Дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘОК Қолжазба құқығында
ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТЕГІ КИКІЛЖІҢДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
19. 00. 01 - жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы бойынша
Психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: пс. ғ. д,
профессор
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыпты зерттеудің көкейтестілігі Н. Ә. Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде « . . . қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1; 5-6] .
Әлемдегі жаһандану үдерістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М. М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « . . . кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді» [2; 32] .
Қазіргі кезде халқымыздың тарихы, мәдениеті жаңаша қаралып, өзіндік ақиқатымен танылу қажеттігі туып отыр. Ал дәстүрлі мәдениеттің дала даналығының психологиялық келбеті-сөз құдіретінде тұр. Әсіресе, бітпес даулардың шешу тәсілі-әрекеттен гөрі нақты сөз болған.
Әлемдік өркениетке қадам басудың өзегі ұлттық мәдениеттен бастау алуы заңды құбылыс екені белгілі. Ол туралы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасында: «Білім беруді жаңарту үрдісі деп - ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, рухани құндылықтарын, яғни оқу-тәрбие үдерісін біртұтас алып жүретін дәстүрлі мәдениет негіздерінен құралатын ұлттық идеологиялық бағыттың тұрақты бір жүйесін түсінеміз» - деп айқын көрсетілген.
Бұл қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарының мақсаты, яғни білім беру жүйесіндегі ұлт мәдениетінің басты типі, қазақтың дәстүрлі қолөнері және рухани мұрасы, тарихи ескерткіштерін оқып-білу негізінде жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Мәселенің өзектілігіне дәлел ретінде «Білім туралы» заңның 16 бабын келтіруге болады. Онда:
- Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. Мұның барлығы білімді ұлтандыру, ұлттық идеология негізінде жүзеге асады.
Жалпы орта білім берудің мақсаттары Қазақстан Республикасының Коституциясында бекітілген еліміздің білім беру саясатындағы негізгі ұстанымдарға, Қазақстан. Республикасының «Білім туралы заңына» Қазақстан халқының ұлттық - тарихи және этникалық дәстүрлеріне, кең ауқымда ойлауды қалыптастыруға бағытталған жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес анықталады [3] . Қазақ мәдениетінің бел-белестеріне көз жіберер болсақ, таңдап алынған мәселенің көптеген зерттеушілерді толғандырғанын байқаған болар едік. Ш. Уәлиханов[4], С. Мұқанов [5], Ә. Марғұлан [6], Ш. Ыбыраев [7], Ә. Қоңыратбаев [8] секілді ғалымдар бұл төңіректе өз ой-пікірлерін айтып кеткені мәлім. Олардың айтқан ойлары Ә. Бөкейханов[9], А. Байтұрсынов [10], Х. Досмұхамбетов[11] еңбектерінде жалғасын тапты. Ал орыс ғалымдары В. Я. Пропп [12], Ф. М. Селиванов[13], Б. Н. Путилов [14], Д. С. Неклюдов [15], Е. М. Мелетинский [16], Л. Н. Гумилев [17], А. Я. Гуревич [18], А. Ф. Лосев [19], Д. С. Лихачев [20], Л. Н. Коган [21] және тағы басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады. Дәстүрлі мәдениеттің сан-салалы мәселелерін белгілі зерттеушілер философиялық тұрғыдан Ғ. Есім [22], Ж. Молдабеков[23], А. Х. Қасымжанов [24], Д. К. Кішібеков [25], А. Қасабек [26], М. Орынбеков [27], Ж. Алтаев [28], және т. б. ғалымдар қарастырса, мәдениеттану саласы бойынша Н. Байтенова [29], Қ. Шүлембаев[30], З. А. Мұқашев[31], Б. Нұржанов[32] т. б. ғалымдар еңбектерінде арқау болады.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» жолдауында еліміздің болашағы жастар екендігі айтылады. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын тәрбиелеп шығару екенін ескертеді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психофизиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі кезде халқымыздың тарихы, мәдениеті жаңаша қаралып, өзіндік ақиқатымен танылу қажеттігі туып отыр. Ал дәстүрлі мәдениеттің дала даналығының психологиялық келбеті-сөз құдіретінде тұр. Әсіресе, бітпес даулардың шешу тәсілі-әрекеттен гөрі нақты сөз болған.
«Қазақ ат сүрінгенше ақыл тапқан ұшқыр ойды қастерлеген, халық ауыз әдебиетінде асыл мұраларын қалдырған. Ауыз әдебиетіндегі өшпес орны бар шешендік сөздер, билер сөзі. Шешендік сөздерде дала өмірінің қағидалары, шиеленіскен қайшылықтарды шешудің ережелері, даналық үлгілері дерлік тұжырымдар кездеседі. Шешендік сөздер көп ретте билер сөзі ретінде таралып сақталған. Онда біріншіден, билер барлық кезде іс әрекеттерінің бәрінде елдің мұқтаждарын өзінің қажеттіліктерінен жоғары қойған. Екіншіден, елдік мәселелерді шешкенде адамдарды алаламай, кісілік дәрежесін ескеріп отырған. үшішіден, билер дау жанжалдарда төрелік айтқанда әділетті болған, ақиқатқа жүгінетініне халықты сендірген.
Белгілі билердің кесімді билік сөзін, дауларды, түрлі кикілжіңді жағдайларды ұлттық психологияға тән әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шешуі және ұлттың психологиясына тән мұндай әдіс-тәсілдерді ғылыми тұрғыдан жан-жақты этнопсихология саласында бұрын-сонды арнайы зерттелмеген.
Қазіргі уақытта кездегі кикілжіңді жағдайларды шешуде билердің, шешендердің сөздерін, мақал-мәтелдерді қолданудың маңыздылығы қаншалықты орын алады деген сауалдар да туындайды. Қазіргі кездегі кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерінде қазақ халқының қандай басты ерекшеліктері бар деген сауалдар туындайды. Кикілжің мәселелерін тұлға ішілік дау-дамайларды түсінудің негізгі бағыттарына Ресейлік ғалымдар А. Я. Анцупов [33], А. И. Шипилов [34], психоаналитикалық бағыты, З. Фрейд [35], гумманистік бағыттарын К. Роджерс [36], А. Маслоу [37], Н. В. Гришина [38], тағы басқалар сияқты ғалымдардың кикілжің мәселелерін жан-жақты зерттесе, этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеялары туралы отандық ғалымдар М. М. Мұқанов [39], Қ. Б. Жарықбаев [40], С. М. Жақыпов[41] т. б. қарастырады, бірлескен диологтық танымдық іс-әрекет жөніндегі идеялар негізін С. Қ. Бердібаева[42], О. С. Сангилбаев[43] және т. б. еңбектерінде қарастырылады. А. Я. Анцупов пен А. И. Шипилов көрсеткендей, «XX ғасырда болған кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп боды. Екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін соғыс, өзін-өзі өлтіру-бұл аталған кикілжіңдер ең кем дегенде 300 миллонға жуық адам өмірін жойды» [44] .
Кикілжіңдерді жою, болдырмау біздің пікірімізше қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Кикілжіңге айналуға жақын жағдайларды ерте алдын-алу және оларды ақылмен шешуге тырысу ең тиімді тәсіл болып табылады.
Жаңа нарықтық қатынастарға көшуге орай, адамдарда тек қана жаңа таптаурындар пайда болып қана қоймай, олардың ойлауы мен дүниеге көзқарастары өзгерді, бір-бірімен қарым-қатынастары басқаша болады. Мысалы: махаббат, Отан, сенімділік деген сияқты маңызды ұғымдар өз мәнінен айрылады.
Осы міндеттерді шешу үшін кикілжіңдер туралы біздерде бар білімдерді жалпы жүйеге келтіру және ол туралы ғылымның әдіснамалық, әрі теориялық негіздерін анықтау қажет, кикілжіңдерді шешуді немесе жоюды үйрету тәсілдерін белгілеу қажет.
Кикілжіңді ескерту, оны аяқтау немесе шешуден гөрі пайдалы, әрі ақылға қонымды. Сондықтан да кикілжіңді ескертуге бүкіл қоғам мен мемлекет болып едәуір күш-қуат жұмсайды. Негізінен, бұл мемлекет аралық немесе қылмыстық кикілжіңдерге байланысты, ал қазіргі уақытта өмірге, денсаулыққа, қоғамдық қызығушылықпен құндылықтарға қауіп төндіретін кикілжіңдерге де байланысты.
Кикілжің мәселесі оны жою, әрі шешу түрлі конференция мен семинарларда қаншама рет талқыланды.
Дәстүрлі мәдениттегі билердің кикілжің жағдайларды шешілу тәсілдеріне көңіл бөлу мақсатымыз - сол дәуірде билердің кикілжіңді жағдайларды астарлы тәсілдермен шешуі ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін этнопсихология саласында зерттеудің маңызы зор.
Этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеяларын Қ. Б. Жарықбаев сипаттаған. Олардың психологиялық ой-толғаныстарына тоқталып өткен [ 45] .
Ф. Ташимова еңбектерінде қазақ мәдениетінің субъекті түсінігі былай сипатталады: «субъектілердің творчестволық тарихи тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа тікелей және жанама жолдармен жалғасқан» деп қарастырып ол өзінің еңбектерінде қазақ мәдениетіне тән субьекті түсінігіне көңіл бөлген. Онда автор «қазақтарда ата-бабаларының рухы немесе жеті атасын білуі, өзінің ұлттық болмысын саналы түрде түсінуіне, ата-бабалары арқылы жинақтаған рухани байлықтарын ой елегінен өткізіп, жеткізе білуіне іс-әрекеттері мен таптаурындарынан айқын көрінеді- деп тұжырымдайды [ 46] .
Қазақ «ат сүрінгенше ақыл тапқан, ұшқыр, тапқыр ойды қастерлеген, халық ауыз әдебиетінде өшпес мұралар қалдырған.
Ұ. Ауталипова, С. Қоңырбаева еңбектерінде « . . . қазақ халқында дау-дамай мәселесін шешуге әр ауылда аузы дуалы ақсақалдар, елге танымал би-шешендер атсалысты. Билер институты мен қазылар алқасы халық арасында жер дауы, егес, керіс, талас-тартыс, дау-шар, қақтығыстарды шешуде ұлттық психологияға тән әдіс-тәсілдерді қолдана отырып шешкендігін ауыз әдебиеті мен тұлғалар өміріне қатысты тарихи еңбектерден білеміз. Алайда, бұл халықтық психологияның мұндай әдіс-тәсілдері әлі де ғылыми түрде зерттелуді күтіп жатыр», - деп қарастырған [ 47] .
Тіл қарым-қатынас құралы десек, кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерінде оның алатын орны өз мәнін жойған емес. Мақал-мәтелдерді қазіргі жастардың кикілжіңдерді шешу тәсілдерінде орынды қолдануы ұлттың әлеммен өзара қарым-қатынасындағы, логикалық ойлау құрылымындағы ұлтқа тән психологиялық ерекшеліктерін айқындай түседі.
Өкінішке орай, қазіргі кездегі жағдайларды ескерсек, өз ұлтымыздың ішінде ұлттық құндылықтарды игермеуі, ескермеуі, салт-дәстүріне немқұрайлықпен қарайтын адамдардың болуы кең көлемде өз алдына зерттеу жүргізетін психологиялық мәселеге айналып отыр.
Халқымыздың ұлттық санасында этникалық сәйкестіліктің болмауы түрлі әлеуметтік келеңсіз жағдайларға, мәңгүрттікке, тіліміздің өсуінен өшуіне, мәдени дәстүріміздің дамуына кедергі болуы мүмкін жағдай.
Бұл зерттеуге алынған еңбектің ерекшелігі орыс тілді қала қазақтары мен ауылдан келген қазақ жастарының қазіргі кездегі кикілжіңді жағдайларын шешу тәсілдеріндегі ерекшеліктерін анықтау, қарым-қатынастағы тілдің логикалық құрылымындағы этнопсихологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
Біздің халқымыздың дәстүрлі мәдениетіне даулар немесе кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін тек сөзбен, іспен, күшпен ғана емес, бет-пішінінен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ой-пікірді айқын танытып істі бітіре салатын болған. Мұндай іс-қимылдарды келісу, ашу-ыза т. б. сәттерінде ыңғайын тауып пайдалану шеберлікті де, сезімталдықты, тапқырлықты бейнелейді. Ең бастысы-қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кикілжіңдерді шешу тәсілдерінің этнопсихологиялық ерекшелігін анықтап, қазіргі кездегі жағдайларда оның алатын орны қандай деген сауалдарға ізденістер.
Осы қарама-қайшылықтың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және «Д әстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді шешу тәсілдерінің оқу үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктері » деп тақырып таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны: билер сөзі, шешендік сөздер, жыраулар дәстүрлі мәдениет үдересі.
Зерттеу пәні: қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі билердің кикілжің жағдайларды шешудің этнопсихолгиялық мазмұны, шешендік сөз, дау, жыраулар, кикілжіңнің қазіргі кездегі шешу тәсілдері, пікірталас т. б
Зерттеу мақсаты: Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжіңді жағдайларды шешудің этнопсихологиялық ерекшеліктерін оқыту үдерісінде қолданудың психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын тәжірибеде тексеріп, нәтижесін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Психология ғылымындағы дәстүрлі мәдениет пен фольклордың ара қатынасын теориялық зерттеу;
- Психология ғылымында дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді зерттеудің теориялық жолдары;
- Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі билердің, шешендердің кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін эмперикалық-эксперименттік зерттеу;
- Дәстүрлі мәдениеттегі шиеленістерді шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу;
- Эксперимент нәтижелерін талдау, интерпретатациялау, қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми болжамы егер, билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері мен тұлғаның танымдық процесстерінің негізі рациональды логикалық құрылымымен өзара тікелей байланысты боласа, онда кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері билердің тұлғалық және этнопсихологиялық ерекшеліктерімен тікелей тәуелді болады.
Зерттеу жаңалығы: зерттеудің нәтижесінде келесі нәтижелер алынды, біріншіден, дә стүрлі мәдениетте даулар мен жырауларда шешендік сөздерде, билер сөзінде «жанама түрде, «астарлап айту, мысқылдап айту, ымдап айту, қарсыласын бастырмалату, өзіне иландыру тәсілі, өткірлеп бейнелеу тәсілі арқылы билердің кесімді билік сөздері бүтін халықтың тағдырын шешуде маңызды орын алған, ал қазіргі кезде кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері келіссөз, алдау-арбау, жүйелі жоспарлау, көбінесе тікелей шешу тәсілдерінен анықталды.
Екіншіден, әр адам кикілжіңді жағдайларда оны шешу жолында «өз менің қорғау механизмдері, өзін көрсету, әсіресе орыс тілді қазақ жастарында тікелей шешу жолдарымен іске асқандығы анықталды. Қазақ тілді жастардың таптаурындарында "астарлы" шешу тәсілі қалыптасқандығы анықталды.
Үшіншіден, дәстүрлі мәдениеттегі кикілжіңді жағдайларды шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғанда айырмашылықтары мен ұқсастықтары бары анықталды.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:
1. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерінің мәні болашақ жас ұрпақтардың ұлттық сан-сезімдерінің оянуына түрткі болуымен қатар, тілдің дамуына, өз дәстүрін қастерлеуге, тұлғаның мәндік жүйесіне сәйкес белгілі бір кикілжің жағдайлардан шығу тәсілдері мен амалдарын игеруге және өзін-өзі таныту амалдарын қалыптастырады.
2. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі билердің кикілжіңдерді шешу тәсілдерінің этнопсихологиялық ерекшеліктері, билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдері тұлғаның таңымдық процесстерінің негізі рациональды логикалық құрылымымен тікелей байланысты болуы ұлтқа тән өзіндік сипатынан көрініс табады.
3. Студенттер мен мектеп оқушыларына дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріне көңіл бөлуі, ұлттың рухани қазынасын саналы түрде меңгеруі, түсінуі ұлттық сана-сезімдерінің қалыптастыруына жүйелі түрде құрылған кешенді әдістемелер арқылы қамтамасыз етіледі.
4. Дәстүрлі мәдениеттегі шиеленістерді шешу тәсілдерін, қазіргі кезбен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу адамдардың қарым-қатынасындағы белсенді іс-әрекеті кезіндегі мотивті, эмоциялық, когнитивті, бағалаушы көрсеткіштері арқылы көрініс береді.
Таңдау көлемі жалпы зерттеу жүргізу барысындағы эксперименттік және бақылау тобын іріктеу төмендегі критерийлер негізінде жүзеге асырылады:
Зерттеу тобын жоғары оқу орындарындағы 2-4 курс студенттері (100; әр курстан 50 студент) құрайтын болса, бақылау тобын жоғары оқу орынындағы болашақ әр түрлі мамандық бойынша (физик -матеметик, тіл маманы) даярланып жатқан 100 студент(әр мамандықтан 50 адам) құрайды. Білім беру мекемелеріндегі 12-17 жас аралығындағы дарынды балалар іріктеліп бақылау тобына алынатын болса, салыстырмалы түрде дарынды балаларды оқытатын арнайы білім беру мекемелеріндегі дарынды балалар эксперимент тобын құрайды. Сонымен қатар 35-60 жас аралығындағы әр түрлі жас ерекшеліктеріндегі адамдардың кикілжің жағдайларды шешу тәсілдерін анықтау үшін ой-пікірлері салыстырмалы түрде алынады.
Зерттеу базасы: негізгі эксперименттік зерттеу жұмыстары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің филология, физика-математика, психология-педагогика факультеттерінде, мектептер және салыстырмалы түрде зерттеуге алынатын қала мен ауылдан іріктеліп алынған дарынды балаларды оқытатын арнайы білім беру мекемелеріндегі дарынды балаларға да жүргізіледі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуде тұлға ішілік дау-дамайларды түсінудің негізгі бағыттарына З. Фрейдтің психоаналитикалық бағыты, К. Роджерстің, А. Маслоудың гумманистік бағыттары, А. Л. Анцупов, Н. В. Гришина, А. И. Шипилов тағы басқалар сияқты ғалымдардың кикілжіңдерді зерттеуге қосқан ойлары, этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеялары туралы М. М. Мұқановтың Қ. Б. Жарықбаевтың, С. М. Жақыповтың бірлескен диологтық таңымдық іс-әрекет жөніндегі идеясы, С. Қ. Бердібаеваның, О. С. Сангилбаевтың еңбектеріндегі ой-пікірлері, Амирова, Ф. С. Тәшімованың Көмекбаева, Ахтаева, Балғымбаева, И. Аманова, еңбектеріндегі қазақ мәдениетіне тән субьекті түсінігіне көңіл бөлген ой-пікірлері, Ұ. Ауталипова, С. Қоңырбаеваның дау-дамай психологиясы туралы идеялары, басшылыққа алынды.
Зерттеуде қолданылған әдістер:
1. Этнопсихологиялық, конфликтология саласын, филологиялық,
педагогикалық, социологиялық, әдебиеттер мен әдістемелік
құралдарды теориялық талдау.
2. Дәстүрлі мәдениеттегі билердің кикілжің жағдайларды шешу
тәсілдеріне контент талдау әдісі.
3. Қазіргі кездегі кикілжің жағдайлардың кездесу жиілігін контент талдау әдісі.
4. Студент жастардың кикілжің жағдайларды шешу тәсілдеріндегі
айырмашылықты анықтаудағы Розенбаумның Q критерий әдісі.
5. Дау-дамайға қатысты тренингітік жұмыстар.
6. Анкета әдістері,
7. Бақылау әдісі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуде тұлға ішілік дау-дамайларды түсінудің негізгі бағыттарына З. Фрейдтің психоаналитикалық бағыты, К. Роджерстің, А. Маслоудың гумманистік бағыттары, А. Л. Анцупов, Н. В. Гришина, А. И. Шипилов тағы басқалар сияқты ғалымдардың кикілжіңдерді зерттеуге қосқан ойлары, этнопсихология саласында дәстүрлі мәдениеттегі ақын-жыраулардың психологиялық идеялары туралы М. М. Мұқановтың Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қ. Бердібаеваның еңбектеріндегі ой-пікірлері, Ф. С. Тәшімованың еңбектеріндегі қазақ мәдениетіне тән субьекті түсінігіне көңіл бөлген ой-пікірлері, Ұ. Ауталипова, С. Қоңырбаеваның дау-дамай психологиясы туралы идеялары, С. М. Жақыповтың бірлескен диологтық таңымдық іс-әрекет жөніндегі идеясы басшылыққа алынды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы . Кикілжіңді жағдайларда, оның ішінде өзара қарым-қатынастардың, даулардың, қарама-қайшылықтардың шешілу тәсілдері маңызды. Практикалық -әлеуметтік тренингтерде қазақ тілді жастардың "жанама" шешу жолдарының этнопсихологиялық ерекшелігі көрінеді. Ұлтқа тән өзіндік ерекшілігін тренингтік жағдайларда, қарым-қатынастарда, кикілжіңдерді шешуде ескеруге болады. Кейбір жеке адамдар, топтар арасындағы түсінбеушіліктерден айқын көруге болады. Әсіресе, орыс тілді қазақ мәселені тікелей шешуге бейім тұрса, ал қазақ тілді адамдар үшін мәселені шешу "астарлы" түрде жүзеге асады. Осы аралықтағы түсінбеушіліктер өзара қарым-қатынастағы қиындықты тудыртады. Практикада ұлтқа тән ерекшілігін ескріп отырудың маңызы бар.
Қорытындылар мен ұсыныстар : қазіргі кезде ауыз әдебиетінің, оның ішінде шешендік сөздердің табиғаты терең зерттеліп ашылуы керек, ал практикалық өмірде шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдерін қолдануда, сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі шешендік сөздерді пайдалану тілімізді дамытуға, сақтауға, қайта жаңғыртуға түрткі болады
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Диссертацияның тақырыбымен негізгі қағидалары еңбекте сипатталды. -халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, Қазақстан Республикасының бақылау комитетінің тізіміндегі басылымдарға мақала жарық көрген.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz