Гидросфера туралы мәліметтер


Гидросфера туралы мәліметтер . Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, өзендер, тоғандар, ми батпақ, топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2, 5 есе артық. Гидросфера биосфераның басқа бөліктері - литосфера (жер асты сулары), атмосфера (булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі организмдермен тығыз байланыста. Гидросфераның жалпы көлемі 1455 млн. км .

Жалпы су қорының 97, 5% тұзды минералды болып келеді. Теңіз (мұхит) суларын ерітінді деп есептеуге болады, себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөлшері орта есеппен 35 г/кг. Менделеев периодтық ситемасындағы барлық элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында (жерасты суларында 62-сі) кездеседі. Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын құратындарға натрий, магний, кальций катиондары мен хлорид, карбонат, сульфат аниондарын жатқызуға болады. Басқа химиялық элементтердің мөлшері негізгі иондардыкімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен, олардың теңіз бен теңіздегі тірі организдерде жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор. Олардың ішінде тірі организдер өз тіршіліктеріне пайдаланатын азотты, фосфорды, кремнийді ерекше атап өтуге болады, бұл элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.

Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2, 5% құрайды, немесе 35 млн. км . Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн. м . Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97%. Антарктидада мұздың ең қалың 4, 78 км тең қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген. Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанше су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, көл, және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.

Тұщы су қорының үлкен мөлшері негізінде өзендерде болады, олардың ішінде ең ұзын Нил және Амазонка өзендері. Нилдың ұзындығы 6670 км, Амазонканыкі - 6437 км. Ресей өзендерінің ішінде ең ұзын өзегн Обь жатады, егерде оның ұзындығын Ертістің басталған жерінен есептесек 5410 км тең болады.

Дүние жүзінде Ресей (Бразилиядан кейін) жалпы тұщы судың қоры бойынша екінші орында. Бірақ-та Ресей территориясында су ресурстары біркелкі орналспаған, сондықтан, оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарында бір тұрғынға келетін өзеннің ағынды суларының көлемі (3-5) *10 м болса, еуропалық бөлігнің солтүстігінде 35*10 м , Батыс Сібірде - 45*10 м , Шығыс Сібірде - 144*10 м су келеді.

Су ресурстарының маңызы . Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.

Басқа заттармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттері бар.

  1. 0°С ден 4°С дейін қыздырғанда судың көлемі көбеймейді, керісінше азаяды, ең максималды тығыздық мағынасы су қататын нүктеде емес 4°С-де болады.
  2. Басқа денелердей емес, су көлемі қатқанда сығылысудың орнына үлкейіп, оның тығыздығы төмендейді.
  3. Қысым көтерілгенде судың қату температурасы көтерілмейді, ол төмендейді.
  4. Басқа заттардың сыбағалы жылылық сыйымдылығымен салыстырғанда судың сыбағалы жылылық сыйымдылығы өте жоғары.
  5. Диэлектрлік тұрақталығы өте жоғары болғандығына байланысты судың еріткіштік және диссоциалау қасиеті басқа сұйықтармен салыстырғанда жақсылау.
  6. Сұйықтықтардың ішінде судың беттік керуінің шамасы ең жоғары - 75*10Дж/м.
  7. Булану кезінде жылу сіңіріледі, ал будан конденсациялану мен қату кезінде керісінше жылу бөлінеді.

Ауытқулықтың болу себебінің бірі оның құрылысының ерекшіліктігінде және су молекулаларының бір-бірімен күшті байланысатындығында. Жер бетіндегі барлық тіршіліктің суға байланыстылығының негізі осы ауытқулықтың болуы. Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйқ, қатты және газ тәрізді бола алатын жалғыз зат болып саналады. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысуымен жүреді десек қателеспейміз.

Су - тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар түрінің саны 15 немесе олардың жалпы санының 7%, ал суда өсетін өсімдіктер түрінің саны 1. Жануарлардың ішінде балықтардың шамамен 16000 түрі, былқылдақденелілердің 8 түрі, шаянтәрізділердің 2-нан астам, қарапайымдылардың 15000-ға жуық түрі және т. б. бар. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75%, кейбір өсімдіктер массасының 89-90% судан тұрады.

Адам ұрығының (эмбрионының) 97%-і су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80%-і судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесінің 65-70% су, ұлғайған сайын су мөлшері адам денесінде 60%-ке дейін төмендейді. Осы деңгейден денедегі судың мөлшері 10-12% төмендесе, организм әлсіреп, жұмыс атқару қабілеті жойылады, ал организмдегі судың көлемі 25%-тен төмен түссе, адам өміріне қауіп төнеді. Ейбір жан-жануарлар тек қана сулы ортада тіршілік етеді. Себебі организмдегі тепе-теңдік бұзылып, әртүрлі ауыр жағдайға әкеліп соғады. Негізінде барлық организмдердің өсіп-өнуіне таза су қажет, сондықтан сумен жабдықтау көздеріне, судың сапасына ерешк маңыз беріледі.

Жоғары сыбағалы жылылық сыйымдылығының. Біртіндеп жылу мен салқындау қасиеттерінің арқасында су теңіз бен көлдердің жылдық, тәуліктік және тіпті сағаттық температураларының өзгеруін белгілеп отыратын фактордың бірі. Су бетіне түсетін жылу энергиясының бір бөлігі тойтарылса, екінше бөлігі булану процесіне жұмсалады. Су қоймаларының бетінде өтетін булану төменгі су қабаттарының қатты ысуына кедергі жасаса, беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың бөлінуіне байланысты төменгі қабаттардың салқындауын бәсендетеді. Сонымен жаз айларында судың жылы қабаттары үстінде, ал түбінде салқын қабаттар орналасады. Су қоймаларында температураның су қабатының орналасуына байланысты таралуын тікелей стратификация деп атайды. Қысқа беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері стратификация деп атайды. Температураға байланысты әр қабатта тығыздық та, тұздардың еріген мөлшерін де, газдық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар
Биосфера - ғаламдық экожүйе туралы ақпарат
Жердің су қабығы мен гедросфера туралы жалпы мәліметтер
Жалпы жер туралы түсінік
Литосфера туралы
Геродоттың еңбектері
Жердің тарихы, жердің ішкі құрылысы
Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде
Жер қабаттары жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz