Репортаж жанры


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау. Репортаж - жауынгер жанр

1. 1. Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар

1. 2. Қазақ баспасөзіндегі: «Ана тілі», «Дала мен қала», «Алматы

ақшамы» газеттеріндегі репортаж жанры

ІІ тарау. Репортер - шеберлік шыңы

2. 1. Қайнар Олжай - репортер журналист

2. 2. Студенттің өз шығармашылығынан

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста репортаж жанрына теориялық негізде анықтама беріліп, оған қойылатын басты талаптар, жанрдың композициялық құрылымы, публицистикадағы өзге жанрлармен ұқсастығы, орыс және қазақ теоретиктерінің еңбектерінің негізінде зерттеледі.

Сонымен қатар, «Ана тілі», «Дала мен қала», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» газеттерінде жарыққа шыққан репортаждарға шолу жасалып, жарияланымдардағы репортаждар толық талданады, репортердің репортаж жазу шеберлігі талқыланады. Белгілі журналист Қ. Олжайдың «Президент пырағы» еңбегінде публицистің репортерлік қыры зерттелді.

Зерттеудің соңғы бөлімінде студенттің өз шығармашылығына шолу жасалып, репортаждарына жанрға сай сипаттама беріледі, репортаж талаптарына сәйкес келмейтін кемшіліктері талданады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ақпараттар ағыны қашан да адамзат ғұмырынан тыс қалмағандығын ескерсек, жаһандағы жаңалықтар мен әлемдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістерді қалың бұқараға танытып, хабардар етуде журналистика мамандарының алар орны ерекше. Осы орайда, көсемсөз шеберлерінің күнделікті ақпараттар ағыны мен қоғамның өзекті деген мәселелерін жұртшылық назарына қалай және қандай әдіс-тәсілмен ұсынады деген заңды сауал туындайды. Тележурналистер әлемдегі түрлі ақпарды көгілдір экран көмегімен көрермендермен қауыштырса, газет тілшілері қоғамдағы тың жаңалықтар мен өмірдегі өрнекті өзгерістерді басылым бетінде тізілген мақалалар топтамасымен, салиқалы сұхбаттармен, есеп, заметкалармен, журналистің ізденісін талап ететін зерттеу, сараптамалық мақалалармен, репортаж, очерктермен оқырман қауымға тіршілік тынысын танытады. Аталған жанрлардың барлығы қазақ басылым беттерінде көрініс тапқанымен, олардың ішінде сирек кезедесетін жанрлар да бар. Солардың бірі - репортаж. Репортаж көсемсөз ғылымында жанр болып қалыптасқаннан бері, ежелден қаламы қарымды журналистердің сүйікті жанрларының бірі. Жанр бүгінгі күнде де, көсемсөз шеберлеріне жеделділік пен өзектіліктің, нақтылық пен фактінің, дәлдіктің, асқан шеберліктің символы ретінде белгілі. Репортаждың жауынгер жанр атанып, оқырманның іздеп оқитын туындысына айналуына не себеп? Оны өзге жанрлардан ерекшелейтін қандай өзгешіліктері бар? Аталған сауалдарға жауап іздеп, қазақ басылымдарындағы (2008-2010) репортаж жанрының ерекшеліктері жайлы зерттеу жүргізіп, дипломдық жұмысымның тақырыбы етіп таңдауым да жанрдың қыр-сырымен терең танысып, тың мағлұматтар алумызға жол ашады деген сенімдемін. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ баспасөзінде репортаж жанрының көрініс табуы, оның жанр ретіндегі ерекшеліктері мен талаптарына сай жазыла білуі - тақырыптың өзекті етеді.

Зерттеудің нысаны - репортаждың баспасөздегі ролін анықтап, жанрдың артықшылықтарына тоқталу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Репортаж жанры баспасөз беттерінде қалыптасып, өзіндік сипатқа ие болған соң, жанрды зерттеуші ғалымдар да аз болмады. Репортажға қойылар талаптарды, оның өзге жанрлардан айырмашылығын кеңінен зерттеуде орыс ғалымдарының үлесі ерекше. Олар: В. Н. Вахуров, Н. Н. Кохтев, Г. Я. Солганик, В. И. Власов, А. В. Гребнев, И. А. Зубков, Г. М. Кондратенко, А. З. Окороков, Б. И. Стукалин, Б. Г. Яковлев, Б. В. Стрельцов, В. Е. Николаев, В. В. Ворошилов, М. Н. Ким, С. Г. Корконосенко, Л. Е. Кройчик, Л. Царева, А. А. Тертычный, М. И. Шостак.

Қазақ журналистикасындағы репортаж жанрын зерттеген ғалымдар Т. Амандосов, Т. Қожакеев, М. Барманқұлов, К. Қамзин, Д. Баялиева еңбектерінде жанрға жан-жақты сипаттама беріліп, оның қазақ мерзімді басылымдарындағы ерекшеліктері қарастырылады.

Зерттеудің хронологиялық мерзімі. Дипломдық жұмыс 2008-2010 жылдар аралығын қамтиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: репортаждың жанрлық ерекшеліктерін айшықтап, оған теориялық негізде анықтама беру, репортаждың кешегісі мен бүгініне шолу жасау, репортер журналистердің шығармашылығымен танысып, қаламгерлердің репортаж жазу өнеріндегі шеберліктерін талдау және өзімнің репортаждар жанрдағы шығармаларыма тоқталып, оларды әділ бағалау, туындылардан репортаж элементтерін анықтау. Осыған сәйкес дипломдық зерттеу жұмысымды төмендегідей тарауларға жіктеп, қарастырғанды жөн санадым:

  • Репортажға анықтама беріп, жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен жазылу стилін, репортаждың тілін талдау.
  • Репортаждың түрлеріне тоқталып, олардың бір-бірінен ерекшелейтін айырмашылықтарына тоқталу
  • Жанрдың өткені мен бүгініне шолу жасап, қалыптасу және даму, жандану үдерісіне мән беру
  • «Дала мен қала» - «Арнайы репортаж» айдарына, «Ана тілі» - «Түнгі қала ұйықтамайды» репортаждар топтамасы, «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» газетінің репортаж беру үлгісін талдау
  • Репортаж жазу өнерінің майталманы Қ. Олжайдың «Президент пырағы» репортаждар жинағының сырын ашу, көсемсөзшінің репортаж жазу шеберлігін айқындау
  • Репортажға қойылатын талаптарды ескеріп, өз репортаждарымнан жанр элементтерін анықтап, бағалау

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.

  • Қазақ басылымдарында репортаж жанры «Арнайы репортаж» айдарымен көрініс тапқанымен олардың жанр талаптарына сай жазылмағаны анықталды.
  • Репортаж жанрында қалам тербеген жас журналистердің репортаж жазу шеберлігі, ерекшеліктері мен кемшіліктері айқындалды.
  • «Ана тілі», «Дала мен қала», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» газеттеріндегі репортаждың бүгінгі бет-бейнесі тұжырымдалды.
  • Аталған мерзімді басылымдардағы репортаждардың жанрлық сипаты анықталып, репортаждың қай түріне жататыны дәлелденді.
  • Публицист Қ. Олжайдың «Президент пырағы» еңбегіндегі репортерлік қыры талданып, оның өзіндік жазу стилі анықталды.
  • Өз репортаждарымдағы жанрлық ерекшеліктер мен кемшіліктер сарапталып, өзімнің репортаж жазудағы шеберлігім шыңдалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау, төрт бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Репортаж - жауынгер жанр

Репортаж ұғымы XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Латынның «reportare» - «хабарлау», «баяндау» мағынасын беретін «репортаж» ұғымы алғашында (Еуропа мен Ресейде күнделікті мерзімді басылымның дамыған кезеңінде), сот отырысы мен парламент дебаттары, түрлі басқосуларды оқырмандарға болған оқиғаны айна-қатесіз жеткізу мақсатында дүниеге келген болатын. ««Репортаж» термині қолданысқа енбеген күннің өзінде, кейбір материалдарда жанрдың айқын белгілері біліне бастаған. Авторлар болған оқиғаны оқырманға үстіртін баяндап қана бермей, оның маңызды элементтерін, оқиға орнын суреттеп, әсерлі тілмен ұсынуға тырысқан. Оқырмандарды да тілі жатық, жазылу стилімен оларды түрлі сезімге бөлеп, жүрегіне жете білген шығармалар қызықтырған еді. Мерзімді баспасөзде: реакциялық және қарқынды-үдемелі екі басты бағыттардың қалыптасуы - репортаждың негізі белгілерінің тууына, оның жанрлық ерекшеліктерінің бекуіне себеп болды. ХІХ ғ. екінші жартысында Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Ресей баспасөзі репортаж арқылы халыққа сол кездегі маңызды оқиғаларды (қылмыстық істер мен тонау оқиғалары немесе салтанатты кештер т. б. ) хабардар еткен». [1] Кейін келе басылымдарда «репортаж» ақпараттық сипатқа ие болып, оқырман аталған жанрды «есеп» жанры ретінде қабылдады. Ресей ғаламы А. А. Тертычный репортаж жанрының пайда болуын очерк жанрымен байланыстырады. Ол: «Бастапқы кезеңде «репортаж» деген айдармен очерк жанрының элементтері басым, осы жанрдың формасына ұқсайтын «репортаждар» легі басылымдардан көрініс тапқан еді. Осылайша, Батыстың маңдайалды репортерлері Джон Рид, Эгон Эрвин Киш, Эрнест Хэмингуэй, Юлиус Фучик және т. б «репортаж» жанрында жарық көрген туындыларын репортаждан гөрі очерк жанрына жақындығын байқаймыз» деген тоқтамға келген. [2] Сондай-ақ, жанр жайлы белгілі Ресей ғалымы Б. В. Стрельцов өз кітабында былай деп жазады: «Журналистика мен көркем әдебиет тарихында есімдері алтын әріппен енген белгілі репортер журналистердің шығармашылығы - репортаж диапазонының зор мүмкіндіктерінің дәлелі іспетті. Мысалы: Чарлз Диккенс өзінің әдеби-шығармашылық жолын репортаж жазудан бастаған болатын. Оның репортаждары Лондондық газеттер беттерінде жарыққа шыққан. Сол сияқты Джон Рид оқырмандарға алдымен «Жол»(1907) атты репортаждар топтамасымен танылған. Аталған еңбектен соң жазушы әңгіме, повесть, роман жанрларында қалам тербей бастады. Ал, Теодор Драйзер Чикаго, Сент-Луис, Питсбург, Нью-Йорк, газеттерінде атақты репортер болып қызмет атқарса, Эрнест Хемингуэй өмірінің соңына дейін репортаж жанрында қалам сілтеді. Эгон Эрвин Киштың да репортаждары жұртшылыққа кеңінен танымал». [3] Ал, қазақ журналистикасы тарихында зерттеуші ғалым, көсемсөз шебері Т. С. Амандосов репортаждың тарихы жөнінде: «Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортерлер болған. Орыстың баспасөзінің тарихына, онда баспасөз жанрлары, оның ішінде репортаж жанрларының пайда болуына көз жіберсек, репортаж өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында кең қолданыла басталғаны байқалады. Бұл жанр әсіресе «Новое время», «Русские ведомости», «Русское слово» және басқа Мәскеулік газеттермен бірге Ресейдің әр түкпіріндегі газеттерде де жиі көрінді. Ал, сексенінші-тоқсаныншы жылдарда Ресейде репортаждың белгілі шеберлері де шыға бастайды. Бұл жерде репортаж жазудың шебері В. А. Гитляровскийді бірінші атау керек. Бұл жанрға ұлы жазушы М. Горкийдің де зор маңыз бергені белгілі. Ал оның «Одесские новости» және «Нижегородский листок» газеттерінде жарияланған Нижегород жәрмеңкесін әңгімелейтін корреспонденциялары репортаж стилінде жазылған» деген. [4] Қазақ көсемсөз жанрларының қалыптасуы мен кемелденуі турасында сүбелі еңбек етіп, журналистика жанрларының бүгінгі түр-сипатын тыңғылықты зерттеген К. Қамзин өз еңбегінде репортаж элементтерін қазақ жырларының мәтінінен таба білген. Мысалы:

Базарбайдың Төлеген

Талай көштен өтеді,

Сонда бір көшке жетеді.

Көш алдында қараса,

Бір қыз кетіп барады:

Шытырма көйлек етінде,

Нұр-сәулесі бетінде,

Бұралып кетіп барады,

Перінің қызы секілді.

Осы екен деп Қыз Жібек,

Жетіп келді қасына

Базарбайдың Төлеген.

Артынан келген Қаршыға:

«Жібек емес», - деген соң,

Онан да өтіп жөнелген.

Жырдағы кеңістік пен уақыт категориялары қазақ көшінің маңғаз жүрісімен, басқа халыққа ұқсамайтын ұлттық үрдіс желісімен жымдаса кетеді. Ат жалын тартып мінген қазақтың екпіні мен жыр мәтінінің ырғағы бір-бірімен келісім тауып, өтіп жатқан оқиғаның жанды картинасын береді, ықылым замандағы көші-қон қызығын оқырманның көз алдына елестетеді. Сән-салтанаты жарасқан түйелі мен аттылар тізбегі процестік кезегін сақтай межелі аймаққа қарай бет түзеп барады. Көсемсөзші - жырау сапалық өрнектерді өсіре түсу мақсатында одан әрі бастырмалата толғайды. Сөйтіп, оқиға барысы шырындалады, қоюланады, кемелденеді. Арғымақ үстіндегі өркениет иесі - қазаққа ғана тән суреттер, серпінді сезім осылайша лықси қаптап тырады, оқырманның мүлгіп жатқан жадына қозғау салады, ауыз әдебиетінің бойына жинақталған репортаждық элементтердің ұлттық стилін шоқтай жайнатып, отын әуелете түседі. Әрине, осындайда біз журналистика жанрларына тиесілі ортақ баптарды да жоққа шығармаймыз, керек десеңіз, оған қажетті адами қасиеттерді кейбір зерттеушілер санамалап та кетеді. Заманауи технологиялық әдістерді алға шығарғанның өзінде де, қазақ ауыз әдебиетіндегі орнықты дәстүрді, репортаждық ранктерді қалай ұмыта аламыз. Қазіргі талап-тілектердің өзі де сол ертедегі үрдістерден тарамдалып жатады. Сондықтан да болар М. Н. Ким өзінің репортаж туралы жанры туралы монографиясында: «Репортердің көзі көреген, құлағы түрік болуы керек. Осы ретте оның жады өтіп жатқан оқиғаны қалт жібермей, қағып алуға тиіс. Реопртер назарынан бірде-бір елеулі деталь тыс қалмағаны жөн. Ол адамның бет-жүзін, сыртқы пішіні мен ішкі дүниесін, оқиға жағдайын, табиғи орта ерекшеліктерін есінде сақтай білу керек. Журналистің оқиғаға қатысушылар сөзін диктофонға жазып алуға әрдайым мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан тек қана өз жадына сенуге тура келеді, оны ұдайы шыңдап отыру керек. Репортер үшін «жаттыққан назардың» ерекше маңызы бар. Қарапайым адамның жанары айналадан көз тоқтатар маңызды дәнеңе таппай, сырғып өте шықса, кәсіпқой жан адам әрекетінің жанды, қайталанбас талай бүге-шігесін көре, ести, тап баса білуге тиіс, адамның сыртқы пішініндегі, оларды қоршаған ортаға тән ұсақ-түйекті, олардың сөйлеу, ойлау және басқа ерекшеліктерін тап басуға тиіс», -деп жазады. Ал, қазақ жыраулық өнерінің інжу-маржаны санатынан табылатын «Қыз Жібек» жырындағы репортаждық сарыннан жоғарыда айтылған талаптар да аулақ кетпейтінін аңғарамыз. Репортажға тән ситуациялық аймақ бірлігін, кей-кейдегі ой қалаушылықты, өтіп жатқан оқиға картинасын түйдектете, жеделдете беруді, оқиға шабысына ілесіп отыруды осы лиро-эпос мәтіні қапысыз айқындап отыр. [5] Репортажға тән қасиеттерді эпостан таба білген автор, қазақ репортажы сол дәуірден-ақ бастау алғанын алға тартады.

Кеңес дәуірінде, тың геру жылдары партия мен ауыл аймақтың жетістігін репортаж жанрында беру кең етек алған. Мысалы: «Дала дидары биыл дән дариясынан әсем келбет тапқандай құлпырып кеткен. Ақ бидайдың алтын сабақтары бастарын төмен иіп жер-анаға тағзым еткендей. Ең ғажабы осынай кең алқапта теңіз болып тербелген егін жай ұқыпты қолмен орналастырылғандай теп-тегіс, тап-таза. Мұсаның қуанатыны - диханның маңдай терінен нәр алып жайқалған ұлан-ғайыр мол астықтың шығымы болса, көңіліне күдік алатыны - соны ысырапсыз қамбаға құю . . . » [6] Яғни егіс алқабынан оқырманға жедел түрде репортаж ұсынған автордың бұл материалынан репортаждың элеметтері айқын байқалады. Ал, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ басыламдарына көз жүгіртсек, өкінішке орай, репортаждың газет беттерінен сиреп кеткені жалған емес. Немесе жанрдың нақты түр-сипатының, жазылу ерекшеліктерін, стилі мен репортаж тілін жетік меңгермегендіктен, журналистердің репортажды журналистік зерттеу, зерттеу мақаламен шатастыратыны білінеді. Осыған сәйкес, репортажға қойылатын басты талаптарды ескеріп, оны өзге жанрлардан ерекшелейтін артықшылықтарын, оқырманның газет бетіндегі репортер журналистер қаламынан туған шығармаларды оқыған соң, оның репортаж жанрында жазылғанын бірден аңғаруына себеп болатын қасиеттеріне тоқталып, жанрға теориялық негізде анықтама беріп, оның түрлеріне тоқталуды жөн санадым.

«Репортаж» терминіне ғалымдар түрлі анықтама береді. Профессор Т. Қожакеев жанрға мынадай сипаттама берген: «Репортаж болмыс, құбылыс, оқиға, фактіні қамту ауқымына қарай, көрсету тәсіліне, тіл, стиліне, құрылымына, мақсат, міндетіне қарай танылады. Оның өзіндің жанрлық белгілері бар. Біріншіден, репортаж нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықтар, болмысты ғана қамтиды. Екіншіден, репортаж басқа информациялық жанрлар сияқты, жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдыға елестетіп, суреттеп көрсетеді. Мүмкін болса, оқиғаның болған жері, өндіріс процесі, ондағы адамдардың көңіл-күйі де аңғартылады. Үшіншіден, репортажда оқиға, әрекет, өз кезегімен, орын алу, даму, шешілу ретінмен баяндалады, яғни оған хронологиялық композиция беріледі. Бұдан оқушы оқиғаның қайдас басталып, қалай дамып, қалай аяқталғанын аңғарады, оның өтісінен мағлұмат алады. Бірақ бұған қарап, репортажға болған оқиғадан басқа ешнәрсе енгізілмейді деп түсінуге болмайды. Онда сөз етіп отырған құбылысты әсерлі де терең етіп ашуға септігін тигізетін естеліктер, тарихи документтер, ескі фактілер, статистикалық цифрлар пайдаланыла береді. Төртіншіден, репортажда болмыс, құбылысты әсерлі етіп, динамикалық қозғалыста, дамуда көрсету үшін бейнелеу, елестету, суреттеу құралдары мол қолданылады. Бесіншіден, репортажда басты кейіпкер - автордың өзі. Оны жазарда репортер оқиғаның басы-қасында болуға тиісті. Сонда ғана ол көрген-білгенін, сезініп-қабылдағанын елестетіп, суреттеп көрсете алады, оқиғаға хронологиялық композиция, динамикалық қозғалыс беруге мүмкіндік береді». Ал репортажға қойылатын басты талаптар жөнінде автор: «Репортаж күнделікті өмір тынысының қоғамдық-әлеуметтік мәні бар, типті оқиға, фактілерінен хабардар етуге тиіс. Бұл жанр ұлы оқиғалар мен сирек құбылыстарға ғана арналып жазылады деу - қате түсінік. Репортажда автор көрген-білген, куәсі болған нәрсенің барлығы тіркеле, суреттеле бермейді. Ол фотография емес, натуралистік сурет те емес. Онда оқиғаның ең мәнді, қажетті тұстары ғана қамтылады. Репортер солардың негізінде пікірлер айтады, түсінік, баға береді, көзқарас білдіреді, ақылға қонымды, құлыққа кіретін қоратынды жасайды, ой түйеді. Сөйтіп, бір жердегі өмірімізге тән болмыс-құбылыстың ең маңызды сәттерін іріктеп көрсету арқылы қоғамымыздың даму процесін, өмір-тіршілігіміздің тынысын танытады. Репортажда ойдан шығарып, ойдан қосуға орын жоқ. Ол таңдалып алынған оқиға сәттерін дәл беруге, олардың әрбір елесі шын, болған қалпында суреттелуі тиіс. Жанр жеделдігі қате, кемшілік, бұрмалаушылық жіберуді ақтай алмайды. Фактіні, болмысты бұрмалау репортаждың тәрбиелік мәнін, үгіт-насихаттық ықпалын әлсіретеді. Репортаждың басты кейіпкері - автор, оқиғаны көріп, суреттейтін соның өзі дедік. Демек, репортажда автордың белсенді «мені» айқын аңғарылып тұруға тиісті. Тәжірибелі репортер мұны «мен», «мен» деп өзеуреп, өзін алға шығарып көрсете бермей-ақ, оқиға басы-қасында өзінің болып, суреттеп отырғанын аңғарта алады. Сонымен репортаж дегеніміз - журналистің немесе тілшінің өзі көрген, өзі қатысқан маңызды оқиғаның қоғамдық мәнін көзге көрсете, елестете суреттеу арқылы ашатын ақпараттық жанр. Демек, репортер жай хабаршы емес, әрі суреткер. Жақсы репортаж - жаңалықты көре білу, оқиға, құбылысты суреттей білу, ол - инициатива, ол - тілші тапқырылығы». [7] Ал, Т. Амандосовтың «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» кітабында автор репортажға мынадай анықтама береді: «Репортажға тән нәрселер: репортер болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың барлығы репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар, толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Реопртаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилі нәрлі де тартымды болуы керек. Егер осы ойымызды түйіндесек: автор өз түйсігі арқылы өмір картиналарын дәлме-дәл күйінде баяндаса, оның баяндауы публицистикалық мәнермен әсерлі де әдемі келіп, болған оқиғаға автордың өзі қатысқаны шығарманың бүкіл өнбойынан сезіліп тұрса, бұл газеттің хабар жанрларының бір түрі - репортаж болады». [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Репортаж түрлері
Жанрлар
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Репортаж жанрының ерекшелігі
Көркем деректі жанр түрлері
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
РЕПОРТАЖ - СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖАНРЫ
Телерепортаж- алдынғы тележурналистика жанры
Ақпарат жанры
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz