Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау



Кіріспе
І Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні
1.1 Банк тәуекелдерінің пайда болу көздері мен себептері
1.2 Банк тәуекелдерінің сыныпталуы
ІІ Банк тәуекелдерін басқару және бағалау
2.1 Банк тәуекелдерін бағалау әдістері
2.2 Банк тәуекелдерін басқару әдістері: Тұран Әлем банкінде тәуекелдерді басқару.
ІІ Тәуекелдерді жою жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде қазір бізде тәуекелдердің рөлі өте зор. Ол барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте де, үкіметте де болуы мүмкін, ал біз тәуекелдің жою жолдарын қарастыруымыз керек. Негізінен, тәуекел – ке келген өндірушінің соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел – банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайда пайдасынан айырылып қалу мүмкіндігін бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс, сондай-ақ тәуекелдердің түрлеріне байланысты оларды басқару және бағалау керек. Ал кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресустарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк үшін тәуекелдер дұрыс басқарылуы және бағалануы қажет. Кез келген банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен
шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелділік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматы түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кезде банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
1. Сейітқасымов Ғ. С. « Ақша, несие, банктер » Оқулық - Алматы: Экономика, 2006 жыл.
2. Мельников В. Д. « Основы Финансов » Учебник. – Алматы: ТОО « Издательство LEM », 2007 год.
3. Тэпман Л. Н. « Риск в экономике » Учебник. – Москва: Юнити – ДАНА 2003 год.
4. Садвакасова А.Б., Хаджиева А.Б. « Управление рисками коммерческих банков » Учебник. – Алматы.: Қазақ университеті. 2000 год.
5. Сейткасымова Г. С. «Банковское дело » Учебник. – Алматы.: Қаржы – Қаражат. 1998 год.
6. Беляков А.В. « Банковские риски: проблемы учета, управления и регулирования » Учебник. – Москва.: « БДЦ » 2004 год.
7. « Банки Казакстана » 2006 - 2007 г.
8. « Мир Финансы » 2006 -2007 г.
9. « РЦБК » 2006 - 2007 г.
10. Мақыш С. Б. Банк ісі. Оқулық.- алматы: Издат Маркет, 2007.- 471 бет
11. интернет www.kase.kz
12. интернет www.google.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі
өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде қазір бізде тәуекелдердің рөлі өте
зор. Ол барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте де, үкіметте де
болуы мүмкін, ал біз тәуекелдің жою жолдарын қарастыруымыз керек.
Негізінен, тәуекел – ке келген өндірушінің соның ішінде банктің болжаусыз
қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел – банктің
берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы
жеткіліксіз болған жағдайда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру
мүмкіндігі азайған жағдайда пайдасынан айырылып қалу мүмкіндігін
бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса,
соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады.
Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару
шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы
қатынасына мән беруге тиіс, сондай-ақ тәуекелдердің түрлеріне байланысты
оларды басқару және бағалау керек. Ал кез келген банктің табыстылығы
банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне
тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне
итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен
уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің
ресустарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк үшін тәуекелдер дұрыс басқарылуы
және бағалануы қажет. Кез келген банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі
банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен
шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын
көрсетеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер
қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті,
сондықтан банктік тәжірибеде тәуекелділік деген түсінік те болған жоқ.
Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша
қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматы түрде оған төлем несиесін
ұсынатын.
Қазіргі кезде банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез
келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін.
Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелділікті мүлдем жою емес, оны алдын
ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың
салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктік
пайда алуы мүмкіншілігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың
пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болу табиғаты арасында
айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды. Банктің өз қызметі
процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Ал, банк
менеджерлері тарапынан бұл тәуекелдерді болдырмау шараларын қарастыру керек
және бұл тәуекелдерді белгілі бір дәрежеде басқару және бағалау қағидаларын
зерделеу қажет. Осыған байланысты банк ісі пәнінен курстық жұмысымның
тақырыбын Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк ісінде,
ұйымдарда, қоғамдарда, кәсіпорындарда тәуекелдерді басқару және бағалау
жолдарын қарастыру, сондай-ақ тәуекелдерді болдырмау шараларын қарастыру
қажет, ал ол үшін тәуекелдердің басқарылуы және бағалануы туралы мамандық
деңгейіміз жоғары болуы керек.
Осы тақырыпты орындау барысында мақсатыма: тәуекелдердің экономикада алатын
орны, банк үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау мен
басқару және болдырмау шараларын қарастыру.Ал міндеттеріме:
• Банк тәуекелдерінің экономикалық мәнін анықтау;
• Банк тәуекелдерінің пайда болу көздері мен себептерін анықтау;
• Банк тәуекелдерін басқарудың және бағалаудың әдістерін анықтау;
• Банк тәуекелдерінің сыныпталуын қарастыру;
• Тәуекелдердің жою жолдарын анықтау болып табылады.

І Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні
1.1 Банк тәуекелдерінің пайда болу көздері мен себептері
Тәуекел гректің ridskon,ridsa, италияның risiko және француздың тілінде
risque яғни қазақша қауіп, қатер деген мағынаны білдіреді. Ал, латынша
rescum сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе білдіретін
нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекелдердің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел
біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел – оқиғаның болу
немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын
айтамыз. Кез- келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өткені
жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді.
Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді.
Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым
жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен
болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің
арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелдерді басқару ең
маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-
келген банктің қалыптасу процесінен бастап ,бүкіл қызмет ету уақытысында
банктің іс- әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді.
Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің
тәуекелді басқаруымен және бағалауымен тікелей байланысты. Банк ісінде
тәуекел деп – банктің табысы мен капиталына кері әсер ету оқиғаларының болу
ықтималдығын айтамыз. Бұл оқиғаларға мыналар жатады:
- Табыстың төмендеуі;
- Берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда
болуы;
- Базалық ресурстардың азаюы;
- Баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы да
басқалары.
Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу
ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан да кез-келген банк
өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-
әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланысты төмендегі сызбадан
көруге болады ( сурет-1).
(Сурет-1)
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланыс сызбасы.
Бұл сызбада табыс пен тәуекел арасындағы байланыс бірнеше бөліктерге
бөлінген және әр бір бөліктің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің
табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікте қызмет
етсе үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі
деп атауға болады.
Ал, екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелділікті
қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп
кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады.
Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастырытын болса, өзін қажетті табыс
деңгейімен қамтамасыз және негізделген тәуекел деңгейін қабылдайды.
Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте орнығады.
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу
себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін
атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-
әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі
субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге
болады.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер
жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқа да
факторлардан пайда болады.
Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік
органдары қызметтерінің тұрақсыздығы ( мысалы, үкіметтің тез ауысуы,
басқару және саяси режимнің өзгеруі ), үкіметтің экономикалық және басқа
да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі ( ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.),
этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің
поляризациясы және т.б.
Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік
шектеулер ( мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері
қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу );
Экономикалық :
• Жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар
экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді
төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін
табыстың азаюы;
• Қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция,
сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі,
сыртқы қарызға жаппай мараторйи, трансфертті тәуекел, елде несие
мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел
валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел
резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар,
алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп
аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты ( несиелік, валюталық, нарықтық,
лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік
шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты ( салым және депозит бойынша, банкаралық
несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі );
- банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты
( пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі,
капитал
құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі );
- қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелімен байланысты
(операциондық, технологиялық тәуекелділік, жаңа енгізулер
тәуекелділігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелділігі,
қауіпсіздік тәуекелі ).
Осы факторлар жиі кездесетін банк тәуекелдердің пайда болуына себеп
бола алады.

1.2 Банк тәуекелдерінің сыныпталуы
Коммерциялық банктердің жұмысындағы негізгі принципі максималды пайда
табу. Ал бұл принципке жетуге тәуекелділік кедергі болып отыр. Басқаша
айтқанда тәуекелділік - бұл уақиғаның құндық тұлғалану ықтималдылығының
шығынға ұшырататындығын білдіреді. Тәуекелділік жоғары болған сайын, көп
пайда табу мүмкіндігі де жоғары. Тәуекелділік қазіргі және келешектегі
дамуы бағалаудың және нақты мәліметтердің ауытқуынан пайда болады. Бұл
ауытқулар позитивті және негативті болуы мүмкін. Біріншіден, табыс табу
мүмкіндігі айтылады, екіншіден, тәуекелділік туралы айтылады. Егерде
тәуекелділік алдын –ала өлшеніп, бағаланып және сақтандырылып қойылған
жағадайда ғана табыс табуға болады. Сол себепті экономикалық проблемалардың
тәуекелділігінің коммерциялық банктер қызметтеріне, ең алдымен көңіл
бөлінуі керек. Негізгі проблемаларға: банк ісіндегі тәуекелдің
сыныптамасы, негізгі оның бағалаулары және есептеуінің әдістері жатады.
Әлемдік практикада банк ісіндегі тәуекелділіктің көп сыныптамасы бар,
солардың ішіндегі ең танымалы ол тәуекелділіктің жүйелі және жүйесіз
тәуекелділіктерге бөлінеді.
Жүйелі тәуекелділік - бұл бүкіл қаржы нарығындағы кризис тәуекелділігі.
Бұл тәуекелдің түрі әртараптандырылмайтын болып табылады. Жүйелі
тәуекелділіктің анализі құнды қағаздар портфелімен жұмыс істеу және шетел
валюталарымен операция жасау керек пе, егер де құрал жабдықтардың басқа
активтердің формасының жұмсағанда жақсы болады ма деген бағалаулардан
тұрады.
Жүйесіз тәуекелділік – бұл тәуекелділіктің түрі нақты қаржы құралдарымен
байланысты және бұл түрін әртараптандыру (диверсификация) әсерінен барынша
азайтуға болады. Зерттеуде көрсеткендей жүйелік тәуекелділік қаржы
нарығында егер портфель 10 – 20 әр түрлі қаржы құралдарынан, соған қоса
кездейсоқ таңдалынып алынған жиынтықтан тұрса, жүйесіз тәуекелділік
минимумға жеткізілуі мүмкін. Жүйесіз тәуекелділіктің деңгейі – ол берілген
қаржы құралдарының сапасын бағалау. Тәуекелділіктің мүмкіндіктерін
талдай отырып мыналарды анықтау керек:
• Қаржы нарығына толық немесе оның тек секторларына ғана
жатқызылуын;
• Ол биржа нарығына толық немесе тек бөлек региондарына,
облыстарына т.б. орындарға тән;
• Нақты қаржы құралдарына немесе барлығына байланысын;
• Биржалық операциялардың техникалық қызмет көрсетуіне
байланыстылыған;
Жалпы биржа нарығында жүргізілетін банк операциялары келесідей
тәуекелділік түрлерімен кездеседі:
Саяси тәуекелділік. Бұл тәуекелділіктің басқару негізі мемлекеттің
саясатты тұрақтандыру мақсатынан, үкіметтің қолдауы мен олардың
өткізетін программаларынан тұрады.
Хеджирлеу тәуекелділігі. Берілген тәуекелділіктің түрі өндірістік
құралдарды пайдаланумен байланысты (опциондар, фьючестер және т.б. ).
Бұл базалық активтердің пайдасын белгілеуге және мүмкін болғанша
шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді, бірақ ол өте қатал
бақылауды талап етеді.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдік - әсіресе 70- жылдары дамыған
елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жапай кешіктіруімен
байланысты орын алды. Бұл АҚШ тың бір талай аса ірі банктердің банкротқа
ұшырауға себеп болды.
Теріс пайдалану тәуекелдігі - біздің елімізде 1991-1993 ж.ж.
аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған
себебі. Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына, астық жинауға, өзіндік
қаражатты толтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарын мақсатсыз
пайдаланғанын растайтын көптеген фактілер анықталады. Бұл жеңілдікті
несиелер басқа банктердің несиесі бойынша берешекті өтеуге, машиналарды,
сән салтанаты бұйымдарды сатып алуға жұмсалған. Алып сатарлық
жағдайларда, орын алған, бұл несиелер коммерциялық құрылымдарға
нарықтық баға бойынша сатылған валюталарға айырбасталған және т.б.
Теріс пайдалану тәуекелдігі банк жүйесінде 80- жылдары кезеңінен
тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі
банкротқа ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз
туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, несиені қарыз алушының
қаржылық жағдайын тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.
Елдің тәуекелділігі. Бұл тәуекелділікте саяси, экономикалық,
әлеуметтік және т.б. түрлерін қамтиды. Елдің тәуекелділігі саяси
жүйенің өзгеруінен, қоғамдағы саяси күштің қайта құрылуы мен саяси
тұрақтылықа байланысты тәуекелділіктің ысырап болу қатесі.
Заңнамалық өзгерістер тәуекелділігі. Бұл қызмет етуші заңнамалық
нормалардың өзгеруінен белгілі бір қаржы құралдарының өтімділігінің, оң
бағамдық құнының т.б. байланысты осы қаржы құралдарына салымдарды жоғалту
тәуекелі. Соныман қоса бұл берілген тәуекелділіктің түрі егер де берілген
заңдар қалыптастырылмаған немесе мәліметтер базасы толық жеткіліксіз
болған жағдайда ғана пайда болады. Ал бұл жаңа заңды құжаттарды нарықта
әзірлеу кезінде үнемі зерделеп отыруды, сонымен қатар заңның өзгеруімен
сәйкес, қолданыстағы банк құжаттарына уақытылы өзгерістерді енгізуді
талап етеді.
Талғамалы тәуекелділік. Басқаларымен салыстырғанда операцияларды
жүзеге асыруда нақты қаржы құралдарының дұрыс таңдалмаған тәуекелділік.
Бұл берілген тәуекелділік нақты қаржы құралдарының сапасын дұрыс емес
бағалаумен байланысты. Көбінесе қаржы құралдарының түрлерінің өзгеруіне
байланысты тәуекелділіктің өзгерісін бағалау үшін тәуекелділіктің өзгеру
шкаласын қолданады.
Уақытша тәуекелділік. Бұл тәуекелдің түрі қаржы құралдарын
қолайсыз уақытта сату немесе сатып алудың әсерінен шығынға әкеліп
соқтыратын тәуекелділік.
Операциялық тәуекелділік. Компьютерлік жүйенің ақпараттарды өңдеу
кезінде кемшіліктер, төменгі сапалы техникалық қызмет көрсету жұмысының,
операциялар технологиясының бұзылуы, компьютерлік айлакерліктерге
байланысты ысырап болу тәуекелділігі.
Банк тәуекелдерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша
топтаймыз:
- коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
- банк тәуекелерінің пайда болуы немесе мамандану аясы;
- банк клиенттерінің құрамы;
- тәуекелділікті есептеу әдістері;
- банк тәуекелінің деңгейі;
- тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
- тәуекелді есепке алу сипаты;
- банк тәуекелділігін басқару мүмкіндігі ;
Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі.
Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен
байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің
барлық түрлері кездесуі мүмкін. Сондай-ақ әкімшілік тәуекелдің мынадай
түрлері кезігеді: құрылымдық басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық
тәуекелдер жатады, ал қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік
диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады, ал
ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық жаңа технологияларды
пайдаланумен байланысты тәуекелдер жатады. Банк клиеттерінің құрамына
байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін
анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне тәуекелдердің толық
құрылымын анықтауға болады.
Ал, тәуекелдердің ең негізгі түрлеріне мыналар жатады:
Валюталық тәуекел. Шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның
өзгеруімен байланысты валюталық ысырап қатері. Валюта тәуекелі, әсіресе,
бір ғана валюта бағамының әр түрлі валюта нарығында сәйкеспеуімен немесе
уақыттың әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының айырмашылығынан пайда
болатын алып – сатарлық табысты алуға ұмтылатын банктерде жоғары болады.
Валюталық тәуекел құрылымы екіге бөлінеді, коммерциялық тәуекел – қарыздар
өзінің міндеттемелері бойынша қарызды төлегісі келмейтін немесе төлей
алмауына байланысты пайда болатын тәуекел; операциялық тәуекел – нақты
операциялар бойынша валюталық шығындар тәуекелі.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын
немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуін сипаттайды.
Пайыз тәуекелі – бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің болжамсыз өзгерісінен
банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.Ол мынадай себептерге
байланысты пайда болады:
• Пайыз мөлшерлемесінің түрлерін( тіркемелі, өзгермелі, және т.б.) дұрыc
таңдамау;
• Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;
• Банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;
• Депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;
• Өзге де себептер.
Есеп айырысу тәуекелділігі. Қаржы құралдарымен операция жасауында,
төлем-клирингтік жүйесінің технологиясының бұзылуы мен жеткіліксіздігіне
байланысты пайда болатын ысырап болу тәуекелділігі.
Жоғарыда айтылған тәуекелділік түрлері бір – бірімен тығыз байланысты.
Тәуекелділіктің бір түрінің пайда болуы, басқа тәуекелділік түрлерінің
пайда болуына әкеледі, ал бұл жағдайды нашарлатады. Бұл тәуекелділіктің
түрлері биржа нарығында барлық қатысушыларға тән, бөлек қаржы
құралдарымен жасалатын операцияларына байланысты айырықшалық банк
ісіндегі тәуекелділіктер пайда болады.
Есеп айырысу тәуекеліне мыналар жатады:
• Төлемсіздің немесе төлем мерзімін бұзу тәуекелі;
• Есеп айырысу формаларының, төлем және құжат айналымдары тәсілдерінің
есеп айырысу операцияларының мазмұны мен мәмілелерінің сипатына сәйкес
келмеу тәуекелі;
• Есеп айырысуды ұйымдастыруға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік
талаптарға сай келмеу немесе олардың бұзылу тәуекелі;
• Есеп айырысуларды қатынасатын банктің барлық құрылымдық жұмысымен
байланысты немесе технологиялық тәуекелдер;
• Банкаралық есеп айырысу технологияларының тәуекелі.

ІІ Банк тәуекелдерін басқару және бағалау
2.1 Банк тәуекелдерін бағалау әдістері
Банктік тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел туралы толық ақпаратты алу
бірнеше көрсеткіштердің есептеліну нәтижесінде алынады. Неғұрлым ақпаратты
сапалы болып банктік тәуекелді бағалауда-салыстырмалы көрсеткіштер болып
табылады. Ал, абсолютті көрсеткіштер бағаланып жатқан объектіден күтілетін
нәтижелердің негізінде қолданылады. Тәуекелді бағалау кезінде
ықтималдықтың деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің маңызы зор болып келеді.
Банктік тәуекелдің деңгейін бағалау барысында нақты көрсеткіштердің
жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын есептеп қана қоймай, сонымен қатар
теріс ауытқулардың оң ауытқуларға қарағандағы ықтималдығы есептеледі.
Ал енді тәуекелді бағалау әдістеріне тоқталып кетсек.
Тәуекелді бағалаудың статистикалық әдісі.
Тәуекелді бағалау мен оны басқарудың дәстүрлі әдістерінң бірі болып
табылады. Статистикалық талдаудың негізгі құралдарына дисперсия,
стандарты ауытқу, варияция коэффициенті жатады. Бұл әдістің мәні үлкен
уақыт аралығында статистикалық мәліметтерді талдауда жатыр. Бұл банктердің
шеккен залалының пайда болу жиілігін олардың пайда болу ықтималдығымен
салытыруға мүмкіндік береді. Бұл әдісті банктің ішкі және сыртқы
тәуекелдерін бағалауға қолдануға болады. Бұған қоса бір банк үшін залалдың
мүмкін болатын деңгейінің болу жиілігі нақты бір залал деңгейінің болу
жағдайының саны мен статистикалық талдаудағы оқиғалардың жалпы санына
байланысты болады. Банк тәуекелсіз аймақта жұмыс істейтін болса, еш залал
шекпейді, бұл болса жоғарғы табыс алуға мүмкіндік береді. Банк мүмкін
болатын тәуекел аймағында қызмет етсе, банк шеккен шығындардан асып
түседі. Ал мүмкін тәуекелдер аймағын да қызмет етсе, ол өз қызметінен
ешқандай пайда тапппайды. Тапқан табыстарының барлығы шығындарды жабуға
жұмсалады. Критикалық тәуекел аймағында банк банкротқа жақын болады. Алған
табысы шығындарды жабуға жеткіліксіз болады.
Статистикалық әдіс статистикалық шығын және пайданы зерттеу, экономикалық
қайтарымның шамасы мен алу жиілігін анықтау одан кейін ықтималдық талдау
мен болашақ кезеңдегі нарықтың жағдайына болжам жасауға негізделеді.
Хеджирлеу әдісі. Хеджирлеу дегеніміз - фьючерстік немесе
опциондық нарыққа қатысты жеке нарықтың бағалық залалдарынан сақтандыруға
негізделген әдіс. Мұндағы биржалық опциондар үшін жеке нарық ретіндегі
нақты нарық, сонымен бірге фьючерстік нарықтар қарастырылуы
мүмкін.Хеджирлеу механизмі нарық қатысушы әр уақыт мезетінде фьючерстік
және жеке нарықта, опциондық және нақты нарықта, опциондық немесе
фьючерстік нарықта қарама қарсы позицияда тұруына негізделеді. Бұл
нарықтағы бір актив бағасы қозғалыс бағыты сәйкес келеді. Басқаша
айтқанда егер сатушы бір нарықта сатып алушы болса, басқа нарықта сатушы
болу керек және керісінше.
Фьючестік және жеке нарықтағы хеджирлеу. Соңғы жылдары әлемдік
қаржылық нарықта тіркелген пайыздық қойылыммен валюталық бағамдағы
қаржылық құралдарға негізделген қаржылық фьючерстік келісім шарты сату
жүзеге асырылуда.
Қаржылық фьючерс бұл алдын ала болашақ кезеңдегі келісілген баға
бойынша қаржы құралдарын сату немесе сатып алу туралы келісім.
Қаржылық фьючерс нарығы қаржы нарығының басқа сегменттерінен келесі
сипатамалар арқылы ерекшеленеді.
• Қаржылық фьючерстер белгілі бір ережелер сақталатын орталықталған
биржаларда, баға ұсынысы ашық дауыс беру арқылы сатылады.
• Келісімшарттар стандартталған нақты құрал түрін нақты бейнеленген
уақытта саудаласуды жүзеге асыру қажет.
• Қаржы құрадарын нарыққа келісімшарттағы барлық тараптардың
міндеттемелерін орындалуына кепіл беретін есептік палата арқылы
шығаруға болады.
• Қаржылық фьючерс бойынша нақты қаржы инструменттерінің шығарылымы
болмайды.
• Фьючерс саудасы бойынша шығындар салыстырмалы түрде болады .
Фьючерстік келісімдер нарығы екі мақсатта қызмет етеді: біріншіден,
ол нарық қатысушыларына өздерін нарықтағы болашақ кезеңдегі бағаның
жағымсыз өзгерісінен сақтандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, ол
алыпсатарларға өте аз қамтамасыз етумен үлкен пайда алуға мүмкіндік
береді. Сонымен фьючерстік келісімдер нарығының дамуына нарықтағы қаржы
құралдарының бағаларының ауытқулары себеп бола алады. Қаржылық фьючерсті
пайдаланушылардың екі түрін атап айтуға болады. Олар хеджерлер мен
алыпсатарлар.
Хеджерлердің мақсаты пайыздық қойылым немесе валюталық бағамдардың
жағымсыз өзгеруін төмендету.
Аналитикалық әдіс. Қаржы нарығын екі аналитикалық тәсілмен бөліп
көрсетуге болады.
1. фундаментальді
2. техникалық
Фундаментальды талдау оның элементі бағалауға негізделеді, табысы,
нарықтағы жағдайы, активі мен пассиві, меншікті капиталдағы және
эмитент қызметінің нәтижелігін сипаттайтын басқа көрсеткіштегі пайда
нормасы. Фундаментальды талдауда коэффициент әдісі қолданылады. Бұл әдіс
тек сандық мәліметтер үшін қолданылады. Сондықтан тек қана бұл әдісті
қолдану қате ақпарат беруі мүмкін. Келесі коэффициенттер жиі қолданылады.
pc – nation әрбір жай акцияға есептелген акцияға бағамдық құнының таза
пайда көлемінің қатынасы арқыла анықталады.
dp - ratio жай акция бойынша дивиденттердің оның бағамдық құнына
қатынасы арқылы есептеледі
бета коэффициенті белгілі бір бағалы қағаз қызмет етуіне нарықтағы
жағдайдың әсерін анықтайды. Бұл коэффициент төмен болған кезде,
инвестиция тәуекелі жоғары немесе керісінше болады.
R - квадрат жалпы алғанда анықталмаған тәуекелдің бағалы қағаздарға
салым жасаудағы үлесін сиапаттайды.
Техникалық талдау - бұл графиктердің көмегімен бағалардың келешектегі
қозғалыс бағытын анықтау мақсатында нарық динамикасын талдау. Техникалық
талдаудың басты артықшылығы оны сауданың кез келген құралы үшін, кез
келген уақыт аралығында пайдалануға болады.
Тәуекелді басқарудың құрамдас бөлігі ретінде балансты шоктық тестілеу
әдісін қолдану қажет. Ол банк операцияларын жүргізуіне зиянын келтіретін
оқиғалардың сандық әсерін бағалауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Тәуекелдерді басқару әдістері
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Сыртқы реттелмейтін тәуекелді басқару
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
Пәндер