Қытай халық Республикасының саяси институттарының саяси тәжірибеге әсері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ САЯСИ ТӘЖІРИБЕГЕ ӘСЕРІ

Орындаған:Дәрменова Марияш МО 83.

Тексерген:Әмірбеков. Ш. А

Алматы 2010 ж.

Барлық саяси және мемлекеттік институттар негізі ҚХР тарихының 50 жыл бойы өзгеріссіз келе жатыр. Өзгерістер тек қана нақты министрліктер, қаулылар атауы мен бағыттарында ғана болды. Қытайда мемлекеттік монополизм дәстүрлерінің тамырлары терең. Мемлекеттік шенеуніктер өздерінің өмір сүруін мыңжылдықтап есептеп шығарады. ондықтан мемлекеттік басқарудың кейбір элементтері мен дәстүрлері алдынғы ғасырлардан алынған, бірақ қазіргі мемлекеттік билік мазмұны, мақсаты, сипаты бойынша ертедегі династиялық мемлекетпен еш байланысы жоқ. Саяси және мемлекеттік жүйеде традиционализмкөп жағдайда консерватизммен байланыстырылады. Бірақ бірінші кезекте барлық талпыныстар мемлекеттілікті нығайтуға, мемлекеттік басқаруды дәріптнеге және қытай халқының жақсы өмір сүруі үшін билікке бағытталған. Реформалар жүргізілуі, биліктіңауысуы, алдынғы билікті ығыстыру үшін төңкерістер болуы мүмкін, бірақ мемлекет тіреуі өзгеріссіз қалатынын мемлекеттік басқару теориясының тарихы көрсетеді. Бұндай тенденция барлық ұрпақтардың дүниетанымында сақтала отырып, басқару ісімен айналысатындарда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік заңдар мен актілерге жауапершілік және ішкі тәртіптің пайда болуына көмектесетін халықтың негізгі массасында да ерекше көзқарас пенен сенім қалыптасады. Қытай қоғамының сипаты, оның рухани дүниесі, психологиясы, сенімдер, көзқарастар, дүниетанымдық бағыттаржәне т. б. факторлар қытайлықтардың табиғатынан пайда болатын бірнеше ғасырларға созылған ежелгі дәстүрлерден қалыптасады. Бұл мағынада конфуцишілдік ұрпақтан-ұрпаққа адамның санасына мемлекетті басқару алғашқылық ережелік постулатты ғылым жетістігінің мақсаты ретінде методикалық рөл ойнады. Конфуцийдің трактаттарының біреуіне назар аударсақ: «Дасяннан келген адам былай деген: «Мұғалім ұлы. Оның оқытуы кең, бірақ оның атағы әлі шықпады». сыны естіген ұстаз өзінің оқушыларына қарап баылай деген: «Маған не істеу керек? Арабаны (колесницаны) басқару өнерін көрсетейін бе әлде садақ ату өнерін көрсетейін бе? Мен арабаны басқару өнерін көрсетем». Көрсетілген үзіндіде тек қана басқару өнерінің маңыздылығы ғана жатқан жоқ, сонымен қатар ұстаздың адамгершілік критерилері де жатыр. «Ұстаз» ұғымы тура және ауыспалы мағынада әлі күнге шейін қытай қоғамына тән, бұл адамдар арасындағы қарым-қатынасқа әсерін білдіреді. Үлкендерді сыйлау, балалардың ата-аналар алдындағы міндеттері социалистік немесе коммунистік ғибраттың ықтиярсыз құбылысы болып табылады.

. ҚКП мемлекеттік идеологияны дайындайды. Мемлекеттегі барлық маңызды оқиғалар билік басындағы партияның бақылауымен жүргізіледі. Тарихтан біз «буржуазды либерализациямен күрес», «социалистік рухани мәдениет үшін күрес», «вестернизацияға қарсы күрес» сияқты идеологиялық кампаниялар туралы білеміз. Соңғы жылдардың саяси кампаниялары туралы айтып кету мақсатқа лайық болар еді. Олар әрқашанда Қытайдағы реформалар жүрісімен байланысты болатын.

Қытай қоғамының ішкі саяси өміріндегі негізгі оқиғалар ҚХР-дың қалыптасуына 50 жыл болғанымен өтті. Қытай басқармасының шешімдері мен жүрістері «реформа, даму және тұрақтылық» формуласымен жүргізілді. Мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін идеялық адамгершілік және саяси - тәрбиелік жұмыстар көп жүргізілді. Осымен байланысты партиялық ұйымдарда кең масштабты идеологиялық кампания «сан цзян»-саясатқа, оқуға және дұрыс рухқа акцент жүргізілді және жүргізіліп жатыр.

Берілген кампанияның қажеттілігін жүргізу ең алғаш рет 1997 жылы ҚКП -ның ХY съезінде ҚКП ОК Бас Хатшысы Цзян Цзэмин жариялады. Сол кезден бастап, осы кампанияға дайындық бойынша, жұмыс жүргізілді және ҚКП ОК 1998 ж. маусымда 2 жыл ішінде «үш акценттің» жүргізілуінің нақты уақытын анықтау талабымен «Дэн Сяопин теориясын зерттеуді тереңдету туралы циркулярды» орындарға жіберді.

«Үш акцент» - екі жылдық мерзімге арналған және уезден бастап барлық деңгейлерінің, қытай партиялық ұйымдарының басшыларын қамтитын шаралар жүйесі.

Жүргізіліп жатқан «үш акцент » кампаниясының негізгі мақсаты - партиялық ұйымдар мен саяси және қоғамдық ұйымдардың жұмыс істеу стиліне, саяси және ұйымдастырушылық өзгерістерді енгізу, ішкі және сыртқы саяси - әлеуметтік жағдайлар өзгерістеріне уақытында және дұрыс әсер тигізу механизмдерін дайындау, қоғамдық тәртіпті нығайту және коммунистер қатарында саналылықты жоғарлату, қытайдың марқұм көшбасшысы Дэн Сяопин теориясын зерттеуді нығайту, басқарушы кадрлерді таңдап алу критерийлерін күшейту және оларды дайындау деңгейінің сапасын жоғарлату.

Көптеген ұйымдарда коммунистер партиялық жиналыстарда қарастырылатын есептерді жазады. Осы кезде партияның қарапайым мүшелерінен өзара сынға ерекше көңіл аударуы және өздерінің кемшіліктерін табуы талап етіледі. Берілген шара партиямен байланыс үзгендерді ығыстыруға және адамдардың уставты нормаларын бұзушыларға ғана емес, сонымен қатар қазір өздерінің прагматикалық және жеке мүдделерін көздейтін «қоғамның белсенділігін жоғарлатуға және коммунистердің саяси жетілуіне» бағытталған.

Қытай Халық Республикасындағы саяси жүйе мен мемлекеттік идеология ерекшеліктері

ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылдан бастап қызмет етеді және құрылымы жаынан біршама өзгерістерді басынан кешірді. Қытайдың саяси жүйесі және мемлекеттік құрылысы ішкі жағынан біршама спецификалық өзгешелігі бар бұрынғы КСРО-ның моделіне ұқсас болып келеді. Бұрынғысынша мемлекеттік құрылымдар менен институттар қызмет етуде.

Халық Өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиналысы(ХӨБЖ ) мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы болып табылады. ХӨБЖ-нің өкілеттік мерзімі 5 жыл. Оның құрамында 2970 депутат. ХӨБЖ Конституцияға өзгерістер енгізеді, оның орындалуын бақылайды; қылмыстық және азаматтық заңдар қабылдайды және өзгерістер енгізеді, ҚХР-дың Төрағасын және оның орынбасарын сайлшайды, Мемлекеттік кеңестің Премьерін және соның ұсынысы бойынша премьердің орынбасарларын, Мемлекеттік кеңестің мүшелерін, министрлерді . . . бекітеді. Орталық әскери кеңестің(ЦВС) төрағасын сайлайды және оның ұсынысы бойынша ОӘК-нің басқа да мүшелерін бекітеді.

ҚХР-дың Төрағасы мемлекет басшысы болып табылады .

ҚХР-дың Мемлекеттік кеңесі мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы органы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, ҚХР Конституциясы ХӨБЖ мемлекеттік биліктің органы екендігі туралы ресми мәлімдейді. Мемлекеттің практикалық басқаруын ҚКП ЦК Политбюроның Тұрақты Комитетінің мүшелерімен жүзеге асады. Оның қрамына 7 адам, соның ішінде ҚКП ЦК Бас Хатшысы, яғни ҚХР Төрағасы, ХӨБЖ ПК Төрағасы, Мемлекеттік кеңес премьері, НПКСК Төрағасы, ҚКП ЦК Хатшысы, яғни ҚХР-дың Төрағасының орынбасары, дисциплинаны тексеру бойынша Орталық Комиссияның Төрағасы, Мемлекеттік кеңестің Премьерінің орынбасары кіреді. ҚКП ЦК Бас Хатшысы сонымен қатар ҚХР-дың Төрағасы және Орталық Әскери Кеңестің төрағасы болып табылады, яғни бір тұлғаның қолында барлық мемлекеттік, саяси және әскери билік шоғырланған. Міне осы құбыжықтардың барлығы қытайдың мемлекеттік және саяси билігінде шешуші рөл ойнайды. Қытай үкіметіндегі қоғамның әр түрлі салалары бойынша:

ҚКП-ң 4 негізгі міндеттері:

  1. Партияның негізгі бағытын нақты жүргізу;
  2. Іске деген реалистік көзқарас пен ойлауды азат ету үшін нық сенімде болу.
  3. Халыққа қызмет істеу
  4. Демократиялық централизмнің принциптерін қорғау

Демократиялық централизмнің ұйымдық принциптері :

  1. Партия мүшесі партия ұйымына бағынады, төменгі тап жоғары тапқа, барлық партия ұйымдары және партия мүшелері ҚКП-ң Жалпықытайлық сьезіне және партияның Орталық комитетіне бағынады.
  2. Партияның билік ететін барлық органдары таңдамалы болып келеді.
  3. Партияның Жоғарғы билік ететін органы Партияның Жалпықытайлық сьезді мен Орталық Комитеті болып табылады. Жергілікті партиялық сьездер мен партиялық комиттерде партиялық орган билік жүргізеді.
  4. Төменгі партиялық ұйымдар жоғарғы партиялық органдарға бағынып, олардың алдында есеп беру керек.
  5. Партиялық комитет барлық маңызды мәселелерді ұжымдық талқылаудың негізінде шешеді.

Қытай басшылығы

ҚХР Төрағасы (Президенті) - Ху Цзиньтао

ҚХР Төрағасының орынбасары

ҚКП ЦК Политбюросы

ҚКП Бас хатшысы - Ху Цзиньтао

Политбюроның Тұрақты Комитетінің мүшелері - 7

Политбюро мүшелері - 2

ҚКП ЦК Политбюросы - мемлекетті және ҚКП-ны жалпы басқаратын ҚХР-дың жоғарғы саяси органы. ХӨБЖ, Мемлекеттік кеңес, Орталық Әскери Кеңес және Жоғарғы Соттың лауазымды адамдары ҚКПмүшелері болып табылады және, ереже бойынша, ҚКП-ның орталық органдарының құрамына сайланады, соған сәйкес, ҚКП ЦК Политбюросының еріктерін орындайды.

ҚХР Орталық Әскери Кеңесі

ҚХР ОӘК Төрағасы -Ху Цзиньтао

ОӘК Төрағасының орынбасарлары - 3

Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы (ХӨБЖ)

ХӨБЖ Тұрақты Комитетінің (ТК) Төрағасы - Ли Пэн

ХӨБЖ ТК Төрағасының орынбасарлары - 19

Конституцияға сәйкес ҚХР ХӨБЖ мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылады, ол мемлекеттің заң шығарушы қызметін атқарады, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; мемлекеттік аппараттың жоғарғы қызметтеріне кандидатураны таңдайды және бекітеді; ҚХР Төрағасын және оның орынбасарларын сайлайды; ХӨБЖ ТК мүшелерін; Мемлекттік кеңес Премьеріне кандидатураны және Мемлекеттік кеңестің басқа мүшелерін бекітеді; Орталық Әскери Кеңестің төрағасын сайлайды және ОӘК-тің басқа мүшелерін бекітеді; Жоғарғы Халық Сотының Төрағасын және Жоғарғы Халық Прокуратурасының Бас прокурорын сайлайды. ХӨБЖ депуттары жылына бір рет сессияға жиналады.

Қытай халық саяси консультативті кеңесі (ҚХСКК)

ҚХСКК Төрағасы - Ли Жуйхуань

ҚХСКК төрағасының орынбасарлары - 31

ҚХСКК мемлекеттің жоғарғы саяси консультативті органы болып табылады. Сонымен қатар ол мемлекеттің жоғарғы деңгейінің басшыларының, сонымен қатар шет аймақтардың, автономды аудандардың беделді көшбасшыларының биліктен аластатылғандар үшін «тұндырғыш» ретінде маңызы өте зор.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі (үкімет)

ҚХР Мемлекеттік кеңес премьері - Чжу Жунцзи

Премьер орынбасарлары - 4 (Ли Ланьцин, Цянь Цичэнь, У Банго, Вэнь Цзябао)

Министрлер және оларға тең болатын мемлекеттік комитеттердің төрағалары - 29

Мемлекеттік кеңес, яғни ҚХР Орталық халықтық үкімет - жоғарғы мемлекеттік әкімшілік-атқарушы орган. Ол ҚХР ХӨБЖ және оның Тұрақты Комитеті дайындаған және қабылдаған заңдар менен қаулыларды жүзеге асырады. Олардың алдында жауапты және есеп береді. Мемлекеттік кеңес өз өкілеттігінің шеңберінде әкімшілік шараларды анықтауға, нормативті актілерді дайындауға, қаулылар мен бұйрықтар шығаруға құқылы.

.

ҚХР Мемлекеттік кеңес құрылымы

Жаңалары
Бұрынғылары
Жаңалары:

Сыртқы істер министрлігі

Қорғаныс министрлігі

Жоспарлаудың және дамудың мемлеккеттік комитеті (Астық бойынша мемлекеттік басқару)

Экономика және сауда мемлекеттік комитеті

Құрамы:

Көмір өнеркәсібін мемлекеттік басқару;

Машина жасау мемлекеттік басқару;

Металлургиялық өнеркәсіпті мемлекеттік басқару;

Ішкі сауданы мемлекеттік басқару;

Жеңіл өнеркәсіп бойынша мемлекеттік басқару;

Тоқыма өнеркәсібі бойынша мемлекеттік басқару;

Мұнайхимиялы өнеркәсіпті мемлекеттік басқару

Білім министрлігі

Ғылым және технология министрлігі

Қорғаныс ғылымы, технология және өнеркәсіп бойынша комитет

Этникалық істер бойынша мемлекеттік комитет

Қоғам қауіпсіздік министрлігі

Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі

Бақылау министрлігі

Азаматтық әкімшілік министрлігі

Юстиция министрлігі

Қаржы министрлігі

Кадрлер министрлігі

Еңбек және әлеуметтік қамтамсыз ету министрлігі

Жер және табиғи ресурстар министрлігі

Құрылыс министрлігі

Темір жолдар министрлігі

Коммуникация министрлігі

Ақпарат, технология және телекоммуникация министрлігі

Су ресурстарының министрлігі

Ауыл шаруашылық министрлігі

Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық министрлігі

Мәдениет министрлігі

Денсаулық министрлігі

Отбасыны жоспарлау бойынша мемлекеттік комитет

Халық банкі

Бас ревизиялық басқару

Бұрынғылары:

Сыртқы істер министрлігі

Қорғаныс министрлігі

Жоспарлаудың мемлекеттік комитеті (Астық (резерв) бойынша мемлекеттік комитет)

Көмір өнеркәсібінің министрлігі;

Машина жасау өнеркәсібінің министрлігі;

Металлургиялық өнеркәсіптің министрлігі;

Ішкі сауда министрлігі;

Жеңіл өнеркәсіп бойынша Ұлттық Кеңес;

Тоқыма өнеркәсібі бойынша Ұлттық Кеңес;

Химия өнеркәсібінің министрлігі;

Мемлекеттік мұнай және газ корпорациясы және мұнай және химиялық өнеркәсіп Корпорациясы

Білім бойынша мемлекеттік комитет

Ғылым және технология бойынша мемлекеттік комитет

Қорғаныс, ғылым және технология бойынша комитет; Жоспарлау мемлекеттік комитеті маңындағы Ұлттық қауіпсіздік әкімшілік-шаруашылық басқармасы, сонымен қатар әр түрлі әскери өнеркәсіп Корпорациялары; Мемлекеттік аэроғарыштық комитет, Атом энергиясы бойынша мемлекеттік агенттік

Ұлттар істері бойынша мемлекеттік комитет

Қоғам қауіпсіздік министрлігі

Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі

Бақылау министрлігі

Азаматтық әкімшілік министрлігі

Юстиция министрлігі

Қаржы министрлігі

Кадрлер министрлігі

Еңбек министрлігі

Әлеуметтік қамтамсыз ету департаменттері, Кадрлер министрлігі және Азаматтық әкімшілік министрлігі, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру департаменттері

Геология және минералды ресурстар министрлігі;

Жердің мемлекеттік бас басқармасы;

Мемлекеттік мұхиттық графикалық комитет;

Топо-картография бойынша мемлекеттік комитет

Құрылыс министрлігі

Темір жолдар министрлігі

Коммуникация министрлігі

Пошта және телекоммуникациялар министрлігі;

Радио, кинематография және телевидение Министрлігінің мемлекеттік ақпараттық және желілік басқару;

Авиағарыштық өнеркәсіптің корпорациясы;

Авиаөнеркәсіптік корпорация

Су ресурстарының министрлігі

Ауыл шаруашылық министрлігі

Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық министрлігі

Мәдениет министрлігі

Денсаулық министрлігі

Отбасыны жоспарлау бойынша мемлекеттік комитет

Халық банкі

Бас ревизиялық басқару

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандартарына сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы
Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz