Бизнестің сипаты. Кәсіпорынның жұмыс істеу мақсаттары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. БИЗНЕСТІҢ СИПАТЫ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТТАРЫ.

1. 1 Негізгі тауарлар және қызметтер

“KazTransComputers” компаниясы келесі тауарлар мен қызметтер ұсынады:

  • Компьютерлік техника және жабдықтауыштары (аналық тақшалар, процессорлар, принтерлер, сканерлер, қатқыл дискілер, interface card, бейнебейімдеуіштер, мониторлар, көшіруші аппараттар, желілік жабдықтар, UPS, мультимедиа, ойын құрылғылары, аксессуарлар, шығындық материалдар) .
  • Дайын компьютерлік жүйелер (оисқа арналған компьютерлер, ойынға арналған компьютерлер және жұмыс стансалары) .
  • Қызметтер (желілердің немесе дербес компьютерлердің ақпаратты қорғау кешендері, компьютер диагностикасы, операциялық жүйені қайта орнату, маманды шақыру, сыртқы құрылғыларды қосу, модемді баптау және орнату, қатқыл дискіні жұмысқа дайындау, компьютерді жаңарту, лазерлік принтерлердің картридждерді толтыру, BIOS-ты қайта тігу, техникалардың істен шығу жағдайында жасаулық қызметтерін көрсету.
  • Бағдарламалық жабдықтама (бейне, музыка, ойындар, оқу бағдарламалары және т. б. бағдарламалар) .

1. 2 Нарық қажеттілігі

Бүгінгі таңда компьютерлік техника нарығы жақсы дамып келеді. Компьютерлер біздің күнделікті өмірімізге белсенді енді және бизнестің барлық салаларына берік енді. Компьютермен шұғылдану перспективті бағыт болып табылады. Мысалы: ауыл және қала мектептерін, жоғары оқу орындарын, бюджеттік мекемелерді, жеке кәсіпкерлер және т. б. компьютерлендіруі. Қазақстанда әсіресе Алматыда компьютерлер саны жылдан жылға көбею үстінде. Бүгінгі таңда компьютерлік техникапайдаланусыз бірде-бір компания жұмысын жүзеге асыра алмамырды. Компьютерлер және оргтехника күнделікті бизнес жүргізу құралы ретінде, көп сұрақтарды шешеді. Мекемелерде әр түрлі мақсаттарға кең қолданылады. Кез келген мекеме оргтехникасыз жұмысы тоқтап қалады. Мекеме көлеміне байланысты бірден жүздеген компьютерлерге дейін қажет етуі мүмкін. Және көмек құралдары да қажет болады (принтер, сканер, плоттер, ксерокс, факс, желілік құрылғылар) . Ал оргтехника басқа құрылғылар тәрізді қызмет көрсетуін талап етеді және оны “KazTransComputers” компаниясы көрсетеді.

Сонымен қатар компанияның негізгі бағыты болып, кәсіпорындардың компьютерлік желілерін рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау қызметтерін көрсету жоспарланады. Ақпараттық қауіпсіздік қызметтері, дербес компьютерде антивирустық қорғаныс пен дербес желіаралық экрандарды орнатудан бастап, деретерді шифрлеу, үлкен желілерде «Шабуылдарды айырып-табу» жүйелерін орнату және желіаралық экрандарды орнатуға дейін қауіпсіздік қызметтерін көрсету болып табылады.

Үйде және жұмыста компьютер әр түрлі мақсаттарға қолданылады. Ойындар мен көңіл көтерімдерден бастап жоғары дәлдікті инженерлік зерттеулерге дейінгі аралықта пайдаланылады. Қазіргі заман бағдарламалық жабдықтамалары және мультимедиялық қолданбалар компьютерлердің аппараттық құралдарына талаптары жоғары. Мысалы Phtoshop CS2 бағдарламасымен сапалы жұмыс істеу үшін, ең аз дегенде Pentium IV, RAM 256, Video 64 Mb қажет етсе, “Need For Speed Carbon” ойынына ең аз дегенде Pentium IV, RAM 1Gb, Video 128 Mb болуы тиіс. Бұл пайдаланушылардың әрдайым жаңартуды қажет етендігін көрсетеді. Орташа есеппен жаңарту немесе жақсарту жылына екі рет жасалынады. Компьютердің жаңартылуын “KazTransComputers” компаниясы жүзеге асыра алады (үй компьютерлерімен қоса корпоративтік пайдаланушылар компьютерлік техникаларын) .

Берілген бастаманың табысты болатынына сенімді болу себебі - заңды және жеке тұлғалардың оргтехникаға, лицензияланған бағдарламалық жабдықтамаларға, сапалы қызметке және жаңарту қызметінің қажеттілігінің әрдайым өсуінде.

1. 3 Тұтынушылар

Фирманың тауарларын тұтынушылары ретінде кез келген заңды және жеке тұлға қарастырылады. Қызмттер кең көлемді тұтынушыларға көрсетіледі: жеке тұлғалардан бастап корпоративті одақтарға дейін. Заңды тұлғалар құрамына кіретіндер: сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары, өнеркәсіптік және кіші кәсіпорындар, бюджеттік кәсіпорындар.

Соның құрамында:

  • Мектептер және басқа оқу орындары
  • Мемлекеттік ұйымдар
  • Медициналық мекемелер
  • Басқарушы және күштік органдар
  • Басқалары

Заңды тұлғалар құрамына кіретіндер:

  • Мектеп оқушылары
  • Студенттер
  • Программисттер
  • Бизнесмендер
  • Басқалары

1. 4 Кәсіпорынның орналасуы

“KazTransComputers” компаниясы жауапкершілігі шектеулі ұйым ретінде құралады. Фирма бірінші қабаттағы, офисқа түрлендірілетін, екі үш бөлмелі пәтерде орналасады. Алматы қ. Мынбаева мен Клочкова көшелерінің қиылысында орналасады. Бір пәтер склад, ал екіншісі офисқа түрлендіріледі.

1. 5 Нарыққа шығу стратегиясы

“KazTransComputers” компаниясы тұтынушылық нарыққа шығу үшін, екі стратегияны ұстанады. Біріншісі - төмен бағалы стратегия. Ол өнімнің және қызметтердің басқа компаниялармен салыстырғанда төмен болу деген мағына береді. Ол басқа компаниялармен бәсекелесуге және қажеткерлерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші стратегия - дифференциалданған маркетинг стратегиясы. Ол компания екі түрлі халыққа бағытталады - жоғары және орташа табыс деңгейлі азаматтар. Мысалы: AMD K7 Duron 750 Mhz - 48 $ процессорлары орташа табысты тұтынушыларға арналған, Intel® Pentium®-4 2800 Mhz - 373 $ жоғары табысты тұтынушыларға арналған.

1. 6 Өнімнің тұтынушылық сапасы

Өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің тұтынушылық сапасы, пайдаланушылар талаптарымен анықталады. Олар келесімен анықталады:

Өнім үшін:

  • Сапа
  • Салыстырмалы төмен баға
  • Кепілдік
  • Жеңілдетулер жүйесі
  • Денсаулық қауіпсіздігі

Қызметтер үшін

  • Ыңғайлы және сапалы сервис
  • Төмен баға
  • Жеңілдетулер жүйесі

Сонымен қатар тұтынушыларға фирманың Интернетте жеке сайты болғанын қалайды. Тұтынушылар сайт арқылы өнімдер және қызметтер жайлы қажетті ақпараттармен таныса алады, он-лайн сатып алу қызметін және қызметке он-лайн тапсырыс беру қол жеткізілімді болады. Осындай талаптардың барлығын есепке ала отырып, “KazTransComputers” компаниясы осы талаптарды ұстануға ұмтылады. Дифференциалданған стратегия таңдалған соң, екі түрлі өнім сатылады: Фирмалық (Brand) және фирмалық емес (Nobrand) және Brand және Nobrand сапалы айырмашылықтарына байланысты, сәйкес орташа және төмен баға орнатылады. Яғни, жабдықтар бірдей бірақ біреуі өзінің өнім сапасын бақылайтын және өзін жақсы көрсете алған, жарнамалаған фирма. Ал басқасы ешкімге беймәлім фирма. Мысал ретінде, «ASUS» компаниясының жоғары сапалы өнімі және орташа сапалы «SPARKLE» компаниясының өнімін келтіруге болады. Сатылатын тауарлар негізінен Қытайдан, Малайзиядан, Сингапурдан, Таиландтан және Индонезиядан әкелінеді және оған келесі себептер бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары
Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі
Бизнес - жоспарды уйымдастыру
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Бизнес жоспарын құру жолдары
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Құнның өзгеру қағидасы
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
“KazTransCom” АҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz