қапталған таулы беткейінде, суық шығанақтың
көгілдір суы, ал басқа жағалауда Швеция астанасының нұсқасы (силуэт)
көрінеді.
Миллес айтатын “... бұл саябақ тек көзбен көру үшін ғана емес, сонымен
қатар суретшілер сияқты ойлау үшін жасалынған...” Суретші өзінің інісімен
Эврет Миллеспен (1885-1960жж) бірге архитекторлардың, мүсіншілердің
табиғатпен байланыстылығын көрсететін саябақ болса ғой деп армандайтын.
Суретшінің арманы Лидингте орындалды. Оның шығармашылығы мүсіндердің
ауада орналасуына байланысты және безендірілген фонтандардың жылтырлап
атқылауымен ерекшеленеді.
Миллес әр түрлі мүсіндерді, фонтандарды, құмыраларды жасауда, жазады
К.Кравченко, олардың қай жерде орналастыру қажет екендігін, кейбір
мүсіндерді күнге қарсы қойып ағаштарының көлеңкесіне жасаған. Сонымен қатар
мүсіндер есіктің алдында кішігірім алаңдарда да қойылған.
Бұл мұражай – саябаққа кірген сәтте адам жаны тербететін толқынға
ұшырайды. Адамның өзі сезбестен бұл тыныштықтың бөлшегі болып саналады.
“Бұл мұражайдағы мүсін табиғаттың өзінен туындайды”,- деп жазады
К.Кравченко. Жалғыз мүсіндерінің жасыл көлеңкеде орналасуы “Сусанна” сияқты
немесе күнге қарсы топтасқан мүсіндердің орналасуы...
Фонтандардың өздері бір қалыпты емес. Кейбір фонтандар жоғары қарай
атқылап, аспанда түрлі-түсті бояуға боялса, ал кейбір фонтандарда құдайлар
бейнеленіп, су баяу ағады.
Бұл саябақ көркемдігі, әсемдігі жағынан Италия саябақтарына ұқсас,
бірақ та солтүстік рухымен ерекшеленеді.
Барлық мүсіндер көптеген жылдар бойы суретшіні қуандырған және
мазалаған. Ол мүсіндерге өмір бере тұрып олармен қоштасқан. Көптеген
мүсіндер басқа аймақтарда тіптен келе континенттерде жасалынған болатын.
Бұл саябақты жасауда мүсінші өзін қайта дүниеге келген болып сезінген.
Басты үйі мен Лидингідегі орналасқан шеберханасын халыққа қалдырды.
Осы шеберхананың өзі де мұражайға айналды. Мұражайда мүсіншінің жеке
заттары сақталынған. Ескерткіш салу үшін арналған портреттер тек залда ғана
емес сонымен қатар кіреберісте де ілулі тұр.

б) Италиядағы “Вилла де Эсте” саябағы

Вилла де Эсте – қайта өрлеу кезеңінің үлгілі саябақтарының бірі болып
табылады. Саябақ 1550-1573 жылдары Римға жақын Тивольда, әйгілі рим
императоры – Адрианның сарайына жақын орналасқан.
Тиволи қаласы зәйтүн шалғынмен жабылып, жүзім, тікенекті кактустар
өсетін таулы аймақта орналасқан. Ал 2000 жыл бұрын бұл қалада рим
императорының сарайлары орналасқан.
1550 жылы наурыз айында ІІІ Юлий Тибур кіші қалашығына (қазіргі
Тиволи) жаңа басқарушыны кардинал Керрар ІІ Ипполит де Эстені тағайындайды.

Тиволи қалашығына келісімен, кардинал жаңа саябақ салып безендіргісі
келді. Сол үшін ол жер сатып алып б.з.д. 50-жылдарға жататын Виктор
Грекулестің храмына жақын жерді иемденді. Ал жақын маңайда Адриан
императорының антика дәуіріне жататын сарайлары орналасқан. Осы
территорияда Греция мен Египет стилінде жасалған сарайлар, Фессалида Олимп
беткейіндегі Темпей аңғары, Ликей, Аифина академиясы, Әулие александриядағы
серапис құдайы орналасқан.
Кардинал де Эсте Тиволи қаласында таң қалдыратын саябақ салғысы
келді. Сол үшін ол император Адрианның сарайының архитектурасын
көркемділігін мұқият зерттей бастады.
Археологиялық қазбаларда Адриан сарайына грек және рим мәдениетіне
жататын мүсіндер табылып, галереяға қойылды. Осыған байланысты де Эсте
саябақ-мұражайға айналды.
Ипполит де Эсте ІІ өз өмірін саябақтың салынуына, әсіресе фонтандарды
салуға көп уақыт жіберді. (кейін фонтандар бұл саябақтың ең басты
қызықтыратын объектісі болып есептелінеді). Бұл саябақтың салынуына 22
жылдай уақыт кетеді.
400 жыл бойы Тиволи қаласындағы бұл саябақ ең көрікті де танымал
болған. Өкінішке орай біздің заманымызға бұл саябақтан сақталынған аз нәрсе
қалды.
Үш қабатты кардиналдың резиденциясының негізгі фасады римға қарсы
тұрады. Ең басты архитектуралық құрылысында 2 жаққа салынған табалдырық
болып есептелінеді. Оның төменгі ярусы фонтандық гротқа ұқсас болып келеді.
Табалдырық арқылы екінші қабатқа көтеріліп, ал екінші қабаттан сарайдың
негізгі залына кіруге болады. Кейінгі кезде орталық негізгі қақпадан басқа
үш әдемі қақпалар салынды. Бұл негізгі табалдырық фасады секаторлар
Капитолий сарайындағы Микеланджело табалдырығына ұқсастырылып жасалынған.
Тиволи қаласындағы саябақ бүкіл әлемнің бейнесі ретінде салынған деп
ойластырылған.
Бұл саябақ басталысында библияның тасқын суларының жасаулары сияқты
таулардың басынан сарқырама алып, ал таудың өзі ежелгі Вавилон саябағымен
салыстырғанда биік болған. Нептун фонтаны теңіз шығармашылығы сияқты
құрастырылса, ал бас қа фонтан эфестегі Артемида храмы сияқты ұқсастырылып
жасалған.
Де Эсте саябағы үлкен емес. 300 жыл бұрын вилланың жоғарғы балконында
бүкіл аймақты көруге болар еді. Бұрында бұл саябақтың төменгі аймағында
әсемдігін көрсететін гүлдер еді, ал қазіргі кезде гүлдің орнына ағаштар
өскен. Олардың арасында орманға ұқсас кішігірім жүретін жолдар ғана бар.
Саябақтың жоспары симметриялы банан (11 көлденең, 9 тігінен)
Негізгі есігі арқылы саябақ аллеясының орталығына түсуге болады.
Бірінші көлденең осінен қиылысқан кезде бірден төбеге қарай өрлегенде
резиденцияға тап болсаың.
“Саябақтағы де Эсте вилласынан магиялық көрікті орындары ретінде
каскар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық саябақтардың түрлерін жіктеу
Экологиялық туризм географиясы.Ауылдық туризм географиясы
Альпі және Карпат тауларына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Тематикалық парктер
Қорықтар мен ұлттық парктер
Швеция
Ақш үкіметі
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары
Ландшафт дизайнының тарихы
Пәндер