Қазақстан және еуропа елдері арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі



Кіріспе 3
1 Еуропадағы туризм қонақжайлылығына сипаттама және
халықаралық туризм экономикалық қатынастарының
теориялық негіздері 5
1.1. Еуропадағы туризм қонақжайлылығына сипаттама 5
1.2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастар
ретінде 17
1.3. Халықаралық туризмнің экономикалық дамуға тигізер әсері 24

2 Қазақстан мен Еуропа елдер арасындағы туристік
қызметтер қатынасының бағыттарын талдау 30
2.1 ЖШС ТК «Гульнар Тур» қызметінің ортақ мінездемесі
және бағыты 30
2.2 Еуропадағы туристік ағымдарға талдау жасау 52
2.3 Қазақстандағы туристік қызметтерінің бағыттарын талдау 60

3 Қазақстан республикасының туристік қатынастардың
кейбір мәселелері мен туристік саладағы мемлекеттік саясаттары 68
3.1 Қазақстанда заманауи туризм индустриясын құрудағы
мәселеле 68
3.2 Халықаралық туризм саласындағы мемлекеттік саясат 73

Қорытынды 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 82
Берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан және Еуропа елдері арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі».
Жұмыстың өзекті мәселесі: Қазақстан мен Еуропа елдер арасындағы туризмнің даму деңгейін қалыптастыру
Туризм - әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Әлемдік туристік ұйым мәліметтері бойынша ол әлемдік ішкі ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Әлемдік туризм ұйымы зерттеулерінің сараптамасына сәйкес арнайы туризм бойынша халықаралық, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясаттарына сәйкес туризм тікелей мемлекеттің әлеуметтік, мәдениеттік және экономикалық өміріне әсерін тигізетін қызмет түрі деп ұғылады.
Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің елімізде басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Қазақстан бірегей құндылықтарға ие, олардың бір бөлігі өзінің әдемілігімен және үйлесімділігімен көздің жауын алатын мәдениет және табиғат ескерткіштері болып табылады. Қазақстанға келген әрбір адам оның қайталанбас бейнесімен, жасыл келбетімен, асқар биіктеріне тәнтті болады.
Туристік ресурстарымыз мол болғанымен, сол өнімдеріміздің шет елдерде насихатталмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы оны экспорттауға кедергі жасап отыр. Бұл бағытта билік тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылуда, атап айтқанда - әртүрлі халықаралық жәрмеңкелерге қатысу, өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдар мен акцияларды жүзеге асыру.
Қазақстан – ежелгілік қазіргі заманмен көршілес тұратын, Еуразияның қақ ортасында орналасқан ірі мемлекет. Сонымен қатар шығыс салт-дәстүрлері батыстың модернімен іргелесіп жатыр. Қазақстанның ежелгі мәдениеті және теңдесі жоқ табиғатымен туристерді таңқалдырады. Сонымен қоса біздің елімізде туризмнің дамуына бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, бірақ та көптеген атқарылатын жұмыстар әлі алда.
Еуропа - әлемдегі ең маңызды қаржылық, сауда және туристік орталық болып табылады. Еуропа құрамына 42 мемлекет кіреді. Еуропа – туристік қатынаста жер шарының ең маңызды аймағы болып табылады. Мұнда ескі әлемдегі алғаш туризм ошақтары пайда болды, мұнда ұйымдастырылған туризм ХІХ ғасырда пайда болды, мұнда туристер көп келетін мемлекеттер орналасқан. Еуропа табиғи ерекшеліктері бойынша алуантүрлі аймақ – мұнда турист суық және орта белбеу аумақтарының барлығымен таныса алады, тіпті туризмде ерекше танымал жерортатеңіздік субтропиктерді де көруге мүмкіндіктері бар.
1. Ердавлетов С.Р. «География туризма в Казахстане». - А.: Гылым, 2005
2. Ердавлетов С., К. Мусин, С. Шабельникова. «Проблемы и перспективы Казахстанского туризма». // Финансы Казахстана, №12, 2010
3. Ердавлетов С. «Изучение туризма необходимо узаконить официально: об актуальных вопросах развития туризма в Казахстане». // Вечерний Алматы. 26.06.2012
4. Айгистова О.В., Забаев Ю.В., Сеселкин А.И. «Введение в бизнес туроперейтинга.» Учебное пособие. - М.: РМАТ, 2010
5. «Академия рынка. Маркетинг» (раздел «Туристический маркетинг») – М.: Экономика,
6. Воскресенский В.Ю. Международный туризм: Учебное пособие. - М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2009 - 255 с.
7. Менеджмент туризма: Туризм и отраслевые системы/Глав. ред. А.Е. Семина. - М.: Финансы и статистика, 2011. - 272 с.: ил.
8. Энциклопедия. Т. 13. Страны. Народы. Цивилизвции/Глав. ред. М.Д.Аксёнова. - М.: Аванта +, 2011. - 704 с.: ил.
9. www.world - tourism.org
10. Досмухамбетов Т. «Визитная карточка Казахстана». // Новое поколение. 18.04.2009№16.
11. Дурович А.П., Копанев А.С. «Маркетинг в туризме». – Минск: Экономпресс,
12. Ергалиев А.Е. «Туристские маршруты пока что на бумаге». // Казахстанская правда. 13.11.
13. Исмаев Д.К. «Основы стратегии и планирования маркетинга в иностранном туризме». – М.: Луч, 2011
14. “Gulnar tour.@com.ru”
15. Исмаев Д.К. «Маркетинг иностранного туризма в РК. Теория и практика деятельности туристских фирм». – М.: НОУ «Луч»,
16. Квартальнов В.А. «Менеджмент туризма». Учебник. М., РМАТ, 2009
17. Квартальнов В.А. «Основы менеджмента туризма». Учебник. М., РМАТ, 1996
18. Квартальнов В А Романов А .А международный туризм . политика развития учеб пасобие – м советский спорт 2009.
19. «Маркетинг». Под ред. А.Н. Романова. – М., 2010
20. Мусин Кобланды – Рашид «Казахстан – Мекка для туристов? Это вполне реально”. // Новое поколение. №17, февраль 2011
21. «Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию». – Алматы: Каржы-каражат, 2009
22. Дмитриевский Ю.Д. Туристские районы мира: Учебное пособие. - Смоленск: СГУ, 2000 - 224 с.

23. Папирян Г.А. МЭО: «Экономика туризма». – М.: Финансы и статистика, 1998
24. Закон Республики Казахстан «О туристской деятельности в Республике Казахстан» от 13 июня 2001 г. № 211-II.
25. Указ Президента Республики Казахстан «О реализации Ташкентской декларации глав тюркоязычных государств, проекта ЮНЕСКО и Всемирной Туристской организации по развитию инфраструктуры туризма на Великом Шелковом пути в Республике Казахстан» № 3476 от 3.04.1997
26. Постановления Правительства по развитию туристской деятельности в Казахстане от 15.06.1992г. и 5.08.1992 №№ 635-653.
27. «Развитие национальных парков и охраняемых территорий в туристических целях: Методические рекомендации». - Мадрид, 1995
28. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
29. www.google.ru
30. www.rambler.ru
31. Ахметова К.А. и др. «Рынок туристских услуг в Казахстане: анализ и основные направления его развития». Вестник КазЭУ. – 2010. - № 6.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет.
Кіріспе
3
1 Еуропадағы туризм қонақжайлылығына сипаттама және
халықаралық туризм экономикалық қатынастарының
теориялық негіздері
5
1.1. Еуропадағы туризм қонақжайлылығына сипаттама
5
1.2. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастар
ретінде
17
1.3. Халықаралық туризмнің экономикалық дамуға тигізер әсері 24

2 Қазақстан мен Еуропа елдер арасындағы туристік
қызметтер қатынасының бағыттарын талдау
30
2.1 ЖШС ТК Гульнар Тур қызметінің ортақ мінездемесі
және бағыты
30
2.2 Еуропадағы туристік ағымдарға талдау жасау
52
2.3 Қазақстандағы туристік қызметтерінің бағыттарын талдау 60

3 Қазақстан республикасының туристік қатынастардың
кейбір мәселелері мен туристік саладағы мемлекеттік саясаттары
68
3.1 Қазақстанда заманауи туризм индустриясын құрудағы
мәселеле
68
3.2 Халықаралық туризм саласындағы мемлекеттік саясат
73

Қорытынды
79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
82

Кіріспе

Берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан және Еуропа елдері
арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі.
Жұмыстың өзекті мәселесі: Қазақстан мен Еуропа елдер арасындағы
туризмнің даму деңгейін қалыптастыру
Туризм - әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Әлемдік
туристік ұйым мәліметтері бойынша ол әлемдік ішкі ұлттық өнімнің оннан бір
бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірісте әрбір 9-шы жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Әлемдік туризм ұйымы
зерттеулерінің сараптамасына сәйкес арнайы туризм бойынша халықаралық,
сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясаттарына сәйкес туризм тікелей
мемлекеттің әлеуметтік, мәдениеттік және экономикалық өміріне әсерін
тигізетін қызмет түрі деп ұғылады.
Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін
құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм
саласына ғана бағытталған. Біздің елімізде басқа елдерден кем емес, тіпті
олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Қазақстан бірегей
құндылықтарға ие, олардың бір бөлігі өзінің әдемілігімен және
үйлесімділігімен көздің жауын алатын мәдениет және табиғат ескерткіштері
болып табылады. Қазақстанға келген әрбір адам оның қайталанбас бейнесімен,
жасыл келбетімен, асқар биіктеріне тәнтті болады.
Туристік ресурстарымыз мол болғанымен, сол өнімдеріміздің шет елдерде
насихатталмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы оны
экспорттауға кедергі жасап отыр. Бұл бағытта билік тарапынан көптеген
шаралар жүзеге асырылуда, атап айтқанда - әртүрлі халықаралық жәрмеңкелерге
қатысу, өз еліміз шеңберінде көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру,
сонымен қатар экологиялық туризмді насихаттайтын туристік фестивальдар мен
акцияларды жүзеге асыру.
Қазақстан – ежелгілік қазіргі заманмен көршілес тұратын, Еуразияның қақ
ортасында орналасқан ірі мемлекет. Сонымен қатар шығыс салт-дәстүрлері
батыстың модернімен іргелесіп жатыр. Қазақстанның ежелгі мәдениеті және
теңдесі жоқ табиғатымен туристерді таңқалдырады. Сонымен қоса біздің
елімізде туризмнің дамуына бүгінгі күні атқарылған жұмыстар аз емес, бірақ
та көптеген атқарылатын жұмыстар әлі алда.
Еуропа - әлемдегі ең маңызды қаржылық, сауда және туристік орталық
болып табылады. Еуропа құрамына 42 мемлекет кіреді. Еуропа – туристік
қатынаста жер шарының ең маңызды аймағы болып табылады. Мұнда ескі әлемдегі
алғаш туризм ошақтары пайда болды, мұнда ұйымдастырылған туризм ХІХ ғасырда
пайда болды, мұнда туристер көп келетін мемлекеттер орналасқан. Еуропа
табиғи ерекшеліктері бойынша алуантүрлі аймақ – мұнда турист суық және орта
белбеу аумақтарының барлығымен таныса алады, тіпті туризмде ерекше танымал
жерортатеңіздік субтропиктерді де көруге мүмкіндіктері бар.
Жұмыстың мақсаты: Еуропа елдер арасындағы туризмдік қатынастардың ел
экономикасының дамуына тигізер әсерін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі тапсырмалар шешімдерін таба
бастады:
- Еуропа елдерінің туризмнің теоретикалық негіздері және халықаралық
туризмнің экономикалық қатынастарын қарастыру;
- Туристік фирмалардың қызметтеріне баға беру;
- Қазақстанда халықаралық туризмнің даму жолдары мен мәселелерін
қарастыру.
Жұмыстығ зерттеу пәні. Туризм индустриясын дамыту Қазақстан үшін өте
тиімді және Еуропа елдерімен туристік қатынастарды дамыту келешегін
қалыптастыру негізделген, бірақ туризмнің кез-келген түрін дамытуға болады,
тек мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілсе болғаны.
Жұмыстың зерттеу объектісі: Зерттеу объектісі болып ЖШС Гульнар тур
туристік кәсіпорыны болып табылады. Яғни туристік компания чартерлік
рейстер арқылы Еуропа елдер бойынша туристік сапарларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар Еуропа елдеріндегі саяхаттар мен Қазақстан бойынша туристік
объектілерді қарастырылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақстан туризмін Еуропа елдеріне танытуда
ең бастысы алға қойған мақсаттар мен мемлекеттік бағдарламалар құрылды. Сол
бағдарламаны жүзеге асырғанда ғана Қазақстан мен Еуропа елдер арасындағы
туристік қатынасты дамыту негізделеді.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Қазақстан туристік ресурстарға бай
ел, бірақ сол ресурстар Шетелдерге таратылу әлсіздеу өйткені біздің елде
жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы байқалады. Соған орай Еуропа
елдерімен туристік қатынастарды дамытуда, ең алдымен Қазақстан халықаралық
жәрмеңкелерге қатысу керек, сонымен қатар өз елімізде туристік
жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру қажет. Сол уақытта біз өз еліміздің туризімін
дүние жүзіне соның ішінде Еуропа елерімен туристік қатынастарды дамыта
аламыз.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 – тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕВРОПАДАҒЫ ТУРИЗМ ҚОНАҚЖАЙЛЫҒЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Еуропадағы туризм қонақжайлылығына сипаттама

Туризм көптеген адамдардың ұғымында демалыспен, жаңа әсерлермен және
ляззатпен байланысты. Ол адам өміріне зерттелмеген аймақтарды, табиғат
ескерткіштерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, әртүрлі елдер ырымдарын
және дәстүрлерін ашу және тану заңды талпынысымен бірге кірді.
Туризм түрлері.
Кез келген ауданды онда туризмді дамыту мақсатымен зерттеу, ең алдымен
осы ауданның ерекшеліктеріне сай келетін туризм түрлерінің анықталуынан
басталу керек. Әрбір көрсетілген туризм түрлері бойынша сапарларға қызмет
көрсету табы да сәйкес келеді деп айтуға болады.
Рекреационды туризм – азаматтарды емдеумен байланысты туризм түрі.
Туризмнің бұл түрі көптеген елдер үшін көпшілікті қалып болып табылады.
Оның үстіне мұнда бүкіл сапардың үлкен жалғасымдылығы байқалады, бағдарға
кіретін қалалар санының аздығы, және соған сәйкес бір қалада жалғасымды
келіп-тұру.
Демалысқа деген көпшілікті сапарлардың басқа ерекшелігі, әуелік көлікті
кеңінен қолдану, және ең алдымен чартерлі тасымалдарды.
Айта кету керек, көптеген елдер тәжірбиесіне қарай демалыс сапарлары
кезінде екі орынды номерлерде орналасуға деген сұраныс айтарлықтай жоғары.
Ең алдымен бұл сапарлардың жеке дара түрі, дегенмен жеке туристер туристік
фирмамен жолға топтық жеңілдіктерді алу мақсатымен біріккен тасымалдарға
бірігуіне болады. Әдетте емделуге деген тур жалғасымы – 24-28 күн, яғни
туризмнің басқа түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары.
Рекреационды туризм Чехияда жақсы дамыған (бұл Карловы Вары, Марианские
Лазни, Франтишковы Лазни, Теплице сияқты курорттар); Италияда (термальді
емделу); Венгрияда (бальнеологиялық емделу - Хевиз); және сондай-ақ
Францияда да жақсы дамыған.
Экскурсиялы туризм – экскурсиялы туризмде рекреационды туризм сияқты
жеке, сондай-ақ топтық негізде жүргізілетін сапарлар мінездес болып келеді.
Туризмнің бұл түрі танымды мақсатты сапарларды да қосады.
Сондықтан, сараптама кезінде әрбір ел бойынша танымды сапарларға, соның
ішінде берілген елге, сондай-ақ туризмнің осы түрінде мамандандырылған
туристік ұйымдарға қызығушылық танытып отырған халықтың категориясын
белгілеп қою керек.
Танымдық мақсаттар демалу мақсаттарымен үйлесімді бола алатынын естен
шығармау қажет.
Танымды сапар курортта демалыспен жалғасуы мүмкін немесе демалыс
кезінде туристер экскурсиялар жасай алады, тіпті басқа қалаларды көруді
қоса.
Көптеген елдерде танымды сапарлардың мінезді ерекшелігі үлкен
қашықтықтарға бір сапар ішінде елдердің және қалалардың үлкен санын көріп
қайту тенденциясы болып табылады. Туризмнің бұл түрі үшін қандай-да бір
қолданылатын көлік түрін белгілеу қиын. Чартерлік рейстерді қоса отырып
әуетасымалдарының маңызды көлемімен қатар темір жол, өзендік және теңіздік
круиздер бойынша туристік сапарлар жасау өте танымал болып келе жатқанын
белгілеуге болады.
Туризмнің бұл түрі Еуропаның барлық елдерінде дамыған: Францияда – сіз
Елисей алқабтарын, Луврды, Париждік Құдайана Соборын, Нотр-Дам де Париді,
көптеген керемет замоктарды көресіз. Италияда – Мысырлық мұражайды, Николо
Паганини үй-мұражайын, Қасиетті Петр алаңын көресіз. Чехияда - әйгілі
Карлов көпірді, Староместстік алаңды көресіз. Еврейлік қабырды, Ескі
қаланы, Пражский градты. Ұзақ айта беруге болады [1].
Ғылыми туризм. Құрамына әртүрлі конгрестерге, симпозиумдарға және
кеңестерге қатысу мақсатымен жасалатын сапарларды енгізетін туризмнің бұл
түрі заманауи халықаралық туризмде үлкен орын алуда. Қолда бар бағалауларға
сай осындай халықаралық іс-шараларға қатысушылар шетелдік уақытша келушілер
көлемінің 6-7% құрайды, және олардың үлесіне туризмнен түсетін валюталық
түсімдердің 10% тиесілі. Халықаралық іс-шараларға қатысушылар негізінен әуе
көлігін қолданады.
Еуропаның көптеген елдерінде халықаралық жәрмеңкелер және ғылым
салалары бойынша әртүрлі конференциялар және конгресстер өтеді.
Іскерлік туизм. Іскерлік мақсатты сапарлар заманауи халықаралық
туристік алмасудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Тіпті
сапарлардың бұл түрі болашағы өте зор деп саналады, өйткені ол халықаралық
еңбекті әріқарай бөлу заңдылығына негізделген. Іскерлік сапарлардың бір
түрі ретінде халықаралық және ұлттық көрмелермен жәрмеңкелерге қатысу
немесе келу мақсатымен жасалатын сапарларды атап айтуға болады. Іскерлік
сапарлардың ең таралған түрі конгресстер және әртүрлі халықаралық ұйымдар
кеңесі болып табылады. Іскерлік туризмнің тағы да бір түрі арнайы топтар
құрамында мамандық бойынша сапарлар болып табылады. Соңғы жылдары мұндай
сапарларға деген сұраныс жоғарылау үстінде. Іскерлік туризм Германияда,
Ұлыбританияда, Чехияда, Италияда дамыған.
Этникалық туризм. Туризмнің бұл түрі туыстарына келумен немесе ата-
ананың туған жеріне келумен байланысты. Өзіндік ерекшелігі бар туризмнің
бұл түрінде соңғы жылдары оның сипатын өзгертетін белгілі құрылымды
өзгерістер болуда. Этникалық туризмнің бір түрі болып шекарамаңдық алмасу
саналады.
ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары Ресей халқының кейбір бөлігі шетелге жер
аударды, Еуропаға (Франция, Грекия, Германия, Австрия, Швейцария).
Шытырманды туризм. Туристерді олар үшін тартымды жерде келіп тұруын
және әдеттегідей емес қызмет түрімен айналысуды қамтамасыз етеді.
Шытырманды туризм жорықтық экспедицияларға, сафари-турларға, және теңіздік
саяхаттарға бөлінеді, тәуекелмен байланысты, сондықтан мұнда жоғары
дәрежелі нұсқаушылар және жолсеріктер қолданылады.
Туризмнің бұл түрі Жерорта теңізінің аралдарында және Еуропаның таулы
аймақтарында (Франция, Австрия, Болгария, Швеция және көптеген басқа елдер)
дамыған.
Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізгі тұтынушылары спорттық
клубтар, ассоциациялар және туристер болып табылады. Басты тапсырма –
қонақтарға белгілі бір спорт түрімен айналысу үшін арнайы орын ұсыну.
Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі трассалардың, көтергіштердің, алаңдардың
және инвентарьдың болуы. Туризмнің бұл түріне жататын тау-шаңғылық
курорттар: Боровец – Болгария, Оре – Швеция, Гармиш – Партенкирхтен –
Германия; парустық спорт – Гибралтар және Мальта, сндай-ақ басқа да елдер.
Оқытушы туризм. Туризмнің бұл түрі әртүрлі тілдерді оқуға жатады.
Қазіргі таңда әртүрлі елдердегі жоғары білім беру ордаларының арасында
студенттермен алмасу танымал болып келе жатыр. Оқытушы туризм
Ұлыбританияда, Испанияда, Францияда дамыған.
Діни немесе қажылық туризм. Үлкен сұранысқа ие. Бұл қасиетті жерлерге
табыну үшін келу. Грекия – Афон тауы, Италия – Ватикан, Болгария –
Александар Невскийдің және София соборы, Ұлыбритания – ағылшындық және
римдік-католиктік шіркеулерге жататын қасиеттілер (Иона аралы), Ирландия –
Кроу қасиетті тауы, Франция.
Ойын-сауық туризм. Бұл карнавалға, шерулерге, ойын-сауық мекемелеріне,
корридаға деген сапарлар. Сапар ұзындығы 2-4 күн. Жиірек келетін елдер
ішінен Германия, Италия, Испания ерекше бөлінеді.
Хобби – туризм. Демалушыға қызметтің кез келген түрімен айналысуға
мүмкіндік береді (концерртер, футболдық матчтар және т.б.). Австрия,
Ұлыбритания, Германия, Франция.
Шопинг – туризм. Сатып алу және әріғарай іске асыру мақсатымен
жасалатын шетелге сапарлар. Туристер арасында ең танымал елдерге Түркия,
Испания, Италия, Грекия, Германия жатады [2].
Еуропадағы Италияның қонақжайлылығы. Италия мен Қазақстан арасындағы
туризм 70 – 80 жылдар арасында жоғарғы темпен дамыды. Туристік фирма ірі
чартерлік әуе тасымалдаушы рейстер италияндық туристерді тасымалдады.
Италияндық туристер адамдардың өмірлері мен табиғатқа деген үлкен
қызығушылықтары бар. Туристер Көне Рим ескерткіштерімен танысып, әлемге
танымал Флоренция музейі, Венеция бойынша көрікті саяхат жасайды. Милан мен
Генияғы өнеркәсіптік орталыққа келеді. Италия Еуропаның Оңтүстігінде
орналасқан. Барлық территориясын тау алып жатыр. Италияда өнеркәсіп
дамыған мемлекет болып табылады. Заводтарында химиялық тауарлар мен
автомобилдерді өндіріп шығарады. Бүкіл әлемге Италия тамаша көне қаласымен,
ең құнды архетиктуралық ескерткіштер және мәдени байлықтарымен танымал.
Астанасы Рим ең ірі және көне қала. Біздің эрамызға дейін салынған Колизей
ғимараты сақталынған, ол Көне Римнің ең ірі ғимараты, көне храм мен сарай
болып табылады. Апенниндік аралы шығыс жағалауына Венеция қала порты бар.
Арно өзенінің жағалауында ең танымал көне қала Флоренция орналасқан.
Неополитандық шығанақ жағалуында Неаполь порты табиғи көрінісін тамашалауға
болады. Ватикан мемлекетті Римнің орталығында орналасқан. Оның алаңы 44
гектар жерді алып жатыр. Осы мемлекетті Папа басқарып отыр. 550 адам
тұрады. Ең маңызды байлығы ол Ватикан музей, Киелі Петр соборы. Туристер
көне ғасырлық костюм көк–сары түсті киген гвардияларды суретке тартқанды
ұнатады. Ең қызығы папа резидентін салтты түрде тек қана швейцарлар
күзетеді. Ватикан жері киелі жер болып саналады. Ватиканның саябақтары өте
тамаша. Бұл жерде әр жерден жиналған мыңдаған жабайы өсімдіктер өседі.
Ватикан ірі орта алаңда орналасқан киелі Петр соборынан басталады. Қазіргі
таңда туристер Соборға келеді. Ең алғашқы жоба архитектор Брамантеге
тиесілі. Содан кейін күрделі жөндеуден өткізген Рафаэлем мен
Микеланджелаға тиесілі. Ватиканда 3000 залы бар, бірақ кейбірулері ғана
туристерге ашық. Ватиканның ең танымал залы ол Сикстинская капелла. Ол Папы
Сикста IV – нің жеке күзетшісі. Сикстинстік капеллада сөйлеуге рұқсат жоқ.
Каппеллады мереке күндерінде осы жерде қызметтер болады [3].
Еуропадағы Польша мемлекеттінің қонақжайлылығы. Польша туристерді
қызықтырадын жердің бірі. Ол бай табиғатымен, құнды архитектуралары және
тарихи ескерткіштерімен танымал. Көптеген мемлекеттерінің бұрышы өзінің
алғашқы әдеміліктерін сақтап қалған. Ең бастысы елдің оңтүстік жағында
орналасқан Татрадағы ең биік тау Капра тізбегі, шығыс – оңтүстігіндегі
орманды Бескида мен Бещада – тау, сирек кездесетін флорасының әдемілігі,
Польша тұрғындарының демалу орындарының бірі балтық теңіз жағалаулары,
сонымен қатар танымал Пенин құздары бар. елдің шығыс жағында Еуропаның
жалғыз ірі орман – Беловеждік пуша, Пениндік саябақ, Ойцовтік ұлттық саябақ
сақталған. Батыста көптеген көлдер, орман мен төбе кескіндемелерінің
ортасында орналасқан – қайталанбас Үлкен Мазурлы көл, әдемі қайыңдар мен
судың мөлдірлігін көріп тамашалауға болады. Польшада экожүйелік Бебжандық
батпақ сақталынған, Еуропаның ең танымал табиғи батпақ территорясы.
Польшаның көптеген қызықты архитектуралық ескерткіштері қалада орналасқан.
Киелі Дева Мария – Мальборке қаласына, кафедралды кешен Фромборке
қаласында, Голубь – Добжинде қорған, Познаньдағы Курпикте сарай саябақ
кешендері орналасқан. Польшада демалатын және спортпен айналысатын жерлер
де бар. Балтика және Поморья аудандарында құмды теңіз жағажай бар, яғни
сулы спорт түрімен айналысуға болады. Теңіз жағажайларында көптеген
курорттық орындар бар. Дарлувко, Дзввижино, Колобжег, Крыница Морска, Леба,
Мендзыздрое, Нехоже, Реваль, Свиноуйсьце, Устка, Ярославец және де көптеген
ұлттық саябақтарыда бар. Батыс – Шығысында қалың орман алып жатыр, яғни
танымал ұлттық саябақтар құрылған олар Беловежский, Бебжанский, Нарвянский,
Парк Кнышинской пущи және т.б., сонымен қатар мыңдаған таза, мөлдір көлдері
бар. Польшаның астанасы Варшава елдің орталық бөлігіндегі Висла
жағажайында орналасқан. Польшаның ең ірі қаласы, бұл жерде Сейм және Сенат,
президент пен үкімет жұмыс жасайды. Бұл экономикалық, мәдени және ғылыми
орталығы, халықаралық белгідегі ірі теміржол мен маңызды туристік орталық
болып саналады. Сол жақ жағажайда Варшаваның көне қала тарихи орталық, яғни
тарихи ескерткіштер мен архитектуралар орналасқан, ал оң жақ жағажайда
Прагада өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғын аудандар орналасқан. Екінші
Дүние жүзілік соғыста қала толығымен қираған болатын, бірақ оның тарихи
бөлігі еңбек сүйгіш поляктардың арқасында ең алғашқы түріне қайтада
тұрғызылған болатын. Варшава көне қала (Старе, Място, Сатрувка ХІІІ ғ)
ЮНЕСКО-ға халықаралық белгідегі ескерткіштер тізіміне енгізілген. Көне қала
Польшаның өзіндік бір визиттік карточкасы болып табылады.
Замка жағажайында елдің бірінші ескерткіші – Сигизмунда колоннасы және
Корольдік қорған – Польшаның арнайы корольдік резиденциясы орналасқан.
Свентояндік көше алаңының адым жерде қаланың маңызды костелі – Киелі Яна
кафедралды собор бар. Варшаваның қайғылы тарихи Варшаваның батысында
орналасқан тарихи музейі еске алады, сонымен қатар шығыс жағында әдеби
музей орналасқан. Көне қалада тағы да көптеген храмдар мен монастырлық
кешендер орналасқан. Олар XIV-XVIII ғғ құрылған.
Ұлттық музейлерінде еуропалық және польяктық бай коллекция кескіндері
жиналған, сонымен қатар музей, техникалық және мемлекеттік археологиялық
музей, табиғи тарихи музей, Польяктык әскери музей және 30-ға жуық музейлер
бар.
Познань – Ұлы Польшаның астанасы, тарихи аймақ, мыңдаған жылдар бұрын
осы жерде польшалық мемлекет құрылған болатын. Қазіргі таңда Познань
өнеркәсіп, сауда, мәдениет, ғылыми және туристік орталықтың елі болып
саналады. Қаланың тарихи орталығы Тумстық аралы болып табылады.
Познанның оңтүстік – шығыс 20 км шақырымда ХІХ ғасырдағы ұлы қорған
Корник қалашығы орналасқан. Қазіргі таңда қорғанда көне жиһаз коллециясы
бар музей, тарих құралдары мен кескіндемелер жұмыс жасайды.
Польшаның бірінші тарихи астанасы – Гнезно мемлекеттік білім
бастамаларын қосатын орталық орын бар. Осы жерде польяктік герб пайда
болған. Қаланың ең маңызды қонақжайлылығы болып – Патшалық холм немесе
Леха холмы ескі катлоиктік костелмен бірге.
Оңтүстік Польшада көне тарихи ескерткіштер мен архитектуралық
ескертікшер ораналасқан. Польшаның бұрынғы астанасы болған Краков еуропаның
көркем қаласының бірі болып саналады. Краков Еуропаның XV-XVII ғғ ең ірі
астанасы болған. Краковстік жолдар Еуропаның ең ірі сауда алаңдары мен
қаланың саудаға апаратын даңғыл жол. Қаланың орталығында Вавеле
орналасқан, қорғандар, тарихи ескерткіштер мен храмдар, патшалық сарайларды
көріп тамашалауға болады. Көне қорғандар қайта жөндеуден өткізілген
жағдайда ол өзінің көне кейпін тамаша сақтап қалған, сонымен қатар
Зұлымдық, Сандиморлық және Сенаторлық мұнараларын тамашалауға болады. Ең
маңызды көңілге краковстік музейлерді атап кеткен жөн, олар: Чарторлық
музей, Яна Матейко үй – музейі (пәтер және польяктік суретшінің ательесі),
Краковстік тарихи музейі, Қару – жарақ көрмесі, Археологиялық музей,
Сукеницадағы ХІХ ғ. скульптура мен кескіндеме галереясы, Ягеллондық
университет музейі, иудей музейі, Ратуши мұнарасы және т.б.
Солтүстік Польша. Сопот – балтық жағажайының мәртебелі курорттарының
бірі. Бұл жерде Еуропаның ең ұзын километрлік мол, северлік купален
комфротабельдік кешендері, танымал Лесная операсы бар. Гдыня – Балтық
теңізінің ең ірі порттарының бірі. Жас қала болғандықтан көне
ескерткіштерін кездестіру мүмкін емес, ал бұл жерде көптеген музейлерді
тамашалауға болады. Олар Әскери – теңізді музей, теңіз аквариумдық
мұхитнографиялық музей, Қалалық музей және т.б.
Шығыс Польша. Люблин Х ғасырдағы көне және тарихы бар қала. Бұл жерде
Киелі Троица сағаты, сонымен қатар Люблиндік бар. Люблиндік катологиялық
универсиетті саяхаттауға болады. Сонымен қатар, Люблиндік собор, Ратуша,
Троицтік мұнара тамашалауға болады.
Еуропадағы Германия қонақжайлылығы. Германия кескіндемелермен, көптеген
ортағасырлық қорған және монастырлармен, тыныш балтық жағажайымен, көптеген
тарихи ескерткіштерімен туристерді қызықтырады. Елдің оңтүстігінде таза
көлдермен және альпы таулы аймақтарындағы таулы курорттар, сонымен қатар
өздерінің шараптарымен қызықтырады.
Берлин – Германияны біріктіретін, елдің географиялық орталығында, Шпре
және Хафель өзендерінің қосылу орындарында орналасқан. Қаланың визиттік
карточкасы Ұлы Бранденбургтік қорған болып табылады. Батыс қорғанында
танымал қайғылы Берлин қорғаны сақталған. Екінші дүние жүзілік соғыста
оттан аман қалған Хедвига соборы, Арсенал ғимараты, әлемдегі ең ірі
Берлиндік зоопарк, Цойгхауза ғимараты (қазіргі таңда неміс тарихи музей
орналасқан), Мариенкирхе шіркеуі және т.б. бар. Қаза болған совет
әскерлеріне деген ескерткіштер кешені – Трептов – саябақ, Ханзафиртель,
Дес вестенс театры, қалалық кітапхана, халықаралық кнгресс – орталығы,
филормония, еуропа – орталығы және т.б., сонымен қатар қызықты ұлттық
сарай Фридрихштадтпалас, Шенебергская ратуша, Александрплатц, танымал қызыл
ратуша, Нептун фонтаны, кногрессхолл залы, Эмст– рейтер алаңы, жаңа
синагога, Жер шары сағаты, шіркеулерді көріп тамашалауға болады. Қалада
көптеген көркем музейлер және көркем коллекциялар, көп бөлігі көпжылдық
тарихы бар – Прусских фонда ұорған музейі, скульптуралар, шығыс және ислам
мәдениеті тамашалауға болады [4].
Бремен өзен жағасында орналасқан көне қала. Бремен орталығы көне нарық
алаңы болып саналады, осы жерде қалалық парламент ғимараты бар. Ратушей
алдында танымал Бременский музыкан топтарының скульптурасы тұр. Бременде
ең танымал көше – Беттхерштрассе болып табылады. Бременнің қонақжайлылық
жерінің бірі болып ұлы бремендік собор және көне шнервиртель көшесі болып
табылады.
Гамбург Эльба өзенінің жағасында орналасқан. Ең үлкен теңізі және
Германияның өзен порттының көлемі бойынша төртінші орында тұр.
Бавария – Германияның ең үлкен және туристер көп келетін жері. Өзінің
мәдениетімен, өзіндік георгафиялық орнымен және өткен тарихи байлықтарымен,
бавария германияның ғана туристік орталығы болып саналмайды, сонымен қатар
еуропаның барлық аумағының қызықты жері болып табылады. Бавария
территориясы өзінің табиғатымен көркемді, бұл жерде танымал Баварлық альпы
бар және көптеген көлдер, ормандар, өзендер де бар. Осы жерде Баварлық
орман ұлттық саябақты тамашалуға болады.
Мюнхен германияның көлемі бойынша үшінші орында тұрған қала. Қаланың
маңызды соборы және оның символы болып Фрауенкирхе болып табылады. Шығыс
кешенінде патша резиденциясы, баварлық ұлттық театр орналасқан. Мюнхеннің
тағы бір қонақжайлылығы танымал және ең көне мюнхен сырасы – хофбройхаус
қаланың оралығында орналасқан. Қала өзінің көркем галереясымен мақтаныш
тұтады. Әлемдегі масштабтағы еуропаның ең үздік галереясының бірі – көне
және жаңа пинакотека, баварлық ұлттық музей, мюнхендік қалалық музей, неміс
театрлық музейі және мемлекеттік ленбаха галереясы орналасқан.
Еуропадағы Франция елінің қонақжайлылығы. Франция туристерді өзінің
керемет әдемілігімен және космополитизмдігімен, әр түрлі тарихи дәуір
мәдениетімен және қазіргі заман батылдығымен қызықтырады. Фонтенбло және
Версаль, Лувр және Луара сарайлары, Нотр-Дамм Соборы және "Гран Опера",
елдің қонақтарын дуалайды, өздерінің шамдарымен тарта түсетін Эйфиль
мұнарасының бақылау алаңына жетуге ұмтылғандарды, ол жерден Франция жүрегі
– Париж өзінің таңқаларлығымен алақанда тұрғандай көрінеді. Франция әлемдік
мәдениет оқиғаларында маңызды рөлді атқарады. Мәдени мұрасы бар елге
немқұрайды қарауға болмайды. Оған келтіретін мысалдар шексіз. Атап айтсақ:
- мәдени ескерткіштер (Эйфель мұнарасы, Гард көпірі, Александр-ІІІ
көпірі, Кінәсіздер бұрқағы және т.б.);
- мұражай (Лувр, Орсэ, Родена, Карнавал, Пикассо, ұлттық заманауи
мұражайы және т.б.);
- соборлар (Сен-Жан-де-Компостель (ХІ-ғасыр), Шартр, Труа, Париждің
Құдай Ана, Амьен (1220-1270 ж.ж), Сент-Шапель (1241-1248 ж.ж.) және т.б.);
- шіркеулер (Сент-Руа-де-Конк (ХІ-ғасыр), Сент-Эстали және т.б.);
- кескіндеме (Николя Пуссен, Жак Луи Даид, Жан огюст Доминик Энгре,
Теодор Жерико, Эжен Делакруа, Эдуард Мане, Пьер-Огюст Ренуар, Эдгар Дег,
Клод Моне, Т.Руссо, Ж.Дюпре, Н.ДиазШ.Ф. Добини, К.Труайон, К.Писсаро, Ив
Клейн, Ресейден шыққан Василий Калдинский, Марк Шагала және т.б )
- мүсіндер (Жан Батист Пигаль, Этьен Морис Фальконе, франсуа Рюд,Огюст
Роден және т.б)
- жазушылар мен ақындар шығармашылығы (Франсуа Рабле, Пьер Корнель, Жан
Расин, Мольер (Жан Батист Поклен), Вольтер (Мари Франсуа Аруэ), Оноре де
Бальзак, Виктор Гюго, Александр Дюма, Марсель Пруст, Альбер Камю; Шарль
Бодлер, Поль Верлен, Артюр Рембо, Эмиль Золь, Гийом Аполлинер және т.б)
Париждің ерекше әдемі және әйгілі жерлері туралы айта кетсек, ол Нотр-
Дам де Пари атымен белгілі Париж Құдайана Соборы. Ғимарат готика стильінде
салынған.
Ғимарат готика стиліне қатысты, оған келіп кетушілердің жүрегінде
таңқаларлық жақсы естеліктер қалады. Ғимарат көлемі: ұзындығы 130 метрге
жуық, ені 50 метр, биіктігі 35 метр. Ол 9000 мың адамды сиғыза алады. Бұрын
собор алаңында Ежелгі Рим Храмы, одан кейін Христиандық базилика, содан
кейін 1163 жылы Нотр-Дам құрылысы басталды.
ХІІ – ғасыр соңында Лувр құрылысы басталды. Қазір бұл Францияның
мемлекеттік мұражайы, оның ішінде бірнеше мұражайлар орналасқан. 1983 жылы
мұражайға арнап әйнектен жасалған пирамида мұражай сәулет өнерінің
ансамбльін көрікті ете түсті.
Эйфель мұнарасы – ең биік ғимарат және Париж қаласының көркі. 15 мыңнан
астам темір бөлшектері, салмағы 9 мың тонна болатын екі миллионға жуық
бекіткішпен аралары қосылған мұнара дүниежүзіндегі көптеген адамдарды
магнит тәрізді тартып тұрады. Париждің классикалық көзге көрінер көрікті
жерлерімен (Париж Құдай ана Собор, Лувр, Эйфель мұнарасы, Триумф аркасы
және т.б.) қатар салыстырмалы жаңа орындарды көруге болады. Атап айтсақ:
Дефане арнасы, Ғылыми және Өндіріс қаласы, Музыка қаласы, Франсуа Миттеран
кітапханасы және т.б. Осының бәрі адамдардың жүрегінде әсем жылы сезім
қалтыратындай.
Францияның мәдениет және табиғат байлықтары, Юнеско ұйымында адамдардың
байлығы ретінде жарияланды. Мон-Сен-Мишель, Шамбор сарайы, Версаль,
Фонтенбло, Амьен Соборы, Шартр Соборы, Арля ескертікштері, Римдік театр
және Оранж Триумф аркасы, Гард көпірі, Страсбург, Сена жағалауы, Везер
өзенінің су алқаптары, Ласко үңгірі, Лион қаласының тарихи орталығы, Бурже
қаласындағы Соборы, Реймс қаласындағы Мерекелер сарайы, Авиньон қаласының
тарихи орталығы, Каркомон қала-қамалы, Жерорта теңіз Каналы, Нансидағы
Станислав алаңы, Гартемпттегі Сен-Саван шіркеуі, Пиреней және Фонтеней
Аббаттығы.
Динан. Динан-бейнелі ескі қала, 14 мың тұрғыны бар,орта ғасырдағы
қорғанмен қоршалған. Бұл қалада 200 жастан жас ғимарат жоқ. Керісінше Тар
көшелермен құрылыстар,тас көпірлер сақталған. Динан жағадан 22 километр
жерде орналасқан. Екі күн созылған мереке кезінде қалалықтар серілер
турнирін өткізеді, қала найза үстаған ерлермен ортағасырлық модамен киінген
бикештермен қаптайды. Мерекені костюмделген шеру аяқтайды, оған қалалықтар
және шақырылған актерлер қатысады.
Бургундия орталығы - Дижонда, 5-ші қыркүйекте қатарлас екі фестиваль
өтеді – шарап және фольклорды. Бүкіл әлемнен 200-дей фольклорлық ұжымдар
Спорт сарайында жарысады, ал олардың шеберлігін халықаралық қазылар алқасы
бағалайтын болады. Дәмді тамақтану және бургундық шарап ішу әуесқойлары
оның дәмін шексіз көлемде көре алады.
Сноубордтан Mondial du Snowboard әлем чемпионаты, Француздық Альп
таулары, қазан айының соңы Les Deux Alpes қалашығы, Mondial du Snowboard
шарасы Еуропа континентіндегі сноубордизм әлеміндегі ең жабайы және көңілді
іс-шара. Чемпионат сноубордизмге өзіндік жеткілікті құбылыс ретінде, және
әлеуметтік феномен ретінде – заттар өзімде, табынудың заты. Сондай-ақ
Mondial кәрі, сноубордтың өзі сияқты, ол жерге 30-мыңға жуық
сноубордисттер жиналады,олар тақталарымен Еуропадағы ең үлкен мұздықтың
1900 акр жер аймағын кесе түседі.
Парижде сондай – ақ дәстүрлі үш бал кеші өткізіледі, онда әйгілі
адамдар жиналады. Бәрі Катрин Колонна де Стиглиано жұлдыздар балынан
басталады, содан оны Париждік және дебютанттарға арналған Крийон балы
алмастырады. Қазан айының балы. Жылдық Шоколад Салоны. Дегустациялар,
мәслихаттар, шопинг, сән үлгілерін көрсету, онда шоколадтан жасалған ғажап
үлгілері көрсетіледі. Салон бес күнге дейін созылады. Дю Лувр алтыбақан
(карусель) 28 қарашада парижде 135 мың жаңа жылдық (рождество) электр
шамдарын жағу салтанатты рәсімі жаңа жылдық шамдарда салтанаттты түрде
жағу, Францияның атақты өкілдері және француз астанасының әкімі қатысуымен
өтеді. Бірінші шамдарды Елисей даласында жағу салтанатты рәсімі 1981 жылы
өткен. Француз астанасының ең басты көшесінің 2,5 шаршы киломерт жері.
Келісім алаңынан Триумфальды Арнаға дейін жыл сайын келесі жылдың 4
қаңтарына дейін безендіріліп тұрады.
Парижде – Лувр, Триумфальді Арна, Елисей далалары, Марсово даласы,
Эйфель мұнарасы, Мүгедектер үйі, Трокадеро, Ля – Дефанс – супер заманауи
Париж ауданы. Парижде атақты орыс адамдарының атымен байланысты бірқатар
орындар бар. Мұнда сіз Сен – Женевьев – Де – Буа орыс бейітін көре аласыз.
Сите аралы – Париж жүрегі және оның негізделу орны. Аралдың ең әйгілі
ғимараты – Париж Құдай ана Соборы, онда Наполеон І тәттіленген,онда салмағы
16 тонна қоңырауы ораналасқан, қоңырауды соққан Квазиодо – Гюго романының
кейіпкері, Собор мұнарасынан Париждің керемет таңқаларлық көрінісі ашылады.
Бұрынғы Золь романының беттерінде көркем сипатталған париждің – Чрево
Париж базар орнында қазір супер заманауи Forum des Halles сауда орталығы
орналасқан.
Мане кварталында орналасқан Вогез алаңы Парижде ең әдемі жерлердің бірі
болып саналады. Ол француздың департаментінің 1800 жылы салықтарды төлегені
және құрылуына қарай аталған. Бүгін алаң – париждықтар қыдыруға арналған ең
сүйікті жері болып саналады, жақын маңда Пикассо мұражайы мен Виктор Гюго
үй – мұражайы орналасқан. Монмартр - әлемге суретшілермен музыканттардың
шоғырлану орны ретінде әйгілі. Ол Париждегі ең биік дөң, оның шыңын Сакреде
ақтасты базиликасы көмкеріп жатыр. Лувр – Францияға осы қазыналы жерде болу
үшін ғана келуге болады, әлемдегі ең ұлы және өз көзіңізбен Джоконданы,
Венера Милосская, Ники Самфранцискиді көруге болады. Версаль – сіз мұнда
сүйікті әдебиет шығармалары арқылы сізге белгілі француздың патшалар
сарайын көре аласыз және саябақ саулет өнері шедеврі – Версаль серуен
тоғайымен сүйсіне аласыз.
Луара сарайлары. Луара Францияның ең ұзын өзені. Кескінді жағалаулар
бойында алыпты сарайлар тізіле орналасқан. Француздардың патшалар
резиденциясы және атақты вельможалар: Амбуаз, Шамбор, Шенонсо және тағы
басқалар.
Аквабульвар – сулы аттракцион үлкен көлемі және әйнектен жасалған
күмбез астындағы үлкен бассейн.
Еуродиснейленд – ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлеріне толы,
бояулы аттракциондар қаласы.
Париждегі ең атақты кабаре: Crazy Horse – бүкіл әлемнен ең әдемі және
эротикалық бишілер. Paradis Latin – ХІХ ғасырдағы сүйкімді Франция
үлгісінде жасалған әдемі шоу. Moulin Rouge – ең атақты классикалық кабаре
және нағыз канкан. Lido – американдық шоу, керемет костюмдер және ғажап
трюктер. Ереже ретінде, әрбір кеште 2 спектакльден: 19-20 сағатта, кешкі ас
пен шоу қосымша және 22 -23 сағатта тек шоу.
Күнсаулелі жағалау – жарыққа сәнді қонақ үйлермен, әдемі яхталармен
және көрініс әдемілігімен әйгілі. Ол Италия хош иісіне толы – Ницца
төңірегі Францияға ХІХ ғасырда ғана өтті. Мұнда Ниццандық Прованс
графтығының дәстүрлері біріккен, сондай – ақ Францияның сүйенуінің астында
болған Монако князьдығын ұмытуға болмайды. Күнсауле жағалауы – бұл
120созылған км. керемет жағажайлар, сиқырлы қойнау және серуентоғай алқабы.

Теңіз табиғатының таң қалдыруы, жұмсақ климат, француздық пиғыл және
италияндық талғампаздық әлемге Ниццаны, Монте – Карлоны, Сан – Тропе,
Каннаны әйгілі етті және бүкіл Күнсауле жағалауына әлемдегі ең мәртебелі
теңіз курорттарының бірі атағын берді.
Дижон көрікті жерлері. Дижонның маңызды бір басымдылығы ретінде оның
географиялық орналасуын санауға болады. Қала Еуропаның солтүстік және
оңтүстік аралығында орналасқан.
Шарапты шынайы бағалаушылар, француздың ас мәзірін, өнерді және сәлет
өнерін бағалайтындарды Дижон таң қалдырады. Кезінде Бургундия және оның
астанасы Дижон бөлек мемлекет болған, тіпті Франциядан мықты мемлекет. Осы
күнге дейін Дижонда бола тұра, басқа бір мемлекет аймағында тұрғандай
сезінесің. Дижонға келген бетте, міндетті түрде атақты жүзім алқаптарын
көріңіз және ешбір жағдайда нағыз бургунд шарабынан дәм татудан бас
тартпаңыз.
Қаланың мәдени және тарихи мұралары өзінің кереметтілігмен және
әртүрлілігімен таң қалдырады. Қала орталығы – бұл сәулет өнерінің нағыз
інжу – маржаны. Мұнда атақты Филипп Добрый мұнарасы орналасқан герцогтік
Сарайы, көптеген зәулім үйлер, үйлердің әртүсті шатырлары оларға ертегілік
жұмбақтылық көркін береді, шіркеулер... Дижно – бұл барлығын қосқанда 80
гектар тарихи құндылықтар бар, мемлекетпен қорғалатын жер көлемі. Дижон
туризм кеңсесі. Сізге қаламен орысша сөйлейтін сапар серігінің шығарып
салуымен серуендеуді ұсынады немесе өзіңізбен кішкене орыс тіліне
аударылған брошюра қағазын алып жүрсеңіз де болады.
Реймс көрікті жерлері. Хлодвигті ұлықтау, патшаларды тағайындау, 1814
және 1914 жылдар шайқасы, неміс әскерлерінің жеңілісі 1945 жыл 7-ші мамыр -
әрбір тарихи оқиға қала тарихында өзіндік көріністі тапты. 2000 жылдай
тарихы бар қаланың шағын көшелерімен серуендеу – нағыз тамаша. Готикалық
өнер шедеврі – Нотр-Дам соборы қасынан өтіп кетпеңіз, То сарайына назар
аударыңыз, собор-мұражай Сан-Реми.Бұл ескерткіштер ЮНЕСКО ұйымымен
ортақәлемдік байлық ретінде мойындалған.
Реймс – бұл қалада шарапқа қарағанда шампанды артық көреді. Әлі де
галло-римдік империя кезіндегі уақыттан Реймсте 250км шарап қоймалары
сақталған. Осы жерлерде бола тұра, міндетті түрде Жесір Клико Үйін көріңіз,
мұндағы шарапты атақты орыс жазушылары: Гоголь, Пушкин, Чехов дәріптеген.
Roeder Үйіне кіріңіз. Атақты Roeder ұлы - Luis Roeder өз әкесінің ісін
жалғастырып, Александр 2 патшасына арналған арнайы Cristal шарап қоймасын
жасаған. 1909 жылы ресейлік император Николай 2 ауласына шарапты ресми
жеткізуші болды.
Көптеген аңыздармен оралған белгі берер мұнаралар,олардың арасындағы
Армен және Ля-Жюман,Кереон және Ля-Вей, Сен-Матье, Трезьен, Иль-Верж және
Стифф сияқтылары өздерінің ішкі айналасында мұражайларды ұйымдастырып
туристерді маяк экспонаттарымен және олардың тарихымен танысуға шақырады.
Бретан – Францияның ең солтүстік шет-аймағы, онда елдің мұртбалық аулау
астанасы орналасқан, бұл қала ресейлік туристерді қалай қуантуды біледі,
сондай-ақ шетел жерінде Ресеймен байланысты бір бұрыш таба алады. Осылай
көптеген Бретан қамалдарының арасында өзінің тарихи және сыртқы келбетімен,
ерекше назар аударарлық сиқырлы-романтикалық сарайы болып табылатын
сарайлардың бірі – Кериоле. Күн үйі деп аударылатын бұл аталу өзіндік
орыс-француз өенрінің жинақтаушы бейнесі бола тұра,істің мәнісінде ХІХ
ғасырда орыс ханшайымы Зинаида Ивановна Нарышкина қалауы бойынша толықтай
қайта қаланған ортағасырлық сарай болып табылады. Өнер зерттеуші пікірлері
бойынша Кериоле өз келбетімен кішкентай сәулет өнерінің ақылсыздығын
көрсетеді. Ғимарат төбесінде орналастырылған славяндық жалмауыз кемпір,
қорқынышты химерлер, бесбұрышты жұлдыздар және патша гүлдері, Бретан
белгісін білдіретін таулы топтар және Ресейдің беткөрінісі болатын аю, міне
мұның бәрі ғимарат сыртында сызылған – Әрқашан және бәріне қарамастан
атты ұстаным мағынасын білдіретіндей. Бретан шет-аймағындағы ең қызықты
мұражай болып табылатын Кериоле сарайы – неоготика және француздық
ренессанс үлгілерін, сондай-ақ бретондық және ресейлік ерекшелікті біртұтас
үлгіге үйлестіре отырып, көрермендер төрелігіне Зинаида Нарышкина және оның
жұбайымен бірге жиналған өнер туындыларын ұсынады: - көріністер, мүсіндер,
гобелендер, орыстық кокшниктер, жазбалы қалқан және өзгертілмес
матрешкалар.
Осер көрікті жерлері. Осер – көне қала, онда Каролингтер дәуіріндегі IV
ғасыр жәдігерлерімен Меровинг дәуірінің 6 ғасыр саркофагтары табылған.
Осерде V ғасырда осы жердегі жергілікті тәуіптен сабақ алған ирландық
жасбала Патрик, кейіннен болашақ Киелі Патрик – Ирландия қорғаушысы
болуымен әйгілі. Уақыт өте Осер шарапжасау орталығының біріне айналды,
бірақ XIV ғасырда филоксерлер Кло-де-Шенеттен басқа жүзім алқаптарыныңбәрін
жойып тастады. Поль-Бер көпірі римдік кезеңнен бері өмір сүріп келеді, оның
үстінен керемет Ескі қала көрінісі ашылады, сондай-ақ өзеннен ары төменде,
туристік кеңсеге қарама-қарсы тұрған жаяу өпірін де көруге болады.
Сент-Этьен Соборы. Көнеготикалық собордың батыс жағында 68 метрлік
қоңыраулар тізбегі орналасқын (XV ғасырдың ортасы), хор, жабық галерея және
сөрелер 8 ғасырмен белгіленген. Романдық крипта хор айналасының
оңтүстігінде орналасқан. Мұнда VI - VIII ғасырлар фрескалары және Христос
жауынгер бейнесі әскери ат үстінде: мұндай бейне батыс еуопалық өнерде
белгісіз. Төртжүзден асатын кескіндеме жұмыстар қазынасы, ол жерді көрге
ашық.
Сен-Жермен аббаттығы. VI ғасырда негізделген және орта ғасырларда
дамыған Бенедиктиндік аббаттығы бүкіл Еуропадан жиналған студенттермен
қажылыққа бас бұрғандарды қызықтырған.
Каролингтік ренессанс ескерткіші (Ұлы Карл кезеңі) – Франциядағы VI
ғасырдың ескі фрескаларымен безендірілген Каролинг крипталары.
СенЖан (VII ғасыр) қоңырауы бірегей болып табылады,сонай-ақ готикалық
неф кереметтілігімен көзге түседі. Аббаттық шіркеумен қоңыраулық жер
арасында бұрынғы неф бөлігінің орналасқан орнында қазбалар жүргізіліп, онда
Меровинг (6ғасыр) кезеңндегі саркофаг және сәулет өнерінің тұрғызылымдары
табылған.
Өнер және тарих мұражайы клуатрда, шіркеу ғимаратының ішінде
орналасқан.(XIV – XVII ғасырлар). Мұражайда көнезамандық тастан жасалған
қару-жарақ,галло-романдық көне заттар,кескіндемелер,мүсіндер және заманауи
өнер туындылары көрсетілген.
Люблан-Дювернуа мұражайы. Бұл жерге сен-Жермен аббаттығын көру үшін
алынған билет арқылы кіруге болады. Мұнда гобелендер, жергілікті
шеберлермен жасалған жанан және кәрлен бұйымдапрын көруге болады. Сағаты
бар мұнара – қала бекіністерінің бір бөлігі, қаланың жаяу жүру орталығында
Орлож көшесінде орналасқан. Сағаттар(мұнараның екі жағында) 17 ғасырда
жасалған. Олардың ерекшелігі, күнмен безендірілген сағат тілі уақытты
көрсетеді, ал екіншісі – айлы дискпен – 29 жарым тәулік айналымымен күнді
көрсетеді [5].
Еуропаның Испания қонақжайлылығы. Еуропаның оңтүстік – батысында
орналасқан мемлекет. Испанияда көптеген музейлер, ұлттық музей
кескіндемелері мен скульптураларды көріп тамашалауға болады. Ұлттық
археологиялық музей тек бай экспонат коллекциясын ғана емес, сонымен қатар
археология бойынша әдебиеттерге де бай. Ұлттық этнологиялық музей, басқада
мадридтік музейлер олар: ғылыми табиғи музей, испан халқының музейі.
Барселонияда теңіз музейі мен археологиялық музей бар, ол жерде финдік,
көне гректік, көне римдік мәдени экспонаттары ұсынылған. Испанияның
Мадридінде – патша сарайы, Сан–Франсиско–эль–Гранд шіркеуі, Буэно–Петиро
саябағында зоопарк пен ботаникалық бақ бар, Зарзуэла сарайы, Эль–Эсприаль
монастырлары, сонымен қатар Сантьяго және Санта–Мария–дель–Кампо
шіркеулерін көріп тамашалауға болады. Барселонияда архитектор Гаудидің
киелі жанұя соборы, Сан–Пабло–дель–Кампо шіркеуі бар.

1.2 Шетелдік туризм сыртқы экономикалық қатынастар ретінде

Шетелдік туризм – бұл айтарлықтай күрделі, мемлекеттілікті дамытуда
үлкен рөл атқаратын бірегей құбылыс. Бұл тұрғыда бірінші дәрежелі маңызы
бар болып табылатын, шетелдік туризмнің ұлттық экономиканың және әлемдік
сауданың дамуына тигізер әсерін зерттеу.
Бұл саланы әлемде алтын жұмыртқа басатын тауық деп те атайды. Бірақ
Қазақстанда туризм инфрақұрылымының әлсіз жағдайына байланысты оны жақсы
деңгейде тұр деп айту қиынға соғады, ал бұл жағдай өз кезегінде оны дамыту
үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруды қажет етеді.
Сондықтан туризм және оның инфрақұрылымы 2010 жылға дейінгі бірінші
кезектегі дамытуды қажет ететін, жылдам шешілуді талап ететін өзекті
мәселелер қатарына енгізілу кездейсоқ жәйт емес.
Маңызын жоғарылату және рекреация саласының орны, сондай-ақ туризмнің
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында атқаратын рөлі, бұл шаруа
секторына қажетті еңбекті және материалдық қорды енгізу, кешенді және
тиімді табиғат қорын дамыту, күмәнсіз республиканың экономикалық өсу бұлағы
болып табылады.
Қазақстанда заманауи туризм инфрақұрылымын құру, бір жағынан жаңа жұмыс
орындарының қалыптасуына әкеледі, демек халықтың жұмыспен қамтамасыздандыру
деңгейін жоғарылатады және оның өмір сүру деңгейін жақсартады. Басқа
жағынан шетелдік туристердің республикаға келген саны қаншалық көп болса,
соншалық валюта құйылымдары арта түспек, сондай-ақ нешетүрлі салық және
алым түрлері бір кезеңді сыртқы туризм есебінен мемлекеттік бюджет қорын
көбейте түспек.
Қазақстанда, қазіргі заманауи кезеңде туризмді дамыту ерекшеліктерін
анықтау үшін кем дегенде оның кейбір аспекттілерін ортақ көзқараспен
қарастыру қажет [6].
Тәуелсіздік туын көтергелі бері республиканың туризм саласында және
берілген саланың мемлекеттік саясатында белгілі бір ұйымдастырмалы және
экономикалық алға жылжыту қозғалыстары байқалады. Ең алдымен туристік
қызметтің хұқықтық реттеу негіздері құрылған. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасының туризм жайлы заңы қабылданған, ол өз күшіне Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 1992жылдың 3 шілдесінде №1509-ХП атты
нөмірімен енгізілді. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің
қаулысы Қазақстан Республикасында туризм және спортты дамыту жайында 1994
жылдың 22 сәуірінен бастап №369 Қазақстан Республикасында туристік және
спорттық қызметтерін лицензиялау, сертификаттау жайлы жағдай. Туристік
фирмалардың жұмыс сапасын жоғарылатуға бағытталған Қазақстан Республикасы
үкіметінің 2000 жылдың 7 ақпанынан бастап №179 Туристік қызметті
лицензиялау мәселелері атты қаулысы жарық көрді.
2030 жылға дейін саланы дамыту бойынша стратегиялық бағдарлама,
Туризм индустриясын Қазақстан Республикасында дамыту ұлттық бағдарламасы
(1994), сондай-ақ Жібек жолы тарихи орталықтарды қайта тұрғызу,
түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын дамыту және сақтап қалу, туризм
инфрақұрылымын құру сияқты бағдарламалар жасалған. 1990-шы жылдардың
басында республикада туризмнің құқықтық базасын нарықтың өзгеріп тұру
жағдайында қалыптастыру, туроператорлар және турагенттіктердің өсіп келе
жатқан саны (бүгінгі күнге олардың саны 700-ден астам) ең биік
көрсеткіштері 1994 жылы байқалған туристік бизнестің сапалы
көрсеткіштерінің өсу санына ғана әсерін тигізіп қана қоймайды, сондай-ақ
қазақстандық туризм нарығын дамытуда жағымды факторлардың бірі болып
табылады. Сөйтіп 1992 жылмен салыстырғанда Қазақстанда туристерді қабылдау
1994 жылы 1,9 есе көбейді және 450,7 мың адам санын құрды. Соған сәйкес
Қазақстандық туристерді шетелге жөнелту сол жылы 1992 жылдың көрсеткішінен
3 есе артып түсті.
Белгілідей, мемлекеттер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар
алмастыру формаларының неше түрінде байқалады: банктік салымдар, шетелдік
инвестициялар, халықтың көшіп-қонуы, мәдениет саласында алмасу, тауарлар
және қызметтер саудасы және тағы басқа. Әлемдік сауданы дамыту халықтың
әлемдік қозғалысына әкеп соқтырды, ал адамдардың басқа елдердің материалды
және рухани құндылықтарды құрудағы тәжірбиесіне жүгіну және оны қолдану
артынан салыстырмалы түрде жас саланың сыртқы экономикалық байланыстардың
жылдам дамуына әкеледі – шетелдік туризм, оның қаржылық нәтижесі көптеген
елдердің төлемақы қорытындыларына үлкен әсерін тигізеді.
Кез – келген елдің экономикалық қызметінің маңызды саласы болып
табылатын ол сыртқы экономикалық алмасу және сондай-ақ сыртқы сауда, ал
оның нәтижесі валютамен айғақталады. Халықаралық алмасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Іскерлік туризм жайлы
Халықаралық оқу туризмінің теориялық аспектілері
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Еуропа мен Қазақстан арасындағы туристік алмасуды дамытудың болашағы
Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
Туризмнің экономикалық мәні
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Туризмнің даму тарихы жайлы
Пәндер