Абайдың «желсіз түнде жарық ай» өлеңінің аудармасы жайында


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

А. Нұрғазы

АБАЙДЫҢ «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» ӨЛЕҢІНІҢ АУДАРМАСЫ ЖАЙЫНДА

ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, қазақтың ұлы ақыны Абайды бұл күнде білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Абай қалдырып кеткен мол мұра қазақ халқы үшін таптырмас байлық, асыл қазына. Абай поэзиясы жай ғана шығарылған дүние емес, ол тұнып тұрған философия, терең ой. Оның сырын ашу кез келген адамның қолынан келе бермейді, себебі ол тек Абайға тән қасиет. Абайдың танымы тереңде жатқан шығармалары, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін ашатын, адамзат баласының болмыс тұңғиығына апаратын толғаныстардан дүниеге келген туындылар. Аты әлемге әйгілі болған Абай қай тақырыпта жазса да, оның астарында адамзаттың бүкіл қырлары ашыла беретін тәрізді.

Шоқтығы биік, дана, дара Абайдың шығармаларын басқа тілде жаңғыртудың қаншалықты қиын екенін, оның шығармаларының мазмұнының тереңде жатқандығымен түсіндіре аламыз. Абайды аудару-тәржіма жасаушыдан асқан білімділікті, ерекше жауапкершілікті, яғни профессионализмді талап етеді. Себебі аударма ол жай ғана шығарманы бір тілден екіншісіне аудара салу емес, ол сол шығарманың авторын тереңнен зерттеумен қатар, оның ішкі болмысын, оның сырын ұғыну, автор ойымен өз ойының бір жерден үндесуі, үйлесуі.

Абай шығармаларының басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне қалай аударылғанын, оны орыс тілді оқырманның қалай қабылдағынын білу қазақ аударматануы үшін күн тәртібінде тұрған өзекті мәселердің бірі. Бұл мақаламызда біз ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің аудармасы туралы сөз қозғап, ой толғамақпыз.

Абайдың бұл өлеңінің сыры тереңде. Оның шығармаларын қабылдау, талдау, тану, бағалау оңай емес, өйткені Абай жай ғана ақын емес, ол философ, оған қоса біз Абайды табиғаттың сырын терең танитын жаратылыстанушы деп те айтар едік. Табиғаттың тылсым сиқырларын бір өлеңге сиғыза білген Осы өлеңнің негізі ұлы күш-махаббат. Өлеңді бір рет оқып шыққан адам қайдағы махаббат дері әбден мүмкін, ал астарына үңіліп қарайтын болса бұнда нағыз қазақ жігіті мен бойжеткенінің арасында сүйіспеншілік барын көреді.

Осы күнге дейін бұл өлең орыс тіліне бірнеше рет аударылған. Біз талдайтын бірінші тәржіма Ю. Кузнецовтікі болса, екіншісі-Ю. Нейманның нұсқасы. Бұл аудармалар Абайдың орыс тіліндегі жинағында жарияланған, екі нұсқада, екі түрлі деңгейде аударылғандықтан, мазмұны да бір-бірінен ерекшеленеді. Мағыналық мазмұны, сәйкестігі, дәлдігі жағынан екі аударма да түпнұсқаға сәйкес келеді деп айту қиындау. Екі аудармашы да өзінше тәржіма жасаған, алайда ешқайсысы да Абайдың ойын терең түсіне алмаған сияқты.

«Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны-терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп. »

-деп жырлаған. Неткен керемет-терең ой. Ойлаңызшы желсіз түнде, суда сәуле дірілдей ма? Бұндағы діріл өзеннің жағасына келген жастардың бейнесінің, су бетінде көрініс тапқан сезімі емес пе? Яғни, Абайдың осы бір шумақ өлеңінен өзеннің маңына кездесуге келген жастардың бейнесін байқауға болатындай. . Ал осы шумақ орыс тіліне қалай тәржімаланды екен? Екі аударма сырттай салыстыра қарастыратын болсақ.

Ю. Нейманның аудармасы:

«Тихой ночью при луне

Луч в воде дрожит слегка.

За аулом в тишине

По камням гремит река. »-болса,

Ю. Кузнецов аудармасы мынандай:

В ночной тише луна царит,

И отблеск на воде дрожит,

В глухом овраге дремлет мгла.

Река весенняя шумит.

Алғашқы тәржімадағы «за аулом в тишине», түпнұсқадағы «ауылдың жаны-терең сайға» мағынасы еш ұйқаспайды және ақынның астарлы ойын дұрыс жеткізе алмаған тәрізді. Сол сияқты екінші аудармада да «в глухом овраге дремлет мгла» сөзбе-сөз аудармаға әлдеқайда жақын сияқты, алайда айта кетерлік бір жайт, Кузнецов түпнұсқадағы «тасыған өзен күрілдеп» деген жолды «Река весенняя шумит деп» берген. Яғни бұл аудармашы өзеннің көктемде таситынын атап кеткісі келіп тұрғандай.

Екінші, үшінші шумақтарға назар аударсақ, оларды да сәтті шыққан деп айта алмаймыз, аудармашылардың еркіндікке бой алдырғандарын байқауға болады. Бұл шумақтарды тұтастай алып қарап, әрбір тармағын салыстырып қарастырған кезде типтік қателіктердің бар екенін байқадық.

Мысалы, екінші шумақтағы мына жолдарға назар аударайық.

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбырласып өзді-өзі.

Ю. Нейманның аудармасы:

Листья дремлющих лесов

Меж собою говорят.

Байқап қараңыз, аудармада дәлдік жоқ. Сөз болып отырған ағаштың жапырағының бір-бірімен сыбырласуы. Бұл жердегі сыбыр жапырақтардың бір-біріне үйкелісіп сыбдырлаған дабыс шығаруынан туып отыр. Ал аудармашы айтып отырған «меж собою говарят» біз айтып отырған сыбдырға келе ме? Ол жапырақтардың бір-бірімен сөйлесуін айтып отыр, ал сөйлескен кезде қатты дыбыс шығатынын ұмытпауымыз керек қой. Сол себепті біз бұл өлеңге тәржіма жасаған Ю. Нейманмен келісе алмаймыз. Және де «листья дремлющих лесов» деген тармақпен де келісе қою қиын. Егер «дремлющих» сөзінің орнына «дремучийді» қойса әлдеқайда ұтымды және мағынасына анағұрлым жақын болар еді.

Енді Ю. Кузнецовтың аудармасына келетін болсақ:

«В лесу деревья меж собой

Лепечут новою листвой. »

-деп берген. Біздің ойымызша бұл екі тармақ түпнұсқадан алшақтап кеткен. Бірінші аудармада жапырақтың бір-бірімен сөйлесуі деп анық бермесе, екіншісіндегі «лепечут» көбінесе балалардың былдырын білдіріп тұрған іспетті. Оны түсініп оқып шыққан оқырман, қалайша жапырақ балаша былдырлайды деген ойға келмейді ме? Аудармашы сондай-ақ бұл жерде ағаш пен ағаштың емес, жапырақ пен жапырақтың бірі-бірмен сыбыдыры екенін ескермей кеткені де өкініш ұялатады.

Үшінші шумақта аудармашылар еркіндікке салынғаны, Абайдың жанын етене түсіне алмағандығы байқалып тұрғандай. Өйткені Абайды оқыған әрбір адам шексіз үлкен ойлар ағымына шомып отырады. Енді осы шумаққа назар аударайық:

Тау жаңғырығып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Өлең шумақтарының Ю. Нейманның аудармасындағы көрінісі былай:

Горы ловят дальний гул,

Крик пастуший-в тишине . . .

На свиданье за аул

Приходила ты ко мне.

Салыстырып қарасақ, аудармада ұлттық құндылық сақталмаған, астарлы ойды мүлдем түсінбеген. Себебі үрген итті айтақтау, орысшада берілген «крик» емес. Егер сол қараңғы түнде итпен айқайлап келе жатса, онда ауылдың бәрі оянып, ешқандай кездесу болмас еді. Аудармашының жіберген тағы бір кемшілігі автордың ойын жігіттің атынан баяндауы. Қазақ халқы қашанда қызын құрмет тұтып, қастерлеген. Ал бұл жерде жігіт қызға кінә тағып, бойжеткен оған сезімін білдіріп тұрған тәрізді мысқыл бар. Өлеңнің аудармасы түпнұсқадағы өлең жолдарынан құрылысы жағынан әлдеқайда басқаша берілгені анық байқалып тұр.

Ю. Кузнецовтың аудармасы жайлы айтатын болсақ:

И ловит слухом горный край

Пастуший клик и песий лай.

А ты сюда не приходил?

Так приходи и ожидай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің аудармасы жайлы
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Абай және орыс әдеебиеті
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Абай
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Абайдың барлық өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz