Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы


МАЗМҰНЫ
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
(АНАЛИЗ)
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан әлемдегі басқа көптеген мемлекеттер сияқты, мемлекеттер мен олардың территориялық қауымдастық мүдделерін саналы түрде біріктірудің әдісі мен түрлерін іздестіруде. Қазіргі кезде жоғары мемлекеттік биліктің, аумақтық және жергілікті басқару құрылымдарының және ең бастысы нақты тұрғындар тұратын жерлердің мүдделерін толықтай айқындайтын механизмдерді іздестіру байқалады.
Кеңестер билігіндегі жетпіс жыл бойғы әкімшіл-әміршіл жүйенің қызмет ету кезеңінде демократия принцпінен бас тарту жағдайы, яғни нәтижесінде осының әсерінен өзін-өзі басқару принцпі де жүзеге аспай қалды.
Дүниежүзіндегі көптеген елдердің тарихындағыдай мемлекеттің экономикалық дамудағы жағымды орны дәлелденді. Бірақ, ХХ ғ. бірінші жартысындағы әлемдік қауымдастықтың бұлай әсер ету деңгейі туралы пікірі бірнеше рет өзгерді. Ұлы дағдарыстың (депрессия) езгісінен 30 жылдары «минималды» мемлекет тұжырымы Маршал жоспары, Кейнсиандық сияқты көптеген елдер қабылдағын мемлекеттің рөлінің күшеюі туралы пікірмен алмастырылды. Нарықтық механизмнің құлдырауы белең алып соның нәтижесінде 30-50 жылдары мемлекеттік өнеркәсіптердің қарқынды дамуына ресурстарды бөлудегі мемлекет қызметінің пайда болуы, қоғамдық игіліктерді бөлуде мемлекеттің рөлінің күшеюіне, кең көлемді болуына алып келді.
Әлемдік қауымдастықтың 70 жылдарындағы мұнай дағдарысы мен 80 жылдарындағы қарыздық дағдарыс әсерінен экономиканың мемлекеттік реттеу туралы пікірлерін қайта қарауға мәжбүр болды. Кейінрек социалистік лагерьдің жүйелік дағдарысы мен одақтың ыдырауынан кейінгі Еуразиялық континенттегі жаңа мемлекеттердің оның ішінде Қазақстан Республикасы пайда болды.
Экономикалық ой тарихының маятнигі кері қарай тербеліп - кішігірім мемлекеттер жағына ойысты. Бірақ, мемлекет пен нарық шешімі арасындағы қатынас мәселесі, үкімет пен бизнес ғылыми шешілмеген мәселе емес екендігі айқын. Мәселе басқа қырынан көрінуде - мемлекет өзінің тиімділігін басты орынға қойды. Ол азаматтық қоғам мен нарықтың механизм тегеурінінің жахандық күші нәтижесінің жемісі. Көлемді факторлардың темпінің мемлекеттің оған бейімделу темпіненгөрі алдыға қарай даму байқалады. Қазір ХХІ ғ. елдің даму жағдайы мемлекеттің тиімді шарты екендігі анық. Әлсіз мемлекет қоғамды тұрақсыздыққа, жемқорлыққа және кедейлікке әкеледі. Сонымен қатар тиімді, күшті мемлекет бизнеске қарсы тұра алмайды. Керісінше мемлекеттің институционалды құрылымы арқылы - жеке меншік сектогрының өнімділігі артып және қоғамдық игіліктің тиімділігі де көріне түседі.
Қазіргі таңда қоғамдық мемлекеттің экономикалық саясатын ғана дамыту жеткіліксіз екендігі түсінікті болып отыр. Болашақта инстуционалдық ортаны түбегейлі дамыту қажеттілігі ондағы нарықтың іш жүзіндегі жүзеге асуы мен қызметін тудырады. Инстуционалдық құрылымның әлсіздігі қоғамның дамуына үлкен нұсқан келтіруі, макроэкономикалық тұрақтылықты толығымен жоққа шығаруы мүмкін.
Қазақстандағы экономикалық реформалардың логикасы көрсеткендей, басқаруды орталықтандырмау мәселесі мен механизмі, жергілікті құрылымдар мен аумақтардың тұрақты даму саясатын күн тәртібіне қояды. Сондықтан саяси билік Үкімет алдына адамдарды мемлекетке жақындастыру міндетін шешу үшін нақты тапсырмалар берді. Әлемдік басқару тәжірбиесіне сүйене отырып басқарудың төменгі сатысынаң қызметі қоғамдық тауар мен қызмет көрсетуді өкілдендіру, онда белгілі бір шығынды есепке ала отырып ресурстар мен өмір сүру нәтижелерін тиімді жұмсауға қол жеткізеді.
Мемлекеттік құрылысқа көзқарастардың либерализациялануы мен нәтижесінде соңғы кезде жергілікті өзін-өзі басқару институтының пайда болуының қажеттілігі туралы пікір кең ауқым ала бастады. Шындығында бұл мемлекет құрылымының фундаменті. Осы фундамент күшті болған сайын, мемлекет те өмірге бейімделген және күшті болады. Қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруынсыз жоғары әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік біртұтастығын нығайту және азаматтық қоғам қалыптастыру мүмкін емес.
Жергілікті өзін-өзі басқару реформасының дамуы іске аспайынша \, жергілікті деңгейде экономикалық, қаржылық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени және тағы басқа да мәселелерді заңдылық, шындық тұрмысынан қамтамасыз ету болмайынша нағыз нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру туралы сөз қозғау қиын. Экономиканы либерализациялау жергілікті өзін-өзі басқарудан нәр алмайынша дамуы мүмкін емес.
Қазіргі Қазақстандық өзін-өзі басқару кезеңінің дамуы өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр, біздің Республикамызда орын алып отырған қарама-қайшы, аяқталмаған және айқындалмаған үдерістердің көрінісі деуге болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы өте ұзақ және күрделі үдеріс, бірақ қазірдің өзінде-ақ біз жаппай жергілікті өзін-өзі басқару жағдайында жұмыс істей алатын жаңа толқын мамандарын даярлауымыз қажет. ОЛарға нақты бағдар, бағыт беріп, университет аяқтаған соң сол жолмен жүріп, реформаның әр кезеңінің нақты міндеттерін жүзеге асыру бағытын қалыптастыруымыз қажет.
Қоғамның іргелі негізіндегі ең басты әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйеден нарықтық экономикаға көшуіміз бұрынғыдай аймақтар мен жергілікті территориялық қайта өзгертулерді бір орталықтан басқаруды қолданудың мүмкін еместігін көрсетті. Жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін тапсыру жүйесіндегі аймақтар мен бүтіндей барлығын экономикалық басқару ісі еліміз бен аймақтардың экономикалық өсуінің қажетті объективті негізі.
Басқарудың орталықсыздандарылуы және экономикалық тиімділігі жағынан ғана емес, ол сонымен қатар қоғамды демократияландыру орталығындағы әлеуметтік-саяси мәні зор мәселе. Мемлекет өзінің демократилық негізін өзін-өзі басқару үрдісінен алып, жергілікті халық, қауым, топтпрға біріге отырып, өз органдарын құра отырып, жергілікті жүйенің өмір сүруіне қажетті өз еркімен немесе өз жауапкершілігіне қарай экономикалық және қаржылық базасын қалыптастырып, жүзеге асыра бдастайды. Өмірге икемделу жүйесі өзіне жергілікті тұрғындардың қоғамдық тауарларды өндіру жіне сату сияқты өз қажеттілігін өтеу жағдайы жиынтығында әлеуметтік, материалдық, рухани, мәдени және т. б. мәселелерді құрайды.
Бұл сияқты өзін-өзі басқарудың бастамашыл түрінде оның экономикалық тиімділігі мен пайдалылығы жатады. Осы сияқты тәжірбие нарықтық экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің тарихынан кездестіруге болады.
ҚР Конституциясындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ( 1, ХІІІ бөлім 39-41 бет) туралы құқықтық негіз салынған Конституцияның 89 бабында [1 бөлім, 41 бап] «Қазақстан Республикасы тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады» деп көрсетілген - ҚР парламентінде « ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң талқылануда.
Сонда да жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі саяси пікір-таластың нысаны болып отыр, онда барлық деңгейдегі әкімдердің сайлану мәселесіне келіп тірелуде. Сондай-ақ айтылған міселеде елдегі аймақтық орталықтарды жергілікті территориялық құрылымдармен шатастыру орын алғаны да байқалады.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін зерттеу үшін оның ғылыми -әдіснамалық негізін құру алдыңғы қатарлы елдердегі осы мәселе бойынша әртүлі үлгілерді танып білмейінше, ҚР жергілікті жағдайына бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық үлгісінің болашағын болжамайынша әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне жауап бере алатын жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдық жоба жасалмайынша мүмкін емес болып отыр.
Барлық жоғары да айтылған ойлар тақырыптың ғылыми зерттеу жобасының өзектілігін ашып бере алады.
Өңдеу дәрежесі. Шетел ғаымдарының мемлекттік және муниципалдық басқарудың теориясы мен тәжірбиесі бойынша іргелі еңбектері жарық көрген. Олардың ішінде атап өтер болсақ: Gregoire R., J., Grepaire В., GreenWood, Jons J., Nigro F., Nigro L., Roskin М., Wilson D. И т. б.
Ресей ғалым-экономистерінің ішінде мына: Атаманчук Г. В., Глазуновой Н. И., Забродина Ю. М., Мильнер Б., Пикулькин А. В., Поршнева А. Г. және т. б. еңбектерді атап өтуге болады.
Осы тақырып аумағында еңбек етіп жүрген отандық ғалымдардың ішінен, атап айтар болсақ: Абдулаев С. А. (Децентрализация государственного управления), Дауранов И. Н. (Организация государственного управления), Исмагамбетов Т. (Выборы акимов и местное самоуправление), Кубаев К. Е. (Экономическая модель эффективного государства), Мухтарова К. С. (Теория и практика государственного управления) және т. б.
Экономикалық ғылым мен тәжірбие қоғам дамуының іргелі жағдайы арқылы тиімді мемлекеттік саясат жүргізуді дайындап шығарды. Бірақ, қазір осы мәселені аймақтақ және жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселесі өткір қойылған. Сондықтан жұмыста инстуционалдық теорияны құралдар мен әдістер көмегімен нақты реттеу механизмімен басқарудың төменгі сатысына мемлекеттік қолдау көрсету арқылы - жергілікті өзін-өзі басқару экономикалық үлгісін жасау ұсынылады.
Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жергілікті тұрғындардың мүддесіне қызмет етуді және оны дамытуды, оның болашақ экономикалық үлгісін жасауды және жергілікті территориялық құрылымдар, бірлестіктерді (ауыл, поселок, аудандық маңызы бар қалалар) басқарудың механизмін жан-жақты, кешенді түрде зерттеу.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері, ТМД елдері және ҚР аймақтарының жергілікті өзін-өзі басқару жағдайын, ерекшелігін және тәжірбиесін зерттеу;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше мунициалды корпоративтік сипаттағы және мемлекеттік коммерциялық мазмұндағы ұйым ретінде болашақ экономикалық үлгісі тұжырымын жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық негізі жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің қаржылық механизмін жасау;
- Қабылданған концептуалды үлгі шегінде құрылған территориялық субъектілердің экономикалық механизмін, жаңашыл нормалар мен нормативтік өзара қарым-қатынастарын (тәртіптерін) жасау;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың (ауыл, аймақ, аудандық маңызы бар қалалар) экономикалық үлгісін қалыптастыру;
Жұмыстың зерттеу нысаны. Еліміздің жергілікті жағдайына
бейімделген, Жергілікті өзін-өзі басқарудың болашық экономикалық үлгісі болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде жергілікті территориялық құрылымдар (қауымдастық, ауыл, аймақ, аудандық маңызы бар қалалар) қызмет атқарады.
Зерттеу әдісі мен тәсілдері - индуктивті - дедуктивті, салыстырмалы талдау, нәтижелерді салыстыру және жинақтау.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы. Инстуцияланған теорияны басқару органдары, басшылық агенттері, үй шаруашылығы (аулалық) қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланыс механизмін сипаттау жолымен, кіріс базасының тиімділігін арттыру мақсатында территориялық құрылымдарды басқару нормативтік жүйесін жасау.
Күтілетін нәтижелер:
- Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін, ерекшеліктері мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерін айқындау;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың болашақ экономикалық консепциясы (тұжырымы) ;
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық үлгісі (ауыл, аймақ, аудандық маңызы бар қалалар) ;
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады; 8 сурет ендірілген компьютерлік терімдегі 72 бет мәтіннен құрылған.
1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы.
Жергілікті өзін-өзі басқару идеясы мен тәжірибесі мемлекет пайда болғанға дейінгі ерте кезенде дүниеге келген. Өзін-өзі басқару адамдар қауымының өзін-өзі ұйымдастыру негізінде өмір сүруін қамтамасыз еткен кейінірек өзін-өзі басқару өте күрделі түрге айналып, нақты жағдайға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және таптық құрылымының ерекшелігіне тәуелді бола бастайды. Бірақ сонда да белгілі дәстүр сабақтастығымен өзін-өзі басқару түрі сақталынып отырды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруда ел көлеміндегі территориялық басқару ұйымының өнімі ретінде түсіндіруге, яғни ол орталық және жергілікті басқару органдарының арасында өкілеттіліктерін бөлу жағдайында пайда болды. басқару өкілеттілігін кімде-кім делегациялау туралы сұрақ - орталық жергілікті жерлерге ме, әлде керісінше ме, оны мемлекеттік құрылыстың түріне байланысты яғни федеративті немесе унитарлы мемлекеттігіне қарай бөлінеді. Қалай болған да жергілікті өзін-өзі басқару орталықтандыруда концентрациялау нәтижесімен анықталады, яғни иерархиялық жүйеде деңгейлер арасында қызметтерін бөлудің салдарынан шығады. Сонда ол әртүрлі әкімшілік-территориялық бірліктегі тұрғындардың еркіне қарай құрылған демократиялық институт болып табылады. Біріншісі атқарушы билік органдарына, ал екіншісі өкіметтік билік органдарына тән жергілікті өзін-өзі басқару биліктің мемлекеттік билігінен шығатын, мемлекет нақты анықтап берген шектен шықпайтын қызмет ету саясы көрсетілген басқару түрі болып табылады.
Қазіргі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіндегі мемлекеттік басқаруды жергілікті мекемелерге беру, орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін оларға тапсыру жүйесіндегі мәселеде және жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік жергілікті басқарудың өмірге бейім түрін қалыптастыру мәселесі үлкен маңызға ие болып отыр.
Сөз жоқ, қарастырып отырған мәселе көп қырлы және көп бағытты екені даусыз. Онда мәселенің құқықтық, әлеуметтік, саяси, философиялық, экономикалық және т. б. қоғамдық ғылымдардың зерттеу пәні болып отырған көптеген аспектілер тоғысқан. Мәселенің тәжірбиелік өзектілігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі публикациялар сериясында, немесе жергілікті өзін-өзі басқару проблемалары жөніндегі әртүрлі парламенттік тыңдауларда жарыққа шығады. Ғылыми, ғылыми-публицикалық жұмыстар мен журналдағы мақалалар, конференция және дөңгелек үстелдердегі баяндамалар мен хабарламаларды талдай отырып мынадай нәрселерге көңіл бөлінгенін көреміз, оларда жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік жергілікті басқару мәселесіне тар прогматикалық және құқықтық негізіне көп назар аударылғанын байқауға болады. Біздің жасаған қортындымыздың нәтижесінің пайдасына кейінгі кездері аймақтық және жергілікті басқару органдары басшыларының сайлануы орталық биліктің дағдарысына алып келуге дейін барып, жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдары арасында билікті бөлісу мәселесі бойынша да үлкен дисскусияға айналуы, осы сұрақ мәселені дағдарысқа да әкеле жаздады (ОМСУ) [2] .
Сонымен қатар қарастырып отырған мәселенің пайда болуы мен шиеленісуі өмірден алынған немесе таза экономикалық-шаруашылықтың шығу тегіне қарай жалпы теориялық және экономикалық қайта қарауды талап етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық үлгісінің жалпы теориялық негізінің абстрактілігінің логикалық талдау нәтижесі мынадай қортынды қалыптастыруымызға мүмкіндік береді:
1) Егер осы мәселемен айналысып жүрген саясаткер, басқарушылар мен ғалымдар өз зерттеулерінде мемлекет пен аймақ, мемлекет пен жергілікті қауымдастық арасындағы өзара байланыс, және өзара қарым-қатынас сұрақтарына назарларын салса, адам, үй шаруашылығы, отбасы жергілікті қауымдастық пен мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өзара байланысы өнімді, әрі жемісті болар еді.
Егер біріншілерін жергілікті жерлердегі өкілдіктер мен кейбір басқару қызметтерін мемлекеттің делегацияларын жіберу туралы мәселе толғандырса, онда керісінше айтылып отырған мәселеде делегациялау еркін түрде және өз еркімен, сөзсіз болуы керек, нақтырақ айтар болсақ жергілікті қауымдастықтардың автоматты түрде өзіне тән емес, тиімсіз атқарылуы мүмкін емес қызметтерін және өкілеттіліктерін мемлекет пайдасына шешіп беруге тырысты. Демек, зерттеушілер құдыретіне жатқызатын соңғыларын анықтап және оларды классификациялау, бұл мемлекет пен ЖООБО (ОМСУ) арасындағы қызметтер мен өкіметтіліктер ара қатынасы бойынша болып жатқан талас-тартысқа соңғы нүкте қояды
2) Зерттеулер ортасында өзінің күнделікті қажеттіліктерімен, өз табиғатына сай, экономикалық құлқы мен әуестілігі, ынтасына қарай әділ орналасуы қажет; адамның өмір сүру жүйесі мен оның отбасы, үй шаруасы құқықтық, формальды, формальсыз және моралдық нормалар шегінде қалыптасып, адам қоғамы институтының тарихи қалыптасуы мен эволюциялық жолмен жүруі тиіс болады.
3) Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық үлгісінің құрылысының бастауы болып адамның өзінің экономикалық үлгісі тұруы қажет, дәлірек айтсақ «экономикалық адам», яғни жеке басының үй шаруашылығындағы басты мүддені қорғауда «рационалды максимизатор» болуы тән. «Экономикалық адамға» не оның үй шаруашылығына (отбасына) жергілікті қауымдастық пен жергілікті өзін-өзі басқару қажеттілігі тек өзі ойлаған пайда мен өз мүдде мұқтаждығынан төмен болмаса ғана жергілікті қоғамдастыққа бірігуге барады. Яғни, жергілікті қоғамдастық өзіне тән өзін-өзі басқару органы тек еркін түрде ғана құрыла алады, сонда да өмір сүру сатысының жүйесін қалыптастыруда жеке іс-әрекетінен гөрі бірігуде үлкен экономикалық пайда болады.
4) Еріктілік принципі, бұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғындарға салық салуды мәжбүрлеуде қарсы болмауға негізделеді, ол мына жағдайда, яғни жергілікті қауымдастық ұсынып отырған игіліктер жалпы және сол игілікті жоққа шығармауында, «экономикалық адамның» «оппортунистік мінез-құлқын» ескере отырып, оның «билетсіз» және «фрирайдерлігін» туғызбау мәселесін ескеру қажет.
5) Жергілікті қоғамдастық пен осыған сай жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өмір сүру жүйесін қалыптастыру мен жүзеге асыру мақсатында құрылады, сондықтан оның экономикалық негізі ретінде жергілікті және муниципалды шаруашылық тұрады.
6) Басқарудың демократизациялануына байланысты жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын ғылыми жағынан негіздеу қажеттілігі өздігінен түсіп қалады. Өйткені, жергілікті жерлерде өмір сүруді жүйелеу объективті түрде жергілікті қауымдастықтың құрылуына алып келеді, осыған сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен муниципалды шаруашылықтар деспоттық, тирандық, диктаторлық тәртіпте болады.
Мысалы, Батыс Европада шаруа қожалықтарының стратегиялық базасында, оны «тірі қалу этикасы» деп те атайды және ол «қауіпсіздік бәрінен жоғары» деген принципке сүйенеді. Жүздеген жылдар бойында монархиялық тәртіп кезеңінде қалыптасқан қауым жерлерін қайта бөлу, өзара көмек, дәулетті қожайындардың жалпы мұқтаждықтарды қаржыландыру еріктілігі сияқты бүтін бір әдіс-тәсілдер жүйесі қалыптасты. Әр адамға «өмір сүрудің қасиетті құқығын» қамтамасыз етіп, әр жылдарда жердің өнімділігінің тез өзгеруінен аман алып қалу үшін сақтандырып отырған.
Осындай жергілікті өзін-өзі басқару түрін біз төңкеріске дейінгі қазақтар тарихынан байқаймыз, онда көшпенді шаруашылық рулық негізге сай жүргізілген.
7) Барлық экономикалық орта сияқты фирма немесе үй шаруашылығы басында «рационалды максимализатор» - «экономикалық адамның» қызмет ету аясы муниципалды шаруашылық базасындағы жергілікті өзін-өзі басқару отаны немесе соған сәйке жергілікті бірлестікті құрайды. Олардың арасында принципиалды айырмашылық (үй шаруашылығы) яғни - жеке нарықтық тауар мен қызмет көрсету боладын болса, ал жергілікті жерде өмір сүруді қамтамасыз ету қоғамдық маңызды игілікті өндіруші жергілікті (муниципалдық) шаруашылық бағытында жүреді.
Жеке фирма (үй шаруашылығы), нарықтық айырбас ортасына ауыса отырып және қоғамдық игілікті өндіре отырып, әрбір жергілікті қоғамдастық мүшесі жергілікті (муниципалыды) шарушылыққа бәсекелес бола алуына байланысты дамиды.
Осы пікірлерден жергілікті тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру мен жүзеге асыруды қолға алып, олар аса үнемді жұмыс атқарғанда ғана жергілікті өзін-өзі басқару органдары дұрыс ұйымдастырылады. Муниципалды шаруашылық игілігі барлық тұрғындарға қоғамдық игілік көрсетуші мемлекеттік секторымен бәсекелес бола алады. Жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару арасындағы саяси мәселенің өкілеттіліктерін айырып алу міндеті іздеудің нағыз түп-тамыры болып тұр .
Жергілікті, әсіресе селолық тұрғын жерлердегі халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуді қалыптастыру және жүзеге асыру механизмі бұрынғы жүйенің күйреуіне алып келді, өйткені, әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрт түбегейлі өзгеру үрдісі басқарудың , бір жерге топтастырылмауының объективті көрінісі болды.
Жаппай приватизациялау нәтижесінде совхоз, колхоз және басқа да мемлекеттік және кооперативтік өндірістің ыдырауы кеңес экономикасында жергілікті жерлердегі өмір сүруді қамтамасыз ете алмауына әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz