Ұлы ғалым Ибн-Теймианің (р.а.) оқушысы Ибн ал-Кайимнің(р.а) кітабы
Мейірімді де Рахымды Аллаһтың есімімен бастаймын.
Күнəлар əсері. Барша мақтау бүкіл əлемдердің Раббысы Аллаһқа тəн. Жəне Аллаһтың игілігі мен сəлемі Оның елшісі Мухаммедке болсын .
Біз бұл тақырыбымыздың астында күнəлардың жекелеген адам мен қоғамға тигізетін əсерлері жайында айтып өтпекшіміз . Имам Ибн Қайим Əл-Жаузия өзінің бір сөзінде :
-Күнəлардың зиян тигізетіні сөзсіз . Жəне оның жүрекке тигізетін зияны удың өз дəрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты . Бұл дүние немесе ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен ауырулардың көбісінің себебі осы күнəлар емес пе ? Ойланшы Адам ата мен Хауа анамызды жаннаттан шығарған не нəрсе ? Сондай бір лəззаттар мен нығметтердің , қуаныштар мен рахаттардың жайы балған жаннаттан , уайым –қайғы мен қиыншылық , сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нəрсе түсірген еді ?
Ал , Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып , лағнетке ұшырап , оның ішкі –сыртқы дүниесінің қорқынышты да , ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нəрсе себеп болған еді ? Иə , ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа , рахметтен лағнетке , сұлулықтан ұсқынсыздыққа ,жаннаттан тозаққа , иманнан күпірлікке , Раббысына балған достығынан дұшпандыққа , ұлықтау , пəктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа , серік қосушылық пен жаман жаққа , сауапты істерден күнəларға өтуіне себеп балған нəрсе ол – күнə .Соның салдарынан ол Аллаһтың шексіз мейірімінен алыстап , қатты азабына душар болды . Жəне бүкіл кəпірлер мен серік қосушылардың , парасатсыз пасықтар мен күнəһар жасықтардың басшысыша айналды . Аллаһтың əмірлерін атқармай , тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан махрұм қалып , қор болудан Аллаһтың өзі қорғасын !
Жəне кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай ,топан су астында қалып өлім қауышуларына не нəрсе себеп болған еді ?
Ал ,үстерінен жеті түн , сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ғад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде ?
Ашты дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп ? Періштелер жоғары аспанға көтеріп , кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының зардабы неден ? Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып , сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден ? Кеше “Мен құдаймын” –деген Ферғауынды , оның жойқын əскерін теңіз астына шөктірген нəрсе не еді ? Ал , байлығына мастанып , Құдайын ұмытқан Қарунды малымен , жанымен , үй –жайымен жерге жұтылуына себеп болған нəрсе не еді ?Жəне кітап түсірілген қауым ияһдилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп , тіпті кейбір тайпаларының маймылға , шошқаға айналуларының салдары неде ?Иə , Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті ? Олардың қаншасы азаптарға душар болды ? Не себептен ? Əлбетте бəрі күнəнің себебінен !
Сөзсіз əрбір күнəнің ішінде азап бар .Егер кімде –кім сол күнəні жасаса жəне сол күнəлі істен бас тартып тезірек тəубе жасамаса , онда ол күнəнің қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз .Бірақ өкінішке орай , Құдайын ұмытып жасаған күнəні , Құдай да ұмытады-деп ойлап , алданып жүргендер қаншама ? Ал , ақиқатта Аллаһ еш нəрсені ұмытпайды .Муса пайғамбар ғалайһиссалам қасиетті Құранда Аллаһты былай деп сипаттаған :
1
“ Менің Раббым жаңылмайды да , ұмытпайды ” (Таһа :52)
Ал , кейбір адамдар білімнің саяздығынан Аллаһтың кеңшілік-мəрхеметі мен кешірім-мейіріміне сүйеніп алып , көптеген парыз етілген əмірлер мен тиым етілген харам істерде бейғамдық жасауда . Яғни олар мойындарына парыз етілген істерді тастап қойып немесе оны атқаруда жалқаулық танытады да , сол өзінің кемшілігіне Аллаһтың кеңшілігін айтып сылтауратады . Болмаса Аллаһ харам еткен істі жасайды да ,“ Е, Аллаһ кешіруші , мейірімді ” – деп , өз айыбын ақтап жатады . Қайталана беруменен кішкене күнəлар үлкен күнəларға айналады . Ал сол күнəлардан қайтпай , қайта-қайта оралып жасай беру Аллаһтың заңына ерегісіп қарсы шығумен тең . Ал , Аллаһтың қылмыскер қауымдар мен Оның шариғатына ерегісіп қарсы шығушы қауымдарға беретін азабы өте қатты .

Бұл ұлы ғалым Ибн-Теймианің (р.а.) оқушысы Ибн ал-Кайимнің(р.а) кітабы
Мейірімді де Рахымды Аллаһтың есімімен бастаймын.
Күнəлар əсері. Барша мақтау бүкіл əлемдердің Раббысы Аллаһқа тəн. Жəне
Аллаһтың игілігі мен сəлемі Оның елшісі Мухаммедке болсын .
Біз бұл тақырыбымыздың астында күнəлардың жекелеген адам мен қоғамға
тигізетін əсерлері жайында айтып өтпекшіміз . Имам Ибн Қайим Əл-Жаузия
өзінің бір сөзінде :
-Күнəлардың зиян тигізетіні сөзсіз . Жəне оның жүрекке тигізетін зияны удың
өз дəрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты . Бұл дүние немесе
ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен ауырулардың көбісінің
себебі осы күнəлар емес пе ? Ойланшы Адам ата мен Хауа анамызды жаннаттан
шығарған не нəрсе ? Сондай бір лəззаттар мен нығметтердің , қуаныштар мен
рахаттардың жайы балған жаннаттан , уайым –қайғы мен қиыншылық ,
сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нəрсе түсірген еді ?
Ал , Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып , лағнетке ұшырап , оның
ішкі –сыртқы дүниесінің қорқынышты да , ұсқынсыз бейнеге айналып аспан
иеліктерінен қуылуына не нəрсе себеп болған еді ? Иə , ол Ібілістің
жақындықтан алыстыққа , рахметтен лағнетке , сұлулықтан ұсқынсыздыққа
,жаннаттан тозаққа , иманнан күпірлікке , Раббысына балған достығынан
дұшпандыққа , ұлықтау , пəктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа , серік
қосушылық пен жаман жаққа , сауапты істерден күнəларға өтуіне себеп балған
нəрсе ол – күнə .Соның салдарынан ол Аллаһтың шексіз мейірімінен алыстап ,
қатты азабына душар болды . Жəне бүкіл кəпірлер мен серік қосушылардың ,
парасатсыз пасықтар мен күнəһар жасықтардың басшысыша айналды . Аллаһтың
əмірлерін атқармай , тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан махрұм қалып
, қор болудан Аллаһтың өзі қорғасын !
Жəне кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай ,топан су
астында қалып өлім қауышуларына не нəрсе себеп болған еді ?
Ал ,үстерінен жеті түн , сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ғад
елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде ?
Ашты дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына
не себеп ? Періштелер жоғары аспанға көтеріп , кейін аударып жермен жексен
етілген Лут қауымының зардабы неден ? Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып
, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден ?
Кеше “Мен құдаймын” –деген Ферғауынды , оның жойқын əскерін теңіз астына
шөктірген нəрсе не еді ? Ал , байлығына мастанып , Құдайын ұмытқан Қарунды
малымен , жанымен , үй –жайымен жерге жұтылуына себеп болған нəрсе не еді
?Жəне кітап түсірілген қауым ияһдилердің бастарынан бірнеше азаптарды
өткізіп , тіпті кейбір тайпаларының маймылға , шошқаға айналуларының
салдары неде ?Иə , Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті ?
Олардың қаншасы азаптарға душар болды ? Не себептен ? Əлбетте бəрі күнəнің
себебінен !
Сөзсіз əрбір күнəнің ішінде азап бар .Егер кімде –кім сол күнəні жасаса
жəне сол күнəлі істен бас тартып тезірек тəубе жасамаса , онда ол күнəнің
қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз .Бірақ өкінішке
орай , Құдайын ұмытып жасаған күнəні , Құдай да ұмытады-деп ойлап , алданып
жүргендер қаншама ? Ал , ақиқатта Аллаһ еш нəрсені ұмытпайды .Муса
пайғамбар ғалайһиссалам қасиетті Құранда Аллаһты былай деп сипаттаған :
1
“ Менің Раббым жаңылмайды да , ұмытпайды ” (Таһа :52)
Ал , кейбір адамдар білімнің саяздығынан Аллаһтың кеңшілік-мəрхеметі мен
кешірім-мейіріміне сүйеніп алып , көптеген парыз етілген əмірлер мен тиым
етілген харам істерде бейғамдық жасауда . Яғни олар мойындарына парыз
етілген істерді тастап қойып немесе оны атқаруда жалқаулық танытады да ,
сол өзінің кемшілігіне Аллаһтың кеңшілігін айтып сылтауратады . Болмаса
Аллаһ харам еткен істі жасайды да ,“ Е, Аллаһ кешіруші , мейірімді ” – деп
, өз айыбын ақтап жатады . Қайталана беруменен кішкене күнəлар үлкен
күнəларға айналады . Ал сол күнəлардан қайтпай , қайта-қайта оралып жасай
беру Аллаһтың заңына ерегісіп қарсы шығумен тең . Ал , Аллаһтың қылмыскер
қауымдар мен Оның шариғатына ерегісіп қарсы шығушы қауымдарға беретін азабы
өте қатты . Аллаһтың мейіріміне ғана сүйеніп , күнəлі істерге түскен қауым
, сол Аллаһтың азабының қатты екенін де ұмытқан .Жаратқан Аллаһ Өзінің
кітабында былай деп айтқан :
Ей, Мухаммед ! “ Құлдарыма хабар бер . Күдіксіз Мен аса жарылқаушы , ерекше
мейірімдімін . Жəне шын мəнінде азабым да өте күйзелтуші „.(49:50)
Мəшһүр хадистанушы имам Муслимнің сахих хадистер жинағында пайғамбарымыз
Мухаммедтің ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) былай деп
айтқан сөзі бар: “Дүниеде артықша нығметтер ішінде өмір сүрген ,
тозақтықтардан болған бір пенде келтіріледі . Содан ол тозаққа бір
батырылып алынады . Кейін оған ; “ ей , адам баласы ! Сен бірде –бір
жақсылық көрдің бе ? . Саған бірде –бір нығмет кезігіп пе еді ? ”- делінеді
. Оған ол ( Аллаһтың атымен ант ішіп ) : “ Жоқ , Уаллаһи ! Ия , Раббым
–дейді . ( Яғни , ешбір жақсылық көргенім жоқ , маған ешбір нығмет кезіккен
жоқ – дейді .)Жəне дүниеде ең қатты қиыншылықтарды көрген , жаннаттықтардан
болған бір пенде келтіріледі . Ол жаннатқа бір батырылып алынады . Кейін
оған : “ Ей , адам баласы ! Сен қандай да бір ауыртпашылық көріп пе едің ?
. Сенен қандай да бір қиыншылық өтіп пе еді ? – делінеді . Сонда ол (
Аллаһтың атымен ант етіп ) : “ Жоқ , Уаллаһи , Ия , Раббым ! Менен ешқандай
ауыртпашылық өткен жоқ . Мен ешқандай қиындық көргенім жоқ ””-дейді . (
Муслимнен риуаят етілген ) . Аллаһ бір батырылып шығарылғанда бүкіл көрген
жақсылықтарды ұмыттырып қоятын тозақтан сақтасын ! Жəне қойынына бір
түсірілгенде бүкіл көрген қиыншылықтарды ұмыттырып қоятын жаннатына
жайғастырсын!
Баршамызға мəлім болған нəрсе егер адам күнəлардан тəубе менен тазармаса ,
онда ол күнəлардың сол пендені ақырет күнінде үлкен апаттар мен азаптарға
жолықтыратыны . Сонымен қатар күнəлардың бұл дүниеде де адамға тигізетін
өкінішті əсерлері бар . Сол əсерлердің ішіндегі ең ауыры иманға тигізетін
əсері . Иманға Əһлі Суннаның танымы бойынша былайша түсіндірме берілген :
Иман – дегеніміз оны тілмен айту , жүрекпен растау жəне бұйырылған
амалдарды орындау . Жəне ол иман тағат-ғибадаттармен артып , ал күнəлардан
кемиді . Міне бұдан көріп отырғанымыздай , күнəлардың мұсылманның екі
дүниеде бақытты болуына себепкер болатын иманға зарарын тигізетіні. Расында
Аллаһқа жəне ақырет күніне шынайы сенген мұсылман кеңшілікте де ,
таршылықта да өзін бақытты сезінеді . Оның жүрегі тыныштыққа толы болады .
Ол əркез Аллаһтың берген рызық-несібесіне қанағатшыл , тағдырына риза ,
нығметтерге шүкір қылушы , сынақтарға сабыр қылушы пенде . Бұл турасында
пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) былай деп
айтқан : “ Исламды 2
қабылдаған жəне жеткілікті дəрежеде рызықтандырылған , əрі Аллаһ оны Өзінің
оған бергенімен қанағаттандырып қойған пенде шынынды табысқа жетті ”.( Ибн
Əмірден Муслим риуаят еткен ).
Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын )жəне бір
сөзінде :“ Иман егесінің ісі ғажап . Расында оның бүкіл ісі өзі үшін
қайырлы. Жəне бұл нəрсе тек иман келтірген кісі үшін ғана . Егер оған бір
қуанышты нəрсе жетсе шүкірлік қылады . Онысы оған қайырлы болады . Ал ,
егер оған бір қиыншылық жетсе сабырлық танытады . Сөйтіп онысы да оған
қайырлы болады„-деп айтқан . ( Имам Муслим жəне имам Ахмад Суһейбтен риуаят
еткен . )
Бірде мəшһүр Ибраһим ибн Адһам өзінің серіктерімен бірге бір судың қасында
, кепкен нан жеп отырып былай деп айтқан екен :
Егер патшалар мен олардың балалары біздің иман нығметінің арқасында қандай
бақытты күйде екенімізді сезсе , онда олар оған жету үшін бізге қылышпен
күрес ашар еді .
Ибн Таймия өзінің бір сөзінде :
-Бұл дүниеде бір жаннат бар . Кім ол жаннатқа кірмеген болса , онда
ақыреттегі жаннатқа да кіре алмайды –деген . Яғни , бұл дүниедегі жаннат –
иман , ислам жаннаты .Иманның шынайы дəмін сезінген адамның жаннаты .
Ал , екінші бір ғалым :
- Аллаһтың əуел бастан маған бекітіп қойған рызық-несібесін ешкімнің алып
қоя алмайтынын білгенімде , жаным тыныштық тапты –деген .
Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) өзінің
шарапатты хадистерінің бірінде :
- Расынды Аллаһ дүниені сүйген пендесіне де , сүймеген пендесіне де береді
. Ал , иманды тек сүйген пендесіне ғана береді –деген . ( Бұл хадис имам
Бухаридің Тарих атты кітабында келген . Тирмизи мен Бағауилер де риуаят
еткен . Жəне имам Заһаби сахих хадистер қатарына қосқан .)
Міне осы Пайғамбарымыздың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын )
иман тұрғысында айтып өткен бірер хадистері мен ғұламалардың сөзінен
нəрленгеннен кейін , өзіміздің негізгі тақырыбызға қайта оралайық . Расында
харам етілген бұл күнəлардың адамның жүрегіне , тəніне , осы дүниесі мен
ақыретіне тигізетін жаман əсерлері мен қатты қасірет пен өртеуші өкініш
əкелетін зиянкестіктері бар .Сол жаман əсерлердің кейбіріне жеке-жеке
тоқталып өтеміз .
1.Күнəнің келтіретін зардаптарының бірі ; адамға халал мен харамды , жақсы
мен жаманды ажыратуына көмектесетін , əрі дүниедегі басқа түскен
сынақтардан сүрінбей өтіп , ақыреттегі Аллаһ уəде еткен жаннат
жақсылықтарына жетуіне мүмкіндік беретін пайдалы ілімге жетуінен тосып
қояды . Ілім –ол Аллаһтың жүрекке орнықтыратын нұры .Ал, күнə болса сол
нұрдың өшуіне себеп .Бірде имам Шафиғи ұстазы имам Мəлікке кітап оқып беріп
отырады . Имам Мəлік оның даналығы мен түсінігінің тереңдігіне таң қалып ,
оған :
- Сенің жүрегіңе Аллаһ нұр орнатқан екен . Сен сол нұрды күнəлардың
кесірімен кетіріп алма –дейді . Расында сол имам Шафиғидің жаттау қабілеті
өте күшті болған . Ол кісі кітабын ашып көзін салса болды , ондағы аяттарды
немесе хадистерді көңіліне түйіп , санасында сақтап , жүрегінде жаттап
қояды екен . Сол үшін ол кісі жаттау кезінде екі беттегіні араластырып
алмау үшін , кітаптың бір бетін жауып отыратын болған .Бірде ол сол жаттау
қабілетінің аздап əлсірегенін сезеді . Ол нəрсеге уайымдаған ол , Уакиғ
деген ұстазына барып бұл іс жайында кеңес сұрайды . Ұстазынан оның себебін
білген ол , сол ұстазының өсиетін өлең жолдарына түсіріп , былай деген екен
:
3
Шағым еттім ұстазыма ардақтаулы ,
Жаттауымда пайда болған шабандықты .
Кеңес етті күнəлардан алшақтауды ,
Жуытпа –деп маңайыңа жамандықты .
Тыңда-деді , сөзіме көңіл бұрып ,
Сөз суырып білімнің тереңінен :
- Ілім – ол нұр . Ал , Аллаһтың ондай нұры ,
Орнамайды күнəһардың жүрегіне .
Расында , Исламның бірінші бұйыратыны - ілім.Жəне ол ілім таза жүректерге
қонады . Əрі ілім болмаса ақыл азады . Ал , ақылсыз пенде дін қадірін
түсінбейді . Ал , дін қадірін түсінбеген адам діндемін десе де дінсіз ¸.Ал
, дінсіз адам - жаннаттан махрұм адам .
2.Күнəнің екінші зардабы адамның рызқысын кемітеді . “ Муснад „ атты
кітапта : “Расында құл жасаған күнəменен рызық-несібеден махрұм етіледі „ –
деген хадис бар . ( Имам Ахмад , ибн Мажалардан риуаят етілген . )
Сол сияқты тақуалық рызық несібенің кеңейуіне бір себеп . Ал тақуалықты
тастау пақырлыққа бастайтын жол . Расында күнəларды тастау менен адамның
рызық-несібесіне береке енеді . Құдіретті Аллаһ Құранда :
“ Кім Аллаһтан қорықса , (Аллаһ ) оған бір шығар жол пайда қылады . Жəне
оны ойламаған жерден рызықтандырады „ –деген . ( Талақ : 2,3 ) .
3. Күнə əсерінен болатын үшінші зардап ; күнə жасаушы пенде өзінің
жүрегінде Аллаһтан алшақтап бара жатқандықты сезінеді . Ақырында сол
алшақтық оны оқылған Құран мен айтылған азаннан лəззат алуынан , естіген
уағыз насихаттарынан əсерленуінен махрұм етеді .
4. Күнəнің тигізетін төртінші зардабы ; Күнəһар пенде Аллаһтың сүйген
салихалы пенделерінен алыстай бастайды . Осы күнəлар себебінен болған
алшақтық күшейген сайын , ізгілерден алыстауы да күшейе береді . Олармен
бас қосып отырудан жүрегі шаршап тұратын болады . Олардан алыс жүрудің
əрекетін іздестіре бастайды . Олармен бірге отырмау үшін , олармен бірге
болмау үшін түрлі себептер мен істерді сылтауратуды шығарады. Тіпті
Аллаһтың Өзі оның күнəлары себепті ондай пайдалы отырыстарда болуына тапиқ
бермеуі мүмкін . Соның салдарынан сондай салихалы отырыстардың берекетіне
жетуге лайықсыз болып , одан алар пайдалардан алыстап қалып жатады . Ол
Аллаһтын есімін жиі еске алатын ізгі кісілердің тобынан алыстаған сайын ,
шайтанның тобынан болған күнəһар қылмыскерлерге жақындай беретін болады .
5. Күнəнің бесінші келтіретін зияны істері қиындай бастайды . Бір істі
бітірейін деп қолына алса , сол істі ақырына жеткізе алмай кедергілерге тап
болады . Ал , кім Аллаһтан қорықса , Оның тиым еткен істерінен тиылып ,
парыз еткен істерін атқаруда ықтиятты болса , онда Аллаһ оның істерінің
шешілуін оңай етіп қояды . Аллаһ Құранда былай деген :
“ Кім Аллаһтан қорықса , оның ісіне оңайлық жасайды „.( Талақ:2,4 )
Сəлəф ғалымдарының бірі :
-Мен егер бір күнə жасап қойсам , сол күнəмнің əсерін əйелім мен мінетін
көлігімнін мінез-құлқынан кездестіремін –деген .
4
Ия , адам күнəсі себепті жанұясындағы жақсы да ,жайдарлы қарым-
қатынастардан ажырап , мінетін көлігінде де, істейтін тірлігінде де
көптеген сəтсіздіктерге жолыға беретін болады .Ал , ол нəрсе оның жүйкесін
жұқартып , құлшыныстарын азайтып қояды .
6. Күнəнің тағы бір зияны жүрекке қаранғылық орнатады .Күнəнің артуыменен
ол қаранғылық та арта береді . Нəтижесінде сол қаранғылық бетке шабады .
Сөйтіп түсінің игі көрінісін кетіреді . Көз жанарының нұры солады . Жақсы
мен жаманды , халал мен харамды ажыратудан қалады . Расында тағат-ғибадат
ол - нұр . Ал, күнə - қаранғылық , түнек . Пайғамбарымыздың ( Ол кісіге
Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) сахабаларының бірі Абдуллаһ ибн Аббас (
Аллаһ одан разы болсын ) былай деген :
Əрбір жақсылық іс адамның жүзіне жарқындық , жүрегіне нұр орнатады . Əрі
оның рызқысын кеңейтіп , денесінің қуатын арттырады . Жəне елдің жүрегінде
махаббат орнатады . Ал, күнəлі іс адамның жүзін түңертеді . Кеудедегі жүрек
пен ертең түсетін қабірге қаранғылық орнатады . Дененің қуатын əлсіретіп ,
рызқыны кемітеді . Əрі елдің жүрегіне жеккөрушілікті орнатады .
7. Күнəнің жетінші зардабы ; жүрек пен денені əлсіретеді . Жүректегі
əлсіреу белгілі нəрсе . Күнəлардан əлсірей бере жүрек ақырында өз
тіршілігін тоқтатады . Сол сияқты күнə əсерінен дене де əлсірейді . Расында
мұсылман адам денесіне қуатты жүрегінен алады . Мұсылманның жүрегі иманмен
қуаттанған сайын , денесінің қуаты да арта түседі . Ал , күнəһар адам болса
денесі қанша қуатты болса да , нағыз қысылтаяң шақтарда ең əлсіз адам сол .
Оның бойқуаты өзіне ең керекті шақтарында қапы қалдырып , қиянатқа
ұшыратады .Расында , тарихтың ақиқатты айтып тұрған ақ парақтарына назар
салып , ой көзіңді жүгіртіп көрші ! Кеше дүниені дүркіретіп тұрмыз деген
Парсы империяларының , Рим империяларының дене қуаттары мен əскери
дайындықтары қандай еді ? Бірақ сол дене қуаттары аздаған ғана
мұсылмандармен болған бетпе-бет соғыста оларды қапы қалдырған жоқ па еді ?
Мұсылмандар ол майданда аз болса да , жүрек қуаттарымен , сол жүрек
қуатымен қайраттанған дене қуаттарымен олардан үстем болған жоқ па еді ?
Бірақ қазіргі уақытта біздер мұсылманның əлсіздігін жиі көреміз . Оның
басты себебі олардың діни ұстанымдарының Құран мен сүннеттің көрсеткен
ұстанымдарынан алшақтауында . Егер олар Аллаһтың кітабы мен Оның
пайғамбарының ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)сүннетіне
қайта оралса , онда оларға келер жеңіс те , табыс та , жақсылық та қайта
оралатыны сөзсіз .
8. Күнəнің келтіретін сегізінші зардабы ; адамды тағат ғибадаттардан махрұм
етеді. Күнə артқан сайын оның қарсысындағы тағат-ғибадаттар кеми береді .
Пенде намаз оқығандағы , Құран оқығандағы лəззаттарынан ажырайды . Иманның
тəттілігін жоғалта бастайды .Намазда Раббысынан болған қорқыныштарды
жоғалтады . Жүрегі қатайып , көзінен жас тамбайтын болады . Ал, адам
күнəдан алыстаса бұл нəрселер керісінше болады . Кім тағат-ғибадатқа
беріліп , харам істерден тиыла бастаса , Аллаһ оны тəрк еткен нəрсесінен де
артықша нəрсеге жолықтырып , оны иман лəззаттарымен , ғибадат лəззаттарымен
бақытты етіп қояды . Пайғамбарымыздан( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен
сəлемі болсын) келген мынандай бір хадис бар Ол хадисте :
5
- Назар Ібілістің жай оқтарынан болған бір оқ . Кім Аллаһтан қорқып сол
назарды тастаса , Аллаһ оның орнына жүрегінде тəттілігін тапқан иманды
береді , - делінген .
Ия , кім көзін , назарын харам нəрсеге салса , онда ол Ібілістің уланған
оғыменен жарақаттанып , бақытсыздыққа ұшырайды . Ал, кім көзін , назарын
харам нəрседен тиса , Аллаһ оны иманмен қуаттап , туралыққа жетектейді .
Əрі ол пенде иманның лəззатын тауып , жүрегі бақытқа кеңеледі .
9. Күнəнің тоғызыншы кесапаты ; өмірді қысқартып , оның берекетін кетіреді
. Адамның өмірі оның тірі болғандығымен өлшенеді . Бірақ адамды тірі деп
айта алмаймыз , егер ол өзінің өмірін Аллаһқа деген махаббат , Аллаһтан
болған қорқыныш , Аллаһтан болған үмітпенен , Оның разылығы үшін ғана
жасалған тағат-ғибадаттарменен зейнеттемесе . Пайғамбарымыздың( Ол кісіге
Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) шарапатты хадистерінің бірінде :
- Раббысын еске алушы пенде мен Оны еске алмайтын пенденің мысалы , тірі
мен өлінің мысалындай , - делінген .( Бухари риуаят еткен ).
Яғни , кім Раббысын жүрегімен , тілімен , дене , мал ғибадаттарымен жиі
еске алып жүретін болса , онда ол тірі адам . Ал , Раббысын ұмытқан адам
өлген адаммен тең . Расында күнəлар адам өмірінің берекетін алып қояды .
Мысалға ілгергі өткен ғұламалардың өміріне назар салсаң бұл нəрсені анық
байқайсың .Олардың күнəдан сақтанғандықтары үшін Аллаһ олардың өміріне ,
уақыттарына , істеген амалдарына , сөйлеген сөздеріне , жазған кітаптарына
, Аллаһтың разылығы үшін жасаған барша əрекеттеріне берекет беріп қойған
.Олардың заманында қазіргідей алысты жақын ететін , қаранғыны жерді жарық
ететін , көп жұмысты аз ететін техникалық жетістіктер болған жоқ . Олар бір
аят пен бір хадисті үйрену үшін айлап сапар шегетін болған . Олар күннің
жарығымен білім жинап , айдың жарығымен кітап жазатын . Қазіргідей қаптап
жатқан қағаз , қалам да жоқ . Бір парақтың бетіне бір нəрсені жазу үшін ,
қаламын бірнеше рет сияға батырып отыратын . Сөйте тұрып олар əлі күнге
дейін құнын жоғалтпаған , талай адамдардың көзін ашып , көкірегін оятқан
том-том кітаптарды жазып қалдырған . Ал осы уақыттарда ол кітапты жазу емес
, оқып бітіруге уақытымыз жеткіліксіз болып жатады . Ия , күнəлардың
көбейуінің себебінен , техника қанша жетістікке жетсе де , көп адамдар өз
істеген істерінің де , уақыттарының да берекетін таба алмай жүр .
10.Күнəнің оныншы кесапаты ; жасаған күнə өзімен бірге келесі күнəны
ілестіріп ала жүреді . Бір күнə бірнеше күнəнің туындауына себепкер болуы
мүмкін .Саңылау тапқан судың ақырында сарқырап төгілетіні сияқты , күнə да
бір пенде біреуін халал етсе қалғандары соңынан қаптап келе қалады .
Ақырында күнə егесі ол күнəлардан құтылудың жолы мен , ажыраудың қамын таба
алмай қалады . Ілгергі салаф ғалымдары : - Күнəнің жазасы соңынан келетін
тағы бір күнə , ал жақсылықтың сыйы соңынан келетін тағы бір жақсылық ,
-деп қорытқан .
Яғни , жамандық өз соңынан жамандықтарды ілестіріп , пенденің бақытсыздығын
тездетеді . Сол сияқты жақсылық та өз соңынан жақсылықтарды ілестіріп ,
егесін ізгілікке жетектейді .Сол үшін пенде бір күнəлі іс жасап қойса ,
оның зардабына ұрынбау үшін тезірек тəубеге асығуы керек . Жəне сол
тəубесінен кейін ол күнəға қайта оралмау қажет . Расында шынайы тəубе
күнəларды кетіреді .
6
11. Күнəнің келтіретін он бірінші қасіреті ; кеудедегі жүректі ізгі
қалауынан қайтарады . Жүректің тақуалыққа деген , тəубеге деген
қалауларынан тосады . Олардың орнына күнəға деген қалаулар патшалық құра
бастайды . Жүректе сол күнəлардың патшалығы күшейе келе , одан тəубеге
деген қалауды ысырады . Ал, тəубеден ажыраған пендені күнəлар тікелей
тозаққа тарта жөнеледі .
12. Күнəнің он екінші қасіреті ; күнə күшейе келе адамның жүрегінен сол
күнəға деген жеккөрушілікті жояды . Соның салдарынан ол адам үшін харам
деген түсінігін жойып , əдеттегі істердің қатарынан болып қалады . Пенденің
ол күнəні жасаудан жаны ешбір түршікпейтін болады . Тіпті елдің көзінен де
, сөзінен де ұялуды қояды . Ақырында күнəнің құлына айналғандар үшін күнə
көңіл көтерудің құралы мен жалған лəззат табудың жолына айналады . Керек
десең сол жасаған күнəларымен мақтанудан да жандары рахаттанғандай болып
жатады . Сол күнəсін білмейтіндерге білдіруді дəреже тұтатын болады . Осы
нəрсе оларды тəубе жолынан тосады . Жасаған күнəларын өзгелерге жариялауға
жаны құмар болғандар туралы пайғамбарымыз былай деп айтқан :
- "Жариялаушылардан басқа барша үмбетім кешірімге бөленеді . Расында
жариалау – дегеніміз , бір кісі түнде бір ( күнəлі ) істі жасайды , кейін
таң атырады . Аллаһ оның ол күнəсін жасырып қойған еді . Ал оның болса "ей
пəленше мен өткен кеште анандай істі жасадым , мынандай істі жасадым " –
деп айтуы . Ол күнəсін Раббысы перделеген күйде түнді өткізген еді . Таңды
атырады да , Аллаһтың оған жапқан пердесін ашып тастайды". ( Бухари ,
Муслим риуаяттарында келген ).
Салаф ғалымдарынан бірі :
Күнəнің кіші, не үлкендігіне қарама , сол күнəні кімге жасап жатқаныңа қара
, - деген .
Ия , күнə жасаушы адам Раббысының алдында күнəһар болады . Жəне мəселе ол
пенденің кіші , үлкен күнə жасағанында емес , мəселе сол күнəнің салдарынан
Раббысының рахмет назарынан алыстап қалатынында . Ал , кім Аллаһтың рахмет
назарынан тыс қалса , кім оны жұбатып , жақсылыққа кеңелтіп , екі дүниеде
бақытты ете алар екен ? Оған ешкімнің де , ешбір нəрсенің де шамасы
келмейді ! Ондай нəрседен Аллаһтың Өзі сақтасын !
13. Күнəлардан келер он үшінші зардап ; пенде Раббысының назарынан тыс
қалып , ақыретте қорлыққа тап болады . Ол тұрғысында Хасан Басри былай –деп
айтқан :
- Олар Аллаһтың алдында құрметсіздікке ұшырады . Сол үшін оған күнə жасауда
. Егер олар Аллаһтың алдында құрметке ие болса еді , Аллаһ оларды ол
күнəлардан қорғап қояр еді .Егер пенде Аллаһтың алдында қор болса , оны
ешкім құрметтемейді . Құранда Аллаһ ол жайында былай деген :
Жəне кімді Аллаһ қор етсе,сонда оны ешбір құрметтеуші болмайды .
(Хаж :18).
Егер сен бір адамдардың күнəһар біреуді үлықтап , құрметтеп жатқанын көрсең
, онда біл ; олар оны оған деген мұқтаждықтары үшін құрметтейді . Немесе
оның келтіретін жамандықтарынан қорыққандары үшін құрметтейді .Бірақ
расында , ол пенде олардың жүрегінде ең қор да , құрметсіз адам .
7
14. Күнəнің он төртінші зияны ; пенде ол күнəні жасай бере менсінбей кіші
көріп қалады . Бұл оның жойылуға жақындағанының нышаны . Себебі күнə
пенденің көзінде кішірейген сайын, Аллаһтың қасында үлкейе береді .
Пайғамбарымыз( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) :
- Сендерге еленбейтін кіші күнəлардан сақ болу қажет. Расында еленбейтін
кіші күнəлардың мысалы бір сайдың бауырына түскен қауымның мысалы сияқты .
Олардың бірі қолына бір шыбық ұстап келеді , тағы бірісі бір шыбық ұстап
келеді . Нəтижесінде нандарын пісіріп алуға жеткен нəрсені ( отынды ) жинап
əкеледі .Егер кім күнəларды елемей бастаса , онда сол елемеушілік оны
күйреуге ұшыратады ,-деп айтқан .
Құрметті сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Масғуд былай дейді :
-Расында мұсылман адам күнəларын үстінен құлайын деп тұрған таудай көріп
қорқады . Ал , бұзақы адам болса күнəларын, қақса болды ұша кететін ,
мұрынның үстіндегі шыбындай көреді . ( Бухари , Муслим ,Тирмизилер риуаят
еткен ).
15.Күнəлардың он бесінші зардабы ; сол күнəһардың күнəсінің кесірі өзге
адамдар мен хайуандарға да тиеді . Белгілі тəпсірші ғалым Мужаһид былай
деген :
- Егер жерге тамшы тамбай қуаншылық орнаса , онда жан –жануарлар адамдардың
күнəһарларына лағнет айта бастайды . Бұл жұт адам баласының күнəсінің
кесапатынан , - дейді олар . Жəне Ғиқрима айтады :
- Жердегі барша тіршілік етуші жануарлар мен жəндіктер , құрт-қоңыздар мен
өрмекші-шаяндар ; адам баласының күнəсі үшін жаңбырсыз , сусыз қалдық -
дейді . Сөйтіп күнəһкар пенде өз күнəсінің зардабы жетпегендей , ешбір
күнəлары болмаған махлұқтардың да лағнет-қарғысын арқалап алады . Ал ,
Аллаһтың разылығы үшін амал жасаушы ғалымның жағдайы керісінше болады . Ол
үшін аспан-жердегі нəрселер Аллаһтан жарылқау -кешірім өтінеді . Тіпті
судағы балыққа дейін . Ал , күнəһар пенде маңайындағы адамдар мен жан
–жануарларға да кесірін тигізіп , олардың қарғыстарына ұшырап жатады .
Сондықтан пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын)
Аллаһтың азабына ұшырап толығымен қырғынға тап болған Самуд елінің жайынан
өткенде , сахабаларына ол жерден жыламай өтуден тиым салды . Олардың
құдықтарынан су алуға , су ішуге тиым етті . Тіпті сол жердін суымен иленіп
қойған қамырды пайдаланбай , түйелерге тастауды бұйырды .
16.Он алтыншыдан күнə адамды қорлыққа , құрметсіздікке душар етеді .
Өйткені ізет пен мəртебе тек Аллаһқа мойынсынудан ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz