Жеке адам және қарым қатынас психологиясы



1 Жеке адам және қарым қатынас психологиясы
1.1 Жеке адам туралы түсінік
1.2 Қарым қатынас туралы ұғым
1.3 Топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым.қатынасы. Топтағы жеке адамның алатын орны
2. Темперамент түрлері:холерик, сангвиник,
Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол қоғам мүшесі. Ол – адамға тән ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды.
Психологияда «адам» түсінігінен басқа да «индивид», «тұлға», «индивидуалдылық» сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. «тұлға» немесе «жеке адам» түсінігінің мәні – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді, сондықтан бірдей тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән белгілері мен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын «индивидуалдылық» деп атайды.
Жеке адам табиғаты жағынан «әлеуметтік» бола тұрып, өзінде «биологиялық ұйымның» іздерін ұстап келеді. Жеке адамның дамуында туа біткен биологиялық ерекшеліктер мен өмір сүру барысында иеленген, әлеуметтік ерекшеліктердің мәні қандай, олардың бір-бірімен байланысы мен бір-біріне қатынастары қашншалықты зор?
Көптеген психологиялық концепцияларда «адамның психикасына биологиялық жағдай жасалған» деген пікір айтылады. Бұл көзқарасты ұстанатын болсақ, онда адамның қасиеттері мен ерекшеліктері (мінез, қабілет және т.б.) туа пайда болған. Отандық психологияның өкілдері болса «жеке адам табиғаты жағынан әлеуметтік болып табылады, оның психикалық қасиеттері, творчестволық белсенділігінің даму көздері қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда» деген көзқарасты ұсынады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жеке адам және қарым қатынас психологиясы
1.1 Жеке адам туралы түсінік

Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті
еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы
биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол қоғам мүшесі. Ол
– адамға тән ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қарым-
қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды.

Психологияда адам түсінігінен басқа да индивид, тұлға,
индивидуалдылық сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана
биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. тұлға немесе жеке адам
түсінігінің мәні – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-
әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді,
сондықтан бірдей тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән
белгілері мен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын индивидуалдылық
деп атайды.

Жеке адам табиғаты жағынан әлеуметтік бола тұрып, өзінде биологиялық
ұйымның іздерін ұстап келеді. Жеке адамның дамуында туа біткен
биологиялық ерекшеліктер мен өмір сүру барысында иеленген, әлеуметтік
ерекшеліктердің мәні қандай, олардың бір-бірімен байланысы мен бір-біріне
қатынастары қашншалықты зор?

Көптеген психологиялық концепцияларда адамның психикасына биологиялық
жағдай жасалған деген пікір айтылады. Бұл көзқарасты ұстанатын болсақ,
онда адамның қасиеттері мен ерекшеліктері (мінез, қабілет және т.б.) туа
пайда болған. Отандық психологияның өкілдері болса жеке адам табиғаты
жағынан әлеуметтік болып табылады, оның психикалық қасиеттері,
творчестволық белсенділігінің даму көздері қоршаған әлеуметтік ортада,
қоғамда деген көзқарасты ұсынады.

Жеке адамның даму процесі оның көп адамдар өтіп кеткен өмір жолын, өмірдің
әлеуметтік және қоғамдық жақтарына үйрену процесі ретінде қарастырылады.
Биологиялық ерекшеліктер адамның мінезін, қабілеттерін анықтай алмайды,
олар психикалық даму жағдайының алғашқы сатысы, алғышарты ретінде болады.

Жеке адамның басты психологиялық мінездемелері:

1.Қасиеттерінің тұрақтылығы. Психикалық құбылыстардың пластикалығына
байланысты жеке адамның психикалық тұрақтылығы болу керек.

2. Жеке адам тұтастығы. Жеке адам біртұтас ағза болып табылады және оған
тән белгілер бір-бірімен өте тығыз байланысты.

3. Жеке адам белсенділігі. Ол сыртқы ортаны, сонымен қатар өзінің
психикалық қорын өзгертуге, тануға бағытталған адамның әр түрлі және жан-
жақты іс-әрекет түрінен байқалады, айқындалады.

Жеке адам – күрделі тұтастық. Бірақ онда негізгі 3 жақты бөліп алуға
болады: 1) Жеке адам бағыттылығы. Оған адамның сыртқы ортаға қатынасы,
мінез-құлық мотивациясы жатады (қажеттілік, мотив, мақсат және т.б.). 2)
Жеке адам мүмкіндіктері, іс-әрекеттерінің нәтижелі болуының психологиялық
алғышарттары. 3) Стиль. Жеке адам жүріс-тұрысының психологиялық
ерекшелітері (темперамент, мінез). Осылайша, жеке адам адамның қалай
және неге солай әрекет ететінін сипаттайды.

Бағыттылық – жеке адамның негізгі мінездемесі. Бағыттылық жеке адамның
мақсат қоюымен, мотивтерімен байланысты. Басқаша айтқанда жеке адамның
жүріс-тұрысының жүргізуші күші ретінде адамның мотивациялық өрісі болып
табылады. Мотивтік өріске жататын қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар,
міндеттер, қызығушылықтар, қалаулар мен ниеттер.

Адамның іс-әрекетін бағытаушы әрі оны нақты жағдайларға икімдестіруші
тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт бағдары деп атайды.
Бағыт - бағдар кұрамына бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмытылыс,
Қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, наным.

Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы
белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.

Дара адами факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа
адамдармен теңістіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару
процесі; персониализация, - дара адамның өз басынан басқа адамдар өмірінде
қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің
кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алу.

Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз Мені негізінде қатынас түзеді.
Ғылымда жеке адамдық рефлексия деп аталған Мен ұғымы өзі ішінде әр
адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу
сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне-өзі берген бағасының астам не
төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.

1.2 Қарым қатынас туралы ұғым

Іс-әрекет дегеніміз белгілі кажетіліктерді қанағатандыруға арналған
әрекетер жиытығы. Іс-әрекет түрлері-ойын, оқу, еңбек. Іс-әрекет үстінде
сана қалыптасады. Сана іс-әрекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әрекете
көрінеді . психологияда әрекеттің екі түрі болады; бірі дененің затпен
айналысу әрекеті, сыртқы моторлық және ақыл-ойдың психикалық әрекеті.Сыртқы
әрекетің ішкі амалға ауысуы интериоризация, ақыл-ой әрекетің заттармен
әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Іс-әрекет адамның
өмір жасын анықтайды. Психикамен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар.
Бір жағынан психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады , екінші
жағынае психика іс-әрекетті реттеп отырады.

Белгілі бір іс-әрекетте адамды не итермелейді? Жүргізуші себеп ретінде
қажеттіліктер болып табылады. Қажеттілік – іс-әрекеттенуге итермелейтін
күш. Адам оны бір зат қажет деп саналы түрде түсініп, сезінеді.
Қажеттіліктердің түрлері: табиғи: тамақтану, демалу, суықтан қорғану, т.б.
бұл биологиялық қажеттілік болып табылады, бірақ олардың қанағаттануы
әлеуметтік түрде өтеді. Табиғи қажеттіліктер мен қатар адамда әлеуметтік
қажеттіліктер бар: қарым-қатынас, білім алу, шығармашылық, өзін-өзі
өзектендіру және т.б. Қажеттіліктердің нақты білінуі - мотив деп аталады.
Әр қажеттіліктер оны қанағанттандаыру дәрежелері санасыз түрде эмоциялар
арқылы болады. Ал мотив дегеніміз адамның санысында адамның жүріс-тұрысын
бағыттайтын объект болып табылады. Басқаша айтқанда, мотивтер саналы
болады немесе потенциалды саналы.

Мақсат – тағы басқа жеке адамның итермелейтін күші болады. Ол адамның жүріс-
тұрысын бағыттайтын саналы нәтиже. Әр қажеттіліктер әр түрлі мотивтерді
оятады, ал әр мотив әр түрлі мақсаттар арқылы қанағаттандырылады.
Міндеттер, қызығушылықтар, қалаулар мен ниеттер де адамның жүріс-тұрысының
итермелейтін күші болып табылады.

Міндет (задача) адамның мақсатқа жету барысында кедергілер кездескенде
пайда болады.

Қызығушылықтар – адамның бір пәнге белсенді танымдылық бағыттылығы. Ол
позитивті эмоциялармен байланысты. Қызығушылықтар-дың сипаттамалары:
мазмұны, кеңдік, тереңдік, тұрақтылық және белсенділік.

Қалаулар мен ниеттер – бірмезетте пайда болатын және тез өзгеретін
субъективтік қалып.

Жалпы мотивациялық өрісті бірнеше параметр бойынша бағалауға болады:

1. Даму дәрежесі – мотивация факторларының көп түрлілігі. Егер адамда
қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар көп болса, онда адамның мотивациялық
өрісі жоғары деңгейде.

2. Иілгіштік. Иілгіш мотивациялық өріс - әр түрлі қажеттіліктерді
қанағанттандыру әр түрлі мотивтер қолданылатын өріс; бір мотивті
қанағаттандыру үшін әр түрлі мақсаттар қойылады.

Жеке адамның әрекеті еңбек іс-әрекетінің қандайда бір көрінісі ретінде
қалыптасқан. Белгілі қоғамдық қызметке бағытталған әрәкет жиынтығы еңбектік
іс-әрекетінің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік іс-әрекет әрдайым
белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді.
Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы – адамның басқа жануар дүниесінен
ажырау белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды болғанымен, оның бір өзі
әрекеттің толық мәнін таныта алмайды. Іс-әрекет бағдарланған мақсат өзінің
біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетем дегенше адам бір-біріне
байланысты, ізбе-із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура
келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер операциялар деп аталады. Әр
түрлі мақсат көздеген іс-әрекет орындалу барысының әр мезетіне орай іске
асып аторатын осы операциялардан құралады.Адам іс-әрекеті әркилы және әр
деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге асырылады. Затқа бағдарланған осы
әрекет қимылдар бірікпесінен жасалады. Олар: алу, орын ауыстыру, босату.
Сапалық жағынан бұл қимылдар әлді-әлсіз, дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, епті-
епсіз, бағадарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.

Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты
ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен, әрқандай
заттық әрекет белгілі қимылдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл
қимылдар әрекеттің мақсатына, заттын қасиетіне және әрекет шарттарына
байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуына қатысатын кимылдар өздігінен не
бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке
ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген
қатынасына қарай іске араластырылады . Ниет өзгеріс қозғалыс ауқымын да
бұрып жіберді .

1.3 Топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. Топтағы жеке
адамның алатын орны

Кез келген ұжымдық іс-әрекеттің табыстылығының негізгі қақтығысы және
конфортацияға қарсы серіктес және өзара көмек қатынастары болып табылады.
Біріккен іс-әрекетте бағытталған жүріс-тұрыс белгілі бір алғышарттардың
болуын қажет етеді. Кооперативті өзара тәуелділік қалыптасуында шарттар
ретінде келесілер бөлінеді

• ақпараттың алмасуының тәуелсіздігімен ашықтылығы;

• бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін;

• өзара қостаушы әрекеттер, олардың шынайылығына деген сенімі;

• жақтардың арасындағы достық сүйгіштік, сенімділік қатынастар;

Өз кезегінде, жақтардың өзара сенімділігіне мыналар әсер етеді: өзара
табыстарды жеңілдететін бейтарап адамдардың бар болуы; басқа адамдардың
әрекеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Психология жайлы түсінік
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
Жеке тұлға психологиясы
Психология ғылым ретінде
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Гендерлік психология саласының мақсат-міндеттері, пәні, объектісі.
Даму психологиясының әдістерін топтастыру
Психология тарихы туралы
Пәндер