Дамыта оқыту кезінде оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І.1. Педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. 5
ІІ. Дамыта оқыту даярлықты қалыптастырады ... ... .. 11
ІІ.1. Ұлттық тағылымда . халық тағылымы (Абай) ... ...14
ІІІ. Педагогикалық технология ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... . 22

Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізгі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемелекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр болаларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық, жөні бөлек көзқарастарды , жұмыстың жоғары сапасын және кәсібибілікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, толардың өтуіне жол бермей оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзін - өзі жетілдіруге делашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, Қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында. (37,5).
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қолданатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дар – дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. “Бұлақ көрсең, көзін аш” деген халқымыз. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен анасының даму қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталаңбас кезең.
Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқыны, қиын да жауапты жұмы. Бастауыш мектептен балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту.

1. Андреев Б.И. Диалектика восп и самовосп. Творческой личности — Изд. Казан . унив 1988 ,
2. Беспалько В.П. слогаемые пед. Техн. — М.пед , 1989 ,
3. Беспалько В.П. педагогика и прогррессивные тех. Обучения — М. 1995 ,
4. Баширова , Төлегенова пед. Тех. Арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қарастыру .
5. Выготский Л.С. воображение и творчество в детском возрасте — М.Просвещение , 1991 ,
6. Волков И.П. творчествоға баулимыз . ( аударған Ф.Оразаева ) — Педагогика 1987 – 200.
7. Гальперин П.Я. психология мышления и учение о пэтапком формировании умственнных действии - М.П. 1996
8. Гончаров Н. К. Пед. Система К.Д. ушинского — М. Просвещение 1974 ,
9. Давыдов в.в. Проблемы разв. Обуч. — М. П. 1986 ,
10. Давыдов В.В. , Маркова А.К. Концепция учебной дея – ти шк. Вопросы психологии 1981 ,
11. Дистерверг А. Руководство к образованию немецких учителей . — М. 1989
12. Елеусизова с.М. учитель и ученик проблемы взаимоотношений — А.А. мектеп 1989 – 92 б.
13. Жумабаев М. Халық педагогикасы — А. 1989 ,
14. Жанпейсова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде — А. 2002 ,
15. Занков Л. В. “Беседы с учителем “. — М. П. 1970 ,
16. Занков Л.В. “Избранные труды.- М.П.1990
17. Кан-Камик В.Л.Учитель о.пед .обр.-М.Пр 1987,
18. Калмыков В. И. Психологические принципы разв. Обучения . — М. Знание 1979 ,
19. Кукушин В.С. Пед. Тех. — М. Ростов на Дону .2004 .292
20. Қоджасынрова Г. М. Педагогический словарь — М. 2000 ,
21. Кішікбеков Д. Сыздықов Ұлықпан . Философия —А. А. 1989 ,
22. Леонтьев А. Н. Пед. Общение — м. Знание 1979 , 234 .
23. Мұқанов М. И. Жас және пед. Технология . — А. 1982 ,
24. Мукина В. С. 6 летний ребенок в шк. — М. П. 1990 ,
25. Под редакций Занкова Л. В. Развитие шк . в проц. обучения — М . П. 1967 ,

Тақырып : “ Дамыта оқыту кезінде оқушының шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру ”.
Мазмұны
Кіріспе ___________________________________ __________ 3
І. Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық
мәселелері ___________________________________ ______5
І.1. Педагогикалық негіздері __________________________ 5
ІІ. Дамыта оқыту даярлықты қалыптастырады__________ 11
ІІ.1. Ұлттық тағылымда - халық тағылымы (Абай) _______14
ІІІ. Педагогикалық технология ________________________ 18
Қорытынды__________________________ _______________ 21
Қолданылған әдебиеттер _____________________________ 22
Кіріспе
Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең өріс алып, жедел
қарқынмен дамуы білімнің негізгі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз
әсерін тигізуде.
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемелекет
құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің
өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр болаларлықтай ұрпақ оқыту,
тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының
алмасуы, оның дамытушылық, жөні бөлек көзқарастарды , жұмыстың жоғары
сапасын және кәсібибілікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, толардың өтуіне жол бермей оның рухани күшін
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана
емес, жаратушы да. Ол өзін - өзі жетілдіруге делашағы мектебінде
шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі
мектеп оқушысы болғандықтан, Қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға
тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары,
келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында. (37,5).
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын
оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін
қойып отыр. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қолданатыны анық.
Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек
өмір тәжірибесінің, дар – дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. “Бұлақ көрсең, көзін аш” деген халқымыз. Бастауыш мектеп – оқушы
тұлғасы мен анасының даму қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталаңбас
кезең.
Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқыны,
қиын да жауапты жұмы. Бастауыш мектептен балаға белгілі бір білім беріп
қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс
көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау
жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта
отырып, оны шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың,
жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне
дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс -
әрекетін де сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып,
барлық санада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңарулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушы да
шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема болып ойландыруы тиіс.
Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек қана шығармашыл
адамдар қолынан ғана келеді. Бұл мәселені шешуде алғашқы сатыларының бір
бастауыш мектеп ерекше орын алады.
І бөлім. Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселері.
1.1 Педагогикалық негіздері .
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ерте зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттінің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында
болған. Шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты мақсаты – бүгінгі күн
талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сан, рухани сап
қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдері іздестіру болып
табылады.
Шығармашылық туралы жазған ойлар, тұжырымдар, көзқарастар, еңбектер
баршылық. Бұл ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз
Жүсіп Баласағұн, Әль – Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан
еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп
отырған. Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский,
Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренканың шығармаларында қабілеттерді дамытудың
жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең
алғаш білім мазмқұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. (1923ж)
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский,
С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов,
Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті
ғалымдар Т.Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.Ж. Әбділдин,
Қ.Б. Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің
теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А.
Аманшвили, И.Б. Волков , О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз Республикамызда бұл мәселе назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев,
С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д. Чернов факультативтер
мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру
жолдарын қарастырса, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі
идеясы – оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем – шығармашылық қабілеттерін
дамыту, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту
жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді
талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа
адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген
қорытындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең
алдымен “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Философияда “қабілеттерді” тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс -
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын
атап көрсеткен. (Философия)
“Қабілет” ұғымын берілген психологиялық анықтамалар көп. “Қабілет”
деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге
жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
“Қабілеттер – білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері”. “Қабілеттер –іс -әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай,
нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттер мәселесі
көптеген зерттеушілердің назарын аударып келеді, әлі де күн тәртібінен
түскен жоқ деседе болады.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде
2 топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық
тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын
зерттейді.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л. Рубинштейн іс -
әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің
әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория
біртұтастықта қарастырылатын болды. Б.М. Теплов және оның шәкірттерінің
еңбектері қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп
қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар
аударған. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа
берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды.
Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып,
Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды
қолдана білудегі дербестік, сапалылық, шығармашылық деген пікір айтады.
Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай – ақ
талаптылық жайлы мәселе көтеріп, талантылық деп қабілеттердің
көпқырлылығын айтады.
Б.Г. Ананьевтің пікірі бойынша нышан қабілеттердің алғы – шарты және
олар тек іс - әрекетте ғана қабілетті белсенділік және өзін - өзі реттеу
(саморенгуляция) деген қорытынды жасайды.
К.К.Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен
байланыста қарастырады. Ақыл – ой қабілетінің кейбір компоненттерін
анықтайды.
Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз
еткенде, В.А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты
жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді
әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады. Және басқа да зертеушілер
сияқты қабілеттер әрекеттін белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда
көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген В.И.
Кирянко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік
айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген
қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да
әрекетте дамитындығын дәлелдейді.
Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В. Кузьмина оның
құрамының үш түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір
– бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Қабілеттер жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларды
соншалықты қарама – қаршылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған
еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін
қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.
Қабілеттер проблемасы — оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы.
Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып
отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады . Бал
бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып
табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып
отырады.
Қабілет әректтің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. “Бейімділік — адамның әрекетпен айналысуға бет
бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы
белгісі” деп жазады академик Т.Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге
түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін
айтады. (17,127)
“Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті
бірінен – бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен, бейімділік —
ұмтылу, ал қабілет — мүмкіндіктер” дейді көрнекті психологтар Н.С.
Лейтес. (43) Баланың бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы
қалыптасуына, ақыл – ойының өсуіне жағдай жасауға болатындығына
тоқталады. Сондықтан әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінде кішкентай бала
бойындағы бейімділікті көре, болжай білу қасиетінің, оның әрі қарай
дамытуға деген үлкен жауапкершіліктің болғаны дұрыс деп есептейді.
Қабілеттер мәселесін қарастыруда “талант – дарын” терминдерін айналып
төтуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен психологтар “талантылық” деп
белгілі бір салада (өнер, музыка т.б.) жоғары жетістікке жеткізетін
қабілетті айтады. Олар талантылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі
өмірде көп кездесетін жағдай болмағанымен, ол бірден – бір фактор бола
алмайтындығын дәлелдейді . (З. Гильбух , В. Юркевич) .
Францияның ағарту ісінің өкілі К.А. Гельвецкий адамдардың барлығының
бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы
талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы
пікірді қуаттайтын ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу
үшін өз ұлын өзі дайындаған жүйесі бойынша тәрбиелейді . Нәтижеде әкесінің
атымен аталған кішкентай Карл тоғыз жасында Лейпцинг университетіне
түсіп, бір жылда толық курсын бітіреді. Он үш жасында философия докторы
деген атақ алады. Он сегіз жасында Гейдельберг университетінің
профессоры, жиырма үш жасында Берслау университетінің кафедра
меңгерушісі қызметін атқарады.
Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенің адамның ішкі мүмкіндіктерін
ашудағы күшті құрал екенін көрсеткенімен, Карлдың мұндай таңғажайып
жетістіктерін оның табиғи талантының болуынан мүмкін екенін де жоққа
шығара алмаймыз.
К.А. Гельвецкийдің көз қарастарын қолдайтындар арамызда осы кезде де
кездесіп отырады.
Мысалы, жаңашыл педагог И.П. Волков :
“... егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға
жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау
сияқты қатардағы шара”, - дейді. (43,46)
“Дарындылық” ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдарға (балалардан) жоғары ақыл – ой қызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады. (98) Кейбіреулер дарындылық пен талантылықты синоним
ретінде қолданып жүр. Талантылық арнайы іс - әрекетте жоғары нәтижеге
жеткізсе, дарындылық ақыл – ой қызметінің ең жоғарғы дәржесімен сипаталады.
Әрбір таланты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың бәрі
бірдей таланты болмауы мүмкін . (43)
Осы қарастырып отырған мәселесіміз оқушылардың қабілеттерін
дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру үшін процесте көздеген мақсатқа
жетудің жолдарын, құралдарын педагогикалық шарттарын қарастырамыз.
Шығармашылық тұлғаны қабілет арқылы жеке тұлғаның қалыптасу
компоненттердің бірі болса, онда “тұлға” нем есе “жеке бас”
ұғымының мәнін түсініп алу қажет. “Тұлға” (латынша – persona ) .
“Тұлға” — қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа”, - деп жазды
А.Н. Леонтьев. (22,234) Ал Э.В.Илбенковтың айтуынша, “тұлғалар”
қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар. Г.М.
Қоджасынрова “Тұлғаға” мынандай анықтама береді. “Өзгелер арасында
өзінің позициясын еркін және жауапкершілікпен анықтап алатын және
ұстана алатын адам”. (19,15)
“Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен сапалы іс - әрекетті жүзеге
асырушы нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін,
өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі”,- деген анықтама
береді академик Т.Тәжібаев . (36)
Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін,
тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. “Тұлға болып қалыптасу –
баланың жартылысынан бастап, қоршаған
орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік факторларға байланысты дамитын
күрделі процесс. Сондықтан өмірге келетін әрбір адамның тұлғалық
деңгейге көтерілмеуі мүмкін”, - деп жазады психология ғылымының докторы
В.Э. Чудновский (39). Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын
тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.
Бірінші – адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы.
Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсының әр
пәнге және әр деңгейде қабілеті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі
есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды
тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер
де әр түрлі болады. Мәселен : математикалық қабілеті басым балаларда
ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті басым
балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу
сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Екінші – адамдар бойында қабілеттің бір түрлі ғана бола ма , әлде әр
түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы
ғалымдар, керісінше, көзқарастардың бар екеніне қарамастан, адам бойында
әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді.
Б.М. Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабілетті болған А.С.
Грибадовты мысал ретінде келтірсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрім сынды
ғұламаларымыздың қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегіміз
келеді. Халқымыздың “жігітке жеті өнер де көп болмайды”, “сегіз
қырлы бір сырлы” деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының
шексіз мүмкіндіктерін көрсе керек .
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын
дәлелдейді .
1. Репродуктивті - іс - әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша
қабылдай алу деңгейі .
2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі .
“Шығармашылық” сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, “ойлап табу”
дегенге келіп салды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы
жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте :
“... шығармашылық қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар ,
жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет” - деп түсіндіріледі .
(Философия сөздік 42 286 б) Көрнекті психолог Л.С. Выготский
“шығармашылық” деп жаңалық ататын әрекетті атаған. (4) Ал осы
мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А. Пономарев оны
“даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе
интелектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық
деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі
педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Зерттеле
келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы
жылдары “шығармашылық” сөзімен, “жаңалықпен” қатар “бастамалық,
белсенділік” ұғымдары астарласа қолданылып жүр . (Б. Тұрғынбаева 43
қаб )
ІІ. Дамыта оқыту даярлықты қалыптастырады
80 — жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық — саяси өмірінде
болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп,
жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған
төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің
мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды . Оқытудың
жаңа технологиялары кеңінен енгізілді . Әсіресе, халықтық
педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған
шаруалар ауқымы біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын
ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей,
гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл
мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай
лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім
беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер
көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де
мол.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі
факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес,
сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл — ой
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін
жолға қою керектігі саналады . Оқушының шығармашылық қабілеті де
оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды . Ойлауға
үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары дейді .
Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл — ой әрекетін
меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек . Дамыта оқыту —
сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым
— қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы,
бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала
интелллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап — ақ,
ойшылдар білім мен ақыл — ой тәрбиесінің ара — қатынасын,
олардың бала дамуына әсерін зертттей бастаған . Бізге белгілі
алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан мектеп алдына,
ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын
қамтамасыз ету міндетін қойған.
ХVІІ ғасырдағы Я.А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің
негізгіқағидаларының бірінде де баланың ақыл — ой күшін,
қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата
түседі делінген .
И. Т. Песталоцци баланың ақыл — ойын, барлық қабілет — қасиеттерін
дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға
әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі
“Неміс мұғалімдердің білім беру ісіне басшылық ”
(Руководство к образованию немецких учителей ) атты еңбегінің де
негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға
әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған . “Жаман мұғалім
ақиқаттты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін
ізденуге жетелейді ” деген . (12)
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д. Ушинский де өз дидактикалық
еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту
мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы
әсер етсе, “ дамудың соңында жүрсе”, ал екінші жағдайда “оқыту
дамуды өзімен бірге ала жүреді ” деген
Л.С. Выготский дің пікірінен көп нәрсе аңғаруға болады . Алғашқыда
оқытудың тиімділігі алынған білімнің көлемімен, сапасымен өлшенсе,
соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі
түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады .
“ Дамыта оқыту ” деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже ), ойлаудың әртүрлі деңгейін,
типтерін (Л.В. Выготский,
А.Н. Леогнтьев, С.Л Рубинштейн ) және психиканың басқа да функциясын
зерттеген ( Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк,
А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская ) және т. б. іс — әрекет
теориясының психологиясын жан — жақты талданды. Нәтижесінде дамыта
оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып , оның
бірін Д.Б. Эльконин , В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков
басқарды.
Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин — В.В. Давыдов жасаған жүйесінің
көздеген мақсаттарына жету баланың өзінің белсенділігіне байланысты.
Осыған орай , бұл жүйенің әдіс —тәсілдері де оқушының оқу
белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді .
Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру әдістерінің мәні төмендегідей
3 құрамдас бөліктермен анықталады :
1. Үлгіні көрсету .
2. Түсіндіру .
3. Бақылау, бағалау .
Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып, түсіндіріп шығады.
Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан
кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау
ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы
: өзі айтып бермей, ұнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т. б..
Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы — түсіндірме
әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап,
мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік — зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыру басты назарға ұсынылады. Ол үшін бала өзнің бұған
дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа жағдайды шешуге
жеткіліксіз екенін сезетіндей ахуалға түсуі керек. Содан барып оның
білім алуға деген ынта — ықыласы артады, білім алуға
әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас
бөліктерден тұратын болады :
1. Оқу мақсаттарының қойылуы .
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру .
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу .
Бұл үшеуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz