Ерекше балаға – ерекше мектеп


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ерекше балаға - ерекше мектеп

Еліміздің білім заңында: «Мемлекет дарынды азаматтардың элитарлық білім алуына қажетті жағдай жасайды» деп жазылған. Елбасы білім сапасын арттыру, интеллектуалдық мектеп құру талабын күн тәртібіне қойып отыр. Өйткені қоғам қай уақытта да шығармашылық тұлғаға зәру.

Өркениетті елдерде таланттар мен дарындыларды кішкентайынан мемлекеттік деңгейде қолдау үдерісі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алады. 1975 жылдан бері Америкада дарынды балаларды есепке алып, оның мәселелерін зерттеп-жүйелеп, халықаралық конференция өткізіп отыратын Дүниежүзілік кеңес жұмыс істейді. Біздің елімізде ол «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы деп аталады.

Қазақстанда қабілетті, дарынды балаларды арнайы топтап, саралап оқытуға бетбұрыс осыдан 18-19 жыл бұрын басталады. Қазір ол гимназия, лицей және мамандандырылған дарынды балалар мектептері арқылы жүзеге асырылады. Президенттің 1996 жылғы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Жарлығы дарынды балаларға білім берудің мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын және біздің жағдайымызда көкейкестілігін көрсетті.

Бұл мектептер 10-15 жылдың ішінде-ақ интеллектуалдық қабілеті жоғары балаларды ақыл-ой жағынан дамытуда, еліміз ғана емес, әлем елдерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына даярлауда мол тәжірибе жинады. әсіресе, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жаңа типті мектептерінің ҰБТ-дағы білім сапасы, «Алтын белгі» иегерлерінің саны және түлектердің «Болашақ» стипендиясы бойынша көрсеткіші өте жоғары.

Республикалық «Дарын» орталығы жыл сайын дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептердегі оқыту процесін, ғылыми-әдістемелік және экспериментальдық жұмыстарын жинақтап, конференция, семинар өткізуді, екі жылда бір рет республикалық және халықаралық деңгейде фестиваль ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді.

Биылғы оқу жылы дарынды балалар проблемасына арналған республикалық семинар өткен жылдың соңында (26-28 қараша) біздің облыстағы мамандандырылған дарынды балалар мектебі базасында ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беру деңгейі республикада жоғары орындардың бірінде болса, жыл сайын еліміздегі үздік 100 мектептің ішінен облыстағы он шақты гимназия, лицей, дарынды балалардың мамандандырылған мектептері тұрақты сапалы білімімен көрініп келеді.

Соның ішінде облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебі ұйымдастырылғаннан бері, ондаған жылдар бойы республикалық «Дарын» орталығы өткізіп келе жатқан дарынды балалар проблемасына арналған конкурстарға, ғылыми-әдістемелік семинарларға тұрақты қатысып, өз тәжірибесін жұртшылыққа таныстырып жүр. Мектеп 1999 жылы «Дарын» РҒПО жариялаған «Дарынды балалармен жұмыс істеу мекемелеріндегі ғылыми-әдістемелік және экспериментальдық жұмыстар» атты конкурсқа қатысып, оның негізінде мектепте «Экспериментальдық алаң» ашу құқына ие болса, ІІ және ІV республикалық «Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі фестиваліне» қатысып, екі мәрте дарынды балалармен жұмыс істейтін «Ең үздік мектеп» дипломымен марапатталған еді.

Сонымен қатар 2006 жылы «Дарын» РҒПО мектеп тәжірибесін «Дарынды балаларға білім берудің педагогикалық негіздері» атты кітап етіп басып, республика мектептеріне таратқан болатын-ды.

Бұл жолы республикалық семинар дарынды балаларға білім берудің бір ғана мәселесіне - білім сапасына арналды. Яғни семинар ең бір көкейкесті - экономикалық дамудың да, интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың ең басты факторы болып отырған инновациялық сапалы білім беру тәжірибесін жинақтап таратуды өзіне мақсат етіп қойды. Осыған орай жаңа типті мектептердің ішінде тұрақты сапалық көрсеткішке жетіп келе жатқан, семинар өткізуге мамандандырылған дарынды балалар мектебі таңдап алынған еді.

Семинарға республиканың барлық облыстарынан 60-тан астам гимназия, лицей, дарынды балалар мектеп директорлары, олардың орынбасарлары қатысты. Оларға «Сапалы білім берудің мамандандырылған дарынды балалар мектебіндегі инновациялық негіздері» атты баяндама ұсынылды. Баяндамадағы сабақ сапасына қатысты идеяларды практикада нақты көрсетуде мектептегі тереңдетіліп оқытылатын негізгі пәндер бойынша бірнеше ашық сабақ көрсетілді.

Одан әрі дөңгелек үстелде білім сапасына қатысты небір озық тәжірибе ортаға салынып, дәлелді фактілер талданды. Талқылау қорытындысында семинарға қатысушылар төмендегідей ой түйіп, нақты түсінікке келгендей болды:

− Білім сапасы, ең алдымен, бала қабілетіне қатысты ұғым. Дарынды балалар мектебі неғұрлым өзіне қабілеті жоғары оқушыларды қамти білсе, соғұрлым сапалы білім беруге қолайлы негіз жасалынады. Бүгінгі дарынды балалар мектебіндегі қабілетті оқушыларды үш деңгейге бөлуге болады - мектеп бағдарламасын толық меңгере алатын, ортадан жоғары қабілетті оқушылар, «Алтын белгі» аттестатын, «Болашақ» стипендиясы бойынша білім ала алатын, жоғары қабілетті оқушылар, шығармашылық деңгейдегі оқушылар. Қазіргі шағын дарынды балалар мектебінде білім алып жатқан оқушылардың ең үлкен тобы - ортадан жоғары ғана қабілетті балалар. Жоғары және шығармашылық деңгейдегі қабілетті балалардың саны тым аз. Демек, жоғары деңгейде сапалы білім беруді қамтамасыз ету ортадан жоғары қабілетті балаларға байланысты. Сондықтан дарынды балалар мектебі оқушы саны аз, шағын мектеп болуы - сапалы білім берудің бірінші кезекті мәселесі.

− Мектеп бағдарламасын толық, жоғары деңгейде меңгере алатын оқушылар бейінді білім беру принципіне сәйкес бір класқа топтастырылған соң, білім сапасының 80-90%-ының тағдыры оқыту, сабақ процесінде шешіледі. Күн сайынғы жаңа материалды әр оқушы толық меңгеріп отыруы тиіс. Өтілген материалды меңгермеген оқушы келесі материалды меңгеруге жіберілмейді. Оқушының күнделікті материалды үздіксіз меңгеріп отыруын қамтамасыз ету ғана білімнің жүйелілігін, беріктігін, баланың интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін сапалы білім беруге негіз болады.

− Оқыту процесіне қойылатын талапты жүзеге асырушы - мұғалім. Мұғалім қандай әдіс-тәсіл қолданбасын, қандай шығармашылық, білімділік көрсетпесін, сабаққа қойылатын талапты жоғары дәрежеде атқара білгенде ғана оқыту процесінің дәрежесі жоғары болады.

− Оқушыларды сабақтан тыс түрлі деңгейдегі жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаға жүйелі қатыстырып отыру олардың шығармашылық қабілетін дамытып, білім сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.

− Оқыту процесінің сапалық деңгейі тұрақты және үнемі жоғары болуы мектепте білімді бақылаудың біртұтас жүйесін жүзеге асыруға қатысты. Демек, мектепте білімді бақылаудың күнделікті, тоқсандық, жылдық түрлері тиімді жүзеге асуы тиіс. әсіресе, мұғалімге де, оқушыға да тәуелсіз тестінің білім бақылау мүмкіндігін жете пайдалана білуіміз керек.

Он шақты жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп отырған мамандандырылған дарынды балалар мектебінің ерекше білім көрсеткіші оны бүгінгі ең озық инновациялық бағыт ретінде қабылдауға дәлелді негіз жасады. Мектеп бітірушілердің ЖОО-ға грантпен түсуі тұңғыш рет 100%-ға жетіп, оның 30-35%-ы «Алтын белгі» иегері болды, олардың біразы «Болашақ» стипендиясы бойынша әлем елдерінің ең алдыңғы ЖОО-ларында білім алуда.

Талантты балаларға бейінді білім беру, жеке тұлғаны даралап дамыту арқылы халықтың ең қымбат капиталы - адами капиталын қалыптастырып, жетілдірудің негізі жасалынды. Дарынды балалар мектептері мамандандырылған бағдарлы білім бере отырып, 12 жылдық білім беруге көшудің ең басты алғышарттарын қалыптастырды. Қазірдің өзінде мамандандырылған дарынды балалар мектебі 12 жылдық білім беруге көшуге әзір деп айтуымызға толық негіз бар.

Республикалық семинарға қатысушылар дарынды балаларға сапалы білім беруді одан әрі жетілдіруде төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажет деп есептейді:

− дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің типтік оқу жоспары бейінді білім беру принципіне және бүгінгі әлемдік озық тәжірибеге негізделе отырып, жаңаша құрастырылса;

− жаңа типті мектептердің статустары нақты айқындалса:

а) гимназияны бөлектеп алудың қажеті жоқ. Ол лицейлермен қатар немесе бірін-бірі қайталап жұмыс істеп отыр. Дүниежүзілік білім берудің тәжірибесінде гимназия мен лицейдің біреуі алынады. Өйткені екеуінің атқаратын қызметі бірдей;

ә) лицей - оқушылардың қабілеті мен қызығушылығына қарай бейінді жалпы орта білім бере отырып, оқушыларды орта арнаулы және ЖОО-ға дейінгі даярлығын қамтамасыз ететін оқу орны;

б) мамандандырылған дарынды балалар мектебі - дарынды балаларға арнаулы бағдарламамен мамандандырылған элитарлық білім беретін, оқушыларды еліміздің ғана емес, шетелдердің де элитарлық ЖОО-ға даярлайтын оқу орны.

− Дарынды балалар мектебін мемлекеттік деңгейде қолдау бағытында оны қаржыландыру көлемін ұлғайту.

Нәсіпқали ДӘУЛЕТОВ,

облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат директоры,
педагогика ғылымының кандидаты

16. 05. 2009 / 19:32

«Балдәуренде» елімізде дарынды балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелері талқыланды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай көрікті аймағында орын тепкен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Талантты ұстаз - дарынды балаларға» атты педагогикалық олимпиада мәреге жетіп, жеңімпаздар сый-құрметке бөлінді. Ең бастысы, оған қатысушылар дарынды балғындарды тәрбиелеудің тың жолдарын қарастырып, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асырылған іс-шараға 107 дарынды балаларға білім беретін мектептен 500-ге тарта адам қатысып, шеберліктерін байқатып, тәжірибе алмасты. Үш күн бойы олимпиадаға қатысушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейту, үздіксіз білім беру, жоғары оқу орнына дейінгі-жоғары оқу орнындағы-жоғары оқу орнынан кейінгі сабақтастықты іске асыруға бағытталған шаралар қарастырылды. Соған сәйкес педагогикалық идея, жаңа жоба, педагогикалық шығармашылық тәжірибелерімен алмасуға, мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс істеуге даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Педагогикалық идеялар панорамасы негізінде «Дарын» жүйесіндегі мектептерде білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша үздік инновациялық жобалар айқындалып, атқарылған жұмыстар сарапталды, соған сәйкес ұжым жетістіктеріне арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Олимпиада сатылық құрамда өткізіліп, онда жоғары оқу орнында білім алуды жалғастыруға бағытталған дарынды балаларға арналған мектептер, педагогикалық колледждер оқушылары, магистранттар, жас педагогтар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті. Төртінші педагогикалық олимпиада жұмысын қорытындылаған Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Тахир Балықбаев бұл басқосу жас буынға тәлімді тәрбие, терең білім беру жолындағы нық қадам екенін атап көрсетіп, инновациялық технология мен ғылым жетістігі қолданысқа енгізіліп отырғандығы қуанарлық жайт екеніне баса назар аударды. Ғалымның пайымдауынша, көрмеге қойылған көрнекі құралдар мен әдістемеліктер, ондағы технологиялық жетістіктерді барлық білім ошақтарында енгізу алдағы күннің өзекті ісі болып табылатынына тоқталды. Іс-шара аясында үздік шыққан педагогтар, вожатыйлар, оқушылар, студенттер, жекелей мектептер марапаттау қағаздарына иелік етіп, сертификаттар табысталды.

Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты

Арнайы білім беру қызметімен айналысуға № 0036126 Мемлекеттік лицензиясы мен КҮ-4849/06 Халықаралық ИСО-9000 сертификаты бар. Мекеменің негізгі мақсаты: арнайы білім негіздерімен таныса, оқушылардың қоғамдағы өмірге әлеуметтік бейімделуін, Отанға сүйіспеншілік пен азаматтылықты тәрбиелей отырып жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұнын игеру негізінде 7-11 сынып оқушыларының жалпы ғылыми және жалпы мәдени даярлығын қалыптастыру болып табылады.

Лицейге мектептің 6 - сыныбын бітірген және қабылдау емтиханынан өткен оқушылар қабылданған. 2007-2008 оқу жылы 131 оқушы білім алды. 2008-2009 оқу жылына 7-сыныптың 48 оқушы қамтылды. Жалпы лицейде 173 оқушы дәріс алады. ҚТЛ - дің ерекшелігі: мұнда ұл-қыздар бірге оқиды.

Лицейде оқу төрт тілде жүргізіледі: қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдері. Оқу - тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасындағы лицейлердің ұйымдастыру тәртібі туралы ережеге және Білім және ғылым министрлігімен бекітілген қазақ-түрік лицейлері туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру процесі ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша ұйымдастырылған.

ҚТЛ-де биылғы жылы 16 ұстаз еңбек етуде (былтыр - 13), барлығы жоғары білімді мамандар, соның ішінде 4-жоғары санатты, 2-бірінші, 3-екінші санатты ұстаздар. Қазақ тілі мен әдебиетінің 1 мұғалімі облыс әкімінің грант иегері. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу - әдістемелік мазмұнының өзгеруіне сәйкес мұғалімдеріміз өз кәсіби шеберліктерін жаңарту, шыңдау мақсатында «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін семинарларға, сондай-ақ жергілікті мұғалімдер білімін жетілдіру институты өткізетін мамандардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстарына қатысып отырады.

Лицейіде білім беру үрдісі негізінен оқытудың ақпараттық технологиясына негізделген. Білім мен тәрбие беру ісінің нәтижелі әрі сапалы болуы үшін бүгінгі күні компьютерлік технология жетістіктері мен мүмкіндіктері, атап айтсақ: интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет жүйесі, СД дискілері арқылы оқыту кеңінен қолданылады.

Лицейішілік бақылау ғылымның соңғы талаптарына сай жүргізілді. Тоқсан сайын білім сапасына салыстырмалы түрде талдау жасалынып отырады. Оқушының интеллектуалдық даму дәрежесін, белгілі бір ғылым саласына деген қызығушылығын арттыру мақсатында 7-сыныптан бастап оқушылар пән олимпиадаларына, ғылыми жоба жарыстарына қатыстырылады. Пән олимпиадаларына қатыстыру үшін 7-сыныпта арнайы анкеталар алынып, педагогикалық кеңесте талданып, оқушы қабілетіне қарай топтастырылады.

Лицейде оқушылардың оқып демалуына барлық жағдай жасалған. Оқудан тыс уақытта арнайы КАРАТЭ, тоғызқұмалақ, вокал, хореография, домбыра үйірмелері жұмыс істеді. Алуан түрлі мәлени іс-шаралар ұйымдастырылады. Лицей ұжымы ата-аналардың қатысуымен көп жұмыс жүргізеді. Саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында апта сайын ата-аналарға және оқушыларға волейболдан ойындар өткізіледі.

Қазақ - түрік лицейлерінің негізгі талаптарының бірі - оқуға қабылданған оқушылардың интернаттық жүйеде білім алуларында. Өткен оқу жылы барлық 130 бала интернат орындарымен қамтамасыз етілген болса, ағымдағы жылда лицейдің 33 оқушысы үйден келіп оқиды.

Ә. Досмұхамбет атындағы дарынды балаларға мамандырылған гимназия-интернаты:

Барлығы 452 бала, соның 341-і мектеп-интернатында тұрып оқуда, 111 бала қала тұрғындары. Оқушыларға мектеп-интернатында тұрып оқуға барлық жағдай жасалған: жатын бөлмелер саны - 32; жуынатын бөлме - 1; монша - 1; кір жуатын бөлме - 1; кір үтіктейтін бөлме - 2; жүк сақтау бөлмесі - 2; әр қабатта дәретхана бар. Үлкен асхана. Балалар бес рет тамақтандырылады. Он бірінші сыныпта бір жетім бала оқиды.

XIX ғ конфликтологияның дамуы

Қазіргі заманғы шиеленіс теорияларының бастауын бірқатар әлеуметтанушылар салды .

Олардың арасында танымал шиеленістің функционалды теориясының авторы Г. Зиммель .

Г. Зиммель өзінің «Заманауи мәдениеттің шиеленістері» кітабы және бірқатар еңбектерінде, қоғамдағы көптеген эгоистік топтар, бір -бірінен оқшауланбаған, керісінше мыңдаған көрінбес жіптермен өзара байланысты.

К. Маркстің (1818-1883ж. ж) пікірінше топтық күрес ушығуы жағдайында шиеленістер табиғи құбылыс және саясат, экономика, мәдениет сияқты әлеуметтік өмірдің барлық деңгейлеріне тән. К. Маркстың көзқарасы бойынша қоғам құрылымы өндіруші күштер, өндірістік қарым-қатынастар, саяси құрылыс, қоғамдық сана формасы төрт элементтен тұрады. Белгілі бір жолмен осы элементтердің субординация мен өзара қатынасының реттелген жүйесі марксизмнің жалпы социологиялық теориясының негізін құрайды. Қазірге дейін өмір сүріп келе жатқан қоғамның барлық тарихы топтар күресі тарихы болды. Оның ең басты себебі - барлық «антогонистік қоғамдық-экономикалық формациялар» негізделетін жеке меншіктің үстемдік құруы. Қоғамдық меншікке негізделген коммунистік қоғамда антогонистикалық қарама- қайшылықтар мен шиеленістер жойылады. Революциялық қайта құрулар нәтижесінде әлеуметтік шиеленіс үшін объективтік база болмайтын, шиеленіссіз қоғам жасалуы тиіс. Осы арқылы адамзаттың тарихқа дейінгі кезеңі аяқталып, шынайы тарих басталады.

Бірақ бұл идеаларға қол жеткізу марксизмде пролетариат пен буржуазияның бітпейтін күресі социалисттік революция, қарулы көтеріліс, азаматтық соғыс және пролетариат диктатурасы түрінде бұқаралық қанауды қолданумен байланыстырылды. Сол себепті әлеуметтік шиеленістің дәл осы формасы марксизмде өте жақсы жасап шығарылды. К. Маркс пен В. Лениннің идеаларын дамыта келе олардың ізбасарлары социалистік революцияның жылжымалы күші, қарулы көтерілісті өткізу мен дайындық өнері туралы, патша фамилиясы басшылығымен басқарушы элитаны ликвидациялау мақсатында пролетариат диктатурасын жүзеге асыру тәсілдері, сондай-ақ дворяндық, буржуазия, кулагтік туралы кең оқуларды жаратты. К. Маркс және оның шәкірттері үшін әлеуметтік шиеленістерді шешудің басты тәсілі революциялық зорлық болды, ал реформа мен ымырашылдық - оның тек салдарл ы өнімі болды.

Конфликтілердің себептері.

Конфликтілердің себептері олардың пайда болу көздерін және өту сипатын, реттеу әдістерін анықтайды.

Конфликтінің себептері - бұл конфликтінің алдында болатын және белгілі бір жағдаяттарда әлеуметтік өзара қатынас субъектілерінің іс-әрекет процесінде қалыптасатын мәселелер, құбылыстар, оқиғалар.

Конфликтінің көптеген себептерінің ішінен жалпы және жеке себептерін бөлуге болады. Жалпы себептер барлық пайда болатын конфликтілерде көрініс табады. Оларға келесі себептерді жатқызуға болады:

  • елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдаятқа байланыстыәлеуметтік-саяси және экономикалық себептер;
  • адамдардың жыныстық, жастық, әр түрлі этникалық топтарға жату және т. б. себепші болатын ұстанымдары мен мотивтеріндегі айырмашылықтарды бейнелейтінәлеуметтік-демографиялық себептер;
  • әлеуметтік топтардағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды бейнелейтінәлеуметтік-психологиялық себептер: өзара қарым-қатынастар, лидерлік, топтық мотивтер, ұжымдық пікірлер, көңіл-күйлер және т. б. ;
  • тұлғаның индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін (қабілеттер, темперамент, мінез, мотивтер және т. б. ) индивидуалды-психологиялық себептер.

Жеке себептер конфликтінің нақты бір түрінің ерекшелігімен байланысты. Мысалы, еңбектің қатынастардың жағдайына қанағаттанбау, қызмет этикасының бұзылуы, ресурстардың жеткіліксіздігі және т. б.

Конфликтінің себептері белгілі бір конфликтілік жағдаяттарда анықталады. Конфликтілік жағдаят - бұл конфликтілік қарсы әрекеттердің себептерін көрсететін және оның шешілуін талап ететін әлеуметтік өзара әрекеттесу субъектілерінің іс-әрекетімен байланысты жинақталған қарама-қайшылықтар.

Конфликтілерді пайда болу себептеріне байланысты ұйымдық, эмоционалды және әлеуметтік-еңбектік конфликтілер деп жіктеуге болады.

Ұйымдық конфликтілер әдетте белгілі бір құрылым аясында - жұмыстық топ, цех, бөлімше, фирмада пайда болады және өтеді.

Әрбір кәсіпорын, кез келген коммерциялық ұйымда дамудың негізгі үш бағытын анықтау белгіленген: 1) материалды-техникалық, ол негізінен еңбек құралдарына және кәсіпорынның басқа да құралдарына тәуелді; 2) ұйымдық-экономикалық, жеке меншік формаларын, өндірістің мамандандырылу деңгейін, ұйымдастыру жүйесін, еңбекті тұрақтандыру, басқару әдістерін білдіреді; 3) әлеуметтік-психологиялық, жұмысшылардың интеллектісімен, кәсіби сапаларымен, олардың тек материалды қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, ұжымдағы психологиялық және адамгершілік атмосфераны құрумен тығыз байланысты.

Эмоционалды конфликтілерге келетін болсақ, олар көбінесе топта, ұжымда болып жатқан жағдайларды жеке қабылдаудың нәтижесінде пайда болады.

Әлеуметтік-еңбектік конфликтілер жұмысшылардың әр түрлі топтарының іс-әрекеті мотивациясында қарама-қайшылықтар байқалғанда пайда болады, басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда олардың экономикалық және статустық жағдайы нашарлайды, ортақ жұмысқа қанағаттану деңгейі төмендейді.

Әлеуметтік-еңбектік конфликт оның негізінде жатқан объективті қарама-қайшылықты бейнелейді: адамдар жағдайлардың өзгеруіне жауап қайтарады, жағдаятқа сәйкестелінеді.

2. 4. Шиеленістің себептері

Себеп дегеніміз - басқа бір құбылысты тудырушы құбылыс пен іс-әрекет. Шиеленіс әр түрлі себептерге байланысты туындайды: сыртқы және ішкі, жалпы және жеке, материалдық және идеалдық, объективті және субъективті.

Себептерді былай топтастыруға болады:

  1. Мүдделер қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде.
  2. Шиеленіс туындауының объективті факторлары.
  3. Шиеленіс туындауының тұлғалық себептері.

Себепті сылтаудан ажырата білу қажет. Сылтау - шиеленістің басталуына әсер етеді, бірақ оның қажеттіліктен пайда болуын анықтамайды. Себепке қарағанда сылтау байқаусызда немесе жасанды түрде «жоқ жерден» пайда болады. Себеп заттардың заңды байланысын көрсетеді. Мүдделер қайшылығы шиеленістің негізгі себебі ретінде. Шиеленістің себебі - оның пайда болуын алдын ала анықтайтын құбылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Баланың мектепке дайындығын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz