Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . .

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕК

НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .

1. 1 Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері . . .

1. 2 еңбек нарығының негізгі проблемалары мен перспективалары . . .

  1. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚОРҒАУ . . .

2. 1 еңбек нарығының болашағы және зейнетақы . . .

2. 2 еңбек нарығын реттеудегі әлеуметтік әріптестік және оның дамуы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты, қоғам дамуындағы рөлі өзгермесе де, әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да нарықтық экономика кезеңінде еңбек қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді. Егер нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижесіне, еңбек өнімділігінің сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі мәнін жоғалтқан болар еді.

Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында « еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар » - делінген.

Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек қатынастарын реттеу.

Сонымен қатар нарықты экономика еңбек нарығы мен жұмыс күшінің қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге сатылады. Олар нарықта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Нарық болса, сұранысқа байланысты жұмыс күшінің бағасын төмендетуге тырысады. Ал адам жұмыс күшінің иесі ретінде, бәскелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған күнде жұмыссыздар санының көбейу қаупі туады.

Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа орналасу мәселелері туады. Жалданатын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын талаптарында өзіне қажеттілігіне, оның жай - күйіне, біліктілік - мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды - психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық - психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме - дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.

Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім - шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт - бұл жалдаушы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.

Еңбек қатынастарындағы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар тапшылықтың жұмыс орнын қамтуы нарық экономикалық тұтқасы. Мұның өзі қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне, жоғары нәтижеге жетуіне, оның еңбек ұжымының және жолдауының алдында жауапкершілігін күшейтуіне әсерін тигізуі ықтимал. Егер екі жақ бір - біріне сенімділік білдірсе өзара шартты ұзартуына, тіпті өмірлік шарт жасауға болады.

1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы

Қазақстан Республикасы нарықтық қарым - қатынасқа көшіп жатқан кезеңінде көптеген күрделі мәселелерді дәйекті шешуге тура келді. Олардың бірі - еңбек нарқын қалыптастыру және дамыту.

Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси - экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.

Сонымен қатар еңбек нарығында бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелер - ол халықты жұмыспен қамту ғана емес, оған жұмыссыздық та кіреді. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту, демек еңбек нарқын қалыптастыру

өндірістік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерінен бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің, нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық сфералары мен салалары және территория бойынша бөлудің және қайта бөлудің оптималды тепе - теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, Республикамызда еңбек нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осы. Олай болса Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі еңбек нарығын құрудың ауданы қандай, осы бағыттағы нақтылы көкейкесті мәселелерді шешудің барысы қалай ?

Қазіргі жағдайда, нақты және анық айтатын болсақ, еңбек нарығы жөнінде әңгімелеу әзірше ертерек. Еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту бірнеше кезеңдерден тұратын және белгілі бір мерзімді қажетсінетін аса күрделі және өте жауапты экономикалық- әлеуметтік әртекті кешенді процестердің жиынтығы.

Осы айтылғандар өзара әсер ететін үндес және сабақтас жатқан процестер. Еңбек нарығын қалыптастыруда және дамыту барысында Республикамыздың тарихи дамыту белестерін, дәстүрін, тәжірбиесін, аймақтың ерекшеліктерін әр кез есте сақтаған абзал. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында еңбек нарығының қалыптасуына саяси ахуал, экономикалық - әлеуметтік даму, нарықтық инфрақұрылымдар, демографиялық процестер, аймақтық ерекшеліктер тікелей әсер етіп отыр. Қазір саяси ахуал және ұлтаралық қатынастар тұрақтана түсуде. Өркениетті бағыт өзінің қиындығына қарамастан тура қалыптасып келеді. Осы мәселе жөніндегі бүкіл әлемдік үлгіге бет алуымыз тарихи маңызы бар жұмыс, еңбек нарығын дамытуға берері мол жұмыс.

Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы келесі жағдай - экономикалық - әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезеңінде жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің арқасында оңды сипатқа және нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күн көріс әрекеті сырғақ бағытқа ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабынан әлде қайда төмен жатыр. Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандай да бір жеңіл - желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда.

Еңбек нарығының дамуына әсер ететін келесі жағдай - демографиялық ахуал. Бұл бағыттың алғаш өзгерістерімен өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, өмірге келетін сәбилердің деңгейі біршама төмендейді, өлім көбейді, өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса азайды, жасы ұлғайған адамдардың үлес салмағы өсті және он жеті жасқа дейінгі жас өспірімдердің үлес салмағының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының халқының ұдайы өсімі (демографиялық процесс) прогрессивті типте. Демек, экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытуда аймақтық ерекшеліктер бар. Тұрғындардың көпшілігі ауылдық жерде тұрады, үй шаруашылығымен айналысатындардың үлес салмағы жоғары. Оңтүстік Қазақстан аймағында еңбекке жарамды адамдардың 28, 5% пайызы үй шаруашылығында жұмыс істейді. Кейбір жекелеген облыстар мен аудандарда бұл көрсеткіш біршама жоғары. Үй шаруашылығында жұмыс істейтіндердің кәсіби білімі және біліктілігі қажеттілікпен көбі төмен екендігін еске алсақ еңбек нарығының дұрыс қалыптасуына жеке ілгері дамып кетуі қалыптасуына және ілгері дамып кетуіне тигізіп отырған әсерін аңғару қиын емес.

Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытудың келесі актуалды мәселесі - жұмыссыздық. Негізгі себебі өндірістің бүтіндей немесе жартылай тоқтап қалуы. Республикамызда демалысқа шығуға мәжбүр болғандардың саны 1 астам. Бұлардың 65% пайызы демалыс ақысын алмағандар. Республикамыздың бір ғана Оңтүстік Қазақссіпорындар бар. Басқа аймақтар жөнінде де осыны айтуға болады. (Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жұмыссыздар армиясының қатарын молайту жөнінде де осыны айтуға болады) . Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жұмыссыздар армиясының қатарын молайуы жөнінде айта кететін ақиқат бар. Ол - нарықтық қатынас жағдайында осы процестің үнемі және үздіксіз болып тұратындығына. Демек, жұмыссыздық нарықтық қатынастан туындайтын объективті процесс, бұдан планетамыздағы ешбір мемлекет қашып құтылған емес. Экономикалық өмір шынысының тағы бір шындығы бар. Ол - жұмыссыздықтың деңгейі (көлемі мен шегі) . Бұл жөнінде осы мәселені арнайы зерттеушілер бір пікірге келе алмай отыр. Біздің пікірімізше, жұмыссыздықтың көлемі мен шегі мәңгілік емес, өзгермелі шама, барлық мемлекетте бірдей болуын армандау қиялдың ғана жемісі. Әрбір жеке мемлекеттің өркендеу белестеріне және ерекшеліктеріне сәйкес келетін жұмыссыздықтың оптималды деңгейі болуы қажетті және шартты жағдай. Мақсат - тиімді және оңтайлы дәрежеге ұмтылу және оны қалыптастыру. Осыған орай, Республикамызда кезек күтпейтін мәселелердің бірі - жұмыссыздардың заңды статусын белгілеу, оларды әлеуметтік қорғаудың жүйесіне жасау, төлемдердің көлемдерін белгілеу, оларды есептеу және таратып берудің ыңғайлы қарапайым жүйесіне көшу және т. б.

Бұрын кеңес өкметі кезінде жаңадан зауыт, фабрикалар іске қосылып жатса, оған керекті техниктерді, инженерлерді негізінде Ресей жақтан әкелетін.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайы, соңғы жылдары едәуір шиеленісіп нашарлауда. Қазіргі кезде жастар арасындағы жұмыссыздық көлемі өсіп бара жатыр. Соған орай, жас адамдардың мүмкіндіктері шектеулі, бәсеке қабілетіліктері төмен басқа халық категориясымен салыстырғанда.

Мемлекет ғана 70 - жыл бойы жұмыс беру монополиясы еді. 1991жылға дейін құқылы жалпыға бірдей жұмыс бастылық принципі істеді. Сол кезде көптеген кәсіпорындарда жұмыс күші көп болды. Тіпті 90 - жылы 10 миллион адамнан 20 миллион адамға дейін анықталды. Ал қазір жас балалары, жұмыс таба алмай отырған адамдары бар отбасыларының жағдайы қиындап кетті.

  1. Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері

Қазіргі ұлттық нарықты экономикалық байланыс пен қатынастар ретінде сипаттауға болады. Атап айтсақ, мұнда, біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар, өзара байланыстар анықталса, екіншіден ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайды, үшіншіден, бұл байланыстарда өзар бәсекелестік болады. Бұл аталғандар жалпы заңдылық. Нарықтық шаруашылықтың бір артықшылығы оның өзін-өзі реттеу механизмі бар. Нарықтың барлық түрлеріне осы қасиет тән. Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан алуан, оны: капитал, валюта, бағалы қағаздар, еңбек, ғылыми- техника туындылары, ақпарат және т. б. нарық түрлеріне бөлуге болады. Бұл аталғандардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі- еңбек нарығы. Ендігі мәселе сол еңбек нарығының Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен оның өзіндік ерекшеліктері жөнінде болмақ. Еңбек нарығының басты тұлғасы- жұмысшы күші. Жүргізілген талдау объектісіне экономикалық тұрғыдан белсенді халық алынды. Оның қатарына кономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді. Ал жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін, өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде 3 негізгі көрсеткішке жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмауы), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды. Осы негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып, Қазақстан еңбек нарығындағы кейінгі бес жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерді талдап көрелік.

кесте 1- еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

2001
2002
2003
2004
2005
2006
: Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам
2001: 7479, 1
2002: 7399, 7
2003: 7657, 3
2004: 7840, 6
2005: 7901, 7
2006: 7963, 4
: Экономикалық белсенділік деңгейі, %
2001: 70, 2
2002: 70, 1
2003: 70, 0
2004: 69, 9
2005: 69, 4
2006: 69, 6
: Жұмыспен қамтылған халық, мың адам
2001: 6698, 8
2002: 6708, 9
2003: 6985, 2
2004: 7181, 8
2005: 7261, 0
2006: 7341, 7
: Жұмыспен қамтылу деңгейі, %
2001: 89, 6
2002: 90, 7
2003: 91, 2
2004: 91, 6
2005: 91, 9
2006: 92, 3
: Жалдамалы қызметкерлер, мың адам
2001: 3863, 3
2002: 4030, 2
2003: 4229, 6
2004: 4469, 9
2005: 4640, 5
2006: 4811, 1
: Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %
2001: 57, 7
2002: 60, 1
2003: 60, 6
2004: 62, 2
2005: 63, 9
2006: 64, 1
: Өздігінше жұмыс істейтіндер, мың адам
2001: 2835, 5
2002: 2678, 7
2003: 2755, 6
2004: 2711, 9
2005: 2620, 4
2006: 2611, 3
: Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %
2001: 42, 3
2002: 39, 9
2003: 39, 4
2004: 37, 8
2005: 36, 1
2006: 35, 6
: Жұмыссыз халық, мың адам
2001: 780, 3
2002: 690, 7
2003: 672, 1
2004: 658, 8
2005: 640, 7
2006: 622, 6
: Жұмыссыздық деңгейі, %
2001: 10, 4
2002: 9, 3
2003: 8, 8
2004: 8, 4
2005: 8, 1
2006: 7, 9
: Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам
2001: 3175, 8
2002: 3155, 3
2003: 3278, 6
2004: 3383, 4
2005: 3476, 9
2006: 3575, 5
: Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлығының деңгейі, %
2001: 29, 8
2002: 29, 9
2003: 30, 0
2004: 30, 1
2005: 30, 6
2006: 30, 7

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2005 жылы 7963, 4 мың адам болды. Бұл көрсеткіш 2001жылмен салыстырғанда 484, 4 мың адамға көбейген. Жалпы бес жыл мерзім ішінде жыл сайын белсенді халық саны тұрақты артып отырған. Мұның басты себебінің бірі- қоғамдық өндірістің қарқын ала бастағаны.

Бұған байланысты жыл сайын халықтың жұмыссыздық деңгейі біртіндеп азая түсті. Бірақ та әлі де жұмыссыздық деңгейі белгіленген жоспардан анағұрлым жоғары болып тұр. Сондықтан да Республикада кіші және орта бизнесті барынша дамыту проблемасы кезектегі маңызды мәселелердің бірі деп саналады. Шағын бизнесті өндірістік, қаржылық-несиелік, ақпараттық және құқықтық қолдауға бағытталған кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасын шаралар кешенін жүзеге асыру Қарағанды облысында шағын бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерін өсіре түсті. Бұл облыс бойынша шағын бизнеспен айналысушылар саны 2005 жылмен салыстырғанда 6, 4%-ға артып, 2006жылдың қорытындысы бойынша 101, 1 мың адамға жетті. Өндірілген өнім көлемінің өсу динамикасы 15, 9%-ға артты.

Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясында айқындалған, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы кәсіпорындарды кластерлік бастамаларды жүзеге асыруға көптеп тарту, халықаралық сапа стандартттарын енгізу, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық және несиелік қолдауды жетілдіру, әлеуметтік жауапты бизнесті қалыптастыру сияқты бірінші кезектегі міндеттер алдағы жылы өз шешімін таппақ.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру нәтижесінде әсіресе соңғы жылдарда еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалды. (кесте-2)

Кестеде көрсетілгендей негізінен көптеген көрсеткіштерде оң өзгерістер орын алған, әсіресе жұмысқа қамту жыл сайын жақсара түссе, ал жұмыссыздықпен жүрген халық саны жыл сайын азайған. Демек жаңа жұмыс орынының ашылуына байланысты жұмыскерлерді қайта оқыту, жаңа мамандыққа даярлау мәселелері өз шешімін таппақ.

Нарықтық экономикаға тән нәрсенің бірі - жұмыссыздықтың болуы. Сондықтан да басты міндет бұл көрсеткішті барынше азайта түсу. Бұл құбылыстың қайнар көзін білу үшін жұмыссыз халықты жынысы, жасы және тұратын жері бойынша бөліп талданды. (кесте 3)

кесте 2- еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеруі

2001
2002
2003
2004
2005
2006
: Экономикалық тұрғыдан белсенді халық
2001: 105, 2
2002: 98, 9
2003: 103, 5
2004: 102, 4
2005: 100, 7
2006: 101, 1
: Жұмыспен қамтылған халық
2001: 108, 0
2002: 100, 2
2003: 104, 1
2004: 102, 8
2005: 101, 1
2006: 102, 3
: Жалдамалы қызметкерлер
2001: 110, 2
2002: 104, 3
2003: 104, 9
2004: 105, 7
2005: 103, 8
2006: 104, 1
: Өздігінше жұмыс істейтіндер
2001: 105, 2
2002: 94, 5
2003: 102, 9
2004: 98, 4
2005: 96, 6
2006: 93, 8
: Жұмыссыз халық
2001: 86, 1
2002: 98, 5
2003: 97, 3
2004: 98, 0
2005: 97, 2
2006: 96, 9
: Экономикалық тұрғыдан енжар халық
2001: 86, 9
2002: 99, 4
2003: 103, 9
2004: 103, 2
2005: 102, 7
2006: 103, 1

кесте 3- жұмыссыз халықты жынысы, жасы және тұратын жері бойынша бөлу

( мың адам )

2003
2004
2005
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
: Жұмыссыздар, барлығы
2003: 672, 1
2004: 281, 4
2005: 390, 7
658, 8
277, 4
381, 4
640, 7
265, 3
375, 4
:

Соның ішінде мына 15-24 жастағылар: 25-54

55-64

65 және

одан асқандар

2003: 188, 5
2004: 91, 8
2005: 96, 8
185, 6
87, 4
98, 2
175, 4
80, 0
95, 4
: 457, 1
2003: 175, 6
2004: 281, 4
2005: 451, 2
176, 1
275, 1
446, 1
172, 4
273, 7
: 26, 5
2003: 14, 0
2004: 12, 5
2005: 22, 0
13, 0
9, 0
19, 2
7, 9
11, 3
: -
2003: -
2004: -
2005: -
-
-
-
-
-

Қалалық жерде

2003
2004
2005
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
: Жұмыссыздар, барлығы
2003: 436, 2
2004: 170, 0
2005: 266, 2
427, 7
167, 3
257, 4
416, 7
162, 1
254, 6
:

Соның ішінде мына 15-24 жастағылар: 25-54

55-64

65 және

одан асқандар

2003: 103, 9
2004: 49, 4
2005: 54, 5
101, 4
47, 1
54, 3
99, 5
44, 3
55, 1
: 314, 1
2003: 111, 3
2004: 202, 8
2005: 309, 1
108, 2
200, 9
304, 1
105, 1
199, 0
: 18, 2
2003: 9, 3
2004: 8, 9
2005: 14, 2
5, 3
8, 9
13, 1
6, 1
7, 0
: -
2003: -
2004: -
2005: -
-
-
-
-
-

2005 жылы жұмыссыздар саны 610, 7 мың адамға жетсе, жұмыссыздық деңгейі 8, 1 % құрады. Жұмыссыздардың жалпы санында қалалық жерде 416, 7 мың адам (жұмыссыздық деңгейі 9, 0 %), ауылдық жерде 224 мың адам тіркелді.

Жастар жұмыс сызығының деңгейі 14, 7% қалыптасты.

Жас құрылымы бойынша жұмыссыздар арасында ең көп үлес салмақты 25-54 жастағы жастар -69, 2%, ал 15-24 жастағылар -27, 3% алады. Жұмыссыздар санында 122, 8 мың адамның жоғары білімі, 172, 5 мың адамның орта кәсіптік білімі, 244, 9 мың адамның жалпы орта білімі, 64 мың адамның кәсіптік бастауыш білімі болды.

Ауылдық жерде

2003
2004
2005
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
Бар лығы
еркек тер
әйел дер
: Жұмыссыздар, барлығы
2003: 235, 9
2004: 111, 4
2005: 124, 5
4234, 8
110, 7
124, 1
224
103
121
:

Соның ішінде мына 15-24 жастағылар: 25-54

55-64

65 және

одан асқандар

2003: 84, 6
2004: 42, 4
2005: 42, 2
84, 1
41, 8
42, 3
77, 4
36, 2
41, 2
: 143, 0
2003: 64, 3
2004: 78, 7
2005: 142, 0
63, 9
78, 1
141, 4
61, 3
80, 1
: 8, 3
2003: 4, 7
2004: 3, 6
2005: 8, 7
4, 1
4, 6
5, 2
2, 1
3, 1
: -
2003: -
2004: -
2005: -
-
-
-
-
-

207, 9 мың адам немесе олардың жалпы санынан 33, 8% бір жылдан астам, тиісінше 106, 7 мың адам немесе 17, 4% 6 айдан 12 айға дейін, 153, 9 мың жұмыссыз немесе 25% 6 айға дейін жұмыссыз болды.

2006 жылы сәуірде 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 7, 7 млн. адамды экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 7, 1 млн. адамды жұмыссыздар саны - 621, 2 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 8, 0 % қалыптасты. Осы жылдың 1-ші тоқсанында Республика экономикасында 7, 3 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 63, 2%-ы. Жұмыспен қамтылған халық арасында қалалық жерде 4, 1 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 60, 1%, ауылдық жерде тиісінше 3, 2 млн. немесе 67, 9%. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны 4, 7 млн. адамға, өз бетінше жұмыспен айналысқандар -2, 6 млн. адамға жетті. Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жерде жұмыспен қамтылды - олардың жалпы санынан 79, 5%. Ауылда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен айналысатындар- 5, 3 % құрайды.

2006 жылы сәуірдің жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 113, 4 мың адамды құрады, бұл қткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 7, 3 мың адамға немесе 6%- аз. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі- әйелдер, 47, 3%-ы - ауыл тұрғындары. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 1, 4% болды. арықтық экономика жағдайында еңбек нарығындағы басты мәселелердің бірі жалдамалы қызметкерлер қаралып отырған мерзімде жалдамалы қызметкерлер саны 4, 7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 136 мың адамға көп. Олардың санынан 80, 8% мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, 12, 3% - жеке тұлғаларда, 6, 9% орта кәсіпорындарда 2, 6 млн. адам жұмыс істеді немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 56%-ы, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанындағыға қарағанда 120, 7 мың адамға көп. Олардан 13, 3 мың адам қоса атқарушылық жағдайларында, 16, 4мың адам- азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмысқа тартылды. Ең көп қоса атқарушылар саны білім беруде - олардың жалпы санынан 59, 5% денсаулық сақтауда - 21, 3%, коммуналдық қызмет көрсету саласында - 5, 6%, өнеркәсіпте - 4, 5% шоғырланған. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсету саласында- 64, 8%, өнеркәсіп және балық шаруашылығында - 2% жұмыс істейді.

2006 жылғы наурыздың соңында ірі және орта кәсіпорындарда 16, 1 мың бос жұмыс орны болды. Бұл өткен кезеңдегіден 182 бірлікке аз. Ең көп бос жұмыс орны саны өнеркәсіп кәсіпорындарында - 5417 бірлік, ммлекеттік басқаруда- 4367 бірлік жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында - 1455 бірлік, көлік және байланыста- 1126 бірлік тіркелді.

Аталған жылдың қаңтар- наурызында ірі және орта кәсіпорындарға 201, 4 мың адам жұмысқа қабылданды немесе қызметкерлер санынан 7, 6%, олардан 10, 3 мың адам немесе 5, 1%- қайта құрылған жұыс орындарына алынды. Осы кезең ішінде түрлі себептерге байланысты 186, 5 мың адам, соның ішінде тұрақтамаушылық себептері бойынша - 147, 7 мың адам жұмыстан шықты. Тұрақтамаушылық коэффициенті 5, 6% құрады.

Осы жылдың 1-ші тоқсанында өнеркәсіп кәсіпорындарына 51, 4 мың адам жұмысқа орналасты, олардан қайта құрылған жұмыс орындарына -2, 4 мың адам, құрылыста тиісінше, 32, 9 мың және 2 мың адам, білім беру саласында - 20, 3мың және 0, 5 мың адам, көлік және байланыста- 16, 2 мың және 0, 5 мың адам.

Жұмыстан шыққан қызметкерлердің үлесі өнеркәсіпте олардың жалпы санынан 26, 6%, құрылыста- 16%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру саласында- 9, 9%, көлік және байланыста- 8, 6% құрады.

2006 жылдың 1-ші тоқсанында Қазақстан Еңбек нарығында экономикалық тұрғыдан белсенді 7, 94 млн. адам болды. Оның ішінде жұмыспен қамтылған барлық жастағы адам саны - 7, 2889 млн. Еңбек нарығындағы басты субъектілердің бірі - жалдамалы қызметкерлер саны- 4, 719 млн. адам болса, ал өздігінен жұмыс істейтіндер 2, 569 млн. адам болды. Осы кезеңде 652, 6 жұмыссыздар тіркелді. Жұмыссыздық Қазақстандағы еңбек нарығы бойынша 652610 адам құрап, жұмыссыздық деңгейі 8, 2%-ға құрады.

Еңбек нарығының Қазақстан өңірлері бөлінісінде халықтың экономикалық белсенділігінің деңғейі 8 облыста орташа көрсеткіштен асып түскен.

Ал, халық белсенділігінің ең төмен деңгейі - Павлодар обл. мен Астана, Алматы қалаларына тиіп тұр.

Жұмыссыздардың қомақты үлесі Қызылорда және Маңғыстау обл. болып отыр- бұл обл. жұмыссыздық деңгейі- 9, 8%. Ал, жұмыссыздықтың ең аз деңгейі Қарағанды, Алматы, Шығ. Қазақстан және Оңт. Қазақстан обл. болды. Бұл көрсеткіш аталған обл. тиісінше - 7, 1; 7, 4; 7, 6 және 7, 6.

Сонымен нақты талдау нәтижесіне қорытынды айтсақ, мынандай негізгі түйін мен ұсыныстарды атауға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы туралы ақпарат
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz