Алтын орда туралы ақпарат


Алтын Орда
Алтын Орда (1243-1503) -орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған мемлекеті. Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдиниеті өркендеген кезінде (13-14ғ. ) мемлекет жерінің көлемі 10 млн. км 2 -ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый) хан тұсында (1227-55) Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, бұлғарыстн, Солтүстік Кавка, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті қыпшақ енді (1236-42ж. ) . Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау(1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Таркия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырды. Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезенде (1257-66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікті түркі халықтарының әдет-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті. Алтын Орда мемлкекетінің жері Ақ Орда ұлысы, Шағатай (қ. Шағатай мемлекеті) Шайбани (қ. Шайбани мемлекеті) ұлысы сияқты аймақтарға, ал олар жекелеген иеліктерге бөлінді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Маңызды мемлекет істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс-Құрылтай (хурилтай, хурилта) шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мөңке өлімінен соң (1259) жалпы моңғолдық құрылтайлар шақырылмайтн болды. Ибн Баттутаның деректеріне сүйенсек, Шыңғыс әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің құрылтайлардың бірден-бір мақсаты өзара қрықыстарға жол бермеуді көздеді (1269ж. Талас құрылтайы, 1309 жылғы құрылтай) . Мемлекеттң басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы-Шыңғыс ханның жосынымен реттелінді. Иаса түпнұсқада сақталмаған, үзінділер мен қысқаша мазмұны түрінде ғана білінді. Иаса қаулылары жөнінде мағлұматтар Ала-әд-Дин Ата Мәлік Жуайни мен 15-ғасырдағы араб жазушысы макризи еңбектерінде келтірілген. Шыңғыс хан Иасасындағы халық ғұрпының дәстүрлі нормаларының кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне әсері болды. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алынды. Қазақстан аумағы манғолдың 3 ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысының құрамына, Оңт. және Оңт. Шығыс. Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солт. шығыс бөлігі Үгедей ұлысына кірді. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекет орталыққа бөлінді. Оң қанат бату мен оның мирасқорыларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының орталығына, ондағы Ұлы құрылтайға шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке -Темір (1266-80) кезіде империядан бөлініп, дербестікке қол жеткізді. Алтын Орда Туда Мөңке (1280-87), Төле-Бұқа (1287-91), Тоқты (1292-1312), Өзбек (1312-57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғаларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған басым рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың орыс мемлкекеттігінің қалыптасуына игі ықпал жасады. Оның территориясында пайда болған мемлекеттіліктің бірқатар түрлері өмір сүрді. Моңғол ақсүйектері түркі тайпаларымен, әсіресе, оның ішінде мәдениетті жоғарырақ дамыған қыпшақтармен араласып, сіңісіп кетті. Алтын Орда Анеадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 13 ғасырдың 1-жартысы мен 14 ғасырдың 1 жартысында орнаған мұндай тығыз байланыстар жөнінде К. Босфорт «Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық жер орта теңіздік сипатқа ие болды» деп жазды. 1312ж. Өзбек хан Алтын Орда исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет исламданды. 14 ғасырдың 2-жартысынан бастап Алтын Орда орталықтандыруға қарсы күштер әлсірей бастады. Орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, қара теңіз өңірінде Мамай ордасы қалыптасты. Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде жергілікті билік күшейді. Алтын орда жеріндегі саяси өзгерістер оның құрамындағы Ақ Орда. Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ерзен және Мүбәрәк Хожа хандардың иелігі болған Ақ Орда 14 ғасырдың 2-ширегінде Ақ Ордадан бөліне бастады. 1368ж. Өріс хан Ақ Орданы біріктіру мақсатында Еділ бойына әскери жорықтар жасады. 1374-75ж. Сарай қаласынан, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. Бірақ Мамайдан ығысып, 1376ж. Сырдария бойына қайта оралды. 1377ж. Өріс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір темірдің жарлығымен Ақ Орда ханы болып жарияланды. Ол 1380ж. Сарайды, Астраханды, Қрымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеуге тырысқан Әмір Темірмен шайқаста Алтын Орда әскері жеңіліске ұшырады.
Алтын Ордамен әскери-саяси бірлікке ұмтылған Моғолстанды шапқыншылыққа ұшыратқан Әмір Темір 1391ж. 200 мың әскерімен Отырар-Иасы, Қарашық-Сауран-Сарысу жолы арқылы Ұлытауға жетіп, Жыланшық, Тобыл, Сақмар, Орал өзендерінен өтті. 1391ж. Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін тағы женді. Кейін Тоқтамыс Ақ Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтіреді. Ақ Орданың басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйінген Темір Құтлықтың иелегінде қалды. 1395ж. Солтүстік Қазақстан Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері үшін ре ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразияны кеңістігіндегі Этносаяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағының өзгеруіне, оның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. Темірдің жойқын әскери жорықтары Алтын Орданың құлауына әкеліп соқтырды. 1502 жылы соңғы билеуші Шейх Ахмед ханың өлімінен кейін Алтын Орда мемлекеті жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428-1792), Қазан (1437-1556), Қасым (1445-1681), Астрахан (1466-1557), Сібір (1563-1656), Башқұрт (1656-1738) хандықтары сияқты мемлекет құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығыда да осы кезеңдерде (шамамен 1466) қалыптасты. Алтын Орда мемлекеті Қазақстанның еуразиялық мәдениеті, мұсылмандық Шығыс өркениеті мен монғолдар бағындырған елдердің отырықшы- егіншілік мәдениетінің өзара ықпалы тұрғысындағы интеграциялық процестердің дамуына мумкіндік туғызады.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет - 13 ғасырдың 2- жартысынан 15-ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алты Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этника құрылымы жағынан әр түрлі еді.
Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Саиф Сарай, Әли Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын - жазушылар, Әбу Хайан, ибн Муханна сияқты ғылымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: «Мұхаббатнамеде», «Хұсырау мен Шырын», «Жұм -жұма».
«Хұсырау мен Шырын» дастанының тақырыбы - Хұсырау деген жігітпен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдылықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті, әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланады. «жұм-жұма», Сайд Ахмед XV-ғасыр. «Ташшухнаме»-харезмидің шығармаларына еліктеп жазған. Алайда бұлардың тілдік, стильдік поэтик ерекшеліктері жеке зертелген емес, азаматтық тақырыпқа арналған шығармалармен қатар, Алтын Орда дәуірінде діни мазмұнды аудармалар да пайда болды.
Ғылым, өнер қайраткерлерін сөз еткенде Алтын Ордамен мәдени, дипломат. Тығыз қатынас жасаған мәмлүктер Египетін айтпай кетуге болмайды. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда, арабтың Мұхтар ибн Ахмед ибн Мұса сияқты ғылымдары Алтын Орда астанасы-Сарайда тұрып еңбек етсе, Махмұд ибн Фатшаһ ас-Сараи, Шәхаб әд- Дин ас-Сараи, Махмұд ибн Абдаллаһ Әбу-т-Тина ас-Сараи сияқты қыпшақтар мәмлүк Египетінің орталығы-Каирде ұстаздық еткен. Сондықтан олардың шыңармалары тіл үйрету, сабақ оқыту мқсатымен жазылған. «Кибат әл-идрак ли-лисан әл-атрак»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz