Өткелдердің құрылысы, мазмұны мен оларды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары



1. Мұздағы өткелдер.
2. Мұздың қалыңдығы мен жүк көтеру шамасын анықтайтын әдіс
3. Тұщы сулы мұздың жүк көтерім кестесі
Мұздағы өткелдерді ұйымдастыру мен эксплуатациялау адамдардың, көліктердің қауіпсіздігін, алып өтіп бара жатқан жүктің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Өткелдер орны, ашылу және жабылу уақыты, өткелдегі қозғалыс, сонымен қатар жұмыс тәртібі қала, аудан әкімдерімен құрылған комиссия арқылы белгіленеді. Өткел ретінде белгіленген орындар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- Өткелдер ауданында және маңында кәсіпорындардан шыққан жылы суларды шығару орындары, сонымен бірге жыралар, ойықтар, мұзды оюға болатын аудандар, қауіпті сызаттар мен жарықтар болмауы керек.
- Өткелде ведомстволық құтқару күзеті ұйымдастырылуы тиіс.
- Өткелдерге кіре берісте анық көрініп тұратын өткелдің аты, жұмыс уақыты мен оның құрылысы мен мазмұнына жауап беретін жауапты тұлғаның аты-жөні жазылып ілінуі керек.
- Өткелге кіре берістер жақсы жарықтандырылуы тиіс, мұз жолдар трассасы бір жақты қозғалысты, бір-бірінен 40-50 м арақашықтықта жүруі және міндетті түрде жол белгілері орнатылған болуы тиіс. Жол шекарасы бір-бірінен осьі бойынша 3-5 м қашықтықтағы және 15-20 м қашықтықтағы қадалармен белгіленуі қажет. Қадаларда қызыл жалаушалар бекітіледі.
- Өткелге кіргенде суқойманың екі жағынан арнайы мұз жарылған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған қысқы құтқару құралдары: ілгекті бақандар, баспалдақтар, құтқару шеңберлері, «Александров» түйіндері, 5-6 м ұзындықтағы, 120-160 мм диаметрлі 7-8 бөрене, сонымен қатар мұздағы қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар мен парақтар, жақын маңдағы құтқару станциясыны, милицияның, жедел жәрдемнің номері жазылған көрсеткіштер қойылады.
- Көліктің қозғалыс тәртібі мен жүктерді, жолаушыларды тасымалдау нормасы өткел әкімшілігімен мұз жағдайын болжауды, гидрометеоқызметтің ұсынған мұзға түсірілетін максималды жүктемені есепке ала отырып белгіленеді
- Қозғалысқа қауіпті жерлерде қозғалыстың қауіпті екендігін ескертетін арнайы белгілер қойылады.
- Өткелдердің құрылыс мен ұйымдастырылуына жауапты ұйымдар күн сайын таңертең және кешкілік, жылыну байқалған кезде күндіз де мұзды өлшеуге және оның жүк көтерімділігін анықтауға міндетті.
- Мұзды өлшеуді трасс бойы және тереңдігі үлкен, ағысы жылдам жерлердежүргізу керек. Мұздың жібіп және бұзылысқа түспеуі үшін жолдың өтпелі бөлігін қоқыстардан, шөптерден, қар үйінділерінен тазартып, құм мен қиыршық тастар себу қажет.
- Мұздағы құтқару ережелері мен алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді жақсы білетін кезекші тағайындап, ведомстволық құтқару күзетінің қол астына жылытылатын орын, қысқы құтқару құралдарын, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын, байланыс құралдарын бөлуі керек.

Өткелдердің құрылысы, мазмұны мен оларды пайдаланудағы қауіпсіздік
шаралары
1. Мұздағы өткелдер.
Мұздағы өткелдерді ұйымдастыру мен эксплуатациялау адамдардың,
көліктердің қауіпсіздігін, алып өтіп бара жатқан жүктің сақталуын
қамтамасыз етуі қажет.
Өткелдер орны, ашылу және жабылу уақыты, өткелдегі қозғалыс, сонымен
қатар жұмыс тәртібі қала, аудан әкімдерімен құрылған комиссия арқылы
белгіленеді. Өткел ретінде белгіленген орындар келесі талаптарға жауап
беруі тиіс:
- Өткелдер ауданында және маңында кәсіпорындардан шыққан жылы
суларды шығару орындары, сонымен бірге жыралар, ойықтар, мұзды оюға болатын
аудандар, қауіпті сызаттар мен жарықтар болмауы керек.
- Өткелде ведомстволық құтқару күзеті ұйымдастырылуы тиіс.
- Өткелдерге кіре берісте анық көрініп тұратын өткелдің аты, жұмыс
уақыты мен оның құрылысы мен мазмұнына жауап беретін жауапты тұлғаның аты-
жөні жазылып ілінуі керек.
- Өткелге кіре берістер жақсы жарықтандырылуы тиіс, мұз жолдар
трассасы бір жақты қозғалысты, бір-бірінен 40-50 м арақашықтықта жүруі және
міндетті түрде жол белгілері орнатылған болуы тиіс. Жол шекарасы бір-
бірінен осьі бойынша 3-5 м қашықтықтағы және 15-20 м қашықтықтағы
қадалармен белгіленуі қажет. Қадаларда қызыл жалаушалар бекітіледі.
- Өткелге кіргенде суқойманың екі жағынан арнайы мұз жарылған
жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған қысқы құтқару құралдары: ілгекті
бақандар, баспалдақтар, құтқару шеңберлері, Александров түйіндері, 5-6 м
ұзындықтағы, 120-160 мм диаметрлі 7-8 бөрене, сонымен қатар мұздағы
қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар мен парақтар, жақын маңдағы
құтқару станциясыны, милицияның, жедел жәрдемнің номері жазылған
көрсеткіштер қойылады.
- Көліктің қозғалыс тәртібі мен жүктерді, жолаушыларды тасымалдау
нормасы өткел әкімшілігімен мұз жағдайын болжауды, гидрометеоқызметтің
ұсынған мұзға түсірілетін максималды жүктемені есепке ала отырып
белгіленеді
- Қозғалысқа қауіпті жерлерде қозғалыстың қауіпті екендігін
ескертетін арнайы белгілер қойылады.
- Өткелдердің құрылыс мен ұйымдастырылуына жауапты ұйымдар күн сайын
таңертең және кешкілік, жылыну байқалған кезде күндіз де мұзды өлшеуге және
оның жүк көтерімділігін анықтауға міндетті.
- Мұзды өлшеуді трасс бойы және тереңдігі үлкен, ағысы жылдам
жерлердежүргізу керек. Мұздың жібіп және бұзылысқа түспеуі үшін жолдың
өтпелі бөлігін қоқыстардан, шөптерден, қар үйінділерінен тазартып, құм мен
қиыршық тастар себу қажет.
- Мұздағы құтқару ережелері мен алғашқы медициналық жәрдем
көрсетуді жақсы білетін кезекші тағайындап, ведомстволық құтқару
күзетінің қол астына жылытылатын орын, қысқы құтқару құралдарын,
медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын, байланыс құралдарын бөлуі керек.
- Қоғамдық пайдаланылатын мал суаратын, мұз дайындайтын телімдер,
тайыз жерлерден бөлініп, өткелден қашықта болуы және ескерту парақтарымен,
қоршаумен шектелуі қажет.
- Өткелді ашу мұз қажетті, жүк көтерімді қамтамасыз ететін
қалыңдыққа жеткенде жүргізілуі керек. Мұздың жүк көтерімділігі кесте
бойынша жүргізіледі.
- Мұздағы қозғалыс кезінде доңғалақты және жылжымалы көліктер
машиналардың көбейіп кетуі кезінде, топтасқан жағдайда жіберілмейді.
Мұздағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 10 км-ден артпауы керек. Арақашықтық
50 метрден кем емес, кабиналардың есігі ашық болуы қажет.
- Көктемгі кезеңде немесе тым жылынып кетуде ауыр жүктерді суқойма
арқыл таңертең және түнде өткізген қауіпсіздеу. Мұздағы өткел еріген судың
мұзда пайда болуынан кейін 4-5 күннен соң байқалатын инелі құрылым ала
бастағанда тоқтатылуы керек.
Өткел кезекшiсiнде:
- құтқару күзетiнiң есеп жүргiзу журналы;
- мұз жайы және мұздағы жағдай туралы жазба журналы;
- өткел бойынша қозғалыс тәртiбiн бұзу жағдайларын тiркеу
журналы;
- мұздың жүк көтеру шамасын анықтайтын кесте;
- тақтайша мен мұз бұрғысы;
- өткелдi пайдалану тәртiбi;
- шағым және ұсыныс кiтабы;
- өткелдiң кiмге тиесiлiгi туралы және өткелдi жабдықтауға ондағы
адамдардың өмiрiн қорғауға жауапты адамның аты-жөнi бар бұйрық көшiрмесi;
- жақын маңдағы құтқару станциясының полицияның, жедел жәрдемнiң
телефондарының нөмiрлерi және мекен-жайлары болуға тиiстi.
- Мұз тоғанын арнайы белгiленбеген, тескерiлмеген тұстардан кесiп
өтуге;
- мұз дайындау жұмыстарын жүргiзуге, от жағуға, өткел учаскелерiнде
және оған жақын жерлерде балық аулауға арналған ойықтар оюға;
- су қоймасын тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге
рұқсат етпейтiн ескертпе қалқандары бар жерлерден кесiп өтуге;
- балық аулауға мұз ұстасатын және мұз қататын алғашқы кезеңдерде
жаяу адамдардың және көлiктердiң қозғалысына;
- мұз үстiнде адамдардың, малдың және техниканың көптеп
шоғырлануына;
- мұз өткелiнiң маңында және өмiрге қауiптi жерлерде, сол сияқты
мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болғанда сырғанақ тебуге, ойын алаңдарын
және шаңғы жарыстарын ұйымдастыруға;
- қоқыстарды, көң және басқа да қалдықтарды су қоймасының мұз
жамылғысына төгуге;
- құтқару құралдарын мақсатта қолдануға, ескертпе белгiлердiң
орнын ауыстырып немесе оларды алып тастауға қатаң тыйым салынады.
Мұздың қалыңдығы мен жүк көтеру шамасын анықтайтын әдіс

Көлденең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Автокөлік жолдарына жөндеуді ұйымдастыру туралы
Дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Аралық станцияны жобалау
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Шаруа қожалығының жер телімін аумақта орналастыру
Бетон және темірбетон өндірісі
«Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті
Пәндер