Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасы дегеніміз - жер шарын қоршап тұрған шаң-тозаң, бу мен газдан құралған қоспа, ол күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып отырады. Егер атмосферада ауа болмаса аспан қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Атмосфералық ауа бер кездің өзінде Батыс Сібірде қыста -60 0 С, ал жазда +30 0 С, жыл бойы 90 0 С-қа өзгергенде өмір сүруге қолайсыз болып, көп қиыншылықтар кездеседі. Атмосфералық ауа иіссіз, түссіз, жеңіл, 1м 3 -де 1300 грамм ауа болады. Соған қарамастан жер бетіне түсетін қысым әрбір 1 см 2 1 кг-нан келеді. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады: тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, аммиактан, су буларынан және инертті гелий, неон сияқты газдардан тұрған. Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқыл газдары қосыла бастады. Алғашқы көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутек, метан, аммиак, күкірті сутек газдарын біртіндеп азайта берді. Мысалы, сутек бактериялары жанартаулардан бөлінген күкіртті сутекті тотықтырып, ауаға оттек газын бөле бастады.
Ауа газдары құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер бетіндегі тіршіліктің - өсімдіктер және жануарлар болып екіге бөлінуіне себепші болды. Атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады (процент есебімен) : азот (N) - 78, 08, оттек (O) - 20, 95, аргон (Ar) - 0, 93, көмір қышқыл (CO 2 ) - 0, 003, неон (Ne), гелий (He), ксенон (Xe), родон (Rn), тағы басқалары - 0, 01. Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң мен су булары бар.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды, қандай ауа болса да дем алуға мжбүр. Егер қорексіз 5 апта, сусыз 5 тәулік өмір сүруге болса, ауасыз 5 минутта тұра алмайды. Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг немесе 11 мың литр ауа өтсе, қойға - 20 мың, ал жылқыға - 86 мың литр ауа керек.
Ауа табиғи және жасанды (адамдардың іс-әрекетінен) жолмен ластанады.
Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады. Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:
1. Топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң,
2. Энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары,
3. Транспорт,
4. Өндіріс орындары,
5. Химиялық өндіріс,
6. Минералды тыңайтқыштар өндірісі,
7. Шаң, ыс, тозаң, асбест,
8. Өрттер нәтижесінде түзілетін газдар,
9. Вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.
Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар. Ауыр металдардың өндіріс көздері.
- улыхимикаттар өндірісі.
- қазба отындарды жағу.
- түсті металдарды балқыту.
Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауар металдарды бөледі.
Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:
- түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және басқа да органикалық қосылыстар,
- пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар
- газ жартылай жану өнімдері
- пестицидтер
- освежители воздуха, дезинфекциялаушы заттар
- тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы
- түрлі аэрозольдар
- радон - радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де төменгі этаждар арқылы таралады.
- асбест- жылусақтағыш материал, тұрбалардың сыртын қаптайды.
- Темекі тарту
Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері, озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының тітіркенуі, тыныс алу мүшелерінің зақымдануы, тәбет төмендеу, жалпы ағзаның нашарлауы байқалады. Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал иіс газының әсерінен ойлау қабілеті төмендеп бас айналу және ауыру, ұйқы басу сияқты симптомдар байқалады.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0, 0003 мг/м 3 аспауы керек. Оның негізгі көзі - автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т. б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.
Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ. Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікте дейінгі аралықта жиналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 поцентке жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныстың демікпесі) ауырулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz