Ежелгі Грекия мемлекетіндегі негізгі заңдар


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бӨлім. . 5
1) Тезей реформалары . . . 5
2) Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - қоленершілер. . 5
3) Солон реформалары . . . 7
4) Гелиэя-жоғарғы сот . . . 10
III. Қорытынды
IV. Қолданған Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен белінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңіз карақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптен қорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Тарих өз басталуын есептің, жазудың, мемлекеттің пайда болуынан алады. Осы кезден бастап оқиғалар, құбылыстар белгіленеді және қоғам, адамдар өмірінің айғақтары пайда болады. Оларда әдет-ғұрып, әлеуметтік нормалар, саясат және заңды болмыстар туралы алғашқы мағлұматтар көрініс алады. Саяси, мемлекеттік-құқықтық тарихты білу бізге адамзаттың өткені, алыс және жақында туралы түсінігімізді кеңейтеді.
Тарихи білімнің ролі, өткен тәжірибеде әр турлі бағаланады. Ертеде тарихты тәжирибе, халык ақылы деп есептелді, оның маңыздылығы, бағалығы мойындалды. Кейінен тарих тәжірибесі күмән тудырды. Тарих - тек қана оқылық емес, ол адам мәдениетінің қайнар көзі, оның бастапқы рухани құндылығы. Оларды әр турлі бағалауға болады. Сөзсіз, көне өркениеттің, дәстур мен заннын калыптасуына негіз салды, көптеген халыктың рухани, заңды болмысына, коғамдық сапта өз ізін қалдырды.
Өткенде - болашақтың негізі. Заннаманын негігі салынған көнелік. 21 ғасырдың басында өмір сурыі отырған бізді улкен уакыт аралығы болып тур.
I. Негізгі бӨлім
1) Тезей реформалары.
Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деге. . базилевс, ол барлық белгілі рулардың басын қосты. Тезейдің саясаты "синой-кизм" деген терминмен аталды, бұл сөз "біріктіру" деген мағынаны білдіреді. Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу каупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі XI-X ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақсүйектері тұрды.
Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиургтар болып үш бөлікке бөлінді.
Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың екесі денітасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі жер иелері еді.
2) Геоморлар - жер иеленушілер де, демиургтар - қоленершілер.
Айтканың бірігуі және эвпатридтардың күиіеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себеп болды. Оның аты - Ареопаг, Арес соғыс құдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Атгиканың құдайы деп саналды.
VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияга бөлінді, әрбір навкария соғыс уақытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.
Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын ролі төмеңдей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың аксүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай еткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері оздерінің дауыстарын екі урнага: қайырым ету урнасына және ажал урнасына бөліп салатын.
Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына кошті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларға боліпді, әрбір навкария үкіметкс бір ксме беретін болды және архоатгармен навкариялар кедссі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.
Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.
Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бәрі ареопагқа кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа "драконт зандары" деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал зандардың теңеуі болып кетті.
3) Солон реформалары.
630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні болып өтті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға колайлы орналасқан, сондықтан оны езіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі ақын өрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған зандарын өлеңмен жазған. Бұндай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істегеи елеулі жұмыстарының бірі - заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық жөне саяси деп белуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық, негізщ£н=ауқатгБГ қалалық демостың және оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.
Бірінші шешілуге тиісті мәселе - салық және жер болды. Евпатридтер езінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы керсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінін иесі алған егіннің алтыдан бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды отей алмайтын адамдар өзінің жеке бостандыгын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге қарыздар үшін құлдыққа түскен. Мұндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін "сисахфия" деген реформа еткізді. "Сисахфия" дегенде "ауыр жүкті сілкіп тастау" деп түсіну керек. Ол бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сейтіп, шаруалардың қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегенді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына қайтарып отырған.
Оның "сисахфия" реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпатридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.
Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-түлік өнімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рұқсат етті.
Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шығарды: егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы әкесі қартайғанда жәрдем корсетуден бас тарта аяадаг
Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым-қатынасқа енгізілді.
Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артық өсім белгілеуге тыйым салды. Солон өткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана шетелден әкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.
Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны ("генос-ру-рулық аристократтардың билігін" жойып, оны тимократиямен ("тиме-баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-ғұрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық та"оыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астық түрінде немесе сүйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жаткызылды (Бір медимн - 41-53 литр май, шарап немесе бидай) . Бұл тап бес жүздік деп аталды.
Екінші топқа өзінін жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды салт аттылар деп атады, ойткені олар өзінің әскери атымен атты әскер қатарына өтуі керек болды.
Үшінші топқа езінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз егіздерін жегетіндер, олар жаяу әскер жасағында қызмет етуге жөне жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетгі еді.
Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жұмыстар атқарды.
Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда ұстап тұруға тиісті болды. Солон Ареопапы өлсіретті, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.
Бұл істерді әзірлеу үшін Солон Бұле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган құрды. Ол ертеден келе жатқан рулық төрт филаларының жиналысында 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.
4) Гелиэя-жоғарғы сот.
Демек ант берген қорғаушылардың 6000 адамынан жаңа жоғарғы сот кұрылды. Бұған барлық төрт топтың азамаітары қатыса алатын болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды, калганы запастағылар есебінде болды.
Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, азаматты оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай бағалаумен ауыстырыдцы. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі бола алатын. Барлық торт топтардың азаматтары халық жипалысына жөне гслиэяға қатыса алатын болды. Солонныц реформалары ру ақсүйектері-евпатридтердің билігін тежеп, ру-тайпалық ескі әдет-ғұрыптарын жоюға бағытталған еді. Евпатридтер енді оларды канай а. " майтын болды. Бұл реформалар шетелдерден құлдарды сатып racejr, негізіне сүйенген құл иеленуші шаруашылығының дамуына әкеліп соқты.
Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функцияларын қалдырды, Атгиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, терт рулық тайпаға-филаға бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық рутайпаға бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бұзылған болатын. Барлық халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген округтерге бөлінді. Солон реформаларының Аттиканың онан әрі әлеуметтік, нарыктық және саяси өркендеп дамуында орасан зор маңызы болды.
Солон өзінің реформаларымен евпатридтердің ашуызасын туғызды. Оның реформаларына демостың кедей жіктері де риза емес еді. Олардың аш-жалаңаштығының негізі - бөлініп берілген жердің аздығы еді. Кедейлер евпатридтердің жерінің бір бөлігін алғылары келді, бірақ£олон_оны орындамады. Солонның ценз реформасы азаматтардың онша бай емес, жіхтерінің саяси құқықтарын шектеді. Ескі терелер де оған'қарсы шықты. Солонның реформалары әлі жеткіліксіз болды деп түсінген демостың төменгі жіктері де наразылық білдірді. Солон біраз уақытқа Афинадан кетуге мәжбұр болды. Солон кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ Аттикада топтық және саяси күрес шектен тыс шиеленісіп кетті. Өзара тартыс кезінде үш түрлі: әлеуметтік, саяси жөне аумақтық топтар құрылды. Педиэйлер-олардың басында Ликург тұрды, бала Парлийлерде-Мегакл, Диакрийлерде-Писистрат көсемдік жасады. 560 жылы бұл күресте Писистрат жеңіп шықты. Ол Акрополды басып алды да, мемлекеттік төңкеріс жасады. Сейтіп ол тиранға айналды. Бірақ ол Солонның зандарын жойған жоқ, қайта кезінде Солон бастаған әлеуметтік, нарыктық және саяси реформаларды жалғастырды. Писистраттың ең басты шараларының бірі-мемлекеттік ұзақ мерзімді қарызды енгізу болды. Бұл озгеріс шаруалардың жағдайын жеңілдетті.
Шаруалардың сотқа байланысты жұмыстарын жеңілдету үшін Писи-страт демаларды аралап жүретін сотгар қызметін енгізді. Ол мөлшері оннан, бір тұрақты табыс салығын енгізіп, мемлекет қазынасын тәртіпке келтірді.
Қала демостарының - саудагерлер мен қолөнершілердің де мүддесін ескеру қажет болды. Олардың мүддесі үшін Писистрат қызу сыртқы саясат жүргізді. Қолөнершілер экспортқа қара лак вазаларды көптен жасайтын. Писистрат құдай Диониске-жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің қамқоршысына сыйынатын мемлекеттік діни қызмет ұйымдастырды. Дионистің құрметіне жалпы қалалық мереке-тойлар-ұлы дионисийлер еткізілетін. Сонымен қатар Писистрат-Афина қаласып-сауда қолонер және мөдени орталық ретінде дәріптеуге тырысты.
Қала қамқоршысы Афина құдайының құрметіне ұлы Панафинейлер өткізілді. Писистрат б. д. дейінгі 527 жылы қайтыс болды. Ол өле-олгенше өкімет басында қалып қана қойған жоқ, сонымен қатар билікті өзінщ балалары Гиппий мен Гипархқа беріп кетті.
Б. д. 510 жылы тирандық окімет билігі жойылды. Писистраттың Гипарх деген баласын евпатридтер елтірді де, Гиппийді Афинадан қуып жіберді. Бұл көтерілісті Спартаның көмегімен Алкмеонид руы басқарған еді.
Клисфеннің реформалары. Б. д. дейінгі 509 жылы Клисфен (Алкмеонир руынан) реформаиар жасауға кірісті. Оның бұл реформалары ру-тайпа қатынастарының қалдықтары мен сарқыншақтарын толық жойды және Афинада құлиеленушілік демократия жүйесін қалыптастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz