Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жолдары



І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Іс . әрекет туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Іс .әрекеттің түрлері
ІІ.3 Адамның іс.әрекет құрылысы
ІІ.4 Дағды, икем, әдет
ІІ. 5 Іс .әрекеттің психологиялық сипаттамасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады. Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғылымдар зерттейді. Ал қоғамдық мағынасы - қоғамдық ғылымдардың пәні, физиологиялық механизмдер -физиология пәні болып табылады. Психология - іс-әрекеттің психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады. "Мағынасыз әрекет" деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетгі ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді.
Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі кызықтырады? Оның
сараптамасының объектісі болып - іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
жеке адам саналады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет -
құрамына психика енетін, объекті мен субъект арасындағы шынайы
байланыс. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетгі орындай отырып,
қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі
кезіиде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді,
қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б. Орындалуы кезінде
адам қабылдамайтын, ойламайтын, уайымдамайтын іс-әрекеттің
болуы мүмкін емес. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мотивтер
болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатьш
нәрселерді немесе модельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу
керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды.
Қыскаша айтқанда, психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің,
ерекшеліктерінің жэне үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді,
дамиды, қалыптасады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа жолдары

Орындаған:
Мырзабаева Б.
209 топ

Тексерген: Сұраншиева
М.К.

Алматы 2007

ЖОСПАРЫ

І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Іс - әрекет туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Іс -әрекеттің түрлері
ІІ.3 Адамның іс-әрекет құрылысы
ІІ.4 Дағды, икем, әдет
ІІ. 5 Іс -әрекеттің психологиялық сипаттамасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Барлық тіршілік иелері қоршаған әлеммен өмірге маңызды байланыстарды
бірқалыпты ұстап немесе түрлендіре отырып, өзіндік жауап қайтара алады.
Адамның іс-әрекеті - күрделі құбылыс. Оның түрлі жақтарын әр түрлі ғылымдар
зерттейді. Ал қоғамдық мағынасы - қоғамдық ғылымдардың пәні, физиологиялық
механизмдер -физиология пәні болып табылады. Психология - іс-әрекеттің
психикалық жағын зерттейді. Белгілі бір өнім адамның іс-әрекетінің нәтижесі
болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен
қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады.
"Мағынасыз әрекет" деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Іс-әрекеттің
мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетгі ғылыми зерттеу оның мағынасының
ашылуын талап етеді.
Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі кызықтырады? Оның
сараптамасының объектісі болып - іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
жеке адам саналады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, іс-әрекет -
құрамына психика енетін, объекті мен субъект арасындағы шынайы
байланыс. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетгі орындай отырып,
қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі
кезіиде адамда эмоциялар пайда болады, еріктік қасиеттер көрінеді,
қатынастар, көзқарастар қалыптасады және т.б. Орындалуы кезінде
адам қабылдамайтын, ойламайтын, уайымдамайтын іс-әрекеттің
болуы мүмкін емес. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мотивтер
болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатьш
нәрселерді немесе модельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу
керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды.
Қыскаша айтқанда, психикалық деп аталатын, адамның күйлерінің,
ерекшеліктерінің жэне үрдістерінің жүйесі іс-әрекетте білінеді,
дамиды, қалыптасады.

ІС - ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Іс-әрекетті зерттеу кезінде психологияны, ең алдымен, қоғамдық
қатынастардың субъективтік бейнеленуінің түрлерін білдіретін эмоциялар
ерігі, мақсаттың қалыптасуы, мотивтер қызықтырады. Субъектіге қатынассыз
қарастырылатын іс-әрекеттің ешқандай психологиялық сипаттамалары болмайды.
Олар тек іс-әрекет субъектісіне ғана тән болады.
Адамды белгілі бір жағдайда белгілі бір іс-әрекет жасауға не
итермелейді? Кез келген тіршілік иесі сияқты адамның да белсенділігінің
көзі оның қажеттіліктері, яғни адамның өз тіршілігі мен дамуының белгілі
бір шарттарына тәуелді болатынын білдіретін - оның күйлері. Адамның
қажеттіліктері өндіріс пен мәдениеттің дамуы салдарынан пайда болады. Егер
жануарлардың қажеттіліктерін органикалық деп атауға болатын болса, онда
адамның қажеттіліктері "органикалықтан жоғары" болып түрленеді.
Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамда тарихи қалыптасқан
тәсілдерді қолданады. Жекелік пен қоғамдықтың бірлесуі қажеттіліктерден
айқын көрінеді. Қажеттіліктердегі жекелік пен қоғамдықтың үйлесімі арқылы
адам қажеттіліктерінің көпшілігі өзі енетін топтың, ұжымның, қоғамның
қажеттіліктерімен тығыз байланысты болатынын түсіндіруге болады. Міне,
сондықтан саналы түрде бір топқа (жанүдца, мектепте) біріктірілген
адамдардың қажеттіліктері сәйкес келеді.
Қажеттіліктерді шығу тегі мен мағынасы бойынша бөлуге болады. Өзінің
шығу тегі бойынша қажеттіліктер табиғи (органикалық) және мәдени болуы
мүмкін. Табиғи қажеттіліктер адамның өмірін сақтау жэне қалыпты ұстап
тұруымен байланысты болады (тамақ, ұйқы, ыстықтан немесе суықтан сақтану
және т.б.). Табиғи қажеттіліктерді қанағаттандырмау - адамның өліміне
экеледі. Мәдени қажеттіліктер объектілеріне қандай да бір табиғи
қажеттіліктерді қанагаттандыратын заттар (қасық, ыдыс) сияқты, басқа
адамдармен қарым-қатынасқа, қогамдық өмірге қатынасуға қажетті заттар да
жатады. Мәдени қажеттіліктердің қанағаттандырылмауы адамның физикалық
өліміне әкелмейді, бірақ элеуметтік өлімді тудырады.
Заттың сипатына байланысты қажеттіліктер, материалдық мәдениеттің
заттарына (тамақ, киім, үй, тұрмыс заттары және т.б.) байланысты
материалдық және қоғамдық сана өнімдеріне (ой және сезіммен бөлісу
қажеттілігі, ақпарат алу, музыка тыңдау, әдемілікті көру және т.б.)
тәуелділікті көрсететін рухани болып бөлінеді. Барлық қажеттілік түрлері
арасында үздіксіз байланыстың болатыны айдан анық. Материалдық қажеттілікті
канағаттандырмай рухани қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін емес.
Алайда қажеттілік өздігінен саналы іс-әрекетті тудырмайды. Саналы
қажёттілік мінез-құлықтың - мотиві болып табылады. Іс-әрекетт психологиялық
тұрғыдан талдағанда мотив пен мақсат ұғымдары маңызды орын алалады.
Мақсатсыз, мотивсіз іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Мотив пен мақсат іс-
әрекет кезінде субъект дамытатын күштер шамасы мен іс-әрекеттің бағытын
көрсететін, іс-эрекет шамасын қалыптастырады.
Іс-әрекет мақсаты - бұл адам әрекетінің сипаты мен амалын анықтайтын
заң сияқты, іс-әрекеттің болашақ нәтижесін анық елестету. Мақсат жеке іс-
әрекетке сырттан енгізілмейді, адамның өзі қалыптастырады.
Қалыптастырылмаған мақсат жеке іс-әрекетге жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің
күрделілігі мақсатгың пәнінен қаншалықты алыс екеніне, сондай-ақ адамдағы
бар амалдарға байланысты болады.
Сонымен біз мақсаттарды алыс және жақын деп бөле аламыз. Егер адам
жақын мақсаттарды ғана басшылыққа алса - оның әрекетінің болашағы болмайды.

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
Іс-әрекет - тарихи қоғамдық дәреже. Кез келген іс-әрекет қоғам
әрекетімен үздіксіз байланыста, кез келген жеке адам - басқа адамдармен
байланыста болады. Жекелеген іс-әрекет қоғамдық байланыстар мен
қатынастардан тыс бола алмайды. Мәселен, аралда жалғыз қалған Робинзон
Крузоның өзі қоғамда өмір сүрген кездегі қалыптасқан ережелерге,
ұстанымдарға сәйкестеп өз өмірін ұйымдастырады. Жекелеген іс-әрекет
қоғамдық әрекеттің құрамды бөлшегі ғана болғандықтан, оны талдауды осы іс-
әрекеттің қоғамдық өмір жүйесіндегі қызметін зерттеуден бастау керек.
Іс-әрекетгің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек.
Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша
айрықшаланады. Ойын - өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып
көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды
проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар.
Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір
қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру
қабілеттілігі - адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет
ойында пайда болады жэне ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып,
ойын одан өзгеше болады.
Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі
келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын
әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды
эрекеттер ғана жасалады. Ойын эрекеттері түрткідегі, мотивтегі әрекет
мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын,
қажеттіліктердің кездесуі, оның эрекетінің мотивін білдіретін сұраулары
және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет
болып табылады.
Ойын әрекетіндегі бір заттар, ойындағы орындалатын функция мағынасына
ие бола отырып, басқа заттармен алмасады. Ойынның осы ерекшеліктерінің
нэтижесінде ол қиялдағы жағдайға өтеді. Ойынның қиялдағы жағдайга өтуі
шындықтан алыстау болып есептеледі ме? Әрі иә, әрі жоқ. Ойында шындықтан
алыстау да және оған ену де бар. Ойын әрекетінде нәрсенің бэрі шындықтан
алынады. Ойындағы мақсаттар, сезімдер, тілектер рас па? Ойнаушы орындайтын
рөлдің сезімі, тілегі, ойы - бұл оның сезімі, тілегі, ойы, өйткені ол
өзінің қиялындағы жаңа жағдайда да болады. Бұл қиял жағдайындағы оның
сезімдері - оның шынайы сезімдері, ол оларды шынымен сезінеді.
Қандай да бір рөлді ойнаушы бала басқа тұлғаға жәй ғана жалған етіп
қоймай, ол өзінің тұлғасын кемітеді, байытады, тереңдетеді.
Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды.
Кішкентай бала (1-2 жас) зат болмаса әрекетті көрсете алмайды, бірақ оның
сөйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін.
Өзін-өзі мойындаудың дамуы балаға өз "Менің" сыртқы әлемнен бөліп
алуға мүмкіндік береді. Балалар өзіне ересек адамдардың әр түрлі
функцияларын "өлшей" бастайды. Егер екі жастағы ұл бала машинаны жіп арқылы
жәй сүйресе, ол төрт жасқа келгенде жүргізушінің рөлін атқарады. Рөлдік
ойын пайда болады.
Балалардың алғашқы ойындарында ересек адамдардың басшылық ықпалы айқын
көрінеді. Ересек адам ойыншықтарды "ойнатады". Содан соң балалар оған
еліктеп өз беттерімен ойнай бастайды. Одан кейін ойынды ұйымдастыру
бастамасы балаларға көшеді. Алайда, бұл кезеңде ересек адамдардың басшылық
рөлі сақталады.
Балардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы
екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда
болуына жеткізеді. Функционалдық ойын сәбилер алдында заттардың оларға
белгісіз қасиеттері, заттармен әрекет жасау әдістері ашылады. Мысалы, бала
есікті тұңғыш рет кілтпен ашып, жауып көргеннен кейін, реті келсе-ақ бұл
әрекетті сан рет қайталауға әуес болады. Бұл әрекетті ойындық жағдайларға
да енгізеді. Ойын кезінде балалар кілтті бұрағандай етіп ауада қимыл жасап,
оның дыбыстарын салады.
Ойын баланың қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді. Ол ойын үстінде өзіне
қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады. Ол ойын кезінде
бірде ғарыш кемесінің капитаны, бірде ондагы жолаушы, енді бірде ғарыш
кемесінің ұшуын тамашалаушы керермен ролін атқарады. Бұл ойындар ұжымдық
сезімге жэне жауапкершілікке, бірге ойнайтын жолдастарын сыйлауға
тәрбиелейді. Ойынға қажет заттар ойынды қызықты ете түседі.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі
болғанымен іс-әрекеттің басқа түрлерін жоққа шығармайды. 3-4 жастан бастап
сәби өзіне-өзі қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті-қолын жууды, киінуді,
ойнап болған соң қуыршақтарды жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6 жаста
балалардың міндетіне бөлмелердегі өсімдіктерді күту, үлкендерге қолқабыс
ету, т.б. осы сияқты іс қосылады. Балалар бақшасында сәбилер асханада,
хайуанаттар бұрышында, ойын бөлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен
атқарады.
Шаруашылық жөнінде шамасы келетін тапсырмалар беру баланың бойында
еңбек дағдысын қалыптастырып бекітеді, іске жауапты қарау, жолдас қамын
ойлау, тиянақтылық сияқты игі психологиялық қасиеттерді тәрбиелеуге
көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне оқу элементтері де
енгізіледі. Олар балалардың қабілетін дамытатын дидактикалық
ойындарға байланысты. Мысалы, "Жануарлар" лотосы сәбиді
карточкаларда бейнеленген заттарды жіктеуге үйрететін ойын.
Балалар бақшасында ана тілі (сөздік қорды молайту) сан үйрену
сабақтары жүргізіледі. Қазіргі кезде ересек топтарда балаларды
мектепке дайындау сабақтары ұйымдастырылып жүр. Мектеп жасына
дейінгі сәбилерді балалар мекемелері қабырғасында музыкаға, сурет
салуға, шет тіліне үйрету жөнінен де игі тәжірибе жинақталып келеді.
Жоғарыда сөз етілген іс-әрекет түрлерінің бәрі де: ойын, еңбек
және оқу элементтері – сәбиді мектепке дайындайды.
Оқу. Тарихи даму үрдісінде еңбек түрлері жетілдіріліп,
күрделене түсті. Осыған байланысты еңбек іс-әрекетіне қажетті оның
өз үрдісіндегі білімдер мен дағдыларды меңгеру әлдеқайда қиын
болды. Сондықтан адамды ары қарайғы еңбек әрекетіне дайындау
мақсатымен оқуды қалыптастыру керек болды. Бұл үшін адамзат өсіп
келе жатқан ұрпақтар өмірінен ерекше кезеңді бөліп, оқу негізі іс-
әрекет болып табылатын тіршіліктің арнайы түрлерін жасады.
Оку іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның
өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы
мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айрықшаланады:
оқуда, еңбекте сияқты, тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және
оқу жұмысы міндеттерден құралып келеді. Оқудағы тұлғаның жалпы мақсаты енді
ойын емес - еңбек. Сонымен оқудың негізгі мақсаты - бұл болашақ өзіндік
еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы - адамның алдыңғы еңбегі жасаган
қорытынды нәтижелерді меңгеру. Оқыту -білімді беру және меңгерудің екі
жақты үрдісі, оған оқушы мен оқытушының ара-қатынасы енеді; оқу - енжар
қабылдау емес, оқытушы беретін білімдерді жай ғана алу емес, оларды
меңгеру.
Еңбек. Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі - еңбек болып
табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзінің
негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның (емес, қоғамдық
ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының
ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша,
қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытгалған іс-әрекет болып
саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне,
оның қорытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің
мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі
емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан
адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа
адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі
саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы
да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек эрекетінің негізгі мотивтерін
құрайды. Еңбек ету - өзіңді эрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-
әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен
көріністері қатысады.
Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін
қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.
Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік
қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен
еңбек мотивін қалыптастырады.
Адамның еңбектегі қабілеті мен жеке басының қасиеттері тек қанаушы тап
жоқ қоғамда ғана толық ашылады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге
жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей
байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүдеден тумайды,
сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан да тұрады. Отан игілігі үшін еңбек
ету, біздің қоғамда әрбір еңбеккердің тұрмысы жайлы қоғамдық байлықтың
артуына байланысты екенін сезіну іс-әрекетте қоғамдық себептердің рөлін
ұлғайта түседі.
Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы, жеке басының қасиеті
ашылып, қалыптасады. Өндіріс еңбеккер алдында іске тек шығармашылықпен
қарағанда ғана шешуге болатын көптеген мәселелік жағдайлар мен міндеттер
қояды. Сөйтіп өндіріс адамның таным белсенлілігіне ықпалды әсер жасап, оның
білімін, икемділігін, дағдыларын жетілдіруге итермелейді. Бүгінгі өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығы өндірісінде туатын мшдеттерді шешу, жан-жақты
жалпы техникалық әзірлікті талап етеді.
Еңбек өнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу - өндіріс
үрдісінде адамға әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін көрсетті.
Бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы
еңбек ету және үзіліс тэртібі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас
т.б. сияқты факторлардың бәрі еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Осының бәрі жиналып адамның көңіл күйін құрайды,
оның еңбекте күш жұмсауын жецілдетеді немесе керісінше
қиындатады.
Біздің елімізде қол жеткен техникалық үрдіске орай мұғалім еңбегінің
ерекшеліктері жэне оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар
едэуір өзгерді. Бұқаралык коммуникация құралдарының (баспасөз, радио, кино,
теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық
саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге
дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне
қоятын талап бұрынғыдан гөрі жоғарылай түсті. Оның міндетіне: оқушыны нағыз
адал етіп тәрбиелеу және мектеп оқушыларының білімге құштарлығын
қалыптастыру сияқты психологиялық қажетке байланысты туып
отыратындығы.

АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Іс-әрекеттің құрылысын талдаудың алғашқы ұмтылыстары оның
элементтерін елестетумен байланысты болды. Оларға алу, көтеру, қою сияқты
қарапайым қозғалыстар жатады.
Инженерлік психологияның дамуына байланысты әрекетті
алгоритмдер түрінде сипаттау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Біріккен сабақ
Шағын комплектілі мектепте математиканы оқытудағы өзбетінше жұмыстың түрлері
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Пәндер