Бұқар жырау жайында



Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Бұқардың Тәуке тұсында-ақ ордадағы белді би, батагөй ақсақалдардың бірі болғандығы аңғарылады.
Әз-Тәуке ханның сүйікті ұлы өліпті дейді бір әңгіме. Хан аза тұтып, бас көтермей, ас ішпей жатып алыпты. Ұлы жүзден Үйсін Төле би, Орта жүздне Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Қаражігіт би барып көңіл айтқан екен, Әз-Тәуке жұбанбапты, қайғысы басылмапты. Сонда қаралы ханның көңілін делбеп, басын сүйіп ас ішкізуші Бұқар жырау болады. Бұқардың осы ретте айтылған жыры сақталған.
«Ханымыз отыр аһ ұрып,
Халқымыз отыр бас ұрып...
Сабаны әкел ордаға,
Құран оқыт молдаға,
Ханның сөзі түзік деп,
Орынсыз сөзд жолдама.
Бұрынғы өткен бәрі өлді,
Қарсы болма аллаға.
Төле, Қазыбек кісіміз.
Жақсы, жаман, кішіміз,
Бұл сөзіме түсіңіз,
Дәмңізді ішіңіз.
Риза болсаң құдайға
Түзелер сонда ісіңіз».
Осы сөздердің өзінен-ақ Бұқардың Тәуке алдында өтімді, беделді адам болғандығы аңғарылады.
Атақты Үйсін Төле би: «Елге бай құт емес, би құт» деген екен. өзі мыңғыраған бай Төленің бұл сөздері Бұқар заманында билердің қандай қоғамдық күш болғанын аңғартады. Бұқар заманының билері-малымен емес, сөзімен кісілікті жандар. Олардың көбі-ақ кедей болған.
М. Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы , “Ана тілі” 1992.

Бес ғасыр жырлайды.Алматы, “Жазушы” 1989.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Бұқардың Тәуке тұсында-ақ
ордадағы белді би, батагөй ақсақалдардың бірі болғандығы аңғарылады.
Әз-Тәуке ханның сүйікті ұлы өліпті дейді бір әңгіме. Хан аза
тұтып, бас көтермей, ас ішпей жатып алыпты. Ұлы жүзден Үйсін Төле
би, Орта жүздне Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Қаражігіт би
барып көңіл айтқан екен, Әз-Тәуке жұбанбапты, қайғысы басылмапты.
Сонда қаралы ханның көңілін делбеп, басын сүйіп ас ішкізуші Бұқар
жырау болады. Бұқардың осы ретте айтылған жыры сақталған.
Ханымыз отыр аһ ұрып,
Халқымыз отыр бас ұрып...
Сабаны әкел ордаға,
Құран оқыт молдаға,
Ханның сөзі түзік деп,
Орынсыз сөзд жолдама.
Бұрынғы өткен бәрі өлді,
Қарсы болма аллаға.
Төле, Қазыбек кісіміз.
Жақсы, жаман, кішіміз,
Бұл сөзіме түсіңіз,
Дәмңізді ішіңіз.
Риза болсаң құдайға
Түзелер сонда ісіңіз.
Осы сөздердің өзінен-ақ Бұқардың Тәуке алдында өтімді, беделді
адам болғандығы аңғарылады.
Атақты Үйсін Төле би: Елге бай құт емес, би құт деген екен.
өзі мыңғыраған бай Төленің бұл сөздері Бұқар заманында билердің
қандай қоғамдық күш болғанын аңғартады. Бұқар заманының билері-
малымен емес, сөзімен кісілікті жандар. Олардың көбі-ақ кедей болған.
Бұл ретте Орманбай байдың үйіне Абылай келіп қалып, қонағасыға не
соярын білмей қысылғанда айтқан:
Хан Абылай келгенде
Тоқты сойсам жетпейді,
Енесін сойсам тоқтының,
Оның орны бітпейді,-
деген сөздерін келтіре кетуге болады.
Бұқардың мал жиюды кәсіп етпегендігі көрінеді. Мәртебе жолын
Әз-Тәуке ханның сарйында бастағанмен, сақал-шашы бурыл тартып, алпыс
жасқа келген кезінің өзінде жырау қара таяқты кедей күйінде
қалған.
Бұқар малсыз адам екен деп жазады Мәшһүр. Өзіне ағайын бір
байдан мінуге ат сұрапты. Бай бергісі келмей бірталай уақыт
алдаусыратып жүріпті де, ақыры бір күні Бұқардың қолына екі қары
бөз қыстырып құтылмақ болыпты. Сонда Бұқардың айтқаны:
Бұқарекең-біз келдік,
Ақан, Төбет байларға.
Бесті берсең семіз бер
Жаздай Бұқар жайларға.
Бермейін деп атама,
Асауыңды матама,
Шынжырыңнан берік тартсам,
Шамырқанып, шамданып,
Шалқасынан жата ма,
Алпыстағы Бұқардың
Сілесі құрып қата ма,
Құлдарың мен күндерің
Мерекеге бата ма,
Келіп едім өзіңе,
Түнеугі айтқан сөзіңе.
Тіпті разы болмаймын
Керегінің басында
Екі қары бөзіңе.
Бермей қалсаң осы жол,
Жолықпаймын деп ойлама
Жортуылшы ердің көзіне.
Бұл-ақтабан-шұбырындыдан соңғы аласапыранның тұсы, атадан ұл,
анадан қз айрылып, исі қазақ күйзелген дәуір. Осы қилы заман
кезінде Бұқардың шаруашылығы шайқалып,дәулеті суалған болуы да
мүмкін.
Алайда көп ұзамай Абылай сұлтан көтерілген кезде Бұқардың да
жұлдызы жанады. Жырау қайтадан ақ ордаға енеді, және одан өлгенінше
шықпайды.
Бірде Абылай: “Қазына қайда?”- деп сұрағанда жырау:’’Басы
жеткен жігіттің екі езуі қазына: бір езуі- алтын,бір езуі-күміс,аузы-
қазына” –депті.
Бұқардың өзі осы қазынаны-сөз өнерін жеріне жете меңгерген
еді. ’’Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен,-
деп жазады Мәшһүр Жүсіп.- Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі
бүлкілдеп жырлай бастайды екен’’
Мемлекет істерінде өзіндік беті болған Бұқар- хан тая соқты
деп есептесе, өз айтқанын орындатуға тырысады. Кеңесін тыңдамаса
өткір тілмен шенеп, ақылына келтіріп, дегеніне көндіріп отырады.
Хан тасыса жырау оны басып, билікке бірден ие бола кетпегенін,
жас кезінде талай қиыншылықтар көре келіп, бұл күнге қарашыларының
арқасында жеткенін есіне салады.
’’Ай, Абылай, Абылай,
Сен мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет хандарға
Қызметші болып тұр едің,
Сен қай жерден жүріп жетілдің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің!’’
Аяз бидің тәубеден жаңылмау үшін бұрынғы шоқпыт киімдерін есікке
шегелеп қойғаны сияқты, Бұқар да Абылайдың өткенін ұмыттырғысы
келмейді.
Әрине, Абылай құл емес, хан тұқымы. Алайда Бұқар осының өзін,
Абылайдың “Арқар ұранды’’ Шыңғыс әулеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жекелей поэзиялық шығармашылықтағы азаттық туын ұстаған жыраулар
Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары
Құжат түсiнiгi және қызметі, түрлерi және деректемелерi
Доспамбет жыраудың толғаулары
Бұқар жырау толғаулары
Бұқар жырау - XVII ғасырда қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі
XVIII ғ. қазақ халық шығармашылығындағы азаттық күрестің бейнеленуі
Пәндер