Қызыл кітап туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Қызыл Кітап
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты - дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалашылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсмідіктердің тізімдері кірді.
1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.
«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:
І санат - жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр т. б.
ІІ санат - саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін. Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т. б.
ІІІ санат - сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т. б.
IV санат - белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т. б.
V санат- қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер. Бұл санат 1972 жылдан бастап жасыл бетте басылып шыға бастады. Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т. б.
«Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым салынған.
Қазақ ССР-нің Қызыл кітабының бірінші томына сүтқоректілердің 24 түрі түрі мен 7 түр тармағы, 43 құстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қосмекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т. б. )
Құстардың қызғылт және бұйра бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ аққу, дуадақ, қырандарды атауға болады. Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардың кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және сирек кездесетіні - сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.
Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі - жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.
Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликттер мұражайы десе де болады. Мұнда Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Батыс Тянь-Шанның сирек эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т. б. Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.
Сирек және жойылып бара жатқан түрлерді сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, корықшаларда қорғауға алынады. Егер жануар немесе өсімдіктің саны популяцияның минимальды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард, берқара терегі) онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.
Облыста 3 республикалық және 5 облыстық қорықшалар, 1 қорықты аймақ, 2 табиғат ескеркіші бар. Қазір облыстың барлық қорғалатын аумағы 450 мың гектар жерді алып жатыр, шамамен облыс жерінің 3% -ын қамтиды.
Облыс аумағында орналасқан республикалық маңызы бар қорықшалар: 1. Кирсанов. 2. Бударин. 3. Жалтыркөл. Бұлардың үшеуі де зоологиялық. Сонымен қатар бұл қорықшалар облыстағы алғашқы қорықшалар болып табылады. 1967 жылы ұйымдастырылған. Жергілікті маңызы бар 5 қорықша: 1. Ақ құм жерінің қорықшасы. 2. Орда геоботаникалық қорықшасы. 3. Шалқар биогидрологиялық қорықшасы. 4. Емендер алаңы ботаникалық қорықшасы. 5. Селекциондық ботаникалық қорықшасы. Қорықшалар Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар кездесетін жерлерде құрылған.
Жайық өзені республика көлеміндегі маңызы бар қорықты аймақ болып табылады.
Сонымен бірге облыста табиғат мұрасы болып табылатын Үлкен Ешкі (Ичка) тауы мен Садовое көлі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz