Жаңажол кен орнының геологиялық құрылысы мен мұнайгаздылығы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Мұнай және газ геологиясы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жаңажол кен орнының геологиялық құрылысы мен мұнайгаздылығы.
Тексерген :Амманиязов Қ.
Орындаған :Шырақбаева Ж.
Тобы :ГНГ -02-1қ.
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе . . .
2. Физико - географиялық жағдайы . . .
3. Стратиграфиясы . . .
4. Тектоникасы . . .
5. Мұнайгаздылығы . . .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста Мұғалжар ауданындағы Ақтөбе облысының газконденсатмұнайлы Жаңажол кенорны зерттелінді. Кен орынның геологиялық құрылымы, тектоникасы, мұнайгаздылығы және де физико - географиялық жағдайы туралы баяндаймын.
Жаңажол кен орнының геологиялық құрылымына келетін болсақ, мұнда палеозой және мезозой топтарының жүйелерінде мұнай газ шоғырланған. Сонымен бірге кенорын тектоникасы аса күрделі емес, онда жарылымдар басқа құрылымдарға қарағанда аз таралған.
Ауа райы - қысы суық, жазы өте ыстық болып келеді және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл көтерілім 1960 жылы сейсмобарлау жұмыстарымен айқындалынды, іздеу бұрғылау 1961 жылы басталынды. Алғашқы өндірістік мұнай ағыны 1978 жылы ортаңғы девонның корбанатты түзілімді 4- ші ұңғысынан алынды. Өнімді қабатқа КТ-1 индексі берілді. Осы қабат бойынша барлау жұмыстары 1978 жыл мен 1984 жылдар арасында жүргізілді. 1981 жылғы 23 барлау ұңғысын бұрғылау кезінде (КТ-II) төменгі корбанатты қабаттың өнімділігі анықталынды.
Жалпы кен орын туралы алдымыздағы тақырыптарда кеңірек түсіндіріп өтемін.
Физико - географиялық жағдайы.
Жаңажол газконденсатты кенорны Мұғаджар таулары және Ембі өзенінің даласы аралығында орналасқан. Жергілікті бедері кіші адырлы болып келеді. Ең жоғарғы ауытқулар +125тен +270ке дейінгі аралықта тербеледі. Ең төмен ауытқулар Ембі өзені даласында, ол оңтүстік батыс кенорын территориясымен шектеседі. Кенорын қанаттарының құлау бұрышы 4 тен 12 дейінгі субмеридианальды созылымның брахиантиклинальды қабатына жатады. Қабат екі дөңеспен күрделенілген - солтүстік және оңтүстік, және тектоникалық бұзылыстарымен, біреуі батыс қанаты бойынша өтеді, ал басқа екеуі - көтерілімнің орталық бөлігі бойынша.
Жаңажол кенорны 1982 жылдан бері өндірілуде. Өндіру объектісі жоғарғы корбанат қабатының шоғыры болып табылады. Облыс орталығы Ақтөбе қаласынан кенорын 240км қашықтықта жатыр. Кенорын территориясында саз, құм, үшкіртас және мергель сияқты құрылыс материялдары таралған.
Құрылым үш блокқа бөлінген - оңтүстік, орталық және солтүстік. Батыс қанатының бұзылыс амплитудасы 100-150м, қабаттың орталық бөлігінде - 40-50м. Құрылым көлемі жабық изогипсті -3350 және - 3350 м 29х8 км. Оңтүстік дөңес амплитудасы 200м, солтүстікте - 400м. Белгіленген шоғырлар тектоникалық экрандалған элементтерімен массивті қабатты дөңеске жатады.
Стратиграфиясы
Жаңажол кенорнында бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде төменгі карбоннан төрттік кезеңге дейінгі кешен түзілімі түбегейлі зерттелді. Стратиграфиялық өнімді қабаты кашир горизонтының ортаңғы таскөмірдің москва ярусына және төменгі таскөмірдің жоғарғы бөлігіне жатады. КТ -I және КТ - II өнімді қабаттары қалыңдығы 216дан 417м - ге дейін терригенді карбонатты шөгінділерге бөлінген.
Палеозой тобы - PZ
Палеозой түзілімінде таскөмір және перм жүйелері ашылған.
Таскөмір жүйесі - С
Таскөмір жүйесі үш бөлім ретінде көрінген.
Төменгі бөлім - С1
Төменгі бөлім түзілімінде Визе және Серпухов ярустары тараған.
Визе ярусы терригенді және карбонатты бөліктерден тұрады. Төменгі және ортаңғы подярус терригенді сынықтарының қалыңдығы 470м - ге дейін жетеді. Ол қою - қоңыр, қоңыр, алашұбар түсті аргиллит жікқабатынан, әр түрлі полимиктілі құмтастан, алевролиттен, жиі гравелиттен тұрады. Бұлар тұзасты терригенді қабат жыныстары болып табылды. Қиманың жоғарғы жағына қарай Венев горизонтының құрамына жататын жоғарғы визе жасты карбонатты жыныс қабаты бастслады. Қалыңдығы 70 - 84м.
Көрінбейтін үйлесімсіздік арқылы оны Серпухов ярусының бір типті карбонатты жыныстары көмкеріп жатыр.
Серпухов ярусы ( С1s) - венев горизонтымен бірге әктастан, жиі қоңыр, ашық - қоңыр доломиттен, оргоногенді - сынықты, ұсақ кристалды массивтен тұрады. Каротаж коррелятивтің дәл есептеуішпен және палеонтологиялық мәліметтері арқасында Серпухов түзілімін үш горизнтқа бөледі :
1) Қалыңдығы 70 тен 86 м - ге дейін, төменгі подярусқа жататын Тарус (С1s1tr) горизонты;
- Стешев (С1s - 2st), қалыңдығы 62 - 76м;
- Протвин (С1s²Pr), қалыңдығы 78 - 90м;
Жоғарғы горизонттардың түзілімі литологиялық жағынан венев горизонтынан қатты ерекшеленбейді. Олар биоморфты - полидетритті су жәндіктері, сонымен бірге жіңішке түйірлі әктас ретінде кең таралған. Бірақ та, жыныс түзуші щрганизмдер азаяды, фораминефердің құрамы бірігеді. Тарус горизонтында кеуекті қабатшалар нығыздалып, саздылы қабатшаға айналады.
Горизонт ортасында ортасында қатты крмсталданған әктас қабаты (10 - 12м) бөлінеді.
Протвин түзілімі де, Тарусты сияқты кеуекті және тығыз биоморфты - детритті - балдырлы әктасты қабатшалар кезектесіп отырады, сонымен бірге әктасты қабатшалары да кездеседі.
Ортаңғы бөлім - С2
Ортаңғы бөлім түзілімдері Башкир және Москва ярустарының құрамында ашылған.
Башкир ярусы (С2b) төменгі подярус (С2b1) құрамында ғана бар және ол әктас, жиі ашық сұр доломиттен, қатты, шомбал, каверно - кеуекті қабатшадан, стилолитті швамдарынан және жиі аргиллит қабатшаларынан тұрады. Негізгі жыныс құрайтын организмдер фораминифера, брахиопод, балдыр, инеқабақ қалдықтары болып табылады.
Төменгі Башкир жаралымдарының қалыңдығы 113 -195м. Қиманың басқа бөліктерімен салыстырғанда, бұл бөлік жоғары доломиттенген.
Москва ярусы (С2m) екі подярустан тұрады, ол оның төменгі (С2 - 1m) өз кезегінде стратиграфиялық үйлесімсіз болып келеді және екі горизонттан тұрады.
Верей горизонты (С2m1Vr) қалыңдығы 60тан 117м - ге дейін, Кашир горизонты (С2m² - 1ks) қатты өзгеріске ие - 62ден 289м - ге дейін.
Жоғарғы бөлім - С 3
Жоғарғы карбон Касимов және Гжель ярустарымен көмкерілгне. Касимов ярусы 50 - 100м әктас доломитті болып келеді. Ауданның солтүстік шығысында көгілдір қоңыр ірі кристалды ангидрит қабатшалары кездеседі.
Гжель ярусында негізінен әктас, сонымен бірге оргоногенді қалдықтар көп дамыған. Карбонатбөлігінің қалыңдығы 103 - 230м. Ауданның солтүстік шығысында әктастар түгел дерлік қара аргиллит тәрізді саз қабатшалы ангидриттер араласқан. Ангидритті будалардың қалыңдығы 80 - 100м.
Жоғарғы Москва подярусының подоль горизонтынан, Гжель ярусының карбонатты және карбанато - сульфатты бөліктерінің арасы өнімді қабаттың жоғарғы карбонатты қимасын береді (КТ - I) . Жалпы қалыңдығы 398 - ден 540м - ге дейін.
Перм жүйесі.
Перм түзілімдері екі бөлімнен тұрады.
Төменгі бөлім - Р1
Төменгі перм ассель, сакмар және кунгур ярустарының түзілімдері кездеседі. Ассель - сакмар ярустары (Р1а + Р1с) гжель терригенді будасымен бірге КТ - I көмірсутек шоғырына аймақтық флюид - тірек түзеді.
Кунгур ярусы гмдрохимиялық түзілім түрінде кездеседі және I тұзасты терригенді қабатпен бірге карбонның мұнай - газдылы бөлігін қалың флюидтірегін жапқыш құрайды.
Ярустың төменгі бөлігінде қалыңдығы 10 - 60м болатын ангидрит және аргиллит будалары жатады. Жоғары қарай 7 - 870м қалыңдықтағы терригенді жыныс қабатшалы тұзды бөлігінде терригенді сульфатты буда жыныстары жатады. Қалыңдығы 4 - 14м. Олар негізінен ангидриттер.
Жоғарғы бөлім - Р2
Жоғарғы перм түзілімінің қалыңдығы 634 - 1982м аралығын қамтиды. Шұбар түсті терригенді жыныстар (саз, аргиллит, құмтас, алевролит, гравилит), ангидрит, ұсақ түйірлі конгломераттар жеке қабат түрінде таралған.
Мезазой тобы - МZ
Мезазой түзілімдерінде триас, юра, бор жүйелері таралған. Қалыңдығы 564 - 1530м. Олар құмтас - саздылы жыныстардың ауысуымен үлкен қабат құрады.
Тектоникасы.
Кенорынның тектоникалық құрылымында қалыптасуы және заңдылықтарын қарастыруда, құрылымның түзілімдері мен ауданның дамуы және локальды құрылымына назар аударамыз.
Тектоникалық жағынан кеноры қанатының түсу бұрышы 4 - 120 дейінгі субмеридианды созылымның брахиантиклиналь қатпарына тураланған. Қатпар екі дөңеспен - солтүстік және оңтүстік әрі тектоникалық бұзылыстарымен күрделенген, олардың біреуі батыс қанат бойынша, ал қалған екеуі көтерілімнің орталық бөлігі арқылы өтеді. Батыс қанаттың шегінде бұзылыс амплитудасы 100 - 150 м - ді, қатпардың орталық бөліктерінде 40 - 50 м - ді құрайды. 3350 - 3550 м тұйықталған изогипс шегінде құрылымның өлшемдері 29 × 8 км - ді құрайды. Оңтүстік күмбездің амплитудасы 200м, солтүстіктікі 400м. Анықталған шоғырлар типтері бойынша массивті - қаттық, дөңестік, тектоникалық шектелген элементті болып келеді. КТ - 11 - ң өнімді қатқабатты доломиттердің аз қуатты қабатшықты әктастармен литологиялық қалыптасқан. Оның шегінде екі өнімді будалар Г және Д бөлінген.
Жаңажол кенорнының тектоникалық аудандары Каспий маңы ойпатының шығысында орналасқан. Ол Оралдың қатпарлы жүйесімен Ащысай және Сакнал - Көкпекті жарылымдары арқылы бөлінген. Қазіргі мәліметтер бойынша, қалыңдығы 7 -10 км болатын тұзасты палеозойдың шөгінді қабаттарда екі ірі құрылымдық - формациялық этаж бөлінеді. Төменгі этаж рифей - венд және төменгі палеозойлық карбонатты - терригенді түзілімдерінен, ал жоғарғы этаж, қалыңдығы 4 - 6 км, девон, таскөмір, төменгі перм түзілімдерінен тұрады. Жүргізілген геолого - геофизикалық мәліметтер арқылы бұл этажды үш литолого - стратиграфиялық кешенге бөлеміз: қалыңдығы 1, 5 - 2 км, жоғарғы девон - ортаңғы визей терригенді - карбонатты ; қалыңдығы 2 - 2, 5 км, карбонатты жоғарғы визей - гжель; жоғарғы карбон - пермнің терригенді кешені, қалыңдығы 1 - 1, 5 км.
Жаңажол кенорны гжель - подоль (КТ - I) және Кашир - Женев (КТ - II ) жасты жыныстардан тұратын карбонат шомбал болып келеді. Бұл массивтің төменгі горизонтының құрылымы сейсмикалық және терең бұрғылау жұмыстары арқылы анықталған. Құрылымдық картада КТ - II табанына жататын П1 - 2 горизонтында көтеріліімнің солтүстік жиынтығы 3, 8 км - лі изогипспен контурланған, оның амплитудасы 450 м. Оңтүстік жиынтығы оңтүстік - батыс бағытында дөңестенген және ол 8, 6 км изогипсімен контурланған. Тектоникалық жағынан Жаңажол көтерілімі ірі брахиантиклинальді қатпар болып табылады.
Мұнайгаздылығы.
Жаңажол кенорны өнімділігі карбонатты коллекторлармен байланысты ең ірі кенорын. Ол тұзүсті мұнай кенорындарының ауданында орналасқан. Ол кенорындар: Кеңқияқ, Құмсай, Көкшиде, Башенкөл, Қаратөбе, Ақжар, Қопа.
Мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1978 жылы 4 - ұңғымада ортаңғы карбонның карбонатты түзілімдерінен алынған.
Булы коллекторлар ашық кеуектілігімен 9, 5 12, 6%, өтімділігімен 0, 061 - 0, 395 мкм², мұнайқанығу коэффицентімен 0, 82 - 0, 89, газқанығу коэффицентімен 0, 78 - 54 м. Мұнайқанығу қалыңдығы 7, 7 - 54м, газқанығудыкі 29, 1 - 54 м. Шоғырдың биіктігі 50 - 350 м. Г и Д будасындағы температура және бастапқы қабат қысымы шамамен 37, 5 - 39, 6 МПа және 77 - 81 Сº құрайды. Мұнай қоры Д будасында 2, 5 тен 116 м³/сут және Г будасында 2 ден 281 м³/сут дейін. Газдың қоры 219 мың м³/сут құрайды.
Мұнайы жеңіл, 809 - 827 кг/м³, тұтқырлығы аз, күкіртті (0, 7 - 1, 11%), парафинді (4, 9 - 7, 1%) . Құрамында силикагелді шайыр 4, 23 - 6, 8 %, асфальтен 0, 43 - 1, 78%. 300 Сº дейінгі ашық фракциялардың шығуы 50, 7 % құрайды.
Мұнай қабатының газқанығуы шамамен 168, 2 - 319, 5 м³.
Г и Д будасындағы еріген мұнайдың газы ауыр (33, 75 - 35, 57%) және этаннан (48, 7 %) тұрады. Көмірсутек 5, 97% дейін жоғары концентрациялы болып келеді және аз мөлшерде азот, қышқыл газ, гелий болады.
Газды телпектегі газ ауыр (18, 5%), этанды, метан 73, 24%, күкірттісутек 2, 94%, азот 1, 93% болып келеді.
Газдағы тұрақты конденцат құрамы 614 г/м³, оның тығыздығы 770кг/м³. Конденсат құрамында 3, 6 % дейін парафин, күкірт 0, 41% және силикагелді шайыр 0, 55% бар. Көмірсутекті құрам бойынша конденцаттың парафинді негізі болады. Солтүстік күмбездің Г будасында конденцат қоры 5мм штуцерге 13, 4 м³/сут құрайды.
Таза мұнай 3528 м - де (27 ұңғ. ), ал су 3591 м (41 ұңғ. ) тереңдіктен алынды. Су мұнай жапсары блоктың оңтүстік - шығысында Д будасының жабыны - 3570 м тереңдікте жатыр, 38 ұңғ. бойынша. Блоктың солтүстік батыс бөлігінде СМЖ 3581 м тереңдікте орналасқан (29 ұңғ. ) .
Төменгі карбонатты қатқабат ортаңғы карбонның москва жікқабатының кашир горизонтына және төменгі карбонның жоғарғы бөліктеріне қатысты. КТ - 1 және КТ - 11 өнімді қатқабаттары 216 - дан 417 м дейінгі қатқабатты терригенді - карбонатты шөгінділермен бөлінген.
КТ - II өнімді қабатының жерасты сулары 68, 4 -85, 5 г/л минерализациясымен хлоридо - кальцилі типті. Бор және бром микроэлементтерінен басқа суда литий және стронцийдің белгілі концентрациясы бар.
КТ - I жоғарғы өнімді қабаты оргоногенді - сынықты әктастармен және доломиттермен құралған. Кейде саз қабаттары кездеседі. Қабат төрт өнімді будадан тұрады : А, Б, В және В1. Бірінші үш буда құрылымның барлық ауданында дамыған, В1будасы, солтүстік күмбездің дөңесті бөлігінде таралуымен шектелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz