Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері.
«Ақша, несие, банктер» пәнінен
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І-бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
1. 1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы . . . 6-7
1. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы . . . 7-9
1. 3. Бағалы қағаздар шығару механизмі . . . 10-11
1. 4. Қор биржасының қызметі . . . 12-14
ІІ-бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
2. 1. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары . . . 15-19
2. 2. Бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылары . . . 19-21
2. 3 Бағалы қағаздар нарығын Агенттіктің реттеуі. . 21-23
ІІІ-бөлім. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
3. 1. Акциялар . . . 24-29
3. 2. Облигациялар . . . 29-33
3. 3. Бағалы қағаздардың басқа түрлері . . . 33-36
Қорытынды . . . 37-38
Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе
Бағалы қағаздар - бұл капитализмнің бас кезінде қалыптасып және мемлекеттік монополиялық капитализмнің кезінде дами бастады. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында түбегейлі өзгерістер енгізіле бастады. Оның нарық құрлымында, функционалдық механизмде және бағалы қағаздар сату нарығында өзгеріске ұшырады
Экономиканы қаржыландыруда бағалы қағаздар нарығы басты орын ала бастады. Бұл жаңа тенденциялар, Қазақстанның бағалы қағаз нарығында акционерлік қоғам, қаржы қорларын және инвестиция, ақша жинақы қорларды құрастырғанда үлкен маңызды рөль атқара бастады.
Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты бағалы қағаздар нарығының не екенін және экономикадағы рөлін түсіну үшін. Бүгінгі күнде бұл актуальды проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар және оның нарығы еркін мобилизацияланған ақша айналымында жеке меншікке және мемлекетке үлкен рөль атқарады. Өтпелі экономикада және ТМД мемлекеттерінде бұндай функция бағалы қағаздар тез арада қалыптасқан. Бағалы қағаздар нарығы Қазақстанда 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде бағалы қағаздар тек акционерлік қоғамдар құрамында, облигациялар түрінде болды.
Қазақстан Республикасының мемлекетті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасын бағалы қағаздар нарығының негізгі әрекеттерін құру процесін жеңілдетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар ретінде қайта құру олардың инвестиция таратудың ең бір тиімді механиздердің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға туғызса; ал облигация шығару ақша ресурстарын; оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланыстың өзекеті мәселенің бірі, келесі элементтерден тұрады:
элементтер, яғни әр-түрлі бағалы қағаздар шығарылатын шаруашылық субъектілері;
инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, диллерлер, инвестициялық басқарушылар және т. б. ;
инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнет ақы қорлары және т. б. ;
қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және т. б. бағалы қағаздарды тіркейтін сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыты, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операциаларды меңгеру міндеті пайда болғаннан анықтайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық мәні бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдылы ұғынуды талап ететін күрделі де, қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғарғы білімді мамандар дайындау уақыт талабы.
Жұмысты жазу барысында мақсат бағалы қағаздардың түрлерін теориялық және экономикалық мәнін ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде - бағалы қағаздар нарығындағы қарастырылатын басты мәселе тауар ақша қатынастары мен меншік қатынастар жағдайындағы дамудың немесе мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекменшіктендіру арқылы ғана жүзеге асыруы б. т., яғни сонымен қатар көптеген елдерде жекеменшіктендіру нарықтық экономика жағдайындағы жүру жолдарын қарастырады.
Екінші бөлімде - мұнда бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Кәсіби мамандардың атқаратын қызметін және міндеттерін қарастырылған.
Ал келесі үшінші бөлім - бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бұл бөлімде акция, облигация және т. б. сол сияқты басқа да бағалы қағаздар түрлері қарастырылып отыр.
І-бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
1. 1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегi тауар-ақша қатынастары және меншiк қатынастары жағдайында дамуы мүмкiн. Мемлекеттiк меншiктi жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекемешiктендiру арқылы ғана iске асады. Соңғы онжылдықта дүние жүзiнiң көптеген елдерiнде жекеменшiктендiру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрдi. Сондықтан жекеменшiктендiрiлген кәсiпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердiң жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттiк кәсiпорындарды жекеменшiктендiру оларды акцияландыру арқылы жүргiзiледi. Себебi, көптеген кәсiпорындарда, халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкiндiк алады. Жекеменшiктендiру бағалы қағаздардың жаңа түрi - жекеменшiктендiру чектерiн (купондарын) өмiрге келтiрдi. Бұл мемлекеттiк бағалы қағаздардың бiр түрi, олар өз несиесiне мемлекеттiк иелiгiнен алып, жекеменшiктендiрiлген меншiктiң бiр бөлiгiн қайтарымсыз пайдалануына құқық бередi.
Iрi және орта кәсiпорындарды жекеменшiктендiру оларды акционерлiк қоғам рентiнде қайта құрудан басталады. Акционерлiк қоғамның иесi - акционер, олардың меншiк құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшiктендiру чектерiне кез келген жекеменшiктендiрiлген кәсiпорынның акциясын сатып алуға болады. Сонымен бiрге жекеменшiктендiру чегiне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектердi өздерiнде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алушы сол қордың иемдеушiсiнiң бiреуi болып есептеледi. Қор оған өз пайдасының бiр бөлiгiн төлейдi. Инвестициялық қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепiлдiк бермейдi.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшiктендiру чегiн мұра етiп қалдыруға, сыйлық ретiнде беруге және сенiмхатпен басқа адамға беруге де болады. Бiздiң елiмiзде мемлекеттiк меншiктi жекеменшiктендiру және жекеменшiктендiру чегiн акция сату 1994-1995 жылдары өттi. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорлар чектерiн тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшiктендiру бiр жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрi - жекеменшiктендiру чегiн нарыққа әкелсе, екiншi жағынан кәсiпорынның жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акцияонерлiк қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен аблигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерiн шығаруға да себепшi болады. Сонымен, кәсiпорындарды жекеменшiктендiру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.
1. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.
Жалпы қаржы нарығы бiрiне-бiрi байланысты және бiрiн-бiрi толықтырып тұратын, бiрақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
Бiрiншiден , айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметiн атқаратын қысқа мерзiмдi төлем құралдары (вексельдер, чектер және т. с. с. ) жатады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазiргi кезде айналымдағы қағаз ақшаның құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы ұлттық өнiм жылына 5 % -ке, ал айналымдағы ақша - 6-7 % -ке өссе, онда жалпы ұлттық өнiмдi сату да оңайға түседi. Онда экономикада жағымды өзгерiстердi аңғаруға болады.
Екiншiден , қарыз капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзiмдi банктiк несие нарығы. Коммерциялық банктер қысқа мерзiмдi несиенi қайтарылуына көзi жеткенде ғана жоғары проценттiк өсiммен бередi. Бұл несиенi өзiнiң айналым қаржысы жоқ кәсiпорындар алуына мәжбүр.
Үшiншiден , бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбiр белгiлерi КСРО-да қазан революциясына дейiн болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгiсi болған жоқ. Ал 90-жылдардың басында ТМД елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда, басталған нарық қатынастары даму және одан әрi жетiлу үшiн белгiлi бiр уақыт қажет. Қазiргi кезде бюджет тапшылығын - ақша белгiлерiн шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттiк бағалы қағаздардың бiрi - қысқа мезрiмдi мемлекеттiк вексельдер (ГКО) шығарумен айналысуда.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетiлген құны (номиналы) өте төмен болғанымен белгiлi бiр мөлшерiн көрсетедi. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құннан (номиналынан) жоғары болады (керiсiнше де болуы мүмкiн) . Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың “жалған капитал” екенiн көрсетедi.
Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi (сауда, қарыз капиталдар) .
Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердiң реттеушiсi. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесiне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқжат өндiрiс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан керi алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмi - сату-сатып алу арқылы тиiмдi өндiрiске бағыттап отырады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшiн оның құрамдас бөлiктерi болуы қажет. Олар:
- Сұраныс пен ұсыныс;
- Делдалдар мен басқа қатысушылар;
- Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктерi, қор биржалары, инвестициялық институттар және т. с. с.
- Нарықты реттейтiн және өзiн-өзi реттейтiн жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөлiктерi қазiргi уақытта негiзiнен құрылып болды. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтiмдiсi, Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдiсi және ең өтiмдiсi мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi. Мемлекеттiк қарыз мiндеттемелерi нарығының ерекшелiгi оған қатысушыларға байлынысты:
- Мемелекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi Қаржы министрлiгi;
- Ұлттық банк - оның қаржы агентi (уәкiлi), сонымен бiрге мемлекеттiк бағалы қағаздардың диллерi.
Мемлекеттік бағалы қағаздар деп мемлекет атынан шығаратын бағалы қағаздар.
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрлерi:
- Мемлекеттiк қазыналық вексельдер;
- Мемлекеттiк қазыналық аблигациялар;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары;
- Жекеменшiктендiру купондары.
Мемлекеттiк қазыналық вексельдер мен мемлекеттiк қазыналық аблигацияларды Қаржы министрлiгi шығарады.
1. 3. Бағалы қағаздарды шығару механизмі
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с. с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздар (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) басқа Мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтағы бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айнайналымы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде оларды иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушін эмитент деп атайды. .
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлғалаipға мүмкін) :
Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарлық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда;
Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқыпы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.
Эмиссия проспектісінің бірінші бөлімнде эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні керсетiлдi. Ал екінші бөлімыде инвестициялық мәләметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші бөлімінде бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады.
Ал қорытынды бөлімдерінде бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын баска да хабарлар орын алады қорыта айтқанда, эмиссия проспекткінсін шығару эмитентін сенімділгін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, алып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
1. 4. Қор биржасының қызметi
Қор биржасы құнды қағаздардың екiншi нарығын ұйымдастырушы болып табылады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда несие-қаржы институттары тұлғасында ұжымдық салушы iс-қимыл жасайды. Биржадан тыс нарықта, көбiнесе, облигациялардың үлкен бөлiгi орналастырылады. Биржада керiсiнше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдарының, негiзiнен акционерлiк қоғам акциясының бағасы белгiленедi.
Қор биржасы жабық және кемiнде 3 мүшесi болуы тиiс. Тек, қор биржасының акционерлерi ғана оның мүшелерi болады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзiн-өзi өтеуге негiзделген және өз қызметiнен өзiнiң мүшелерiне табыс төлемейдi. Қор биржасының ең аз жарғы капиталы заң жүзiнде белгiленедi. Қор биржасы инвестиция институты қызметiмен шұғылданбайды, бiрақ биржаға мүше болуға құқық беретiн өз акцияларын шығарып, сата алады.
Қор биржасы кәсiпорындар туралы заңға сәйкес тiркелiп, Қаржы министрлiгiнде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргiзуге лицензия алады.
Құнды қағаздар операцияларын тауар және биржалардың қор бөлiмдерiнде де лицензиясы бар болса, жүргiзе алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлiмiнде заң тәртiбiмен бекiтiлген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалынатын мәмiлелердiң iшкi ережесi негiзiнде жұмыс iстейдi.
Қор биржасының қаржы қызметi мыналардың есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн:
- қор биржасының оған мүшелiкке енуге құығын беретiн акцияларын сату;
- қор биржасы мүшелерiнен мүшелiк жарналары;
- биржада жасалынған әрбiр мәмiледен алынатын биржа алымы;
- биржа қызметiне түсетiн басқа табыстар;
Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетiлдiруiне байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Қор биржасы қаржы министрлiгiмен келiсе отырып құнды қағазды саудаға жiберу - листинг, сондай-ақ оларды шығару делистинг ережелерiн белгiлейдi.
Қор биржасының негiзгi қызметi (функциялары) :
- Бос ақшалай капиталдар мен жинақтарды құнды қағаздар сату арқылы шоғарландыру;
- Мемлекет және басқа шаруашылық ұйымдарды, олардың құнды қағаздарын сатып алу арқылы несиелеу, қаржыландыру;
- Құнды қағаздарға салынған салымдардың керi қайтарымының жоғарғы деңгейiн қамтамасыз ету.
Биржалық операциялар
Негiзгi биржалық операциялар мыналар: листинг, делистинг, бағалау, опционды, форвардтық және фьючерстiк келiсiмдер жасау, есептесу, клиринг, консалтинг т. б.
Қор биржасы құнды қағаздардың сұранымы мен ұсынысын шоғырландыруға, акционерлiк капиталдың қызметiнiң тиiмдiлiк деңгейiн көрсететiн биржалық баға қалыптасу негiзiнде олардың теңестiрiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Барлық ресми тiркелген қор биржаларында қор құндылықтарының айналу процесi арнайы биржалық процедура - листингте (сөзбе-сөз “тiзiмге қосу ”) табысты өткен құнды қағаздар мен жүзеге асырыла алады. Құнды қағаздардың нақты тирлерiнiң листингi, яғни олардың биржа тiзiмiнде пайда болуы олардың саудаға қатысуына рұқсат етiлгендiгiн бiлдiредi және де биржа саудасына араласып жүрген кез келген басқа құнда қағаздарға берiлетiн артықшылықтарды бередi. Листинг артықшылықтарына ең алдымен мартабильдiлiгiнiң жоғарлығын, сондай-ақ олардың бағасының тұрақтылығынан түсетiн пайдасының жоғарлығы жатады. Сол беттерде енгiзiлген қор құндылықтарына қаражат салудыш шешкен кез келген инвестор, солармен бiрге қор биржалары ұсынатын барлық қорғау құралдары кешенiн қосатын барлық артықшылықтарға ие болады. Бiрақ қор биржасы листингтен өткен компания акцияларына салынған инвестициялардың кiрiстiлiгiне кепiлдiк бермейдi.
Биржа - акциялардың нарықтық құнын қолдау жүйесi. Компаниялардың бiрiгуi немесе бағалау акциялардың, әдетте төмен болатын кiтаптық, баланстық құнына емес, нарықтық курстық құнына сүйенедi. Бiрқатар елдерде листинг компанияға салық салу кезiнде елеулi шегерiмдер беруге негiз болып табылады. Сондай-ақ мұндай парақтарда тұрған компанияларға қарыз немесе несие керек болған жағдайда банктер мен қаржы институттарының сенiмi мен жақсы қатынасына қол жеткiзу жеңiл болады, сонымен қатар тiзiмдiк (листингтiк) акцияларға коньертанциялатын облигациялардың жаңа шығарымын орналастыруды жеңiлдетедi. Сонымен, листинг - нарықты қолдау жүйесi, ол ұйымдасқан нарықүшiн қолайлы жағдай тудырып, ең сенiмдi және сапалы құнды қағаздарды анықтауға мүмкiндiк бередi.
ІІ-бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
2. 1. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби мамандары.
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етiп, оның мiндетiн атқаратын кәсiби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмысты баға белгiлеу үшiн және қажеттi хабарды тарататын компьтерлiк техниканы қажет етедi. Ол үшiн қазiргi уақытқа сай нарыққа әдейi дайындалған кәсiби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбiр күтпеген жағдайды шешетiн психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бiрге бағалы қағаздар нарығы кәсiби мамандарының тәжiрибесiнiң маңызы мен олардың сезiмталдығын (интуиция) да бағаламауға болмайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсiби мамандары:
1. Брокерлер - делдал ретiнде келiсiмге қатынасатын адамдар. Брокер келiсiм жасасатын әрбiр жақты табыстыруды көздейдi. Брокер өкiл емес, ешбiр жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негiзiнде жұмыс iстейдi. Брокерлге әрбiр жеке келiсiмдi жасасуға арнаулы өкiлеттiк берiледi. Ол тек сол өкiлеттiк шегiнде әрекет етуге мiндеттi.
2. Дилерлер - өз капиталымен келiсiм жасайтын делдалдар.
3. Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлерi, инвестициялық қорлардың қызметкерлерi және нарық қызметiн реттейтiн ереже-заң шығаратын мемлекеттiк шенеунiктер мен заң қызметкерлерi қатысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz