Адамдар мен жануарлар арасындағы мінез-құлық айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Кіріспе:
I. Негізгі бөлім:
1. Адам мінез.құлқы
2. Жануар мінез.құлқы
3. жануарлар инстинкты
4. Адам мен жануар арасындағы мінез.құлық айырмашылығы мен
ұқсастығы
4. Психологиялық айырмашылықтары
II. Зерттеу нәтижелерін талдау
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі -- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
1. Психология: адамзат ақыл ойының қазынасы : 10 томдық. Жетекші Ә. Н. Нысанбаев.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б. - Т. 1 : Мэдени-тарихи тұжырымдама. - 2005. - 464 б. -793.93 тен.
2. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық. Т. 3.- Алматы: Таймас, 2005.- 464 б.
3. Психология: адамзат ақыл-ойының қазынасы : 10 томдық.
4. Психология ғылымындағы іс-эрекет теориясы.- Алматы: Таймас, 2005.-480 6.
5. яндекс, google, wikipedia

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология
Тақырыбы: Адамдар мен жануарлар арасындағы мінез-құлық айырмашылықтары мен
ұқсастықтары
Пәні: Хронобиология
Қабылдаған:
Аблайханова Н. Т
Орындағандар: Мамытбек Г. Е
Омар І
Жұматаев Ж
Тобы: ББП-101 қ
Жұмыстың мақсаты: Адамдар мен жануарлардың қоршаған ортасына және
мекен ететін ортасына байланысты
мінез-құлық
ерекшеліктеріне сипаттама бере
отырып олардың
айырмашылықтарына талдау жасауға
негізделген.
Жұмыстың міндеті: Мінез-құлықтың жануарлар мен адамдардағы
айырмашылықтарын және
ұқсастықтарын зерттеу.
Жұмыстың барысы: Бұл жұмыстың негізгі көзі – жануар мен адам
арасындағы мінез-құлық
айырмашылығы мен
ұқсастығын анықтау үшін ең алдымен
олардың
биожүйедегі алатын орнына
сипаттама беріледі.
Себебі әр адамның не жануардың
мінез-құлқы
өмір сүретін ортасына байланысты
түрліше көрінеді.
Сондықтан олардың жалпылама
мінездеріне толық
тоқталу, олардың түрлеріне
байланысты көріну
деңгейлеріне толық тоқталу.
Жоспар:
Кіріспе:
I. Негізгі бөлім:
1. Адам мінез-құлқы
2. Жануар мінез-құлқы
3. жануарлар инстинкты
4. Адам мен жануар арасындағы мінез-құлық айырмашылығы мен
ұқсастығы
4. Психологиялық айырмашылықтары
II. Зерттеу нәтижелерін талдау
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның
тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің
барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-
қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың
бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-
бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-
өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен
қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне,
айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай
орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы
ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Өз қажеттілігін
қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын
мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-
қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз
тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап
реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен
қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының
мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның
сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Адамның
сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы
оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез
бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына
сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр
болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының
тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума
қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез
– адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол — көп қасиеттің бірлігі,
түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның
қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып
саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік
бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым –
қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі
сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі,
бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі
сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды
мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да
сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты
қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы
жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі --
оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның
қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса,
соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен
екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси
моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір
сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол
әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске,
адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам,
әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не
солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер
арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына
(жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде
жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады. Жеке адамға не адамдар
тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың
тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу
үрдісінде қалыптасады. Адамдардың бәрі бірдей белгілі бір тіршілік
жағдайларында өзін- өзі бірдей ұстай алмайтыны мәлім. Бұл әрбір адамның
психикалық әрекетімен тікелей оның жеке ерекшелігіне байланысты екендігімен
түсіндіріледі. Тіпті ерте кездің өзінде ғалымдар адамдарды темпераментіне
қарап жіктеуге тырысқан. Академик И.П. Павлов жоғары дәрежелі жүйке
қызметінің тұрақсыздығы, оның қоршаған орта әсерінен өзгеретіндігі туралы
былай деп жазды: Адамның немесе жануардың мінез құлқы нерв системасының
туа пайда болған қасиетіне ғана емес, сонымен қатар ағзаның жеке өмір сүруі
кезінде оған әсер ететін және үнемі әсер ететін ықпалдарға байланысты,
былайша айтқанда, бұл сөзді кең мағнасында алғанда үнемі тәрбиелеу немесе
оқыту жұмыстарына байланысты болады . Адамның мінез –құлқы организм
қажетсінуін қанағаттандыруға бағытталған ыңғайлы қимылдатқыш әрекеттердің
күрделі кешені. Адам психикасы оның ішкі жан дүниесі, оның түйсігі мен
қабылдауы, жады мен түсінігі, ойлауы мен қиялдауы, сезімі мен еркі. Психика
нақты бір адамға қатысты, тек соның миындағы дүниенің ішкі бейнесі.Әртүрлі
қажетсінулер негізінде адамда белгілі бір психикалық күй-өзіндік көзқарас,
түсінік, сезім,ой,эмоциялар пайда болады. Адам психикасы сөзді ерекше және
санадан тыс психикалық процестер мен жағдайлардың кешені ретінде меңгеру
процесіңде қатысады. Әр адамның ішкі дүниесі әртүрлі, ол оның қоршаған
ортамен, басқа адамдармен қарым қатынаста айқындалады. Қалыпты психикалық
денсаулықтың негізгі шарттары отбасындағы, сондай ақ мектептегі қайырымды ,
бір қалыпты қарым қатынас болып табылады. Бұл жағдайда өзара түсіністік,
ізгі қатынас, қиындықтардың шешімін табуда өзбетімен моральдық-адамгершілік
жол таба білу психикалық денсаулыққа жағдай тудырып, адамның психикалық
денсаулығының тұрақтылығын сақтайды және нығайтады. Бұл жағдайда аутогендік
жаттығуларды қолданып, дағдыға айналдырудың маңызы өте зор. Жүргізілетін
аутогендік жаттығулыр тиімді болуы үшін мыналарды қамтуы қажет:
Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін
қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының
тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін
үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды
жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы
әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек
етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және
т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде
алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне
түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала
бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам
психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына
ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты
екенін атап көрсетті. Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік
ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа
адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда,
қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-
қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның
психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру
максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер
жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді.
Сеченов Иван Михайлович
Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды
этология (гр. еtһоs - мінез, logos - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке
кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік
үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі
(жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі
ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады.
Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне
бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі
рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында
сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады.
Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-
1650). Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп
екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері
(жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың
үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады.
Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда
болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер
жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. instictus - түйсіну) деп аталады.
Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып
тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның
ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады. Жаңа туған нәрестенің алғаш рет
анасын емуі - тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты
жақындатқанда көзді жұму - қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес
затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы - бағдарлаушы шартсыз
рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы
қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді
түрде жүреді.
Декарт Рене
Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке -
рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер
түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми
қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі.
Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты
рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше
кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті
жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі
аркылы жүзеге асады. Жоғары жүйке кызметінің күрделенуі сөздің пайда
болуымен тікелей байланысты. Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі
жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін
қанағаттандыру. Екіншіден - сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және
жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады,
яғни рефлекстік сипатта болады. Ми қыртысының рефлекстік қызметін ғылыми
түрғыда түсіндірген орыс ғалымы - И.М.Сеченов (1829-1905). Ол Мидың
рефлекстері (1863) еңбегінде рефлекс ұғымына жан-жақты анықтама берді.
Ғалым алғаш рет біздің саналы жөне санасыз әрекеттеріміздің бәрі
рефлекстерге негізделгенін дәлелдеп берді. И. М. Сеченовтың пікірі бойынша,
рефлекстер үш кезеңді қамтиды. Оның бірінші кезеңінде сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен сезім мүшелерінде қозу пайда болады. Екінші
кезеңінде - мида қозу мен тежелу үдерістері жүреді. Осы үдерістердің
нөтижесінде психикалық құбылыстар (түйсіну, сезу, т.б.) пайда болады.
Үшінші кезеңінде - адамның мінез-құлығы әрекеттер арқылы көрініс табады.
И.М.Сеченовтың зерттеулері мидың төменгі орталықтары, оның жоғары
орталықтарының тікелей бақылауында жүретінін дәлелдеп берді. Ми
қыртысындағы рефлекс орталықтары көптеген шартсыз рефлекстердің қызметін
кейде тежеуі, кейде күшейтуі мүмкін. Рефлекстер туралы ілімді одан әрі
толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 - 1936) . Ол -
жоғары жүйке қызметінің физиологиясы — мінез-қүлық туралы ғылымның негізін
салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу
әдістерін ашты. И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер
жиынтығынан түратынын толық дәлелдеп берді. Бірінішіден, шартты
тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің өсерімен
сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де
иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді
бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды.
Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің өсері шартсыз тітіркендіргіштің алдында
бірнеше рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамак беруді
бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі. Үшіншіден, шартты жөне
шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет
кайталаганда да шартты рефлекс түзіледі. Шартты рефлекстің қалыптасуы,
шартты және шартсыз тітіркендіргіштерді қабылдайтын ми қыртысының екі
орталығының арасындағы уакытша байланыска негізделген. Шартты
тітіркендіргіштің әсерінен ми кыртысының бір жерінде козу ошағы пайда
болады. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен де ми қыртысының екінші жерінде
қозу ошағы пайда болады. Ми қыртысындағы осы екі козу ошақтарының арасында
уақытша байланыс түзіледі. Адам өмірінде көптеген шартты рефлекстер
түзіледі. Мұның бәрі де біздің өмір сүруіміздің басты мәні болып саналады.
Тіршіліктің бұл өмірлік мәні жеке адам үшін басты рөл атқарады, бірак бұл
тұқым қуаламайды.
Павлов Иван Петрович
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден
ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен
әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-
құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды:
батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл
ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу,
адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол
жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан
құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп
түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып,
әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты
мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға
қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы
алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің,
қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты
мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік
санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын
қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік
девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині
француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-
құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің
әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да
қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге
әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат,
салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы
өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды
адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге
сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір
түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады. Делинквентті мінез-
құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттер көрініс
береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты
жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді. Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.
Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе,
екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың ерекше қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше
қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын
физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар
жатады: ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы,
ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық
факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке
жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
Психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал,
келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған
ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға
душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері; физиологиялық
факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-
қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне
байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды,
қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-
психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді.
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму
сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі
ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік
ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-
анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған
ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар
сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік,
қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге
бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық
тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген
оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың
оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді: оқудағы декомпенсация
– баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе
бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан; мектептік бейімсіздік
(дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп,
мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы
көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды; әлеуметтік
бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады,
асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы,
балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп
оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты
іс-әрекеттрмен айналыса бастайды. Баланың психоәлеуметтік дамуындағы
ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды
мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері
бар:
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға
баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі,
ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден
туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы,
криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік,
зорлаушылық жатады.
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын
жүргізуде римдік философ Сенеканың: әрбір адам өмірінің тек кейбір
жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды деген ой-
пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз,
баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды,
қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып
әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл
педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік
қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар
арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік,
махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында
девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан
бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін
тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың
көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек
сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар
мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу
тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық
тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы
бөлігі. Мінез сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады.
Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін
бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді жақсы, жаман, ауыр,
жеңіл деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте:
Мінезіміз келіспеді,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас
жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның
мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға
соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі
жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы
білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда,
бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде
маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық
ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік
аса қажет. Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол
әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын
сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек
философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30
қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің
Этические характеры тракты арқылы ғылымға мінез (грек. сharacter –
қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер
(1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе,
мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты
мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917)
мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология
ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады. Бүгінгі күні мінез тұлғаның
тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық
ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады.
Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін
сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі. Темперамент тума
факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке
жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа
адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен
тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен
қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев
пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді
деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау
ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен
жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі
қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері
әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына
айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады. К.К. Платонов
мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек,
басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz