Дүниежүзілік валюта жүйесі


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті.
Қаржы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дүниежүзілік валюта жүйесі
Орындаған: Сулеименова С. У.
Тобы: Ф07К3
Қабылдаған: Турлыбекова Ә. Ж.
Алматы 2008
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі
1. 2. Дүниежүзілік валюталық жүйесінің даму кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ
2. 1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің мәні мен белгілері
2. 2. Қазақстан Республикасында валюта нарығын құру, валюталық реттеу және валюталық бақылау
2. 3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және оған талдау жүргізу
ІІІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда еліміз тәуелсіз, егемен ел ретінде дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияланып, үйлесім табуға бет алуда. Бұл бағытта толымды жетістіктер де жоқ емес. Еліміздің халықаралық валюта-несиелік және қаржылық институттарымен мейлінше тығыз байланыстар қалыптастырып, халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты мүшесі болуға ұмтылысы бұл бағыттағы маңызды үрдіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне, Еуропалық қаржылық-несиелік ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономикамен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсумен қатар халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан, әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған мақсатым мен міндеттерім мыналар:
- дүниежүзілік валюталық жүйенің түсінігін анықтап, оның пайда болуының себептерін талдау;
- дүниежүзілік валюталық жүйенің негізгі элементтерін анықтау;
- дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясын зерттеу және оның әр кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы қарастыру.
Халықаралық валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын оқып үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Курстық жұмыстың алғашқы тарауында халықаралық валюта қатынастарының түсінігі, жүйесі, ұйымдық құқықтық механизмі, дерек көздері қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстан республикасындағы валюта жүйесін реттеудің құқықтық негіздері мен осы жүйені анықтайтын белгілер валюта операцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен принциптері талданып көрсетілгеді.
Үшінші тарауда халықаралық валюта мен Қазақстандағы валюта жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылады.
І ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Валюталық жүйенің мәні және оның түрлері
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернациоландыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда- саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құруымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарды, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық байланыстардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысын процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей жәнекері байланыстың болатыны көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс пройесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие бола бастады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
- Ұлттық валюталық жүйе
- Дүниежүзілік валюталық жүйе
- Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе [2, 205-207]
Соның ішінде дүниежүзілік валюталық жүйе дегеніміз - бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдеті, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционистік) әрекеттерді түп-тамырымен құруңа әрекет жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүгиежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарынғ сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша бірліктері.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Дүниежүзілік валюталық жүйенің құрамдас бөліктері:
- халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро) ;
- валюта курсын қолдау және орнату механизмі;
- валютаны конверсиялау шарты;
- халықаралық нарық тәртібі;
- валюта қатынасын реттейтін мемлекеттік қаржы мекемелерінің беделін анықтау;
- валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру; [7]
ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық валюта ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бірлігі пайдаланылады.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық, экономикалық, саяси қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен - алтын ақшалардың несиелік ақшаларға дейінгі жолды қайталайды. Нәтижесінде ХХғ. валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю, ал 1999 жылдан бастап евро) .
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаалық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам рөлін атқарады. Сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде АҚШ-тың доллары, Еуроодақтың еуросы пайдаланылып отыр. Резервтік валюта мәртебесін алудың объективті алғышарттары болып елдің дүниежүзілік өндірістегі, тауарлар мен капиталдар экспортындағы, алтын валюта резервтеріндегі жетекші позициясы несиелік банктік мекемелердің дамыған жүйесі, қарыз капиталдарының ұйымдастырылған және сыйымдыоығы жоғары рыногы басқа елдердің сұранысын қамтамасыз ететіндей еркін валюталық операциялар жүргізу мүмкіндігі мен валютаның еркін айырбасы мүмкіндіктері қарастырылады.
Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбастауы дәрежесі. Еркін айырбасталатын, валюталық шектеулері сақталған жартылай айырбасталатын және айырбасталмайтын валюталар бар екендігі белгілі.
Валюта жүйесінің тағы бір элементіне валюталық паритет, яғни заңнама арқылы рәсімделетін екі валюта арақатысы жатады.
Валюта бағамы режимі де валюта жүйесінің элементі болып табылады. Белгіленген, бір шеңберде тербелетін және рыноктық сұраныс пен ұсыныстан тәуелді қалықтайтын валюталық бағамдар түлері белгілі. Валюталық шектеулердің бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесінің элементеріне жатады. Валюталық құндылықтармен операцияларды шектеуде Халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады. Ал халықарлық кредиттік қаражаттар айналымына келетін болсақ, оларды пайданлану ережелері үйлестірілген халықаралық нормалар аясында жүзеге асады. Олардың ішінде Женевада қабылданған векселбдер және чектер туралы конвенция бар. Халықаралық есептеулерді бір ізге салу құжаттық аккредитивтер мен инкассолар үшін үйлестірілген ережелерге сәйкес ұлттық және дүниежүзілік валюта деңгейінде жүзеге асырылады.
Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесін тағы да бір элементі болып саналады және оның осы халықаралық шектеулерді қажетті төлем қаражаттарымен қамтамасыз ету қызметін атқарады. халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз - жекелеген немесе бір топ елдердің кредитор алдындағы тиісіті халықаралық міндеттемелерін кредиторға қолайлы төлем қаражаттарымен дер кезінде атқару қабілеттілігі. Дүниежүзілік шаруашылық тұрғысынан халықаралық валюта өтімділігі дүниежүзілік қаржыландыру және кредиттеу көздерінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық экокномика тұрғысында халықаралық валюта өтімділігі төлем қабілеті көрсеткіші ретінде пайдаланылады. [4, 8-9]
Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі
БҰҰ жүйесінің ұйымдары, аумақтық даму банктері. Халықаралық есеп айырысу банкі.
Қазіргі халықаралық валюта-кредиттік қатынастардың дамыған институционалдық құрылымы бар. Бұл құрылымның құрамдас бір бөлігі халықаралық валюта-қаржылық және кредиттік ұйымдар болып табылады. Олар өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де ерекшеленеді. олардың бір бөлігі тек қана валюта-қаржылық немесе кредиттік мәселелермен шұғылданса, бәр қатары дәл осы мәселелерді кеңейтілген контексте қарастырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық валюта қоры және халықаралық айырбасын кешенді түрде қарастырумен қатар капиталдардаң, технологиялардың, валюталы және қаржылық ресуртардың дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты. Бұл ұйымның жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы берешектерін реттеу жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) шеңберіндегі үйлестіруші орган Бүкіл дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес олар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс-қимылы мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.
Валюта кредиттік қатынастар халықаралық сауда қатынастарымен тығыз байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму Конференциясының (ЮНКТАД - United Nation Conference Trade and Development, 1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады) валюта-кредиттік проблемаларды талқылауға қатысатысуы табиғи. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы, Халықаралық валюта қоры сияқты нақты шешімдер қаьылдайтын функциялары жоқ. 80-жылдары Солтүстік пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне байланысты ЮНКТАД қызметі өзіне халықаралық қоғамдстықтың назарын аударып, жіті бақылауға алынды. Кейінірек ол бүкіләлемдік өзара тәуелділік мәселелерімен шұғылдана бастады. Мысалы, ЮНКТАД қазір тауарлар мен қызмет көрсетулердің ролі соңғы онжылдықта ЮНКТАД ұйымының беделін арттырды және аталған проблемелар төңірегіндегі оның өкілеттілігі БҰҰ-ның Бас ассамблеясының шешешімімен бекітілді.
Халықаралық валюта-кредиттік қатынастардың институционалық құрылымдары арасында халықаралық және аумақтық даму банктері елеулі орын алады.
Манила (Филиппин) қаласында орналасқан Азиялық даму банкіне 55 мемлекет мүше. Бұл банк ұзақ мерзімді кредиттерді жүзеге асыру бағытында қызмет атқаратын көпжақты мекеме. Азия даму банкінің қызметінде инфрақұрылым салаларын қаржыландыру мәселелері басымдықтарды пайдаланып отыр. Мұның өзі Азия-Тынық мұхиты аумағы мемлекеттерінің инфрақұрылымды қаржыландыруға қажеттіктерінің өсе түскенін көрсетеді.
Азия даму банкі 1973 жылы құрылған Азия даму қорын да басқарады. Аталған қор Азияның ең кедейленген елдеріне 40 жылдық мерзімге дейін процентсіз несиелер беруді мақсат тұтұан. Бұл қордан қарыз алушылар қатарына Непол, Бангладеш және басқа да бірқатар Үндіқытай елдері бар.
1966 жылдан бастап африка континентінде Африка даму банкі жұмыс істейді (штаб-пәтері Кот-д ивуар мемлекетінің астанасы абиджан қаласында орналасқан) . Банктің мүшелері қатарында африкалық және африкалық емес 25 мемлекет бар. Африка даму банкі қарыз несиені тек қана африкалық елдерге береді. Сондай-ақ, ол эксперттік қызмет көрсетулер мен кадрлар даярлауда да жәрдемдеседі. Банк африкалық даму қорымен тығыз байланысты, қор өз кезегінде несиелерді жеңілдікті жағдайларды ұсынады.
Америкааралық даму банкі (МаБР, штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан) өз операцияларына 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. Банк өзіне мүше елдердің экономикалық дамуын жеделдету мақсатында кредиттер немесе кепілдіктер беруді беруді қарастырады. Бұл банктен қаражат алушылар санатында мемлекеттік ұйымдармен қатар жекеменшік кәсіпорындар да бола алады. Банк ресурстары өз қаражаттарынан, ең алдымен жарғылық капиталдан және банктің капитал рыногынан жинаған қарыз қаражаттарынан құралып тұрады. Банктің мүшелігінде АҚШ, латынамерикандық елдер және кейбір азиялық және еуропалық елдер бар. Банктің әрбір мүшесі 135 дауыс және банк капиталындағы үлесінің әрбір акциясына плюс бір дауысқа иелік етеді. Ең көп дауыс АҚШ-тың еншісінде.
Ислам даму банкісінің (ИБР, штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан, Ислам конференциясы ұйымының шешімі бойынша құрылып, 1975-жылдың қазан айында кірісті) . Мақсаты мүше елдердің экономикалық дамуына және де мұсылман қауымдастығы мен басқа да мемлекеттердің өркендеуіне жәрдемдесу.
Банктің жарғылық капиталы 2028 млн. исламдық динарды құрайды. Аталған банктің есептеу бірлігі болып саналатын ислам динары халықаралық валюталық қордың 1 С. Д. Р. -ны тең (1 С. Д. Р. =1, 34464 АҚШ долларына тең) келеді. СДР (special drinking right - S. D. R. ) - займ (қарыз) алудың арнаулы құқығының мақсаты оның негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты) жасап, басқа резервтік валюталардың рөлін төмендету. СДР бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше елдер үшін бөлінген квота негңзңнде есептеліп МВФ-тығ арнайы шотында сақталады.
Халықаралық валюталық-кредиттік қатынастардың институционалдық құрылымына Халықаралық есептеу банкі (Б. М. Р. ) ерекше орын алады. Бұл банк 1930 жылы құрылған. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан. Аталған банкке батыс-еуропалық елдердің дәсиүрлі ықпалы күшті болғанымен, БМР іс жүзінде халықаралық валюталық-кредиттік ұйым болып табылады. Банк негізінен екі фуекция атқарады:
1) мемлекеттердің Орталық банктерінің ынтымақтастығын күшейтуге жәрдемдесу және халықаралық қаржылық операцияларды жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптасуы;
2) халықаралық есептеулерді жүзеге асыру барысында сенімді тұлға немесе агент рөлін атқару;
Халықаралық есептеу банкінің ақша бірлігі болып алтын құрамында 0, 29032258 г таза алтын бар франк қызмет етеді.
Халықаралық Валюта Қоры (МВФ)
Халықарылық валюта қоры (international Monetary Fund, IMF, штаб пәтері Вашингтонда орналасқан) ең маңызды халықаралық валюта-қаржылық ұйым болып табылады. өзінің анықтамасына сай, ол кооперативті үкіметаралық валюталық қаржылық ұйым. 1944 жылы Бреттон-Вудс конференциясы шешімімен құрылып, өз қызметін 1947 жылы бастаған. Қор дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметі нәтижелерімен шұғылданады. Мақсаты - халықаралық валюталық ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік вауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем балансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.
Қазақстан МВФ-ке 1992 жылы мүше болып кірді. Аталған қаржылық ұйымға мүше болу мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіні, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы» арнайы заң қабылданды.
СДР бірлігінің құны оның корзинасын құрайтын бес негізгі валюталардың доллармен есептегендегі рыноктық құнының қосындысынан тұрады. Корзинаның құрамы әрбір бес жылда қайта құрылады.
Валюталық корзина дегеніміз - бір валютаның орташа бағамын басқа валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі.
Төменде корзина құрамының көрсеткіштері келтірілген (процент есебімен)
АҚШ доллары
Неміс маркасы
Жапон иенасы
Француз франкі
Фунт стерлингов
39(40)
21(21)
18(17)
11(11)
11(11)
МВФ-тың негізгі басқару органдарына басқарушылар Кеңесі, Атқарушы Кеңес (Директорат), басқарушы кеңестің уақытша комитеті және даму жөгіндегі комитет жатады. МВФ-тың ең жоғары органы басқарушылар Кеңесі ( ол ережеге сай жылына бір рет шақырылады) . Әрбір ел өз ішінен тұрақты бір басқарушының бір орынбасарын тағайындайды (ол, әдетте қаржы министрі немесе орталық банктің басшысы) .
Атқарушы кеңес (24 мүшеден тұрады және тұрақты түрде жұмыс істейді) қордың ағымдағы қызметін басқарады. Шешімдер МВФ-тың қызметкерлері талдап жасаған материалдар мен құжаттар негізінде қабылданады. Басқарушылар кеңесі беруі де мүмкін. Атқарушы кеңестегі ең жоғары мансап: басқарушы - директор. Басқарушы Кеңестің Уақытша комитетінде Қордағы басқарушылар, министрлер мүшелікке болады және олар кеңесші орган болып есептеледі, әдетте жылына екі рет жиналады. Олардың құзырындағы мәселелерге дүниежүізілік валюта жүйесінің проблемалары жөніндегі баяндамалары жөніндегі баяндамаларды басқарушылар кеңесіне ұсыну, сондай-ақ зер салып, қадағалауды талап ететін, валюта жүйесіне кенеттен қауіп төндіруі мүмкін қатерлер жөнінде, сондай-ақ Келісімнің баптарын өзгерту туралы ұсыныстар жасау жатады.
Даму жөніндегі комитет (24 мүшесі бар) әдетте қаржы министрлерінен тұрады. Ол МБРР мен МВФ-тың басқарушы мен ұсыныстар дайындайды.
Халықаралық қайта құру және даму банкі Аталған банк өзінің қызметін 1946 жылы бастаған. Ол ең ірі мемлекетаралық инвестициялық институт болып есептеледі. Халықаралық Даму ассоциациясы (МАР, 1960 жылы құрылған) МБРР-дың филиалы.
МАР-дан бөлек МБРР-дың тағы екі филиалы бар. Олар: Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) және Көпжақты инвестициялық-кепілдік агенттігі (МИГА, 1988 жылы құрылған) . Міне осылар - МБРР, сондай-ақ МАР, МФК және МИГА Бүкіл дүниежүзілік банк тобын құрап отыр.
Алғашында банктің капиталы 10 млрд доллар мөлшерінде болса, 90-жылдардың басында ол 140 млрд долларға дейін құрады. Дегенмен, әрбір елдің ортақ капиталдағы үлестері бірдей емес, мұның өзі дауыс берудегі теңдік түсініктерінен алшақ айырмашылықтарға бастайды.
МВФ-те қалыптасқан жағдай 90-жылдардың басында Бүкіл дүниежүзілік банк тобында да қайталанып, АҚШ-тың дауыс саны артық болды (шамамен 17%) . Сондықтан да, дәстүрге сай банк президентінің орны американдық өкілдің үлесінде болары даусыз еді. Дауыс санына сәйкес екінші орында жапондықтар (6, 24%) . Ал Канада, Сауд Арабиясы, Индия, Италия елдерінің, сондай-ақ Ресейдің 2, 99% дауысты иемденіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz