Қазіргі қазақ повесіндегі көркемдік ізденістер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

1. Жанр туралы ойлар.

Повесть жанры туралы айтпас бұрын «повесть» сөзіне тоқталсам:

«Повесть»- орыстың көне дәуірінен келе жатқан төл сөзі. Бұл әуелде өмірде

болған әралуан ірі оқиғаларды жылнама, шежіре беттеріне тізіп, жазып қою,

баяндау(повествование), дәсүрінен туған. Былайша айтқанда «повесть»

орыстың ауыз әдебиетіндегі «слова», «сказание» деген халықтық

шығармалар түрімен төркіндес. Ерте кезде ол да солардың міндетіндей ғана

қызмет атқарған. Бірақ көп жағдайда өмірде нақты болған адамдарды,

өткінші оқиғаларды тізіп, тарихтық мәні бар болмыстарды баяндаған. Бұл

термин келе - келе кейінен өзінің мағынасын әдебиет ағысының толқынына

сай өзгертіп, белгілі бір жанрдың тұрақтамасына айналған. Былайша

айтқанда, «ауыз әдебиетінен тыс, онымен байланыссыз дамып, өз бетімен

өскен жазба әдебиет жоқ. XVIII ғасырда мәдениеті тез өсіп, дүние жүзілік

мәдениетпен қоян- қолтық келген, XIX ғасырдан бастап Европаны

таңдандырған орыстың жазба әдебиетімен нық байланысты, тамыры бір»

жатқанын повесть жанрының өткен жолы да өз алдына дәлелдей түседі.

Енді осы повесть жанры жайлы әдебиет зерттеушілер әр түрлі пікір

айтуда:

Қ. Жұмалиев : «Баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа

шығармалар ұзақ әңгіме (повесть) деп аталады. Романмен

салыстырғанда, ұзақ әңгімеде эпизотар аз және алған оқиғаларының

көлемі де шағын болады. Ұзак әңгіменің (повестің) мысалы Пушкиннің

«Капитан қызы», Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы», т. б. Әйтседе роман

мен ұзақ әңіменнің арасындағы шекараны, өзгешелікті дәл мынау деп

үзілді- кесілдіайта қою қиын. Ұзақ әңгімелер негізінде бір, не екі

сюжеттік линияға негізделінеді, өмір құбылысы романдағыдай онша

терең суреттелмейді, ең керекті, ең негізгі деп саналған мәселелерді

қамтып, бірінші орынға соларды шығарады. »

М. Қаратаев : «Новелла жаныры, яки әңгіме мен повесть, романнан

бөлек, бөтен категориялар емес. Олар, Белинский айтқандай, ұлы өмір

кітабынан, яғни романнан жұлып алған парақтар - әңгіме( ол бір немесе

бірер эпизодты суреттейді) яки бір тарау - повесть ( ол бірнеше эпизодты

біріктірген бір оқиғаны суреттейді) . »

С. Қирабаев : «Эпостың тең үлкен түрі роман - көркем сөздің ең биік

үлгісі . . . Онда бірнеше сюжеттік линия (негізгі сюжнттік линияға қосымша

бірнеше сюжеттер) қатар өрістеп, сол негізде халықтың көптеген тобының

жан-жақты обрызы жасалуға тиіс . . . Ал повесть шағын бір-екі сюжеттік

линияны дамытып, соған қатысты геройлардың аз ғана тобын алдыңғы

кезекке қойып көрсете алады», - дейді.

З. Қабдолов : «Әңгіме шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша асыл

үлгісі . . . Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі - жинақтылығы . . . Ал ұзақ әңгіме, яки

повесть - орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі . . . Повестің жұрт таныған

кейбір жанырлық сипаты-мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға:

адам өмірінің бір не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары

кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің

көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі . . . Роман - кең көлемді эпикалық түр . . .

Эпостың бұл түрінде жазылған шығапмалар . . . адам мен қоғам тіршілігін

мейлінше кең қамтып, алуан - алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп,

толассыз қимыл - қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды, - дейді».

А. Нағымбетов : «Яғни эпостың кең көлемді прозалық түрі - роман,

орта көлемді прозалық түрі - повесть, кіші көлемді прозалық түрі - әңгіме

екеніне көзіміз жеткендей . . . Мәселен, әңгімеде адам өмірінің бір, немесе

бірер эпизоды суреттелетіні; соған сәйкес белгілі қоғамдық жағдайға тән бір,

немесе бірер оқиға бейнеленетіні әлде қашаннан аян нәрсе. Бірақ, кейде осы

жанырға өзек болған адам өмірі жан-жақты әрі кең ауқымда суреттеліп,

белгілі бір кезеңдегі қоғамдық құбылыстарды, уақыт рухын әдеттегі

әңгімеден әлдеқайда терең таныстыратындығы салдарынан, онда өрнектелген

өмір өлкесі сөз болып отырған жанырдың шағын құшағына симай жатады.

Сондай сәтте әңгіме мен повестің ара жібін ажырату қиындап кетеді. Мұндай

жағдайда шығармаға кейде қос айдар тағылып, біресе әңгіме, біресе повесть

аталып жүретіні де содан»

Ә. Әзиев : «Повесть- әңгіме мен романның аралығындағы жанр. Ол

көркем прозаның кіші формасынан үлкен эпикалық формасына қарай өтетін

кезеңде тұр. Былайша айтқанда әңгімеден үлкен, романнан кіші соғатын бұл

жанр эпостық шығарманың орташа түрі болып табылады. »

Ал орыс ғалымы Паспелов повесть жанрын кең және тар мағынасын

түсіндіреді. Ертегі және әңгіме қарағанда көлемі жағынан кең, ал тар

мағынасында көркем қара сөзбен жазылған орта көлемді шығарма деп

көрсетеді. Бірақ көлеміне қарап шығармаға айдар тағып, ат қоюға

болмайды. Шығарманың мазмұны мен мағынасы қарай әңгіме, повесть,

роман деп көрсетуімізге болады. Кейде он беттік шығарманың өзі роман деп

аталып жатады. Яғни шығарманың көтеретін жүгіне байланысты. Осы роман

жанры жайлы орыс ғалымы Бахтин өз еңбегінде былай дейді: «

Ғалымдардың үлкен еңбектерінің арқасында роман жанрының әр түрлі

оқиғалардан пайда болуына байланысты көптеген тарихи материалдар

жинақталды. Бірақ жанр мәселесі жайлы қанағаттанарлық бүтіндей бір

шешім табылған жоқ. Оны басқа жанрдан ішкі ережелерін белгілеуге,

жанрлық белгілерін көрсетуге тырысады. Романда мүмкіндігінше көптеген

жағдайларды толық суреттеу, жинақтау болып табылады . . . » дей келе роман

жанрына тән мынандай белгілерді көрсете кетеді: « роман - көп жоспарлы

жанр, бірақ бір жоспарлы қызықты романдар бар; роман - күрделі сюжетті

және динамикалық жанр, бірақ алдағы уақытта әдебиет үшін таза суреттеуге

қол жеткізетін романдар бар; . . . роман - махаббат тарихы, бірақ европалық

романда махаббат бөлімдері мүлдем артық; роман - прозалық жанр, бірақ

өлең түрінде жазылатын романдар да бар. »( М. Бахтин. Вопросы

литературы и эстетики. 452-453 беттер. ) Зерттеушілер көрсеткен нақты

және дұрыс деген анықтамалары осындай романға тән жанрлық белгілерін

көрсетіп бере алмағандығын ғалым атап өтеді. Бұдан біз қай жанрдың болса

да өзіне тән белгілері болатындығына көзіміз жетті. Мысалға, әңгіме несімен

әңгіме болып табылады, өйткені ондағы суреттеліп отырған оқиғаның

әңгіменің шеңберінде ғана болуы. Ал сол оқиғаны повесть және роман

жанрында жазсақ, оқиғаның шеңбері кеңейіп, тереңдетіле түседі.

«Повесте сюжеттік желінің негізінен біреу ғана болуы, түптеп

келгенде, автор позициясына да байланысты. Себебі повесть авторы

әлеуметтік шындықтың, адам өмірінің драмалық тартысқа толы тұсын, оқыс

өзгеріске ұшыраған кезеңін жеке -дара түрінде алып бейнелеуге өте бейім

тұрады; адам тағдыры қалай да ұрымтал тұстан танылатындай, қоғамдық

құбылыстар қалай да айқын ашылатындай оқшау оқиғаларды, басты

мәселелерді шапшаңырақ суреттеуге құлшына ұмтылады, бір ғана

проблеманы, жалғыз тақырыпты баса бейнелеуге барынша күш салады.

Автор әуел бастан-ақ алдына сондай мақсат - мұрат қоятындықтан, повесте

кейде тіпті жалғыз емес, әлденеше проблема қатар көтеріліп, соған орай

әлденеше сюжет қатар дамығанның өзінде де, олардың бәрінен емес, тек

біреуінен ғана көркемдік қортынды шығарылады.

Повесте өмір оқиғалары, адамның түрлі тірлік-тынысы, ой-сезімі, іс-әрекеті,

арман-мақсаты негізінен алғанда бірінші жақтан баян етіледі (яғни күнделік

күйінде, сырласу түрінде, кейіпкердің жастық шағын, өткен өмірін, әсіресе

өмірінің өте бір қиын - қыстау кезеңдерін, драмалық тартысты тұстарын еске

алу тұрғысында хикаяланады) . Басқа сөзбен айтқанда, субъективтік сипат

басым болады. Ал романда адамдық мәселелер мен қоғамдық құбылыстар

негізінен алғанда үшінші жақтан баян етіледі де, онда объективтік сипат

басым болады .

Повесть жанрының эстетикалық мүмкіндігі біз айтқаннан әлде - қайда көп.

Оның үстіне жоғарыда аталған жәйттерді тек повесть жанрына ғана

меншіктеу де, тек соның ғана маңдайына жазылғандаы етіп уағыздау да

орынсыз. Өйткені көркем әдебиеттің тарихы мен теориясын зерттеушілер

еңбектерінен повесть жанрына тек мынандай сипаттар тән, ал роман

жанрына тек анадай қасиеттер тән деген үзілді - кесілді пікірлерді әзір

ұшырата қойғанымыз жоқ. Біздің білетініміз - әңгіме, повесть, роман

жанрлары жайлы пікір қозғалғанда, повестің аралық жанр екені ( яғни әңгіме

мен романның аралығындағы, ортасындағы кішкентай роман екені) атап

айтылып жүргені. »[ 1. 1 ]

« Демек, повесть жанры роман тәрізді көп планды, көп тақырыпты

болып келмейді. Ол көркем әдебиеттің эпикалық орташа түріне

жататындықтан өмір құбылысын өзіндік суреттеу қабілетіне қарай шақтап

алады. Бірақ, әдеби алымы әңгімеден гөрі романға жақын тұрады. Адам

тағдырының бір ғана ирімін сөз етіп қоймай, бірнеше қат - қабат жайларын

тізеді. Негізгі сюжеттік желісі ішінде, табиғи заңдылықтан туатын қосымша

тарам - тарам сілемдері, шағын - шағын эпизодтары болады. Былайша

алғанда, бірнеше әңгіменің жүгін повесть көтереді, бірнеше повесть жүгін

роман көтереді. Орыстың көрнекті жазушысы Гончаровтың: роман немесе

повесть жазу үшін асқан төзімді, орнықты болу жеткіліксіз, бұған

қосажазушы да сурет салушыға ұқсап, алдын - ала сан алуан дариялық

жұмыстарын жүргізеді. Жалпы шығармаға кіретін жекелеген сахналардың,

характерлердің, мінездер мен кескін - келбеттердің күн ілгері ұзын -

ырғасын салады, нобайын түсіреді - деуі, бұл екі жанрдың жүгі ауырлығын

және повестің романға жақындығын сөзсіз дәлелдейді. »[ 1. 2]

Осы жоғарыда келтірілген теориялық тұжырымдарды түйіндейтін

болсам, повесть жанрының әңгімеден үлкен, романнан кіші аралық жанр

екеніне сөзсіз келісемін. Қазіргі таңда да повесть жанрын біресе әңгіме,

біресе роман деп шатастырып жүргендер бар. Яғни көлеміне қарап мынау

повесть, мынау әңгіме, мынау роман деп қарауға болмайтындығын зерттеуші

ғалымдарымыз дәлелдеп көрсеткен.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мәдениетімізде де, әдебиетімізде де

көптеген өзгерістер болды. Әр ғасырдың өз рухани мұрасы бар. Яғни сол

мұра өз жалғасын табуда. Біз сол мұраны қазіргі қазақ прозасынан көре

аламыз. Өткенімізге қарап бүгінгіні білеміз, бүгінгіге қарап болашақты

болжаймыз. Бұрығы әдебиетіміз қандай болды деген сұраққа ғалымдарымыз

өз пікірлерін айтып, ғылыми еңбектерін жазып қойған. Біз оған

тоқталмаймыз. Айта кететін бір жайт, осы күнге дейінгі әдебиетіміз кеңес

дәуірін жазумен келсе, қазіргі қазақ әдебиетіміздің алған бағыты басқаша.

Міне сол басқаша сарында жазылып жүрген қазіргі қазақ прозасы

ерекшелігімен таныстырмастан бұрын орыс әдебиетін де болып жатқан

жаңалықтарға тоқталсақ.

Орыс әдебиетіндегі ғылыми зерттеулер « Вестник », « Вопросы

литературы» деген журналдардан кездестіруге болады. Қазіргі таңдағы

жазушылар қай бағытта, қандай стильде жазады деген сұраққа жауап

іздестіруде . Және жыл сайынғы өтілетін ғылыми конференцияның

қорытындысы да « Вестник» журналынан көре аламыз. Мысалға, « Русская

литература XX - XXI веков: проблемы теории и методологии изучения:

Матиралы Международной научной конференции 10 - 11 ноября 2004 года.

М. : Изд-во Моск. Ун-та, 2004. 472 с. » деген тақырыпта өткен конференцияға

Ресей мемлекетінің әр жерінен өз зерттеулерін қоғауға келген және бұрынғы

ТМД мемлекеттері, Европадан, Азиядан, Америкадан да т. б. мемлекеттер

қатысқан. Қатысушылар әр тақырыпта мақалалар жазғанмен көзднген мақсат

біреу, ол - қазігі жазушылардың әдіс - тәсілдері қандай немесе бұрынғы

жазушылардың жазу стильдері жалғасынтабуда ма деген сұрауларға жауап

беруде. Мысалға, С. И. Кормиловтың «Составляющие современного

литературоведения и их значение для истории руской литературы XX - XXI

веков» деген баяндамасы әдебиеттануда қандай әдістер бар және басқа да

әдістер болуы мүмкін ба дей келе, «әдіс» сөзі марксистік идеологияны еске

түсіретіні белгілі. Бірақ әдебиеттану ғылымы ешқандай саясатқа тәуелді

емес екендігін баса айтады. Осының жалғасы ретінде Л. П. Егорованың

«Задачи неосоциологической интерпретации современной русской прозы»

деген баяндамасында «1980 жылдардағы зерттеушілердің көбісіне

социологикалық әдебиеттану көркем әдебиетке орынын беріп, өзі өткен

ғасырда қалып қойған секілді. » деп социологикалық әдебиеттанудың жаңа

концепциясына тарихи филологияның қатысы барын айта кетеді. Сонымен

қатар Д. С. Лихачевтың ; « Ғылымда әр түрлі мектептер мен түрлі әдіс -

тәсілдер болса ғана дамиды. » деп көрсетуі дұрыс. Қай ғылым саласын алсақ

та онда әдіс - тәсіл, мектеп болатыны сөзсіз. Осындай әдіс жағына көп

ерекше көңіл бөлген М. Л. Гаспаровтың « История литературы как

творчеатво и исследование: случай Бахтина. » баяндамасы Бахтиннің

ғылыми еңбегіне тоқтала отырып: « М. М. Бахтин - философ. Сонымен қатар

филолог болып та есептелінеді. Өйткені екі кітабы Достоевский мен Рабле

туралы жазылған. Философия - әдебиет сияқты шығармашылық аймағы

болса, филология - зерттеу аймағы болып табылады. » Ғалым өзінің

баяндамасында Бахтиннің зерттеу еңбегіне айырықша көңіл бөлген.

Өтілген конференция бағыты осындай әр түрлі тақырыптағы

баяндамалар оқылды. Сонымен қатар мақалада әдебиеттің кірпішін қалап

кеткен А. Толстой, Н. Островский, А. Фадеев туралы жазылған еңбектерді

еске түсіре кетеді. Осындай әдебиет қалаушылары туралы бір - екі

баяндама жазылғандығын және басқа ғалымдардың баяндамалары қазіргі

әдебиетте болып жатқан ағымдар мен бағыттарға тоқтала кеткен.

Міне, орыс әдебиетінде осындай ғылыми жаңалықтар, зерттеулер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі
Роман кейіпкерінің жаны жамандық көріп, жапа шеккендерге деген мейірімге толы
Тақырып идеяға тартылған жол
Д. Исабеков шығармаларындағы ауыспалы мағынаның берілу тәсілдері
ХХ ғасырдың 60 – 80-жылдарындағы әдеби процесті зерделеу
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz