Топырақты ластаушы және аздырушы көздер


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ: ТОПРАҚТЫ ЛАСТАУШЫ ЖӘНЕ АЗДЫРУШЫ КӨЗДЕР
:
:
КІРІСПЕ: Топырақтың азуы немесе эрозиясы
:
:
КІРІСПЕ: Топрақты тұзданудан сақтау.
:
:
КІРІСПЕ: Жерді құмға айналудан сақтау.
:
:
КІРІСПЕ: Жерді батпақтанудан қорғау.
:
:
КІРІСПЕ: Топрақтағы қоректік заттарды сақтау.
:
:
КІРІСПЕ: Топрақты уланудан қорғау.
:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:


КІРІСПЕ

Топырақ туралы түсінік

Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған-милиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи күрделі зат.

Мәңгілік мұздар, қарлар басқан, жанартаулар атқылаған жерде, жартастарда, құмда, қиыршық тастарда топырақ болмайды.

Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, жануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.

Топырақтың ерекше қасиеті - оның құнарлылығы. Осы қасиетімен ол жердің аналық және тау жыныстарынан айрықша тұрады. Құнарлық пен топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың болуын айтады. Құнарлы топырақ сумен, ауамен және күн сәулесімен қосылып өсімдіктер өсуіне қажетті жағдай жасайды.

Топырақ адамдар үшін негізігі ауылшаруашылық өнімдерін беретін, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ететін орын.

Қаншама техника алға басқанымен адамдар өздеріне керектің бәрін дерлік топырақтан алады. Теңізден, өзенннен, су қоймаларынан алатын қоректік заттар мөлшері онша көп емес.

Халықтың әл-ауқаты мен ауылшаруашылық өркендеуі топырақтың құнарлылығына байланысты.

Қазір адамдар өздеріне қажет қоректік заттардың 88%-ын егістік жерлерден, 10%-ын ормандар мен жайлымдардан, 2%-ын теңіз бен мұхит суларынан алады.

Жер шарында жалпы көлемі 51 миллиард гектар немесе 510, 2 миллион км 3 . оның 2/3 бөлегі (36, 1 млрд. га) теңіздер мен мұқиттар, 1/3 бөлегі(14, 9 млрд. га) құрлық.

Қазақстанда жер көлемі жеткілікті болғанымен егін өсіруге қолайлы жер көп емес, олардың құнарлылығыда төмен.

Құнарлы қара топырақ республика териториясының тек 9, 5%-ын қамтиды. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан; Ақтөбе, Торғай; Павлодар және Көкшетау облыстарының солтүтік өңірінде ғана кездеседі.

Топырақты ластаушы және аздырушы көздер

Күшті жел мен дауыл, қатты ағын сулар, басқада күтпеген табиғи құбылыстар жер бетін бұлдіріп топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын алып кетіп жатады. Бірақ топыраққа зиянды табиғаттан гөрі адамдар көп келтіреді. Африкада, Оңтүстік америкада, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияда орасан зор алқаптар арнайы егіншілік, жөнсіз қолданған техника, жүйесіз пайдаланылған жайылым мен шексіз кесілген ормандар салдарынан кеуіп құмға айналады.

Топырақтың құнарсыздануы жердің азуына, бүлінуіне, тұздануына, батпақтануына, құмға айналуына, ластануына тікелей байланысты болады.

А. Топырақтың азуы немесе эрозиясы

Топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабаты желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар азайғаннан кейін жер азып, өнім бермейтін халге түседі. Бұл апаттың қанша қауіпті екенін түсіну үшін осы күнге дейін істен шыққан жерлердің 9/10 бөлігі осы себептен болғанын ескерген жөн.

Қазақстанның Солтүстік және Батыс аудандарында 8 миллион гектар эрозияланған немесе эрозия қаупі бар жерлер қатарына жатады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда құнарлы топрақты жермен салыстрғанда аза бастаған жерлер 10-15, орташа азған жерлер 20-40, толықтай азған жерлер 50-60% дейін өнімді аз беретін көрінеді.

Орманды жерде топырақ эрозиясы болмайды. Ағаштан, шөптен айрылған жер аза бастайды. Егістік жерлерде өсімдіктерді ауыстырмай үнемі бір түрін, мысалы, жүгеріні өсіре берсе 10-15 жылдан кейін жер аза бастайды. Шөпсіз ашық топырақ 2-3 нөсер жауыннан кейін жуылып кетеді де, оны табиғи жолмен қалпына келтіруге 2-7 мың жыл уақыт қажет болады.

Топырақ эрозиясы екі түрлі болады. Біріншісі - секундына 18-20 м жылдамдықпен қатты жер соққанда ұсақ топырақ ауаға көтеріліп жүздеген километрге ұшып кетеді. Жер беті алай-түлей болып, күн көзін көрінбейтін шаң басып кетеді. Мұндай жел топрақтың 15-20 сантиметрге дейін, кейде бар құнарлы қабатын ұшырып әкетеді. Желдің жылдамдығы 5-6м/с болса, онда жергілікті топырақ эрозиясы болып, құнарлы қабат 5см көтеріліп 5-6 км қашықтыққа ұшып жатады. Екіншісі күшті нөсер жауын жауғанда, қар күрт еріп, өзен тасқындары немесе тауда жиналған сулар төмен құлап сел болғанда топырақтың құнарлы қабаты жуылып, сай-сала мен жыралар пайда болады.

Масалы, 1921 жылы таудан сел жүргенде Алматыны 4 сағат ішінде құм, тас, саз балшық араласқан лай су басып, көптеген үйлер қирап, кісі өлімі болды. 70-ші жылдары Медеуде салынған бөгет қаланы 2 рет сел тасқынынан сақтап қалды.

Топрақты эрозиядан сақтау үшін жер бетінің ерекшелігін, ауа райының жағдайын, эрозиялық құбылыстардың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолдану қажет :

  • ұйымдастыру шаралары - топрақтың ерекшелігін ескеріп, егістіктерді айналмалы жүйе бойынша орналастыру, жерді топырақтың түріне сәйкес әдіспен жырту, топрақты қорғайтын көп жылдық шөптер егу, мал жайылатын өрістерді дұрыс пайдалану.
  • Агротехникалық шаралар - топрақта қоректік заттар, су, ауа, жылу жеткілікті мерзімде егін егу, өсімдіктердің өсуіне және жоғары өнім беруіне қолайлы жағдай(тыңайтқыш төгу, арам шөпті отау, зиянкестермен күресу) жасау.
  • Топырақ дымқыл болу үшін қар мен жауын суы жерге жақсы сіңу үшін жыртылған жердің тереңдігі үлкен әсер етеді. 20-см ге дейін аз тереңдік, 25-см ден көп болса өте терең болып есептеледі.

Біздің жағдайда жердің қыртысын аудармай жырту, қалдық шөп тамырларын көлденең кесу пайдалы.

Б. Топрақты тұзданудан сақтау.

Топрақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкеде, құрғақ далада жиі кездеседі. Топрақтың тұздануы үшін жауын - шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан аз болса жетіп жатыр.

Топрақтың тұздану себебі - егістік алқаптарды көп жыл бойы көлдетіп суару. Бас кезінде топрақтағы тұздар сумен төмен қарай кетіп, жер тұщыланып, өнім көбейеді. Бірақ бірнеше жыл өткен соң жағдай өзгеріп, булану көбейген сайын жер асты суларының деңгейі көтеріліп, онымен бірге тұздар да жер бетіне шығып жазда жауған қар сияқты әппақ болып жатады.

Топрақтағы тұз 1процентке көбейгенде өнім 30-35 % ке азайып, 2-3% ке көбейсе - өсімдіктер өмір сүре алмайды.

В. Жерді құмға айналудан сақтау.

Дүние жүзінде жыл сайын 50-60 мың км 2 жер шөл далаға айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 миллион км 2 жетті.

Соңғы жылдары, әсіресе Африка мен Азия құрлығында, басқада қуаң далада жерді құм басу процессі өте ұлғайып кетті.

1977 жылы БҰҰ Африка елдерінің талап етуімен дүниежүзілік конференция шақырып, онда жерді құм басу процесін тоқтату жолдары қаралды. Мұндай жағдай барлық елдерге қатысы бар, дүние жүзілік проблема деп табылып, ол табиғаттың құбылысынан емес, адамдардың кінәсінен болып отыр деген қортындыға келді.

Қазақстан үшін құм басуда көңіл бөлуге тұрарлық мәселе. Көптеген жерлердің жыртылуына байланысты. Бір жерге ондаған жылдар бойы мал жайлып, бар шөпті жеп, қалғанын таптап, жайлымдар тозды. Демалыс болмағандықтан олар өздігінен қалпына келе алмай өсімдіктер азайып, топрақтар құмға айналып барады. әсіресе негізгі мал өрісі болып табылатын нарын, Қызылқұм, Қарақұм, Үстірт, Сарыарқа жайлымдарының қалі өте ауыр.

Жерді құм басудан қорғау жолдары - топрақты шаң-тозаңға айналып, ұшуын тоқтату, ол үшін ағаш отырғызып, бұталар мен жартылай бұталар және қияқ, жусан сияқты көп жылдық шөптер егу болып таблады.

Г. Жерді батпақтанудан қорғау.

Егер жауын-шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болса, онда жер батпақтана бастайды.

Көптеген өзендер батпақтардан басталады, жер асты суларда солардың есебінен толығады, ластанған жауын сулары да осында тазарады.

Сондықтан батпақты құрғатамыз деп жүріп су қорларын сақтауға олардың үлкен маңызы бар екенін ұмытпаған да дұрыс.

Батпақты орынсыз құрғату жер асты суларының қоры азаюына, өзен мен көлдің тартылуына, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеліп соғады. Батпақты құрғатпас бұрын болашақта кездесетін экологиялық зардаптарды жақсылап есептеп, оларды болдырмау жолдарын қарастрған жөн.

Д. Топрақтағы қоректік заттарды сақтау.

Егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау нәтижесінде қоректік заттар тез азайып, топрақтың құрамы өзгеріп, бу және ауа жүретін жүйелер бұзылып, топырақ ұсақ, бөлшек орнына бір-біріне жабысқан, өте тығыз, арасынан су және ауа өтпейтін, құнары аз жерге айналады.

Қара топырақтар соңғы 100 жылда қоректік заттар болып саналатын құнарлы қарашіріктердің тең жартысынан айрылды. Бұған эрозиямен қатар топрақты жыл сайын соқамен аударыстыру салдарынан қарашірік күнге күйіп жоғалуы да себеп болуда.

Жердің сапасын жақсартып, қоректік заттарын көбейтіп, азуын тоқтату үшін мелиоративтік жұмыстар, әсіресе суландыру жұмыстарын жүргізу қажет. Суланған жерлер тұрақты өнімді суарылмаған жерлермен салстрғанда бірнеше есе көп береді.

Қазақстанда суармалы егістік көлемі 2 миллион гектар шамасында. Суармалы жерлерге мақта, күріш, көкөніс, картоп, бақша өсімдіктері жеміс пен жүзім өсіріп оңтүстік өңір тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге болады.

Сортаң жерлердің құнарлылығын арттыру үшін топрақты гипіспен (әк араласқан ақ сары түсті минерал), қышқыл тұздармен өңдейді, 3қатарлы соқамен жыртқанда сортаң қабат төменгі қабатпен араласып, өнім мөлшері 3-4 есе өседі.

Қышқыл топрақты жерлерді ізбеспен өңдеп, қышқылын азайтады. Бұл жерлерге көң төккенде ауа мен су айналымы жақсарып, дәнді дақылдар, қаныт қызылшасы, жүгері т. б. өсімдіктер мол өнім береді.

Е. Топрақты уланудан қорғау.

Ауадағы радиоактивті заттар, ауыр металдар, күкірт қышқылы зиянды қалдықтар топрақты ластайды. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар мөлшерден тыс қолданылса топрақ уланады.

өндірістік қалдықтардағы көмір қышқыл газы, күкіртті ангидрид, түрлі металдар, көмір сутектер топрақтың құрамын өзгертіп, оның құнарлылығын төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Ластаушы заттар мен токсиканттар
Жер ресурстары мен топырақ жамылғысы
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Топырақтағы антропогендік өзгерістер
Қоршаған ортаны қорғау жайлы ақпарат
Қалдықсыз технология
Қоршаған ортаның мұнаймен ластануын сипаттау
ЛИТОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz