Банктік несие мәні және экономикалық ролі
Кіріспе . 3 .
1. Банктік несие түсінігі және оның теориясы. . 5 .
1.1. Банктік несие мәні және экономикалық ролі. . 5 .
1.2. Банктік несиенің функциялары мен түрлері, принциптері. . 8 .
1.3 Банктік несиенің жіктелуі. . 13 .
2. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына банктік несиенің объективті қажеттілігі. . 19 .
2.1. Банктік несиенің экономикаға тигізген ықпалы. . 19 .
2.2. Банктік несиелеудің өзекті мәселелері мен даму перспективалары. . 21 .
Қорытынды. . 24 .
Пайдаланған әдебиеттер . 26 .

Абстракцияның бұдан жоғары сатысында несие несиелік қатынастарға айналады. Осы қатынастар қарыз қорының қозғалысы туралы кредитор мен кредит алушылар арасының пайдаболып қалыптасады. Бұл қатынастар, айталық венчур капиталына дем беріп, дамуға импульс бере алады немесе олар экономика дамуының кедергісіне айналуына мүмкін.
Микроэкономика және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әр түрлі салалар және кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Несие берудің негізгі принциптері – белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы – несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құралы болып қызмет атқаруына жол ашады.
Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиенің классикалық формаларына коммерциялық және банктік несие жатады.
Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында бантер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.
Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мезімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік несие – бұдан қарыз алушы мемлекет, ал кредитор көбінесе халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз (заем), мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Нарықтың қалыптасу кезеңінде, тұрмыстық жағдайлар үшін берілетін тұтынушылық несие және мемлекеттер арасындағы байланыстарға қызмет ететін халықаралық несие қалыптаса бастайды.
Лизинг – несиенің ақшалай емес формасы. Бұдан машиналар жабдықтар және басқа материалдық құралдар жалға беріледі, ал кейін осылардың құны бірте-бірте төленіп болғаннан соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік құқы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны пайдаланады.
Несиелік механизмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі туралы мәселе несиенің теориясы мен практикасының дамуында басты рөл атқарады. Несиелік механизмді нестелік қатынастарды ұйымдастырудың формасын деп және пайдалану тәсілі деп қарастырған жөн. Несиелік механизм – қарыз қорына меншікті жүзеге асырудың экономикалық механизмі болып табылады. Несиелік қатынастар несие саясатының негізін құрайды.

1. Сейтқанов Г.С., Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
2. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы 2001
3. Мақышеев С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004
4. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, Алмыты, 2000
5. Әубакіров Я, Нәрібаев Н., Есқалиев М. экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, 1998
6. Әубакіров Я.Ә. байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., ТабеевТ.П. Экономикалық теория. «Қазақ униврситеті». Алматы, 1998
7. Ахмедьярова М.В. Амирова А.У. Экономикалық теория. (экономикалық мамандарға арналған тірек конспектілері). Қазақстан-Британ техникалық университеті баспасы. Алматы 2003.

ЖОСПАР
Кіріспе - 3 -
1. Банктік несие түсінігі және оның теориясы. - 5 -
1.1. Банктік несие мәні және экономикалық ролі. - 5 -
1.2. Банктік несиенің функциялары мен түрлері, принциптері. - 8 -
1.3 Банктік несиенің жіктелуі. - 13 -
2. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына банктік несиенің
объективті қажеттілігі. - 19 -
2.1. Банктік несиенің экономикаға тигізген ықпалы. - 19 -
2.2. Банктік несиелеудің өзекті мәселелері мен даму перспективалары. -
21 -
Қорытынды. - 24 -
Пайдаланған әдебиеттер - 26 -
Кіріспе
Абстракцияның бұдан жоғары сатысында несие несиелік қатынастарға
айналады. Осы қатынастар қарыз қорының қозғалысы туралы кредитор мен кредит
алушылар арасының пайдаболып қалыптасады. Бұл қатынастар, айталық венчур
капиталына дем беріп, дамуға импульс бере алады немесе олар экономика
дамуының кедергісіне айналуына мүмкін.
Микроэкономика және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнатуда несие
маңызды қызметтер атқарады. Несиенің көмегімен әр түрлі салалар және
кәсіпорындар арасында капиталдың қайта бөлінуі жүріп отырады. Несие берудің
негізгі принциптері – белгілі мерзімге берілуі және оның қайтарылуы –
несиенің нарық механизмінің тәртіп сақтаушы тиімді құралы болып қызмет
атқаруына жол ашады.
Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиенің
классикалық формаларына коммерциялық және банктік несие жатады.
Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз
формасында бантер береді. Кредитор қызметін банк атқарады.
Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және
одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мезімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік несие – бұдан қарыз алушы мемлекет, ал кредитор көбінесе
халық болады. Осы несие мемлекеттік қарыз (заем), мақсатты процентсіз
қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.
Нарықтың қалыптасу кезеңінде, тұрмыстық жағдайлар үшін берілетін
тұтынушылық несие және мемлекеттер арасындағы байланыстарға қызмет ететін
халықаралық несие қалыптаса бастайды.
Лизинг – несиенің ақшалай емес формасы. Бұдан машиналар жабдықтар және
басқа материалдық құралдар жалға беріледі, ал кейін осылардың құны бірте-
бірте төленіп болғаннан соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады.
Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке
меншік құқы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық
өтелгенше оны пайдаланады.
Несиелік механизмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі туралы мәселе
несиенің теориясы мен практикасының дамуында басты рөл атқарады. Несиелік
механизмді нестелік қатынастарды ұйымдастырудың формасын деп және пайдалану
тәсілі деп қарастырған жөн. Несиелік механизм – қарыз қорына меншікті
жүзеге асырудың экономикалық механизмі болып табылады. Несиелік қатынастар
несие саясатының негізін құрайды.
Өтпелі экономиканың несие механизмі дамыған нарықтық несиелік
қатынастарға парапар келмейді. Бүгін нарықтық қатынастарға бағыттылған,
бірақ әкімшілік басқарудың элементтерінен толық құтылмаған несиелік
механизмінің тек өтпелі нысандары жөнінде әңгіме құруға болады.
Өркениетті елдердің несиелік механизмімен салыстырғанда, біздің елдегі
несиелік механизмнің ерекшеліктері қандай?
Несиенің даму диалектикасы бүкіл әлемділік әлемдік шаруашылықтың
несиелік механизмінің қалыптасуына жеткізеді. Бұны барлық елдердің несиелік
механизмдерінің тек жабайы жиынтығы деуге болмайды. Бұл әр елдің несиелік
механизмдерінің күрделі, көп-жақты, интеграциялық, өзара тәуелділік,
байланыс процесі болып табылады. Осының нәтижесінде тұтас әлемдік несиелік
болмыс және ерекше әлемдік нарық – халықаралық қарыз капиталының нарығы
пайда болады.
1. Банктік несие түсінігі және оның теориясы.
1.1. Банктік несие мәні және экономикалық ролі.
Ұдайы өндіріс фазаларының өзара әсері тауар ақша қатынастарының, құнның
тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылығы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы- алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің
субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан
несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға
болмайды. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім
әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес
қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс
сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада
несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы
қатынастар болып табылады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады қарпыз мәмілесі және алу-сату мәмілесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауар айналысының процесіне себепші бола алады. Қарыз
мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу – сату мәмілесіне
қарсы қатып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі
айырмашылық мынада: сатып алу – сату кезінде эквиваленттің қайтарылуы
кейінге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның
дамуы болып табылады. Ал, эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн
қозғалысының сатып алу - сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс
формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесі сатып алу - сату мәмілесінің бір
турі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контурагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу – сату мәмілесі олардың арасындағы кездейсоқ, өткінші байланысты жузеге
асырады.
Несиені экономикалқ категория ретінде қарыз мәселесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәселесі несие экономикалық категория ретінде өз бетінше сипатталмайды, оны
мәлім негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асыру
формасы мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Несие шаруашылық жүйелердің ауысуына жағдай жасап отырып өзі де ауысып
отырады, өз мазмұнын өзгертеді.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруыға болады:
біріншіден, оның техникалық зандылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және
себепші Бірақ экономикалық талдау үшін маныздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайда былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза
техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады, сонымен қатар сол
машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік
байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға
себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда, біз
машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал екінші жағдайда-
экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория.
Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория
екекнін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында
пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар.
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар
шаруашылығы болып табылады.
Қолдан-қолға таурлардын қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер
айырбасы несие жайындағы қатынастын пайда болуына негіз болып табылады.
Ақша қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де
себептері болып табылады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шар, субъектілеродің
өндірістік капиталы ақшалай, өндірістік және тауарлық формаларда болады.
Несиенің мәнін ашу-бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы
негізінде журеді.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы.
Қарыз беру үшін кредитордың қармағында белгілі бір қаражаттар болуы керек.
Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдық негізінде
ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола
алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор- банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шарттарында сақталуы
таратылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды
орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырларынуы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық крдиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытшы пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасаялады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Кредитор ретінде басқаша шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге
ресурс беруші тұлға болады. Қарыз алушы несиені белгіленгін мерзімде
қайтармаған жағдайда несиелік.
Келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң
қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың ,несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы бір-
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес Борыш-міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәмілеге
төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін
қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша ретінде болады;
өзіне тиісті емес бөтен біреудін ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден,
қарыз алушы қарызға алынған қаражаттардыайналыс сферасында да, өндіріс
сферасында да пайдаланылады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитор мен жеткілікті
түрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс
процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытшы пайдалануға
алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейді.
Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға
тәуелді болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары
мен мдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде
кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз
алушыға, қарызалушы кредиторға айналады.
1.2. Банктік несиенің функциялары мен түрлері, принциптері.
Кәсіпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру, несие жүйесінің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмі қызмет
етуінің үздіксіздігі мен тиімділігінен тек жеке шаруашылық бірліктерінен
қаражаттарды дер кезінде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен
мемлекеттің экономикалық даму типтері де тәуелді болады.
Ең алдымен, өнім өткізумен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз
етуде несиенің ролі зор.
Кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да шаруа жүргізуші субъектілердің
несиеге деген қажеттілігің өнім өткізуден тускен қаражаттардың түсу
уақытының материалдық құндықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет
көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес
келмегендігінен туады. Бұл шығындарсыз өндіріс тоқтап қалуы мүмкін.
Мұндай қаражаттың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы қарама
–қайшылық несие көмегімен шешіледі, яғни несие арқылы өнім өткізу мен
өндіріс процесінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Қаражаттарды уақытша қажеттілік маусымдық өндіріс пен, өнімнің жеке
түрлерін тұтынумен байланысты пайда болуы мүмкін. Өндірістік шығындарында
маусымдық үзіліс өндірістің маусымдық кеңеюі кезінде өтелетін несиемен
жабылады. Өндірістің кеңеюінде несие үлкен роль ойнайды. Несие негізгі
қорларды сатып алуүшін (қаражат көзі ретінде),жетілген жаңа жабдықтарды
сатып алу үшін, өндіріске жаңа технологияны еңгізу үшін, тағы да басқалары
үшін қаражат көзі ретінде көрініс табады.
Белгілі бір бағытта несиені қолдану бюджеттік қаржыландыру мен
салыстырғанда біраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшін қаражаттарда
қажеттілікті анықтау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер барынша көп
қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиімсіз жұмсауға ұмтылады, себебі
оларды қайтаруды ешкім талап етпейді. Ал, несиені пайдаланғанда ұмтылыс
болмайды, өйткені қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарыландықтан.
Ақша айналымы сферасында несие маңызды роль атқарады. Қолма-қол ақшаны
несиелік операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие
айналымдағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерін тигізді.
Нарық қатынасы қалыптасуының қазіргі жағдайда несиелік қатынастар
сферасы, кеңеюінде және несие салымдары көлемі ұлғайып жатыр, осылай
экономикалық дамуында несиенің ролі жоғарлайды.
Қазіргі кезде бюджеттік қаржыландыру көлемі қысқарып азаяды.
Мемлекеттің (бюджеттің), кәсіпорынның фирмалар мен басқа да шаруашылық
субъектілерінің, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндірісті ұйымдастыру мен
кеңейтуге және т.б. инвестициялау, банк несиелері арқылы жүзеге асырылып
жатыр.
Нарықтық экономиканың дамуымен несиелік қатынастарды кеңейту үшін
басқада мүмкіндіктер пайда болады.Көбінесе коммерциялық және ипотекалық
несиелер,вексельдер.Сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қағаздарды
кепілге беру арқылы несие берілетін болады
Инфляция кезіндеде несие ролі зор болады. Себебі несиелеу арқылы
айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкіндік туады және ақша бірлігі сатып
алу мүмкіндігін тұрақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар несиелік қатынастардың кеңеюіне несиелеудің жаңа
әдістерін, мысалы проектті қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерін тигізеді.
Осының бәрі экономиканы басқарудың нарықтық әдістері кезінде несиенің
қажеттілігі күшейеді, оның ролі жоғарлайды және өндірістің кеңеюіне
әкеледі.
Несиенің мәні нақты функцияларда көрінеді. Қазіргі экономикалық
әдебиеттерде несиенің 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта болу мен
нақты ақшаны несиелік операцияламен
алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындығы несиелік
қатынастар құн айырбасы процесінде уақытша босаған қаражатты борышқорға
берумен, сосын осы құн бастапқы иесіне қайтарылу жолымен қайта бөлу
стадиясында пайда болды.
Шаруашылық субъектілері мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын
басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесін білдіреді. Бұл
процесс несие арқылы жүзеге асырылады. Оған осы қайта бөлу функциасы
жатады.
Қайта бөлу салалық және территориалық белгілері бойынша жүруі мүмкін.
Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы
ішкі өнім мен ұлттық табыс қайта бөлінеді.
Несиенің екінші функциясы нақты ақшаларды несиелік операциялармен
алмастыру болып табылады.Бұған қолма-қол ақша сөзі келеді. Себебі
айналымда құны жоқ ақша белгілері жүреді. Сондықтан нақты ақша болып
табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бірліктері болып табылады.
Қазіргі несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажетті шарттар
қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысу мен байланысты бір шоттан екінші
шотқа ақшаны аудару (несие негізінде жүзеге асырылатын) айналымдағы қолма-
қол ақша көлемін сақтауға мүмкіндік береді.
Біздің көз қарасымыз бойынша тек көрсетілген осыдан басқа несие келесі
қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын
жылдамдату және бақылау.
Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелік
механизм қосымша құнның капиталға айналу процесіне ықпал тигізеді және жеке
жинақтау шекарасын кеңейтеді. Өндіріс маштабының үлкеюі үшін жеке
шаруашылық субъектілерінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан қосымша
құнның бөліктері ағылып несиелік мекемелерде жинақталады және мәнді көлемге
жеткеннен кейін ұдайы өндірісті кеңейту процесіне белсенді әсер етеді.
Несие капиталының орталықтануында маңызды роль атқарады. Ол жеке
кәсіпорындардың меншіктің ұжымдық формасына айналуына ықпал тигізеді.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзіне алған міндетті уақытында
орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға
сәйкестендіріледі. Сондықтан несиелік процесс уақытында несиелеудің барлық
принциптерінің сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру
туралы және несиелеудің тәртібін қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан
бұрын қайтаруды талап ету туралы шешімді қабылдай алады.
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенің функцияларын қолдана отырып банк
жүйесі арқылы бар ресурстарды үнемді қолдануға жетуге, халық шаруашылығы
салаларын дамытуға, солай барлық қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлата
алады.
Несие экономикалық катигория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді.
Экономикалық әдебиеттерде несчиенің негізгі 2 формасы қарастырылады:
коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие
формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және
т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінгі қалдыруы. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен
біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату. Коммерциялық
несиенің құрылымы версель –жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол
оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін,
борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Олардан
кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелердің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.
Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды.Бос ақшалай
капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және несие арқылы кез –
келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай
капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс
кәсіпорнына қарызға береді.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие. Тұтыну несиенің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды
сатуға қолдау көрсету. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды
сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды
және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі
қолданылады.
▪ күрделі жұмсаулымдарды қаржыландыруға;
▪ импорттық боынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
▪ ипотекалық;
▪ несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі
бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде
оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
▪ консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқада банктік
операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктін
қамқорлығы мен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер
беретін несие, бұл кезде бір банктін мүмкіншілігі қандайда бір
себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі
мүмкін;
▪ тұтыну мақсаттарына;
▪ банкаралық.
Банкаралық несиелердін негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық
нарықта аукциондық сатуда арқылы ұсынылады.
Негізгі кредитор ретінде ірі банктер (Халықтық Банк, Казкоммерц Банк)
болады.
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның
заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз немесе өсім алу үшін белгілі
бір уақыттқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беругу байланысты пайда
болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экомика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге
бөлінеді.
Коммерциялық несие – 1-ші субъектінің 2-ші субъектіге сатқан тауарының
құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі - субъектіге ақша қаражат түрінде өндірісін ұлғайтуға,
ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді,
ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді,
несиелеудің тығыз тәуелділігін ашады. Бұл жағдайда несиелеу материалдық
құндылықтар мен шығындардың қозғалыстармен қаржыланған процесс ретінде
көрінеді.
Несиелеуді төлеу принципі. Бұл әрбір борышқордың банкке қарыз үшін
белгілі бір төлемді төлеуі тиіс жөніндегіні білдіреді.
1.3 Банктік несиенің жіктелуі.
Банк несиелерін несиелеудің мақсаттылығына, қарызданушылардың типіне
және қызмет ету сапасына байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады.
Төменде әлемдік тәжірибеде банк несиелерін жіктеудің негізгі
критерийлері ұсынылған:
▪ борышқорлар типіне байланысты;
▪ қолдану типіне байланысты;
▪ қамсыздандыру, сипатына қарай;
▪ несиені өтеу әдістеріне байланысты;
▪ пайыздық мөлшерлеменің сипатына қарай;
▪ пайызды төлеу әдісіне қарай;
▪ несие валютасына қарай;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz