Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар



Кіріспе
1. Әл.Фараби
2. Махмұд Қашқари
3. Жүсіп Баласағұн
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Мәдени мұра” Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің “2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген. Осы бағдарлама еліміздің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен, тарихи-мәдени дәстүрлерді сабақтастықпен дамыту және қайта түлетуге байланыста негізгі аспектілерді қамтиды, тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңғырту, консервациялау және музейге айналдыру шараларын, жобалау, ғылыми-зерттеу, жаңғыртушы ұйымдардың, музей, мұрағат, кітапханалар мен өзге де мәдениет мекемелерінің ғылыми-зерттеушілік, материалды-техникалық, нормативтік құқықтық негізін күшейту және дамытуды қарастырады.
Осы бағдарламаны әзірлеу қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау және өнімді пайдалану жолымен мәдени мұра саласындағы қалыптасқан ұйымдастырушылық қатынастарға өзгерістер енгізу, олардың қызметін жоспарлы қаржыландыру қажеттілігінен туындап отыр.
Қазіргі Моңғолия және әлемінің басқа елдерінің аумағындағы көне түркі ескерткіштерін табу және олардың көшірмесін жасау жұмысын жалғастыру қажет.
Деректі мұраның бірегей үлгілерін сақтау мақсатында, сондай-ақ оларға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалардың, яғни: Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М. Қашқари, С. Бақырғани, А. Жүгнеки, М. Дулати, Қ. Жалайыри, З. Бабыр және т.б. мұраларын зерделеуді жалғастыру керек. Сонымен бірге сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар мен кітаптарды табу, сатып алу және әзірлеуді жалғастыру қажет, оның ішінде: «Кодекс Куманикус», «Қорқыт ата кітабы» (Дрезден мен Ватикан қалаларында), «Оғызнама» (Парижде), «Бабыр наме», «Махаббат наме» (Лонданда), «Құдатғу біліг» Ж.Баласағұн (Каир қаласында) және т.б. қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар кітаптар бар. Көне қолжазбаларды, кітаптарды өзге деректеме көздерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық кітапхана сирек басылымдарын табу және сатып алу жөніндегі, сондай-ақ кітаптар мен көне қолжазбаларды жаңғырту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан Орталық құру.
1. Қазақ. Жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. Алматы. "Білім" – 1994. К.Тәжікова. 34-37-беттер.
2. Дала даналары – 2001. И.Тасмағамбетов. Алматы. 66-70,76-78-беттер.
3. Қазақ даланың ойшылдары – ІХ-ХІІғғ – 1995. Алматы. 60-62-беттер.
4. Қазақ даланың жұлдыздары – 1995. Әбсаттар Дербіс Әлиев. Алматы. 138-бет.
5. Қазақ философиясы – 1996. Аманжол Қасабеков, Жақыпбек Алтаев. Алматы. 91-95-беттер.
6. Қазақстан тарихы – 2003. Чапай Мусин. Алматы. 58-59-беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3
Әл-
Фараби ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 4
Махмұд
Қашқари ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 8
Жүсіп
Баласағұн ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 16

Кіріспе.
2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Мәдени мұра”
Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің
“2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары”
Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген. Осы бағдарлама еліміздің
мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен, тарихи-мәдени
дәстүрлерді сабақтастықпен дамыту және қайта түлетуге байланыста негізгі
аспектілерді қамтиды, тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңғырту,
консервациялау және музейге айналдыру шараларын, жобалау, ғылыми-зерттеу,
жаңғыртушы ұйымдардың, музей, мұрағат, кітапханалар мен өзге де мәдениет
мекемелерінің ғылыми-зерттеушілік, материалды-техникалық, нормативтік
құқықтық негізін күшейту және дамытуды қарастырады.
Осы бағдарламаны әзірлеу қолда бар мәдени құндылықтарды сақтау және өнімді
пайдалану жолымен мәдени мұра саласындағы қалыптасқан ұйымдастырушылық
қатынастарға өзгерістер енгізу, олардың қызметін жоспарлы қаржыландыру
қажеттілігінен туындап отыр.
Қазіргі Моңғолия және әлемінің басқа елдерінің аумағындағы көне түркі
ескерткіштерін табу және олардың көшірмесін жасау жұмысын жалғастыру қажет.

Деректі мұраның бірегей үлгілерін сақтау мақсатында, сондай-ақ оларға
еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бұрынғы көрнекті ойшылдар мен
ғұламалардың, яғни: Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М. Қашқари, С.
Бақырғани,         А. Жүгнеки, М. Дулати, Қ. Жалайыри, З. Бабыр және т.б.
мұраларын зерделеуді жалғастыру керек. Сонымен бірге сирек кездесетін
қолжазбалар, басылымдар мен кітаптарды табу, сатып алу және әзірлеуді
жалғастыру қажет, оның ішінде: Кодекс Куманикус, Қорқыт ата кітабы
(Дрезден мен Ватикан қалаларында), Оғызнама (Парижде), Бабыр наме,
Махаббат наме (Лонданда), Құдатғу біліг Ж.Баласағұн (Каир қаласында)
және т.б. қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар кітаптар бар.
Көне қолжазбаларды, кітаптарды өзге деректеме көздерінің сақталуын
қамтамасыз ету мақсатында ұлттық кітапхана сирек басылымдарын табу және
сатып алу жөніндегі, сондай-ақ кітаптар мен көне қолжазбаларды жаңғырту
үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан Орталық құру.

Әл-Фараби.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ
топырағынын көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп,
кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге
жайылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз
Әбу Насыр әл- Фараби.
Әл- Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім,
бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл- Фараби
870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб
қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл- Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы
Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының
территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына
карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Қазақстанда туып-өскен
философ әрі энциклопедияшы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби мұсылман шығысында
Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта,
Дамаскда, Халеб қалаларында болды. Әл-Фараби философиясының негізі-
аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып
табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән
келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік
пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны
түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен
байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты
діннен безген деп те кінәлаған. Дүниеге Әл-Фараби көзқарасы бойынша
материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз
денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы
еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: "Ғылымның шығуы", "Музыканың ұлы
кітабы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" және
т.б. Қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл- Фараби, Исхақ әл-
Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи,
Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени
негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы
әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны
ерекше. Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының
арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа
бөленгенін айтатын болсақ, әл- Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің,
Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен
түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін
кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз
өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы
болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп,
толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің
білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп
ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз
кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар Әл-
Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге
көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп
табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл- Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді.
Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген
соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен
кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс",— дейді. Әл- Фараби
александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан
ығыстырылған неосторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді.
Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік
Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі
болды. Әл- Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды.
Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол
шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және
ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. 
"Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері
оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің
шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және "Бірінші Ұстаз" деп шығыста
аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері,
неоплатонизмнің неосторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель
идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені
сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын
әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы
сол — ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол
диалектика элементтеріне, мәселені қарама - қарсы қоюына белгілі дәрежеде
көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс
таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді. Фараби
Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық
салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының
санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Әтеш—
160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200 трактат деп көрсетеді.  
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
"категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика",
бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне
түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын
жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі
мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.
Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-Сина
(980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель еңбектерінің
ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен.
Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне
аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары
бұрмаланып көрсетілді. Бірақ  көп  еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек
философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік
білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде
түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ
пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші
ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін
таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны "Ал муалим ас-саны"—
"екінші ұстаз" деп атаған.
Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да
"Ғалымдардың шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік
меруеті", "Ізгі қала тұргындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы",
"Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы", "Ақылдың
мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар",
т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-
логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі
зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология,
география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.
Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен
ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген "теорияның" негізсіздігін
соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған
сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш
етіп келеді. Әл- Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына
қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние
мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз
ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін
сындарлы да икемді ете білді. Әл- Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең
асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.
Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам
жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады. 
 Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы
территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі
қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған
шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаның ыдырауына
себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X
ғасыр мәдени өрлеу заманы болды. Бұл Европадағы қайта өркендеу заманына
ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды. Осы өрлеуге ықпалын тигізген
жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба
жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық
кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады.   
 Егер Қазақстан, Орта Азия және Таяу Шығыс елдерін сипаттайтын әлеуметтік,
этникалық және мәдени процестердің барлық айқыш-ұйқыш қиын өрнектерінің
бетінде әл-Фарабидің саяхат сапарлары картасының суретін "жапсырсақ",
осының өзі IX—X ғасырлардағы мәдени байланыстардың мүмкін жолдарын тамаша
етіп көрсеткен болар еді. Мүмкін, осының өзі, араб халифатының ішінде шетке
тарту әрекеттеріне және оның іс жүзінде күйреуіне байланысты, сол заманда
Оңтүстік Қазақстан "Мұсылман дүниесі" деп аталатын дүниенің мәдени-саяси
өмірінің көшіп келіп отырған орталықтарының біріне айналғанын көрсеткен
болар еді. Бұрынғы орталықтар, өзінің бір замандағы саяси маңызынан
айырылса да, мәдениет ошақтары ретінде сақталғанын көрген болар едік. Біз
егінші және мал бағушы тайпалардың, түріктік және ирандық этникалық
компоненттердің байланыстарын, түрліше діндерді ұстайтын тайпалар мен
халықтардың қоян қолтық тығыз "өмір сүргенін" және т. б. көрген болар едік.
Мұсылмандардың орта ғасыр тұсында бөтен діндегілерге төзімділікпен
қарағандығына қайран қаласың. Мұның бәрі сол замандағы Шығыста Екінші ұстаз
аталынып кеткен әл-Фарабидің философиялық көзқарастарынан көрінеді.      
Ұлы отырарлықтардың өмір кешкен заманын көз алдына келтірерліктей тарихи
мәліметтердің толық болмауы, оның өмірбаяны жөніндегі деректердің аздығы
ғалымды асыра дәріптеуге, болмаған нәрсені оның есіміне жапсыруға құқық
бермейді. Мұндайлардың өзі ғылымға жат нәрсе және оның есімін тануға зиянын
тигізеді. Сол сияқты әл-Фараби өмірі мен шығармашылығына тереңдеп
енбейінше, оны шындап білмейінше, азды-көпті үйреншікті өрнекке айналып
кеткен рыцарлық өмір элементтері есебінен әл-Фарабидің бейнесін жасау
әрекеті ғылымға жат әрекет болып табылады және оның танымдық-эстетикалық
тұрғыдан берері аз болып шығады. Әрине, сөз зергерінің өз ойынан қосып
бейнелеуге хақысы бар. Бірақ мұның өзі шындыққа жақын қоспа болуы керек,
дәл сол кезде мұңдай жағдай болмаса да, сол дәуір шыңдығына жанасатын қоспа
болуы тиіс. Ұлы адамдар жөніндегі мұндай шығармаларды дүние жүзілік әдебиет
берді. Бұл орайда Бертольд Брехтың "Галилейін" атасақ та жетіп жатыр.
Мұндағы ғалым тағдыры философиялық жалпылау дәрежесіне шарықтап көтеріледі;
сол арқылы актуальданып, қазіргі заманмен әбден үндесіп жатады. Егер
өзімізге жақынырақ мысал келтірсек, Әуезовтың "Абайы" өз халқына зор әсер
еткен жеке адам туралы қалай жазудың тамаша үлгісін көрсетеді. Зерттеу,
тағы да зерттеу — тарихи тақырыпты бейнелеуде жазушы мен суретшін
шығармашылық табыстарға жеткізетін негіз, міне, осы. Фактілер негізіне
сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі
тайпасынан шыққан және ол Шығыс халықтарынын мәдениетіне жақын қатынасы бар
қайраткер болды дей аламыз. Әрине, әл- Фараби туған қаласының дәстүрлерінен
әлдеқайда кең көлемді дәстүрлерді бойына сіңірді. Әйтпейінше, оның есімі
дүние жүзі мәдениеті пантеонына жазылмас еді. Оның қызметі өзінің сыртқы
бейнесі жағынан араби тілдес деп аталатын мәдениеттің аймағы шеңберінде кең
өріс алды. Фарабидің қолжазбалары дүниежүзінің көп кітапханаларына тарап
кеткен және сол жерлерде сақтаулы тұр. Сол сияқты көптеген ғалымдар
Фарабидің асыл мұраларын зерттеп, оқып үйренуде. Фарабидің көп шығармаларын
қазақ және орыс тілдерінде басып шығаруда жергілікті ғалымдарымыз да, өз
үлестерін қосуда.
Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде, Шығыс, Орта Азия, Қазақстан,
Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фарабидің жасаған ықпалы әр тарапты
болды және ұзақ уақытқа созылды. Барлық этникалык топтардың, соның ішінде,
түркі тектілер өкілдерінің "мұсылман" Шығысының мәдени өміріне белсенді
түрде қатысуы әдеби тілді халықтық негізде дамыту әрекеттеріне қолайлы
жағдай туғызды. Түркі тілінде Махмуд Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның
шығармаларынан тамаша энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің рационалистік және
гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Махмұд Қашқари.

Әл- Фарабиден басқа Отырар жері заманында атақты болған тағы екі адамды
тәрбиеледі. Аббас Жаухари астрономия жэне математикамен айналысты, ол Ал-
Хорезмимен бірге, бүгінде өзінің дәлдігімен таң қалдырған астрономиялық
кесте жасады. Әбу Насырдың тағы бір жерлесі Исхак Әл-Фараби лингвистика
және географияны зерттеуімен айналысқан. Ертіс жағасында туылған Жанақ ибн
Хакан-ал-Кимаки белгілі географ еді. Солардың ішінде “Диуани лугат-ат-тюрк”
(Түрік тілінің сөздігі) кітабының авторы лингвисть және географ Махмуду-ибн-
аль-Хусайн ибн Мухаммед Ал-Кашгаридің орны ерекше екені Талас тудырмайды.
Махмуд Ыстык Көлдің жағасындағы Барысхан қаласында туылғанмен, өмірінің көп
бөлігін Кашгарда өткізеді. Осы жерде 1072-1074 жылдары ол өз еңбектерін
жазады. Өзінің айтуы бойынша, кітап жазу үшін ол түріктер отырған жерлердің
бәрін айналып шығады. Ол Қарлықтардың, кангарлардың, оғыздардың,
қыпшақтардың, қырғыздардың сөздерін тікелей әңгімеден жазады, олардың
әндерін, мақал-мәтелдерін, аңыздары мен әдет-ғұрыптарын жазған. “Диуани
лугат-ат-тюрк” – түрік халықтарының мәднеиеті, шаруашылығы, этнонимдері,
топонимдері, халықтық календары, географиялық терминологиясы және көптеген
басқа да мәліметтер алуға болатын, өзінше бір энциклопедиясы іспеттес.
Осылайша біз ортағасырлық Қазақстанның сол замандағы ғылым орталықтарының
бірі болғанын білеміз. Баласағұн мен Отрар, Дамаск мен Бағдаттай болмаса
да, ғылыми білім үшін олардың маңызы өте зор болды. Өкінішке карай,
Қазақстан ғұламаларының еңбектері жинақталған атақты Отрар кітапханасы
бізге дейін толық жеткен жоқ бірақ, бізге дейін жеткендерінің өзі
түріктілдестердің ішінде, Қазақстанда ғылымның гүлденгенін дәлелдейді.
Махмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли
тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін,
жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап
"Диуани лұғат-ат-түрк" (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл
еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлам әд-Дин әл-Жауһари
Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуы
Психология ғылымының даму тарихы
Орта ғасырлар философиясы
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
«Өткен дәуірдегі көрнекті педагогтар»
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Пәндер