Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
РЕФЕРАТ
КІ РІСП Е
I ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жауап алудың түсінігі, маңызы және процессуалдық негіздері
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
1.3.Жауаптың калыптасу кезеңдері
II ТАРАУ
Куәдан, айыпталушыдан, сезіктіден және жәбірленушіден
жауап алу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.1. Куәдан,айыпталушыдан, сезіктіден, жәбірленушіден
жауап алудың тактикалық әдістері
2.2. Кәмелетке толмаған айыпталушы мен куәдан жауап алудың ерекшеліктері
ІІІ ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫ БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады.
Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде
күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу заңдарын сәйкесінше ұқыпты, білікті және ғылыми негізде қолданумен анықталады.

I. Нормативтік актілер
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.
1.2. Қазақстан Республикасының Кьілмыстық Кодексі, 1 қаңтар 1998. 1.3 Казақстан Республикасының Қылмыстық Істер Жүргізу Ко-
дексі, 1 қаңтар 1998 жыл.
II. Арнайы әдебиеттер
2.4.. Белкин Р.С. "Криминалистическая тактика" экнциклопедия, М., 1997.
2.3. Жәкішев Е.Ғ., ИсаевӘ.А. "Криминалистика " оқулық, "Жеті жарғы" А . 2006.
2.5. Васильев А.Н. "Тактика отдельных следственных действий". М., 1981.
2.6. Герасимов И.Ф., Драпина Л.Л. "Криминалистика". М., 1994.
2.7. Гинзбург А.Я., А.Р.Белкин "Криминалистическая тактика". А., 1998.
2.8. Доспулов Г.Г. "Психология допроса в уголовном процессе". "Ғылым". А., 1996.
2.10. Жәкішев Е.Г. "Криминалистік тактика" "Жеті жарғы". А., 1997.
2.11. Зубарев В., Мешков Ю. "Защитник на предварительном следствии". "Социалистическая законность", 1998, N 2.
2.12. Рыжаков А. «Допрос: основания и порядок производства», Феникс М. 2006
2.13. Пронин К. «Тактика допроса в суде» Юстицинформ , М. 2006
2.14 Леви А.А. "06 участии защитника на предварительном следствии". "Социалистическая законность", 1987, N 4.
2.15. Леви А.А., Пичкалева П.И. "Получение и проверка показа-нии следователей". М., 1987
2.16. Митусевич И.А. "Изучение личности обвиняемого в процессе предварительного следствия". Минск, 1975.
2.18. Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. "Криминалистика" М., 1984.
2.19. Порубов Н.И. "Допрос". М., 1973.
2.20. Порубов Н.И. "Допрос в советском уголовном судопроиз-водстве". Минск, 1973.
2.21. Порубов Н.И. "Научные основы допроса на предваритель-ном следствии". Минск, 1978.
2.22. Филипов А.Г., Волынский. "Криминалистика". М., 1998.
2.23. Яблоков Н.Г. "Криминалистика". "Юридическая литерату-ра". М., 1996.
2.24. Яблоков Н.Г., Колдин В.Я. "Криминалистика" издательство Московского Университета. М., 1990.
III. Тәжірибелік материалдар
3.26. Өндірістік практикамнан алынған мысалдар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
РЕФЕРАТ
Назарларыңызға ұсынылып отырған бітіру жұмысым, кіріспеден,
III тараудан, қорытындыдан және 25 қайнар көзден, 60 беттен тұрады.
Жұмыс жауап алу тактикасына, алдын ала тергеуде жауап алудың жалпы
ережелеріне, жауап алуға шақыру тәртібіне, және де іс үшін маңызы бар мән-
жайларды анықтауға және тергеудің процессуалдық тәртібіне арналған.
Бітіру жұмысының II тарауында кәмелетке толмаған айыпталушы мен
куәдан жауап алу тактикасы кең ауқымды қарастырылған. Сондай-ақ кәмелетке
толмаған айыпталушыдан жауап алу процессінің ерек-шеліктеріне, және де
кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық даму деңгейіне, балалардың
психикасын басшылыққа ала отырып кәмелетке толмаған айыпталушылардың берген
айғақтарын қалып-тастыру процессінің ерекшеліктеріне тоқталып өтілген.
Айыпталушыдан соның ішінде кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап
алу, жауап алу орнын таңдап алу, қажетті жағдайды жасауға негізінен мән
берілген. Кәмелетке толмаған айыптаушыларға қатысты жауап алу процесіне
үшінші жактардың, яғни ата-аналарының, педагогтарының, психологтардың
шақырылуына көңіл бөлінген. Айыпталушыдан және куәдан жауап алуды бекіту
кезінде хаттамамен қоса, қосымша құрал, аудио - және бейне жазбаларды
қолдану ұсынылады. Материалды тергеу практикасынан алынған бірнеше мысалдар
келтірілген.
Айыпталушы мен куәдан жауап алған кездегі тергеушінің тактикалық
тәсілдерді қолдану қызметінің негізгі ерекшеліктері, осы жұмысымда сөз
болып, тергеушінің жауап алар алдындағы дайындық жұмыс-тарымен таныстырып
өтуге тырыстым. Әртүрлі авторлардың осы тергеу әрекетіне байланысты жазған
еңбектерінен үзінділер келтірдім.
КІ РІСП Е
1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан
Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге
асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең
басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-
тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған
сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге
жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау,
қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып
табылады.
Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі
мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы
бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы
көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының
саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек
ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик
сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс
құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар
арасында кең етек жая бастады.
Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және
өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде
күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі
мәселелердің біріне айналып отыр.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу
мәселелерін шешу, қылмыстық іс жүргізу заңдарын сәйкесінше ұқыпты, білікті
және ғылыми негізде қолданумен анықталады.
Қылмыстылықпен күрес жүргізу кезінде тергеу әрекеттерін, соның
ішінде ең көп тараған түрі - жауап алуды дұрыс қолданғанда ғана, табысқа
жетуге болады.
Осы тақырыптағы бітіру жұмысымда, айыпталушыдан жауап алуды, оның
мүддесін қорғау құралы және дәлелдеу құралы ретінде, этникалық және
тәрбиелік жақтары бар әлеуметтік құбылыс есебінде, психологиялық жағынан
алып қарағанда ерекше қатынастар процесі есебінде қарастыруға тырыстым.
Жауап алудың мазмұны криминалистік тактиканың тергеу және сот
практикасы негізінде қалыптасқан тәсілдер арқылы жауап берушіден айғақ
беруді талап етуден тұрады.
Айыпталушы мен куәдан жауап алудың пәні бұл тергеліп отырған іс үшін
маңызы бар, жауабы алынып отырған адамның білетін мәліметтері мен мән-
жайлары.
Бітіру жұмысының бұл тақырыбын, алдағы құқық қорғау органдарында жұмыс
істеуімнің ерекшелігіне және де тәжірибелік
жұмысымда теориялық көмек беретіндігіне байланысты таңдап алдым.
Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңғы жылдарда, қылмыс саны, әсіресе жасөспірімдердің жасаған қылмыстарының
жалпы саны 30,1% өскен. Бұл көрсеткішті көрсетіп отырғанымның себебі,
бітіру жұмысымның бір тарауы кәмелетке толмағандарға арналған, онда олардан
жауап алу тактикасының жүргізілу тәртібі, олардан жауап алу орны мен уақыты
және т.б. мәселелер қаралған.
I ТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Жауап алудың түсінігі, маңызы және
процессуалдық негіздері
Жауап алу дегеніміз — занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол
арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер
алынып, олар қылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты
жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-
ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бүл тергеу
әрекеті төрттүрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу
заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша
неғүрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын
арттыру үшін жауап алғанда, бүған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қол-
данылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген
тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстық оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер:
қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің
жасағаны, оған қанша адамның қатысқа-ны, істеген қылмыстың зардабы, залалы,
сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән-жайлары анықтала-
ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар,
кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап
алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға
керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүр-
генін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да
жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралық түрінің, қылмыстық
оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып
үстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап,
тергеушінің, соттың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім
қабылдауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған қылмыстың мән-жайын
қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз
қателігін дүрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады.
Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды.
Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінің
артықшылығы жоқ. Сон-дықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына
да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр
кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған
сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан қүтылып кетуге тырысуы мүмкін.
Айып істегі барлық деректердің түжырымды қорытындысына ғана негізделуі
тиіс.
Жауап алу - ең көп тараған, ал тактикалық мағынада - ең күрделі
тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.
"Жауап алу - бұл дәлелдемелерді алу және тексеру жөніндегі тергеу
әрекеті. Жауап алудың көмегімен қылмыстық істің дұрыс шешілуі үшін қажетті
қылмыс туралы мәліметтердің айтарлықтай бөлігін алуға және белгілеуге,
қылмыстың ниеті мен мақсатын, сондай-ақ оған түрткі болған жағдаяттарды
анықтауға болады.
Әдебиетте кездесетін әр авторлардың түсінігінде, жауап алу, қылмыстық
іс жүргізу нормаларын қатаң түрде қолдану арқылы, сонымен қатар, жауап
берушіге психикалық, физикалық зорлық, не болмаса қандай да бір күштеу
сияқты заңсыз әрекеттерді қолданбай жүргізу керектігі айтылады.
Практикада жауап алу процесінсіз қылмыстық істің болуы тіпті мүмкін
емес. Яғни, қандай да болмасын қылмыстық істі тергеген кезде, тергеуші
куәдан, айыптаушыдан, жәбірленушіден жауап алады.
Жауап алу, сипатына байланысты - көп жоспарлы, күрделі, процессуалдық,
криминалистикалық, ұйымдастырушылық және этникалық аспектілері бар әрекет
жауап алу - бұл жоғары шеберлікті талап ететін өнер болып табылады.
Жауап алудың түсінігі туралы пікірлерін басқа да көптеген авторлар өз
еңбектерінде білдірген. Досболов Г.Г. психологиялық
тұрғыдан алғанда жауап алуды - жауап берушінің қабылдаған және ойында
сақталған қылмыс жөніндегі толық мәліметін Заңға сәйкес жауап алушыға беру
деп сипаттайды.1
Жәкішев Е.Ғ.: Жауап алуды - жасаған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті
деректі мәліметтерді алуға бағытталған, Заңда көрсетілген тергеу және сот
әрекеті деп санайды.2
Осы келтірілген түсініктерге ұқсас пікірлерді Заң әдебиеттерінде басқа
да авторлар береді.3
Психологиялық жағынан алғанда жауап алудың негізгі мақсатының сипаты,
тергеушінің айыпталушының психикасына еніп, оған белсенді түрде әсерін
тигізуін талап етеді.4
Жауап алу кезінде криминалистік тактика, сот психологиясы, логика,
педагогика және сот этикасы кең қолданылады.
Жауап берушілер (куәлар, жәбірленушілер, айыпталушылар, сотталушылар)
бір-бірінен өмірлік тәжірибесімен, мамандығымен, білімімен, психикасымен
ажыратылады, әрі ерекшеленеді.
Жауап алуды ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін, тергеуші, жауап берушіге
сенімсіздік білдірмейтіндей жеке қасиеттерге ие болуы керек, яғни ол,
объективті, зергек, ұтқыр, ақылды, тәкәппар болуы тиіс. Тергеушінің
жағымсыз, жат қылықтары жауап берушінің шынайы және толық айғақ
беруге, тіпті айыпталушының тергеушіні ауыстыру туралы берген өтінішін
қанағаттандыруға әкеп соғады.
Жауап алу кезінде сөйлеу және өзін-өзі ұстай білу мәнерінің де
жауап берушінің психологиясын зерттеп қоймайды, сонымен қатар
_________________
1 Досбулов Г.Г. "Психология допроса в Уголовном процессе", "Ғылым", А.,
1996, 7 бет.
2Жәкішев Е.Ғ. "Криминалистік тактика" "Жеті жарғы", А., 1997, 46 бет.
3Порубов Н.И. "Допрос" Минск, 1973, 10 бет.
4 Васильев А.Н. "Тактика отдельных следственных действий". М., 1981, 8 бет
айыпталушы да өз тарапынан тергеушінің психологиясын, әрекеттерін, әрбір
мимикасын, қимыл-әрекетін зерделеп отырады.
Жауап алынатын адамдардың әрбіреуіне қатысты, олардың қуқтарына
қатысты, заңды мүдделеріне қатысты өрескелікке, менмендікке,
келесітушілікке жол берілмейді.
Екінші жағынан жауап берушіде өз тарапынан шектен шығып кетпеуі тиіс.
Кейбір жауап берушілер жауап алу кезінде өзін жүгінсіз үстап, тергеушінің
күйгелектеуіне және күйіп-пісуіне әкеп соғады.
Ұрлық қылмысын жасаған айыпталушы Сабиров, жауап алу кезінде өзін тыныш,
тіл алғыш үстады, айғақтарды еркін баяндау жолымен берді, бірақта келесі
күні іске қатысты белгісіз болған мән жайларды анықтау қажеттілігі туған
кезде Сабиров түйық болып, айғақтарды бергенін мойындамады. Осының
салдарынан тергеуші күйгелектеп, жауап алуды келесі күнге ауыстыруға тура
келді.
Толық әрі шынайы айғақ алуға, тек, тергеушінің қүққа сай белгілі бір
тактикалық тәсілдерді қолдану кезінде ғана жетуге болады. Тергеушінің
таңдап алған тактикалық тәсілі жалпы талаптарға, сондай-ақ жауап берушінің
түлғасының ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.
Жауап алу процесін тактикалық магынада төмендегідей сатыларға бөліп,
қарастыруға болады:
Кіріспе
Жауап берушінің еркін баяндауы
Тергеушінің сұрағына жауап беру.
Осы жұмыста келтірілген және алда кездесетін мысалдардың барлығы
өндірістік практикамнан алынған.
Кіріспе сатысында, жауап алуға келген тұлғаның жеке басын анықтау, жауап
берушіге оның процессуалдық құқтарын және міндеттерін түсіндіру, жауап беру
тілін анықтау мүмкіндігі туады.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын
анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп
отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі
келетіні анықталады.
Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс
бойынша жауап алынатыны хабарланады, Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде
көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға
белгі қойлады..." (ҚР ҚІЖК 213-бап 1,2 тармақтар).
Екінші сатысы, жауап берушінің жауапты еркін баяндау түріндегі, өзіне
белгілі мән-жайларды, яғни іс бойынша мән-жайларды айтумен басталады. Еркін
баяндау кезінде тергеуші жауап берушіні бөлмей, мұқият тыңдайды. Егер жауап
алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл
туралы ескертілуі қажет. Еркін баяндау жауап алудың барлық мәселелерін
шешіп қоймайды. Сондықтан, жауап берушіге нақтылаушы сұрақтар қою
қажеттілігі туындайды, бұл сұрақтар жауап берушінің жауабындағы
қайшылықтарды болдырмау үшін қолданылады.
Тергеушінің жауап алынатын адамға қойылатын сұрақтары: негізгі, қосымша,
нақтылаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінуі мүмкін.
негізгі сұрақтар - жауап алу пәнінің толығымен бір бөлігін қамтиды;
қосымша сұрақтар - жауап алынып отырған адамның еркін баяндау кезінде
ұмытып кеткен мән-жайларды анықтау үшін қолданылады;
нақтылаушы сұрақтар - жауап алынып отырған адамның берген айғақтарын
анықтау, нақтылау үшін қолданылады;
еске түсіруші сұрақтар - ұмытылғанды еске түсіру үшін қолданылады;
бақылаушы сұрақтар - жауап берушінің іс үшін маңызы бар берген
айғақтарын тексеру үшін қолданылады.
Өз еңбектерінде Карнеева Л.М., С.С.Ординский, С.Я.Розенблит сияқты
авторлар криминалистердің пікірлеріне сүйене отырып, жауап алудың түсінігін
2 мағынаға бөліп қарастырады. Тар мағынада және кең мағынада. Тар
мағынадағы жауап алу - жауабы алынатын адамға сұрақ қойып, оған берілген
жауапты тыңдауды айтса, кең мағынадағы жауап алу бұл айғақты жауап
берушінің еркін баяндауымен қоса, жауап берушіге сұрақ қойып, ал өз
тарапынан қойылған сұраққа жауап беруі, сондай-ақ жауапты хаттамаға тіркеп,
жауап берушінің айғағын алу деп түсіндіреді.
Жорғарыда аталғандарды қарастыра келе, жауап алу - бұл құқ қорғау
органдарының іс үшін маңызы бар нақты және шынайы мәлімет алу үшін
жүргізетін тергеу әрекеттері деген қорытындыға келдім, жауап алудың
қылмысты тез, әрі толық ашу үшін маңызы зор. Оның маңызы мыналардан тұрады:
.Жауап алудың көмегімен: -Болған қылмыстың көрінісін
анықтауға болады.
-Кінәліні жауапқа тартуға болады.
- Нақты мәлімет алуға болады.
- Жасалған қылмыстың механизмі мен ескіру мерзімін анықтауға болады.
Жауап алу тергеу органдарының немесе соттың іс жүргізу заңдарымен
белгіленген жауап алынатын адамның дәлелдеу пәніне кіретін мәліметтері
туралы айғақтарын, тергеу органдарының және соттың әрекеттерін анықтай
алады.
-Жауап алуға шақыру тәртібі келесідей жүргізіледі:
Куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы
жауап алуға олардан қол хат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы
шақыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің,
көршілерінің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе
олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады. Жауап
алынытын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы
мүмкін.
Хабарлау қағазында кімнің және кім ретінде, кімге және қандай
мекен жай бойнша шақыртылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты),
сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмеудің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері
арқылы шақыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте
ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады.
-Жауап алудың орны мен уақыты:
Жауап алу алдын ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші
қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде
жүргізуге құқылы. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан
басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап
алуды дем алу мен ас ішүге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін
жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы
ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дәләлдер болған жағдайда
жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде
белгіленеді.

отырған тіл білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауп бергісі келетіні
анықталады. Жауп алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән-
жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде
қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден,
айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер
арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның
жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі. Жауап алынатын адамның
психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің
рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады. (ҚР Қылмыстсқ іс жүргізу
Кодексі 211-214 б.б. )
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу
әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді.
Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші,
біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен
толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселе-
лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр
жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай
кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез-қүлқы, моральдық және
зияткерлік (интеллектуалдық) қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап,
ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай
сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, кай күні
алу керектігін шешу керек. Бүл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын
куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік
жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей
дереу жауап алған жөн.
Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ
па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған,
басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды.
Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады.
Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда
жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып
алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе
сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша,
қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәден жауап
алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған
куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқтала-ды. Жауап алынатын
әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі
қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді
қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру
тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай
жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
Айыпталушыдан жауап алудың жалпы тәртібі ең бастысы ҚР ҚІЖК-нің 217-
бабында қарастырылған, осыған сәйкес, айыпталушыдан жауап алуды тергеуші
айып тағылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы
келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап
әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Айыпталушыдан
жауап алудың көлемі айыпкер ретінде тану туралы қаулымен шектелген. Бұл
дегеніміз, айыпталушы осы қаулыда қалыптасқан жағдайлар, мән-жайлар бойынша
жауап беретіндігін білдіреді.
Айыпталушының ойынша, іс үшін шындыққа жеткізетін маңызы бар мән-
жайларды, айтуға құқылы. Айыпталушыдан жауап алу пәні, куәден жауап алуға
қарағанда кең ауқымды, фактілі жағдайларға байланысты болады. Айыпталушы
өзі жасаған әрекеттері үшін ғана емес, сонымен қатар осы іске қатысты басқа
да айыпталушылардың айыбын мойнына салу фактілер мен жағдайлар туралы жауап
беруі мүмкін.
Айыпталушының айғағы іс бойынша орынды дәлелдеме болып табылады, барлық
дәлелдемелер сияқты тексеруді және бағалаүды қажет етеді.
Айыпталушының берген айғағын дұрыс бағалау керек. Оның өз кінәсін
мойындауы жәй ғана дәлелдеме болып табылады.Бірақ та тергеуші айыпталушыдан
мойындау мен шынайы айғақ алу маңызды болып табылады: айыпталушы,
басқаларға қарағанда өзі жасаған қылмысының мән-жайын жақсы білетіндіктен,
тергеушіге белгілі болмаған қылмыстың жасалу ниетін, оның айғағын
дәлелдейтін тұлғаларды және т.б. дәлелдемелерді анықтап бере алады. Сонымен
қатар, айыпталушының кінәсін мойындаудың үлкен тактикалық маңызы бар.
Айыпталушыдан жауап алуға дайындық және жауап алудың өзіне тән сипатты
белгілері бар: айыпталушы, сезікті ретінде бұрындары жауап берген, мүмкін
осы тергеуші жауап алған да шығар. Бір жағынан, тергеуші айыпталушыны
танығандықтан, бұл тергеушінің жауап алуға дайындығын жеңілдетеді, ал
екінші жағынан - іс бойынша жауап алудың өзін қиындатуы мүмкін, себебі
тергеушінің қолданғалы отырған дәлелдемелері, осы тұлғаны сезікті ретінде
жауап алу кезінде қолданылады. Осыдан, біріншіден, осы тұлғадан алдыңғы
жауаптарын бағалап, осыған байланысты енді болғалы отырған жауап алу
тактикасын құру, екіншіден, іске байланысты тергеуді бір ғана тергеуші
жүргізуі керек, істі бір тергеушіден, екінші тергеушіге себепсіз беру
келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін (айыпталушымен қатынастың
бұзылуы, тергеу мерзімнің созылуы, тергеудің толық еместігіне әкелуі т.б.).
Л.Р.Шейнин айыпталушыдан жауап алуға мұқият түрде дайындалу
қажеттігіне байланысты, тергеушіге: "Бір сағаттан кейін сені жауап алу
күтіп тұр. Сен оған дайындалып, мықты қарулануың керек. Айыпталушыдан жауап
алған кезде, сен онымен жекпе-жекте кездесетініңді есте ұста. Бұл жекпе-
жекте ол күшті қарсылас, себебі ақиқатты біледі және де ол ақиқатты сенен
жасыруға тырысады, ал сен ол шындықты кейде аңғарып қаласың, сол себепті
оны алуға
тырысуың керек. Сондықтан, жауап алуды қалай жүргізетініңді мүқият ойланып
ал. Ол үшін, сен қарсыласыңның осал жерін тауып, біліп алуың керек".1
Жауап алуға мүқият дайындалу көп жағдайда табыстарға әкелетіні анық. Ол
жауап алынатын адамның процессуалдық жағдайымен және жауап
_________________________
1 Шейнин Л.Р. Советский следователь. "Настольная книга следователь".
М., 1969, 11 бет.
алудың пәнімен анықталады. Істің нақты мән-жайларына байланысты жауап алуға
дайындықтың тактикалық тәсілдері: іс үшін маңызы бар мән-жайларды білетін
адамдар тобын анықтауға, болғалы отырған жауап алудың пәнін анықтауға,
жауап алу орнын, уақытын анықтау және оларды жауап алуға шақыру тәсіліне;
заттай дәлелдемелер мен басқа да заттарды жауап алуда пайдалану үшін
дайындауға, шешілуі үшін арнайы білімді қажет ететін сүрақтарды белгілеуге
және қажетті көлемде арнайы әдебиеттермен, терминологиямен таныстыруға
бағытталуы керек.2
Дайындықтың негізгі элементі болып, жауап алу кезінде айқындалуға
қажетті, мән-жайларды анықтайтын және нақты айғақ алуды қамтамасыз ететін
тактикалық тәсілдерден түратын жауап алу болып табылады. Алдын-ала мақсат
қүрып алмай және жүргізілу жолын белгілемей жүргізілген жауап алу, қайта
жауап алуға, әкеп соқтырады, ал бүл тергеуді қиындатуы және біраз мақсаты
көп жағдайда тергеушінің тәжірибесіне, болғалы отырған жауап алудың
күрделілігіне байланысты. Жауап алуға дайындық кезінде жекелеген сүрақтарды
анықтау үшін жазбаша жауап алудың қажеттігі шамалы. Ал күрделі жауап алу
кезінде кейде тек қана жазбаша жоспар ғана қүрып қоймай, жауап алудың
графикалық үлгісін қүрып алу керек, сонымен қатар негізгі қойылатын
сүрақтарды түжырымдап алу керек. Жауап алу жоспары
әдетте кесте түрінде қүрылады, ол жерде біртекті элементтер графаларға
бөлінеді. Жауап алудың уақытымен өткізілетін орнын анықтаудан басқа, ол
келесідей графалардан түруы мүмкін:
1. айғақ алу күтілетін мән-жайлар және оларды анықтау
жүйелілігі;
2. әрбір мән-жайларды анықтау үшін қомылатын сүрақтар;
3. қажет болған жағдайларда айыпталушыға көрсетілетін заттай
________________________
2 "Криминалистика" Оқулық. Редакциясы А.Г.Филипов пен
Волынскидікі. М., 1998, 287 бет.
дәлелдемелер, суреттер, қүжаттар және т.б. материалдар;
4. әрбір мән-жайларда бар материалдаргасілтеу;
5. жауап алу кезінде тергеушінің қолданғалы отырған басқа да
тактикалық әдістері.
Бұл негіздер болғалы жатқан жауап алудың ғана түсінігін бермейді, сонымен
қатар, оған дайындық жүмысының көлемі туралы да түсінік береді.
Осы түрғыда Карацев К.М-ның жауап алу жоспарында, қылмыстың жасалуына
себепші болған себептер мен
жағдайларды анық тауға әсерін тигізген, тергеліп отырған
жағдайдың жасалу тәртібін анықтауға бағытталған, тергеушінің алдын алу
сипатындағы шараларды қарау қажеттілігі туралы айтқан пікіріне келіспеуге
болмайды. Өндірістік практиканы өту барысында, менің байқағаным, қылмыстың
жасалуына себепші болған мән-жайларды анықтау, әр кезде барлық істерге
байланысты жүргізілмейді және алдын-ала тергеу жүргізудің қорытынды
сатысында әрдайым бүл немқүрайлы және формальді ғана болады.
Алдын-ала тергеу аяқталған кезде де қылмыстың болуына әсер еткен
жағдайларды анықтауға және шараларды қолдануға болады,
осы кезде жауап алу жүргізілген уақытта айыпталушыға нақты сұрақтар қою
жолымен, қылмыстың болуына әсерін тигізген себеп пен жағдайларды уақытылы,
(алдын-ала тергеу аяқталған кезде емес) толықтай және детальді анықтап
алуға болатындығын айта кетуім керек.
Тергеу үшін маңызы бар информацияны иемденуші куәлар мен жәбірленушілер
қылмыстық іс материалдарын оқып үйрену кезінде анықталады.
Жауап алуға дайындық кезінде айыпталушының тұлғасы туралы толық, жеткілікті
мәлімет болу керек, сондай-ақ оның осы іске және осы істің қатысушыларына
қандай қатысы бар екендігін анықтап алу керек. Мүндай түсінік, яғни мәлімет
объективті болу үшін, бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне байланысы жоқ
қайнар көздер қолданылады.1
Тергеуші жауап алынатын түлғалардың жеке басы жөніндегі мәліметтерді, оның
психофизиологиялық қажеттерін жауап алудың дайындық сатысының өзінде-ақ
тактикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланады.2 Бірнеше айыпталушы болған
жағдайда, олардан жауап алу кезегі, олардың, жауап алу кезінде беретін
мәліметтерінің көлемімен, анықталады.
Айыпталушыдан жауап алу үшін тергеушінің істің мән-жайына байланысты
анықтайтын жауап алу сәтін дүрыс таңдап алудың маңызы зор. Бүл жерде екі
аспект анықталады:
1) бір-біріне қайшы келмейтін процессуалдық және тактикалық
аспектілер. Қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, айыпталушы
анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта
объективті зерттеуге және талдауға бөгет
жасайды, немесе қылмыстық әрекетінен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға
негіз болған кезде (ҚР ҚІЖК-нің 139~ бабы) және тағылған айыптың; ауырлығы,
айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, немен
шуғылданатындығы, мүліктік жай-күйі,
түрақты түратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескеріле отырып
(ҚІЖК-нің 141-бабы) бүлтартпау шаралары қолданылуы (ҚР ҚІЖК-нің 142-бабы)
мүмкін. Бүл реттегі айыптау айыпталушыға бүлтартпау шарасы қолданылған
кезден бастап он тәуліктен кешіктірмей, ал егер сезікті үсталып, содан
кейін қамауға алынса, - үсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға
тиіс.
Сонымен қатар адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы
шығарылған кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тағылады және бұл
қаулымен айыпталушыны қаулы шығарылғаннан кейін, қырық сегіз сағат ішінде,
таныстырып және осыдан кейін бір тәуліктен кешіктірмей
______________
1 Митусевич И.А. "Изучение личности обвиняемого в процессе
предварительного
следствия "Минск, 1975, 66-68 беттер.
2 Гилзбург А.Я. Белкин А.Р. Криминалистическая тактика. Алматы. 1998 г.
с. 238
айыпталушыдан жауап алу керек. (ҚР ҚІЖК-нің 209, 211-баптары). Осы
мерзімдердің шегінде тергеуші, тактикалық көзқараспен жауап алудың
ыңғайлы сәтін таңдап алады.
Айыпталушы жауап алуға, одан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау
қағазы арқылы немесе өзге де байланыс қүралдарын, яғни телефонограмма,
телеграмма арқылы шақыртылады (ҚР ҚТЖК-нің 211'бабы). Тергеушінің жауап
алуға шақыру тәсілі, шақырылушының жауап алу орнына уақытылы келуіне
қамтамасыз етуі керек. Шақыру фактісін қүпияда сақтау қажеттілігі туған
жағдайда, тергеуші өзі немесе басқа адамға жауап алынатын адамды шақыртуы
керек. Жауап алуға шақырудың тездету шаралары, қылмыстың алдын-алу,
қылмыстан сақтандыру үшін мәліметтер бере алатын тұлғаларға қатысты
қолданылады. Жауап алуды, айыпталушылардың сөз байласуына немесе оған
мүдделі тұлғалардың әсер етуі мүмкін деген қауіпке негіз болған кезде де
кейінге қалдыруға болмайды.
Заңға сәйкес жауап алу тек қана күндізгі уақытта жүргізіледі, бірақ
кейінге қалдыруға болмайтын айырықша жағдайларда ғана -түнгі уақытта
жүргізіледі.
Тергеуші айыпталушыдан өз кабинетінде, үшінші жақтардың қатысуынсыз
(егер айыпталушы қамауда болса-тергеу изоляторында) жауап алады. Тергеуші
қажет деп тапқан жағдайда, жауап алуды жауап алынатын адамның тұрған
жерінде жүргізілуі мүмкін, мысалы, тергеушіге келе алмайтын тұлғадан
(науқас) жауап алу. Емделіп жатқан тұлғалардан жауап алу тергеуші үшін
кейінге қалдырылмайтын жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Осы кезде тергеуші
жауап алудың науқас адамның денсаулығына әсерін тигізбейтіндігіне көзі
жетуі керек. Денсаулығының ауыр жағдайында жауап алу дәрігердің рұқсатымен
және оның қатысуымен өткізіледі.
Заңда кей жағдайларда, жауап алуға прокурордың, аудармашының, қорғаушының
қатысу міндеттілігі айтылады. Прокурордың жауап алуға қатысу құқығы ҚР ҚіЖК-
нің 62-бабына сәйкес жүргізіледі, осы бапқа сәйкес прокурор анықтау және
алдын-ала тергеу органдарына қадағалау жүргізе отырып, жауап алу кезінде
қатысуға құқұлы. Жауап алуға аудармасының қатысуы ҚР ҚУЖК-нің 85-бабында
айтылған. Егер де қорғаушы, айып тағылған кезден бастап іске қатысқан
болса, ол айыпталушыдан жауап алу кезінде де қатысып, тергеушінің
рұқсатымен айыптаушыға сұрақ қоя алады.
Қылмыстың кейбір түрлерін тергеген кезде жауап алудың пәні -өндірістік-
техникалық жағдайлар болуы мүмкін, бұларды анықтау үшін, сәйкесінше халық
шаруашылығының белгілі бір салаларының ережелерін білу, арнайы атаулар мен
терминдерді біліп, олардың мағынасын түсіну қажет етіледі. Айғақтардың пәні
болып табылатын процестің мәнін түсінбей, қажетті криминологияны біле
алмай, тергеуші айыпталушымен "ортақ тілге" келе алмауы, тіпті
айыпталушының берген айғағының мағынасын түсінбеуі мүмкін. Мұндай
жағдайларда сәйкесінше нормативті материалдарды және арнайы әдебиеттерді
оқып - білу, не болмаса маманнан консультация
алу қажет. Кей жағдайларда сәйкес мекемелерге алдын-ала барып,
сол жердің өндірістік технологиясымен танысып алу пайдалы болады. Кейбір
жағдайларда, зерттеліп отырған фактілер терең білімді қажет етеді. Осы
кезде жауап алуға сәйкесінше тергеушінің айыпталушыға қоятын сұрақтарын
құруға көмек беретін және оның айғақтарын дұрыс бағалайтын маман шақыртылуы
керек. ҚР ҚГЖК-нің 84-бабына сәйкес, "Тергеуге және сот әрекеттеріне маман
ретінде қатысу үшін
іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ
техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі
бар адам шақыртылуы мүмкін.
Іске маманды шақыртқан кезде, жауап алуды маман емес, тергеуші
жүргізіп жатқанын есте ұстау керек.Жауап алу басталар алдында тергеуші,
жауап алуға қатысып отырған тұлғаларға, тергеу шінің рұқсатымен сұрақтар
қоюға жауап алу хаттамасымен танысуға, ондағы жазылғандардың дұрыстығына
және толықтығына байланысты жазбаша ескертулер
жасау құқығы түсіндіріледі.
Жалпы тәртіп сияқты, айыпталушыдан жауап алу, тергеушінің айып тағуы
үшін жеткілікті дәлелдемелерді жина ғаннан кейін жүргізіледі.
Жауап алудың басында тергеуші, айыпталушыға, тағылған айыптың мәнісін
түсіндіре отырып, оның тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара
кінәлі екенін мойындайтынын, не өз кінәсін теріске шығарытынын анықтайды
(ҚР ҚІЖК-нің 217-6.).
Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін,
тергеуші, оған тағылған айып пен іс үшін маңызы бар басқа жағдайлар бойынша
айғақ беруді ұсынады. Алдын-ала тергеуде айыпталушының айғақ беруден бас
тартуы тергеушіге істі аяқтауға кедергісін келтірмейді.
"Тағылған айыпқа және айғақтың объективтілігіне қатынасына сәйкес 5 түрлі
негізгі тергеу жағдайларын анықтауға болады:
а) айыпталушы өзінің кінәлі екендігін мойындайды және іс
бойынша жиналған материалдарға сәйкес өзінің жасаған әрекетін
шын жүрекпен және объективті түрде айтып береді;
б) айыптаушы өзінің кінәсін толығымен мойындайды, бірақ оның
айғағында, осы материалдарға қайшы келетін мәліметтер болады;
в) айыпталушы өзінің кінәсін ішінара мойындайды және оның
берген айғақтарында, осы материалдарға қайшы келетін
мәліметтер болады;
г) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және оның себебін
түсіндіреді;
д) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және айғақ беруден бас
тартады".1
Айыпталушыға, "тағылған айып бойынша өзінің кінәлі екенін мойындайды ма?" -
деген сүраққа жауап алғаннан кейін, тергеуші айыпталушының
тағылған айыпқа кінәлілігін айқындайтын еркін баяндау түріндегі айғағы
тыңдалады. Тергеуші айыпталушының айғағын тыңдай отырып, ондағы нақты
мәліметтерді зерттеп, басқа түлғалардың айғағымен салыстырып, өзіне
___________________
1 Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. "Криминалистика". Москва, 1984, 326 бет
белгісіз болған, оқиғаның деталдарын анықтайды.
Айыпталушының еркін баяндауы аяқталғаннан кейін, жауап
алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға
бағытталған сүрақтар қойылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 213 бабының 4-
тармағы).
Бұл сүрақтар негізгі, қосымша, айқындаушы, еске түсіруші, бақылаушы
сұрақтар болып бөлінеді. Ол сүрақтар қысқа, анық, нақты болып.сәйкесінше
айғақтың да толық болуын қамтамасыз ету керек. Сүрақтар айғақты еркін
баяндау барысында толық ашылмаған фактілер туралы мәліметтер алу үшін,
кейбір жағдайларды нақтылау үшін, оның үмытып қалған фактілерді еске түсіру
үшін, қарама-қайшылықты болдырмау үшін егерде айыпталушы шынайы айғақ
бермеген болса, оның берген айғағын тексеруі үшін қойылады. Жауап алудың
жалпыдан жекеге көшіп отыруы, жауап алынатын адамға жауап алу тактикасымен
тергеушідегі бар дәлелдемелерді және жауап алу тактикасын шамалауға
мүмкіндік береді. Айыпталушының әрбір сүраққа берген жауабы сол сәтте
хаттамаға жазылып, бірден оған қол қоюға беріледі. Ойланып, дұрыс
қойылған сүрақтар және уақтылы көрсетілген дәлелдемелер жауап алу соңында
айыпталушының жауабының жалған екендігін мойындауға әкеп соқтырады.
Айыпталушыға қойылатын сүрақтардың қойылу тактикасы әртүрлі
болуы мүмкін. Кейде негізгі сүрақтар жайбарақат қойылуы мүмкін. Басқа
жағдайда негізгі сүрақ айыпталушыға кенеттен қойылуы мүмкін.
Мүндай әд і сті қолданудың мәні жауап алынып отырған адамға жалған
жауапты тез арада ойлауына мүмкіндік бермеуінде. Сүраққа алдын-ала
дайындалмай, және оның негізіне қандай дәлелдемелер қойылғанын
білмей, кей жағдайда айыпталушы шынайы жауап береді.
Кездейсоқтық факторын ойдағыдай жасау үшін, айыпталушының ойын
алдандыратын әртүрлі сүрақтар қоюға немесе басқа да тактикалық әдістерді
қолдануға болады.
1.3.Жауаптың калыптасу кезеңдері
Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және
қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойында
жауаптың қалыптасу ерекше-ліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең —
оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабыл-дау (көру, есту), екінші — осы
қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші — осы мәліметтерді есіне
түсіріп, тергеушіге ай-тып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәлімет-
тердіңтолыққабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер
объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер —
көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру
мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер
оқиғаны шұғыл, ты-ғыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың түсу жағдайының на-
шар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-
райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының
бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға
жөніндегі
ақпараттыңтолықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда
тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап
беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемісті-гімен, есту, көру
мүшелерінің қабылдау қабілетініңтөмендігімен бірге, оқиғаны толық және анық
қабылдауға жауап беруші адам-ның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті,
ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осы-ның
бәрі әсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей
жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі - айта-лық қарт адам, екіншісі —
автокөлік жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді
дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнің қайсысынан оқиға жөнінде толық
мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толық
мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машина-ның маркасын, түрін ғана айтып
қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере
алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау қабілеті, аңғалақ,
жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның
кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал
аңғалақ адамдар-дан мұны күту қиын. Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә
есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялында-ғысын қосып, асыра
айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас
балалардан жауап алғанда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін
ескеруі тиіс.
Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің
болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай
қабілет әр адамда әр түрлі — кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте
жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін
есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап
алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса ұмытылған жайттарды еске
түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.
Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де
әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап
куәнің, не жәбірленушінің болған оқиға-ның мән-жайын еркін баяндауынан
басталады. Куә, не жәбірле-нуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен
кейін, жауабын өз қолымен жазуына құқығы бар. Тергеуші толық жауапты
естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір
мән-жайын нақтылайды.
Қосымша сұрақ бергенде тергеуші занда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:
қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні
шатастырмауы тиіс;
жетектеуші сұрақгарды қоюға болмайды;
берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қор-лауға, қорқытуға
бағытталмауы керек.
Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы
тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып,
жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап
алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-құлқын, мінезінің психологиялық
ерекшеліктерін (мақтаншақ, кызба, сабырлы) ескерудің маңы-зы айрықша.
Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт ұстауына
негіз бола алады.
II ТАРАУ
Куәдан, айыпталушыдан, сезіктіден және жәбірленушіден
жауап алу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер
2.1. Куәдан,айыпталушыдан, сезіктіден, жәбірленушіден
жауап алудың тактикалық әдістері
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір
қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялықтүрғы-дан ол қарым-қатынас олардың
көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп
отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса,
мүндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің қейбір мән-
жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік,
яғни қайшылықты жағдай деп
саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір
тактикалық әрекеттер қолданылады. . Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері
үмытылып қалған окиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне
түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған
адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның щындықты айтуына мәжбүр етуге
бағытталады. , Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жа-уап
үстінде пікір қайшылығы жок жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан
және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған
байланысты жауап алуда қолда-нылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық
жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағ-дай туғызса,
оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған
оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да
толық жа-уап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған
оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне
тез түсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына
қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп,
өзінің жауа-бын толықтыруы мүмкін.
Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап
беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет. Егер жауап беруші екі
оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші
оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге
қажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б.- ға тергеуші мынандай
сұрақ қояды.
Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы
тамыздың басында көрдіңіз бе?
Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім
есімде жоқ.
Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына сонымен
қатар, жауап үстінде құжаттарды, фото-суреттерді көрсету де үлкен әсер
етеді. Кейде куә көрген адам-ның бет-әлпетін сипаттап беруде қиналады.
Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет-әлпетін сипаттау термин-
дерін айтып көмектесуге болады.
Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жауап беруші
көптеген мән-жайды қайтадан көз алдына келтіріп,
оқиға жөнінде толығырақ, қанықты жауап бере алады. Естіген
фактілерді де ойға түсірудің тиімді әдістері бар. Айталық, куә
бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік,
бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған.
Мұндай жағдайда оған телефон анықтамасы берілсе, ондағы
есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұмытыл-
ған есімді есіне түсіріп, айтып береді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қай-шылықты жағдай
қалыптаскан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап
беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай
жағ-дай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қыл-мысты мен
жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде бол-дым деп шындықтан жалтарған
кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын
ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ
оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін
ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші
адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға
бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай
қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шы-
ғарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті
бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану
керек.
Деректерді пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz