«Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті». Оқу құралы


АЛҒЫ СӨЗ
«Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті» пәні ҚР Білім және ғылым министрлігі 07. 08. 2004 ж. № 671 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей міндетті Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жоғарғы оқу орнында оқытылады. Бұл оқу құралы 050208 - археология және этнология мамандығы бойынша жоғарғы оқу оры тарих факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына арналған. Оқу құралы кредиттік оқу технологиясының бағдарламасына сай жасалып, онда студенттердің тарихи мәдени және дүниетанымдық ойлауын қалыптастыратын мәселелерге назар аударылды.
Дәрістер мен семинар сабақтары барысында қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің барлық бірдей мәселелерін, оның салаларын толықтай қамтып қарастыру мүмкін емес. Көптеген мәселелер, соның ішінде дәстүрлі мәдениеттің белгілері саналған киім кешектер, ыдыс аяқтар, жасау жиһаздар мен тоқыма және киіз бұйымдар және оларға қатысты наным сенімдер мен салт-дәстүрлер студенттерге өзіндік жұмыс ретінде беріліп отырады. Осындай өзіндік жұмыс кездерінде, сондай-ақ басқа да таңдаулы курс пәндерін, атап айтқанда «материалдық мәдениет және тұрмыс тарихы», «қазақтың сәндік қолданбалы өнері» сияқты пәндерді жүргізуде бұл оқу құралы оқытушылар мен студенттерге едәуір көмек береді. Автор Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орны жүйесіндегі реформалар мен жаңару үрдістерін және соған байланысты талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы оқытудың жаңа технологиясын бейнеледі. Сондықтан да бұл студенттердің осы пәнді меңгеруіне септігін тигізеді. Оқу құралында материалдық мәдениеттің кейбір белгілерінің ел арасында ұмытылып, оны бүгінгі және болашақ ұрпақты таныстыруда үлкен орын алатындығы айтылады.
ЖОО-ның тарих факультеттерінде «Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті» пәні міндетті компоненттер пәндер қатарында оқытылады. Пәнді оқу барысында қазіргі ұғымдық-категориялық аппаратпен таныса алады, қазақтардың мәдениеті мен тұрмысындағы мәселелер бойынша жан-жақты және логикалық-жүйелі бағыт-бағдар алады.
Оқу құралы кредиттік оқу технологиясына сай «Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті» жалпыға бірдей мемлекеттік білім стандарты негізінде жасалған. Жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес болғандықтан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары Секциясының сараптамасына ұсынылған.
Оқу құралына әдістемелік нұсқаулар, бақылау сұрақтары, студенттің өзіндік жұмыс тақырыптары және рефераттар тақырыптары енгізілді. Студенттердің білімін жеке тексеру барысында және өз бетімен дайындалу мақсатында тестік тапсырмалар берілді.
ҰЙЫМДАСТЫРУ - ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАЛАР
Пәнді оқыту мақсаты. Халқымыздың аса бай тарихи және мәдени мұрасы, оның ою-өрнегі, озат ісмерлігі, қолтума өнерінің қайталанбас туындылары, киім-кешегі ұлттық мақтанышымызды білдіретін туындылар. Олардың бастауы ежелгі сақ, ғұн үйсіндер дәуірінен бастау алып өміршең дәстүрге айналды. Сондықтан да «қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті», оның негізгі және маңызды элементтерін, олардың топтарын бүгінгі және болашақ ұрпаққа паш ететін іргелі пәндер қатарынан орын алатын Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі. Бұл пәнді оқу тарихшы, археолог және этнограф мамандар үшін іргелі пәндер қатарынан орын алады. Пәнді оқу барысында археолог-этнограф мамандар материалдық мәдениеттің негізгі белгілерін, атап айтқанда, ағаш ұқсату өнерін, оның нәтижесіндегі бірқатар өнер туындыларын (үй жиһаздарының түрлері, ыдыс-аяқтар түрлері, еңбек құралдарының түрлерін), сүйек және мүйіз ұқсату өнері мен оның басты-басты этнографиялық бұйымдарын, тері ұқсатудың қыр-сыры мен одан жасалған бұйымдарды (торсық, көнек, саба, мес, томаға т. б. ) жан-жақты оқып меңгереді. Сондай-ақ бұл пәнді оқу барысында қазақтың дәстүрлі киімдері, баспананың түрлері, оның жасау - жабдықтары, киіз және тоқыма бұйымдары және оларға қолданылатын ою-өрнектердің қыр-сыры мен символикалық мәні де қарастырылады. Қазақтың дәстүрлі тағамдар жүйесі де пәнді оқу барысында тыс қалмайды. Осы аталған материалдық мәдениеттің компоненттерінде, оларға қатысты атаулар мен наным-сенімдер жүйесі және кәделер де анықталып отырады. Себебі мамандар пәнді меңгеру барысында қандай да болмасын ұлттық болмысымызды білдіретін нақыштар мен ескерткіштерді кейінгі ұрпаққа таныстыруда белсенділік көрсете алады.
Пәнді оқыту міндеттері.
- материалдық мәдениет туралы ғылыми зерттеулермен танысу;
- ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарымен танысу, оның халық арасындағы орнын анықтау;
- сүйектен және мүйізден, теріден жасалған тұрмыстық бұйымдардың қыр-сырымен танысу;
- металл ұқсатудың негізгі түрлерін және оның негізгі белгілері болып табылатын ат әбзелдерінің бөліктерімен танысу;
- қазақтың зергерлік әшекей бұйымдары мен дәстүрлі киімдерінің құпия сырларымен танысу;
- жоғарыда аталған материалдық мәдениеттің негізгі жиынтықтарын музей қорларынан және ел арасынан көзбен көріп танысу.
Пәннен бұрын өтілген және шектес пәндер: Қазақстан тарихы, мәдениеттану, археология, қазақ халқының этнографиясы, әлем халықтарының этнографиясы, қазақ этногенезі және этникалық тарихы, этнология теориясы
Студенттің білімі: қазақ халқы этномәдениетінің өзара байланыстылығын және олардың жергілікті территориялық ерекшеліктерін меңгереді; қазақ материалдық мәдениеті дамуының эволюциясын және оның әлемдік өркениеттік деңгейдегі дамуын қызығушылықпен меңгереді; дәстүрлі материалдық мәдениеттің дамуындағы наным сенімдер жүйесінің синкретті байланысын айқындайды; қазақ этномәдениетіндегі, соның ішіндегі материалдық мәдениеттің элементтерін топтай алады.
Студенттің біліктілігі:
- қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетіне тән белгілерді салыстырмалы тарихи әдістер арқылы топтайды;
- қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетіне қатысты ғылыми зерттеулермен таныса алады;
- қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетіне тән наным сенімдердің құпия сырларымен таныса алады;
- қазақтың материалдық мәдениетіндегі мәселелер бойынша жан жақты логикалық жүйелі бағыт бағдар ала алады;
- қазіргі ұғымдық категориялық аппаратпен танысады.
Материалдық мәдениеттің тұжырымдамасы
Материалдық мәдениет қай халықтың болмасын саналы өмір болмысы. Қазақтардың дәстүрлі материалдық мәдениеті көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктерді сақтап, халқымыздың қайталанбас болмыс-бітімін, ой-дүниетанымын білдіреді. Материалдық мәдениеттің дамуында, халқымыздың бай тарихи дәстүрі мен жергілікті салт-дәстүрі, эстетикалық талғамы мен әсемдік ерекшеліктері бой көрсетеді. Материалдық мәдениеттің қалыптасуы қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық жай-күйімен де байланысты.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда қазақ жеріндегі тұрақ жайлардың пайда болу тарихы қола және темір дәуірінің кезеңіндегі өмір сүрген ру тайпалардан бері белгілі.
Қазақстан территориясындағы ежелгі тайпалардың киім кешектері мен зергерлік әшекей бұйымдарындағы элементтер де бүгінгі күнде өз үйлесімін табуда
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өте бай мәдениет және өнер туындылары көшпелі өмір салтына сай қалыптасты. Материалдық мәдениет қай халықтың болмасын саналы өмір болмысының мәйегі, сан ғасырлық нәтижесі. Көшпелі өркениеттің өркен жайғанын білдіретін бірден-бір құбылыс. Қазақтардың материалдық мәдениеті көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктерді сақтап қалды. Осы орайда қазақ халқының материалдық мәдениеті де халқымыздың қайталанбас болмыс-бітімін, ой-дүниетанымын білдіреді. Материалдық мәдениеттің дамуында, халқымыздың бай тарихи дәстүрі мен жергілікті салт-дәстүрі, эстетикалық талғамы мен әсемдік ерекшеліктері бой көрсетеді. Қазақтардың материалдық мәдениетінің қалыптасуы қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық жай-күйімен де байланысты.
Халқымыздың аса бай тарихи және мәдени мұрасы, оның ою-өрнегі, озат ісмерлігі, қолтума өнерінің қайталанбас туындылары, киім-кешегі ұлттық мақтанышымызды білдіретін туындылар. Олардың бастауы ежелгі сақ, ғұн үйсіндер дәуірінен бастау алып өміршең дәстүрге айналды. Сондықтан да «материалдық мәдениет және тұрмыс тарихы», оның негізгі және маңызды элементтерін, олардың топтарын бүгінгі және болашақ ұрпаққа паш ететін іргелі пәндер қатарынан орын алатын Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі. Бұл пәнді оқу тарихшы, археолог және этнограф мамандар үшін іргелі пәндер қатарынан орын алады. Пәнді оқу барысында археолог-этнограф мамандар материалдық мәдениеттің негізгі белгілерін, атап айтқанда, ағаш ұқсату өнерін, оның нәтижесіндегі бірқатар өнер туындыларын (үй жиһаздарының түрлері, ыдыс-аяқтар түрлері, еңбек құралдарының түрлерін), сүйек және мүйіз ұқсату өнері мен оның басты-басты этнографиялық бұйымдарын, тері ұқсатудың қыр-сыры мен одан жасалған бұйымдарды (торсық, көнек, саба, мес, томаға т. б. ) жан-жақты оқып меңгереді. Сондай-ақ бұл пәнді оқу барысында қазақтың дәстүрлі киімдері, баспананың түрлері, оның жасау - жабдықтары, киіз және тоқыма бұйымдары және оларға қолданылатын ою-өрнектердің қыр-сыры мен символикалық мәні де қарастырылады. Қазақтың дәстүрлі тағамдар жүйесі де пәнді оқу барысында тыс қалмайды. Осы аталған материалдық мәдениеттің компоненттерінде, оларға қатысты атаулар мен наным-сенімдер жүйесі және кәделер де анықталып отырады. Себебі мамандар пәнді меңгеру барысында қандай да болмасын ұлттық болмысымызды білдіретін нақыштар мен ескерткіштерді кейінгі ұрпаққа таныстыруда белсенділік көрсете алады.
Қазақ даласын аралаған жиһанкездер мен саяхатшылардың, әскерилер мен шығыстанушы зерттеушілердің жазбалары мен еңбектерінде ағаштан жасалған бұйымдар мен олардың жасалу жолдары туралы құнды мәліметтерді кездестіреміз. Ол туралы алғаш Геродот жазбасында (б. з. д. Ү ғ. ) белгілі болды. Ол «Тұрғындар ағаштың астында өмір сүреді. Қыс кезінде ағаш үй ақ киізбен қымталып жабылып, жаз кезінде төбесі ашық қалдырылады», - деп қалдырды өз мәліметін.
Ағаш ұқсату өнерінідегі ең басты баспананың бірі - киіз үй, сондай-ақ күйме сияқты түрлерді орта ғасырлық саяхатшылар: Ахмед ибн Фадлан, әл-Якуби, Гильом де Рубрук, ибн Батута, ибн Рузбихан т. б. авторлар зерттеуінен де байқаймыз. Жалпы материалдық мәдениет түрлерін зерттеу ісі әлем ғалымдарын ерте кезден-ақ қызықтырған.
Зерттеушілердің ұзақ уақыт бойы жүргізетін жұмыстары белгілі бір қолөнер түрлерін, олардың ерекшеліктерін, жергілікті халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрін, ақыл-ой парасатының деңгейін де ашып көрсеткен. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің даму тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңдердегі ежелгі және орта ғасырлық көшпелі және жартылай көшпелілердің сан қырлы мәдениетін түсінуде ееркше. Ол халқымыздың шаруашылық-мәдени, эстетикалық, тарихи талғамында көрінс табады.
ХҮІ ғ. ортасында Ф. Ибн Рузбихан «Бұл елдің кейбір ағаштары өте қатты болады, олардан үлкен шеберлікпен күркесі бар төрт доңғалақты мықты арбалар жасайды», - десе, неміс саяхатшысы Адам Олеарий өз еңбегінде ХҮІІ ғ. қазақтарда күйме арба болғандығын айтады.
ХҮІІІ ғ. бірқатар еңбектерде: П. И. Рычков, П. С. Паллас, И. Г. Георги т. б. қазақтардың мәдениет мен тұрмыс-тіршілігін, қолөнері туралы құнды мәліметтер қалдырды. Ал И. Г. Андреев ХҮІІІ ғ. екінші жартысында қазақ ауылында болып, олардың қолөнері, салт-дәстүрі, наным-сенімі туралы, ең бастысы ағаштан киіз үйдің сүйектерін, ер тоқым және ыдыс-аяқтардың жасалатындығын жазып қалдырды. ХІХ ғ. А. И. Левшин, И. Соловцов, Р. Карутц т. б. еңбектерінде де материалдық мәдениетке қатысты бұйымдар сөз болады.
Қазақтар арсында ХІХ ғ. екінші жартысында алдыңғы қатарлы зиялылар аталған Ш. Уәлиханов және оның ағасы Мақы Уәлихановтың ағаш бұйымдарды қайта жасауы, сондай-ақ Мұса Шормановтың жазбалары, онан кейінгі кезеңдегі Ә. Бөкейхановтың да осы кәсіпке жақындау болғанын да айту керек. Қазақ киіз үйінің зерттелуі ашық тақырып ретінде және материалдық мәдениеттің ірі бір бастауы ретінде Ш. Уәлиханов жазбаларынан да байқаймыз.
1960 жылдардан бастап әлем халықтары арсында өзінің өткен тарихын, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін, материалдық мәдениетіне жаңғырту үрдісіне бет бұру байқалды. Мұндай шаралар қазақ халқының ежелгі мәдениеті, дүниетанымы, материалдық мәдениеті қандай дәрежеде екендігін зерттеуде де бірқатар этнографтар болды. Олардың қатарында Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, олардан бұрынырақ зерттеу жұмысын тікелей археологиялық және этнографиялық сипатта жүргізген академик Ә. Марғұлан, сондай-ақ 70 - 80 жылдары қазақтың тұрмыс тіршілігінің жай-күйін этнографяилық тұрғыда сипаттаған қоғам қайраткері, әрі этнограф мәдениеттанушы ғалым Ө. Жәнібеков сынды тұлғалар болды. Бұл атақты ғалымдардың дәстүрлі мәдениеттің жан-жақтылығы жөніндегі еңбектері ең шоқтығы биік еңбектер қатарынан саналады. Бұл еңбектерде киіз үй заттық мәдениет тұрғысынан қарастырылған. Мәселен, А. Х. Марғұланның «Казахская юрта и ее убранство» деп аталатын еңбегінде киіз үйдің сүйегінің барлық атаулары мен оның жасау-жабдығына түгелдей тоқталған (Алма-Ата, 1964) . Бұлардан басқа 90 жылдары «казахское народное прикладное искусство» деп аталтын 3 томдық иллюстрациялы еңбегінде ең алғаш киіз үйден бастап, бүкіл қазақ болмысының материалдық мәдениетін білдіретін белгілер түгелдей қамтылды. М. Мұқановтың 1981 жылы шыққан «Казахская юрта» деп аталатын еңбегінде Киіз үйдің қаңқасы, оның атаулары, құрылуы, барлық жасау жабдығы, оның ішкі интерьері, сондай ақ ішкі интерьеріндегі киіз, тоқыма, кестелеу өнерінің туындылары мен ағаш және теріден жасалған бұйымдардың бәріне жан-жақты тоқатылып, бүгінде киіз үйдің сувенир ретінде де үлкен сұранысқа ие болып отырғандығын, сонымен бірге киіз үйдің бастауын, яғни шығу тегін де жан жақты сөз өткен. Ең бастысы зерттеу еңбегінің соңында киіз үйдің қаңқасы мен жасау-жабдығына қатысты анықтамалық сөздіктерге түсініктеме беріп кеткен өте құнды еңбек.
Материалдық мәдениет түрлерінің қалыптасуы, олардың тарихи дамуы туралы тарихи және палеоэтнологиялық тұрғыда жазылған еңбектер де оқулық мазмұнын аша түседі. Олардың қатарында Ә. Хасеновтің және С. Жолдасбаевтың еңбектерін атауға болады.
Ал Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» деп талатын еңбегінде киіз үйдің сүйегі, оның жасау жабдығы мен түрлеріне тоқтала отырып, ағаш ұқсату, темір, тері ұқсату мен сүйек және мүйіз ұқсатудың қыр сыры мен технологиясына, сондай ақ олардан өңделген қолөнер бұйымдарының әрқайсысына тоқталып өткен.
Ө. Жәнібековтің киіз үй мен жалпы тұрғын үйлерге қатысты, сонымен бірге олардың ішкі жасау-жабдықтарына тоқталып өткен көлемді еңбектері тарихшы этнографтар және мәдениеттанушылар үшін бірден бір құнды еңбек. Ол «Жолайрықта», «Уақыт керуені» деп аталтын еңбектер.
90-жылдары шыға бастаған еңбектерден де киіз үйге қатысты жасау-жабдықтар мен наным сенімдерді, сондай-ақ символикалық теңеулерді аңғартатын еңбектер де баршылық. Бұл еңбек киіз үйді рухани мәдениет тұрғысынан қарастырған десек артық айтпағандық болар еді. Оның қатарында Н. Ж. Шаханованың «Мир традиционной культуры казахов», сондай ақ соңғы жылдары қазақтың ағаш ою өнерінің бастауы, оның типологиясы туралы жан-жақты ғылыми еңбектер де қорғалды. Оның қатарында С. Бикеновтің «Қазақтың ағаш ою өнері» деп аталатын кандидаттық диссертациясын атауға болады.
Материалдық мәдениет түрлеріне қатысты наным сенімдер үшін, соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Ұлтық Ғылым Академиясының Тарих және этнология институтының этнология бөлімінің қажырлы зерттеу еңбектері пайдаланылды. Олардың қатарында «Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт - дәстүрлер: өткендегісі және бүгіні» (Алматы, 2001) және «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: біртұтастығы және ерекшелігі» (Алматы, 2005) деп аталатын еңбектердегі жекеленген ғылыми мақалалар тақырып ауқымына арқау болды. Мәселен, бұл еңбектердегі әрбір өңірдің салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктері мысалға алынып салыстырулар негізіне қарастырылды.
Бұл оқу құралы осы уақытқа дейін шыққан арнайы деректер мен арнаулы ғылыми зерттеулер негізінде жүйеге келтіріліп жазылды.
Бақылау сұрақтары:
- Материалдық мәдениет түрлеріне қатысты наным сенімдер туралы мәліметтерді қандай еңбектерден байқаймыз?
- ХҮІІІ-ХІХ ғғ. материалдық мәдениетке қатысты жазылған еңбектерге сипаттама беріңіз?
- ХХ ғ. басында қолөнер бұйымдарын жинаумен және жасаумен айналысқан қандай қазақ зиялыларын білесіз?
- Әйелдер қолөнеріне не жатады?
- Ерлер қолөнеріне не жатады?
Студенттің өзіндік жұмыс тақырыптары:
- Қазақ этномәдениетіндегі материалдық мәдениет түсінігі
- Материалдық мәдениеттің ғылыми зерттелуі
- Материалдық мәдениеттің зерттеу әдістері
- Қолөнер бұйымдарының топталуы
І - ТАРАУ
ҚАЗАҚТЫҢ БАСПАНА ТҮРЛЕРІ
Тұрақты баспана түрлері. Халқымыздың өмірінде елді мекендердің ішінде қыстаулардың алатын орны ерекше. Қазақтар ондай қыстауларда тұрақ жайлар салып, қыс айларында өмір сүрген.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда қазақ жеріндегі тұрақ жайлардың пайда болу тарихы қола және темір дәуірінің кезеңіндегі өмір сүрген ру тайпалардан бері белгілі екендігін С. Жолдасбаев ғылыми зерттеулер барысында атап өткен. Әдетте, тұрақты жайлардың салынуы адамның өмір сүруіне де, мал жайылуға да, шаруаны жүргізуге де жағрафиялық жағынан тиімді болды.
Қазақ даласында тұрғын үй салуда құрылысшылар деп танылған қарапайым адамдардың өз талғам таразысы болған. Олар климаттық - географиялық жер ыңғайына қарай тұрғын үй салуды меңгерді. Олардың негізгі құрылыс материалдары - ағаш бұтақтары, қабығы, аң сүйектері, тері-терсек пен шөп-шалам сияқты материалдар болды.
Қазақ даласындағы тұрақты мекен жайлар мен көшпелі баспана түрлерін жан-жақты, әрі аймақтық ерекшеліктерінің қыр-сырын ашып көрсеткен көрнекті этнограф ғалым Ө. Жәнібеков болды. Сондай-ақ Жетісу өңіріндегі тұрақты мекен жайлар туралы тарихи және палеоэтнологиялық тұрғыда ғылыми сипаттама жазған ірі көлемді еңбек С. Жолдасбаевтың зерттеуі болды. Ғалымдардың зерттеуінше біздерге белгілі болған осы баспана түрлерінің бірқатарына тоқталып өтейік:
Қос немесе жеркепе . Жерге қадалған сырықтардың басын қосып буып, қаңқасы сүйір болып келетін, сырты ағаштың қабығымен, аң терілерімен жабылған құрылыс түрі қос делінді. Ал енді бірі жерді шұқырлап қазып, ортасына төбедегі түтін шығатын тесіктің ернеуін шабақтауға орайластыра әр жерден қойылатын, бір-бірімен байластырылған тіреуіш ашаларға ағаш бұтақтарын тастап, үстін шөп-шаламмен жабылған, кіріп-шығатын ойығы бар құрылыс кепе болды. Бұл баспана түрлері аңшылардың қалыптастырған баспаналары. Ал кейіннен пайда болған жеркепе түрі - жерді шаршылап қазып, алынған топырақтың есебінен биіктей түсетін қабырғасының қақ ортасына кесе көлденең белағаш қойылып, екі жағына қарама-қарсы ағаш кеспектер тастап, үстіне топырақ салып, лаймен сылайтын, түтін шығатын ойығы, кіріп-шығатын есігі болған. Оңтүстік Қазақстан, Амударияның төменгі ағысында, Қарақалпақ халқында да үйдің мұндай түрін жер төле деп атаса, өзбек халқының құрамына енген қыпшақтарда жерүйлерді «жер дула» деп атаған. Жер төлелер ХҮІ ғ. белгілі.
Жертөле - жерді шаршылап қазып, топырағын босатқаннан кейін, үстіне су құйып, қидаланған малдың қылымен, қой жүнімен, сабанмен иін қандыра араластырып, балшық илеп, қазылған шаршының жиегіне бірінің үстіне бірін қатар қатар етіп жұмбаздап ұрып, құрылысты биіктетеді. Дайындалған материал біткен соң, шұңқырды төмен қарай тағы да үңгіп, қопсыған топырақтан балшық илеп, жұмбаздау әдісімен қабырғаны онан әрі көтереді. Күн түсетін жақтан жалғыз терезе, есік шығарады. Төмендетілген жердің тереңдігі мен тұрғызылған қабырғаның биіктігі теңелген кезде, іші-сыртын лаймен сылап, төбесін мығым етіп қамыспен, шөппен жабады да, лаймен сылап тастайды.
Өлшек - жертөле үлгісінде салынған уақытша баспананың түрі. Мұны Сыр бойы диқандары жаз айларында егістік басына тұрғызған. Мұның іші-сырты сыланбаған, итарқасы ағаш бұтақтармен, жыңғылмен, көк жантақпен жабылатын да жел ұшырып кетпес үшін үстіне әр жерден қам кесек және кеуіп үлгірмеген батпақ тоңғағы тасталатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz