Литосфераға антропогендік факторлардың әсері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Литосфераға антропогендік факторлардың әсері.
Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В. В. Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ - зат айналымның маңызды буыны.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі Владимир Владимирович Докучаев топырақты планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В. В. Докучаев «топырақ - ландшафттың айнасы» деген.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724, 9 мың км 2 . Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610, 7 мың га жерді алып жатыр.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2, 3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33, 6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.
Топырақ эрозиясы ( грек тілінен аударғанда - «бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде бірінішісінде - ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады.
Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтылығына, кеңістікітң ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді. Аталған факторлар далаларда, шөлейіттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунтттары таралған жерлерде болады.
Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым болады. Антропогенді эрозияның ерекше түрі ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Топырақтың жойылуы, халық санының артуы адам баласына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады. Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2, 5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр.
Эрозиямен күресу жолдары:
- Айтарлықтай үлкен террриторияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
- Жайылымдық эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негзгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды (туризм, адамдардың табиғаттағы демалысы) төмендету болып табылады.
Аридизация дегеніміз климат ылғалының төмендеуі. Егер климат ылғалдылығы төмендесе, топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларғы көп энергия жұмсауды қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсерін тигізеді. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қоллданылуы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz