Инвестициялық жобаның техникалық негізделгендігін және сатып алынуын бағалауға қойылатын талаптар


ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕЛГЕНДІГІН
ЖӘНЕ САТЫП АЛЫНУЫН БАҒАЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Жалпы деректер
1. 1. Тапсырыс беруші және Орындаушы
Тапсырыс беруші: «Жобаға тапсырыс берушінің атауы»
Орындаушы: .
Тапсырыс берушінің және орындаушының аффилиирленгендігі туралы мәліметтер: .
1. 2. Бағалауды жүргізу үшін негіздеме және алғашқы құжаттар
- Қызметтер көрсетуге жасалған шарт
- Жобаның техника-экономикалық негіздемесі (бизнес-жоспар)
- Жобалық-сметалық құжаттама
- Басқа құжаттар
1. 3. Жұмыстарды бастау және аяқтау мерзімдері
Жұмыстарды жасау мерзімдері қызметтер көрсетуге жасалған шартқа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік күнді құрайды.
2. Бағалау тақырыбы
Жобаның техника-технологиялық негізделгендігі және жоба бойынша сатып алу
3. Бағалау объектілері
• Жобаның орналасқан жері және өндірістік алаңдар
• Өнім/қызметтер өндіру технологиялары
• негізгі технологиялық жабдықтар
• Құрылыс объектілері және қолданыстағы өндірістік үймереттер мен ғимараттар
• Өндіруші-кәсіпорындар, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізушілер
• жоба шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алу құрамы және процесі (жобаның инвестициялық құны)
4. Бағалаудың негізгі міндеттері
• Жобаның орналасқан орнын, оның энергетикалық және көліктік инфрақұрылымын таңдау бөлігінде сыналғандығын бағалау.
• Жобаның технологиялар мен жабдықтарды таңдауға арналған амалдар бөлігінде сыналғандығын бағалау.
• Жобалық шешімдердің құрылыс процесін ұйымдастыру және бар үймереттер мен ғимараттарды пайдалану кезінде негізделгендігін бағалау.
• Жобаның техникалық бөлігі және жоба бойынша сатып алу процесі бойынша негізгі жобалық қауіптерді айқындау, олардың жобаға әсер ету дәрежесін көрсету.
• Жобалық шешімдердің сәйкестігі және жобаның іске асыруға әзірлігі тақырыбына тұжырымдар жасау.
5. Материалды баяндау құрылымы
5. 1. Жобаның орналасқан орнын және энергетикалық инфрақұрылымын таңдау бөлігінде жобаны сынауды бағалау
▪ Жобаның орналасқан орнын және өндірістік алаңды таңдауға арналған жобалық амал-дардың негізделгендігін бағалау. Жобаның таңдалған орналасқан орнының және өндірістік алаңның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.
▪ Болашақ өндірісті қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін бағалау. Электр энергиясын, газды, суды және басқа энергия ресурстарын тұтынуды жобалық есептеуге баға беру. Жобаның энергетикалық инфрақұрылым бөлігінде құжаттық сыналуын талдау.
▪ Жобаның таңдалған өндірістік алаңда орналасуының мақсатқа сәйкестігі және жобаны іске асырудың таңдалған орнында энергия ресурстарының қолайлылығы туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 2. Технологиялық шешімді сынауды бағалау
▪ Өнім/қызметтер өндірісінің технологиясын таңдау кезінде жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Қолданылып жүрген технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау. Жобада пайдаланылатын технологиялық шешімді таңдаудың негізделгендігіне баға беру.
▪ Техникалық даярланбаған мамандарға түсінікті болатын, өнімді алу технологиясы бойынша түсіндіруші материалдарды дайындау.
▪ Берілген технологиялық процесті пайдалану мүмкіндігі бөлігінде жобаны құжаттық сынауды талдау.
▪ Жобада таңдалған технологияларды пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі туралы тұжы-рымдар, сондай-ақ берілген технологиялардың патенттік тазалығы туралы тұжырым-дар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 3. Жобалық жабдықтарды бағалау
... жалғасы▪ Негізгі технологиялық жабдықтарды, жабдықтарды жеткізушілер мен өндірушілерді таңдау кезінде жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Жабдықтармен жинақталудың балама нұсқаларының артықшылықтары мен кемшілік-терін талдау (жабдықтардың құны және техникалық сипаттамалары) .
▪ Жабдықтардың қажетті санын, олардың құнын, техникалық сипаттамаларының теңбе-теңдігін және т. б. есептеу кезінде жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Жобаны таңдалған жабдықтарды пайдалану мүмкіндігі бөлігінде құжаттық сынауды талдау.
▪ Жабдықтарға қатысты (оның құрылғысы, жұмыс істеуі және басқа ақпарат) түсіндіруші материалдарды дайындау.
▪ Жобада таңдалған жабдықтар жинағын пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі және оның рыноктағы аналогтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ жабдықтар-ға бағытталып салынған инвестициялардың теңбе-теңдігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 4. Салуға жоспарланатын және бар өндірістік объектілерді бағалау
▪ Бар үймереттер мен ғимараттарды салу және пайдалану процесін ұйымдастыру кезінде жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Бар және салынуға жоспарланатын объектілер бойынша түсіндіруші материалдарды ұсыну, жобаны құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүзеге асыру бөлігінде құжаттық сынауды бағалау.
▪ Кәсіпорынның өндірістік алаңдар мен конструкциялық шешімдердегі есептік қажетті-лігін талдау. Жобаға салынған құрылыстың құнын есептеуді тексеру.
▪ Құрылыс процесін жүзеге асыруға бағытталып салынған инвестициялардың теңбе-теңдігі және құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жобаның ҚЖЖ жүргізуге құжаттық әзірлігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобада қолданылып жүрген үймереттер мен ғимараттарды пайдаланған жағдайда берілген объектілердің жобалық кезеңді сынау қабілеті, сондай-ақ объектілерді жұмысқа қабілетті күйде ұстауға салынған инвестициялардың барабарлығы туралы тұжырым жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 5 Жобаны экологиялық сынауды бағалау
▪ Жобаның қоршаған ортаға экологиялық әсерін азайтуға бағытталған жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Жобаның қоршаған ортаға мүмкін әсері бойынша түсіндіруші ақпаратты ұсыну, негізгі ластану көздерін анықтау.
▪ қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған, жобаға салынған жұмыстар мен шаралардың жеткіліктілігін, сондай-ақ жобаға салынған экологиялық қауіпсіз қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын шығындардың жеткіліктілігін талдау.
▪ Жобаны экология бөлімінде құжаттық сынауды талдау.
▪ Жобаны экологиялық көзқарастан іске асыру мүмкіндігі және жобаның экологиялық құраушысына жобаға салынған шығындардың теңбе-теңдігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 6 Жобаның техникалық персоналын бағалау
▪ Өндірістік персоналды құрғанда амалдардың негізделгендігін талдау. Талап етілетін өндірістік персонал туралы мәліметтер келтіру. Персоналды оқыту бойынша салынған шаралардың жеткіліктілігін талдау.
▪ Жобаға салынған еңбек ресурстарының жеткіліктілігі және жобада көрсетілген кезең және персоналға жұмсалған көрсетілген шығындар ішінде өндіріс штатын құру мүмкіндігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 7 Жобаның инвестициялық құраушысын және сатып алу процесін бағалау
5. 7. 1 Жоба бойынша сатып алу тізбесін бағалау
▪ Жобаның инвестициялық фазасы шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алу тізбесін талдау. Барлық сатып алу түрлері бойынша түсіндіруші материалдарды беру.
▪ Жобаға салынған инвестициялық салымдардың жеткіліктілігі және негізделгендігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 7. 2 Жоба бойынша жеткізушілерді бағалау
▪ Жоба бойынша жеткізушілерді таңдағанда жобалық амалдардың негізделгендігін бағалау.
▪ Жобаға қатысушы жеткізушілерге талдау жүргізу. Жобаға қатысушы жеткізушілер туралы мәліметтердің жеткіліктілігін талдау. Негізгі жеткізушілерге қысқаша сипаттама беру.
▪ Жоба бойынша жеткізушілерді таңдаудың негізделгендігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 7. 3 Жоба бойынша келісім-шарттарды бағалау
▪ Жоба бойынша негізгі жеткізушілермен және мердігерлермен шарттық қатынастар бөілігінде жобаны құжаттық сынауды талдау. Ұсынылған шарттарды, келісім-шарттарды және келісімдерді олардың қауіпсіздігіне және барлық қажетті талаптарды есепке алу тақырыбына бағалау.
▪ Келісім-шарттардың жобаның қажеттіліктеріне, олардың қауіпсіздігі мен баяндалу толықтығына сәйкестігі туралы тұжырымдар жасау.
▪ Жобаның берілген бөлігі бойынша ескертулер мен ұсыныстарды тұжырымдау.
5. 7. 4 Кәсіпорынның сатып алу жүргізуге әзірлігін бағалау
▪ Жобаның сатып алу процесін ұйымдастыру үшін жауапты кәсіпорын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz