Бейімбет Майлиннің өмір жолы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

№ 25 гимназия

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бейімбет Майлин

Орындаған: 7 «А» сынып оқушысы

Родионов Филипп

Алматы қаласы, 2006 жыл

Бейімбет Майлин

(1894-1938)

Қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында «ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған тандаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары - біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы жиырмасыншы-отызыншы жылдардың көркем шежіресін жасауда атқарған айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге: 1) «Талант -еңбек» деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында елшеусіз еңбек сүйгіштігімен «Жазушылық - жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жазу» екенін тынымсыз да мігірсіз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2) «Әңгіме -шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, қүдды қазақтың Чеховы секілді қүдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мек-тебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мелдір реализмнің үлгісін көрсетті.

1. Бейімбет Майлиннің өмірі.

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.

Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі ежесінің жылы қүшағында бүйыға тербеліп отырып, оның:

Өмірімде көргенім күңдік, құлдық,

Бұл жалғанда бар мс екен біздей мұңцық?-

деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап елең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.

Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыл-балдин деген татар мүғалімнен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екіжыл (1910-1912) оқиды. («Шүғаның белгісіндегі» бас ксйіпкердің учитель болуы және Әбдірахман атануы тегін еместі) . Өз бетінше кітап оқып, кеп ізденеді; қалаға барып, білімін одан әрі көтеруге талаптанады.

1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен біргс «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтың» әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш немірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шүғаның белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шокірттері мен ұстаздарының арасында авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький шығармаларымен түпнүсқадан таны-сады.

Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге керінбек боп Троицк қаласына қайтып оралады да, осы тұста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сүлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Се-ралинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар, ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жар-лығы кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын кекке қайрап, екі жақты езгіге - патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы ұлт-азаттық кетерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды («Қанды тұман») :

Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар!

Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар!-

дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде сәтсіздікке ұшырағанда кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында патшаның тақтан құлағанына қуанып, қайта жадырайды («Қазаққа») :

Келді теңдік, туды теңдік басыңа,

Қатын, еркек, кәрі менеи жасыңа.

Туысқандық, құрдастыққа асыға-

Алалықты араңдағы жой, қазақ!

Бұрынғыдай байыц, жарлың шашылма!

Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да!

Азынаулақ миың болса басьщда,

Партия, штат, дау-шарыады қой, қазақ!

Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ «келді теңдік, туды теңдік» деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жүртты бірлікке шақырған ақын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге маңызын жойған жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе, осы елең сол кездің алауыз, жікшіл, ұр да жық рухынан ада. Бағзы біреулерше, езінің ел-жұртын, ұлтын тапқа бөліп, анау бай, мынау жарлы-жақыбай деп қалың бұқара арасына жік салып, алауыздық отын жағып жатқан Бейімбет және жоқ. Керісінше, байың бір бөлек, жарлың бір бөлек шашылмаңдар, бірігіңдер, бірлесіп еңбек етіңдер, қазағым, дейді. Демек, Бейімбет Майлин сол кездің өзінде туған елінің болашақ азаттық, еркіндік, егемендік рухымен тыныстағандай . . .

Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі емірі мен енерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға бағыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шүғаның белгісін» жаңадан жендеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.

1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Кептеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-коммунист» хикаяты осы газет бетіндс жарық кереді. 1925 ж. Өлкслік екіметтің арнайы шақыруымен респуб-ликаның сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.

Осылармен қатар, ұйымдасқан күнінен бастап Қазақстан жазу-шылар үжымының қүрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби еңбекті ұымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебистшілерді тәрбиелеу ісіне үнемі ат салысьш отырады.

Бұл жылдарда Майлин-суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні болудың үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика түрінде ай сайын, апта сайьщ толассыз туып, мерзімді газет-журнал беттсріндс үздіксіз жарияланып жататын әдеби шығармалары жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің әрі түзу айнасы, әрі керксм шежіресі іспстті. Осы жылдар ішіндс жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу бес кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді.

Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.

2. Бейімбет Майлин ақындығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.Майлиннің өмір жолы
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық характер
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург бейімбет майлиннің алатын орнын анықтау
Б.Майлиннің прозаларын талдау, зерттеу арқылы оның қазақ прозасындағы рөлін айқындау
Әбдірахман - Шұғаның сүйген жігіті
Бейімбет Майлин туралы
Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
Бейімбет Майлиннің баспасөздегі қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz