Қазақстан Республикасының ұлттық банкі - банк жүйесінің негізгі буыны


КІРІСПЕ
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Банктік жүйесінің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудан мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Қазақстанда бүгінгі күні 32 екінші деңгейдегі банк, оның 8 -мемлекетаралық, 2 - мемлекеттік, 22 - шет елдің қатысуымен жұмыс істейді.
Халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасы шегінде 4 банк бірінші, 16 - екінші топқа енгізілді, 12-сі бағдарлама талаптарын орындаған болып танылды.
Банктер санының азаюына қарамастан оларды капиталдандырудың өсу үрдісі сақталуда. Соңғы 2 жылда банктік сектордағы жиынтық меншік капитал 2002 жылғы наурыздың аяғында 1, 8 есе а млрд. теңгеге дейін өсті. Банктік сектор бұрынғы кеңестік ауқымда ең жоғары капиталдандырылған болып қалуда - орташа капиталдану деңгейі - 20 млн. АҚШ долл.
Банктердің міндеттемелері жеткілікті жылдам қарқынмен өсуде, бұл негізінен банктік секторға ішкі көздерден келетін ақша ағынына негізделген. Тек қана соңғы жылда (2001 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы наурызды қоса алғанда) банктер міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі халық депозиттерінің үлес салмағы 22, 7%-тен 29, 3%-ке дейін өсті. Тұтастай алғанда, осы кезеңде банк жүйесіндегі халық салымдарының үлесі 2 есеге жуық өсті, бұл банктік институттарға халықтың сенімінің артқандығын білдіреді.
Банктердің ресурстық базаларының ұдайы өсуі олардың активтерінің жылдам көбеюіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта банктік жүйе активтері 817, 8 млрд. теңгеге (5, 37 млрд. АҚШ долл. ) жетті. Осылайша, бір қазақстандық банкке - 128 млн. АҚШ долларына жуық.
Банктер экономиканың нақты секторын барынша белсенді кредиттейді. Қазіргі уақытта банктердің барлық активтерінің 60%-нен астамы экономиканы кредиттеуге бағытталған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 53%-тен аспаған болатын. Банктік сектордың жоғары өтімділігін ескере отырып, бұл фактіні оң бағалаған жөн. Дамыған елдердің әмбебап банктерінде активтер құрылымындағы кредиттік портфель де 60-65% шамасында.
Банктер активтерінің және кредиттік портфелінің сапасы күмән туғызбайды. Соңғы жылдары банктердің жиынтық кредиттік портфелінде стандарттық кредиттер үлесі 70% жуық болғанда, үмітсіз кредиттердің үлесі 2-2, 5%-тен аспайды. Мұндай көрсеткіштердің сақталуы көп жағдайларда орталық банктің кредиттік портфельдің сапасына қатаң талап қоюының арқасында банктердің өздері жұмысты сауатты жүргізуіне де байланысты.
Оң үрдістердің сақталуы жақын жылдардың ішінде қазақстандық банк жүйесінің белсенді реформалау кезеңінен және халықаралық стандарттарға көшуден тұрақты дамудың және халықаралық стандарттарды жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басатыны туралы тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
Ол үшін ең алдымен, қаржылық институттардың, оның ішінде банктердің қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жолға қоюдың маңызы зор. Мәлім болып отырғанындай, Қазақстан болашақта қаржылық рынокқа барлық қатысушыларға қадағалауды бір ғана тәуелсіз орган жүзеге асыратын әдісті таңдап алды. Осыған байланысты өткен жылдың ортасында Қазақстанның Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қызметі біріктірілді. Осы кезеңнің өзінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу функциясы да Ұлттық Банкке шоғырландырылуда, мүның өзі барлық қаржылық секторға қатысушыларға қадағалауды Ұлттық Банктің жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қаржылық қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңның жобасы әзірленді. Осы заңның жобасы қабылданған жағдайда қаржылық қадағалау агенттігі бөлек құрылады. Егер жаңа агенттіктің қарамағына Ұлттық Банктің қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі барлық уәкілеттігі көшетін болса, Ұлттық Банк те барлық дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек қана классикалық қызметтерді орындайтын болады (ақша-кредиттік және валюталық реттеу, төлем жүйесін үйымдастыру, ақша-банктік статистика, төлем балансын қалыптастыру және болжау және т. б. ) .
Қазақстанның бұл әдісті кездейсоқ таңдап алмағанын атап айтқан жөн, әлемдік тәжірибе мұқият зерделенді. Мысалы, Германия, Канада, Австралия, Бельгия сияқты дамыған мемлекеттерде және өтпелі экономикасы бар Польша, Венгрия, Эстония сияқты жетекші елдерде қаржылық секторды реттеудің осындай жүйесі табысты жұмыс істеп жатыр. Мұндай схема қаржылық секторды дамыту, қаржылық құралдарды жетілдіру және қаржы саласында делдалдықтың сапасын жақсарту үшін неғұрлым тиімді.
Бұдан әрі қаржылық рынокта банктік институттарды шоғырландыру және ірілендіру, сондай-ақ қаржылық сектордың басқа сегменттеріне банктік капиталды жедел енгізу үрдісі күшейе түседі. Сондықтан да Ұлттық Банк Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің негізгі қағидалары мен стандарттарына сәйкес және қаржылық ұйымдардың қызметтеріне шоғырландырылған қадағалау жүйесін енгізу бойынша ағымдағы қадағалауды жетілдіру шараларын жетілдіру бойынша жұмысты жандандыра түседі. Сонымен қатар банктердің халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындауына барынша қатаң талаптар қойылады. Банктер 2006 жылы 1 сәуірде Ұлттық Банкке рәсімдері халықаралық стандарттарға сай келетін уәкілетті үйымдардың бірінің тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауы мен жүйенің бар екендігін растайтын аудиторлық қорытындыны ұсынды.
Банктік секторды тұрақты дамыту үшін рыноктан коммерциялық икемсіз және проблемалы банктердің кетуіне қол жеткізу және өз ісіне адал әрі сенімді банктік институттарға қолдау көрсету қажет. Сондықтан қадағалау үрдісі шеңберінде банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен олардың қызметтерін жақсартуға бағытталған алдын алу шараларын жедел қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Бұл банктердің жоғары сапалы банктік қызмет көрсетуін және банктік институттар арасында шынайы бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықтың және экономикалық субъектілердің банктік секторға сенімін арттыру мақсатында банктер жұмысының неғұрлым айқындылығын қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты банктерде ақша тазартуды жүзеге асыруға және көлеңкелі капиталдың банктік жүйе арқылы өткізілуіне бөгет жасайтын жүйені құру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар алдағы уақытта банктердің экономиканы кредиттеуін күшейте түсетін түрлі тетіктерге жағдай жасау және оларды әзірлеуге айрықша көңіл бөлінетін болады. Мұндай жағдайда банктердің экономиканың басым салаларын кредиттеуін ынталандыру және қаржылық делдалдықты, оның ішінде қаржы лизингін неғұрлым белсенді дамытудың маңызы бар. Ипотекалық кредиттеу және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамыту да сол сияқты мемлекеттің басым міндеттері болып қалады. Құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің қажетті заңдық негізі қаланғандықтан құрылыс жинақ банктерін құруды жеделдету және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін еліміздің түрлі аймақтарында іске қосуды тездеткен орынды.
Банктердің көрсететін қызметтерінің аясын кеңейту, қолма-қол жасалмайтын төлемді дамыту, сондай-ақ бөлшек саудада операциялардың айқындылығын арттыру мақсатында ұлттық төлем жүйесін құру және төлем карточкаларының бірыңғай процессинг орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғаса түседі. Төлем карточкаларының осы жүйесінің бірқатар артықшылықтары болады. Банктер көрсетілетін сервистің деңгейін арттыра, төлем карточкаларын шығаруға қызмет көрсетуге байланысты қызмет тарифін азайта, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемді өңдеуге жұмсалатын уақытша шығындарды барынша азайта алады. Жоғары емес тарифтер халықтың төлем карточкаларын сауда және бизнес саласында кез келген жерде пайдалануына, олай болса, қолма-қол жасалмайтын төлем көлемінің артуына жол ашады.
Әлемдік практикадан көрініп отырғанындай, қаржылық сектордың қызмет көрсетуі халықтың барлық жіктері мен клиенттер санаттарын қамтуы тиіс. Ірі, сол сияқты ұсақ клиенттермен жұмыс істейтін қаржы институттары желілерінің кеңейтілуі елдегі бүкіл даму және ілгерілеу дәрежесін керсетеді. Сондықтан банктік емес қаржылық ұйымдарды дамыту үшін қалыпты жағдайлар жасалады. Ең алдымен, кредиттік серіктестік және микрокредиттік ұйымдар сияқты қаржылық институттар туралы сөз болады. Мұндай қаржылық институттардың экономиканың қаржылық секторын дамытудағы ролі аса маңызды. Соның ішінде, микрокредиттеу схемасы арқылы банктердің назарына ілікпеген шағын кәсіпкерлердің негізгі бөлігіне қызмет көрсетіледі. Бұған қоса, банктік қызмет көрсетудің ауыл тұрғындары үшін қол жетерліктей болуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк почта-жинақ мекемелерін дамытуға жәрдем беруге ниеттенуде.
Осылайша, қаржылық секторды, оның ішінде негізгі сегментін -банктік жүйені кешенді дамыту мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала бермек. Қаржылық секторды тұрақты дамыту жоғары экономикалық өсуді сақтаудың және елімізде халықтың өмірін жақсартудың маңызды алғышарты болып табылады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ - БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ.
1. 1. Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы
Қазақстан Республиксының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.
Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республиксының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республиксында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
> мемлекеттік ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
> төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
> валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
> қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету. Сонымен бірге, Ұлттық Банк:
> айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады;
> банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
> банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
> төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін үйымдастырады;
> Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.
2004 жылдан бастап Еуроодақ стандарттарына және шарттарының Ұлттық Банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық тәргеттеу принциптеріне жариялы көші шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.
Қазақстан Республиксы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республиксының Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы Ұлттық Банк қайта үйымдастырылды. Қаржы нарығының барлық қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру қаржы нарығын реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторын, қаржы кұралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
> 10 департаменттен, 140 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;
> 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал -Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
> Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
> 5 есеп беретін ұйым.
> «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
> «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу кұқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
> «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
> «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
> «Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу кұқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк:
> «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»;
> «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»;
> «Қазақстанның Актуарлық орталығы»;
> «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы және «Процессинг
орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.
> «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы
акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі туралы» заңы және «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі туралы» ережесі негізінде анықталады.
Үлттық Банкінің құрылымы
Басқарма
Директорлар
кеңссі
Төраға
Торағаның
орынбасары
Облыстық (аумақтық) басқарламалар
¥ лттық банкінін тәуелсіз бөлімшелері
Мемлекеттік сақтау орыны
Банкноттық фабрика
Бағалы қағаздар фабрикасы
Приборлық бақылаудың мемлекеттік
инспекциясы
Қазақстандық банкаралық ессп айырысу
Орталығы
Баикаралык және қаржылық
телекоммуникациялар Орталығы
Банктік сервистік бюро; т. б.
Кесте - 1
Ұлттық Банкінің құрылымын 1-кестеде көруге болады. Ұлттық Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның кұрамына - Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орыбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан Республиксының Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және баска ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық Банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді.
Ұлттық Банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі, ол Ұлттық Банк төрағасымен басқарылады.
Директорлар кеңесі, «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық Банкінің қарауындағы басқа басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Оның құрамына - төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді.
Ұлттық Банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.
1. 2 Ұлттық банктің негізгі қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі -Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республиксының Ұлттық Банк туралы» Заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен баска да каржы-несие ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.
Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне -шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық Банкіде соны жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық Банкіні «банктердің банкі» деп атайды.
Ұлттық Банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін: - коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкі:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттык Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі міндеттемелер алады;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге катысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға несие беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейтін тәртіппен және шартпен банктердің және басқа ұйымдардан алған несиелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға кұқылы;
- банк операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиригіг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлері бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;
- қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал етуді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді, банктер, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар арасында Казақстан теңгесімен ақша аударымдарының уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін камтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын белгілейді;
банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк кызметін көрсету ережелерін белгілейді;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін жүргізуге құқылы;
қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды түлғаларға валюталық операциялар жүргізуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар береді;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар береді;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды түлғалардың, сондай-ақ қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін белгілейді;
қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге рұқсат береді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz